YessekeyevaAinash, Master of Laws.
Senior Lecturer of the Department of Customs, Financial and Ecological Law of the Law Faculty of the Kazakh National
University named after al-Farabi.akim_ainash@mail.ru
Поступила 15.04.2015 г.
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 3, Number 301 (2015)
UDC336.741.28
Concept and features of the international legal environment from the negative
effects of space activities
G.B.Kabanbaeva
Kazakh Nationak university named after Al-Farabi University. Almaty, Kazakhstan.
gulbaht@mail.ru
Key words: space activities, international environmental law, the negative effects of environmental safety,
space law.
Summary. In this paper, a comprehensive and integrated considered one of the most pressing issues of
international space law and international environmental law concerning the environmental safety of space activities.
The content of international and national legislation. This paper studied the principles of international legal
protection of the environment from the adverse effects of space activities, as well as liability issues are investigated
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
79
for environmental pollution and space. The study made recommendations for improving the current legislation as
well as the theoretical conclusions.
The methodological basis of the article made a comparative legal method, the formal-logical, systematic
structural analysis, scientific abstraction, the unity of objective and subjective in the development of the legal
process, peer review, content - analysis of documents and materials.
Author, studying issues of international legal protection from negative posledsvy Space concludes that
increasing the efficiency of law-making and enforcement of the UN shows the ability to create and the role of
international organizations for the protection of the environment from the adverse effects of space activities.
УДК 336.741.28
Қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан
халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі мен ерекшеліктері
Г.Б. Кабанбаева
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы.Казахстан
gulbaht@mail.ru
Негізгі сөздер: ғарыштық қызмет, халықаралық экологиялық құқық, жағымсыз салдар, экологиялық
қауіпсіздік, ғарыш құқығы.
Аннотация. Мақалада қазіргі таңдағы халықаралық ғарыш құқығының және халықаралық
экологиялық құқықтың ең өзекті мәселелерінің бірі ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі туралы
құқықтық сұрақтардың бірі жан - жақты қарастырылып, оларға кешенді талдау жүргізілген. Осы саладағы
халықаралық және ұлттық заңнаманың мазмұны зерртелген. Бұл мақалада қоршаған ортаны ғарыштық
қызметтің жағымсыз салдарынан халықаралық - құқықтық қорғаудың қағидалары, сонымен қатар ғарыштық
қызмет барысында қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілетін ластану мен жағымсыз салдар үшін
жауаптылық мәселесі зерттелген. Жүргізілген зерттеу негізінде теориялық тұжырымдар мен ағымдағы
заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленген.
Мақаланың әдістемелік негізін салыстырмалы – құқықтық әдіс, формальді логика әдісі, жүйелеу
құрылымдық талдау әдісі, ғылыми абстракция, салыстыру мен ұқсастық, құқықтық процесстердің дамуы
барысындағы обьективті мен субьективтінің бірлігі, сараптамалық бағалау, зерттеу құжаттары мен
материалдарын контент-талдау мен зерттеу әдістері құрады.
Автор, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық – құқықтық қорғау
сұрақтарын зерттеу БҰҰ – ның құқықшығармашылық және құқыққолданушылық қызметінің тиімділігін
көтеру және жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді, ғарыштық қызметтің жағымсыз
салдарынан қоршаған ортаны қорғауға байланысты болашақ халықаралық ұйымның, болашақтағы орны мен
рөлін көрсетеді деген тқжырымға келді.
Халықаралық ғарыш құқығының қалыптасуы әсіресе ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды
халықаралық құқықтық реттеу процессі барысында басты рөлді халықаралық шарт атқаруы тиіс [1].
Біріншіден, ғарыш дәуіріне енудің өзі ғарышты игеру процесі барысында көптеген халықаралық-
құқықтық сұрақтарды туындатты. Өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін тиісті мемлекеттер аз уақыт
ішінде көптеген бірқатар маңызды шарттарды жасасты, осы шарттар ғарыш құқығының негізгі
мазмұнын құрады, соның ішінде ғарышты игеру барысында ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауды
халықаралық-құқытық реттеуге байланысты. КСРО - дағы ең алғаш жасанды жер серігін ұшырған 40
жыл ішінде ғарыш техникасының дамып кеткендігі соншалық, тиісті мемлекеттер ғарыш құқығының
нормаларын, соның ішінде ғарышты игеру процесі барысында ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаны
халықаралық құқықтық қорғауға байланысты нормаларды, тек қана халықаралық шарттар жасасу
жолымен қалыптастырады, халықаралық әдет арқылы емес, бұл халықаралық тәжірибеге қойылатын
негізгі үш талаптың бірімен байланысты, нақтырақ айтсақ оның қолданылу ұзақтылығы,
мемлекеттердің ғарыштағы қызметінің техникалық қамсыздандырылуының жылдам өзгеруі, тез арада
құқықтық рәсімделуді де талап етеді.
Екіншіден, ғарышты зерттеу мен пайдалану процесі барысында туындайтын түрлі ғылыми -
техникалық сұрақтар мен глобальді экологиялық мәселелерге нақты және арнайы сипат тән, бұл жағдай
жан - жақты және нақты анықталған жүріс - тұрыс ережесін қажет етеді. Соңғысына айтарлықтай
дәрежеде қол жеткізу халықаралық шарт жасасу арқылы жүзеге асырылмақ, онда оған қатысушы
мемлекеттердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталады. Ал, халықаралық әдетке қатысты
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
80
айтарымыз, онда жүріс -тұрыстың нақты, анық ережелері емес, тек жалпы қағидалар орын алған және
қамтылған.
Үшіншіден, халықаралық шарт, халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде бар немесе
қалыптасқан қатынастарды реттеп қана қоймай, оның ережелері болашақта туындайтын қатынастарды
да қарастырады. Ал, халықаралық әдет болса халықаралық қатынастар тәжірибесінде қалыптасқан
қатынастардан және тәжірибеден туындайды, сол себепті ол болашақта мемлекеттер арасында
туындайтын жаңа қатынастарды реттей алмайды. Ғарыш құқығында осындай жаңа бастаулар үнемі
туындап отырады, сондықтан да халықаралық құқықтың қайнар көзі ретіндегі халықаралық әдет,
халықаралық шартқа қарағанда ғарыш құқығы үшін қажетсіз болып келеді немесе қажеттілігі шамалы.
Мысалы, Ғарыш бойынша Шарттың 9 - шы бабы анықтағандай Шартқа қатысушы - мемлекеттер
ғарыш кеңістігін, айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдалану үшін бөгде заттарды
жеткізу барысында жер бетіндегі болуы мүмкін қауіп пен жағымсыз салдардың алдын-алу үшін тиісті
шараларды қабылдайды [2].
Бұл нақты уақытта жоқ, бірақ болашақта болуы мүмкін қатынастарды алдын ала анықтау
сипатындағы ереже болып табылады. Ал ұқсас сұрақтар тек қана халықаралық шарттар негізінде
шешіледі, басқа жолы жоқ.
Сондықтан халықаралық шарттарды жасасу ғарыш құқығының, соның ішінде ғарыш пен қоршаған
ортаны қорғауды халықаралық құқықтық реттеудің нормаларын қалыптастырудың ең тиімді жолы
болып табылады [3].
Халықаралық әдет - ғұрып. Халықаралық шарт халықаралық ғарыш құқығының негізгі қайнар көзі
болып табылады, бірақ бұл айғақ келесідей айғақты жоққа шығара алмайды, яғни халықаралық әдет - ғұрып
халықаралық ғарыш құқығының маңызды қайнар көзі болып табылады, ал ол өз кезегінде ғарыш пен
қоршаған ортаны қорғауды халықаралық-құқықтық реттеудің де қайнар көзі болып табылады деген сөз.
Біріншіден, ғарыш дәуіріне ену мен ғарышты игерудің халықаралық тәжірибесі, халықаралық әдет
- ғұрыптың халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің бірі екендігін дәлелдейді, тіпті
адамзаттың ғарышты игеру процессі қысқа ғана мерзімде болса да. Ғарышты игерудің кейбір
қағидалары халықаралық тәжірибемен туындаған, мысалы, ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу
және пайдалану бостандығы; ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін және тағы басқаларын ұлттық
иемденуге тыйым салу; ілгеріде аталған қағидалардың барлығы адамзаттың ғарышты игеруінен кейін
басталған.
Екіншіден, қазіргі халықаралық құқықта жай норманың пайда болу процессі айтарлықтай
қысқарған. Ғылыми, экономикалық және саяси қарым қатынастардың тез дамитындығы себепті,
халықаралық әдет - ғұрыпты қалыптастырудың дәстүрлі жолы белгілі-бір өзгерістерге ұшырады. Кейбір
халықаралық құқық өкілдерінде тіпті жай нормалардың instant-ы деген түсінік пайда болған [4].
Үшіншіден, ғарышты игеру тәжірибесі дәлелдегендей, ғарышты игеруді халықаралық - құқықтық
реттеу, сонымен қатар ғарыш пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты көптеген мәселелер осы кезге
дейін халықаралық шарт жасасу арқылы шешілген жоқ.
Ілгеріде айтылғандардың негізінде келесідей қорытынды жасауға болады, халықаралық шартқа
қарағанда сирек қолданылса да, халықаралық әдет - ғұрып халықаралық ғарыш құқығының маңызды
қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Ғарыш құқығының басқа да қағидалары. Қазіргі құқықтағы құқықтың жалпы қағидалары ғарыш
құқығының қайнар көздерінің қатарында екені сөзсіз. Біз үшін маңыздысы құқықтың жалпы қағидалары
дегеніміз не екенін анықтап алу. Халықаралық сот Статутының 38 - ші бабының мәніне сәйкес құқықтың
жалпы қағидалары дегеніміз - ол өркениетті елдермен танылатын құқықтық қағидалар.
Ескертетін жағдай, бүгінде өркениетті ұлттар деп - барлық тәуелсіз мемлекеттер танылады. Қазіргі
халықаралық өмірде мемлекеттердің арасында олардың құқықтық жүйесіне әсер етпей қоймайтын қоғамдық
құрылым, саяси құрылым, экономикалық дамуы салаларындағы айырмашылықтар бар. Құқықтың жалпы
қағидалары барлық құқықтық жүйелерге ортақ болатын қағидалардан құралуы тиіс. Артынша, құқықтың
жалпы қағидалары барлық өркениетті ұлттардың мақұлдауына ие болуы тиіс; бұл мақұлдау халықаралық
шартта немесе әдетте бекітіледі, сондықтан да құқықтың жалпы қағидалары халықаралық құқықтың дербес
тәуелсіз қайнар көзі бола алмайды, яғни халықаралық ғарыш құқығына да.
Сот шешімдері жалпы халықаралық құқықтағы сияқты, ғарыш құқығында да шарттық және жай
нормаларды шығару процесі барысындағы «қосымша құрал» болып табылады. Бұл жағдай халықаралық
соттың және мемлекет ішіндегі соттардың да шешімдеріне қатысты. Ғарышты игерудің дамуы барысында
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
81
ғарыш құқығы нормаларын туындату процессі барысында қосымша құрал ретіндегі сот шешімдерінің рөлі
артқанымен, ол келер уақытта ғарыш құқығының дербес қайнар көзі бола алмайды.
Құқықтық реттеу әдісі ғарыш кеңістігі және қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғау
үшін және ғарыш құқығы үшін және жалпы халықаралық құқық үшін ортақ болып табылады. Бұл нақты
бір жүріс - тұрыс ережесінің мазмұнын анықтау және оны заңи міндетті деп тануға қатысты
мемлекеттер еркінің келісуі болып табылады. Осыған байланысты ғарышты және қоршаған ортаны
халықаралық - құқытық реттеудің және ғарыш құқығының және жалпы халықаралық құқықтың қайнар
көздерінің бірыңғайлығы жөнінде қорытынды жасауға болады. Олар халықаралық шарт және
халықаралық әдет - ғұрып болып танылады.
Жалпы ғарыш құқығының ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық
реттеудің нормаларының құрылу процессі барысында негізгі, шешуші рөл халықаралық шартқа тиесілі.
1959-шы жылы Е.А. Коровин былай деп жазған: «Ғарышты барлық адамзаттың ортақ
пайдалануындағы обьекті деп қарастырсақ (res communis omnium), онда ортақ пайдаланудың әдістері
мен ережелері барлық пайдаланушылардың өзара келісімімен бекітілуі мүмкін, яғни халықаралық
келісім арқылы» [5].
Егер де шарттық нормалар жоқ болса, Е.А. Коровин, ғарыш кеңістігінің халықаралық режиміне
байланысты сұрақтарды «әрекет етуші халықаралық құқықтың мемлекеттік және халықаралық
тәжірибедегі үлгілер тұрғысында және оның ережелерін ғылыми талқылау тұрғысынан» шешу
мүмкіндігін пайдалану керек деп таныған [6].
Уақыт өте келе, шарттық нормалармен реттелмейтін, кейбір ғарыш қызметі түрлеріндегі мұндай
мемлекеттік тәжірибе халықаралық қарым -қатынастың қатысушыларымен халықаралық құқықтың жай
нормасы түрінде тұрақты сипатқа ие болуы мүмкін.
Халықаралық әдет - ғұрып - ол ұзақ уақыт аралығы мен жалпыға ортақ қолданудың нәтижесінде
халықаралық қарым-қатынастың қатысушыларымен құқықтық немесе заңи міндетті норма ретінде
танылған жүріс - тұрыс ережесі.
Г.П. Жуков өз кітабында былай деген: «Халықаралық әдет - ғұрып ғарыш құқығының
нормаларының қалыптасу процессі барысында, сөзсіз белгілі бір рөл ойнауы әсерін тигізуі мүмкін.
Дегенмен, осы мағынадағы оның мәнін асыра бағалауға болмайды» [7].
П.И. Лукин бір жағынан халықаралық әдет - ғұрыпты ғарыш құқығының қайнар көзі ретіндегі
рөлін жоққа шығарып отырса немесе теріс бағаласа, ал екінші жағынан, түрлі мемлекеттердің
ғарышкерлерінің арасында ғарышты игерудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезінде келесідей
қатынастар туындайтынын болжайды немесе жоққа шығармайды, яғни болашақта уақыт өте келе
халықаралық - құқықтық әдетке айналатын және осы түрлі елдердің ғарышкерлерінің белгілі бір жүріс -
тұрыстарының дұрыстығына негізделген әдет - ғұрыптар халықаралық ғарыш құқығының қосымша
қайнар көзі бола алады.
Ғарышты және қоршаған ортаны қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің нормаларының
халықаралық шарт жасасу арқылы қалыптасуының мысалы ретінде келесілерді атауға болады:
Ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен пайдаланудағы
мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шарт (1967 жыл);
Ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді қайтару және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілерді
қайтару туралы Келісім (1968 жыл);
Ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін халықаралық жауаптылық туралы Конвенция (1972
жыл);
Ғарыш кеңістігіне жіберілетін обьектілерді тіркеу туралы Конвенция (1975 жыл);
Табиғи ортаға әсер ететін құралды, әскери және басқа да қастық сипатта пайдалануға тыйым салу
туралы Конвенция (1977 жыл);
Табиғи ортаға әсер ететін құралды, әскери және басқа да қастық сипатта пайдалануға тыйым салу
туралы Конвенция (1978 жыл);
Айда және басқа да аспан денелеріндегі мемлекеттердің қызметі туралы Келісім (1979 жыл) және
тағы басқалары.
1967 жылғы Ғарыш кеңістігін, сонымен қатар Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу мен
пайдаланудағы мемлекеттердің қызметінің қағидалары туралы Шартта ғарышты және қоршаған ортаны
қорғауды халықаралық - құқықтық реттеудің тек қана негізгі, ең басты қағидалары мен нормалары
көрініс тапқан. Оның мазмұны ғарыш кеңістігі мен қоршаған ортаға келтірілген зиян мен оның алдын
алу мәселесін ғана емес, сонымен қатар зиян келтіргеннен кейінгі оның орнын толтыру мен түзету
шараларын да қамтиды.
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
82
Ғарышты игерудің алғашқы кезеңінде ғарышты әскери мақсатта пайдалану дамыған
мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі болғандығы барлығына белгілі. Бірақ ғарыштағы кез келген
әскери іс - қимыл халықаралық қауымдастыққа айтарлықтай қауіп төндіреді және қауіпсіздігіне қатер
төндіреді, ал оның тікелей салдары болып экологиялық тепе - теңдіктің бұзылуы ғарыш кеңістігінің
және қоршаған ортаның ластануы танылады. Сондықтан да, Ғарыш туралы Шарттағы, ғарыш кеңістігін
әскери мақсатта пайдалануға тыйым салу туралы ереже ғарышты және қоршаған ортаны халықаралық -
құқықтық реттеудің қайнар көзі болуы тиіс. Шарттың 4 - ші бабында көрсетілгендей: 1) «Шартқа
қатысушы - мемлекеттер Жер шарының орбитасына ядролық қаруы бар немесе жалпыны жоятын кез
келген қару түрі бар обьектілерді шығармауға, осындай қаруларды аспан денелеріне қондырмауға және
осындай қаруларды ғарыш кеңістігінде қандай да бір түрде орналастырмауға міндеттенеді» және 2) «Ай
және басқа да аспан денелері Шартқа қатысушы - мемлекеттердің барлығымен тек бейбітшілік мақсатта
пайдаланылады». Аспан денелерінде әскери базаларды, құрылымдар мен құрылғыларды салуға,
қарудың кез келген түріне сынақ жасауға және әскери іс - қимылдарды жасауға тыйым салынады.
Ғылыми зерттеулер мен қандай да бір бейбітшілік мақсатта әскери персоналды пайдалануға тыйым
салынбайды. Сонымен қатар, Айды және басқа да аспан денелерін бейбітшілік мақсатта зерттеу үшін
қажетті кез келген құралдар мен құрылғыларды пайдалануға тыйым салынбайды.
4 - ші баптың құрылымы төмендегідей тұжырым жасауға жол береді, яғни бұл бап жер шарының
орбитасының айналасында бақылау - іздеу, ракетаға қарсы, коммуникациялық және басқа да әскери
мақсаттарда ғарыш аппараттарын пайдалануға тыйым салмайды делінген және 4 - ші бап аспан
денелерінің демилитаризациясын жарияласа да, ғарыш кеңістігінде әскери іс-қимылдарды жүргізуге
және оның әскери сипатта пайдаланылуына тыйым салынбайды, егер де бұндай қызмет халықаралық
құқық пен БҰҰ - ның Жарғысына сәйкес атқарылса және ол агрессиялық сипатта болмаса.
«Бейбітшілік мақсатта пайдалану» деген ұғым «агрессиялық сипаттың жоқ болуы» деген мағына
деп интерпретациялауға болмайды деген көз қарас біз үшін ең дұрысы болса керек, яғни кез келген
әскери іс - қимыл «бейбітшілік сипатта емес» деп қарастыру, тіпті ол қорғаныс мақсатында немесе
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтап тұру мен қалпына келтіруді көздесе де.
Ескертетін жағдай, бұл ереженің жалпылық сипатта болуы және онда көрсетілген мамлекеттердің
міндеттерінің онша анық еместігі. Біріншіден, Шартта ғарыш қызметі туралы сөз болып отыр. Солай
дегенмен де, әңгіме тек ғарыш кеңістігін зерттеу мен зерделеу жөнінде ғана болып отыр, ал ғарыш
кеңістігін пайдалану туралы ешнәрсе жоқ, себебі біздің білуімізше ғарыш кеңістігін пайдалану
адамзаттың ғарыштағы тәжірибесінде маңыздырақ болып табылады. Екіншіден, зиянды ластанудан
сақтану тек ғарыш кеңістігінің ауқымымен шектелген, атмосфераның және Жердің үстінің ластануын
қарастырмаған; Үшіншіден, жер шарының жағымсыз жаққа өзгеруі бөгде затпен ластануымен ғана
шектеледі - қайта ластанатын, ластанудың басқа себептеріне қатысы жоқ; төртіншіден, кейбір
ұғымдарға қатысты талқылаулар мен анықтамалардың жоқтығы, мысалы, жағымсыз өзгерістер, зиянды
ластану және қажет жағдайларда және тағысын тағы.
Бұл жағдай әлемдегі көптеген халықаралық заңгер мамандармен түсіндіріледі. Мысалы,
ағылшындық халықаралық құқықтың маманы Хермида Джулиан, ғарыш бойынша Шарттың 9 - шы
бабының мазмұнын түпкілікті анализдей отырып, бұл ереженің нақты анық еместігін ескертеді [8].
Біздің
ойымызша,
Жауаптылық
туралы
Конвенцияның
негізгі
кемшіліктері болып, ұсыныстық сипаттағы анықтамаларды қабылдауға мүмкіндік беретін (XIX - шы
бап, 2 - ші тармақ) және ғарыш кеңістігіне жіберілген обьектілерді халықаралық тіркеу туралы ереженің
жоқтығы танылады. Басшылыққа алынатын құқық туралы сұрақ, нақтырақ айтсақ, шығынды өтеудің
сипаты туралы ХП - ші бапта қалай шешілгендігі, Жауаптылық туралы Конвенцияның кемшілігі деп
қарастырылмауы тиіс, әсіресе Конвенцияға сәйкес жәбірленушіге келтірілген шығынды өтеудің көлемін
шектемегендігін ескерсек.
Халықаралық құқықты, жария және жеке құқықты пайдалану және әділеттілік пен шынайылық
қағидаларын қолдану, сөзсіз жәбірленушілерге тиісті шығындарын әділ түрде өтелуіне кепілдік береді.
Бұнымен қатар, Құқықтық комитеттің төрағасы жариялағандай, XII - ші баптың ережелерін
преамбуланың төртінші тармағының контекстінде түсіну қажет, ол жерде Конвенцияның
қатысушыларына қатысты былай деп көрсетілген: «ғарыш обьектілерімен келтірілген зиян үшін
жауаптылыққа қатысты тиімді халықаралық ережелер мен процедуралар дайындау қажеттілігі, сонымен
қатар осындай зиян шеккен жәбірленушілерге Конвенцияның ережелеріне сәйкес толық және әділ,
тезарада шығындарын өтеуді қамтамасыз ету».
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
83
ӘДЕБИЕТ
[1]
Колосов Ю.М. Действующее международное право. – М., 1968. - Т. 3. – С. 58.
[2]
Hermida, J. Legal basis for a national space legislation. - Dordrecht Boston: Kluwer Academic, 2004. - 273 p.
[3]
Gal, G. Space Law Imprint. - LeydenSijthoff, 1969. - 132 р.
[4]
Brownlie, I. A Survey of International Customary Rules of Environmental Protection // 13 nat.resourses J. – London,
1973. - P. 179.
[5]
Колосов, Ю.М. Борьба СССР за мирное использование космоса 1957-1985. – М., 1985. - Т.1-2. - 430 с
[6]
Patricia, B., Boyle, А.Е. International Law and the Environment // Printed in Great Britain, 2002. Second Ed. - Oxford,
2002. – 930 р.
[7]
Коровин, Е.А. О нейтрализации и демилитаризации космоса // Международная жизнь. - 1959. - №11. – С. 118.
[8]
Коровин, Е.А. О международном режиме космического пространства // Международная жизнь. - 1959. - №1. – С. 79.
REFERENCES
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |