Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет466/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   677
"ЕР БӨЛЕК" - дастан. Ауыз әдебиетін жинаушы С.Бекболатов жырлаған дастанда Маңғыстау 
өңірінен шыққан Ер Бөлек пен Дәуіт батыр бастаған қазақ сарбаздарының қалмақгарға қарсы 
ерлік  күресі  баяндалады.  Шығарма  11  буынды  қара  өлең  және  7 - 8   буынды  жыр  үлгісімен 
аралас  жазылған.  Дастан  қолжазба  нұсқасы  Орт.  ғыл.  кітапхананың  қолжазба  қорында 
сақтаулы. 
 
"ЕРГЕНЕҚОН"  -  дастан;  ғұндар  мемлекеттік  бірлестігі  ыдырап,  көк  түріктердің  алғашқы 
мемлекеті  -  Түрік кағанаты  салтанат құрған  (552  -745)  кезеңге  дейінгі  450 жыл ішінде  болған 
түрлі  оқиғаларды  қамтитын,  түркі  халықтарының  ата  тегін  тарихи  деректер  бойынша  жыр 
еткен  ауыз  әдебиеті  үлгілерінің  бірі.  "Е."  дастаны  толық  күйінде  сақталмаған,  тек  жекелеген 
үзінділері  мен  жалпы  сюжетгік  желісі  ғана  бізге  жеткен.  "Е."  дастанына  алғаш  назар 
аударғандар  Түркияның  түркітанушы  ғалымдары  -  М.Ф.  Күпрулу  (1896  -1966),  А.Нихал 
(1905-1975) болды.  Түрік зерттеушілері "Е." дастанына  қатысты бірқатар деректерді бз.б.  1 
ғ-да  өмір  сүрген  Қытай  тарихшысы  Сыма  Цянның  "Цянь  хань  Шу"  ("Бірінші  хан  дәуірінің 
тарихы")  атты  кітабынан  алғанын,  сондай-ақ,  ежелгі  грек  тарихшылары  Полиэн,  Ктезий, 
Геродот  (б.з.б.  490/80  -425)  жазбаларынан тапқанын  айтады. Көне түркі жазба  әдебиетінің 
сюжеттік желісіне енген кейбір тарихи оқиғалар, "Е." дастанында ұшырасып қалады. Дастан 
мазмұны бойынша: баяғы өткен заманда көк түріктердің елін Иль деген хан басқарыпты. Ол 
уақытта  түркі  елі  аса  қуатты  екен.  Бір  кездері  көрші  елмен  соғысып  жеңіліп  қалады.  Иль 
ханның  Каян  мен  Тоғуз  деген  балалары  ғана  аман  қалып,  қашып  шығады.  Олар  енді  шөбі 
шүйгін, өмір сүруге қолайлы қоныс іздеп табады. Ол жерді "Ергенеқон" деп атайды. Сол жерде 
төрт жүз жыл өмір сүріп, өніп-өсіп тұтас бір халыққа айналады. Сөйтіп, ата-бабасының жеріне 
оралып жауынан кек алады. "Е." дастанына өзек болған идея -халыққа құтты қоныс, жерұйық, 
бақытты  өмір  іздеу  сарыны  араға  сан  ғасырлар  салып,  Асан  қайғы  жырау  толғауларында 
қайталанады. "Е." дастаны - түркі халықтарының шығу тегін, түрлі тайпалық топтарға бірігуін, 
көне кәсібін, өмір сүру салтын, аңыздарын тарихи деректер бойынша жыр еткен, бізге толық 
күйінде жетпеген ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет