Айтайын ер Қозының келген жайын,
Қозыкең көп сағынған туған айын.
Кебін тастап, Қозы боп күймеге енді,
Ойына алған нәрсенің бәрі дайын.
Үш қызбен қалжыңдасып отырғанда,
Айтады да, күледі Қодар жайын.
2010
2020
2030
154
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Мінгені Қозыекенің жүйрік кер-ді,
Тоғыз, он күн күймеде қызық көрді.
—Қарағым-ай, етің кірлеп кетіпті,—деп,
Ішінен торғын көйлек тігіп берді.
«Қодар көрсе, қодаңдап ызыңдар» деп,
Көйлегінің жағасын бүгіп берді.
Қозыкең тар күймеде ой ойлайды,
Ойын менен күлкіге бір тоймайды.
Тоғыз, он күн күймеде ойнап күлсе,
Қарабай:»Қайтпай ма?»—деп ызыңдайды.
Жылқыға ертең Қозы бармақ болды,
Баянның нұрын ойға алмақ болды.
Баян айтты:—Қарағым, кешікпей кел!
Осы сөзі Баянның салмақ болды.
Жүрген-тұрған баршасы ойдан шығып,
Баянды көргеннен соң көңілі толды.
Мінгені Қозыкемнің кер-ді дейді,
Қайраты мың кісілік ер-ді дейді.
Тоғыз, он күн Баянмен ойнап күліп,
Ер Қозы жылқысына келді дейді.
—Мұндар таз, асауменен сен желдің бе,
Күймедегі жеңгенді сен көрдің бе?
Он күн жатып, шіреніп азар келдің,
Кәнеки, өрік-мейіз әкелдің бе?
«Салалық, кел, әңгіме» десіп отыр.
Бір мейіз жан қалтадан жесіп отыр,
«Қодекеме мейіз бер,—деп айтып ем,
Қодарға құрт ала бар» десіп отыр.
—Құрық салса, Бақа айғыр бойлайтұғын,
Қоста жатып Қодекең ойлайтұғын.
2040
2050
2060
154
155
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Кешегіде жолықпай кетіп едім,
Әзіл тастап жеңгеңіз ойнайтұғын.
—Қыздардың келіспеді сізге түрі,
Сен дегенде бәрінің күңкілдері.
«Қодекеме мейіз бер» деп айтып едім,
«Адыра қалсын Қодарың!» деді бірі.
—Қарабай—қайын атаң, о да кәрі,
Тар күймеде Баян қыз Қодар жары.
Айтса-айтсын, сұм тазша, дәнеме емес,
Тұлпардың өз тұяғы бізге дәрі.
—Қарабай—қайын атаң малын сойды,
Тарқады жамағаты, дәмге тойды.
Қайын атаң айтады саған сәлем:
«Қысыр бөліп жылқыдан әкел дейді.
Той қылып, қымыз беріп елді жиып,
Баянды күйеуіне қосам!» дейді.
Қарабай—қайын атаң сені мақтап,
Мініп жүр бедеуіңді сендей баптап.
«Марғау кетсін Қодарың, тимеймін» деп,
Сідігін саған қойды қыздар сақтап.
—Сұм тазша, олай айтсам, бұлай дерсің,
Мінезің сондай жаман, өзің көрсің.
Айтқаныңның бәрі—бейне мазақ,
Сен менен осы жерде таяқ жерсің!
—Қодеке-ау, тіпті жаман бұл мінезің,
Баянға түрленерлік келді кезің.
Қыздар да ғашық екен мінезіңе,
Қасақана айтып ем қалжың сөзім.
—Олай болса, тазша еке-ау, ой ойлайық,
Тарпаңды асауменен бір қоймалық.
Өзге жаман жанымды тындырмайды,
Екеуміз бие бөліп, елге айдалық.
2070
2080
2090
2100
156
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Мен күйеу ғой, тұрайын сонда қырын,
Сен білесің ағаңнын ішкі сырын.
Мен барғаным ауылға ұят болар,
Желі, тоқпақ, құрықпен әкел бұрын!
Қозыекең әр өнерді бастап келді,
Күндей желіп күреңді бастап келді.
«Осыған мен бір істі көрсетем!» деп,
Құрық, тоқпақ, желісін тастап келді.
Қозының алтын жүзі жарқылдайды,
Тантық Қодар күңкілдеп тарқылдайды.
«Құрығы жоқ, тоқпақ жоқ, құр қол болып,
Мұны қайтіп ұстар» деп барқылдайды.
Қозы мерген садақпен қу атады,
Жазым болса орнында су ағады.
Желінің құлаш-құлаш қазығы бар,
Бармағымен басып-ақ зымыратады.
Қозының қайратына жұрт таң қалды,
Қайраттанып жылқыға жетіп барды.
Құйрығына қол тисе алып келіп,
Бар асауды көгендеп тізіп салды.
Көрген соң Қодар мұны, болды дертті,
Ала бедеу байталмен келіп жетті.
«Менің айтқан сөзімді кер салдың» деп,
Келістіріп кақ басқа салып кетті.
—Мал бағар қысты күні малды кісі,
Балуанға түседі әлді кісі.
Су аяғы құрдымнан келген болса,
Құлдан таяқ жей ме екен жанды кісі?!
Қозыкең мұны естіп жетіп барды,
Қодардың жауырынынан ұстап алды.
2110
2120
2130
156
157
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Қодар да аянбай-ақ тартысса да,
Ала бедеу байталдан жұлып алды.
—Қап-қап тазша, япырмау, не еттім, тазша,
Жақсылығым басыма жетті тазша.
—Қодеке-ау, сен де ойнадың, менде ойнадым,
Сенен артық, Қодеке-ау, нені ойнадым?
Бұзау тіспен кетіп ем тарсылдатып,
Үлкен аға ойынымды көтерер деп.
—Ойнап ем, ашуланып соған не еттің?
Түбіме ойнаған боп әбден жеттің.
Өтірік айтсам, тазшаеке-ау, олда оңбайын,
Кел қоя бер, бұтыма тышып кеттім.
Қозыкең бір білінді өнер бастап,
Қодарды да қорқытты ерге жастап.
Тұңғиық қара суға иірім-иірім
Қодарды Қозы кетті атып тастап.
Қор болды батыр Қодар мысы құрып,
Суға кетіп қалсын ба қарап тұрып.
Қарбаң-құрбаң алақтап бойы ұзын құл,
Суға кетпей шығады құлаш ұрып.
—Мынау да мықты ит екен ойға алалық,
Мұнымен табандасып не қылалық.
Аударысқа қолында бар тәсілі,
Қатарлап он кетпенді оқ салалык.
Қатарлап он кетпенді алып кепті,
Өңшең батыр сауықшыл жиылады.
«Бисміллә» деп ер Қозы тартып еді,
Он кетпеннен қол оғын өткізеді.
Қодар тағы келді сертке жетіп,
Оғын тізіп, бедеумен зар еңіретіп,
2140
2150
2160
158
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Мақтанып батыр Қодар тартып еді,
Тұрады бесеуінен азар өтіп.
—Ажалсыз бұл жалғанда жан өле ме,
Жиылған қайратымды жұрт көре ме?!
Оқ атқанда қолында бар тәсілі,
Күрескенде маған жан пар келе ме?
Қодарға күресуге Қозы барды,
Біле ме тантық Қодар ұят-арды!
Ең астына Қодарды салып қойып,
Бейне жүктей тоқсанды үйіп салды.
—Қап-қап тазша, қап тазша, неттім тазша,
Жақсылығым басыма жетті, тазша!
Қоста отырып қымызды көп ішіп ем,
Бұтыма тышып-тышып кеттім, тазша!
—Қодеке-ау, болған жоқ ед жазық менен,
Өлді деп сен антұрған қайғыменен.
Тышпақ түгіл, антұрған, құсып жібер,
Өз обалың өзіңе, бәрі өзіңнен.
—Сұм тазша, енді сенің бейілің тар ма,
Көңіліңде бұзық-бұзық ойың бар ма?
Сындырдың қабырғамды мертіктіріп,
Қоя бер, Тәңірі алғыр, тынышымды алма!
Қор болды тоқсан бірі есі кетіп,
Құдай мұны қойды ғой тентіретіп.
Жылқы жайып неғылсын дүзде жүріп,
Қойына жүре берді өлеңдетіп!
Қозыкең көрінеді өнер бастап,
Қыздар да қуантады сөзін қостап.
2170
2180
158
159
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Аяңдап батыр Қозы жөнеледі,
Таудай қылып тоқсанын үйіп тастап.
Қиратып батыр Қозы жөнеледі,
Алысқан майдан жері кемер еді.
Жайланып батыр Қозы келе жатса,
Алдынан сұлу Баян кез келеді.
—Баян-ay, менің айтқан сөзім тында,
Осы ма қорыққандарың, астапыралла!
шақырды сені Қодар тез келсін деп,
Байғұстың қабырғасын барып сыла!
—Жазылар өзі Қодар біздер бармай,
Байғұсты қор қылдың ғой, тілімді алмай.
Тірі тастап кеттің бе бейшараны,
Сақ боп жүр, ал қарағым, қапы қалмай!
Сырты алтын, іші күміс оның үйі,
Күнде дәурен неғылса келер күйі.
—Жеті күн жиын, тарқар жиын бар,—деп,
Сауын айтты сол елдің Сасан биі.
Ол Сасан сауын айтып жарлық етті,
Елінде бір би еді қасиетті.
Асының айтқан күні болғаннан соң,
Басы Қодар, Қарабай асқа кетті.
Аулында тірі жан жоқ, қалды тазша,
Қозы Көрпеш болады кебін ашса.
«Аман бол» деп таз кепті жұлып тастап,
Күйеуін киіндірді бейне патша.
Аулында тірі жан жоқ, тазша қалды,
Басы Қодар түк қалмай асқа келді.
Он екі күн бұршақты төгілдіріп,
Күн жайлатып асшыны қамап салды.
2190
2200
2210
160
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Ел көрді өзен болып аққан селді,
Қамады он екі күн тамам елді.
Ойнап-күліп Баянмен мауқын басты,
Елді сонда-ақ босатты, күн ашылды.
Қызық көрді келгенше бір қаныбет,
Қодар қыздан қылады үлкен үміт.
«Малда тазшам бар еді, тойғызам!» деп,
Теңдеп алған Қозыға екі қап ет.
Қодар сырттан биледі біткен малды,
Мұндай адам көрмессің бейілі тарды.
«Мал баққан тазшам қайда, ет берем» деп,
Келе сала ауылға айғай салды.
Дауыстап айғай салып Қодар жүрді,
Ақымаққа Қозы мен Баян күлді.
Қозы менен Баянның жатқан жайын
Бір қатын кеп Қодарға естіртеді:
—Бекер босқа жүресің, Қодар батыр, жар-жар,
Менің айтқан сөзімді тыңда да тұр, жар-жар.
Ойлап тұрсам жүзінде жоқ екен ар, жар-жар,
Сен кеткелі он үш күн болып қалды, жар-жар,
Сонан бері бикешпен бірге жатыр, жар-жар.
Күнде жиын, күнде ойын, рахат онда, жар-жар,
Беріп жатыр мырза боп, елге сыйын, жар-жар.
Қозы Көрпеш жүр екен тазша болып, жар-жар,
Көрсетейін сен жүрсең жатқан жерін, жар-жар.
Қодекең естіп білді осы халді,
Іші күйіп кәпірдің басы айланды.
Артын түйсе қапталы быт-шыт болып,
Бармақ етін тісімен жұлып алды.
Қозыны көруге де бата алмайды,
Бағана келген асқа қайта салды.
«Қызыңды хан, Қарабай, жау алды!» деп,
«Суым бер» деп барды да, аза салды.
2220
2230
2240
2250
160
161
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
—Отырған биім Сасан, мені көрші,
Бұл неғылған құтырған адам деші?!
Сенің суың батпақта қалмап па еді,
Неғылайын бар дағы, ала берші!
—Отырсың, биім Сасан, малын сойып,
Тарқады жамағатың дәмге тойып.
Бұл несі Қарабайдың мазағы ма?
Ал кетемін еліңді қырып-жойып!
—Жарқыным, осы елдегі сен бір ерсің,
шақырып қырық қатын-қыз алып келсін.
Оны шақырып арақты біз берелік,
Білмей ішіп арақты улап өлсін.
Қозымен алыса алмай дауласасың,
Асықсаң, жәй белгілі құр қаласың.
Ептеп-септеп Қозыны өлтірген соң,
Таласар саған жан жоқ, қызды аласың.
Елі жүр бұл Қодарды қорқып мақтап,
Қасына келген емес сырттан жақтап.
Сасан би, елі болып ақылдасып,
Қозыны шақырады амал сақтап.
«шақыра қырық үш қатын келеді» деп,
Қатынның жөнін білмей Қозы күпті.
—Ақсақалдар шақырады сені тойға,
Күйеужан, бармағаның болмайды,—деп.
Баян айтты:—Ал, қалқам, қапыл қалма,
Бұларды дос болар деп ойыңа алма.
Ептеп-септеп ниеті өлтірмек те,
Қауіпсіз үйлеріне тіпті барма!
—Баянжан, жақсы айтасың, сөзің майда,
ұрғашылық қыласың осындайда.
Болжалсыз жан, мезгілсіз таң атпайды.
Қырық мылтықтың аузына мені байла.
11-0137
2260
2270
2280
162
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Тура ажалым келмесе бір Құдайдан,
Періштелер қорғайды өлім қайда.
«Қозы қорқып келмеді топқа» деген
Маған жақсы емес қой, оны да ойла.
Тәуекел, бір сапарға мен барайын,
Жаман-жақсы болса да іс Құдайда.
Осы елдің не қылғанын мен көрейін,
Не табылар бос жатып бекер жайда.
шақырып қырық қатын барған дейді,
Соларды көріп тұрсын халқым дейді.
Ай мен күндей екеуін көргеннен соң,
Айран-асыр, таң-тамаша болған дейді.
Киімді өңшең асыл кигізеді,
Көзімен жарқылдасып жүргізеді.
Жиылған тамам жаннан шоқтығы асып,
Құшақтап Баян беттен сүйгізеді.
Ай, Таңсық апасына Баян келді,
Іштегі қорқынышын білдіреді...
Қарабай жиып алған қауым елді,
«Қас қылып өлтірем»деп мұндай ерді.
«Осының неғылғанын көрейін» деп,
Артынан екі апасы ере келді.
Жиылған бұл халықты көзі көрді,
«Тәуекел, көрейін!» деп келіп еді.
Жиылған ақ ордаға жамағат көп,
«Ассалаумағалейкүм! Сәлем бердім».
Қыздар да біліп келді осы жайды,
—Күйеужанның қолына аяқ бер,—деп,
Арақты әрбіреуі ұсынады.
Қозы да шаттанады осы сөзге,
Екі месті тауысты көрер көзге.
2290
2300
2310
162
163
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Жайылды көп ішкен соң өне бойға,
Көгеріп түсі кетіп болады өзге.
Қыздар да аңдып келген бұған еріп,
Қозының ессіздігін көзі көріп.
Не қылса Қозыменен бірге өлмек боп,
Ақ үйге Ай, Таңсық та келді кіріп.
Бірігіп тамам ақымақ мұны қуды,
Өлтірем деп сапырып берген уды.
—Бір соғыспай өлдің ғой, сұм жалғыз!—деп,
Бетіне бүркіп жіберді суық суды.
Қозы сонда сандалар іші күйіп,
Жақсылық қылар жан жоқ Құдай иіп.
Қыздар келіп салқын суды бүріккен соң,
Алады батыр Қозы есін жиып.
Қозының атын қыз дайын етті,
Күреңге ырғып мініп Қозы кетті.
ыра төмен аузынан у төгіліп,
Күреңнің жалы жидіп қолға кепті.
Ер Қозы жапан түзге жөнеледі,
Өзі батыр болмаса келер ме еді?!
Әлсіреп арақ ішіп келе жатса,
Алдынан сұлу Баян кез келеді.
—Айтпадым ба, тіпті осы ел сізге ел емес,
Бұл сізді өлтірем деп қылған кеңес.
Мені ала қайт, қарағым, тура еліңе,
Енді сізге жабылар, тыныштық бермес.
—Көрмеймісің, келемін болып дертті,
Аяқтатпай кетпесін айтқан сертті.
Бір аулаққа шығып ап оңалайын,
Қызығыма қарап тұр сонда,—депті!
2320
2330
2340
164
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Балталы, Бағаналы жерің қайда?
Бақалы, балдырғанды көлің қайда?
Әділ айтып дұшпанмен теңдестірер
Батыр Тайлақ сықылды биің қайда?!
Қарағым, аман күнде еліңді тап,
Арманда боп кетерсің осындайда!
Бір өзіңнен басқаның бәрі де жау,
Қайтып тірі жүресің, мұны да ойла!
Енді маған қорқақтар «аламын» деп,
Қайда барсаң, ала кет, мені қойма.
Байқашы, жан-жағыңа көз жіберіп,
Үш қыздан басқа сізге жан ұнай ма.
—Білемін, сұлу Баян, маған елсің,
Сенімен қайғысыз жан ойнап-күлсін.
Қазан бұзар үй тентек толып жатыр,
Қайратымды бар дұспан, алыс білсін!
Оңалып ап келейін соғысуға,
Қайратымды көп неме көзі көрсін.
Егерде қазам жетіп өліп кетсем,
Ең болмаса артқы жұрт айта қалсын!
Ер Қозы уайымсыз жалғыз тұрып,
Көз жасы Баян қыздың бетін жуып.
«Өзі мас жығылар деп есеңгіреп»,
Басы Қодар жабылып келді қуып.
Басында өлтірем деп кеңес етті,
Осынша Қарабайға Қозы нетті?!
Жабылған тамам жанның ең алдында,
Ала бедеу байталмен Қодар жетті.
—Сен келдің адырайып мақтанған боп,
Құзғынға жем қылайын басыңды,—деп.
Осынша қыр соңымнан бір қалмадың,
Қай жеріңнен атсам да, обалың жоқ.
2350
2360
2370
164
165
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Сарала, сай кез оқты еңіретті,
Тасыр құлдың зәресі ұшып кетті.
Күреңмен көлденеңдеп тартып кетсе,
Ала бедеу байталы құлап түсті.
Қозымның өзі жалғыз, қайласы көп,
Қорықпайды жалғызбын деп уайым жеп.
Қодарды атып тастап жөнеледі,
«Бәлемді тұрмастай ғып мықтадым» деп.
Жатады батыр Қодар Құдай атып,
Баянға құл сөйлеспес жауап қатып.
Қозының қарасы үзіліп кеткеннен соң,
Байталға қайта мінді жатып-жатып.
Мініп алып байталға қайраттанды,
Неғылам қыздан аяп шыбын жанды.
Әлгі атқан оқ өтіпті қара саннан,
Келе жатып қансырап, есін танды.
Есін жиып айтады:—Қашқын қашты,
Қызды алам деп ел-жұртқа азап салды.
Алады батыр Қодар елді жиып,
«Қозыны өлтірем,—деп,—басын қиып».
—Осы балтам кесті ғой шапқаннан соң,—
Деп алады балтасынан сүйіп-сүйіп.
Қарабай қайыры жоқ жиған малды,
Жан біткенді аузымен Қодар алды.
«Қашқын қашты, Баянды енді алам!» деп,
Барды да қалған жұртқа азап салды.
—Сонда, тоқсан, осыған көнеміз бе?
Осының зорлығынан өлеміз бе?
Бәріміз де жүріп ек Баян үшін,
Япырай, бір соғыспай береміз бе?!—
Десті де Қодармен жамандасты,
Бәрі бірдей Қодармен сабаласты.
2380
2390
2400
166
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Басына темір шоқпар қатты тиіп,
Сол топтан Көсемсары шыға қашты.
Ер Көсем жапан дүзге жөнеледі,
Қайраты Қозыкемнің кемел еді.
Әлсіреп, айдалада қаңғып жүрсе,
Қозыға бір бұлақта кез келеді.
—Далада неғып жүрсің, Көсемсары?
Сен кеткен соң қоқиды бізге Қодар,
Көңілін балап жүрген жүзге Қодар
«Баянды аламын» деп азап салды,
Бата алмай қашып жүрген сізге Қодар.
—Бәріміз Баян үшін жаннан кештік,
ұрысуға бәріміз «еһе» дестік...
«Баянды аламын» деп ел жиған соң,
Тоқсанымыз бірігіп төбелестік.
Бәріміз де ұрысқа кеттік қашып,
Басында бірігіп ек ақылдасып.
Темір шоқпар өзіме қатты тиіп,
Есеңгіреп мен кеттім шыға қашып.
—Мен кеткен соң, сендерді жеңген екен,
Өлмесіне көңілі сенген екен.
ұрып жығып, қиратып кетіп едім,
Сірә, Тәңірім тілеуін берген екен!
Екі батыр жапанда бас қосады,
Бұрынғы өткен егесті тастасады.
«Бірі өлсе, бірі жанын қиямыз» деп,
Екеуі уағыдамен достасады.
—Япырмай, Баян өлмей жүре ме екен,
Мен жоқта о да ойнап, күле ме екен?!
Бар екен бір ағашта жалғыз бұлақ,
Екеуі сол ағашты қылды мекен.
2410
2420
2430
166
167
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Үйінде Баян қалды «Құдайлап»,
Көсем мен Қозы жатыр күліп-ойнап.
—Қай жерді мекен қылды біліп кел!—деп,
Жіберді сұлу Баян бір қызды айдап.
Қозыны бір қыз іздеп кетті салып,
Бұлақтан алды тауып өліп-талып.
Құтылғанын Көсеммен көзі көріп,
Баянға қайта келді хабар алып.
Күнде бір қыз келеді тезек теріп,
Баян сонан жіберер тамақ беріп.
Осы қыздың жүрісін кәдік көріп,
Бір жау қатын жүреді соңына еріп.
шоқтеректе сөйлескен қызды көріп,
Бұл көргенін Қодарға айтып беріп.
Қодар естіп ауылға шауып келді,
Қарабай елі-жұртын жиып берді.
Қойдан қошқар, жылқыдан айғыр айтып,
Іздеп Баян артынан о да желді.
шоқтеректің түбінде ұйықтап жатқан
Біреуді тантық Қодар көзі көрді.
Мақтанып батыр Қодар келген естіп,
Өстіп жүріп етеді күні кешіп.
Жақындап кеп садақпен тартып қалды,
Қарамастан алады басын кесіп.
Көсем батыр сол жерде қаза тапты,
Қолында балтасы бар ырғай сапты.
—Қозының басы, міне, өлтірдім,—деп,
Ауылға тантық Қодар қайта шапты.
Артынан Баян жүріп тез келеді,
Және бір тыңдайтұғын сөз келеді.
Зар жылап Баян сонда келе жатса,
Алдынан хан Қарекең кез келеді.
2440
2450
2460
2470
168
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Әкем деп көзім талды саған қарай,
Сақтадым ұят-арды мен де талай.
Ел болып кетіп едің «өлтірем» деп,
«Жалғыздың жары Құдай, жәйі қалай?
—Жалғанда осы Қодар ерді,—дейді,
Тілеуін антұрғанның берді,—дейді.
шоқтеректің түбінде атып апты,
Өз көзіммен көргем жоқ, өлді,—дейді.
Жылама, жалғыз балам, мен көрейін,
Жаман менен жақсыны тең көрейін.
Қодар құлды жек көрсең, жамансынсаң,
Елден таңдап жігітке мен берейін.
—Емін-еркін жапанда жүрген емен,
Бір Қозыдан басқаны көрген емен.
Елден бұра жиып aп шөктіретін
Мүйізі көк термешелі інген емен.
Мақтанып, тантық Қодар желіп келді,
Соңынан тамам елі ере келді.
—Ал, байыңның басы,—деп,—бақыты қара!—
Бір басты алып, алдына тастай берді.
Қозының басы емесін біліп алды,
Мырс етіп ішін тартып күліп алды.
«Тастап кетсем, бұл танып, тағы іздер» деп,
Қуанып жерден басты жұлып алды.
Баян кетті етекке басты салып,
Қозы өлсе, не боламын тірі қалып.
Тәңертең қуған екен бір түлкіні,
Күреңмен Қозы келді соғып алып.
Қозыны ит Қарабай әуре еткен,
Баянға қосылғалы көп күн өткен.
Тәңертең бір түлкінің ізін көріп,
Бір тауға оны қуып Қозы кеткен.
2480
2490
2500
168
169
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Түлкіні алып келді тауды кешіп,
Түзден Құдай көп берген бұған несіп.
Көсемнің кеудесі бар, келдесі жоқ,
Әкеткен Қодар мұның басын кесіп.
Түлкіні келген екен соғып алып,
«Бұл досымды өлтірген Қодар құл» деп,
Сол жерде зар жылайды ойбай салып,
«Құдай-ау, мен сорлының жолын қыл» деп.
—Кеше ғана дос қылып сүйдім,—дейді,
Достығыңа қапа болып күйдім ,—дейді.
Алайын тірі болсам достың құнын,
Сен үшін шыбын жаным қидым,—дейді.
Ер Қозы досы үшін көп қамықты,
Қорықпайды тірі жаннан, өзі мықты.
«Қодарды мен көрейін өлтірген» деп,
Аңыратып бір белеске келіп шықты.
Белден шықса, көреді жиылған ел,
Жанын қиып достына ағызып сел.
«Қодарды бір аулаққа кез келтір» деп,
Жүгіртіп, келді жетіп Қозыкең ер.
Құдайым ер Қозыға дем береді,
Жас бала қайласы жоқ тым ер еді.
«Қызды алам» деп Қодарың шауып жүрсе,
Әрелікте Қозыға кез келеді.
Сол күндегі жандардан Қозы мықты,
Қодар көріп қаша алмай көп ұйлықты.
«Әй, бәлем, сенің ызаң өтті ғой» деп,
Дәлдеп тұрып кеудеден атып жықты.
Ер Қозы жалпақ елге кетті асығып,
Сол арада өлтірді басын кесіп.
Жиылған елге кірді айғай салып,
Қанжығаға байлап ап ернін тесіп.
2510
2520
2530
170
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қодардың қанжығада басын көріп,
«Берелік,—деп шулады,—уәде»,—десіп.
Қозыны «өлді ғой» деп жүрген жандар
Көрген соң енді мұны кетті шошып.
Ел-жұрты жанынан қылды қауіп,
Елінен Баян үшін келген ауып.
Өзге жұртқа көз салып қарамайды,
Қарабайды таба алмай жүрді шауып.
Құр құдықта Қарекең бұғып жатыр,
Қарап жүріп Қозыкең алды тауып.
Ешбір жан бетке қарап бата алмайды,
Достарыңызбен бөлісу: |