Зертханалық жұмысты орындау алдында модулдерді бастапқы күйіне келтіру керек:
- ТТ моулінің «Торап» кнопкасын өшіру, SA6 «Рұқсат» тумблерін төменгі қалпына келтіру, SA2 тумблерін «Жылдамдық» калпына ауыстыру, SA4 тумблерін «П» күйіне орнату, SA3 - «Руч» қалпына келтіру;
- ЖТ модулінің SA1 қайта қосқышын ортанғы күйіне орнату, RP1 потенциометрін шеткі сол күйіне орнтау;
- РМ модулінің SA1 тумблерін ортанғы күйіне орнату, SA2, SA4, SA5, SA6 қайта қосқыштарын «0» күйіне келтіру, RP1 және RP2 потенциометрлерін нолдік (шеткі сол) күйіне келтіру, SA3 максималды күйге;
- ҚКМ1-ң SA1қайта қосқышын «0» қалпына келтіру.
Жұмысты жеке компьютерде орындау үшін DeltaProfi бағдарламалық қамтамасыздандыру қосылып, сәйкес келетін жұмыс таңдау керек.
Тәуелді реттеу жүйесін жасау үшін қолданылатын реттегіштер модулі (РМ) өз ішіне операциялық күшейткішті алады DA1, DA2 және DA3.
DA1 элементінде қарқындылық тапсырғышы (ҚТ) орналасқан. ҚТ-ға кіріс кернеуі RPI потенциометрінен беріледі. RP2 потенциометрі ҚТ шығыс кернеуінің өзгеру қарқынын белгілеп отырады. SA1 үш позициялық қайта қосқышы ҚТ шығысында кернеудің полярдығын өзгертуді және RP1 қорегінің өшірілуін қамтамасыз етеді.
DA2 операциялық күшейткішінде AQ1 шығыс кернеуін шектеу блогы бар ПИ-реттегіші орналасады. SA2 және SA4 қайта қосқыштарымен реттегіштің параметрлері өзгертіледі. AQ1 звеносы КР шығыс кернеуінің деңгейін шектейді, ол ток реттегіші ТР үшін тапсырма болып табылады. КР максимал шығыс кернеуінің деңгейі SA3 қайта қосқышымен орнатылады.
DA3 ТР-де орналасады. SA5 және SA6 қайта қосқыштары ТР параметрлерін өзгертеді. ТР шғыс кернеуі ТТ тиристорлы түрлендіргіштің Uу басқару кернеуі болып табылады.
Осы жұмыстарды орындау барысында қолмен басқарылатын кешендер үшін реттегіштер модулінің XI, Х2, Х4, Х5, Х7, Х8 клеммаларына жалғанатын осциллографты кешен құрамына кірмейді) пайдарану керек.