—Ағаеке-ау, бұл бір қызық заман екен,
Сізге деген жамандық бізге ме екен.
Су аяғы Құрдымнан келген болсаң,
Елі-жұрты, қой-қозы аман ба екен?
—Сіздерге күмән шығар, өзіме аян,
Елімнен іздеп келген келінім Баян.
Қозы Көрпеш падиша халқымызда,
Қара орны хан тағында, халқым аман.
—Адамға біздей емес жат пенен өз,
Жапан түзде, ағаеке-ау, келесіз кез.
«Қозы Көрпеш, қыз Баян» деп сөйлейсіз,
Апалар, жөнін ұқтыр немене сөз?
—Жас кісіде артылмас сенен кеңес,
Біреуге бұйырғанды біреу жемес.
Бір мұңшылық айтамыз әншейін-ақ,
шырағым, сен есітер дәнеме жоқ.
—Құлақ кәрі, бой кіші, ақыл дана,
Көктаймен ауылыңа келдім жаңа.
Апаларың жасырса, мен жасырман,
Сөзің рас, шырағым, бермен қара.
Су аяғы Құрдымнан іздеп келдім,
Қозы Көрпеш шын жарың келін бала.
—Атамыз Қарабай да мерген шығар,
Талай жерді қаңғырып көрген шығар.
Қозы Көрпеш дегенді біз білмейміз,
Суға сатып Қодарға берген шығар.
990
1000
1010
1020
120
121
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
—шырағым, келіп едім гүл-гүл жанып,
Келгенмен қуанбадым сөзге қанып.
Көңілің шыныменен жат боп кетсе,
Елімнен неге келдім азаптанып!
—Атамыз Қарабай да мерген шығар,
Қаңғырып талай жерді көрген шығар.
Қозы Көрпеш дегенді біз білмейміз,
Суға сатып Қодарға берген шығар.
—Байлығын Балталының көрмеймін,—деп,
Тіліне ер Тайлақтын ермеймін,—деп,
Қарекең ақылы жоқ өрге қашты,
«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп.
—Сәлем де, олай болса дұғай-дұғай,
Біз жүрміз қайғысында жылай-жылай.
Барлағалы айтып ем, ей, ағаеке-ау,
Көкіректе қаяу жоқ, куәм Құдай!
—Ауыздан айтқан сөзің дін емес пе,
Қалжың сөз періштеге куә емес пе?
Екі асыл ай мен күндей жар болған соң,
Өзіңді кірлегенің мін емес пе?!
—Ағаеке-ау, асылзада, сіз бір ерсің,
Ініңе сүй деп барып айтты дерсің.
Қылмаңыз сөзге налып жамандықты,
Жазамды, арам болсам, Тәңірім берсін.
—Қасыма Баян, Таңсық қыз келесіз,
Қозының Айбасы едім сіз көресіз.
«Жылдам барып сөйлесіп, тез қайт» деген
Ініме сәлемдеме не бересіз?
—Сәлем де ініңізге, іздеп келсін,
Келмесе, сорлы Баян дегені өлсін.
Көңілім кетті Қозыға, жаным мұнда,
Айтқан сөзді ініңіз қабыл көрсін.
1030
1040
1050
122
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Алтынды тон, жүзігім белгі болсын,
Қасына не қосады апам білсін.
Қосқан соң ақылына екі қызды,
Екеуі жыламсырап көңілін бұзды.
«Ініңе сәлемдеме» деп береді,
Жүзік пен тоннан басқа бір тоғызды.
—Апалар, мұны ешкім көрмес пайда,
Ойланбай іс қыласыз осындайда.
Бір тоғыз сәлемдеме бердіңіз-ақ,
Келген адам сый-сияпат жолы қайда?
Көктаймен келіп едім бір жыл желіп,
Көңілімді сіздер үшін аққа беріп.
Өз басым сабақты жіп тіпті алмаймын,
шырағым, көңілім тойды сізді көріп.
—Құдая, сапарыма дем бере гөр,
Ағаеке-ау, жылдамырақ жөнеле көр.
Жатырмыз Аягөзді жайлап-қыстап,
Ініңді кешіктірмей жеткізе көр!
Сөздерің, шырақтарым, тым-ақ майда,
Кім білінбей кетеді осындайда.
Соғыспай әдейі кеп неге кетем,
Дейтұғын Қодар, тоқсан итің қайда?
—Әзір Қодар сіздерге сөз бермейді,
Жалғыз сіздің өзіңе бөгелмейді.
Ініңіз бен екеуіңіз екеулеңіз,
Кәпірдің қайраты мол, бой бермейді.
—Көктаймен батыр Айбас өрге салсын,
Құдай берсе, ондағы халыққа барсын.
Көзіме көрсет дағы қоя берші,
Итіңнен таяқ жесем, Құдай алсын!
1060
1070
1080
122
123
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
—Кәпір Қодар бір тау ғой, кім таласар.
Денесін көрген жанның қаны қашар.
Ағаеке-ау, тілімді алсаң, көрінбей қайт,
Кетпестей сүйегіңе таңба басар.
—Бәле, бала сөзіңнің бұзығына,
Тәңірдің тоқтау болмас сызығына.
Жанға өлшеусіз құлыңды мақтай берме,
Көрсет дағы қарай тұр қызығыма.
«Тіліне енді осының сенелік деп,
Тілеуін біз де мұның тілелік деп—
Үш қыз қалмай соңынан ере жүрді—
Қызығын екі алыптың көрелік» деп.
Үш қыз да тамаша ғып бұған ерді,
Таудай болған Қодарды Айбас көрді.
«Қыздарға қайратымды көрсетем» деп,
Тартынбай батыр Айбас жетіп келді.
—Мен Айбас, сен Қодарсың, жаңа көрдік,
Тоңраңдаған сөзіңнен тамам өлдік.
Сізді білмей ауылға барып едік,
Қандай жаза қыласың, міне, келдік?
Айбас келіп Қодарды сөзбен шалды,
Қодар батыр шоқпарын жұлып алды.
Үш қызға мақтанды да келіксіз құл,
Айбасты шоқпарымен салып қалды.
Айбас оның жауырынынан ұстап алып,
Бір-ақ ырғап Көктайға жұлып алды.
Көктаймен салақтатып желіп кетсе,
Көктайы көтере алмай жата кетті.
Сол күндегі жандардан Қодар мықты,
Екеуінің аты ойнап бетке шықты.
Тұра сала екеуі атысқанда,
Келістіріп итіңді тағы жықты.
1090
1100
1110
124
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Астында Қодар жатып бақырады,
Күндей болып күркіреп ақырады.
Айбастың тізесіне шыдай алмай,
«Біздің тоқсан қайда?» деп шақырады.
Күркіреп «ұшан» сері келіп жетті,
Япырмау, солар неден үміт етті!
«Қодекемді бас салып жатқан кім?» деп,
Бәрі бір-бір сойылмен салып өтті.
Бәрінің де сойылын жұлып алып,
Көктайға міне қашып Айбас кетті.
Артынан Бақа айғырмен Қодар жетсе,
ұрып жығып серейтіп тағы кетті.
Құба жон жығылғаны беттің деймін,
Құдайға емессің құл, жетті деймін.
—Неғып тұрсың, Қодеке-ау, жауға шаппай,
Дұшпаның анау қашып кетті,—деймін.
—Бұл тоқсан дәулетіме киім киді,
Жалғыз кісі кетірді біздің күйді.
Бір суырдың ініне ат жығылып,
Ақ жартасқа бұл басым жаман тиді.
Қас қарайып барады көз байланып,
Қууға тоқсан тұрсың ыңғайланып.
Сендер барып олжа ғып әкеле ғой,
Қуа алмаймын, басым тұр шыр айналып.
Қырды, жойды ер Айбас бөріктіріп,
Үш қыз да қуанады көріп тұрып.
Нені қусын Айбастан үміт етіп,
Басы Қодар ұйлығып қалды тұрып.
Іс қылды батыр Айбас бойлай-бойлай,
Қырды, жойды, қиратты ерікке қоймай.
«Бізге де болысар жан бар екен» деп,
Күймеде Баян отыр ойнай-ойнай.
1120
1130
1140
124
125
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Қуанып сұлу Баян жүре берді,
Қайратын ер Айбастың халқы көрді.
«Тілдесіп мен үш қызға кетемін» деп,
Жүгіртіп Көктайымен қайта келді.
—Қорықпандар, түк қылмайды мұндай жандар,
Сөзімді менің айтқан сіздер аңғар.
Әл-қуаты інімнің дым-ақ артық,
Сенсеңдер менікіндей үш есе бар.
Жөнелді батыр Айбас бедеуменен,
Көңіліне Алла салған демеуменен.
«Мұның да керек күні бола ма» деп,
Балға алды, қамшы-қамшы егеуменен.
Көктаймен батыр Айбас төмен шапты,
Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Қыздың берген белбеуі түсіп қалып,
«Қызыл белбеу», «Құба жон» қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Бір суытқан айғыры шығып кетіп,
«шұбар айғыр жорға» деп қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Қыздың берген мейізі түсіп қалып,
«Мейізек» деп тау атын қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Жанындағы жаулығы түсіп қалып,
«Абыралы, Жалаулы» коя сапты.
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып,
«Қарқаралы» тау атын қоя сапты.
1150
1160
1170
126
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Сол Айбас тоқтамады тағы шапты,
Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Жанындағы шідері түсіп қалып,
«шідерлі» деген өзен содан қапты.
Сол Айбас тоқтамастан тағы шапты,
Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Аз жүрсе, көп жүрсе де есен-аман,
Бір күні ел шетіне келіп қапты.
Ел шетіне жақындап барған екен,
Бір қой жайған жақындап көрді шалды.
—Сейілде, қой жайған бай, сізді көрдік,
Жасың үлкен екенсің сәлем бердік.
Бұл қойың кімнің қойы, ақсақал бай?
Жолаушы көптен бері жаңа келдік.
—Бар екен әр нәрседен мұның ойы,
Тартқан сымдай көрінер қырдың бойы.
Жарқыным, сен сұрасаң, мен айтайын,
Сарыбай ерте кеткен ханның қойы.
—Ақсақал, бай екенсіз сөзің майда,
Мен дағы жат кісі емес, мұны да ойла.
Сарыбай ханның қойы осы болса,
Жалғызы—Қозы Көрпеш бала қайда?
—шырағым, серілік бар сіздің бойда,
Білдім бе, білмедім бе, өзің ойла.
Қозыкең айдай болып жүрген шығар,
Осы жерде, қыз ұзатқан жақын тойда.
—Келгенім менің барып бірталай жер,
Бай-еке, бір пайдаңды тигізе гөр.
Айтарлық шерім де көп, мұңым да көп,
Жалғызды, тіліңді алса, шақырып бер!
1180
1190
1200
126
127
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Мінезі шалдың дағы текті дейді,
Сөзіне әбден көзі жетті дейді.
«шақырып, тілімді алса, келемін» деп,
Аяңдап топқа таман кепті дейді.
—Жалғыз ұл жастай қалған кездей келдім,
Жолдас болған атаңның кісісі едім!
Бір жігіт ат арытқан қылды керек,
Жүрсең ертіп алғалы келіп едім.
—Неғылып танымадың, байым зерек,
Ол неғылған кісі екен жаннан бөлек?
Жауыр атты мен жаба тоқып жүрсем,
Мен сықылды көрпілдес неге керек?
—Атаңды жасыңда алған Жаббар Құдай,
Атадан жастай қалған сен сұмырай.
Жауыр атты сен жүрсең жаба тоқып,
Көктайын жауыр қылған саған орай!
Тіліне шалдың сонда ерді дейді,
Тілеген бір тілегін берді дейді.
—Не де болса сөйлесіп келейін,—деп,
шалмен еріп қойына келді дейді.
—Ағаеке-ау, қой қасында сізді көрдік,
Жасыңыз үлкен екен, сәлем бердік.
шақырдың жас баланы неменеге,
Қандай іске жұмсайсыз, міне, келдік?!
—Өсіпсің, кішкене едің, Қозым дардай,
Қайратың басым еді, шығара алмай.
Қайының айлық жерде жақын жатыр,
Сұм жалғыз, неғып жүрсің бір бара алмай?
—Ағаеке-ау, шақыртқан соң келіп ем тез,
Нанбаған айтқан сөзге жаманнан без.
Құлағым керең болсын, естігем жоқ,
Қайта айтшы, қайын деген немене сөз?
1210
1220
1230
1240
128
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Байлығын Балталының көрмеймін деп,
Тіліне ер Тайлақтың ермеймін деп,
Қор атаң ақылы жоқ ерге қашты,
«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп!
—Көктайың астыңдағы желмеді ме,
Барсаң, көзің, аға-еке-ау, көрмеді ме?
Әбден барып мәнісін біліп келсең,
Бір тоғыз сәлемдеме бермеді ме?
—шырағым, барып едім сертке жетіп,
Көктайды қарыштатып мен еңіретіп.
Тоғыз берген кінә жоқ келінімнен,
Бір құлдың түсіп қалды ызасы өтіп.
—Сөзіңе қыздар сіздің ермеді ме,
Асылдан сәлемдеме бермеді ме?
Бергені бір тоғыздай рас болса,
шіркіннің бір белгісі келмеді ме?
—Қарабай—қайын атаң бейілі тар,
Қодар, тоқсан дейтұғын бір анты бар.
Сен бала, азырқанбай алсаң мұны,
Үш түрлі мұнда келген белгісі бар.
Мақтады бастан аяқ Айбас оны:
—Бір іздемей жатырсың қайтіп оны.
Азырқанбай, сен бала, алсаң керек,
Жүзік, бешпет, келді ғой алтын тоны.
Белгісін алып келді, Қозы көрді,
Көрген соң Қозыкемнің көңілі сенді.
—Маған Тайлақ батасын берсін енді,
Алтын тонды Тайлаққа жібер енді.
—Аққу құстай жарқылдап оның мойны,
Бұл дүниенің қызығы қылған ойны.
Бұралған тал шыбықтай сұлу Баян,
Іздеусіз Баян қайтіп жатыр қойны.
1250
1260
1270
128
129
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Өне бойдан сіркедей мін таппадым,
Көрмеген жаным екен, көңлім тойды.
Бармасаң осыны іздеп арман кетпес,
Енді ізде, не қыласың бөтен ойды.
Мен көрдім тоқсан сері бірдей келіп,
Бәрі де Баян үшін басын жойды.
«Тарыс берген соң тайсалма!» деген сөз бар,
Бар көргенін ер Айбас айтып берді.
Қозыкең үйге келді беті терлеп,
Анасын шақырады «мұнда кел» деп.
«Ант бер» деп анасының қолын алды,
«Менің жарым кім еді, айтып бер!» деп.
—Түйеге сымбал тартқан теңдей болсын,
Суға аққан мұз бұзылып сеңдей болсын.
Атын атап, мәнісін айтқан қазақ
Екі беті жаралы мендей болсын!
—Ат мініп сары табан желмей ме екен,
Ер жігіт жол бейнетін көрмей ме екен?
Неге жора бастайсың жалғызыңа,
Баласы үй ұзатып келмей ме екен?
—Барайын деп келіпсің сөзге «е»—деп,
Боз қасқаны мен айттым жолыңа—деп.
Келмейсің деп айтамын соның үшін,
Батыр Қодар шығыпты сорыңа—деп.
—Ажалым қайда жетсе, сонда өлермін,
Болмаса бір қызық жол мен көрермін.
Құдай кесел қылмаса қайратыма,
Неғылып бір Қодарға бой берермін!
—Білемін артық емес Қодар күші,
Ол сол елді қорқытып алған кісі.
Қанша күшті болсаң да, сен жалғызсың,
Қорқынышсыз болады елдің іші.
9-0137
1280
1290
1300
130
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Қодарға болысады сол жатқан ел,
Қыламын бір Аллаға мен тәуекел.
Ажалдан қашып пенде құтыла ма,
Тағдырға не болса да байладым бел!
—Байқасам, қажымайтын сен бір шоқсың,
Көзіме туып менің, күйік бопсың.
Мен түсімнен шошып ем, жалғызым-ау,
Әйтеуір тірі күнде маған жоқсың!
Қайтейін мінезіңді жастық жеңіп,
Неғылса да бір хабар саған келген.
Құйрығың жоқ, жалың жоқ, жалғыз қалып,
Қайғыңды тартқызбаққа маған берген.
Қарағым, бұл сапардан қалсаң нетер,
Көзіңді мен сорлыға салсаң нетер?!
Бұл жалғанда көре алмай, жалғыз балам,
Қайғы ойлап бір сен үшін күнім өтер.
Артыңда ессіз қалды мың сан малың,
Отыз қатын алсаң да, саған жетер.
Қуратып мен сорлыны тастап кетпей,
Елден таңдап бір сұлу алсаң нетер!
Қорқытып оны Қодар алды деген,
Айбастың айтқанының—бәрі бекер.
Жамандықты көрмеген, ей, құлыным!
Жол табылмай жапанда тентіретер.
Артыңда сен кеткен соң мен де өлермін,
Не қайғы бар көретін мұнан бетер ...
...
...
...
...
*
...
...
...
...
—Алдымда неше қатар тұрса да оқ,
Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.
*
Бұл жерде екі өлең жолы түсіп қалған
1310
1320
1330
130
131
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Сұлуын дүниенің жисаң дағы,
Бір жарымдай болмайды көңіліме тоқ.
Ей, жалғызым, кеттің бе,
Тірі тастап жалғанда?!
Қызығынды көре алмай,
Мен сорлы қалдым арманда!
Мен не көрем ала кет!
Дұшпаның көп аңдыған,
Жалғызым сен барғанда,
Құдай қосса жарыңды,
Еліңді ойла, алғанда!
Жалғызым, сені көріп ем,
Өліп барып талғанда!!!
Жылармын бір сені ойлап ертеңді-кеш,
шешеңнің жылағаны бір бұл емес.
Анықтап Айбас саған айтқан екен,
Қызы еді Қарабайдың Баян еркеш.
Сансыз жылқың, сан қойың қалды артыңда,
Кімге тастап кетесің Қозы Көрпеш?!
—Ақылым бұл уақытта зерек емес,
Көп тұрмас ертеңгі күн болады кеш.
Сансыз жылқы, сан қойы қалса артымда,
Бір күнде қырылса да керек емес.
Байқасам тоқтамассың, сөзің бұзық,
Кеткеніңде қала ма анаң зарлап.
Сүйеніп қуат қылған жалғыз сен ең,
Кімдерге тапсырасың әдейі арнап?!
Қозының атқа мініп жүрер шағы,
Не десең де қиын-ды тоқтамағы.
—Тоқтасын деп айтасың соның бәрін,
Бір Құдайға тапсырдым сізді дағы!
1340
1350
1360
132
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—шырағым, қартайғанда сені көрдім,
«Тоқтар» деп уайым ғып айтып едім!
Қапы қалма, шырағым, дұшпаның көп,
Жолың болсын, бар енді, рұқсат бердім!
—Япырмау, осы жұрттың бейілі тар,
Бәрінің таратуға ниеті бар.
Мен жүрмей бұл сапардан тоқтамаймын,
Ер Айбас, мінуіме қандай ат бар?
—Жылқыны араладым ерте-кешті,
Бірін жүйрік, біреуін берік десті.
шыққыр көзім шықпаса, мен таныдым,
Дейтұғын бір атың бар күрең бесті.
Жылқыдан бір күреңді алып келді,
Ерттеп дайын сапарға қылады енді.
«Арыздасып, қоштасып қаламын» деп,
Басы Тайлақ ел-жұрты бәрі тұрды.
—Айтар сөзім бар, Тайлақ биім, саған,
Қайғымды ескеріпсіз жетім қалған.
Сапарымды тоқтатам дей көрмеңіз,
Құлдық ата, көңілің қалар маған.
—шырағым, қайратыңа көңілім еріп,
Мен келдім қалайын деп сені көріп.
Тоқтатар сапарымды деп ойлама,
Амандасып қаламын, бата беріп!
—Ендеше, батыр Тайлақ, аз тоқтай қал,
Артымда қалды менің есепсіз мал.
Тапсырдым бар малымды, Тайлақ, сізге,
Соны бүгін түгендеп қолыңызға ал.
Жалғыздан тірі айрылған шешем қалды,
Тапсырдым, көзіңіздің оң қырын сал.
1370
1380
1390
132
133
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Қайтейін ызаменен мен барамын,
«Не болад,—деп,—жалғызым» болады зар.
—Күш-қуатым сен едің қартайғанда,
Сен кеткенде болмай ма заманым тар?!
Көзінен елі-жұрты төкті жасты,
Баяндай іздеймін деп қолаң шашты.
Қозының жүрмегіне көз жеткен соң,
Көрісіп елі-жұрты амандасты.
Тиыспай елі-жұрты зар жылайды,
Анасы тақат кылып жүре алмайды.
шешесі Тайлақ бимен жүгіріп кеп,
Қолынан ер Қозының ұстап алды.
Оңды-солды бетінен сүйді дағы,
Артынан бата беріп тұрып қалды.
Қанша айтса да құлағына енер емес,
Қажымас қара болат майталман-ды.
Ер Қозы жүріп кетті қатты дінді,
шуылдап елі-жұрты салды үнді.
Қоштасып ел-жұртымен жылағанда,
Құданың құдіретімен жер сілкінді.
шешесі айтты:—Қуарып жалғыз қалдым,
Жүремін қуат қылып енді кімді?!
Ер Қозы амандасып жүріп кетті,
Еш уайым ойламайды қайғы тіпті.
«Осыған жолдас болып барайын» деп,
Жүгіртіп Көктайымен Айбас келді.
—Ер Айбас, мен ініңмін, сенсің ағам,
Артылды талай жаннан сенің бағаң.
Қалды шешем, артымда қалың малым,
Тапсырдым бар малымды, батыр, саған!
1400
1410
1420
134
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Бұл елге батыр Тайлақ би емес пе,
Бәрі де мал-басыңа ие емес пе?
Көріп келген жерімді тура бастап,
Сені ертіп апарғаным жол емес пе?
—Айбас-ау, мені ойыңда кем дейсің бе,
Сен менің қайратыма сенбейсің бе?
Жалғызы Сарыбайдың Қозы Көрпеш,
Жетелетіп тапқаным жөн дейсің бе?!
—Әкеңді жасында алды Жаббар Құдай,
ұқтырды қайын атаң аулы бұлай.
Үш жүзікті енді алып Айбас берді,
Сәлемдеме үш қызға дұғай-дұғай.
—Ойлашы, мен кімдерден қалысармын,
Есен болсам бір барып табысармын?!
Ендей малы қалды деп қызыққанмен,
Қасық қаным қалғанша салысармын.
—Ойлама сені кімнен кем көрермін,
Мал-басыңды өз ініммен тең көрермін.
Бұл жалғанда жолықпай өліп кетсең,
Құрттай санап соңыра мен берермін!
Сол жерде Айбас қалды, Қозы кетті,
Көз ұшына бұлдырап барып жетті.
Қалуға Қозыкеңді көзі қимай,
Жүгіртіп Көктайымен тағы кепті.
—Жалғызым жөнелдің бе, бір Құдай деп,
Атыңның басын бұрма ел бұлай деп.
Қалды шешең, артыңда қалың жұртың,
Қандай жауап айтасың немене деп?
1430
1440
1450
134
135
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
—Жалғызың көрмегенін көрді деп айт,
Құдайым сұрағанын берді деп айт.
Басымды көп қаңғыртпай, халқыңа қайт,
Отқа түсіп балаңыз өлді деп айт!
—Жалғыздың әр қиыны... шешіле-көр,
Періште отқа салмай өшіре көр.
Айтады қаталықпен, астапыралла,
Құдая, балалығын кешіре көр !..
* * *
Ер Қозы жүріп кетті дамыл алмай,
Асады күннен-күнге күйеу талмай.
«Әйтеуір елдің жөні осылай» деп,
Қисапсыз көп қаңғырды ел таба алмай.
Бірталай жүре-жүре заман кешті,
Атқан аңның етін жеп, суын ішті.
Күнде мінген Күреңкей арықтайды,
Басына ғаріпшілік сонда түсті.
Күреңкей кейде жортқан, кейде желген,
Бір қамысты қопаға азар келген.
Ер-тоқымын, жүгенін сыпырып ап,
Сол жерге тәуекел ғып қоя берген.
Қозыға жас та болса тілек берген,
Қасында жолдасы жоқ бұған ерген.
«Қозыкең түзде жүдеп жатыр ғой» деп,
Үйінде шешесінің түсіне енген.
шешесі ерте тұра айғай сапты,
Басы Тайлақ ел-жұртын жиып апты.
«Қозыкең түзде жүдеп жүрген екен,
Бақсы, балгер, ойшыға «ойла» депті.
Тайлақтай адам болмас асыл текті,
Неғылса да қылғаны сондай епті.
1460
1470
1480
136
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Мал айтыңдар жолына Қозыкеңнің,—
Халқына батыр Тайлақ жарлық етті.
Ер Тайлақ ойланды осы ниетті,
Көндірді бұл сөзіне осы көпті.
«Мен де айттым, мен де айттым» деп есеп қылса,
Қойы мыңға, жылқысы жүзге жетті.
Айтқан малдың бәрін де сойып алып,
Жоқ-жітік, аш-арыққа үлестірді.
Жетім-жесір, аш-арық, молла-қожа—
Бәрінің бір Аллаға діні таза.
«Құдая, ер Қозының жолын қыл!» деп,
Баршасы көп зарланып қылған аза.
Құдайым құр тастамас, сірә, көпті,
Дұға қылып, тасаттық тарап кетті.
Құданың құдіретіне қарасаңыз,
Жатқан жеріне бір үлкен керуен кепті.
Керуен қонғаннан соң Қозы барды,
Ішінде бір адам бар ақ сақалды.
Қозының аты менен түрін көріп,
Өзгелерден шығарып қасына алды.
—Өзім қожа, молламын және өзім бай,
Сауда қылып келемін барып Қытай.
Атың арық, түрің жат, жапан дүзде
Жалғыз жүрсің неғылып, шырағым-ай?!
Қожаға Қозы айтады енді бәрін,
Достарыңызбен бөлісу: |