Шала қуырылған ұндар. Дайындау тәсіліне байланысты шала
қуырылған ұндарды құрғақ және майлы, түсі бойынша қызыл және
ақ деп бөледі. Тұздықтар үшін 1 сорттан төмен емес бидай ұнын
пайдаланады.
Қызыл тұздықтардықұрғақ қызыл шала қуырылған ұнды
қоңыр сорпамен қосып, ақты – майлы ақты сүйекті, ет-сүйекті,
балық, құсты пісірген кезде алынған сорпамен қосып алады.
Саңырауқұлақты қайнатпа үшін қызыл және ақ шала
қуырылған ұнды алуға болады.
Құрғақ шала қуырылғанды алу үшін ұнды елеп, табаға 3,5 см
қалыңдықпен салады. Қызыл құрғақ шала қуырындыны 150 °С
температурада ашық қоңыр түске боялғанша және күйген
жаңғақтың иісі шыққанша, ал ақты —120 °С температурада ақшыл-
сары түске боялғаншаплитаның үстінде немесе қуыру шкафында