Мөлдір көжелер. Мөлдір көжелердің негізі – ет, құс немесе
балық сорпасы. Мөлдір сорпалар жеке дайындалатын сорпадан
және оның гарнирінен тұрады.Көже дайындаоған сорпа мөлдір болу
үшін созу арқылы ашық реңк береді. Ашық реңк беру үшін
жұмыртқаның ақуызымен араласқан ұсақталған ет немесе құстың
сүйегін пайдаланады. Осындай тәсілмен пісіру барысында сорпа
мөлдір ғана болмайды, сығып алынған заттектермен де (жануарлар
және өсімдік талшықтарын өңдеу барысында ерітіндіден алатын
органикалық заттар) баиды.
Көжелерге гарнирді жеке дайындайды. Көжені сорпа құятын
шыны аяқта, тәрелкеде немесе көже құятын табақта береді.
Сорпамен бірге пісірілген ет түйірлерін, тұшпара, кеспе, үзілетін
кеспе, көкөністер, жұмыртқа ұсынылады. Бәліштер, расстегаилар,
профитроли, қуырылған нан, құймақтар бәліш тәрелкесінде жеке
беріледі. Мөлдір сорпаларды мармитте 2-3 сағаттан асырмай
сақтайды.
ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУДЫҢ РЕТТІЛІГІ
1. Шығымы 500 г 1 порция көже дайындау үшін азық-түліктің
есебін шығарыңыз, деректерді 3.1.3.4 кестеге енгізіңіз.
3.1 кесте. Картоптан жасалған езбе-көже
Азық-түлік
Салмағы, г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Картоп
480
360
Сәбіз
25
20
Ақжелкек (тамыры)
13
10
Басты пияз
48
40
Бидай ұны
20
20
Сары май
20
20
Сүт
150
150
Жұмыртқа
1
/
4
шт.
10
Сорпа немесе су
750
750
Шығымы
—
1 000
—
500
31
Шығымы 1 порцияға 40г үй кеспесін дайындау үшін азық-түлік
өнімінің көлемін есептеңіз, деректерді 3.5. кестесінде толтырыңыз.
2. Ыдстарды алып, жұмыс орнын, ыдыс-аяқты дайындаңыз.
3. Сүйекті сорпа дайындап, оны сүзіңіз.
4. Үй кеспесін дайындаңыз. Ұнды илеңіз, төбешіктеп тақтайға
себіңіз, тереңдік жасап, тұз және жұмыртқа, су қоспасын құйыңыз.
Қатты қамыр илеп, ісіну үшін 20 мин ұстаңыз,
3.2 кесте. ӘІр түрлі көкөністерден жасалған езбе-көже
Азық-түлік
Салмағы, г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Жаңа піскен қырыққабат
100
80
Kартоп
120
90
Шалқан
80
60
Сәбіз
75
60
Басты пияз
48
40
Жасыл бұршақ
31
20
Бидай ұны
20
20
Сары май
20
20
Сүт
150
150
Жұмыртқа
1
/
4
шт.
10
Сорпа немесе су
750
750
Шығымы
—
1 000
—
500
3.3 кесте. Кептірілген жемістердің қоспасынан жасалған көже
Азық-түлік
Салмағы, г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Кептірілген жемістер мен жидектер
(алмалар, алмұрттар, кептірілген өрік, өрік,
миіз және т.б.) пісіргенше дейін;
80
80
пісірілген
160
160
Құмшекер
80
80
Картоп крахмалы
20
20
Су
1 000
1 000
Шығымы
—
1 000
—
500
32
Қамырды жұқа қабаттап жайыңыз, кептіріңіз, ені 4 см кесінділерге
кесіңіз, содан кейін кесінділерді ұзыннан кесіп, кептіріңіз.
5. Көкөністерді жуып, тазалаңыз. Пияз, сәбіз, ақжелкек
тамырын езбе-көже үшін ұзыннан кесіп, маймен шала қуырыңыз,
екі бөлікке бөліңіз. Қырыққабатты ұзынша етіп турап, ыстық суда
жібітіңіз, картоп пен шалқанды текшелеп тураңыз. Картопты
қайнап жатқан суда пісіріп алыңыз.
6. Күрішті сұрыптап, жуыңыз, қайнаған тұзды суда пісіріңіз,
елеуішке салыңыз, содан кейін ыстық сумен жуыңыз.
7. Кептірілген жемістерді сұрыптап, жуыңыз, ірі жемістерді
бірнеше бөлікке кесіңіз және суық су құйыңыз. Оларды 15-20
минутқа суда пісіруге қойыңыз.
8. Ақ тұздық дайындаңыз. Табаға ұн себіңіз және түсін
өзгертпей қыздырыңыз. Ақ шала қуырылған ұнды суытыңыз және
жылы сорпамен араластырып, сүзіңіз.
3.4 кесте. Үй сүт кеспесі
Азық-түлік
Салмағы, г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Сүт
700
700
Су
220
220
Үй кеспесі
80
80
Сары май
10
10
Құмшекер
10
10
Шығымы
—
1 000
—
500
3.5 кесте. Үй кеспесі
Азық-түлік
салмағы, г
брутто
таза
салмағы
брутто
таза
салмағы
Илеу үшін ұн
875
875
Себетін бидай ұны
60
60
Су
—
250
Жұмыртқа
1
/
4
шт.
10
Тұз
25
25
Шығымы
—
1 000
—
40
33
9. Льезон дайындаңыз. Ол үшін жұмыртқаның сарысын жылы
сүтпен араластырып, сулы жылытқышта нәзік консистенция пайда
болғанша араластыра отырып пісіріңіз және сүзіңіз.
10. Езбе-көжелер үшін кесіліп қуырылған нанды дайындаңыз.
Қыртысы жоқ ақ нанды 1 х 1 см текшелеп кесіп, қуыру шкафында
кептіріңіз немесе табада сары түске дейін қуырыңыз.
11. Көжелерді дайындаңыз.
КӨЖЕЛЕРДІҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |