Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева


The feautures of analysis of denotative semes in a literary text



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата03.03.2017
өлшемі4,6 Mb.
#7346
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34

The feautures of analysis of denotative semes in a literary text 
 
Structural linguistics in which was included structural semantics has set a goal to reveal the peculiar nature of the 
structure of lexical meaning of the word on material of the different languages. In the middle of XX century in the 
foreign and Russian linguistics several language schools appeared operating in this sector. The result of these works 
can be I.A. Sternin`s monograph "The lexical meaning of the word in the speech" - Voronezh, 1985. In Kazakh 
linguistics as the representatives of linguistic semantics can be called works of N.T. Sauranbaev, G. Musabaev, A. 
Kaidari, R. Syzdyk, M. Orazov, M.M. Kopylenko, B. Sagyndykuly and others. However, in these works there were 
extensively researched theoretical issues of linguistic semantics and less attention was paid to the practical part. In 
particular, the identification of different types of denotative seme on material of literary text. Because of this, many 
students of philology and translation professions could not reach the level of doing their own analysis of a literary 
text.  
In the article there are the linguistic analysis of novels and stories of famous Kazakh writers, such as  
A. Kekilbayev, M. Magauin, D. Doszhanov, D. Isabekov.  
This article contains descriptions of the types of denotative seme, such as, archesemes, usual and occasional 
semes, integral and differential semes, systematic and common semes. Also there is shown the actualization of semes 
which occur in the monologues, dialogues. Linguistic analysis of the semes on the material of a literary text is 
accompanied by opinions of leading scientists of linguistic semantics. 
The article deals with the features of analysis of denotative semes in a literary text.  
Key words: structural linguistics, lexical meaning, linguistic semantics, denotative seme, archesemes, usual and 
occasional semes, integral and differential semes, systematic and common semes, literary text. 
 
Г.К. Хасанов 
Особенности анализа денотативных сем в художественном тексте
 
 
Структурная лингвистика, в которую входила структурная семантика, поставила цель выявить своеобраз-
ный  характер  структуры  лексического  значения  слова  на  материале  различных  языков.  В  середине  ХХ 
столетия в зарубежной и русской языкознании появляются несколько лингвистических школ, работающих в 
этом  направлении.  Результатом  этих  трудов    можно  назвать  монографию  И.А.  Стернина  «Лексическое 
значение  слова  в  речи» (Воронеж, 1985). В  казахской  лингвистике  представителями  лингвистической 
семантики  можно  назвать  труды  Н.Т.  Сауранбаева,  Г.  Мусабаева,  А.  Кайдари,  Р.  Сыздыка,  М.  Оразова,  
М.М.  Копыленко,  Б.  Сагындыкулы  т.д.  В  этих  трудах  широко  исследованы  теоретические  вопросы  лин-
гвистической семантики, но не уделялось должного внимания практической части. В частности, выявлению 
различных видов денотативных сем на материале художественного текста. В связи с этим многие студенты 
филологической  и  переводческой  специальности  не  смогли  достичь  того  уровня,  чтобы  самостоятельно 
делать анализы художественного текста.  
В  статье  подвергаются  лингвистическому  анализу  романы  и  повести  известных  казахских  писателей, 
таких, как А. Кекильбаев, М. Магауин, Д. Досжанов, Д. Исабеков.  
В статье описываются виды денотативных сем, такие, как архисемы, узуальные и окказиональные семы,  
 
 
Ғ.Қ. Хасанов 

51 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013 
 
 
интегральные  и  дифференциальные  семы,  системные  и  общие  семы.  А  также  показана  актуализация  сем, 
которые  возникают  в  монологах,  диалогах.  Лингвистический  анализ  сем  на  материале  художественного 
текста сопровождается мнениями и ведущих ученых лингвистической семантики.  
В статье широко исследуются особенности анализа денотативных сем в художественном тексте. 
Ключевые слова: структурная лингвистика, лингвистическая семантика, денотативные семы, архисемы, 
узуальные  и  окказиональные  семы,  интегральные  и  дифференциальные  семы,  системные  и  общие  семы, 
художественный текст. 
__________________________________ 
 
Лексикалық  мағынадағы  семаларды  орыс 
тіл  білімінде  жүйелі  зерттеген  И.А.  Стернин 
көркем мәтіннен семаларды айырып алу қиын-
дық  туғызатынын  жазған  еді.  Бұндағы  қиын-
дық  лексикалық  мағынаның  құрылымындағы 
семалардың түрлері мен олардың мәнмәтіннің 
ерекшелігіне  орай  өзектенуінде  жатыр.  Жо-
ғары мектепте көркем мәтінді лингвистикалық 
талдау және қазіргі қазақ тілі лексикологиясы 
мен  фразеологиясы  пәндерінде  лексикалық 
мағынаны  талдау  студенттердің  дағдылық  бі-
лімдерін  жетілдіреді.  Сол  себепті, лексикалық 
мағынаның заттық (денотаттық) бөлігін құрай-
тын  семаларды,  яғни  лексикалық  мағынаның 
ең  кіші  бөлшектерін  көркем  мәтіннен  көріп, 
талдау үшін олардың түрлерін білу қажет. 
Тіл  жүйесіне  қатысы  бойынша,  бұл  микро-
компоненттер – узуалды  және  окказионалды, 
системалық немесе топтық және жекелік сема-
ларға бөлінеді [1, 56]. Узуалды семалар – сөз-
дің  системалық  мағынасы  енетін,  окказионал-
ды - сөздің  системалық  мағынасына  енбейтін, 
тек контекст кейбір жағдайда, коммуникативті 
акт  кезінде  енгізетін  сема.  Сөздің  жүйелік 
мағынасын  құрайтын  узуалды  семаларды 
түсіндірме сөздіктен байқауға болады, өйткені, 
бұл  семаларсыз  сөзді  түсіндіру  мүмкін  емес. 
Мысалы: - «Туфли» - зат. «Әр  түрлі  формада 
тігілетін  ерлер  мен  әйелдердің  қонышсыз, 
өкшелі  аяқ  киімі» [ҚТТС, 9-т., 259]. Мұндағы 
узуалды  сема  «ерлер  мен  әйелдердің  қоныш-
сыз  аяқ  киімі».  Окказионалды  семаны  сөздік-
терде  мүлде  кездеспейді  деуге  болады,  оған 
мысалы  келтірелік: «Арпалыспен  өткен  бірер 
шақырым  үстінде  жекешіл  сенің  номеріңді  он 
рет оқыған» [М. Мағауин, 1997, 158]. Мұндағы 
«жеке  машинасы  бар»  окказионал  семасы, 
әдетте, - «жекешіл» сөзінің мағынасына енбей-
ді.  Мына  мысалдардан  да  окказионал  семаны 
байқауға болады. 
«–  Ту,  қалай  өмір  сүресіңдер-ей,  жалғыз, - 
деді  әлден  соң  ол  айналасына  қарап.  Бұл 
жерде танысы да болмайтын шығар. 
– Болады, неге болмайды, - дедім қыжырым 
қайнап. 
–  Е,  қойшы,  Кімдер билейді?  
 
–  Қошқарлар мен саулықтар» [Д. Исабеков, 
1993, 184]. 
Окказионал  сема  «жақтырмау,  кемсіту»,  ал 
«билеу»  семасы  «қошқар,  саулық»  сөзінің 
мағыналық жүйесіне енбейді. Сондай-ақ, мына 
мысалды қаралық: 
«–  Үйлеріңде  арақ  бар  ма? - деді  дауысын 
бәсеңдетіп. – Қойшының  ауылында  неғылған 
арақ? – Ал,  шылым  ше? – Біздің  үйде  ешкім 
шылым шекпейді. 
– Ту, өздерің қандай адамсыңдар, мәдениет 
дегеннен жұрдай екенсіңдер ғой!»  [Исабеков].  
«Мәдениет» сөзінің мағыналық жүйесіне «арақ, 
шылым»"  сөздері  енбейтіні  белгілі,  яғни  «мә-
дениет»  сөзі  арқылы  «артта  қалған,  дамыма-
ған» окказионал семалары беріліп тұр. 
Жүйелік немесе топтың семалар барлық сөй-
леушілерге белгілі семема құрылымына енетін 
семалар.  Ал  жекелік  семалар  бәріне  белгілі 
болмайды,  тек  жеке  қолданыста  өмір  сүреді. 
Семаларды  бұлай  алғаш  бөліп,  шектеуші  ға-
лым Б. Плотников болатын [2, 49-50]. Топтық 
семаларды  сөздің  мағына  құрылымына  адам-
дар  тобы  енгізетінін  айту  қажет.  Бұл  адамдар 
тобы  ғалымдар,  актерлер,  официанттар  т.б. 
болуы  мүмкін,  сол  себепті  топтық  семаларды 
өз  ішінен  ғылыми  және  кәсіби  семалар  деп 
бөлген дұрыс болады. Бұл семалар кәсіби және 
ғылыми  лексикаға  енетін  сөздер  мағыналары-
ның  құрылымында  негізгі  рөл  атқарады.  Мы-
салы: 
– Шал-ау, - деді, бір жігіт екі күн өткен соң 
орағын  жерге  қадап  отыра  кетті  де, – Мына 
бала сіздің көмекшіңіз бе? 
–  Қайсы?  Ергешжанымды  айтасың  ба?  Әл-
бетте, көмекшім. 
–  Атасының  еркесі,  атасының  көмекшісі 
екенін  білеміз  ғой.  Көмекші  болғанда  қандай 
көмекші.  Бізге  сол  жағын  ашып  алу  керек  
[Исабеков, 275].  «Көмекші» сөзінде жұмысшы 
кәсіби  семасы  анық  байқалады.  Системалық 
немесе  топтық  семалар  әдет-ғұрып,  табиғат, 
жыл  мезгілдерін  білдіретін  сөздерде  айқын 
көрінеді,  бұл  сөздер  мағынасының  бөліктері 
бәріне  таныс,  ортақ  болып  келеді.  Мысалы: – 
Әже деймін, көктем қашан шығады? 
 
Көркем мәтіндегі денотаттық семаларды талдау ерекшелігі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 

52 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
–  Ертең шығады. 
–   Ертең  шықса,  бүгін  неге  қар  жауады? – 
Бұл  «құс  қанаты»  ғой,  қарағым.  Қыс  ызғары 
осымен  бірге  кетеді.  Есіне  енді  түсті.  Бұл – 
қыстың соңы  «құс   қанаты».  Бұдан   соң  қар 
түспейді»  [Ә. Кекілбаев, 2 т. 1989, 105]. «Құс 
қанаты»  сөзіндегі  топтық  сема  «табиғат  құ-
былысы, жыл мезгілінің бірі», сондай-ақ,  Қа-
зақстанның  батыс  өңірінде  «құс  қанаты» сөзі-
нің  архисемасы   «көктем  мейрамы». Топтық 
семалар - жекелік  семаға, жекелік  сема – топ-
тық семаға ауысуы мүмкін. Жекелік сема сөй-
леушінің  өмірлік  тәжірибесіне  тікелей  қатыс-
ты,  оның  үстіне  жекелік  семалардың  саны  
мен мазмүлы көптеген факторлардан – маман-
дығынан, жынысынан, жасынан т.б. құралады, 
яғни  сол  факторларға  тәуелді  болады.  Мы-
салы: –  Өзен  сағасының  орташа  жылдық  су 
қоры 7,56 м.куб. секундке  есептеледі  [Д. Дос-
жанов. 1-т., 308.]. Бұндағы  «мөлшер»  ғылыми 
топтық  сема  «су  қоры 7,56 м.куб.  секунд» 
тіркесі арқылы беріліп тұр. Топтық сема жеке-
лік  семаға  ауысқанын  сөйлеушінің  үнемі  қол-
данатын  кәсіби  не  ғылыми  сөздерінен  бай-
қауға  болады.  Мысалы: – Мынадай  абстрак-
цияыңызбен  бар  ғой, - деді  Жасын  қызға 
кеудесін  сәл  төндіре  түсіп. – Сіз  ішкі  істер 
министрлігінде  тергеуші  боп  қызмет  атқара 
аласыз [Д. Исабеков. «Қарғын», 100]. Абстрак-
ция  сөзінде  актуалданған  жекелік  сема  «ой-
лау дәрежесі». Жекелік сема «р адамдарда әр-
түрлі  болатынын  зауыт,  университет,  соғыс, 
түрме,  аурухана,  ауыл,  туған  жер  сөздеріне 
эксперимент  жүргізбей-ақ  дәлелдеуге  болады. 
Жекелік  семалар  уақытқа  байланысты  өзгеріп 
отырады,  оның  үстіне  коннотативті  семалар 
жекелік  сема  бола  алады.  Мысалы:  Міне,  қы-
зық,  түрмеге  кеткен  адам  да  аман  оралады 
екен-ау  [М.  Мағауин, 225]. Жекелік  сема 
«қайтпас  жер».  Жекелік  семада  эмоционалды-
лық мәні байқалып тұрады, Мысалы: 
 – Сур, - деді Мәлике сөзге араласып.  
–  Сен  папаңа  тым  еркелей  берме.  Біздің 
көңілімізге келіп қалады, бөлектеген боласың. 
Солай емес пе, сэр? 
–  Қалай,  қалай?  Сур,  сэр  деген  не? – Қа-
ратай үшеуіне кезек-кезек қарады. 
–  Сур  деген  сурет.  Сэр  деген  Сәргел. – 
Мәлике аяғын тастай суға малып отырып, мән-
жайды  оп-оңай  түсіндіріп  шықты  [Д.И. «Қар-
ғын»,   112]. Сурет,   (яғни «Бағила – кейіпкер 
аты)  сөзінің  мағынасында  «әдемілік»  семасы, 
сэр  сөзінде  «құрметтеу,  сыйлау»  жекелік  се-
малары  актуалданып  тұр.  Жекелік  семалар  
 
сөйлеушіні  ерекшелендіріп,  бөлектеп  тұрады, 
яғни  мағынасында  жекелік  семалар  бар  сөз-
дерді  бір  ғана  сөйлеуші  (индивид)  жиі  қолда-
нады,  ал  басқалары  бұл  сөздердің  мағынасын 
ұқпауы  да  мүмкін.  Мысалы: – Запперме  жол-
дас! - деді Уәкіл жарыла жаздап.  
–  Бұл не сабатаж? Сайлаушыларың қайда? 
– Бәрі дауыс берді, - деді атам да күреңітіп. 
–  Тек,  әлгі,  Жүніс  байғұс  қана,  кемпірімен 
екеуі... 
–  Айналдырған  отыз  жеті  адамның  екеуі 
деңіз. Факт! [М. Мағауин.   250,   «Ең әділ сай-
лау»].  М.Мағауиннің  әңгімесіндегі  уәкілдің 
«запперма  жолдас», «сабатаж», «факт»  сөзде-
рінің мағынасында «маңыздылық, бастықтық» 
жекелік  семалары  бар.  Немесе  жекелік  сема-
лардың бұл ерекшелігі   осы   сөздерді қайталау-
дан анық байқалады. 
«–  Жүнісіңізді  қоя  тұрыңыз,  факт! - деді 
Уәкіл бұрынғыдан әрмен шытынап. 
–  Сайлауды  сарбат  ете  жаздады.  Сол  ма, 
озатыңыз?  Жарар,  тексереміз,  анығына  жете-
міз. Факт! – Бірінші дауысқа Қарекең лайық, - 
деді, атам сәл төменшіктеп. Так. Факт. Қарым-
сақов... тойыс. Қарымсақ Сарымсақов жолдас, 
әлемдегі  ең  әділ,  ең  төте,  ең  еркін  сайлауда 
біздің  участке  бойынша  бірінші  болып  дауыс 
беру құрметі сізге жүктеледі. Қол соғып қояйық, 
жолдастар!» [М. Мағауин, 248]. 
Жекелік семалардың ауызекі сөйлеу кезінде 
немесе  мағынаны  ұғыну  кезінде  үлкен  рөл 
атқаратыны  сөзсіз,  себебі  осы  семалар  ғана 
мағынаға ерекшелік және индивидтік қасиетін 
үстейді.  Жекелік  семаларды  зерттеудегі  лин-
гвистке келтіретін негізгі кедергі оларды бөліп 
алудың,  танудың  қиындығы,  оның  үстіне  бұл 
мәселе бөліп алу, айыру үшін зерттеудің әдейі 
талданған  әдістерін  қажет  етеді.  Жалпы  ал-
ғанда,  мағынаның  жекелік  жағдайлары  жаңа 
ғылым – психосемантиканың  зерттеу  объекті-
сіне  енеді.  Ал психосемантика болса, мағына-
ны жеке ойлауға, түйсінуге және индивидуал-
ды  қызмет  процесі  кезіндегі  жағдайына  бай-
ланысты  зерттейді.  Тіл  жүйесіне  деген  қаты-
насы  бойынша  семаларды  бөлгенде,  ең  алды-
мен  олардың  тіларалық  қатынасы  анық  бай-
қалады.  Мәселен,  узуалды,  жүйелі,  топтық 
семалар  сөздің  жүйелік  қатарын  құрайтын 
сема  болғандықтан,  оның  денотаттық,  сигни-
фикаттық  компоненттерін  құрайды.  Ал  бұл 
компоненттер  сөз  мағынасының  құрылымдық 
бөліктері  екені  белгілі.  Тілге  деген  қатынасы 
бойынша мағына компоненттеріне «жасырын» 
еніп  тұратын,  анықтауға  қиын  соғатын  жеке- 
 
 
Ғ.Қ. Хасанов 

53 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4(144). 2013 
 
 
лік,  окказионалды  семалар  мағынаның  басқа 
да компоненттеріне ауысып жатады. 
Айыру күшіне байланысты семалар – инте-
гралды  немесе  архисема  және  дифференциал-
ды семаларға бөлінеді. 
Сөздер тобының мағыналарына ортақ бола-
тын семаны интегралды сема деп атаймыз. Ин-
тегралды  семаның  дифференциалды  (айыру-
шы)  семадан  ерекшелігі,  ол  сөздер  тобында 
айырушы  қызмет  атқармайды, сөздер  мағына-
ларының айырушы қызметін дифференциалды 
семалар  атқаратындықтан,  бұл  семаларды  диф-
ференциалаушы сема деп атайды. 
Интегралды  семалар  әр  түрлі  абстракция-
лық деңгейде болуы мүмкін, сол себепті зерт-
теушілер  бұл  микрокомпоненттің  түрін  әр 
түрлі  деңгей  аясында  бөледі.  Абстракцияның 
жоғары  деңгейіндегі  интегралды  семаларды 
архисема  (Гак),  ядерлі  (Васильев),  идентифи-
кациялаушы (Гайсина),  маркер (Катц, Фодор), 
инвариантты  семалар  (Комарова)  категориал-
ды-лексикалық  (Кузнецова)  деп  атайды.  Диф-
ференциалды  семаны  да  әр  зерттеуші  өзінше 
атайды:  дистингвишер  (Катц,  Фодор),  инди-
видуалды, диагностикалық (Арнольд), перифе-
риялы  (Васильев).  Әр  ғалым  өзінше  атау  бер-
генімен,  семантикалық  кіші  компоненттердің 
міндеті  мен  қызметі  бір,  сол  себепті  әр  атау-
дың  өзіндік  ерекшелігі  мүлде  жоқ  деуге  бо-
лады. Біз де И.В. Стернин сияқты «интегралды 
семаны»  салыстырмалы  барлық  сөздердің  ор-
тақ  семасы  ретінде,  ал  «архисеманы»  жеке 
сөздің лексикалық мағынасының ортақ семасы 
ретінде ұғынып, сол қызметте қолданамыз. Ал 
дифференциалды семаға кез келген сема енеді, 
тек  семема  құрамындағы  архисеманы  нақты-
ласа болғаны, сол жетіп жатыр деп ойлаймыз. 
Архисема  семема  құрылымында  негізінен 
екі өзіндік ерекшелігімен көрінеді. Біріншіден, 
ол семаның тірегі, ортасы болады, яғни семема 
құрылымында архисема ешкімге тәуелді емес, 
ал басқа семалар тікелей немесе басқа семалар 
арқылы  архисеманы  анықтайды,  нақтылайды. 
Екіншіден,  архисеманы  ерекшелендіретін  қа-
сиет оның жалпылығы, яғни жалғыз болмауы, 
басқаша  айтқанда  кез  келген  мағына  үшін 
бірқатар  архисемалардың  болуы.  Мағына  құ-
рылымында  әр  түрлі  архисемалардың  болуы 
бір  затты  әр  түрлі  жағынан  және  әр  түрлі 
абстракция  деңгейінде  қараудан  болса  керек. 
Мәселен,  кітап  сөзін  жансыз  зат  ретінде, 
қағаздық  қосындысы  ретінде,  оқыту,  көркем 
әдебиет құралы ретінде қарауға болады. Үстел 
–  сөзін  мебель  ретінде,  ағаштан  немесе  темір,  
 
пластмассадан  істелінген  конструкция  ретінде 
анықтауға  болады.  Сондай-ақ,  алдау  сөзі – 
жаман  іс,  зиян  тигізу,  оңбағандық;  қасқыр - 
жаман,  зұлым  аң  түрі,  обыр,  қомағай,  қырып 
салғыш,  жыртқыш;  суға  бату - тұншығу,  өлу, 
қиналу, су жұту, қорқу деп анықтауға болады. 
Архисемалар  мағына  құрылымында  қатар 
түзеді,  алайда  бұл  қатардағы  архисемалар  әр 
түрлі  деңгейде  болады,  яғни  тең  емес.  Сөз-
діктерде  архисеманың  информациялық  түрін 
береді,  өйткені  лексикографияда  бұл  ең  прак-
тикалық  жол  болып  саналады.  Сөздіктердегі 
архисема  абстракцияның  төменгі  деңгейінде 
болады.  Мәселен:  Береке.  зат. 1. Ырыс,  мол-
шылық,  құт.  Астық – ол  бүкіл  елдің  берекесі, 
Астық – ол бейбіт күннің мерекесі [О. Шипин. 
Өмір]. 2. Мереке, көптің түбі – береке (Мақал) 
[ҚТТС, т-2. 266]. Осындағы «береке» сөзіндегі 
архисемалар қатары – «ырыс, молшылық, құт. 
Ауыз  бірлік,  ынтымақ».  Архисема  бір  зат, 
құбылысты  сипаттамайды,  ол  осы  зат  не  құ-
былыстың  барлық  белгілерінің  жиынтығынан 
логикалық ойлау арқылы қалыптасқан нәтиже. 
Архисеманың  мағына  құрылымында  қандай 
қызметте  болатыны  мағынаның  қызметіне 
байланысты,  яғни  коммуникативті  акт  кезінде 
немесе  жеке  тұрған  кезінде.  Көбіне  сөз  мағы-
насында  мынадай  архисемалар  болады:  зат, 
құбылыс, адам, жан-жануар, жүйе, құрал, өсім-
дік т.б. Алайда архисемалар мұнымен бітпейді, 
әртүрлі ойлау деңгейіне байланысты сөз мағы-
насынан  көріне  береді.  В.Г.  Гак  архисема-
ларды текті («родовой») семантикалық компо-
нент,  ал  дифференциалды  семаларды  түрлі 
(«видовой»)  семантикалық  компонент  деп 
атайды [3, 81]. Э.В.  Кузнецова  архисеманы 
категориалды-лексикалық сема деп атап, олар-
ды грамматикалық семалар және кіші семалар 
арасында  аралық  қызмет  атқарады  деп  есеп-
тейді [4, 73]. Л.Новиков  «архисема  дегеніміз 
единицалардың  белгілі  бір  класының  жалпы 
белгілерін (қасиетін) бейнелейтін сема» деген-
ді айтады [5, 117]. Д.Н. Шмелев семантикалық 
белгілерді  интегралды  және  дифференциалды 
деп  бөледі [6, 153]. Бұл  семалар  жалпылық 
қасиеті  арқылы  грамматикалық  семаларға 
жақын  келгенімен,  өзіндік  формалды  көріну 
құралы  жоқтығымен  грамматикалық  семалар-
дан  ерекшеленеді.  Мәселен, «орындық»  сөзі-
нің  мағынасында  грамматикалық  сема  «зат», 
«мебель»  архисемасымен  нақтыланады.  Бұған 
«отыру үшін қажетті», «арқалығы бар» сияқты 
дифферренциалды семалар бағынып, оны нақ-
тылай түседі. Э. Кузнецова, Г. Гак, Л. Васильев,  
 
Көркем мәтіндегі денотаттық семаларды талдау ерекшелігі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4
 (144). 2013 

54 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4
 (144). 2013
И.  Стернин,  М.  Оразов,  А.  Новиков  т.б.  зерт-
теушілер  архисеманың  лексико-семантика- 
лық  топты  құруға  негіз  болатынын  көрсе- 
теді.  Бір  топқа  біріккен  сөздердің  мағынала-
рында бір ортақ архисема болады, сол себепті 
архисема  топтың  семантикалық  негізін  құ-
райды. 
Дифференциалды  семалар  да  архисемалар 
сияқты белгілі бір қатар түзеді, архисеманы әр 
қырынан нақтылайды. Дифференциалды сема-
лардың  қатары  архисеманың  мынадай  қыр-
ларын  көрсетеді: 1) «қолданылу,  қызметі»;  
2) «Формасы,  пішіні»; 3) «қасиеті».  Мысалы: 
«Бағлан».  зат. 1. Жетілген  семіз  қозы;  марқа; 
кепе.  Мұндағы  архисема  «үй  жануары».  Диф-
ференциалды сема: 1) «Адамдар үшін»; 2) «қозы-
ның түрі»; 3) «еті дәмді, яғни семіз қозы». Не-
гізінде  сөздіктегі  анықтама  дұрыс  берілмеген, 
себебі  қошақан,  марқа,  кепе  қой  атаулары, 
бағланнан  «жас  мөлшері»  дифференциалды 
семасы  арқылы  ерекшеленеді.  Дәлелге  осы 
сөзді  түсіндіруде  берілген  мынадай  мысалды 
ұсынуға  болады: «Қошақаннан  қозы,  қозыдан 
марқа,  марқадан  бағлан,  бағланнан  кепе,  ке-
педен тоқты болып жетіледі [Б.Қыдырбекұлы, 
«Шайтан  шатағы»] [Қ.Т.Т.С.  т-2.,12].  Архи-
сема  мен  дифференциалды  семаның  қолда-
нылу  жағдайы  М.  Мағауиннің  «Шақан  шері» 
романындағы «жолбарыс» сөзінің мағынасына 
мысал келтіріп қаралық. «Жолбарыс» сөзіндегі 
негізгі архисема «тағы, жыртқыш, аң», ал диф-
ференциалды  семалық  қатар: «мысық  тұқым-
дас, тарғыл, сары түсті, жолағы бар, ең ірі аң-
дардың бірі» т.б. 1. «Есіктен тайдай сары тар-
ғыл  мысық  сұғынып  тұр  екен» [М.М., 1993, 
11]. Мұндағы архисема «аң», дифференциалды 
сема  «жолбарыс».  Үй  хайуанаты  мысықтың 
архисемасы  «аң,  хайуанат»  бұл  сөйлемде  ал-
дыңғы  қатарға  шығып, «жыртқыш»  архисе-
масы» кейінгі қатарға жылжыған. Бұл мысалда 
М.Никитиннің сөзімен айтқанда «импликацио-
налдың күшеюі» байқалады. 2. «Жолбарыс ба-
лаға  қараған  да  жоқ. Аспанды  тітірете  гүр  ет-
кен де, бұл кезде есік пен төрдей келіп қалған 
әйелдің  басына  бір-ақ  қарғыған» (Сонда, 13). 
Мұнда  «жыртқыш»  архисемасы  айқындалып, 
дифференциалды  белгі  солғындап,  тіпті  кө-
рінбей тұр. Оның орнына «қорқынышты дауыс», 
«тез  қимылдайтын»  потенциалды  семалары 
қолданылып тұр.  
Қорыта айтқанда, мағынаның кіші бөлшек-
терін  көркем  мәтіннен  талдай  білу  болашақ 
маманға  өзінің  кәсіби  деңгейін  көтеруге  көп 
септігін тигізеді. 
 
Әдебиеттер 
 
1 Стернин И.А. Лексическое значение слова в речи. – Воронеж, 1985. 
2 Плотников Б.М. Основы семасиологии. – Минск, 1984. 
3 Гак В.Г. К проблеме семантической синтагматики. – М., 1971-1972. 
4 Кузнецова Э.В. Лексикология русского языка. – Свердловск, 1989. 
5 Новиков Л.А. Семантика русского языка. – М.: Высшая школа, 1982. 
6 Шмелев Д.Н. Проблемы семантического анализа лексики. – М., Наука, 1973. 
 
Referenses 
 
1 Sternin I.A. Leksicheskoe znachenie slova v rechi. – Voronezh, 1985. 
2 Plotnikov B.M. Osnovy semasiologii. – Minsk, 1984. 
3 Gak V.G. K probleme semanticheskoy sintagmatiki. – M., 1971-1972. 
4 Kuznetsova E.V. Leksikologiya russkogo yazyka. – Sverdlovsk, 1989. 
5 Novikov L.A. Semantika russkogo yazyka. – M.: Vysshaya shkola, 1982. 
6 Shmelev D.N. Problemy semanticheskogo analiza leksiki. – M., Nauka, 1973. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ғ.Қ. Хасанов 

55 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 4
 (144). 2013 
 
 
 
 
 
 
УДК 809.43:943 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет