Наханов Жамбыл дипломдыќ жўмыс



бет12/26
Дата10.05.2023
өлшемі0,54 Mb.
#91695
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
dip -muzyka-tyndaudyn-manyzy-men-maqsaty 2

Тәжірибелік сабақ.

  1. 3-сыныпқа арналған 1 музыкалық сабақтың жоспарын құру.

  2. Ән салу іс-әрекетін жүргізу, ән талдау жұмыстары.

  3. Фортепиано аспабымен таныстыру, сипаты әр түрлі 3 шығарма таңдау.

КЕСТЕ № 3
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МІНДЕТТЕР

3 – сыныптағы оқушыларға музыкалық тәрбие
берудегі міндеттер.

Балаларды жан-жақты жарасымды тәрбиелеудегі музыканың міндеттері.

Музыкалық есту қабілетін дамытуды жалғастыру.

Музыкалық репертуардың күрделенуі.

Музыкалық іс - әрекеттерді мәнерлі орындау.

Музыканың сипатына қарапайым әңгімелер құрастыру.

Әнді жеке орындай білу.

Топ болап, аспаптың сүйемелінсіз әнді орындау.

Музыкалық аспаптардың аттарын білу, джыбыстару тәсілін білу.

Музыкалық ас паптың кейбір түрінде ойнай білу.

Музыкалық ырғақты қимылдарды, биді, жаттығуды музыкаға сай келтіру.

Тапсырмаға шығармашылығымен көріну.





4-сыныпта музыкалық тәрбие жұмысын 1,2,3-сыныпта жүргізілген жұ-мыстың қорытындысы ретінде қарауға болады. Оқушылардың музыкалық қаблекттерінің айқын нышандары байқалады. Олар өз ойларын анық жеткізе алады, пікірлерін еркін ортаға салатын ерекшелігімен біліне бастайды. Музыкалық іс-әрекеттің бір түріне бейімділік туады. 4-сыныпта музыкалық тәрбие берудің негізгі мақсаты-балалардың өнердің әр саласына деген қызығушылығын әрі қарай дамыту, жетілдіру, дұрыс бағыт беріп жетелеу.
4-сыныпта өтілетін тақырыптар мазмұны қазақ халық музыкасы, шетел халықтары музыкасының балаларға арналған қорынан жас ерекшеліктері ескеріле құралады. Оқытушы қазіргі мәтіні мән-мағынасыз, таяз, әуені арзан, әсерсіз әндерден балаларды алшақ ұстауды қадағалау керек. Оқушылар түрлі халықтар музыкасының ұқсастығы мен айырмашылығын ажыраты алатын-дай, өз ойларын жеткізе алатындай әсерде болуы үшін күнделікті сабағын шебер құру керек. Музыка тыңдау. Адамдар арасындағы шынайы сепзімнің символы туралы әр халықтың музыкалық мұрасынан «Аққу» құүсы туралы балалрға музыка тыңдатуға болады (Н.Тілендиевтің «Аққу» шығармасы).
Тәрбиелік мәні – жан тазалығына тәрбиелейді, әдемілік, сұлулықты сезіне білу қаблеттерін дамытады. Табиғаттың тылсым тіршілігін түсінуге жол ашады. Сазгер, орындаушы, балет, опера, сахна өнеріц туралы ұғымдары молая түседі. Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған дәстүрлі музыка бағдарламасына қойылған міндеттерде халық музыкаларының тәрбиелік мәнін түсіну қарастырылады. Музыка сан алуан халықта бар екендігі, бір-біріне түсінікті екендігі, барлығы жеті дыбыстан жаралатынын балалар музыка құдіретінің ғажаптығын сезінеді.
Педагог Куцанов «Тәжірибеде ең бастысы-тыңдауға әдеттендіру, еркіндік, ән салу ұуанышы сосын барып музыка сауаты» деп өте орынды айтқан. Балаларды музыка сауатымен таныстыруда барлық музыкалық іс-әрекеттің жұптасып, бірігіп, тұтас бір тапсырма болуы үшін оқытушы бар өнерін салып, өз міндетіне шығармашылықпен келгені абзал, сондықтан да музыка сабағы оқытушының шығармашылығына негізделген өнер сабағы деп айтылады. Оқушылар музыкалық шығарманы таңдап өз ойларын айта алады, ал орындаушылық деген ұғымға өздері қалай қарайтыны олардың әнді үйренуге деген ықыластарынан көрінеді. Әрине, ән салу-музыка сабағында балалардың негізгі ірекеті. Балалар ән салуды унисонды өз шеберліктерімен меңгерген. Қос дауыста айтылған ән көркем есттілетінідіктен өздері қуанады.
Музыкалық ырғақтық қимылдар жасауға, музыкалық ойындарда, сахналық көріністерді ойнауда балалар өз бастамаларын белсенді түрде көрсетуі шығармашылыққа жол ашқаны деп түсінуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет