Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет11/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   197
Тоғызыншы деңгей. Тест. Тест – оқушылардың білімін бақылау 
мен бағалаудың тиімді әдісі. Тест жұмысын ұйымдастыруда дидактикалық 
шарттар дұрыс орындалып отыру керек. Тестің түрлері көп, оны біздің 
технологиямыздың талаптарына сәйкес келетін түрін мұғалім өзі 
таңдайды. 
Оныншы деңгей. Шығармашылық – бұл адамның өзін-өзі тануға 
ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, 
өздігінен 
дәлелді 
шешімдер 
қабылдай 
білуге 
үйренуі 
керек. 
Шығармашылық – адам бойындағы қабілеттерін дамытып, адамның 
рухани күшін нығайтып, өзін-өзі дамытуына көмектеседі. 
«ОСКО» технологиясының негізгі әдістерінің бірі ойын – әдіс. Баланың 
даму үрдісінде ойын әрекетінің тәрбиелік маңызы зор. Ойын әрекетінде 
баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, қоршаған ортаны тани біледі. 
«ОСКО» технологиясындағы кейбір ойынның түрлеріне тоқталып өтейік: 
1. «Телефон» ойыны. Бұл ойынды мұғалімдер бастауыш сынып 
оқушыларымен жиі өткізеді. Телефонмен сөйлесу ойыны арқылы 
оқушыларды әр пәннің теориялық материалдарын сауатты баяндаумен 
қатар сөз мәдениетіне баулу, іскерлік қатынас орнатудың алғышарттары 
жүзеге асады. 
2. «Арқан тартыспақ» ( ұлттық ойын). Үнтаспадан ырғақты күй ойналады. 
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген мақалдың мән-мағынасы 
ашылады. Мұнда оқушылар алты-алтыдан 2 топ шығып , екі түрлі сөз 
алып, талдаудың белгілі бір түрі бойынша бірінші сатыдан бастап, екі 
топ кезек-кезек талдауды баяндайды. Қай топтың мүшесі талдау 
барысында қате жіберіп алса, сол оқушы ойыннан шығып отырады. 
Нәтижесінде қай топтың баласының саны азайып қалса, сол топ 
жеңілген болып есептеледі. Бұл арқылы білім алушылардың ұлттық 
ойындарды жаңғыртумен қатар ұжымда түсіністікпен, сыйластықпен 
жұмыс жасау, жолдастарының жауабындағы жіберілген қателіктерді 
түзеу арқылы сыни көзқарастары қалыптасады. 
3. «Орамал тастамақ» (қазақ халқының ұлттық ойыны) ойынында бірнеше 
бала ортаға шеңбер жасап отырады. Орамалдың ұшына жеке-жеке 


сөздер байланып, тапсырмалары көрсетіледі де, үнтаспадағы жылдам 
орындалатын әуен тоқтаған сәтте қолында орамал қалған оқушы 
орамалдағы байланған тапсырманы ауызша орындайды. Егер талдауды 
дұрыс жүргізе алмаса, ойыннан шығып қалады. Ойындағы көзделген 
мақсат білім алушының кез келген жағдайда іс жүзінде көрсете алу 
құзыреттілігі қалыптасады. Осы арқылы тұлғаның өз біліміне деген 
сенімділігі, оны сауатты баяндау жауапкершілігі артады. 
4. «Жалғастыр» ойынын бірнеше бала ойнайды. Талдаудың бірінші 
сатысын бір бала айтады, екінші бала келесі сатыны жалғастырып кетуге 
дайын болуы керек. Егер бірден жалғастырып кете алмаса ойыннан 
шығарылады. Осы ойын арқылы оқушының байқампаздығы, ой 
шапшаңдығы, тыңдау қабілеті артады. 
«ОСКО» технологиясының негізгі құралы – тірек сызба. Бұл сызбада 
бірнеше сатыдан тұратын алгоритм беріледі. Сол алгоритм арқылы 
«ОСКО» технологиясында мұғалімнің әр оқушымен жеке-жеке жұмыс 
жүргізуіне мүмкіндік туады, себебі мұғалім алғаш талдаудың үлгісін 
бірінші деңгей бойынша толық жазып береді ( талдау үлгісін өзгертуге 
болмайды). Мұғалім ұсынған осы алгоритмді оқушылар басшылыққа алып, 
берілген сөйлемді, сөздерді жеке-жеке сабақ үстінде де, үй жұмысын 
орындау барысында да өз бетінше талдауға машықтанады. 
«ОСКО» технологиясының қазіргі заманға лайықты тиімді оқу 
құралының бірі – компьютер. Тірек сызба арнайы компьютерлерге алдын 
ала жазылып қойылады. Оқушылар өздеріне берілген дыбыс, сөз,
сөйлемдерді, тіл білімінің салалары бойынша талдау үшін көрсетілген 
сызбаны басшылыққа алып, талдау жұмысын компьютерде еркін жүргізе 
алады.
Сатылай кешенді оқытуда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін 
ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі 
білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз 
екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға 
деген ынта-ықыласы артады, өз бетінше білім алуға әрекеттенеді. Кез 
келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің 
мүмкіндіктерін дамытады. 
Мұғалім сабақ үдерісінде шығармашылық әрекет пен оқу әрекетінің 
ара-жігін ажырату керек. Оқу әрекеті – баланың жалпы қабілетін дамытса, 
шығармашылық әрекет – нақты жағдай шешу барысында нәтижеге 
жеткізетін қабілеттерін дамытады. 
Егер ұстаз оқушы құлшынысын ұдайы дамытып, әрбір өтетін сабағын 
жаңаша ұйымдастырып, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білсе, 
бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар 
шешуді табыспен орындай алады. 
Ол үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс: Біріншіден, баланың 
шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу. Екіншіден, 
баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер 
жағдайында болуы. Үшіншіден, шығармашылық жұмыстардың баланың 
ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі, осындай тынымсыз ой 


қызметі ғана бала дамуында үлкен нәтиже береді. Төртіншіден, бала 
әрекеттердің әртүрімен айналысуға және оны таңдауына деген еркіндігінің 
болуы. Бесіншіден, балаға өз күшімен, өз ойымен қиындықты жеңе 
отырып «жаңалық» «іздену», « шығару», «ойлап табу» ашуға жағдай 
жасау. 
Оқушыны шығармашылыққа баулу оның бойындағы талант көзін 
ашу, ол үшін мұғалім проблемалық, іздену, зерттеу әдістерін пайдаланғаны 
жөн. Оқушы шығармашылығын дамытуда төмендегідей шығармашылық 
тапсырмалар ұсынамыз (сабақтың үлгі жоспарларында баяндалған): 
 сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу; 
 жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу; 
 нақыл сөздердің мәнін ашу; 
 мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу; 
 өз сыныптастарының (т.б) портретін суреттеу; 
 өлең құрастыру, ойдан ертегі, әңгіме құрастыру 
 еркін тақырыптарға шығарма,ойтолғау, эссе жазу; 
 ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту; 
 ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу; 
 өлеңді қарасөзге айналдырып мәтін құрау; 
 ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу; 
 тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру; 
 оқиғаға қатысты өз ойларын айту; 
 автордың көзқарасы туралы өз ойын әдеби тілде баяндай білу, т.б 
Бүгінде философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында 
педагогикалық технологияларын енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі 
дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік 
құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде. Сондықтан да оқу 
үрдісіне ұлттық инновацияны (ОСКО) енгізудің маңызы зор. Себебі, ұрпақ 
тәрбиелеуде осы ұлттық инновациялық оқыту жүйесі басты құрал 
болатынына ешкім күмән келтірмейді. Мектеп бітірген шәкірт тек қана 
ғылым негіздерін меңгеріп қана емес, бірінші кезекте адам болып, тұлға 
болып шығуы қажет. (Бұл адамның ең басты мақсаты мен міндеті). 
Өмірдің басты заңдылығы «Кім болу?» емес «Қандай болу». Осы тұрғыда 
біз сөз етіп отырған төл технологиямыз (Н.А.Оразахынованың) оқытудың 
ұлттық құндылықтарына негізделгенін қайталап айтқанымыз жөн. 
Қорыта айтқанда, бұл технология білімнің нәрін береді. Қазіргі таңда 
бұл технологияға сұраныс та, қызығушылық та күннен-күнге артып келеді. 
Бұл өміршең технология, осы жүйе бойынша оқыған балаға ҰБТ-ге арнайы 
дайындықтың қажеті жоқ, себебі бұл технологияның өн бойында 
үйретілетін, оқытылатын жүйелі білімнің өзі соған дайындық.
Бүгінгі таңда ынталық пен белсенділікті арттыруда осындай 
қосымша бағалау әдістері өзін-өзі ақтап отыр. Оқушыларымда даму, өсу 
байқалады. Оны ата-аналарымның берген бағасынан және пікірінен 
байқауға болады. Бағалау үрдісінде үйретуші, үйренуші, ата-аналар және 
мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін 
және білім алуын үнемі бақылап отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау 


мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған жұмыстары жайлы сөйлесіп, 
осы мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына 
мүмкіндік береді. 
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау бойынша жеткен жетістік 
немесе қорытынды баға төмендегі кесте мен диаграммада нақты 
көрсетіліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет