көңіл бөліп, бірқатар әдеби және тарихи маңызы зор кітаптар шығарды. Бұлардың қатарында
Ө.Тілеуқабылұлының "Шипагерлік баян", Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме
шейін", Н.Мыңжанидің "Қазақтың қысқаша тарихы",
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің" Қазақ
шежіресі",т.б. кітаптары бар.
"ЖАЛЫН" - журнал. 1969 ж. маусым айында "Жазушы" баспасының жанынан 2 айда бір рет
әдеби, мәдени және қоғамдық-саяси альманах болып шығады. Алғашқы жылдары көлемі 10 б.
т., таралымы орта есеппен 90 мың данаға жуық (1974) болған. Альманах респ. жастарының
рухани, дүниетаным өрісін, эстет. талғамын жетілдіруді және талантты жас ақын, жазушыларға
шығарм. қамқорлық көрсетуді мақсат етеді. "Ж." альманағы 1986 ж. өз алдына дербес
журналға айналып, 1999 жылдың ортасына дейін шығып түрған. Журналдың алғашқы бас
редакторы - Ө.Қанахин. Бұдан кейінгі жылдары
Ш. Мұртаза, Т.
Молдағалиев, М.
Шаханов, М.
Қүлкенов сынды белгілі қаламгерлер бас редактор болып қызмет еткен. "Ж." альманағы жас
ақындардың шығар-маларына Т.Айбергенов атынд. сыйл. беріп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: