41
туынды болып бөлінеді. Туынды тұздықтарды негізгі тұздыққа әр
түрлі азық-түлік қосып жасайды.
Ыстық тұздықтарды дайындау үшін келесі жартылай дайын
өнімдерді пайдаланады: сорпа немесе сұйықтық, шала қуырылған
ұндар, шала қуырылған көкөністер, дәмді немесе хош иісті
дәмдеуіштер. Сорпаны қажет ететін тұздықтар: етті, сүйекті, етті-
сүйекті, қоңыр, тауық балық немесе көкөністі және саңырауқұлақ
қайнатпасы.
Етті, балықты, құсты немесе ет шырынын бөктіргеннен кейін
алынған сорпаны пайдалануға болады.
Қоңыр сорпа. Сүйектерді тазалап, шабады, жуады және қуыру
шкафында жайпақ қаңылтыр табақта 160... 170 °С температурада
қайта-қайта аударып отырып, күйіп кетуіне жол бермей қадағалап,
сары түс болғанша қуырады. Сүйектермен бірге ірі кесілген
тамырсабақтар мен пиязды да қуыруға болады. Қуырылған
сүйектерді қазанға салады, 1 кг сүйекке 5-6 л су есебімен суық су
құяды және ақырын қайнатып 5-10 сағ ішінде пісіреді, пісіру
кезінде көбігі мен майын алып отырады.
Дайын сорпаны сүзеді. Егер қоңыр сорпаныV
5
...V
10
көлемге
дейін суалдырса. қоңыр сорпадан қою сорпа (фюме) дайындауға
болады. Қажетті концентрациядағы қоңыр сорпаны алу үшін қою
сорпаны 5-10 есе су көлемімен араластырады.
Зертханада қоңыр сорпаны 3-4 сағат пісіреді, ал сорпа қайнату
үшін суды аз алады. Суыған сорпаны тоңазытқышта 0.6 °С
температурада сақтайды.
Ет шырыны. Ет немесе құс етінен жасалған таза жартылай
дайын өнімдерді қуырып болған соң майды төгеді, ал жайпақ
қаңылтыр табаққа немесе табаға аздап сорпа құйып, оны қайнатады.
Алынған қоңыр сұйықтықты сүзеді.
Достарыңызбен бөлісу: