Научный журнал



Pdf көрінісі
бет7/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,01 Mb.
#7832
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
35 
Иоллығ тегін: 
 
Төбеңнен Тәңір баспаса, 
Астыңнан жер айырылмаса, 
Түркі халқы, ел–жұртыңды 
Кім қорлайды?» –  
 
дейді  (1,  45).  Бұл  жерде  отандық  философ 
Иоллығ тегін қаламынан туған жырда түркі 
халқының  жоғары  ойлау  жүйесі  анық 
көрсетілгенін айтқысы келеді. 
Абай:  «Адам  баласы  жылап  туады, 
кейіп  өледі»,  –  дегенін  данышпандық  деп 
білеміз.  Ал  Иоллығ  тегіннің:  «Адам 
баласының  бәрі  өлгелі  туған»  –  деген 
сөзінен  осы  өмірдің  мәні  туралы  ой  VІІІ 
ғасырда  айтылғанын  көріп  одан  сайын 
таңғаламыз.  Сонда  Батыс  елдерінде  ХІХ–
ХХ ғасырларда «өмір философиясы», «өмір 
сүру  философиясы»,  «экзистенциалистік 
философия»  дегендердің  генезисін  біз 
Иоллығ тегіннің VІІІ ғасырдағы ойларынан 
аңғарып  отырмыз.  Иоллығ  тегіннің  түркі 
халқының  тарихи  –  мәдени  кеңістігінің 
тарихын  таразылаудағы  баспалдақтардың 
бірі  екенін  дәлелдеудегі  толғамдарының 
соңында  Ғ.  Есім  бұл  мәселеге  қатысты  өз 
ұсыныстарының  ішінде  Олжас  Сүлейме-
новтың  «Аз  и  Я»  кітабындағы  қарашаның 
25 – жұлдызын (Дания ғалымы В. Томпсен-
нің  «Күлтегін»  жырының  түркі  тіліндегі 
нұсқасын  жариялаған  күн).  Түркі  мә-
дениетінің 
мейрамы 
болсын 
деген 
ұсынысымен  келісу,  Түркі  қағанатының 
басшыларына  арнап  ескерткіштерді  салу 
мен  мұражай ашу,  Күлтегін,  Иоллығ  тегін, 
т.б.  аттарының  құрметіне  Қазақстандағы 
көше аттарын өзгертуді атап айтады (1, 50). 
Біз де осы ұсыныстармен асыға келісеміз.  
Жүсіп  Баласағұни  да  «өтпелі  ке-
зеңде»  өмір  сүрген  кемеңгер  екен.  ХІ  ға-
сырда түркі елдері ислам дінін жатсынбай, 
қабылдай  бастайды.  Діннің  қазақ  жеріне 
соғыссыз  енуінің  бір  себебі  –  исламмен 
бірге  араб  –  парсы  мәдениеті  де  кең 
құлашын  жайды.  Енді,  осы  үрдістің  Ж. 
Баласағұнның  тұлғасына  қатыстысын  ай-
тайық.  Ж.  Баласағұнның  атақты  шығар-
масы  -  «Құтадғу  білік».  Оның  екі  нұсқасы 
бар.  Академик  А.Н.  Кононов  Наманган-
дағы  нұсқасы  негізгі  4  мәселені  қозғайды 
дейді: 1) Adil, 2) Davlet, 3) Akil, 4) Kanaat. 
Түркі  әлеміне  ислам  діні  кең  құлаш 
жайса  да,  Ғарифолла  Есім  Ж.Баласағұн 
шығармасы  тілінің  де,  идеясының  да  араб 
пен  түркі  мәдениеті  мен  тілінің  «синтез-
делген»,  демек  тоғысқан  формасы  екенін 
дәлелдейді. Мысалы, кітаптағы күн – әділ-
діктің,  ай  –  дәулеттің  символы.  «Ал  бұл 
арабтардан енген түсініктер емес. Сірә, бұ-
лар  Тәңірге  сиынған  жұрттың  символдары 
болғанға ұқсайды» (1, 53).  
Ахмет  Иассауидің  (Ж.  Баласағұннан 
70-80  жыл  кейін  туған)  «Диуани  Хик-
метінің» араб әрпімен түркі тілінде жазыл-
ғанын көре, біз оның да екі мәдениеттің то-
ғыстырушысы  екенін мойындаймыз. Алай-
да,  оның  түркі  халқына  әкелген  жаңалығы 
болды,  ол  –  суффизм.  Сопылық  филосо-
фиясы– тақуалар дүниетанымы. Осы күнге 
дейін  көптеген  ғалымдар  мен  философтар 
сопылық  –  мистиканы  иррационализм  деп 
қабылдайды. Шын мәнісінде ол – сопылық 
әдебиеттің  дүниетанымының  бір  бағдары, 
дүниетаным  формасы.  Мистиканың  негізгі 
ұғымы  Адамның  Аллаға  деген  шексіз 
махаббаты,  осы  махаббат  жолындағы 
тақуалық.  Ислам  да,  ондағы  сопылық  та 
сонау VІІ ғасырдан өз қағидаларымен келсе 
де,  Ахмет  Иаяссауидың  ерекшелігі  сол  – 
«дінді мойындай отырып, адамзатқа тән пі-
кір  –  түсініктер  қорыту,  былай  қарағанда 
логикаға  сыйымсыз  іс.  Бірақ  Ахмет  Иас-
сауи  осы  дилемманы  шешкен.  Ол  адамға: 
«Алланың  берген  еркі  өзіне  дұшпан»,  – 
дейді.  Бұл  өлең  жолында  екі  ой  бір  – 
бірімен  бірігіп  тұр.  Бірі  –  Алла  адамға  өзі 
ерік  бергендігі,  екіншісі–  сол  Алла  берген 
ерік  адамға  дұшпан»  (1,  56),  –  деп,  ғалым 
екеуіне де жеке – жеке тоқталып өткен.  
Алланы  тануды  адамның  өзін  –  өзі 
тануының  алғышарты,  ең  абзал  жолы  деп 
тақуа  өзінің  тұжырымын  жасайды.  Иая-
ссауидың  гуманизмі  осындай  тұжырым-
дарға  толы.  Осылайша  ол  Исламның гума-
низмін  тереңдетіп,  бір  жүйеге  келтірген. 
Дүниені  тәркі  етіп,  тақуалық  жолға  түскен 
Иассауи әрекетінде құрбандық жоқ, адам өз 
еркін қалай меңгеру керек деген өнегелілік 
бар.  Қазақ  халқы  да  махаббат  жолындағы 
құрбандықтан қашық болмаған. Алайда бұл 
жердегі махаббат Адам мен Алла арасында 
емес,  Адам  мен  Адам  арасындағы  махаб-
бат.  Оны  қазақтың  бай  фольклоры  дәлел-
дейді.  Бұл  жерде  Иассауидің  сөзі  орынды: 
«Махаббатқа  ие  болған  адам  жан  дегеннің 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
36 
не  екенін  білмейді.  Басы  кетсе  де,  тайын-
байды», – бұған ғашықтар туралы жырлар-
дың  желісі  айғақ.  Осыдан,  Иассауидің  қа-
ғидалары  қазақ  халқының  дүниетанымына 
ықпалының зор екенін көруге болады. 
Ал  енді  аталмыш  концепцияны  қа-
растырудың  ең  басты  себебі  болған  Абай 
болмысының түркі халықтарының тарихи – 
мәдени  кеңістігін  игерудегі  роліне  тоқта-
лайық.  
ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін қайғылы 
уақыт болды - қазақ хандықтары жойылып, 
халық  өзін  –  өзі  басқару  құқығынан  айы-
рылды,  губернияларға  бөлінген  халық пат-
шаға  бағынышты  болып  қалды.  «Итке 
тастаған  сүйектей,  қазақтарға  болыс  болу 
ғана  қалды.  Есі  кеткен  ел  соған  да  тәубе 
деп,  болыс  болуға  таласып,  мазақ  болды» 
(1,  60).  Сондықтан  қазақ  халқына  осы 
шиеленісте  көзін  ашатын,  өткір  тілі  мен 
дана  философиясы  арқылы  шындықтықты 
жырлайтын  адам  керек  болды.  Абайдың 
осы  кезеңде  әдебиет  пен  мәдениет  айды-
нында  пайда  болуын  кездейсоқтық  емес, 
қажеттілік  деген  дұрыс.  Сондықтан  ха-
лықтың  рухани  мәдениеті  дамуындағы  қа-
жеттілік  Абай  шығармашылығы  арқылы 
анықталмақ  десек  артық  болмас.  Абайдың 
таза  ақындығынан  оның  көркем  мәдениет-
тегі,  халық  санасындағы  ойшыл  ретіндегі 
орны  биік  болуы  заңды  да.  Абайды  тек 
ақын қылмай, ойшыл, гуманист дәрежесіне 
де  көтерген  осы  «өтпелі  қоғам»  қай-
шылығы.  «Қала  мәдениеті»  деген  ұғымдар 
қалыптаса  бастаған  жағдайда,  көшпелі 
халық  болып  өмір  сүрген  оның  рухани 
мәдениетіне,  фольклорына,  көркем  сана-
сына  жаңа  өлшемдер  қажет  болды.  Оны 
уақыт  талабы  қойды.  Осы  міндетті  атқару 
барысында  Абай  Құнанбаев  екі  өзекті 
мәселені  қажеттілігіне  сәйкес  шеберлікпен 
шеше  білді.  Кеңестік  кезең  әдебиетінде  ол 
идеология  тұрғысынан  басқаша  түсінді-
рілсе  де,  қазір  ақ  пен  қараға  көз  жеткізу 
мүмкіндігіміз  көбірек.  Сонымен  олар 
мыналар: 
Біріншіден, Абай билер шығармашы-
лығына талдау жасаған. Онда көркемдіктен 
гөрі  прагматисті  мән  басым.  Сыршыл  поэ-
зия  емес,  ақындық  практикалық  мақсатта 
қолданылған.  Өйткені  би  халықтың  адво-
каты,  прокуроры  әрі  төрешісі.  Билер  шы-
ғармашылығы шешендік өнермен қатар да-
мыды. Оның бірден бір себебі - көшпелі ха-
лық  үшін  поэзия  түріндегі  өнердің  бірінші 
орында  тұруы.  Көптеген  жылдар  бойын 
төрелік 
еткен 
билер 
мен 
олардың 
шығармашылығына  талдау  жасайтын  кез 
келді.  Бұл  міндетті  Абай  атқарды.  «Ескі 
бише  отырма  бос  мақалдап»,  -  дегені  би-
лерге  тек  сын  емес,  принцип,  рухани 
мәдениет дамуындағы жаңа талап.  
Абай тек билер шығармашылығының 
сыншысы  ғана  емес,  ауыз  әдебиеті  дәстү-
ріндегі  ақындар  сыншысы  да.  Шортанбай, 
Дулат,  Бұқарлар  шығармашылығындағы 
Абай  көрген  кемшілік  тек  осы  ардагер 
ақындарға  ғана  тән  емес,  халықтың  ауыз 
әдебиетінде де орын алған. Фольклор жазба 
әдебиетке  ұласқанда,  бойында  көшпелі 
тұрмысқа  сай  ерекшеліктерін  жоғалтып, 
жаңа  сипатқа  ие  болуы  заңдылық.  Біз 
отырықшы  өмір  мәдениеті  мен  көшпелі 
өмір  мәдениеті  жайлы  айтып  отырмыз. 
Ақын  қазақ  ақындарының  шығармашы-
лығын  әлемдік  поэзия  үлгілерімен  салы-
стыра отырып тануды мақсат етті. Осы тұр-
ғыдан  келгенде  өнер  жоғарғы  көркемдік 
талапқа сай болмаған соң:  
 
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, 
Өлеңі бірі жамау, бір құрау. 
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса, 
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау! –  
 
деген.  Мұндағы  сын  -  поэзияны  жетілді-
рудің  басты  құралы.  Абай  өлеңге  жаңа 
өлшеммен келді дегенде, ол тек жаңа заман 
ақындары,  Батыс  ақындары  тұрғысынан 
емес,  поэзиядағы,  әсіресе,  Шығыс  поэзия-
сындағы  дәстүрді  заманға  сай  жалғастыру 
мақсатын ұстанды. 
 
Фзули, Шәмси, Сейхали, 
Навои, Сағди, Фердоуси, 
Хожа Хафиз – бу хәммаси 
Мәдәт бер шағари, фәрияд, - 
 
деп  сиынуынан  жаңашылдықпен  қоса  дәс-
түрді сақтауды принцип еткенін көреміз.  
Сонымен,  Абайды  дүниеге  әкелген 
заманды  қазақ  Ренессансы  деп  атауға  бо-
лады.  Оның  мәні  -  түркі  жазба  мәдениеті 
дәстүрінің  қазақ  топырағында  қайта  жан-
дануы.  Түркі  тілдес  қазақ  халқы  өзінің 
тектілік жазба мәдениетіне қайта оралды.  

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
37 
«Қала  мәдениеті»  деген  ұғымдар  қа-
лыптаса бастаған жағдайда, көшпелі халық 
болып  өмір  сүрген  халықтың  рухани  мә-
дениетіне,  фольклорына,  көркем  санасына 
жаңа  өлшемдер  қажет  болды  және  осы 
міндетті  атқару  барысында  Абай  Құ-
нанбаев екі өзекті мәселені шеше білді деп 
біріншісін түркі жазба мәдениеті дәстүрінің 
қазақ  топырағында  қайта  жандануына  күш 
салуын  айтсақ,  екіншіден,  ақынның  өз 
заманының  тұнып  тұрған  әлеуметтік  бол-
мыс  қайшылықтарын  тұтас  қабылдап,  шы-
ғармашылығы  арқылы  салмақты  фило-
софиялық  көзқарастарын  танытуы  арқылы 
халық  санасына  ықпал  етуін  айтуымыз 
дұрыс.  
«Абай  таза  философиялық  еңбектер 
жазбағандықтан  оны  не  материализм,  не 
идеализм лагерінен іздеу  де басы артық іс. 
Бүгінгі  күнге  дейінгі  абайтанушылар  оның 
философиялық  көзқарасын  бірде  демге, 
бірде  теизмге  жақындатып  қарастырып 
келеді.  Мұның  екеуіне  де  қосылудың  жөні 
жоқ.  Асылы,  Абай  дүниетанымын  әлемдік 
философиялық  жүйе,  тұжырымдамаларға 
тықпаламай,  өзінің  шығармашылығынан 
қарастырған  дұрысырақ  болар.  Бұлай  деуі-
міздің  басты  себебі  Абайдың  ең  алдымен 
ақын  болуында.  Демек,  оның  ойшылдығы 
ақындығы  арқылы  көрінеді.  Олай  болса, 
оның  шығармашылығында  дүниені  меңге-
рудің  екі тәсілі тұтасып жатыр. Бірі – көр-
кемдік  образдылық  тәсіл  (ақындық  өнер), 
екіншісі  –  логикалық  немесе  филосо-
фиялық  (диалектикалық  тәсіл).  Абай  көз-
қарасы  осы  екі  тәсілдің  синтезінен  түзелсе 
керек»  (1,  70).  Бұл  ретте  Абайдың  ғылым 
мен  дінге  деген  көзқарасын  ерекше  атап 
өткен жөн.  
Кезінде  орыс  тіліне  аударылып  Се-
мейге  жеткен  Батыс  Еуропа  философтары 
Г.  Спенсер,  О.  Конт  шығармаларына  ақын 
біршама  ден  қойған.  Бұлар  –  ХІХ  ғасыр-
дағы  өте  елеулі  ағым  -  позитивизмнің  не-
гізін қалаушылар. Батыстың бұл мықты ой-
шылдары  –  философияға  дәстүрлі  көзқа-
расты  біршама  өзгертіп,  оны  жағымды 
(позитивті)  қылуға  тырысты.  Бұл  көзқарас 
бойынша,  ғылым,  оның  ішінде  философия 
тек ақыл-ойдың дерексіз нәтижесі  емес, ол 
өмірге пайдасын тигізу керек. Абай да осы 
көзқарастың  жақтаушысы.  Абай  нақты 
қағидасы  жоқ,  бірақ  өте  мол  мағлұматқа 
толы  Дрепердің  «Еуропаның  рухани  да-
муы»  атты  кітабын  оқулық  ретінде  қол-
данған.  
Дінге  қатысы  туралы  сөз  қозғасақ, 
Абай  суфизмнен  басқа  да  әлемдік  филосо-
фиялық  ағымдармен  жақсы  таныс  болды. 
Алайда,  «Суфистік  әдебиетті  зерттемей-
інше,  Шығыстың  орта  ғасырдағы  мәдени 
өмірін  түсіну  мүмкін  емес.  Оның  класси-
ктері  Шығыс  әдебиеттеріне  ХХ  ғасыр 
басына  дейін  ықпал  жасап  келді»  (2,  54). 
Абай  өлеңдерін  мұқият  оқыған  адам  оның 
буддизммен,  зороастризммен,  христиан  ді-
ніндегі философиялық қағидалармен таныс 
болғанын аңғарады. Айталық оның Алла – 
жаратушы,  Алла  –  шындық,  бірақ  өмірдің, 
әлемнің  қозғаушы  күші  –  адам.  Алланы 
сүю деген сөз ақын түсінігінде адамның өз 
бойындағы  рухани  қуатын  ашу  дегенмен 
пара-пар.  Мұндай  гуманизм  буддизм  мен 
суфизмге тән.  
Сонымен,  Абай  –  философиялық 
жүйе  құрастырмаған  ойшыл,  бірақ  оның 
дүниетанымында жүйе жоқ дегенмен келісе 
алмаймыз. Абай – әлемге көзқарасы қалып-
тасқан,  өзіндік  философиялық  түйіндері 
бар  ғұлама.  Бұған  мысал  ретінде  тек  қана 
отыз  сегізінші  қара  сөзін  алсақ  та  же-
ткілікті.  Ә.  Қоңыратбаев  «Фараби  және 
Абай»  деген  мақаласында  осы  отыз  се-
гізінші  қара  сөзі  жайында:  «Бұған  әзірше 
ешкімнің  тісі  батпай  жүр.  Мұны  түсіну 
үшін араб тілін білу жетімсіз, сонымен бір-
ге  ислам  философиясын  да  білу  қажет. 
Мұнда Абай Фейрбахша дінді реформалап, 
соны жаңалыққа бейімдегісі келді. Қайшы-
лығы бар. Ол Фейрбахтың «Махаббат діні» 
деген  еңбегіне  ұқсайды.  Алайда  Абайдың 
отыз  сегізінші,  қырық  үшінші  қара  сөз-
дерінің бас тақырыбы Алла емес, адам бой-
ындағы  табылмаған  қасиеттер.  Дінді  Абай 
антропология теориясымен түсіндіреді. Өй-
ткені адам құдайды өзіне ұқсатып жасаған, 
сондықтан  негізгі  жаратушы  адам,  ол  өзін 
Аллаға ұқсатуға тиіс» (3, 329), - дейді. 
Ғарифолла  Есім  түркі  мәдениетін, 
оның генезисін зерттеу мүмкін болған жағ-
дайда,  Абай  туралы  сөзді  сонау  түпта-
мырдан  (генезистен)  бастауын  екі  түрлі 
жағдаймен  түсіндіреді.  Оның  біріншісі  – 
екі мың бес жүз жыл ішінде (Анахарсистен 
Абайға  дейінгі  аралық)  үзілмей  бізге  жет-
кен түркі тілі болса, екіншісі – жиырма бес 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
38 
ғасыр  бойы  үзілмей  келе  жатқан  этностық 
сана.  Әңгіме,  әрине,  түркі  этносы  жайлы 
болып  отыр.  Қазақ  халқы  –  сол  түркі  әле-
мінің бір тарауы. Ал жоғарыда аты аталған 
ғұламалар  -  осы  этностардың  «өтпелі  ке-
зеңдерінде»  өмір  сүргендер.  Олардың  бәрі 
Ренессанстық  тұлғалар.  Мысалы,  Ана-
харсис  сақтарға  сол  кездердегі  өркениетті 
қала Афины мәдениетін, өнерін, саяси бас-
қару  жүйесін  әкелсе,  Иоллығ  тегін  түркі 
әлемінің  ең  шарықтау  шегінде  өмір  сүріп, 
оның  өзге  күйге  ауысар  сәтін,  оның 
себептерін  тасқа  түсірген.  Ол  –  азаттық 
қозғалыстың  жыршысы,  демек  этностық 
сананың  насихатшысы.  Оның  болмысы 
Түркі 
қағанатымен 
біте 
қайнасқан. 
Күлтегін  жырынан  «қалың  елім...»  деген 
Абай  зары  естіліп  тұр.  Сондықтан  да  Ана-
харсистен  Абайға  дейін  дегенде  өзге 
ғұламаларға арнайы тоқталмағанын Ғ. Есім 
ашып айтады. Біз де осымен келісеміз.  
Сонымен,  «Хакім  Абай»  еңбегіндегі 
негізгі  ұстанымды  қолдап  отырған  бұл 
мақаламыз  бойынша  келесідей  қорытын-
дылар жасалды: 
-  Абайдың  зор  тұлға  екенін  дәлелдеу 
үшін  оның  түркі  өркениетінің  тарихи–
мәдени  концепциясындағы  басқа  «Рене-
ссанстық  тұлғалардың»  маңызы  мен  орны 
көрсетілді; 
-  Тізімдегі  Абайдың  алдын  қуған  ой-
шылдардың  ұлылығы  сол–өз  заманының 
идеологиялық талаптарына қарамастан, дү-
ниені  танудың  сол  кездегі  басты  құралы 
болған  дінге  өзінің  жеке  тұжырымымен 
қарау.  Айталық,  Анахарсис  дүниетанымы 
күдікке  құрылған  дедік.  Сенімге  негіз-
делген  дүниетаным  әманда  шектеулі:  ол 
көпшілік, тобыр үшін керек. Ал Анахарсис 
сенімге  құл  болмаған.  Біз  сенімге  күдік-
тенушілікті  Абайдан  да  табамыз.  Ұлылар 
сенімнің құлы емес, керісінше, олар сенімді 
қиратушы,  оны  жоюшылар.  Ұлылар  ойы 
ноқтасыз, шексіз. Сенімге құрылған дүние-
таным  идеологиялық  форманы,  яғни  орто-
доксияны қажет етеді; 
-  Абай:  «Адам  баласы  жылап  туады, 
кейіп  өледі»,  –  дегенін  данышпандық  деп 
білеміз.  Ал  Иоллығ  тегіннің:  «Адам  ба-
ласының бәрі өлгелі туған» – деген сөзінен 
осы  өмірдің  мәні  туралы  ой  VІІІ  ғасырда 
айтылғанын  көріп  одан  сайын  таңғаламыз. 
Сонда  Батыс  елдерінде  ХІХ–ХХ  ғасыр-
ларда «өмір философиясы», «өмір сүру фи-
лософиясы»,  «экзистенциалистік  фило-
софия»  дегендердің  генезисін  біз  Иоллығ 
тегіннің  VІІІ  ғасырдағы  ойларынан  аңға-
рып отырмыз; 
-  Жүсіп  Баласағұнның  данышпан-
дығын біз оның араб мәдениеті мен діні қа-
зақ,  түркі  даласына  кең  құлаш  жайса  да, 
өзінің  «Құтты  білік»  кітабында  екі  мә-
дениетті тоғыстары біліп, төл идеяны, тілді 
сақтап қалғанынан көреміз (мысалы, кітап-
тағы  күн  –  әділдіктің,  ай  –  дәулеттің  Сим-
волы. «Ал бұл арабтардан енген түсініктер 
емес. Сірә, бұлар Тәңірге сиынған жұрттың 
символдары болғанға ұқсайды» (1, 53)). 
-  Ахмет  Иассауи  дінді  жоққа  шығар-
маған  ойшыл.  Ол  өзінің  «Диуани  хикма-
тында» дін мен өмір философиясын тоғыс-
тары  отырып,  өзінше  ойлар  қорыта  білген. 
«Алланың берген еркі өзіне дұшпан» деген 
өлең  жолын  Ғарифолла  Есім  терең  пәл-
сапалық  ой  ретінде  тарқатады.  Ахмет  Иа-
ссауи  Алланы тануды адамның өзін-өзі та-
нуының алғышарты деп қараған; 
-  Абай  да  екі  өркениеттің  алмасқан 
заманында  дүниеге  келді.  Ол  да  ренессан-
стық  тұлға.  Оның  екі  дәуірді  тоғыстыруға 
қосқан бірінші үлесі: 
-  Билер  шығармашылығына  талдау 
жасаған, өйткені отырықшы өмір ауыз әде-
биеті  дәстүріне  реформа  жасауды  талап 
етті.  Ақын  қазақ  ақындарының  шығарма-
шылығын  әлемдік  поэзиядағы  озық  үлгі-
лермен салыстыра отырып тануды көздеді; 
-  Өзінің  философиялық  көзқарас-
тарын  шығармаларында  анық  көрсеткен. 
Соның ішінде ғылым мен дінге қатынасын 
айту бірінші орында. Ғылымды позитивизм 
тұрғысынан  көруді  жөн  көрді  (Спенсер, 
Конт). 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Есім  Ғ.  Хәкім  Абай.  -  Астана:  Фолиант, 
2012  
2.  Бертельс  Е.  Суфизм  және  суфистік  әде-
биет.- Алматы, 1965. 
3.  Қоңыратбаев  Ә.  Қазақ  эпосы  және  түр-
кология. - Алматы, 1987. 
 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
39 
УДК 821.512.122 
ӘБУБӘКІР КЕРДЕРІ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
Игибаева М.М., Еділбаева Г.Б. 
 
Зар-заман  кезеңінде  ғұмыр  кешіп, 
отарлық  езгіге  түскен  қазақ  халқының 
тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар 
шоғырының  белгілі  өкілдерінің  бірі  - 
Әбубәкір  Кердері  Боранқұлұлы.  Әбубәкір 
қара басын күйттеген ақын емес, халықтың 
үнімен  елдің  мұңын  жеткізе  білген  ақын. 
«Тыңдаған азаматқа сөзім дәрі» деп өзі айт-
қандай,  отаршылдыққа  ұшырап  халық  тағ-
дыры талқыға түскен алмағайып заманның 
өзекті  өртер  күрделі  мәселелерін  батыл 
айтып, шебер жеткізген көрнекті ақын. 
Әбубәкір  жазбаша  шайыр  болса  да, 
өзіне  дейінгі  ақпа  ақын,  жыраулар  өне-
гесінен  аулақ  кетпейді.  Ғасырлар  бойы  қа-
лыптасып, халық көңіліне үйреншікті, ұғы-
мына  қонымды  өлеңдік  әдістерді  мол  қол-
дана  біледі.  Ол  ақыл  –  нақылға,  шешендік 
толғаныс  тебіреністерге  құрылатын  толға-
уларында  жол  аяғында:  болар,  болғаны, 
болмас,  кім  ашар,  белгісі  секілді,  емес,  ал-
мас,  артық,  соң,  озды,  аз,  күн  сияқты  сөз-
дерді  қайталау  арқылы  өз  ойын  еркін  жет-
кізе біледі. Сол толғауларында ақын әрі істі 
талқыға  салып  тыңдаушымен  ақылдасып, 
шешіле  сырласып  отырғандай.  Ол  өмірден 
түйінген  –  топшылаған  алуан  жайларды 
ағыла  толғап,  оның  шешім  –  түйіндерін 
иландыра, дәлелдей отырып өзі айтады. 
Болмас бала құрысын, 
Болар бала жас болмас. 
Ұры – қары жиылып 
Ұйытқылы ел болмас. 
Әбубәкір  бірде  осылайша  өтпелі 
өмірдің  өзекті  өтер  шындығын  айтып 
тебіренсе,  енді  бірде  «Дүние  –  теңіз,  біз  – 
шабақ, ортасында шайқаған» «Замана деген 
–  желмая,  қалмасаң,  халқым,  жақсы, 
желмаядан  жығылып»  деп  деп  келер 
күндердің кескініне қарап, алдағыны айтып 
абызша күңіренеді. Онысы халықтың қамы, 
елдің  тағдыры,  ұрпақ  келешегі  туралы 
терең тебіреніс еді. 
Сәуірдің қара бұлыты 
Жауарында ойнаған. 
Күннің түссе шұғыласы 
Қара жер балқып қайнаған. 
Жер жарылып, көк шығып, 
Жасыл шөптер жайнаған. 
Жазғытұры болғанда, 
Адам, пері, хайуанат 
Бірі қалмас панадан. 
Тірілмей жалғыз – ақ  
Адамның сүйек, денесі 
Тар лахатты жайлаған. [1,114 б.] 
Ақынның  осы  жолдарын  оқығанда 
бір  сәт  ойланып  қаласың.  Оның  себебі  – 
бүкіл  тіршілік  оянып,  табиғат  әлемі 
жаңғырып,  жасаратын  шақта,  дүниеден 
өткен 
адам 
болмысының 
пәнидегі 
өзгерістерін  сезінбеуі,  оған  мүмкіндігі 
жоқтығы.  Әбубәкір  бұл  жерде  дін  – 
шариғат жолмен емес, не бір заттың екінші 
бір  затқа  айналып  өзгеріп,  өніп,  өшіп 
отыратын табиғи заңдылықтар тұрғысында 
емес,  жер  басып  жүрген  қарапайым 
адамдардың ұғым, сезіміне  сай суреттеген. 
Қалай  болғанда  да,  ақын  табиғат  пен  адам 
рухын  шебер  шеңдестіру  арқылы  өмір, 
табиғат туралы ойлануға мәжбүр етеді. 
Әбубәкір  өмір  құбылыстарын  шайыр 
ретінде  салмақты  ой,  сарабдал  ақылмен 
ғана  саралап  отырмайды,  кейде  ақпа 
ақындар  өнегесімен  ақтарыла  толғап 
шабытпен шалқи жырлайды. 
Алтында жерге төктім уыстаған, 
Ерліктен ғылым артық ту ұстаған. 
Тап болдым он алтымда бір мінезге  
Топ көрсем жеті мүшем құрыстаған. 
немесе: 
Дүбірлі туған тұлпардан 
Жоғары ұшты тозаңым. 
«Мен  болып  Әмудария  ағар  едім» 
деп 
өзі 
айтқандай, 
осы 
мысалдар 
Әбубәкірдің ақындық өрлігін де, кемел  ой, 
кең тыныстылығын да танытады. 
Әбубәкірдің  өлең,  толғауларында 
араб,  парсы,  түрік,  орыс,  татар  сөздері 
кездеседі.  Ақын  оларды  дүмше  молда, 
надан  қазилардың  шариғат  жолындағы 
білімсіздігін  дәлелдейтінін  яки  әшкерелеп, 
түсіндіретін  қажет  жерлерде,  не  сұрақ  – 
жауап  ретінде  келетін  айтыстарында  ғана 
қолданады. 
Шығармалары 
негізінен 
ұғымды,  өрнекті,  байырғы  қазақ  тілінде. 
Әбубәкірде  кейбір  шайырлар  сияқты  аяқ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет