Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс



бет11/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
Тәжірибелік сабақ.

  1. Музыка сабағына жоспар құру.

  2. Т.рлі жанрлар бойынша дауыс ашу жаттығуларын құрастыру.

  3. Музыка таңдау (балалардың даусы ерекшеліктеріне арналған).



КЕСТЕ № 2 ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МІНДЕТТЕР

3-Сынып оқушыларына жалпы сипаттама:
- дене құрылысы жағынан шымыр, ұуатты келеді, дене жағынан үнемі өсу үстінде болғандықтан, олар үздіксіз қозғалыста болады, тынымсыздығымен ерекшеленеді;
- зейіәндері тұрақтанған (1 мен 2 сынып оқушыларымен салыстырғанда);
- есте сақтау қаблеті жаттықан;
- 9-10 жастағы балалардың музыкалық қаблеттері, музыкалық іс-ірекетке (ән салуға, өлең оқуға, ертегі кейіпкерлерін ойнауға, сахналық көрініске) бейімділіктері көріне бастайды;
- өздерінің бастамаларымен, өз еріктерімен ұнаған іс-әрекеттеріне үйренуге ынта болады;
- 3-сыныпта музыкалық тәрбие берудің жалпы міндеттері-балаларды жан-жақты жарасымды тәрбиелеудегі музыка орнын жете сезіну, болашақ тұлғаны тәрбиелеу. Музыкалық есту қаблетін дамыту жолдары ары қарай жүргізіледі, музыкалық репертуар күрделене түседі. Музыкалық іс-әрекет-терді орындауда мәнерлілік, дәлдік пайда болады. Музыка тыңдауда ұғымдары, түсініктері тереңдейді. Қарапайым әңгімелер құрастырып айтып беруі турасында жұмыстар жалғасады.
3-сыныптағы бағдарламалық талаптар:
Ән салу іс-әрекетінде балалардың әншілік «тәжірибелік» белгілі бір тәртіпке келген. 1 дауыста топ болып ән салуда мәнерлілікке көңіл қояды, дыбыстың таза шығуын, ән мәтінінің анық айтылуын қадағалай біледі. Әннің орындалу үстінде өзін-өзі бақылай алады, бір-біріне сын көзбен қарай алады. Балалардың ән салудағы мүмкіншіліктері шумақ пен қайырмадан тұратын әндерді айтуда шағын топтарға бөліп айтқызу, жеке айтуға ерекше құлықты болатын балалар өз беттерімен ән үйреніп жүруге дағдыланады. Ән салу іс-әрекетінің нота сауатымен байланыстыра отырып жүргізілуі бағдарламалық талапта да айтылған. Ө. Байділдаевтің «До-ре-ми» әні, Б.Жүсіпалиевтің «Нота үйренеміз» атты әндерін үйрету арқылы әрі ән салады, әрі нота сауа-тымен танысады. «Атамұра» баспасы шығарған бастауыш сыныптың музыка оқулығында мұндай мысал әндер өте сәтті келтірілген.
Осы сыныптың ІҮ тоқсанында 2 дауыста бөліп айтқызу элементтері үйретіле бастайды. Қос дауыста ән салғанда әр дауыс жеке үйретіледі, бірден игеріп кету оңай болмайды, жаттықтыру, қайталап айтқызу тәсілдері арқылы нәтижеге жеткге болады. Музыкалық-ырғақтық қимылдар үйренуде балалар-дың өозғалыс-қимылдарында әсемдік, дәлдік, музыкуаға үйлесім тауып тұратын сәтті көріністер болады. Балалар бөлініп билеуге құштарланып тұрады, қыз балалардың қимылында нәзіктік, еркелік, наздық бояулар айқын көріне бастайды. Ұлдардың қимылдарында дәлдік пайда болады, олар батыр-
Лардың кейіпінде, ерекше ерлік сезіміндегі билерді ұнатады. Бидің түрлерін, халықтық билер, мысалы: «Көкпар» күйіне құралған ер балалар биі қыз балаларға арналып құрылған «Айгөлек» биі, өзіндік кейіпкерлерді бейнелей-
тін «Аұқшақарлар», «Балапандар», «Қояндар», «Пингвиндер» биі балаларға үлкен қуаныш әкеледі. Ал классикалық би элементтерінен құралған полька вальс, балаға арналған билерді де меңгеруге м.мкіншіліктері мол.
Музыкалық аспаптармен танысуда да мақсатты т.рде жеке сазгерлердің өмірі мен шығңармашылығына арнап немесе аспаптың шығу тарихына байланысты қызықты етіп әңгіме жүргізуге болады. Мысалы, «ұлы күйшінің аты неге Қорқыт деп қойылған? Қандавй аспапта күй орындалғанда жүгірген аң, ұшқан құс тоқтай қалып тыңдағасн? Судың ағысын кері бұраған қандай аспаптың үні?» деген сұрақтарды қою арқылы балалрдың зейнін шоғырлан-
дырып, қызықтырып барып, қобыз аспабымен танытыруға болады. «Ақсақ құлан» күйі жайында балалар ертегі желісін өздері де оқыған, мультфильмін де көрген, ал оқытушы оны басқаша әсермен жеткізу ұшін «күйшініңі өмірін сақтап қалған қандай халықтық музыка аспабын білесіңдер?» деп сұрақ қоюына болады. Немесе Т.Рахымов ақынның бір шумақ өлңін оқып беру арқылы да домбыра аспабының құдіретін сездіруге болады.
Қайран қалам бабам қазақ ісіне,
Күйсандықты көрмесе де түсінде,
Күйсандыққа сыймайтұғын күй жазған,
Оның сырын түсін, мейлің түсінбе!
Ал жетіген аспабы туралы ертегіні балаларға қарапайым, қабылдауына жеңіл етіп, қызықтырып айтып беру арқылы аспаптармен танысу жүргізілге-ні әсерлі шығады.
3-сынып оқушыларына музыкалық аспаппен танысу мен музыка тыңдау сәті жұптасып кетеді. Аспап музыкалық шығармалардың ән жанры мен аспаптық шығармалардың өміршеңдігін, табиғат құбылыстарының көріністе-рін, жан-жануар, тіршілігін түсінуге көмектесетін құрал ретінде таныстыры-лады, яғни музыка тыңдау әс-әрекеті түрлі тақырыптар арқылы кеңейді. Мысалы, Құрманғазыныңі күйі «Сарыарқа», Ықыластың күйі «Жезкиік», Н. Тілендиев «Аққу» күйлерін домбырада, қобызда орындалатын кезімен оркестрдің орындауында салыстыра отырып ұсынылады. Музыканың класси-
калық түрлерін түсінуге талаптанып, шығарманың көңіл-күйін айтып беруге машықтанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет