Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет135/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   677
АХМЕТОВ  Зәки  (4.5.1928.  Шығ.  Қазақстан  обл.  Ұлан  ауд,  Ұзынбұлақ  а  -17.12.2002,  Алматы)  - 
ғалым, филол. ғыл. докт. (1965), проф. (1966),    Қазақстан ҰҒА-ның акад. (1983), Қазақстанның 
еңбек  сің.  ғыл.  қайраткері  (1978).  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1948).  1948  -  51  ж.  КСРО  ҒА-ның 
Санк-Петербургтегі  Шығыстану  ин-тында  аспирант.  1951  -  75  ж.  Қазақ  қыздар  мемл.  пед. 
ин-тында  кафедра  меңгерушісі,  декан,  1975  -84  ж.  Әдебиет  және  өнер  ин-тында  директордың 
орынбасары,  директоры,  1975  -  81  ж.  Қазақстан  ҒА  қоғамдық  ғылымдар  бөлімшесінің 
академик-хатшысы, 1984 - 86 ж. Қазақстан ҰҒА-ның вице-президенті, 1986 жылдан ғұмырының 
соңына дейін Әдебиет және өнер ин-тында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1985 - 86 ж. 
Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің депутаты болды. Ғыл.-зерт. еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен 
теориясына, қазіргі әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік шеберлік, поэтика, әдеби 
байланыстар проблемаларына арналған. Қазақ өлеңінің өзгешеліктері мен құрылымын зерттеудің 
ғыл. жүйесін жасады. Абайдың толық шығармалар жинағы басылымдарын (1954, 1957, 1970, 1995) 
дайындап,  құрастырушылардың  және  түсініктемелер  авторларының  бірі  болды.  "Өлең  сөздің 
теориясы"  аталатын  монографиясы  1992  ж.  Қытайда  жарық  көрді.  Қазақстан  Мемл. 
сыйл.(1996). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет