ЕРБОТИНЕсентай (1940. Павлодар обл. Баянауыл ауд. - 16.05. 1992, Алматы) - балалар
ақыны. Қарағанды пед. ин-тын бітірген. Павлодар обл. телерадио к-тінде, респ. Қазақ
радиосының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеген. Алғашқы өлеңі
Павлодар обл. "Қызыл ту" газетінде 1959 ж. жарық көрген. "Өрнек" (1975) өлеңдер жинағы,
"Өнеге" (1977). "Серік пен Берік" (1981), "Менің досым" (1984). "Балалар бала болғанда"
(1987), "Далаға саяхат" (1991) кітаптары жарық көрген.