Научный журнал



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,01 Mb.
#7832
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
46 
лектол.  атлас  жасау,  тілдің  дыбыстық 
жүйесін  тәжірибелік  тұрғыда  зерттеу,  шет 
ел  сөздерінің  сөздігін  жасау,  әр  түрлі  ғы-
лым  салаларына  байланысты  толық  атау-
лық.  сөздіктер  шығару,  лексикография 
теориясындағы  мәселелерді  шешу,  көркем 
әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен 
стилистика  мәселелерін  дамыту,  қазақ 
тілінің  дыбыс  жүйесін  синхрония  және 
диахрония  тұрғысынан  құрылымдық,  ма-
темат.,  лингвистик.  әдістер  арқылы  жан-
жақты  зерттеу,  т.б.  Қазақ  тілін  әр  алуан 
қырынан танып-білуде тіл білімінің алатын 
орны  ерекше.  Қазіргі  тіл  білімі  тілдің  бір 
ізді  жүйені  ғана  құрап  қоймайтындығын 
айқындап  отыр.  Сонымен,  қазақ  тіл  білімі 
қазақ  тілі  жүйесінің  нормалдық  сипатын 
жасай отырып, лексикалық, грамматикалық 
бірліктерді  қолдану  ерекшеліктерін  ай-
қындады, белгіленген ережелер мен сөйлеу 
тәжірибесіне бағына отырып қызмет ететіні 
анықталды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. –Алматы, 1944.  
2. Дуйсебаева М. Қазақ әдеби тілінің кейбір 
мәселелері. - Алматы, 1973. 
3.  Сауранбаев  Н.  Қазақ  фонетикасы 
бойынша этюдтер. - Алматы, 1988. 
4.  Кеңесбаев  I.,  Мұсабаев  Ғ.  Қазіргі  қазақ 
тілі. Лексика, фонетика. - Алматы, 1975. 
5. Қазақстан жазушылары XX ғ. – Алматы, 
2004. 
6. А. Байтұрсыновтың шығармалары. – Ал-
маты, 2003.  
7. 
Қазақ  әдебиеті.  Энциклопедиялық 
анықтамалық. - Алматы, 2010. 
8. Айбын. Энциклопедия. - Алматы, 2011.  
9.  Қазақ  тілі.  Энциклопедия.  Алматы:  Қа-
зақстан  Республикасы  Білім,  мәдениет 
және  денсаулық  сақтау  министрлігі,  Қа-
зақстан даму институты, 1998. 
10.  Қазақстан  жазушылары:  Анықтамалық/ 
Құрастырушы:  Қамшыгер  Саят,  Жұма-
шева Қайырниса - Алматы, 2009. 
 
 
 
УДК 811.512.122 
ОРЫС АУДИТОРИЯСЫНДА КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Амерханова Л. Б. 
 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты 
-  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау. 
Қазақстан  ұлттық  тәуелсіздігінің  үш  тірегі 
–  саяси,  экономикалық,  рухани  тәуелсіздік 
десек,  соның  ішіндегі  басты  ұлттық  құн-
дылығы  -  қазақ  тілі.  Тіл  –  ұлттың  ұлы же-
тістігі.  Бұл  орайда  қазақтың  тілі  ғасырлар 
сынынан  өткен,  шыңдалған,  халықтық 
қасиеті қалыптасқан халық тілі.  
Еліміздегі  өзге  ұлт  өкілдерінің  мем-
лекеттік  тілді  меңгеруі  бүгінгі  күннің 
өзекті  мәселесі  болып  отыр.  Қазақ  тілін 
оқыту  –  қиын  да  қызықты  жұмыс.  Орыс 
тілді аудиториядағы оқытылатын қазақ тілі 
пәнінің мақсаты – студенттерге  қазақ тілін 
меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын 
арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін 
дәрежеге  жеткізу,  қазақ  халқының  әдет-
ғұрпын,  тарихын  танып  талаптандыру, 
Отанды  сүюге,  тілін  құрметтеуге  тәр-
биелеу. Студенттерді қазақ тілін  оқу бары-
сында  мұғалімнің  қойған  сұрақтарын  тү-
сініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін 
дұрыс  айтуға,  әсіресе,  құрамында  қазақ  ті-
ліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тір-
кестерін  дұрыс  қолданып,  сөйлемді  дұрыс 
құруға үйрету.  
Менің  жүргізіп  жүрген  пәнім  кол-
ледждегі  кәсіби  қазақ  тілі  болғандықтан, 
әңгіме  осы  орайда  болмақ.  Орыс  аудито-
рияда кәсіби қазақ тілін үйрету, білдіру қа-
зіргі таңда басты мәселе болып отыр.  «Кә-
сіби қазақ тілінің» мақсаты - қазақ тілін кә-
сіби деңгейде меңгеру. Кәсіби қазақ тілінде 
еркін,  сауатты,  сапалы  оқу,  іс-қағаздарды 
жаза  білуге  дағдыландыру,  сан  алуан  мем-
лекеттік  қоғамда,  ортада  сөйлей  білуге 
үйрету.  Бұл  пәнді  аяқтаған  тіл  үйренушіге 
қойылатын талаптар: 
-  мемлекеттік  тілде  таратылатын  мол 
ақпараттар толқынынан өзіне, өз маманды-
ғына  қажеттісін  таңдап  алып,  оны  комму-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
47 
никативті-функционалдық бағытта қолдана 
білуі керек; 
-  мемлекеттік  тілде  өзіндік  көз-
қарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай 
білуі; 
-  өзінің  алған  білімі  мен  білік-дағды-
ларын,  қазақ  тіліндегі  сөздік  қорын,  тер-
минологияны үнемі дамытып отыруы; 
- мемлекеттік тілде өз мамандығы ая-
сында шешен сөйлеуге дағдылануы; 
-  кез  келген  жағдайда  өз  бетінше 
шешім қабылдай білуі; 
-  проблеманы  танып,  оны  шешудің 
жолдарын  айқындау,  оны  мемлекеттік 
тілде көркем жеткізе білуі керек және т. б.  
Оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі 
түрі – сабақ. Сабақ - мұғалімнің ізденісінің 
нәтижесі.  Сондықтан  да  шығар  қазіргі 
сабақ  қандай  болу  керек,  оның  қандай 
жақтары жеткіліксіз, қай саласына көп мән 
бөлу керек, күнделікті сабақтың сәтті өтуін 
қалай қамтама - сыз етуге болады деген сан 
алуан сұрақтар әрқайсымызды толған – ды-
рып жүргені сөзсіз.  
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты 
тұлға  білім  беретін  мұғалім  емес,  осы 
білімді  қызыға  қабылдауға  дайын  оқу-
шының болуы. «Қызығу - әр қырынан алып 
қарауға  болатын  күрделі  ұғым,  адамның 
белгілі  бір  объектіні  ұнатып,  білуге  ұм-
тылған іс-әрекетіне қуаттандыратын психи-
калық  ерекшелік»  деген  пікір  айтады  ға-
лымдар  М.  Беляев,  Н.  Морозова,  С.  Ру-
бинштейн.  Қызығу  адамды  жаңаны  білуге, 
әрекеттің жаңа әдістерін іздестіруге құмар-
ландырады.  Сондықтан  адамның  қызығуы 
бір  іспен  шұғылданғанда,  әр  түрлі  әрекет-
терде көрініс табады.  
Сабақты сәтті ұйымдастырудағы бас-
ты мақсат - студенттің сабаққа деген қызы-
ғушылығын  арттырып,  бүгінгі  заман  та-
лабына сай білім беру. Қызықты сабақ бол-
са, оқушының сол пәнге қызығуы артып қа-
на  қоймай,  мұғалім  жаңалығы,  ізденісі, 
қолданған  әдісі  арқылы  ерекшеленіп, 
оқушы  жүрегінен  жол  табады.  Сабақтың 
сәтті  өтуі  біріншіден,  мұғалімнің  біліміне, 
іскерлігіне,  тәжірибесіне  байланысты  бол-
са, екіншіден, сабақ материалына, ал үшін-
шіден, топ типіне, төртіншіден мұғалім мен 
оқушының көңіл – күйіне де байланысты.  
Сабақты  сәтті  ұйымдастырудың  бір-
неше алғышарттары бар. Олар: 
-  Сабақтың  тақырыбына  сай  сабақ 
жоспарын  жасау.  Сабақ  жоспары  нақтылы 
жүзеге асатындай етіп жасалынуы қажет.  
-  Тақырыпқа  сай  сабақ  түрін,  оның 
әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.  
-  Қосымша  материалдарды  тақырып-
қа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу.  
-  Дидактикалық,  техникалық  құрал-
дарды  мақсатқа  сай,  студент  сезіміне  әсер 
ететіндей тұрғыда пайдалану.  
-  Сабақта  алдыңғы  қатарлы  озық  іс-
тәжірибелер  мен  жаңа  технологияларды 
пайдалану.  
Демек,  студенттердің  тілін  дамыту 
жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту 
деген сөз. Өйткені, студент қай пәнде оқып 
–  үйренсе  де,  ол  өзінің  істеген  жұмысын, 
көрген-білгені  туралы  күнбе-күн  сөйлеп, 
ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан, 
кәсіби  қазақ  тілі  сабақтарындағы  тіл  да-
мыту  жұмыстары  студенттердің  жалпы 
ойын  дамытуға  бағытталады.  Яғни,  сту-
денттердің  тілін  дамыту  мәселесі  олардың 
ойлау  қабілетімен  байланыстырыла,  сон-
дай-ақ  ойлау  мен  сөйлеу  процесінің  бір-
лігінде ұйымдастырылады.  
Тіл  дамыту  жұмысы,  негізінен,  мы-
надай төрт бағытта жүргізіледі: 
1) мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөл-
шеріне  үйрету,  яғни  орфографиялық  дағ-
дыны  меңгерте  отырып,  студентке  мәнер-
леп оқу дағдыларын қалыптастыру; 
2)  лексикалық  жұмыстар  жүргізу  ар-
қылы студенттің сөздік қорын байыту; 
3)  жаңа  сөздер  үйрету,  сөздерді  үй-
рете  отырып  жаңа  сөздер  жасайтын  фор-
маларды  меңгерту  арқылы  сөз  бен  сөз-
дердің  байланысын,  сөйлем  құрап  үйрету, 
сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы син-
таксистік лексикадан мәлімет беру; 
4)  студенттің  ойын  жазбаша  дұрыс, 
сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақ-
сат етіледі.  
Тіл  дамыту  –  қазіргі  колледждің  оқу 
тәрбие  ісіндегі  басты  проблема  –  тіл  мен 
сөйлеу  процесін  жіктей  оқыту,  студенттің 
дұрыс  сөйлей  білуіне  көңіл  бөлу.  Сту-
денттердің  ауызекі  сөйлеу  тілін,  тіл  мә-
дениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім 
беру  –  қазіргі  кезде  колледж  мұғалімде-
рінің,  тіл  мамандарының  алдынды  тұрған 
басты міндеттердің бірі.  
Тіл  дамыту  жұмыстары  ауызша-жаз-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
48 
баша  жаттығулар,  мәтінмен  жұмыс,  маз-
мұндама,  шығарма,  диктант,  мақала  жазу, 
мінездеме  беру,  суретпен  жұмыс,  сұраққа 
жауап  жаздыру,  жоспар  жасату,  кітап  оқу 
сияқты  жұмыс  түрлері  арқылы  іске 
асырылады.  
Кәсіби  қазақ  тілінің  оқыту  сапасын 
арттыру  мамандыққа  қатысты  мәтіндер 
арқылы  жүзеге  асырылатыны  дәлелденіп 
отыр.  Студент  өз  мамандығына  байла-
нысты мәтінді қызыға оқиды.  
Мәтін  –  тілді  оқытуда  негізгі  құрал. 
Оқу,  жазу,  тыңдау  сөйлеу  арқылы  жүзеге 
асады.  Мәтіндер  арқылы  студентке  келе-
шек мамандығы бойынша өте қажетті, пай-
далы  мағлұматтар  беріледі.  Ол  студент 
білімін,  танымын  толықтырады.  Мәтінмен 
жүргізілетін  жұмыс  екі  түрлі  мақсатты 
көздейді: 
1) Студенттің сөздік қорын байыту; 
2) Қазақша сөйлеуге үйрету, қазақша 
дағдысын қалыптастыру.  
Тіл  дамытудың  басты  құралы  сөздік 
қорда  жатады.  Студенттің  сөздік  қорының 
неғұрлым көп болуы және  оны тиімді қол-
дана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Сту-
денттің  сөздік  қорын  байытып,тілін  ұс-
тартуда  шешуші  рөл  атқаратын жұмыстар-
дың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы 
арқылы  оқушының  тіл  байлығын  молай-
тумен қатар,дұрыс жазуға да дағдыландыра 
аламыз.  Кәсіби  лексиканы  дамыту  мәсе-
лесінде, яғни сөздік қорды байыту – өте ма-
ңызды  мәселе.  Ал  өзге  ұлт  өкілдеріне  кә-
сіби  қазақ  тілін  оқытуда  ол  басты  бағыт-
тардың  бірі  болып  саналады.  Тілді  мең-
гертудің  негізгі  мақсатына  жету  үшін  тіл 
дамытуға,  оның  ішінде,  сөздік  қорды 
байыту  жұмысына,  грамматика,  орфоэпия, 
жазылым,  оқылым  деген  жұмыстар  ілігіп 
жүруі  тиіс.  Бұл  мәселені  кәсіби  қазақ 
тілінде  дұрыс  сөйлей  білетін  мамандарды 
даярлау және олардың сөздік қорын кәсіби 
лексикамен  дамытумен  байланыстыруға 
болады. Осындай дағдыларды қалыптасты-
руда  студенттердің  сөздік  қорын,  кәсіби 
лексикасын  дамыту  ісі  жақсы  нәтиже 
берері  сөзсіз.  Кәсіби  қазақ  тілін  оқытуда 
жақсы  нәтижелерге  жету  үшін,мынадай 
басты  бағыттарда  жұмыс  түрлерін  жүргі-
зген  тиімді.  Ең  бастысы,  студенттердің 
қазақ  тілінен  тілдік  қорын  молайту.  Ол 
үшін  сөздік  жұмыстарын  үнемі  жүргізу. 
Қазақ  тіліндегі  сөздер  көп  мағыналы  және 
синонимдер  мен  омонимдерге  бай.  Сөй-
лемде  осындай  сөздердің  мағынасын  ажы-
рата  білуге,  оларды  тиімді  қолдана  білуге 
үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң 
нәтижелер береді.  
1) Оқушылардың сөздік қорын байы-
туда сөздік жұмысының алатын орны ерек-
ше,  сабақ  процесінде  сөздік  қорды  байы-
тудың  мынадай  жолдарын  пайдалануға 
болады:  мәтін  бойынша  сөздік  қорды 
байыту.  
2)  Сөздік  жұмысының  енді  бір  са-
ласы  -  әңгіме,  өлең  оқып,  мақал-мәтел, 
жұмбақ жаттаумен байланысты.  
3)  Әр  сабақта  жаңа  сөздерді,  сөз 
тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, 
жатталып  отырылуы  қадағалап  отыру  қа-
жет.  Әр  сабақта  игерілген  жаңа  сөздер 
ауызша,  жазбаша  сөзде  үнемі  қолданылып 
отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі 
болады.  Сөздікпен  жұмыс  грамматикалық 
анықтамалар,  жаттығу  жұмыстарын,  су-
ретпен  жұмыста,  өлең,  жұмбақ  түсін-
діргенде,  сұрақтарға  жауап  бергенде  де 
жүргізіліп отырады.  
Кәсіби  тілді  меңгертуде  сөз  тіркес-
терімен  оңтайландырып  алынған  маман-
дыққа  қатысты  мәтіндермен,  кәсіби  тер-
миндермен,  сөздіктермен  жұмыс  түрлері 
жүргізіледі.  Мамандықтарына  байланысты 
шағын мәтіндер, сұхбаттар құрастыруға бо-
лады.  Әр  тақырыпқа  сай  сөздік  және 
лексикалық  минимум,  сұрақтар  беріледі. 
Әр  сабақтан  соң  мазмұнына  сай  сұрақтар 
мен  тапсырмалар  беріліп,  қорытындылау 
мақсатында түрлі рөлдік ойындар мен түрлі 
жағдай бойынша тапсырмалар беріледі.  
Студенттер  мәтінмен  әртүрлі  жұ-
мыстар  істегенде  (мәтінді  оқу,  мәтінге  ат 
қою,  мәтін  бойынша  сұрақтар  дайындау, 
диалог  құрастыру  т.б.)  байланыстырып 
сөйлей  білуге  үйренеді.  Мәтін  –  қашан  да 
тілдік әрекеттің нәтижесі болып табылады.  
Дайын мәтін ала отырып: 
-  Студенттерге  мынадай  жұмыстар 
орындату  тиімді:  сөз  тіркестері  арқылы 
сөйлем  құрату,  аяқталмаған  сөйлемді  аяқ-
тау, диалогты сөйлем құрату, әңгімені аяқ-
тау,  белгілі  таныс  тақырыптар  бойынша 
бір-бірінің  жұмысын  реакциялату  тағы 
басқа  –  осындай  жүйелі  жүргізілген  жұ-
мыстар  арқылы  студент  дұрыс  сөйлем  құ-

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
49 
растыруға бейімделеді.  
-  Адам  бір-бірімен  сөйлеу  тілі  ар-
қылы  тікелей  қарым  -  қатынас  жасайды. 
Сөйлеу  тілі  арқылы  адам  екінші  бір 
адамның айтқан сөзін естиді, тыңдайды әрі 
онымен  пікір  алысып  сөйлеседі.  Адам 
осындай  сөйлеу  барысында  тілдің  түрлі 
көркемдік  тілдік  құралдарын  пайдаланы-
лады.  
-  Ал  жазбаша  сөйлеу.  Адам  сөй-
леммен  ойын  жүйелі  беруде  тілдегі  түрлі 
жалғау,  жұрнақ,  түрлі  тыныс  белгілерін 
(нүкте,  қос  нүкте,  үтір,  сызықша,  тырнақ-
ша, леп белгісі, сұрау белгісі т.б.), синоним, 
омоним,  теңеу,  салыстыру  сияқты  тілдік 
құралдарды пайдаланады.  
Қазіргі заман талабына сай білім беру 
үрдісі  білімді  жеке  тұлғаға  қарай  бағыттай 
отырып,  тұлғаны  жан-жақты  дамытуға, 
шығармашылықпен  айналыстыруға  жол 
ашып  отыр.  Алайда,осы  іс-шаралардың 
барлығы  мұғалімнің  ұйымдастыруы  мен 
шеберлігінің нәтижесінде іске асырыларды.  
«Білім  туралы  Қазақстан  Республи-
касының Заңында» «Жеке адамның шығар-
машылық,  рухани  және  дене  мүмкін-
діктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  са-
лауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 
қалыптастыру,  жеке  басының  дамуы  үшін 
жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» 
-  дейтін  тұжырымдар  бүгінгі  білім  берудің 
мақсаттары  мен  міндеттерін  ғана  емес,  тіл 
дамытудағы  өзек  жарды  мәселелерді  де 
айқындайды.  Тіл  дамыту  мақсатындағы 
жүргізілетін  жұмыстар  студенттің  ойлау 
қабілетіне,сондай-ақ  өз  ойын  жеткізе 
білуіне,  шығармашылық  ізденісіне  жол 
ашады.  Сукенттің  білімі  ғана  жетіліп 
қоймайды,қабілетінің,дарын 
көзінің 
ашылуына түрткі болады.  
Әр  мұғалім  тіл  ұстарту  жұмыстарын 
шығармашылықпен  жүргізіп,дұрыс  ұйым-
дастыра  білсе,  ол  студенттің  күнделікті 
өмірдегі  құбылысты  жан-жақты  түсіне 
білуіне,  білген  нәрселерін  ауызекі  сөз-
дерінде  қолдана  білуіне  жағдай  жасайды. 
Тіл  дамытудағы  өнімді  тәсілдердің  бірі  – 
шығармашылық  тапсырмалар.  Шығарма-
шылықтың  түрі  әр  алуан,  мәні  біреу  –  ол 
жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрір 
бала  өзінше  талантты,  әрқайсысы  шығар-
машыл  бола  алады.  Шығармашыл  бала 
өзінің  қабілетін,күш-қуатын,  бейімділігін 
сезіне  алатынын  дәлелдейді.  Тамаша 
педагог  В.  Сухомлинский:  «Шығармашы-
лық  арқылы  тұлғаның  рухани  байлығы 
қалыптасады, 
шығармашылық 
адамды 
адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан 
да  колледждің,  мұғалімнің,  ата-ананың, 
тәрбиешілердің  негізгі  мақсаты  баланы 
өмірге,  еңбекке  шығармашылықпен  қара-
уға  үйрету»  –  деп  атап  көрсеткен.  Сту-
денттерді  тіл  дамыту  жұмыстарында  шы-
ғармашылық 
жұмыстарға 
жетелеуде 
төмендегідей 
талаптарды 
басшылыққа 
алуға болады: 
•  Шығармашылық  жұмыстар  жеке 
тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталады; 
•  Білімді  өз  беттерімен  алу  іс-әре-
кеттері көзделеді; 
•  Шығармашылық  ізденістеріне  жол 
ашылады; 
•  Студенттердің  қызығушылығына 
түрткі жасалады; 
•  Іздендіру,  зерттеу  жұмыстарына 
жұмылдырылады.  
Тұжырымдай  келгенде,  шығармашы-
лық жұмыстар: 
-  студенттің  сөздік  қорларын,көркем 
тілдерін байытады; 
- сауатты жаза білуге төселттіреді; 
-  теориялық  білімді  тәжірибеде  қол-
дануға жол ашады; 
-  өз  беттерімен  ізденуге,  шығарма-
шылықпен айналысуға дағдыландырады.  
Жаңа  уақыт  өткен  сайын  қуса  жет-
кізбестей  қарқынмен  дамып  жатыр.  Қа-
зақстан  Республикасы  «Білім  туралы» 
Занның сегізінші бабында: «Қазіргі кезеңде 
білім  берудегі  негізгі  мақсат  –  оқытудың 
жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  коммуника-
циялық  желілерге  шығу,  жан-жақты  бі-
лімді, өмір сүруге икемді, іскер, өзіндік ой 
толғамы  бар,  адамгершілігі  жоғары,  қа-
білеті жанды қалыптастыру.  
Ғалым  В.М.  Монахов:  «Педагоги-
калық технологиялар дегеніміз – оқыту үр-
дісін  жобалау,  ұйымдастыру  мен  жүр-
гізудің ойластырылған моделі» - деп айтты. 
В.П.  Беспалько  «Оқу  үрдісін  жүзеге 
асырудың мазмұндық техникасы» - деді.  
Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назар-
баев  өзінің  Қазақстан  халқына  арнаған 
Жолдауында  мемлекеттік  тілдің  оқыту 
сапасын  арттыру  қажеттілігіне  ерекше 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
50 
назар  аударды:  «Халықаралық  тәжіри-
белерге  сүйене  отырып  қазақ  тілін  оқы-
тудың  қазіргі  заманғы  озық  бағдарлама-
лары  мен  әдістерін  әзірлеп,  енгізу  қажет. 
Мемлекеттік  тілді  тиімді  меңгерудің  ең 
үздік  инновациялық,  әдістемелік,  тәжіри-
белік  оқу-құралдарын  әзірлеу  керек».  Қа-
зіргі  таңда  оқытудың  елуден  астам  тех-
нологиясы  бар  екенін  ғалымдарымыз 
айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім 
беру  жүйемізге  еніп,  тәжірибемізден  орын 
алуда.  Осы  тұрғыда,  қазіргі  кезде  мемле-
кеттік  тілді  игеруде  көптеген  педагоги-
калық  технологияларды  қолданып,  оңтай-
лы жетістіктерге жетуге болады.  
Қазіргі  кезде  жаңа  инновациялық 
технологиялармен  білім  берудің  негізгі 
мақсаты – қоғамның талаптарына сай жеке 
тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да кол-
ледждерде  кәсіби  қазақ  тілін  оқыту  ба-
рысында  студенттерді  болашақ  өз  маман-
дықтарына  сай,  яғни  болашақ  мамандарға 
қазақша  кәсіби  сөйлеуге  үйретуде  жүйе-
лілік  пен  сабақтастық,  бірізділікті  қалып-
тастырудың  маңызы  ерекше  деуге  болады. 
Әрине,  мамандыққа  қатысты  тілді  меңгеру 
арнайы  алынған  бір  мәтінді  оқыту  және 
аудартумен  ғана  шектеліп  қалмай,  мә-
тіндегі  тақырыптық  сәйкестіктің  алынып 
отырған  мамандыққа  сай  мазмұн  түсінік-
тілігін қалыптастырып, мәтінге лексикалық 
және  грамматикалық  материалдардың  сәй-
кестілігін басшылыққа алу керек.  
Жаңа  технологияларды  сабақта  қол-
данудың тиімділігін қашан да жолға қояры-
мыз  анық.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру 
үшін  өзім  кәсіби  қазақ  тілі  пәні  бойынша 
оқытудың  «Оқу  және  жазу  арқылы  сыни 
ойлауды  дамыту»  технологиясын  жиі 
қолданып,  сабақты  барынша  түрлендіріп 
өткізуге тырысамын.  
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  өз  алдына 
сұрақтарға ауа  іздеп,  жан-жақты пікірлесу, 
талдау  жасап  отыру,  яғни  оқушының 
санасын  сол  тақырыпқа  байланысты  ояту, 
ой  шақыру,  ойын  жеткізу  оны  дәлелдей 
алу.  Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 
күрделі  процес  болып  келеді.  Сыни  тұр-
ғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: 
1) Нақты мақсат қоюға дағдыланады; 
2) Өзіне деген сенімді артады; 
3) Оқу процесіне белсенді қатысады; 
4) Жолдастарының пікірін сыйлайды; 
5) Өзін толғандыратын, проблемалық 
сұрақтар қоя біледі; 
6)  Сараптауға,  бағалауға  дағды-
ланады; 
7)  Пәнге  деген  қызығушылығын  ар-
тады.  
Сөйтіп,  жоғарыда  аталған  әдіс-тәсіл-
дерді  қолдана  отырып,  мұғалім  әр  сабақта 
оқушыға  жағдай  жасап  түрлі  технология-
ларды  жүйелі  қолданып,  оларды  шығарма-
шылықпен  пайдалана  білсе,  жақсы  нә-
тижелерге қол жеткізуге болады.  
Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі 
–  еліміздің  мәртебесі,  сондықтан  сауатты, 
мемлекеттік  тілді  жетік  білетін  азамат 
тәрбиелеу  біздің  мақсатымыз.  Мұғалім 
әрдайым  ізденісте  болса  ғана,  орыс  тілді 
аудиториядағы 
студенттердің 
қазақша 
сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген 
қызығушылықтары артады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қадашаева  Қ.  Жаңаша  жаңғыртып  оқы-
тудың ғылыми әдістемелік негіздері өзге 
тілді  дәрісханалардағы  қазақ  тілі.  Авто-
реферат. - Алматы, 2001.  
2. Қадашева Қ. Қазақ тілі: оқытудың тиімді 
әдістемелері. – Алматы, 2000. 
3. Қазіргі қазақ тілі теориясы және лингво-
дидактика  мәселелері  (9-шығуы).  – 
Алматы, 2004.  
4.  Нұржанова  А.С.  Орыс  аудитория-
сындағы қазақ тілі сабағында мамандық-
қа негізделген терминдер мен мәтіндерді 
оқыту әдістері. - Қызылорда, 2002.  
5.  Халперн  Д.  Сыни  тұрғыдан  ойлаудың 
психологиясы. - СПб, 2002.  
6. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар 
идеялары  мен  тәжірибелері.  -  Алма-Ата, 
1985.  
7.  Жұмабаев  М.  Педагогика.  -  Алма-Ата, 
1992. 
 
 
 
 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
51 
УДК 821.512.122: 004 
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Самарханова Н.Н. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім 
беру туралы» Заңында еліміздің білім беру 
жүйесінің  басты  міндеттері  атап  көрсетіл-
ген.  Сол  міндеттердің  бірінде  былай  де-
лінген:  «Білім  беру  жүйесін  ақпараттан-
дыру,  оқытудың  жаңа  технологиясын 
енгізу, халықаралық коммуникациялық же-
лілерге  шығу»  делінген.  Бұл  міндеттерді 
шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім бе-
рудің  жаңа  жүйесіне  көшуіміз  керек  екен-
дігі айдан анық. Бұл үшін әр мұғалім, жеке 
тұлға  күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық 
жаңалықтар  мен  өзгерістерге  батыл  жол 
ашарлық  жаңа  тәжірибеге,  жаңа  ақпарат-
тық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық 
және  жеке  құзыреттіктерге  ие  болуы  тиіс. 
Бұл  талаптар  күнделікті  әдістемелік  жұ-
мыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы не-
гізінде  жүзеге  асырылады.  Олай  болса, 
бүгінгі  күннің  басты  талабы  –  жаңа  ақ-
параттық  технологияларды  пайдалану  ар-
қылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара 
тұлғаға  бағыттап,  оқыту  мақсаттарын 
жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің 
барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  са-
пасын жоғарылату. 
Елімізде  болып  жатқан  әлеуметтік-
экономикалық  өзгерістер,  күннен-күнге 
үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, ең-
бек нарығындағы бәсекелестіктің артуы кез 
келген оқу орнын бітірушілерге қойылатын 
талаптарды  күшейтуде.  Қазіргі  кездегі 
білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, 
болашаққа  жаңа  көзқараспен  қарай  білетін 
және  өзгерістерге,  өмір  сүруге  бейім,  өзін-
дік ой-толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны 
қалыптастыру.  Бұған  қоса,  оқытушының 
билік  жүргізу  әдісінен  арылуы;  оқыту  ке-
зінде  білім  беретін  оқытушы  емес,  осы 
білімді  қызыға  қабылдауға  дайын  студент 
екендігін түсіну, студенттердің оқуға деген 
ынтасын  күшейту,  өз  дербестігін  дамыту 
қажет. 
Осыған  байланысты  студенттердің 
шығармашылық  әрекетін,  білімді  өздігінен 
ізденіс  арқылы  табудың  жолын,  жалпы 
педагогикалық  принциптерді  басшылыққа 
алу  біліктіліктерін  көтеру  мәселесі  қойы-
лып отырғандықтан, білім беруді ұйымдас-
тырушы - оқытушы мен білім алушы – сту-
денттер 
арасындағы 
қарым-қатынас 
дәрежесі  мүлдем  басқаша  жаңа  деңгейге 
көтерілуі  тиіс.  Осының  негізінде  оқыту 
әдістері  мен  оқу  әрекеттері  түрленіп, 
жұмыстың құрылымы да, мазмұны да, оны 
ұйымдастырудың  педагогикалық-психоло-
гиялық мақсаты да кешенді түрде өзгеріске 
ұшырады.  Осындай  өзгерістерден  кейін 
көп  жылдардан  бері  қалыптасқан  сабақ 
беру  әдістері,  оның  ішінде,  студенттерге 
дайын  білімді  бере  салу,  ұсынылған  тап-
сырманы  орындату,  бір  сарынды  тапсыр-
малар  жүйесі  сияқты  жұмыс  түрлері  өз 
актуалдығын жоғалтты. 
Қазіргі  ХХІ  ғасырда  ақпараттанған 
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін бі-
лім  беру  саласында  төмендегідей  міндет-
терді  шешу  көзделініп  отыр.  Олар:  ком-
пьютерлік техниканы, интернетті, компью-
терлік  желі,  электронды  оқулықтарды  оқу 
үрдісіне  тиімді  пайдалану  арқылы  оқу-
шылардың білімділігін күшейту және білім 
сапасын көтеру. 
Ақпараттық  технологияларды  пайда-
ланып  оқыту  мынадай  нәтижелерге  қол 
жеткізеді: 
- оқу материалын терең түсінуге; 
- оқу мотивациясының артуына; 
-  алған  білімнің  ұзақ  уақыт  есте 
сақталуына; 
-  білім  беруге  жұмсалатын  шығын-
ның азаюына, т.б. 
Мысалы, қазіргі уақыттағы қазақ тілі 
сабақтарында  жаңа  ақпараттық  техноло-
гияларды  пайдалана  отырып,  оқушылар-
дың  сөздік  қорын  молайту,  сөйлеу  тілінің 
грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды 
дұрыс  айту,  диалогтік  сөйлеудің  қалып-
тасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға 
дағдыландыру,  дүниетанымын,  ой-өрісін 
кеңейту,  өмірге  деген  көзқарасын  жан-
жақты  дамытып,  шығармашылық  қа-
білетіне жол ашуға болады. 
Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет