Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет4/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Музыкалық тәрбие – музыкалық мәдениетінің жүйелілігі, адамның музыкаға қаблеттілігі, көңіл-күйінің музыкаға деген сезімі, жан-дүниесінің музыкаға берілуі т.б. музыкалық тәрбие арқылы жатады.
Музыкалық тәрбие – болашақ ұрпаққа музыкалық іс-әрекетінің қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланысып бірлікте жеткізе білу.
... Музыкалық тәрбиенің басты теориясы – музыкалық қабылдау, түйсін мен музыкалық қаблеттіліктің өзектілігі болып табылады.
Музыкалық қабылдау (тыңдай білу, түсіне білу, бағалай білу, әсерлену іс-әрекеттері) – музыканы тыңдаушының санасына музыкалық образ туғызатын адам психологиясының (сана-сезімінің) сезімдігі және рациональды-логикалық әрекеттерінің күрделі бірлігі.
Музыкалық тәрбие арқылы жеке тұлға музыкалық мәдени ортаға бейімделеді.
Музыкалық тәрбие беру теориясында музыкалық қаблеттілілігінің қалыптасуын жалпы психикалық (сана-сезімдік) заңдылықтардың әрекетін дамыту негізінде қарастырылады.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Музыкалық білім беру теориясы» пәнінің негізгі мазмұнына сипаттама беріңдер.

  2. Оқылатын курстың негізгі мақсаттарын ашыңдар.

  3. “Музыкалық білім беру ” терминінің қазіргі түсінігінің сипаты және оның негізгі түрлерін көрсетіңдер.

  4. “Жалпы музыкалық білім беру ” терминінің мазмұнын ашыңдар.

  5. “Қосымша музыкалық білім беру ” терминінің мазмұнын ашыңдар.

  6. “Кәсіби музыкалық білім беру ” терминінің мазмұнын ашыңдар.

  7. “Музыкалық тәрбие” терминінің мағынасын түсіндіріңдер.

  8. “Музыкалық оқу” терминін кең және тар мағынасында сипаттау.

  9. Мектепте пәнді “Музыка” не “Музыкалық өнер” деп аталуының қайсысы дұрыс.

  10. Музыкалық білім беру мен музыкалық-педагогикалық білім терминдерінің айырмашылығын көрсетіңдер.

ІІ ТАРАУ
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ МУЗЫКА ӨНЕРІ

Музыка - өнердің ішіндегі ең ерекше орын алатын өнер. Өнердің ең сезімтал түрі де осы өнер. Адам музыканы тек жан дүниесімен қабылдап сезінеді, оны тілмен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да балаға музыканы сезіндіру арқылы қабылдатып, музыка өнерінің құдыретін жеткізе аламыз. Өйткені, музыкалық шығарманың басқа өнерден айырмашылығы оның мәнерлілігінде. Сол себептен музыканы балаға жай сөзбен емес, өнер тілімен ғана ұғындарып бере аламыз (А.А.Мелик- Пашиев).


Музыкалық білім берудің қоғамдағы педагогика философиясында әр түрлі пікірлер бар: алғашқылары, музыканы жеке тұлғаның көркемдік, әсемдік, құндылықтың дамуына әсер ететін құрал ретінде қараса, енді біреулері, музыкалық білім беруде жеке тұлғаны ең алдымен музыкалық өз құндылықтарын түсіндіру негізінде тәрбиелеу керек дейді.
Сондықтан да, бүгінгі таңда музыкалық білім процесінде музыканы жалпы қоғамдағы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншілік туғызатын ерекшелік ретінде қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет