Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата03.03.2017
өлшемі18,4 Mb.
#6205
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

 
Əдебиеттер 
 
1 Тұрбеков А. Реалистік роман жəне типтік характер. - Алматы: Ғылым, 1970. - 204 б. 
2 Елеукенов Ш. Казахский роман и современность. - Алма-Ата: Жазушы, 1968. - 219 с. 
3 Ахметов З. Современное развитие и традиции казахской литературы. – Алма-Ата: Наука, 1978. - 328 с. 
4 Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. - Алматы: Ғылым, 1982.  - 148 б. 
5 Қирабаев С. Тəуелсіздік рухымен. - Астана: «Фолиант», 2002. - 504 б. 
6 Алпысбаев Қ. Тарихи шығарма: таным жəне көркемдік. - Алматы: Ғылым, 1999. - 281 б. 
7 Серікқалиев З. Жылдар сазы. Əдеби-сын зерттеу. - Алматы: Жазушы,1971. - 216 б.  
8 Ауэзов М. Времен связущая нить. – Алма-Ата: Жазушы, 1972. - 134 с. 
9 Бердібаев Р. Қазақ романы. - Алматы: Қазақ ССР «Білім» қоғамы, 1975. - 48 б. 
10 Қабдолов З. Əдебиет теориясының негіздері. - Алматы: Мектеп, 1970. - 379 б. 
11 Нұрғалиев Р. Өнер алды-қызыл тіл. - Алматы: Мектеп, 1974.  - 172  б. 
  
 
References 
 
1 Tұrbekov A. Realistіk roman zhəne tiptіk harakter. - Almaty: Ғylym, 1970. - 204 b. 
2 Eleukenov Sh. Kazahskiy roman i sovremennost'. - Alma-Ata: Zhazushy, 1968. - 219 s. 
3 Ahmetov Z. Sovremennoe razvitie i traditsii kazahskoy literatury. - Almaty: Nauka, 1978. -328 s. 
4 Maytanov B. Қazaқ prozasyndaғy zamandas beynesі. - Almaty: Ғylym, 1982.  -148 b. 
5 Қirabaev S. Təuelsіzdіk ruhymen. - Astana: «Foliant», 2002. - 504 b. 
6 Alpysbaev Қ. Tarihi shyғarma: tanym zhəne kөrkemdіk. - Almaty: Ғylym, 1999. - 281 b. 
7 Serіkқaliev Z. Zhyldar sazy. Ədebi-syn zertteu. - Almaty: Zhazushy,1971. - 216 b.  
8 Auezov M. Vremen svyazuschaya nit'. - A-A.: Zhazushy, 1972. - 134 s. 
9 Berdіbaev R. Қazaқ romany.-Almaty: Қazaқ SSR «Bіlіm» қoғamy,1975.- 48 b. 
10 Қabdolov Z. Ədebiet teoriyasynyң negіzderі. - Almaty: Mektep,1970. - 379 b. 
11 Nұrғaliev R. Өner aldy-қyzyl tіl. - Almaty: Mektep, 1974.  - 172  b. 
С.Б. Жұмағұлов,  А. Жүсіпова 

95 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 5-6(139-140). 2012 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 37.013
  
 
П.К. Юсуп 
ҚазМемҚызПУ-дың аға оқытушы,
 
Қазақстан, Алматы қ. 
E-mail: Farhat.Yusup.70@mail.ru 
 
М. Мағауиннің «əдепкі əңгімелер» циклі 
 
Мақалада  қазақ  əдебиетінің  классигі,  қайраткер-жазушы  М.  Мағауиннің  соңғы  жылдары  жарық  көрген 
прозалық  шығармалары  тақырыптық,  стильдік  жəне  көркемдік  жағынан  қарастырылады.  Жазушының 
шығармашылық  лабораториясына  тарихи  тұрғыда  талдау  жасай  отырып,  қазақ  прозасының  бүгінгі  күнге 
дейінгі  даму  жолын,  қоғамдық,  əлеуметтік  құбылыстардың  əдеби  үрдіске  ықпалын,  сондай-ақ  қазіргі  қазақ 
əңгімелерінің  тақырып  аясы  мен  көркемдік,  стильдік  ерекшеліктерін  қарастырады.  Қазақ  əдебиетінің 
дамуына  өзіндік  үлес  қосқан  М.  Мағауиннің  «əдепкі  əңгімелер»  цикліне  енген  шығармаларын  тақырыптық 
жағынан  талдау  барысында,  ауыл  мəселесінің  көтерілу  маңызын  ашуға  талпыныс  бар.  Қазақ  əдебиетіндегі 
«ауыл  прозасының»  көтерген  жүгін,  ұлт  руханиятының  кемелденуіндегі  рөлін,  автор  тілінің  ұлттық, 
көркемдік  сипатын  ғылыми  тұжырыммен  берген.  Мақалада  қаламгердің  көркем  ой  қуатының  жалпы  əдеби 
үрдіске тигізген əсері дəйектелген. 
Түйін сөздер: көркем əңгіме, ауыл прозасы, əдеби үрдіс, көркем форма, əдеби əлем. 
 
P.K. Yusup 
The cycle  of  M. Magauins  «orainary tales» 
 
In this article analyse the projects of Kazack literature classic,  heroes writer which, is written in the ends of 
M.Magauin life. And article analyse of sides such us theme style. The article analyse with the history send and 
consider the way development Kazack prose, social victims that inftunce to the processe of Kazack literature, so that 
the article analyse the average and style of Kazack stories. When analyse  the  stories which calls «orainary tales» that 
enter to the sclim project, it helps to discuse about village problems. Its about of proijets which wrote M.Magauin. In 
this stories there are many subjects which about village prose. And it says that village prose is very difficult. In this 
article words of writen is very beautiful and effection. 
Keywords: artistic tales, viliage prose, literature process, artistic form, the world of literature.
 
 
П.К. Юсуп 
Цикл «обычных рассказов» М. Магауина 
 
В  данной  статье  анализируются  последние  рассказы  известного  классика  современной    казахской 
литературы, писателя Мухтара  Магауина.  М. Магауин, пришедший в казахскую литературу в середине 60-х 
годов  ХХ  века,  является  одним  из  признанных  классиков  казахской  литературы,  внесшим  свой  огромный 
вклад  в  развитие  казахского  литературоведения.  Он  известен  своими  историческими  произведениями 
«Аласапыран», «Кокмунар»,  и  т.д.  По  тематике  его  произведений    в  последние  несколько  лет  были  опуб-
ликованы  ряд  статей, где его произведения  были  рассмотрены  в  различных    аспектах.  И поэтому  в  данной  
статье предпринята попытка выявить и описать основные парадигмы цикла «обычных рассказов» М. Магауина,  
именно  как  единого  по  своей  эстетике  текстового  пространства.  В  статье  также  определено  влияние  его 
прозаического  мышления  к  общему  литературному  процессу.  Следует  также  сказать,  что  статья    требует 
дальнейшего изучения, исследования с учетом фактора развития современного общества и появления новых 
научных концепций и теорий писателя, его философского звучания в рассказах.   
Ключевые  слова:  художественный  рассказ,  деревенская  проза,  литературный  процесс,  художественная 
форма, литературный мир.  
 
__________________________ 
 
ХХ  ғасырдың 60-жылдарынан  бастап  əде-
биетке  келіп,  біразы  бүгінгі  қазақ  əдебиетінің 
классигі  дəрежесіне  көтерілген  бір  шоғыр 
қаламгерлердің  ішіндегі  өзіндік  стилі  мен  қа-
лам  қарымының  қуатымен  танылған  жазушы-
ның  бірі – Мұхтар  Мағауин.  Əдебиеттану  ғы-
лымының  кемелденуіне,  қазақ  əдебиеті  тари-
хын дəуірлеу ісіне де айтарлықтай үлес қосып, 
ғылыми  тұжырымдарымен  де  танылған  оның 
əдебиет айдынындағы үлкен есімі тарихи тақы- 
 
рыпқа жызылған («Аласапыран» романы), ком-
мунистік  қоғамның  əлеуметтік  мəселелерін 
көтерген («Көкмұнар»  романы, «Қара  қыз» 
повесі), ғасырлар тоғысындағы қазақ халқының 
күйін суреттеген («Шахан шері», «Сары қазақ» 
романдары)  көлемді  туындылары  мен  əр  түрлі 
тақырыпта жазған əңгімелерімен танылды. 
Қазақ  əдебиеттану  ғылымы  кеңестік  билік 
тұсында  өз  нысанасын  негізінен  саяси  идеоло-
гия өлшемімен қарады. Кез келген мұра таптық 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
М. Мағауиннің «əдепкі əңгімелер» циклі

96 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 5-6(139-140). 2012 
қалыпқа  салынып,  социалистік  мұраттарға  қа-
тысы  барлығы,  əлде  жоқтығы  жағынан  қарас-
тырылды.  Сол  қоғамның  эстетикалық  бейнесі-
нің  өлшеміне  айналған  социалистік  реализм 
қағидасы кез келген көркем туындының негізгі 
қалыбын қалыптастырды. Сол себепті де, қала-
мының желі бар, көркем ойлау қарымы өзгеден 
артық тұрған көптеген сөз зергерлері өз кезеңі-
нің  шындығын  айтуға  құрылған  шығармалар 
жазудан  қашқақтап,  аз  да  болса  шығармашы-
лық еркіндікке мүмкіндік беретін тарихи тақы-
рыптарға  ойысты.  Қазақ  əдебиетіндегі,  жалпы 
кеңес  əдебиетіндегі  бұл  үрдіс  əдебиеттің  тақы-
рыптық, көркемдік тұрғыда дамуына айтарлық-
тай əсер еткені де белгілі.  
Тырнақалды туындыларымен - ақ əдебиетта-
нушылар,  сыншылар  мен  қалың  оқырманды 
елең еткізген  М.Мағауин де осы үрдістен ауыт-
қып кете алмады. Қайта оның қаламынан туған 
тарихи  тақырыптағы  көркем  дүниелер  қазақ 
əдебиетінің  жауһарлары  қатарына  қосылып, 
кейінгі  əдебиеттің  даму  барысында  бағдар  бо-
латындай деңгейге көтерілді. 
Жалпы, М.Мағауиннің шығармашылығы ту-
ралы  əр  кезеңдерде  əр  түрлі  мазмұндағы  баға-
лар  берген  сыншы,  зерттеушілер  баршылық. 
Оның  сыртында  ол  ең  əділ  сыншы – оқырман-
ның оң бағасын алған бүгінгі қазақ əдебиетінің 
ақсақалы  дəрежесіне  жеткен  дегдар  мінезді 
жазушы.  Сондықтан  біз  жазушының  ілгерідегі 
шығармаларын қоя тұрып, ХХІ ғасырдың басы-
нан  бері  жазған  əңгімелерінің  көркемдігі  мен 
ондағы  көтерілген  тақырып  аясына  тоқталмақ-
пыз. 
Əдебиеттанушы ғалым А.Нұрқатовтың «Реа-
лизмнің  тарихы  көркем  идеялардың,  əралуан 
сюжет  пен  қилы-қилы  характерлердің  бұрқы-
рай  жаңғырып  отыратындығын  сипаттайтын 
мысалдарға  кенде  емес.  Сонымен  бірге  бұл – 
көркемдік формалардың да жаңғырып, жаңадан 
жасалып  отыруының  тарихы.  Бұл  жалаң  абс-
тракция емес. Өйткені, ол əрбір ірі жазушының 
шығармашылығында  жаңашылдық  сипатқа  ие 
болады»  деген  пікірі  М.Мағауиннің  шығарма-
шылығына тікелей қатысты сияқты болып көрі-
неді. [1, 378-379]. 
«Əйгілі  жазушы  М.Мағауиннің  тəуелсіздік 
жылдарда  жазған  жаңа  тұрпаттағы   шығарма-
лары  көркемдік  əлемді  игерудің  тың  арнасын 
қалыптастырып, ұлттық рухты сілкіндіретін өз-
геше  дүбірлі  құбылысқа  айналып  отыр.  Əлем-
дік  əдебиетке  түрік  рухының  тыныс-демін 
əкелген  классик  жазушының  əсіресе  соңғы 
кезде  жазған  кез  келген  шығармасы  формалық 
тұрғыдан мүлде күрделі, əдіс-тəсілі тосын. Əйт-
кенмен  бұл  туындылардың  арғы  қатпарында, 
терең діңінде халық мұрасының құнарлы да ай-
шықты  белгілері  мол  болғандықтан  оқырман-
ды  тылсым  табиғатымен  қызықтырып  баурап 
алады.  Ең  негізгі  бір  ерекшелік – бұл  шығар-
малар   ақиқатпен   əдіптеліп,  шындықпен  суа-
рылған. Сол себептен де ХХІ ғасырдағы дерек-
тілік  пен  нақпа-нақ  ақпаратты  талап  ететін  жаңа 
буын оқырманның сұранысына жауап беріп отыр» 
[3] дейді əдебиет зерттеушісі А.Тойшанұлы. 
Жазушының  екімыңыншы  жылдардан  бері 
баспа бетінен шыққан, əр түрлі мерзімді баспа-
сөздерде  жарық  көрген  ірілі-ұсақты  жиырма 
шақты əңгімелері бар. Олардың тақырыбы мен 
көтерген  мəселелері  де  əр  алуан.  Кеңестік  им-
перия ыдырап, əр ұлт өз қамын күйттеп кеткен 
өлара  шақтағы  қазақ  қоғамы,  бүгінгі  жастар 
психологиясы,  өткен  өмір  шындығы,  сананы 
тұрмыс билеген замандағы адами құндылықтар 
өлшемі  т.б.  əдеби  шығарманың  тақырыбына 
жүк болатындай күрделі мəселелер М.Мағауин 
əңгімелерінің негізгі арқауы болып келеді. 
Жалпы М.Мағауин шығармаларына тəн ерек-
шелік – шыншылдық. Қаламгер нені суреттессе 
де,  қандай  бейне  сомдаса  да  əсіре  ұраншыл-
дыққа,  жалғандыққа  бармайды.  Қайта  ақиқат 
шындықтағы  өмір  тартысы  мен  тіршіліктің 
мəні  көркем  оймен  жымдасып,  кей  тұстарда 
параллель  дамып,  бірін-бірі  толықтырып  оты-
рады.  Жазушының  «Бір  үзік  сəуле», «Екеу», 
«Қылмыс», «Эльза  жеңешем»  жəне  «Күмбез» 
т.б.  сияқты  «əдепкі  əңгімелерінің»  тақырыбы 
біз  күнделікті  көріп  жүрген,  немесе  көзіқа-
рақты  жанды  ойландырмай  қоймайтын  қоғам-
дық түйткіл мəселелерді қамтиды. Уақыт шын-
дығын кестелі сөз, көркем бейнемен тап басып 
суреттей білген жазушының əдебиет тарихында 
өзіндік  ерекшелігімен  көрінген  кең  тынысты 
тарихи  шығармалармен  қатар  күнделікті,  əдеп-
кі  саналатын  өмір  құбылыстарын  бейнелейтін 
осы  бір  қысқа  əңгімелері  бүгінгі  прозаның 
көркемдік  деңгейін  көтеруге  қосылған  үлес 
екендігі  сөзсіз.  Бақай  есеп  пен  бас  пайданың 
қос  тізгініне  қос  қолдап  жабысқан  қала  «ақжа-
ғалысы» мен даланың дархан мінезді, табиғаты 
тарпаң  кең  қолтық  қазағының  контрастілі  бей-
несі, қазіргі жаһандану үрдісінің жемісі – ниги-
лизм  мен  космополитизмнің  асық  үлгісі  ұлт 
«сілімтіктерінің» (подоноктардың) жиіркенішті 
бейнесі де  жазушы əңгімелерінде нанымды су-
реттеледі.  
Қалтасы  тоқ,  қолы  ұзындардың  өз  ата-баба-
ларының батыр, би, көсем болғандығын дəлел-
П.К. Юсуп

97 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 5-6(139-140). 2012 
 
 
деп,  оған  ел-елде  ауыл,  көше  аттарын  алып 
беру үшін қызыл кеңірдек таласқа түскен «ұлы 
науқанды» уытты да өткір тілмен, теріңді тіліп, 
сүйегіңе  дейін  осып  өтер  əжуə-мысқылмен 
суреттеген  қаламгер «...Бұл  Сылан  молдамыз 
арыда қызыл белсенді болған. Қаншама жұртты 
қан қақсатқан. Содан соң Іңкібіді, Імгібінің есі-
гін  күзеткен.  Сыртынан  көрсетіп,  жала  жауып 
ұстатып,  талай  боздақтың  сорын  қайнатқан. 
Одан  соң  колхозда  біргəді.  Совхозда  қара  жұ-
мысшы. Алайда, мілиса аты қалмапты. Енді міне, 
зейнетке  шыққан  соң,  ең  бастысы,  тəуелсіздік-
ке  қол  жеткен  соң  молда  болып  алыпты.  Əрі 
өткендегі күнəсі жуылады, əрі күнделікті тірші-
лігіне  талғажау  табады.  Жай  ғана  молда  емес, 
ауылдың  құрметті  ақсақалы» [2, 272-273] деп 
кешегі  атеист  коммунистердің  бүгінгі  пірəдар 
сопыға  айналу  процесін  халық  трагедиясымен, 
ұлттың қасіретті тарихымен астарлатып береді.  
М.Мағауин  шындықты,  құбылысты,  олар-
дың  ішкі  мəнін  мейлінші  жіті  көре  білген, 
ерекше  нəзік  талғаммен  сезіне  білген,  əрі  оны 
жеткізіп  суреттей  алған  жазушы.  Ел  мен  жер, 
отан  тарихын  қайта  жазу,  өмір  шындығы  мен 
тарихи  оқиғалардан  ауытқымай  тек  ақиқатқа 
жүгіне жазу науқаны кезіндегі қарадай əсіреқы-
зылдық  пен  жалған  атақ-даңққа  ұмтылудың 
келеңсіз  көріністері  мен  өзімшіл,  аяр,  шолақ 
ойлы  пенделердің  оспадар  тірліктерін  жазушы 
« ...Осындай  да  сұмдық  болады  екен.  Болады. 
Болып  жатыр.  Төбесі  бір  ауыл  көлемінде  ғана 
көрініп  тұрған  күмбузіңіз  не,  атырап,  аймақ, 
бүкіл елге əйгі көк кесене, ақ сарайлар салынып 
жатыр.  Болмаған  аталардың  жасамаған  ұлы 
істеріне  айғақ  ретінде. Тілсіз, дымсыз  құрылы-
сыңыз  тұрыпты,  том-том  кітаптар  жазылып 
қойды.  Болмаған  батырлардың  басқа  бір  баба-
лар  жасаған  ерлігіне  иелік  туралы.  Ақ  селеуді 
алып  еменге,  қара  қойшыны  қайтпас  қаһар-
манға  айналдырған.  Ауыл,  аудан,  аймақ  емес, 
ел  көлемінде  тойланып  жатқаны  бар.  Алды 
мектеп  оқулықтарына  еніп  те  кетті.  Ресми  та-
рихқа  тіркелді»  деп,  қатты  ашу,  ащы  ызамен 
жаза  келіп, «Біздікі  сол,  жарты  аяқ  қара 
көженің  буынан  өрбіген  кенеусіз  көп  өтіріктің 
кішкентай ғана бір тармағы» [2, 274] деп, «бас 
кеспек  болса  да  тіл  кеспек  жоқ»  айтпасқа  бол-
майтын дүниені айтпай тұра аламайтын мінезін 
танытады.  Ал  оның  көркем  тілдің  стихиясын, 
сөз сырын сезінуі тіпті айрықша күшті. «Эльза 
жеңешем» əңгімесіндегі  соғыстан  аман келген-
мен,  бейбіт  өмірдегі  жазалаушы  органдардың 
зорлығына  шыдамай  өзіне  өзі  қол  салған 
кейіпкердің  жалғыз  ағаш  бұтағына  асылып 
тұрған аянышты өлімін «...Күп болып іскен, екі 
көзін,  бет-аузын  қарға  шоқып  тастаған  екен 
дейді.  Бірақ  еш  жері  ауырмаса  керек.  Ауыр-
ғанын  сезбесе  керек»  деп  суреттей  келе, «Бар 
азаптан құтылды!» - деді үлкен ағам. «Жігіт-ақ 
екен!» - деді Кенже ағам». «Иманы жолдас бол-
сын!» - деді  атам» [2, 250] деп  кейіпкерлердің 
репликалары  арқылы  олардың  ұлттық  сөйлеу 
ерекшеліктері  мен  мінез-өзгешеліктерін,  заман 
аужайына, уақыт шындығына қарай адам өлімі-
нің  өзінен  адамдық  қасиет  іздеген  дала  мінезі-
нің сабырлылығын көрсетеді.    
М.Мағауин  шығармаларындағы  кейіпкерлер 
бейнесінің  басты  ерекшелігі  сол,  жазушы  өзі 
сомдаған əр бейненің бойына ешкімге ұқсамай-
тын даралық қасиеттерді сыйғыза білген. Мейлі 
ол  қоғамның  бір  мүшесі    ғалым,  студент,  мал-
шы болсын, мейлі шығарма кейіпкеріне айнал-
ған  «өзі»  болсын  жоғарыда  айтылған  даралық 
қасиеттерімен ерекшеленеді. М.Мағауиннің кейіп-
керлер  галереясы  шындық  өмірдің  қайнаған 
ортасынан  шыққан  өз  заманының  нақты  адам-
дары бейнелерінен тұрады. Сол кейіпкерлер қа-
тарын  қарап  отырсаңыз  көңілі  күдікті  кемелді 
(«Қылмыстағы»  Алпамыс),  көкейі  күңгірт  құм-
былды («Екеудегі»  жаңа  қазақ), бар  айласы бас 
пайдасынан  аспайтын  нəмартты  «Күмбездегі» 
Білгір Бекен), надандығы нар жығатын көркеу-
де («Подоноктағы» Сілімтік) мен жақыны үшін 
жанын берген жанкештіні де көрер едіңіз. 
Көркем  бейне  жасаудағы  жазушының  тағы 
бір  ерекшелігі  оның  түрлі  көркемдік  əдістерді 
қолдана  білуінде.  Мысалы, «Күмбез»  əңгіме-
сіндегі  Білгір  Бекеннің  бейнесі  бірде  оның  өз 
қимыл-əрекеті,  сөйлеген  сөзі,  ойы  арқылы  бе-
ріліп отырса, бірде авторлық баяндау, енді бір-
де  ауылдас-туыстың  ішкі  монологі,  сөйлеген 
сөзі,  Бекенге  деген  көзқарасы  арқылы,  енді 
бірде  оның  ата-бабасы  туралы  ел  аузындағы 
аңыз ретінде беріледі.  
М.Мағауиннің    əдеби-эстетикалық  көзқарасы 
да  жүйелі.  Бұл  əрине  бүгінгі  күннің  жаңалығы 
емес.  Десе  де  əдеби  əлемнің  еңселі  қақпасынан 
сыналай  еніп  келе  жатқан  қазіргі  жас  оқырман 
үшін  Мағауин  əлемінің,  оның  көркем  де  шұ-
райлы  тілінің,  күрделі  де  ұғынықты  ой  орам-
дарының,  көзі  ашық,  көкірегі  ояуға  тұтас  пано-
рамалық  көрініс  болып  көрінетін  шебер  сурет-
теулерінің  бөтен  бір  тылсым  ғаламнан  келген 
құбылыстай  көрінуі  мүмкін.  Мəселен,  қазақ 
əдебиетінің  үлкенді-кішілі  талай  қаламгерлері 
тақырып  еткен  ұлы  отан  соғысы,  тылдағы  қазақ 
елінің  ауыр  тұрмысы  мен  қиын  тұрмыстағы 
халықтың  психологиясы  М.Мағауиннің  жазуын-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №5-6 (139-140). 2012
 
М. Мағауиннің «əдепкі əңгімелер» циклі

98 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 5-6(139-140). 2012 
да  түрленіп  шыға  келеді.  Күні  кеше  көз  алды-
мызда жүрген, бүгіндері түгесілуге айналған сол 
ата, əжелеріміз, бірі мүгедек жарымжан, бірі жан 
ауыруына ұшыраған сол қасіретті жандар бейнесі 
жазушы  суреттеуінде  өзгеше  бір  реңге  бөленіп, 
өзінің  реалистігімен,  ақиқат  шындық  өмірдің 
бөлшегі  ретінде  танылады.  Оның  «Эльза  жеңе-
шем»  əңгімесіндегі  соғыстан  кейінгі  ауылдағы 
халық  күйі,  зұлмат  жылдары  тағдырдың  ай-
дауымен  туған  жерден  ауа  жайылып,  жат  елге 
табан  тіреген  өзге  ұлт  өкілдері  мен  жергілікті 
халық  арасындағы  күрделі  қарым-қатынас  су-
реттеулері сондайлық шынайы берілген.  
«Соғыстан  соңғы  үшінші  жаз  екен.  Ел  есін 
жимаса  да  көтеріліп  қалған.  Азалы  көңіл  сер-
пілмейді,  қайғы  мен  қасірет  ортаймайды,  бірақ 
мұң мен зар атаулы түгел ішке түскен. Тұрмыс та 
төмен.  Аш  пен  жалаңыштың  маңайы.  Киім – 
жыртық,  жамау,  дастарқан – жүдеу,  тақыр.  Ал 
сырттай  қарағанда  бəрі  тамаша. ...Өткенге 
салауат,  алдағының  бəрі  ғажап.  Ең  бастысы – 
жұртты  күйзелтіп,  азамат  атаулыға  ойран 
əкелген, ақыр түбі бестің төртеуін жалмаған обыр 
апат  аяқталған.  Соғыс  бітті – енді  не  керек! 
Келешек  əрбір  күн  олжа,  бүгінгі  əрбір  күн 
мереке.  Əсіресе,  қасап  қырғыннан  аман  оралған 
жігіт-желең  үшін,  аман  оралған  азаматтың  əке-
шеше,  ағайын-туғаны  үшін»  деп  қам  көңілді, 
бірақ  алдағы  күннің  бақытты  сəулесінен  үмітті 
соғыстан  кейінгі  ауыл  тіршілігін  суреттеуден 
басталған  шығарма  кейіпкер  əрекеті  мен  оқиға  
 
шиелінісі дамуы барысында оқырманды бірде дір 
еткізіп  шошынтса,  бірде  мамыражай  күйге  түсі-
ріп, ал бірде шарасыз жанның күйін бірге кештіре 
мұңайтады. Жарқын болашақты арманмен астас-
тырып, бақытты тұрмысұа енді төселе берген бір 
шаңырақтың  шайқалып  кетуін  автор: «Ертеңіне, 
түн қараңғысында тағы да жауапқа əкетті. Келесі 
аптада тағы. Енді біздің үйді үрей жайлады. Атам 
оқтын-оқтын  ауыр  күрсінеді.  Əжем  аруақ  шақы-
рып,  Аллаға  сыйынады»  деп,  кейіпкер  тілімен 
баяндайды. 
Жоғарыда аталған  көркем туындыларда қа-
зақ  қоғамындағы  əлеуметтік,  саяси  жəне  тұр-
мыстық  келеңсіз  құбылыстар,  атап  айтсақ  ұлт-
тық құндылықтардың аяқасты болып, талақ еті-
луі,  исі  қазаққа  жат  тасбауырлық  пен  иман-
сыздық,  ата  сақалына  жармасқан  жүгенсіздік, 
биліктегі шонжарлардың алаяқтығы, жаңа буын 
ұрпақтың,  тексіз  байлардың  ана  тілінен,  ата 
ділінен  жерінуі,  қара  халықтың  дəрменсіз  пұ-
шайман  халі,  ата-баба  тарихына  жасалып  жат-
қан  қиянаттар,  бір  сөзбен  айтқанда   тəуелсіз 
жас  мемлекеттің   бүгіні  мен  болашағына   ке-
дергі  келтіретін  алуан  түрлі  кеселдер  бүкпесіз 
сыналады. «Бірақ  бүгінгі  өмір-тіршілігіміздің 
күндерегі  секілді  шыншыл  реңдегі  бұл  шығар-
малар  фольклорлық  айшықты  бояулармен  ше-
бер  əрленіп,  постмодернистік  стильмен  əше-
кейленгендіктен  оқырманды  мүлде  беймəлім 
көркемдік  əлемге  жетелеп,  ғажайып  тылсым 
сырларға саяхат жасата алады».    
 
Əдебиеттер 
 

Нұрқатов А. Жалғасқан дəстүр. - Алматы, 2010.   

Мағауин М. Шақан-шері жəне əдепкі əңгімелер. - Алматы, 2005.  

wwwKultobe.kz Тойшанұлы А. Мағауиннің жаңа прозасының алтын өзегі. 
 
References 
 
1 Nұrқatov A. Zhalғasқan dəstүr. Almaty, 2010.   
2 Maғauin M. Shaқan-sherі zhəne ədepkі əңgіmeler. Almaty, 2005.  
3 wwwKultobe.kz 
Toyshanұly A. Maғauinnің zhaңa prozasynyң altyn өzegі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
П.К. Юсуп

99 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 5-6(139-140). 2012 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 82(091) 
Б. Омарұлы 
филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан, Астана қ. 
E-mail: nazim.i.b@mail.ru 
 
Ұлт ақыны жəне ұлт тағдыры 
 
Мақалада зар заман ақындары ой-пікірлерінің өміршеңдігі, халықтық педогогика мұраттарымен үндестік 
табуы  сөз  болады.  Сонымен  бірге  онда  бұл  топтағы  ақындардың  заманның  тамыр  соғысын  дөп  басып, 
шынайы  хал-ахуалын  айшықтай  білгендігі  көрсетіледі.  Автор  отаршылдар  билеген  дəуірдегі  халықтың 
қасірет-қайғысын  жырлаған  ақындар  шығармашылығында  елдік  мүддеміз  бен  ұлттық  болмысымыз  ойлы 
образдар, тосын теңеулер арқылы жан-жақты көрініс тапқанын дəлелдеуге күш салады. 
Түйін сөздер: зар заман, дəстүр, ұлттық дүниетаным, өлең өлшемі, салт-сана. 
 
B. Omaruly 
National poet and destiny of the nation 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет