Н. А. Тойбазарова интербелсенді оқыту технологиясы (Оқу құралы) НҰр-сұлтан – 2019


ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата17.06.2023
өлшемі1,26 Mb.
#101987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
1. ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ 
МЕН МАҚСАТТАРЫ 
Дамыған елдердің экономикасы нақты емес жағдайда жұмыс дасай 
білетін, проблеманы айқындай біліп, оны ешу жолдарын бегілеп, 
стратегиялық бағыттарды айқындай білетін мамандады көптен қажет 
етуде. 
Қазақстан экономикасы да біліммен жұмыс жасай алатын, білімді 
нақты жұмысқа айналдыра білетін мамандарды қажет етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдарында 
дамытудың мемлекеттік бағдпрламасы ауқымында білім алушылардың 
оқуды аяқтағанда қандай құзыреттіліктерді меңгруі қажет екендігін 
былайша көрсетуге болады [2] : 

Қазақстандық идея мен өзнділікті қалыптастыру негізінде өз Отаны 
үшін жауапкершілікті жүктеу дайындылығы; 

Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы; 

Проблемаларды шешуге дайын болуы;

Ақператтық-коммуникациялық 
технологияларды 
тұтынушы 
деңгейінде тиімді қолдану дайындығы; 

Тұлға аралық қарым-қатынасқаауызшажәне жазбаша түрде дайын 
болуы(қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде); 

Әлеуметтік өзара әрекеттесуге дайындық; 

Өзін-өзі дамыту, өркендету, жүзеге асыруға дайындық. 
Міне, бүгінгі заманның осындай ерекшеліктері үйрену/үйрету ісінде 
интербелсенді әдістемнің қажеттілігін дәлелдейтін тәрізді. Барлық 
денгейлерде оқу процесі шәкірттердің өздігімен атқаратын белсенді 
әрекеттерден құралуы қажет. 
Таным әрекетерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде 
интербелсенді оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуі мен 
үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен 
келген «interactiv» сөзі де осы ұғымды білдіреді: «inter» дегеніміз «өзара» 
мағынасында, ал «act» - «әрекет жасау» дегенді білдіреді, яғни 
интербелсенді әдістер - үйренуші мен үйренушілерлің өзара әрекеттесуін 
оқу/оқудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын 
әдістер. 
Басқаша айтқанда «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-
қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диолог құру. Ал 
«интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) 
негізделген оқыту, диолог арқылы үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші», 
«үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі»форматтарында жасаған 
қарым-қатынас(«әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер») [ 
3].
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін мынандай ұйымдастыруға 
ынталы: 



1) Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға 
мүмкіндік жасау. 
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін 
ортағасалып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік 
жасау. 
3) үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру. 
Интербелсенді оқыту - әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрету, ал 
мұндай ұстаным қомақты нәтежелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп 
есептелінеді, өйткені адамның жадында бірнеше мезетте тек өзінң әрекеті 
мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Сол себепті де интербелсенді 
оқыту үйренушілердің оқу процесіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің 
негізгі құралдары мен тәсілдері ретінде таниды. Сондықтанда итрбелсенді 
оқу/оқыту оқу процесінің тиімділігі мен нәтежелігін үйренушілердің 
естесақтау дәрежесімен өлшемей, олардың әрекеттерімен бағалайды, тек 
әрекет арқылы ғана үйрену ықтимал деген қағида ұстанады. 
Интербелсенді оқыту оқушының тәжірибесі тұрғысынан жасаған 
белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі 
дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен 
идеялары, 
ұстанымдары 
мен 
пайымдаулары,тұжырымдары 
мен 
қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар 
таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибиесімен бөліседі, міне осындай 
байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде 
игеріледі. 
Интербелсенді оқытуда білім алушылар мынандай білім, білік, 
дағды, машықтарға үйренеді: 

Терең ойлау, жеке рефлексилық қабілеттерді дамыту 

Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру 

Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен 
керектісін таңдапалу 

Ақпаратты жан-жақты талдау

Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру

Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін 
қалыптастырып, белсенді өмірлік позитция (көзқарас, дүниетаным) 
ұстану 

Пікірталастарға қатысып, өз ойымен пікірін дәлелдеу 

Басқада балама пікірлерді ескеру 

Шешім қабылдау жіне қиын мәселелерді ешу 

Ортақ жұмысқа жұмыла білу 

Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу 

Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс асаудың рухани және 
моральды ережелерді қабылдау 

Оқушы топты ұжым ретінде қабылдайды [4]. 



ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН 
МАҚСАТТАРЫ 
 
Қағидалар 
Мақсаттар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет