1 Тұйықталмаған жүйенің реттегіштік сипаттамасын тәжірибелі анықтау РМ модулінің тапсырма сигналының кірісі ЕШМ-ң (суретте көрсетілмеген) ADC4 шығысына жалғанады, UРН кернеу контурының және ток контурының шығыстары сәйкесінше ADC6 және ADC7 кірістеріне жалғанады.
UЗ, UРН және UРТ өлшеу үшін компьютер қолданылады.
Якорь кернеуін UЯ ТТ модулінің индикаторынан бақылау.
Айналу жиілігін n КМ индикаторынан бақылау.
Реттегіштік сипаттамны түсіру үшін қолданылатын сұлба 15-суретте көрсетілген.
1. СҚМ-ң QF1 автоматты ажыратқышын қосу;
2. Кернеу және ток контурларының бірлік күшейту коэффициенттерін анықтау.
3. РМ-ң SA1 қайта қосқышын кез келген шеткі күйіне келтіру RP1 потенциометрімен сигнал беру, SA2 қайта қосқышын өзгерте отырып кернеу контурының шамамен бірлік күшейту коэффициентін алу, SA6 қайта қосқышын өзгерте отырып, ток контурының шамамен бірлік күшейту коэффициентін алу, SA1-ны ортанғы күйіне орнату, RP1-ы нолдік күйге келтурі.
4. ТТ модулінің «Торап» кнопкасын қосу, SA6 «Рұқсат» тумблерін жоғарғы күйңне алмастыру.
5. Рм модулінің SA1 тумблерін кез келген шеткі күйіне келтіру.
6. РМ модулінің RP1 потенциометрімен кіріс сигналын беру.
Берілгенде тапсырма сигналының жоғарлауына да, төмендеуіне де түсіріледі.
Тәжірибе берілгендерін 5-кестеге енгізу.
Тәжірибені жүргізіп болғаннан кейін барлық қайта қосқыштарды бастапқы күйіне келтіру.