Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата03.03.2017
өлшемі5,06 Mb.
#5909
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58

Erezhepkyzy  Roza,  Masters  of  Law.  Senior  Lecturer,  Department  of  Customs  ,  financial  and  environmental  law  at  the 
Kazakh National University named after Al-Farabi. Almaty, Kazakhstan. rose0979@mail.ru 
 
 
Поступила 19.02.2015 г. 
 
 
 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
74  
N E W S 
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES 
ISSN 2224-5294 
Volume 3, Number 301 (2015) 
 
UDK 336.741.28 
 
Problems of improving the law on state regulation  
of development of agriculture and rural areas 
 
A.A. Yesssekeyeva
 
akim_ainash@mail.ru 
 
Kazakh national university named after Al-Farabi, Almaty, Kazakhstan 
 
Key words: agri-food market, agriculture, food products, food sovereignty, agricultural production, rural areas. 
Abstract.  The  article  is  devoted:  there  is  a  constant  increase  in  production  on  the  basis  of  market  relations, 
increased productivity and labor productivity, made renewal of fixed assets and infrastructure industry, achieved self-
sufficiency  in  staple  foods,  there  was  a  significant  increase  in  exports  of  cereals,  oilseeds,  fishery  products.  At 
present, the formation of new trends in the world of the agrarian economy and demography, the real development of 
the  integration  processes  gained  in  the  region,  is  undergoing  global  climate  change.  Kazakhstan  has  entered  the 
Customs Union in the near future it is planned entry into the World Trade Organization. However, the low level of 
labor  productivity  in  the  industry,  the  imperfection  of  the  technology  used,  small-scale  production  do  not  allow  to 
conduct  intensive  agricultural  production  on  the  basis  of  ensuring  the  fullest  use  of  material,  labor  and  other 
resources  to  comply  with  environmental  requirements.  These  factors  reduce  the  competitiveness  of  the  domestic 
agricultural  sector,  which  in  the  WTO  and  the  vehicle  can  lead  to  domination  of  imports  of  foreign  products, 
displacement of local producers with markets. 
To  illuminate  the  problems  stated  in  the  article,  the  author  of  widely  used  methods  of  analysis  of  normative 
legal acts that regulate food safety issues, comparative historical and other methods of scientific research. 
The author concludes that there is a growth of the population with an intense increase in food consumption and 
changing consumption patterns towards more quality products. 
 
ӘОК 336.741.28 
 
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды 
мемлекеттік реттеу туралы заңдарды жетілдіру мәселелері 
 
А.А. Есекеева
 
 
akim_ainash@mail.ru
 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы.Казахстан 
       
Негізгі  сөздер:  аграрлық  азық-түлік  нарығы,  агроөнеркәсіптік  кешен,  азық-түлік  тауарлары,  азық-
түлік тәуелсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімі, ауылдық аумақтар. 
Аннотация.   Мақала  нарықтық  қатынастар  негізінде  өндірістің  тұрақты  өсуі,  еңбек  өнімділігі  мен 
өндіргіштігінің  артуы,  саланың  негізгі  қорларын  жаңарту  және  инфрақұрылымын  қалпына  келтіру 
жүргізілуі, негізгі тамақ өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуі, дәнді, майлы дақылдар, 
балық  аулау  өнімдері  экспортының  айтарлықтай  өсуіне  қол  жеткізілуі  мәселелеріне  арналған.  Қазіргі 
уақытта  әлемдік  аграрлық  экономика  мен  демографияның  жаңа  үрдістері  қалыптасуда,  өңірдегі 
ықпалдастыру  процестері  нақты  дами  бастады,  жаһандық  климаттық  өзгерістер болуда.  Қазақстан  Кеден 
одағына  кірді,  таяу  кезеңде  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  кіруі  жоспарлануда.  Алайда,  саладағы  еңбек 
өндіргіштігінің  төмен  деңгейі,  пайдаланылатын  технологиялардың  жетілдірілмегендігі,  өндірістің  ұсақ 
тауарлы болуы ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды негізде жүргізуге, материалдық, еңбек және басқа 
ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік 
бермейді. Осы факторлар отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді, бұл ДСҰ мен 
КО  жағдайларында  шетелдік  өнім  импортының  басым  болуына,  жергілікті  өндірушілерді  өткізу 
нарықтарынан ығыстыруға әкелуі мүмкін. 

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
75 
Ұсынылған мақаланың мәселесін баяндау үшін, автор  азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелерін реттейтін 
нормативтік-құқықтық  актілердің  әдістерінің  талдамасын,  салыстырмалы  тарихи  және  басқа  да  ғылыми 
зерттеулердің әдістемелерін кеңінен қолданады.  
Автор,  азық-түлік  өнімдерін  тұтынудың  қарқынды  өсуімен  және  тұтыну  құрылымының  неғұрлым 
сапалы өнімдер жағына қарай өзгеруімен ел халқының өсуі орын алуда деген қорытындыға келеді. 
 
Ауылдық    аумақтар  –  ауылдық  елді  мекендер  мен  олардың  маңайындағы  жерлердің  жиынтығы. 
Қазақстан  Республикасының  агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды 
мемлекеттік реттеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және 
ҚР-ның  агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік  реттеу  туралы 
заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады [1].  
Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік  реттеудің 
мақсаттары: 
1. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымындамыту және ауыл халқын 
қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету; 
2. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
3. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты  
экономикалық  және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету
4. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы  өнімін және оның қайта өңдеу  
өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады [2]. 
Ал  өз  тәуелсіздігіне  енді  ие  болып,  әлеуметтік-экономикалық  реформаларды  жаңа  бастаған 
Қазақстан  жағдайында  ауыл  еңсесі  енді  ғана  түзеліп  келеді.  Көптеген  ауылдарда  әзірге  мектеп  пен 
емханадан  басқа  дұрыс  жұмыс  орындары  да  болмай  отыр.  Бірінші  кезектегі  міндет  ауылдағы 
кәсіпкерлікті дамыту. Үкімет осыған күш салуда. Елімізде Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 
жылдарға  арналған мемлекеттік  бағдарламасының  қабылдануы  көп  мәселенің  бетін  ашып  берді.    Бұл 
бағдарламаның  әзірге  қол жеткізген  жетістіктерінің  бірі  еліміздің  әрбір ауылын  жүздеген  өлшемдерге 
сәйкес  зерттеп,  жағдайын  айқындап  бергендігі  болды.  Даму  болашағына  сәйкес  ауылдар  төрт  топқа 
жіктелінді.  Бірінші,  екінші  топтағыларға,  яғни  болашағы  барларына  мемлекет  тарапынан  қолдау 
шаралары көрсетілуде. 
Енді  бірінші  топтағы  ауылдардың  өзін  аймақтар  бойынша  қайта  жіктеп,  олардың  ішінде  қалаға 
айналуға  мүмкіндігі  барларын  анықтап  алғанымыз  жөн  секілді.  Бізде  қазір  7  мыңның  үстінде  ауыл 
болса,  солардың  мыңнан  астамының  даму  әлеуеті  жоғары  деп  табылып  отыр.  Міне,  осының  ішінде 
жақсы  дамып  келе  жатқандарын  қала  қатарына  қосу  мәселесін,  ол  үшін  оларға  қалалық 
инфрақұрылымдарды  қалыптастырумен  қатар  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  өндірістерді 
жобалап  жүзеге  асыруды  қазірден  бастап  қарастырған  жөн  бе  дейміз.  Сонда  біздің  елімізде  таяудағы 
уақытттардың ішінде агроиндустриялық мақсаттағы көптеген шағын қалалар пайда болған болар еді. 
Үкімет міне, осындай даму болашағы бар шекара маңындағы қалаларға қазірден бастап мән беріп, 
олар  туралы  жеке  бағдарлама  қабылдаса,  кәсіптік  түрін  кеңейтіп,  өнеркәсіп  орындарының  ашылуын 
ойластырса жөн болар еді. 
Қазіргі  уақытта  ауылдарға  қалаға  тән  тіршілік  пен  тұрмысты  қалыптастырмай  халықты  ауылда 
ұстап  қалудың  ешбір  негіздері  жоқ.  Осыдан  төрт-бес  жыл  уақыт  бұрын  Елбасы  болашақта  ауылда 
халықтың жиырма пайызы қалатындығын айтқан болатын. Қазіргі ауылдан қалаға қарай ағылған халық 
көшінің қозғалысы осыны дәлелдеуде [3].  
Мамандардың пікірінше, Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы ауыл шаруашылығы 
саласын  біраз  қиындықтарға  душар  еткенімен  түбі  қайырлы  болады.  Осы  үрдістің  соңында  ауыл 
шаруашылығының бәсекелестік қабілетін нығайту мақсатында шетелдіктермен бірлескен кәсіпорындар 
құрыла  бастайды.  Бұл  жағдай  елімізге  жаңа  технологиялардың,  жаңа  әдіс-тәсілдердің  келуін 
жеделдетеді.  Ол  технологияларды  бірлескен  кәсіпорын  ашпақ  ниеті  бар  шетелдіктердің  өзі  жеткізеді. 
Айналым  қаржыларын  да  солар  қосады.  Қазақстандықтар  бұл  бірлескен  кәсіпорындарға  ауыл 
шаруашылығы  жерлері  арқылы  қатысады.  Өйткені,  жаңа  қабылданған  Кодекс  жобасында  ауыл 
шаруашылығы  жерлері  тек  Қазақстан  Республикасы  азаматтарына  ғана  меншікке  берілетіндігі  айқын 
жазылған.  Бұл  мызғымайтын  қағидаға  айналуы  керек.  Сондай-ақ,  біздің  ойымызша,  ауыл 
шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беруден қазірден бастап бой тартуымыз керек. Сонда ғана 
жер игілігін қазақстандықтардың өзі көретін болады[4].  

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
76  
Қазір әлемде жерге бай елдер көп емес. Қалалар мен өнеркәсіптік орындардың өсуі есебінен ауыл 
шаруашылығы  жерлері  жылдан-жылға  азая  түсуде.  Оның  үстіне  әлемнің  көптеген  елдерінде 
Қазақстандағыдай сапалы астық өсе бермейді.  
Еліміздің  экономикалық  қуаты  жылдан-жылға  арта  түскен  Қытай  секілді  алып  мемлекеттің 
іргесінде  тұруының  да  отандық  ауыл  шаруашылығы  саласы  үшін  үлкен  маңызы  бар.  Осы  арқылы 
өнімді  өткізу  рыногы  шешіледі.  Қазір  оншама  ішкі  сырын  ашпай  тұрғанымен  Қытай  түбінде 
Қазақстанда  өндірілген  шикізаттың  бәріне,  соның  ішінде  мал  өнімдеріне  де  мұқтаж  болады  деген 
болжамдар бар. 
Осы  жағдай  шетелдік  инвесторлардың  Қазақстан  ауыл  шаруашылығына  деген  қызығушылығын 
арттырмай  қоймайды.  Олар  инвестициясы  мен  технологиясын  салып,  арзан  жұмыс  күшін  тартуға 
тырысады. Қазір қалаларға қарай бағытталып отырған шетелдік еңбек миграциясы, осылайша ауылды 
да қамтиды (әзірге бұл құбылыс еліміздің оңтүстігінде ғана етек жайған). Осындай жағдайда Қазақстан 
Республикасының азаматы деген аттың өзі қалада да, ауылда да еліміздің адамдарына үлкен артықшы-
лықтар  тудырады.  Осы  атқа  иелік  етушінің  жерді  өз  меншігіне  және  ұзақ  мерзімге  (49  жылға)  жалға 
алуына  құқы  бар,  ол  мемлекет  беретін  басқа  да  жеңілдіктерді  (мәселен  балаларын  тегін  оқыту,  тегін 
емделу,  ипотекалық  несие  алу,  тағы  басқалар)  пайдалана  алады.  Ауылда  қалатын  әрбір  қазақстандық 
отбасы  осы  қолайлы  мүмкіндіктерді  пайдаланып  кәсіпке  иелік  еткені  жөн.  Не  шаруашылық  иесі,  не 
білікті  маман  болуы  керек.  Жерге  бай  Қазақстан  жағдайында  ауылда  тұрып,  жалдамалы  жұмысшыға 
айналуы дұрыс емес. Ондай жағдайда қалаға көшкені жөн. 
Президенттің Жарлығы ауыл, село, жалпы ауылшаруашылық секторын дамыту керектігі жөніндегі 
ұсыныстарды  айтты,  ол  өте  маңызды  болды.  Онда  «біздің  ел  дәстүрлі  түрде  әлемдік  өнім  сатушы 
ретінде қалуы  тиіс,  ал  агрокешен-экономикалық өсудің  қосымша  қайнар  көзі, елдің сауда  және  төлем 
қабілетінің артуына септігін тигізуі тиіс» екендігі көрсетілді.  
Ауылды  дамытудың  негізгі  факторы  ол  агроөнеркәсіптік  кешенді  динамикалық  түрде  дамыту 
болып табылады.  Экономикалық реформаларын, жер және су қатынастарын логикалық аяқтау керек. 
Қазақстандағы жағдайда елді нарықтық экономикамен құру, экономикаға үлкен ресурстарды қосу, 
ал  нақты,  жерді  пайдалану  формаларының  қызмет  етуіне,  жерді  қорғау  және  нысаналы  пайдалануға 
құқықтық,  экономикалық,  әлеуметтік  шарттарын  құру  Қазақстандағы  жер  қатынастарының  өзгеруін 
қажет етеді. 
Қазіргі уақытта заңнамада жоғарға өкілді органның өкілеттігі анықталмаған, себебі ол негізгі заңда 
көзделген деді. ҚР ЖК-не сәйкес жер қатынастарын реттеу өкілеттігі Үкіметке, жергілікті өкілді және 
атқарушы  органдарға  берілген.  Ал  Парламенттің  өкілеттігі  туралы  бірде  бір  сөз  жоқ,  бірақ  біздің 
пікірімізше жер тағдырын шешу, ол халық тағдырын шешу. Сондықтан біздің ойымызша, Жер Кодексі 
жоғарғы өкілді орган Парламенттің өкілеттігін, яғни мемлекеттік жер қорын бөлуді көрсету қажет. 
Жоғарыдағы  айтылғандармен  қатар  жер  заңнамасы  толық  кодификацияланбаған,  немесе  Жер 
Кодексі өзінде Үкімет Қаулыларының нормалары жай механикалық түрде жиналған. Біздің ойымызша, 
онда жер реформасының басталған кезеңінен бастап құқықтық тәжірибесі көрінуі тиіс еді. Онда нарық 
қатынастарында жер қатынастарын реттейтін тікелей заң жинағы болуы керек. Бұрын қабылданған, жер 
реформасы туралы қаулыларды тек атап өту мәселенің шешімі емес. Мысалы, жер учаскесінің бағасын 
анықтау үшін жердің градусының бұрышын иудің керегі жоқ. Бұл норманың орны Үкімет Қаулысында. 
ҚР  ЖК-нің  негізгі  мақсаты  ол  ауылшаруашылық  мақсатындағы  жерлерге  жеке  меншік  құқығы.  Онда 
ауылшаруашылық  мақсатындағы  жерлер  жеке  меншікке  ҚР  азаматтарына  шаруа  фермер  қожалығын 
жүргізу  үшін,  ал  мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға  тауарлы  ауылшаруашылығын  жүргізу  үшін 
беріледі.  Бұл  құқық  тек  ақылы  негізде  беріледі,  яғни  кадастрлық  құнымен  тең  немесе  50  пайызды 
құрайтын жеңілдетілген баға бойынша беріледі [5].  
Бүгiнде  елдiң  проблемалы  өңiрлерiне  экологиялық  қолайсыз  аумақтар,  оның  iшiнде  бұрынғы 
әскери  полигондар  аумақтары,  сондай-ақ  күйзелiске  ұшыраған  шағын  қалалар  мен  ауылдық  елдi 
мекендер  жатады.  Күйзелiске  ұшыраған  елдi  мекендердiң  жергiлiктi  проблемаларын  жою  өндiрiстi 
әртараптандыру,  шағын  бизнестiң  қалыптасуын  ынталандыру,  жергiлiктi  инвестициялық  ахуалды 
жақсарту  әрi  әлеуметтiк  және  инженерлiк  инфрақұрылымды  дамыту  жолымен,  оның  iшiнде 
республикалық  бюджет  қаражаты  есебiнен  тиiстi  мемлекеттiк  және  салалық  бағдарламаларды  iске 
асыру  шеңберiнде  өңiрлердiң  өз  күштерi  арқылы  қамтамасыз  етiлетiн  болады.  Орталық  тарапынан 
нысаналы  қолдау  объектісi  капиталды  қажетсiнетiн  iрi  жобаларды  iске  асыру  арқылы  Арал,  бұрынғы 
Семей  ядролық  сынақ  полигоны  өңiрлерiндегi  ауқымды  техногендiк  апаттардың  себептерi  мен 
салдарларын жою болады [6].  

ISSN 2224-5294                                                                                        Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015  
 
 
77 
Көріп  отырғанымыздай,  бұл  заңнама  негізгі  мақсаттарды  шешпеді,  яғни  ауылшаруашылығы 
мақсатындағы  жерлерді  реттеу,  фермерлер  мен  шаруалардың  жерсіз  қалуы,  үлкен  жер 
латифундияларын құру.  
Бүгінде,  аграрлық  реформа  жүргізу  барысында  Қазақстан  өзіндік  ұлттық  дәстүрлері  бар  екенін 
ескеру керек. Қазақстанда басталған аграрлық реформалар өз мақсатына жеткен жоқ деп айтуға болады. 
Қашанда,  қандай  жағдайда  да  жерге  қатысты  заңдар  дұрыс  және  біркелкі  қолданылуы  керек.  Ал  жер 
құқықтық қатынастары мәселелерін реттейтін заңдар Конституцияға негізделген Жер кодексінен және 
осыған  сәйкес  қабылданатын  нормативтік  құқықтық  актілерінен  тұрады.  Демек,  жер  құқығы 
қатынастарынан  туындайтын  даулар  сот  тәртібімен  қаралады.  Жер  құқық  қатынастары  деп 
отырғанымыз,  жаңағы  жерге  меншік  құқығын  және  өзге  де  құқықтарды  жүзеге  асырып,  жер 
ресурстарын,  жекелеген  субъектілерге  бекітілген  жер  учаскелерін  басқаруға  байланысты  жерді  пай-
далану және оны қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар [7].  
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу: экономикалық 
өсу  әлуеті  бар  агро-өнеркәсіптік  кешен  мен  ауылдық  аумақтарды  дамытудың  басымдылығы; 
ауылшаруашылығы  жөніндегі  халықаралық  келісімдердің  талаптарына,  санитариялық  және 
фитосанитариялық  нормаларға  сәйкестік;  мемлекет  жүзеге  асыратын  іс-шаралардың  ашықтығы; 
мемлекеттік  қолдау  шараларын  көрсетудің  атаулылығы;  отандық  агроөнеркәсіптік  өндірістің 
бәсекелестік  артықшылықтарын  дамыту;  ішкі  нарықтың  жосықсыз  бәсекеден  қозғалуы;  мемлекеттік 
басқару  деңгейлері  арасында  өкіметтіктердің    аражігін  ажырату;  агроөнеркәсіптік  кешен  қызметінің 
және  тұрғындардың  ауылдық  елді  мекендерде  тұруының  экологиялық  қауіпсіздігі;  кәсіпкерлердің, 
қоғамдық  бірлестіктерімен,  қауымдастықтарымен  өзара  іс-қимылы;  мемлекеттік  реттеу  шараларының 
тиімділігі; агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік қолдаудың жыл 
сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының 
оңтайлы нысандарын дамыту принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
Ауылдық      аумақтарды  және  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамытуды  мемлекеттік  реттеу  азық-түлік 
қауіпсіздігін,  агроөнеркәсіптік  кешен  өнімі  нарықтарының  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге, 
кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға, сондай-
ақ,  өсімдік  шаруашылығын,  мал  шаруашылығын,  балық  шаруашылығын,  ауыл  шаруашылығы 
шикізатын  қайта  өндеуді  және  тамақ  өнеркәсібін  дамыту  үшін  жағдай  жасау  арқылы  ауыл  халқының 
тұрмыс  деңгейін  көтеруге,  ветеринариялық-санитариялық  және  фитосанитариялық  қауіпсіздікті, 
техникалық  жарақтандыру  мен  басқа  да  ілеспе  қызмет  салаларын  қамтамасыз  етуге,  ауылдық 
аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. 
Аграрлық  сектор  біздің  еліміздегі  экономиканың  аса  маңызды және күрделі  болған және болады. 
Осы  саланың  даму-деңгейінен  республика  экономикасының  жағдайы,  ел халқын азық  тағамдарымен, 
ал өнеркәсіп өндейтіндерді - шикізатпен қамтамасыз ету. 
 
ӘДЕБИЕТ 
 
[1]
 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі. 
[2]
 
 «Агроөнеркәсіптік  кешенді  және  ауылдық  аумақтарды  дамытуды  мемлекеттік  реттеу  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы. 
[3]
 
Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  халыққа 
Жолдауы, 2009 жыл. 
[4]
 
Қазақстан  Республикасында  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту  жөніндегі  2013  -  2020  жылдарға  арналған 
«Агробизнес-2020»  бағдарламасын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  18  ақпандағы  № 
151қаулысы. 
[5]
 
Сақтаева А.А. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың негізгі тәсілдері мен механизмдері // «Саясат- POLICY». -
№4, Алматы, 2009. 
[6]
 
Қазақстан  Республикасының  агроөнеркәсiптiк  кешенiн  тұрақты  дамытудың  2006-2010  жылдарға  арналған 
тұжырымдамасы. http://kz.government.kz 
[7]
 
Айтуғанова  З.Ш.  Қазақстандағы  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселелері.  //  Л.Н.  Гумилев  ЕҰУ 
Хабаршысы №5(84) 2011.  
 
REFERENCES 
[1]
 
Zemel'nyjkodeksRespublikiKazahstanot 20 ijunja 2003 goda. 
[2]
 
Zakon 
Respublik 
iKazahstanot 

ijulja 
2005 
goda 

gosudarstvennomregulirovaniirazvitijaagropromyshlennogokompleksaisel'skihterritorij.  
[3]
 
Cherez krizis k obnovleniju i razvitiju. Poslanie Prezidenta RK N.Nazarbaeva narodu Kazahstana 6 marta 2009 g. 

Известия Национальной академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
78  
[4]
 
Postanavlenie  Pravitel'stva  RK  ot  18  fevralja  2013  goda  №  151  Ob  utverzhdanii  Programmy  po  razvitiju 
agropromyshlennogo kompleksa v RK na 2013-2020 gody «Agrobiznes-2020» 
[5]
 
Saktybaeva A.A Osnovnye metody i mehanizmy povyshenija konkurentnosposobnosti. 
[6]
 
Koncepcija ustojchivogo razvitija agorpromyshlennogo kompleksa RK na 2006-2010 gody. 
[7]
 
Ajtuganova Z.Sh. Bezopasnost' prodovol'stva v RK. Vestnik ENU im. Gumileva L.N №5(84) 2011g. 
 
УДК 336.741.28 
 
ПРОБЛЕМЫ СОВЕРШЕНСТВОВАНИЯ ЗАКОНОВ О ГОСУДАРСТВЕННОМ РЕГУЛИРОВАНИИ 
РАЗВИТИЯ АГРОПРОМЫШЛЕННОГО КОМПЛЕКСА И СЕЛЬСКИХ ТЕРРИТОРИЙ 
 
А.А. Есекеева
1
 
 
akim_ainash@mail.ru 
 
1
Магистр Права. Старший преподаватель кафедры таможенного, финансового и экологического права 
юридического факультета Казахского национального университета имени аль-Фараби. г. Алматы, Казахстан. 
 
Аннотация.  Статья  посвящена:  наблюдается  постоянный  рост  производства  на  базе  рыночных  отношений, 
увеличиваются  продуктивность  и  производительность  труда,  производятся  обновление  основных  фондов  и 
восстановление  инфраструктуры  отрасли,  достигнута  самообеспеченность  по  основным  продуктам  питания, 
произошел  значительный  рост  экспорта  зерновых,  масличных  культур,  продукции  рыболовства.  В  настоящее  время 
формируются  новые  тенденции  мировой  аграрной  экономики  и  демографии,  реальное  развитие  получили 
интеграционные  процессы  в  регионе,  происходят  глобальные  климатические  изменения.  Казахстан  вошел  в 
Таможенный  союз,  в  ближайший  период  планируется  вхождение  во  Всемирную  торговую  организацию.  Однако 
низкий  уровень  производительности  труда  в  отрасли,  несовершенство  используемых  технологий,  мелко товарность 
производства  не  позволяют  вести  сельхозпроизводство  на  интенсивной  основе,  обеспечивать  наиболее  полное 
использование  материальных,  трудовых  и  других  ресурсов,  соблюдать  экологические  требования.  Эти  факторы 
снижают  конкурентоспособность  отечественного  аграрного  сектора,  что  в  условиях  ВТО  и  ТС  может  привести  к 
доминированию импорта зарубежной продукции, вытеснению местных производителей с рынков сбыта. 
Для  освещения  проблемы,  заявленной  в  статье,  автором  широко  использованы  методы  анализа  нормативно-
правовых актов, которые регулируют вопросы продовольственной безопасности, сравнительный исторический и другие 
методы научного исследования
Автор  приходит  к  выводу,  что  происходит  рост  населения  страны  с  интенсивным  приростом  потребления 
продуктов питания и изменением структуры потребления в сторону более качественных продуктов.  
Ключевые  слова:  агропродовольственный  рынок, агропромышленный  комплекс,  продовольственные  товары, 
продовольственная независимость, сельскохозяйственная продукция, сельские территории. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет