1.2 Музыка пәні мұғалімін кәсіптік ғылыми-әдістемелік негізде дайындауға музыкалық білім беру теориясының орны Жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларында музыка мұғалімін даярлауда мынадай пәндерге көңіл қояды:
Музыкалық білім беру әдісі – музыка мұғаліміне теориялық заңдылықтарды меңгерту барысында, танымдық және шығармашылық қаблетін дамыту үшін, әртүрлі музыкалық мектептердің бағдарламарын зерттей отырып, музыкалық білім берудің ұйымдастырушылық әдіс-тәсілдерін тәжірибешілікпен дамыту.
Музыка – педагогикалық тәжірибешілік – мұғалімнің музыканың барлық түрімен айналысатын оқушыларға білім берудегі педагогикалық ұйымдастырушылық әрекеттерінің тәжірибешілікпенұштасатын бірлігі.
Музыкалық білім беру тарихы – музыкалық білім берудің әр түрлі жақтарын бүгінгі күн тұрғысынан әлемнің тарихы негізде жүйелеп қарастырады.
Музыкалық психология және музыкалық іс-әрекетінің психологиясы – музыкалық білімді жоғарғы кәсіби деңгейге көтеру мақсатында психологиялық аспектіні білім берудің негізгі ірге тасы негізінде пайдалану.
Музыкалық білім берудің педагогикалық әдіснамасы – болашақ мамандығын музыкант - педагог ретіндегі мұғалімнің ары қарайғы ізденіс іс-әрекетін ретке келтіріп, таныстыруды мақсат етеді.
Тәжірибешілік – мектепте өтетін музыка пәндерін, әсіресе «Музыкалық білім беру теориясын» меңгертудің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып оқушыға жеткізу, болашақ музыка мұғалімінің тәжірибесіне негізделеді.
Музыкалық білім беру – музыкалық қызметіне, іс-әрекетіне қажетті білімді жинақтаудағы дағды, машық, сондай-ақ, оқы барысында меңгерген білімнің жиынтық нәтижесі.