120
Коммуникативтік және шығармашылық құзыреттілікті,
білім мен
тәжірибені қамтитын коммуникативтік мәдениеттің когнитивтік құраушысын
дамыту үшін, келесі оқыту әдістері пайдаланылды:
«Мәдени
капсулалар»
тренингі
коммуникация,
мәдениет,
коммуникативтік шығармашылық, тілдік және тілдік емес қатынас бойынша
шағын дәріс болды. Бұл әдістің ережесіне сәйкес, студенттер коммуникативтік
мәдениетке байланысты ұғым, терминдерді олардың
мағыналарын бір-біріне
түсіндірді.
Олар
келесі
сөздерден
құралды:
коммуникация,
коммуникабильділік, коммуникативтік, мәдениет, мәдени сөйлеу, құзыреттілік,
мәдени құзыреттілік, коммуникативтік құзыретілік, тілдік және тілдік емес
қарым-қатынас, болашақ ағылшын тілі мұғалімі, байлныс,
мәдениетаралық
құзыреттілік, т.б. Салыстырмалы талдауды алғашқыда мұғалім, ал келесі
сабақтарды білімгерлер жүргізді.
«Мәдени мұра» тренингі. Білімгерлерге өз ана тілдеріндегі мақал-
мәтелдерді, сөздерді немесе басқа тілде неліктен осылай мазмұндалатынын
түсіндіру ұсынылды. Мысалы:
Little strokes fell freat darks.
Еңбек етсең емерсің.
Easy come easy go.
Тез келген бақ тез кетеді.
You must reap what you have won.
Не ексең соны орасың.
An apple a day keeps doctor away.
Күніне
бір алма жесең, емшіден
аулақ боласың.
Bad news travels fast.
Жаман хабар тез тарайды.
Patience is bitter but its fruit is sweet.
Шыдаудың өзі ащы
болғанымен, жемісі тәтті.
Nothing is impossible to a willing heart.
Қиын іс жоқ ғаламда,
ықылас қойған адамға.
Where there is a way there is hope.
Қайда үміт болса жол сонда.
Failure is the mother of success.
Жеңіліс – жеңістің анасы.
Bread is staff of life.
Ас – адамның арқауы.
Easier said than done.
Айту оңай, істеу қиын.
«Пирамида» тренингі белгілі бір тақырып бойынша пирамидалардың
сөздерін жинақтады. Бұл әдіс білімді жүйелендіруге және топ болып ойлауды
дамытуға
бағытталған.
«Сөздердің
жинағы»
әдісі
білімгерлердің
комбинаторлық қабілеттерін дамытты. Білімгерлер бір неше сөздерге
коммуникативті мәдениетке айланысты ситуациялық
жағдайлар құрастырып
оларды сөйлеу барысында қолданды.
Достарыңызбен бөлісу: