Научный журнал



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,01 Mb.
#7832
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
40 
басса  сүрініп  жатқан  шұбарлығы  жоқ. 
Әбубәкір өлеңдерінің негізгі тақырыптары: 
заман  жайы,  қазақ  халқының  бұрынғы, 
ақын  тұсындағы  хал  –  жайы,  халыққа, 
замандастарына,  кейбір  жеке  адамдарға 
уағыз,  кеңес,  оқу,  ғылым,  өнер,  дін,  мінез, 
қылық, өз ахуалы болып келеді. Бәрі де сол 
кезде  ақындар  көп  жырлаған  мәселелер, 
соларды Әбубәкір өзінше жырлайды. 
Бірақ  Әбубәкірдің  ой  –  пікірі,  бағыт 
көзқарасы толқымалы, біріне – бірі қарама 
–  қарсы,  шытырман  қайшылықты.  Ол  өзі 
сөз  еткен  тақырыптарының  кейбірі,  ең 
негізгісі  туралы  біресе  олай,  біресе  бұлай 
деп,  біріне  –  бірі  қайшы  екі  түрлі  пікір 
айтады. 
Мысалы, 
өз 
заманының, 
қазақ 
халқының  өз  тұсындағы  хал  –  жайын  сөз 
еткенде,  Әбубәкір  оны  біресе  мақтайды. 
Әңгімені 
қазақ 
халқының 
Ресейге 
қосылуынан бастап, ол өте  орынды болды, 
қазақ халқы: 
Бағынған бұл патшаға әуел бастан, 
Әділдік табылар деп артын ойлап. 
Кіріпті Әбілқайыр заманында, 
Кеңдік  бар  деп  осының  ғаламында,  -
деп ойлағандай болды. 
Біресе Әбубәкір осының бәрін жоққа 
шығарады:  қазір  заман  бұзылды,  бұл 
заманның  адамы,  заңы,  дәстүрі  бұзылды; 
қазақтың 
жері 
тартылды, 
дәулеті 
сарқылды, - деп зарлайды. 
Заманым өтті ел азды, 
Ел ішінде ер азды. 
Айдын – айдын сулардың 
Балығы кетіп көлі азды. 
Ойпаң – ойпаң жерлердің 
Оты кетіп жері азды... 
Еділ, Жайық екі су 
Ел қонуға тар болды. 
Қарағай, қайың, тал, терек. 
Тамыр түбі таусылып, 
Қамшы сапқа зар болды... 
Заманның түрін байлармын, 
Бұрынғының бірі жоқ, 
Жақсылардың күні жоқ, 
Осыларды жоқтап зарлаймын... - дейді. 
Осы  сияқты,  оқу,  өнер,  ғылым  ту-
ралы  шумағында  да,  Әбубәкір  оны  біресе 
дәріптейді:  қазақ  халқын  оқуға,  орысша 
оқуға, ғылым өнер үйренуге шақырады: 
Өнерді білгендердің ісі батыл, 
Өнерсіз бай болса да, болар фақыр... 
Қазағым, қафыл болмаңыз, 
Өнерден бос қалмаңыз. 
Қасындағы Руссия 
Тура ғылым шығарды, 
Оқып, біліп жолдаңыз. 
Орысша ғылым білмесең,  
Еш пайдаға аспай тұр. 
Мұсылманша молдаңыз, - дейді. 
Біресе  ол  оқуды,  өнер,  ғылымды, 
кәсіпті  бағалатпайды;  орыс  тілін  үйренуге, 
жаңа  киім  –  кешекке,  жаңа  құрал  – 
сайманға қарсы шығады: 
Сөйледің екі түрлі тілінде адам, 
Тілі екеудің діні екеу деген сөз бар, 
Аңдамай бұзып алма дініңді адам. 
Дау менен, ер талабы, сауда болды; 
Түйе мен қатар – қатар арба болды; 
Тар шалбар, қынамалы бешпет киіп, 
Әлхамды шала білген молда; 
Шаруасы тамылжыған қазақ еді, 
Мынау іс, байқап тұрсам, сорға болды... 
Тар шалбар, бешпет шықты қынамалы, 
Жігітке шапан киген ұнамады; 
Сары жез самауары тағы шықты, 
Машина шүмегі бар бұрамалы; 
Төсектен ерте тұрып басы ауырса, 
Бөтен ем шайдан басқа сұрамады, - дейді. 
Сайып  келгенде,  Әбубәкір  өлең-
дерінде  жаңалықты,  өнер,  ғылымды  мақ-
тауы  басым  жатады;  олар  уағыз,  ақыл 
болып келеді.  
Әбубәкір  бірді  –  екілі  өлеңінде  ба-
уырмалдықты,  достықты  жыр  етеді.  Ол, 
мысалы,  «Әбубәкір  молданың  ноғай  хал-
қына  насихат  қылып  айтқаны»  деген  тол-
ғауында:  қазақ,  ноғай,  өзбек,  қарақалпақ, 
түрікпен  –  бәрі  туыс,  қарындас,  бәрің  ын-
тымақты бол – дегенді айтады. 
Әбубәкір адам жасы, адам мінезі, өзі 
жайлы,  қазақ  арасындағы  оқу  жайлы  өлең 
жырлары мәнді де жарасты. Осы мәнділігі, 
жарастылығы  арқылы  Әбубәкір  өлеңдері 
халық арасына көп жайылған. 
Бір  айта  кететін  жай,  ақын  өз  өмір-
баянын  өзі  жырлапты,  тіпті  қай  жаста  не 
істеді,  кіммен  қандай  қарым  –  қатынаста 
болды,  нені  сүйді,  неден  жиіркенді,  бәрін 
де қолмен қойғандай толғапты, ол:  
Әуелі туғаннан соң бірге жеттім, 
Еңбектеп екі жаста төрге жеттім. 
Үш пенен төрт жасымда тілім шығып, 
Шүлдірлеп ата – анамды ермек еттім. 
Келген соң бес жасымда ойын білдім, 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
41 
Ойыннан қалғанымды уайым білдім. 
Алтыда балалармен асық атып,  
Ойынның неше түрлі жайын білдім. 
Шынында,  балалық  жастық  мерекесі 
де, «берекесі де» ойын екені рас. Ойынның 
өзі  өмір,  ол  баланы  ойлантып  қана  қой-
майды,  күлдіреді  де  жылатады,  қуантады, 
мұңайтады,  ойлантады,  есейтеді.  Ойын  бір 
қарағанда  қызық,  думан  сияқты  көрін-
генмен,  азаматтың  барлық  алдағы  жарқын 
істерінің  басы,  бастауы  секілді.  Осы 
себепті де Ахмет Байтұрсынұлы:  
Аш бала тоқ баладай ойнамайды, 
Тоқ бала еш нәрсені ойламайды,  
деп  ойлап  жүрген  балалардың  ішінде  де 
бірдей теңдіктің жоқ екенін, оның да сырты 
ойын,  қызық  хикая,  шаттық  күлкі  болға-
нымен,  жік  –  жікке  бөлінетінін  өте  дәл 
байқапты. 
Адам  баласының  тірлігінде  әр  жас-
тың  өзіндік  ерекшелігі  болатыны  белгілі 
ғой. Әбубәкір ақынның жастық шақ жайлы 
жырлары осыны меңзейді, осыны терең тү-
сіндіреді,  жалаң  сезіндіріп  қоймай,  оқу-
шысына ой салады, көркем толғайды: 
Жеткен соң жеті жасқа хайла білдім, 
Сегізде залал менен пайда білдім. 
Айтса да бөтен қазақ жас бала деп, 
Телегей өзімді - өзім дария білдім. 
Тоғызға толғаннан соң молда көрдім, 
Атаның күшіменен зорға көрдім. 
Үйреніп әліп - әбжат, әдеп - әркен, 
Айналып келесі жыл ойға келді. 
Оқуға он жасымда талап қылдым, 
Ықыласпен оқыған соң сабақ білдім. 
Сол жылы Әптиек пен Құран шығып, 
Ойынмен хош айтысып талақ қылдым. 
Он бір мен он екіде түркі білдім, 
Ғылымды зерек жанның мүлкі білдім. 
Шығарған Мүсәннәфтар назым қылып, 
Түркіні тәмәм тілдің көркі білдім. 
Ақын қай жылы не істеді, оны қандай 
мақсатқа  бола  қолға  алды,  өлеңді  қай 
жасында  жазды,  бәрі  –  бәрін  тізбектеп 
жырлап  берген,  жай  жырламай,  дәлелдеп 
әжуалап отырған: 
Он төртте «Мұхтасарды» араладым, 
Әр баптан дәріс алып шамаладым. 
Қарама алды – артыма оқи бермей,  
Қолыма қағаз алып қараладым. 
Қосылды мәжілісім молда менен, 
Жақсыға жақын болдым «Алла» деген. 
Молданың насихатын тыңдасам да, 
Мәсуақ ұстамадым шалмаменен. 
Он бестен оқымадым бермен қарап, 
Сөйледім тең құрбымның алдын орап. 
Айтпасам өз басымның хал – жайын, 
Тілменен не қылайын орып орақ. 
Әбубәкір Кердері өзінің бір жасынан 
бастап  жиырма  жеті  жасына  дейінгі  бүкіл 
өмір  жолын  санамалап,  термелеп,  жырлап-
ты,  жақсымен  бірге  дос  болғанын,  пара-
сатты  да  ақылман  жандардың  батасын  ал-
ғанын,  көлденең  көк  аттыға  тізгін  бермей, 
өзі  әділ  деп  тапқан  сара  жолмен  жүргенін 
өлеңмен  толғапты.  Өзі  он  төрт  жасынан 
бастап  өлеңге  әуестеніпті,  көңілге  түйген 
ойлары  мен  әсерлерін  қағазға  түсіріп 
отырыпты.  Сонымен  бірге,  он  беске  кел-
генше  медреселерде  дәріс  алса,  одан  кейін 
оқуын  бір  жола  тоқтатып,  ел  ішінің  ісіне 
араласыпты.  Ақын  бұл  жөнінде  өзін 
халайық – қауымға қызық таныстырады. 
Алтынды жерге төктім уыстаған, 
Ерліктен ғылым артық ту ұстаған. 
Тап болдым он алтыда бір мінезге, 
Топ көрсе жеті мүшем құрыстаған. 
Шынында,  шайырдың  өзі  айтқанын-
дай, он алты жасынан бастап жайсандармен 
араласып,  ел  –  жұрттың  әр  түрлі  жақсы  – 
жаман  жағдайына  кіріскен,  ауыл  –  айма-
ғына  жомарттығымен,  әділдігімен,  сөзге 
шешендігімен  сүйкімді  көрінген,  көпші-
ліктің  алғысына  бөленген  жастық  күн  са-
нап ісі ілгері басыпты. 
Еліміздің  тарихында  өз  өмір  жолын 
өзі  жырлаушы  ақындардың  мол  болғанын 
айта келіп, М. Әуезов:  «Қазақ әдебиетінде, 
өмірбаянын  бір  жастан  бастап  дәл  бүгінгі 
тоқтап  тұрған  жеріне  тізбектеп,  жалпылап 
санап шығу жалғыз Әбубәкір туғызған түр 
емес,  бұның  бір  түрі  ауызша  айтылған 
«Тарғын»  жырында  да  бар.  Бірақ  соны 
Әбубәкір  пайдаланғанда  жанағы  түрлі  бас 
сырларын  ашып,  содан  ғибрат  туғызам 
деген мақсұтпен айтады. Мазмұны: «жаста 
ғылым  ізде,  содан  білім  алып,  өнер  тап, 
содан  соң  жақсыға  ілесіп,  жақсы  бол, 
көптен  кейін  қалма, өрле  де  үске  шық»  [3, 
95 б.], - дейді.  
Халқымызға қай кезде де ақындар қа-
дірлі  болған  олар  елдің  мұңын,  жұрттың 
арманды  жайларын  толғап  айтқан.  Көптің 
жоғын  жоқтаушы,  көкірегіндегі  шер  –  ше-
менін жібітуші де ақындар еді. Осы себепті 
ақын  –  жырауларын  ел  –  жұртымыз  қадір 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
42 
тұтып  қастерлеген  Әбубәкір  Кердері  де  өз 
кезінің  өткір  айтқыштарынан  саналапты. 
Бұл туралы М. Әуезов былай деген: «Өз уа-
қытында  да,  кейін  де  Әбубәкір  ел  ішінде 
даңқты ақын болған. Сөздерін жазып алып, 
жаттап  алып,  көпшілікке  оқып,  соныңның 
үгітін  туындаушыға  иландырыным,  сіңі-
ремін  деп  пайдаланатын  қауым  аз  бол-
маған.  Ақындық  қуаты  күшті  болмаса  да, 
Әбубәкірдің таптық тұрғысы салт - санасы 
өте  айқын  болғандықтан,  өз  табы  бұл 
шығарған  сөздерді  жанды  сөз  ретінде 
пайдаланады.Көпшілікке  бұрын  атын  зо-
райтып,  дәріптеп,  асыл  сөздін  иесі  деп  тү-
сіндірмек  болады.  Өзі  молда,  шығармасы 
жазылып  басылған  сөз  болады.  Айтқан 
жайы,  тақырыбы  көпшіліктің  көз  алдын-
дағы  күнделік  жайлары  болады,  соны  қаз-
балап, термелеп, көп шұқылап айтады. Жи-
ып  келгенде  өлеңде  заман  жайының  көп 
ерекшелігі  саналып,  тергеліп  өткен  сияқ-
танады.  Кейде  олақ  тілмен  айтса,  кейде 
оқта  –  текте  тауып  айтып  қалатыны  бо-
лады.  Және  осындай  күйде  жазылған 
сөзінің барлығы айнымастан бір – ақ бағыт, 
бір  –  ақ  мақсұтқа  арналған.  Ол  мақсұты: 
молданының, ұстаздың, сыншы – ойшының 
үгіті боп шығу» [3, 97 б.] 
Біз Әбубәкірдің салт – сана жағымен 
таптық 
тұрғысындағы 
ерекшеліктерін 
толығырақ  байқау  үшін  басқа  бір  –  екі 
өлеңінің  мазмұн  сарынын  қысқаша  шолып 
өтеміз.  Сонда,  Әбубәкірдің  өз  тұсындағы 
қоғам  құрылысына  көзқарасы  қандай  еке-
нін білдіретін өлеңдерінің бірі: «Еменшілік 
заманды» жоқтаған. Бұның басы: 
Бісміллә деп сөйлесем, 
Тілге жәрдем бере көр. 
Тіл жаратқан жалалым. 
Жанға жәрдем бере көр, 
Жан жартқан жалалым, -  
деп  барлық  кітапшыл,  діншіл,  шала  оқулы 
ақындардың  үлгісін  тұтынып,  құдайына 
сыйынудан  бастайды.  Тегі  Әбубәкірдің 
барлық өлеңінің басы осымен келеді. 
«Еменшілік  заман»  деп  ала  өткен 
күннің өзіне қызықты, қымбат болған күй-
лерін санамақ. Бүгінгі заманға айтатыны:  
Қайғылы болды заманым, 
Заманым солай болған соң, 
Тайғақ болды табаным. 
Патшадан жәрдем болмаса 
Түзеуге  жоқты  амалым,  -  деп 
заманың  ауыртпалығын,  соған  наразылы-
ғын  айта  отырып,  «Патшадан  жәрдем 
болмаса»  дегенді  айта  кетеді.  Бұл  жері  екі 
ұшты.  «Патшасы»  құдай  болуға  лайық, 
бірақ  Әбубәкір  осы  сөзді  алады.  Бір  жа-
ғынан  тұсындағы  әмірші  «патшасын»  айта 
кетуден  де  жат  емес.  Оны  кейінгі  бір 
өлеңінде: 
Патшаға қызмет қылдық жолға кіріп, 
Бұ қазақ жуасыды қолға кіріп. 
Бұрынғы надандықты жерге тастап, 
Түзелді осы күні ғылым – білім, -  
деген  сөзімен  білдіреді.  Заманға  жалпы 
наразылық  айтумен  қатар,  бұл  патша 
үкіметінің сөзіне қарсы сөйлемейді.  
Қорыта  айтсақ,  Әбубәкір  өзі  өмір 
сүрген  дәуірдегі  көріністер  мен  адамдар 
арасындағы  қарым  –  қатынастарды  сипат-
тауға елеулі үлес қосқан. Өткен мен бүгінгі 
заманды айтқанда көптеген қайшылықтарға 
ұрынып, бұрынғы дәуірдің қаймағы бұзыл-
май қайтып оралуын көксеген ақын. Кейде 
тұрмысқа  ене  бастаған  жаңалықтарға  то-
сырқай  қараса  да,  дәуір  талабына  сай 
орысша  оқуға шақырған. Билік пен әділет-
сіздік, зорлық – зомбылық жөнінде айтқан-
да  дін  қағидаларын  берік  ұстады,  көбінесе 
сол  ұғымдарға  сәйкес  түсіндірмек  болды. 
Ақын өзі өмір сүрген кезеңдегі ел тағдыры 
мен  заманның  мәселелерін  сөз  етіп,  халық 
басына түскен ауыртпалықты жырға қосты. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиеті  тарихы.- 
Алматы: Санат, 1997.  
2.  Сыдиықұлы  Қ.  Тыңдаған  азаматқа  сөзім 
дәрі // Алтынорда. - 2001.- № 1. - 16-17 б. 
3.  Әуезов  М.  18-19  ғасыр  ақындары:  20 
томдық  шығармалар  жинағы–  Алматы: 
Ғылым, 1984.- 15-ші т. 
4. Омаров Б. Зар заман поэзиясы.- Алматы: 
Ғылым, 2000. 
 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
43 
УДК 811.512.122 
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ 
Сеилханова Қ.Қ. 
 
Қазақ  тілі  білімі  -  қазақ  тілін  зерт-
тейтін  ғылым  саласы.  Қазақ  тілі  білімінің 
тарихы  шартты  түрде:  а)  ұлттық  тіл  білімі 
қалыптасқанға  дейінгі  кезең,  ә)  ұлттық  тіл 
білімі  қалыптасқан  кезең  болып  екіге 
бөлінеді.  Ұлттық  тіл  білімі  қалыптасқанға 
дейінгі кезең 19 ғасырдың 2 - жартысынан 
басталады.  Қазақ  тілінің  грамматикалық 
құрылысы  туралы  алғашқы  мәліметтер 
Н.И.  Ильминскийдің  “Материалы  к  изу-
чению  киргиз-казахского  наречия”  деген 
еңбегінде  ұшырасады.  Бұл  -  қазақ  тілінің 
кейбір 
ерекшеліктерімен 
таныстыруға 
арналған  тұңғыш  еңбек.  Кейін  М.А.  Те-
рентьевтің  “Грамматика  турецкая‚  персид-
ская‚ киргизская и узбекская”  (1875), П.М. 
Мелиоранскийдің  “Краткая  грамматика 
казах-киргизского  языка”  (1894‚  1897)‚ 
В.В.  Катаринскийдің  “Грамматика  киргиз-
ского  языка”  (1897)‚  т.б.  еңбектер  жарық 
көрді.  Қазақ  тілін  таныстыру  мақсатын 
көздегендіктен  бұл  еңбектерде  белгілі  бір 
категориялардың  сырын  ашу,  оның  ерек-
шеліктерін  анықтау  жағы  қарастырыл-
маған.  Олар  негізінен  қазақ  тілінің  заң-
дылықтарын,  ерекшеліктерін  орыс  тілімен 
салыстырып, 
сол 
тілдің 
негізінде 
түсіндіруге  тырысты.  19  ғ-дың  2  –жарты-
сында  қазақ  тілінің  лексикогр.  жұмыстары 
қауырт  қолға  алынып‚  дами  бастады. 
Ұлттық  тіл  білімі  қалыптасқанға  дейінгі 
кезеңде  40-қа  жуық  сөздік  жарық  көрді 
(А.Е.  Алекторов,  “Краткий  казахско-русс-
кий  словарь”‚  1891;  “Начальное  руковод-
ство  к  изучению  арабского‚  персидского  и 
татарского  языков  с  наречиями  бухарцев‚ 
башкир‚  киргизов  и  жителей  Туркестана”‚ 
1869;  Т.  Бокин  “Русско-киргизский  сло-
варь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы 
к  изучению  киргиз-казахского  наречия”‚ 
1861,  т.б.).  Орыстардың  Ресей  империя-
сына қараған халықпен қарым-қатынас жа-
сауына  көмектесу  мақсатын  көз  деген  бұл 
сөздіктер  қазақтың  сөздік  құрамын  хатқа 
түсіріп‚  жаңа‚  көне  сөз  дердің  мағынасын 
ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса 
бастаған  кезеңнің  өзі  а)  қуғын  -  сүргінге 
дейінгі  кезең  (1912  -  29);  ә)  қуғын  –  сүр-
гіннен кейінгі кезең (1930 - 88) болып екіге 
бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде 
қалыптасып,  дамуы  Ахмет  Байтұрсынов-
тың  есімімен  тығыз  байланысты.  Оның 
қазақ  тілі  оқулығы  ретінде  жазған  “Тіл  - 
құрал”  атты  еңбектерінде,  мақалалары  мен 
баяндамаларында  тіл  білім  інің  өзекті 
мәселелері сөз болады. 
 
Салалары 
Әліппе  мен  емле  19  ғ-дың  2  - 
жартысында  Ыбырай  Алтынсарин  қазақ 
жазуын  орыс  графикасына  негіздеуге 
талпыныс  жасаса,  20  ғ-дың  басында  Бай-
тұрсынов  қолданылып  келген  араб  гра-
фикасын  жетілдіре  отырып,  қазақ  жазуына 
икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі 
дауысты  және  дауыссыз  дыбыстар  санын 
анықтап,  үндестік  заңдылығын,  тілдің 
фонол.  ерекшеліктерін  айқындап  шықты. 
Байтұрсыновтың  Қазақ  тіл  білімінің  фо-
нетика,  фонология  салалары  бойынша  жа-
саған  тұжырымдары  Е.  Омаров,  Қ.  Ке-
меңгеров,  Т.  Шонанов,  Ж.  Аймауытов,  Қ. 
Жұбанов  еңбек  терінде  жалға  сын  тапты. 
Қазақ  тілінің  дыбыс  жүйесі,  дауыстылар 
мен  дауыс  сыздар  санын  дәл  айқындау, 
қазақ  жазуына  негіз  болатын  принцип 
таңдау  мәселесі  көп  теген  талас  тудырып, 
“Еңбекші  қазақ”,  “Жаңа  мектеп”,  т.б.  ба-
сылым беттерінде ма қалалар жарық көріп, 
қазақ  білім  аздарының  тұңғыш  съезінде 
талқыланды. 
Грамматика  Байтұрсыновтың  оқу-
лықтары,  мақалалары  Қ.  т.  б-нің  грамма-
тика саласының қалыптасуына да негіз бол-
ды.  Ғалым  сөз  жүйесі  мен  түрлері,  сөйлем 
жүйесі  мен  түрлері  деп  атаған  оқу  құрал-
дарында  қазақ  тілінің  морфология,  синтак-
сис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға 
түсінікті  де  жеңіл  тілмен  жеткізуге 
тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, 
сөйлем,  бастауыш,  баяндауыш,  зат  есім, 
етістік,  толықтауыш,  т.б.  атаулар  қалып-
тасып‚  тұрақталды.  Байтұрсыновтың  грам-
матика  саласындағы  еңбектерінде  функ-
ционалды  грамматика,  сөзжасам  мәсе-
лелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
44 
қатысты  тұжырымдары  кейінгі  еңбектерде 
дамытылды. 
 
Лексикология және лексикография 
Оқулық жазу ісімен бірге осы ғылым 
салалары  бойынша  атауларды  қалыптас-
тыру  қатар  жүрді.  Мәселен,  Байтұрсынов 
тілге  қатысты  зат  есім,  сын  есім,  етістік, 
есімдік,  одағай,  үстеу,  шылау,  бастауыш, 
баяндауыш,  есімше,  көсемше,  т.б.  атау-
ларды қазақ тілінің өз байлығын пайдалана 
отырып  ойластырды.  Сол  сиқты  жара-
тылыстану және гуманитарлық сала бойын-
ша  оқулықтар  жазған  ғалымдар  салалық 
атауларды  қалыптастырып,  бір  атаудың 
бірнеше  баламасы  болуына  байланысты 
оларды  бір  жүйеге  түсіруге,  тұрақтанды-
руға  ерекше  мән  берді.  Бүл  кезеңдегі 
сөздіктердің  дені  уақыт  талабына  сәйкес 
атаулық  сөздіктер  болғанымен,  түсіндірме 
сөздіктің  де,  фразеол.  сөздіктің  де, 
диалектол. сөздіктің де жүгін арқалады. Тіл 
тарихы  және  диалектология  жеке  ғылым 
ретінде  қалыптаса  қоймаса  да,  жекелеген 
мақалаларда  тіл  тарихы,  диалектология 
мәселелері  сөз  болды.  Мыс.,  Аймауытов-
тың “Тіл туралы” (“Еңбекші қазақ”, 1926, 9 
наурыз),  “Әдебиет  тілі  мен  емле”  (“Ең-
бекші  қазақ”,  1929,  12  мамыр),  Кемеңге-
ровтың  “Қазақша-орысша  тілмаш  туралы 
түсініс”  (“Еңбекші  қазақ”,  1926,  24 
қараша), “Дұрыс па? Бұрыс па?” (“Еңбекші 
қазақ”  1926‚  10  қараша),  т.б.  мақалала-
рында  жергілікті  тіл  ерекшеліктері,  кейбір 
сөздердің  этимологиясы  сөз  болды.  Со-
нымен қатар Қ. т. б-нің өзекті мәселелеріне 
қатысты  съезд,  конференциялар  ұйым-
дастырылды. Мысалы, 1924 ж. 12 - 18 мау-
сымда  Орынборда  өткен  қазақ  білімпазда-
рының  тұңғыш  съезінің  күн  тәртібінде 
жазу  ережелері,  әліппе,  қазақша  пән  атау-
лары мәселелері  сөз болса, 1927 ж. 28 - 29 
сәуірде  Ташкентте  өткен  бас  қосуда  жазу‚ 
әліпби‚ емле мәселесі талқыланды. Ал 1929 
ж.  2  -  4  маусымда  Қызылордада  өткен  ғы-
лыми-орфографиялық  конференцияда  ем-
ле,  атау  мәселесі  қаралды.  1934  ж.  Қазақ-
тың  ұлт  мәдениеті  ғылыми-зерттеу  инсти-
тутының  құрылуына  байланысты  қазақ  ті-
лін  зерттеу  мәселесі  жүйелі  жүргізіле  бас-
тады.  1936  ж.  КСРО  Ғылым  Академия-
сының  Қазақстандағы  бөлімшесі  құрылып, 
шағын  сөздіктер,  лингвистикалық  жинақ-
тар шығарылып, ғылыми-әдістемелік Мақа-
лалар  жарық  көрді,  орфография‚  термино-
логия мәселелері сөз болды. Осы жылдары 
орта мектеп пен педучилищелерге арналған 
грамматикалық  ғылыми  еңбектер,  сөздік-
тер  басылып  шықты.  1946  ж.  Қазақстан 
Ғылым  Академиясының  құрылуы,  оның 
құрамында Тіл  мен  әдебиет  институтының 
ұйымдастырылуы,  1961  ж-дан  Тіл  білімі 
институтының  бөлініп  шығуы  -  Қ.  т.  б-нің 
көптеген  мәселелерін  шешуге,  ғыл.  –  зерт-
теу  жұмыстарының  жан-жақты  жүргізілу-
іне,  мамандардың  көптеп  даярлануына 
жағдай  туғызды.  1960  -  70  жылдар  аралы-
ғында.  Қ.  т.  б-нің  кенжелеп  қалған  салала-
ры  бойынша  көптеген  монографиялар 
жазылды. Фонетика мәселелерін салыстыр-
малы  түрде  зерттеу,  ғыл.,  көркем  әдебиет, 
мерзімді  баспасөз  тілдерінің,  әдеби  тіл 
тарихының,  тіл  мәдениеті,  орыс  тілі  мен 
қазақ  тілін  салыстыра  қарастыру  мәсе-
лелері, т.б. қолға алынды. 
 
Фонетика‚ емле 
1930  -  жылдан  бастап  салыстырмалы 
фонетика  саласы  пайда  болды.  Жұбанов-
тың  еңбектерінде  тіл  дыбыстарының  фо-
нологиясы  мен  жіктелуі,  дыбыстардың  өз-
геру заңдылығы, сөздердің буын құрылысы 
қарастырылды,  араб  графикасын  латын 
жазуына  ауыстыруға  байланысты  “Еңбек-
шіқазақ”  газетінде  бас  әріпті  алу  мәселе-
лері көп талас тудырды.  
 
Грамматика 
1930  -  40  жылдардан  бастап  сөз  тап-
тары  мен  олардың  жекелеген  категория-
лары  туралы  арнайы  еңбектер  жарық  көре 
бастады.  Ұлттық  тіл  білімі  қалыптаса  бас-
таған  кезеңде  сөзжасам  жеке  сала  ретінде 
қарастырылған болса‚ ұлт зиялылары саяси 
қуғын-сүргінге 
ұшыраған 
30-жылдары 
сөзжасам  әр  сөз  табына  қатысты‚  морфо-
логия  шеңберінде  сөз  болды.  1940  жылдан 
бастап  синтаксистің  жекелеген  мәселелері 
моногр. тұрғыдан зерттелді. Қазақ тіліндегі 
жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  түр-
лері  анықталды,  жақсыз  сөйлемнің,  құр-
малас  сөйлемдердің  сыр-сипаты  ашылып, 
ауызекі  сөйлеу  тілінің  синтаксисі  туралы 
едәуір  мәлімет  берілді.  Қазақ  тілінің  ғыл. 
курсы  1954  ж.  “Қазіргі  қазақ  тілі”  деген 
атпен  жарық  көрді.  1962  ж.  фонетика  мен 

КАЗАХСКАЯ ФИЛОЛОГИЯ 
 
 
Вестник КАСУ
 
45 
морфология  тарауларынан  құралған  “Қа-
зіргі  қазақ тілі”‚ 1967 ж. морфология‚  син-
таксис  салаларын  қамтыған  “Қазақ  тілінің 
грамматикасы”  атты  екі  томдық  басылып 
шықты.  Ал  1980  жылдары  сөзжасамның 
нысаны‚  өзіндік  ерекшелігі  анықталып‚ 
морфологиядан  бөлек‚  дербес  сала  ретінде 
бөлініп  шықты.  Сонымен  қатар  синтаксис 
саласы  да  едәуір  дамыды.  Қазақ  тіліндегі 
сөздердің  байланысу  тәсілдері,  сөздердің 
орын тәртібі зерттелді.  
 
Лексикология және лексикография 
1950  жылдарға  дейін  лексикология 
жеке  пән  ретінде  оқытылмай‚  негізінен 
мақала  көлемінде  ғана  сөз  болып  келсе‚  Ғ. 
Мұсабаев  тұңғыш  рет  лексиканың  ғыл. 
курсын жазды. 1950 - 60 жылдардан бастап 
лексиканың  түрлі  топтарының  (синоним, 
омоним, архаизм, историзм, кірме, біріккен 
сөздер,  т.б.)  ерекшеліктерін  анықтау  жө-
нінде  зерттеулер  жүргізіліп  келеді.  І.  Ке-
ңесбаев  идиома  мен  фразеология  мәсе-
лелерін  зерттеп‚  “Қазақ  тілінің  фразео-
логиялық  сөздігін”  жасап  шықты  (1977). 
“Қазақ  тілінің  он  томдық  түсіндірме 
сөздігі”‚  “Абай  тілі  сөздігі”‚  синонимдер 
сөздігі‚ лингвист.‚ орфогр.‚ диалектол.‚ Ор-
фоэп.‚  кері  алфавиттік,  т.б.  сөздіктер  жа-
рық көрді. Сонымен қатар орыс‚ араб-иран‚ 
моңғол  және  Бат.  Еуропа  тілдерінің  қазақ 
тілімен  қарым-қатынасын  зерттеуге  мол 
материал  беретін  бірнеше  екі  тілді  сөз-
діктер басылып шықты 
 
Ономастика 
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған 
тұста  ономастика  мәселелері  ішінара  сөз 
болғанымен‚  көлемді  еңбектер  1950  -  60 
жылдардан  бастап  жазылды.  1960  ж.  Тіл 
білімі  институты  жанынан  ономастика 
бөлімі  құрылып,  топонимика,  антропони-
мика  бойынша  монографиялар  жарық 
көрді. 
 
Терминология 
Бұл  сала  заман  талабына  сай  түрлі 
кезеңдерді  бастан  кешті.  Ұлт  зиялылары 
қудаланғаннан  кейін  қазақ  тілінде  ба-
ламасы бола тұрса да, шет тілден енген сөз-
дерді  орыс  тіліндегі  қалпында  қазақ  тіліне 
қабылдай  беру  үрдіске  айналды.  Атау-
ларды  орыс  тіліндегі  нұсқасына  сәйкес 
жазу  қазақ  әліпбиіне  е,  ю,  я,  ъ,  ь,  ц,  ч  тә-
різді  әріптердің  енуіне  жол  ашты.  1981  ж. 
Тіл білімі институтында Терминология жә-
не  аударма  теориясы  бөлімінің  ашылуына 
байланысты  атаулардың  жасалу  жолдары‚ 
тәсілдері‚  принциптері,  тарихы  жоспарлы 
түрде зерттеле бастады. Аударма теориясы 
бойынша бірқатар моногр. еңбектер жарық 
көрді.  Тіл  тарихы  және  диалектология. 
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған тұста 
да әдеби тілдің кейбір белгілері, мақала кө-
лемінде сөз болса, ендігі жерде монография 
көлемінде  көптеген  еңбектер  жарық  көрді: 
Мерзімді  баспасөз  тілінің  әдеби  тілді 
дамытудағы  рөлі  арнайы  зерттелді.  Қазақ 
тіліндегі  тұңғыш  басылымдар  арнайы 
зерттеліп,  олардың  әдеби  тілді  дамытуға 
қосқан  үлесі  анықталды,  1920-30  жыл-
дардағы  әдеби  тілдің  жай-күйі,  өзіндік 
ерекшеліктері,  жартастағы  жазулар,  эпи-
граф,  ескерткіштер  қарастырылды.  Қазақ 
диалектологиясы  бойынша  1958  жылдан 
бастап  “Қазақ  тілі  тарихы  мен  диа-
лектологиясы”  атты  7  жинақ  шықты.  Диа-
лектол. атластар жасалды. Жергілікті  ерек-
шеліктердің  әдеби  тілге  қосар  үлесі  зерт-
теліп, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 
өзіндік  ерекшеліктер  арнайы  зерттелді. 
Жергілікті  ерекшеліктерді  зерттеп  жүрген 
диалектологтар  жиырмаға  жуық  моногр. 
еңбек жариялады. 
 
Тіл мәдениеті және стилистика 
Бұл  саладағы  іргелі  зерттеулер  1960 
жылдардан  басталады.  1969  ж.  Тіл  білімі 
ин-ының  жанынан  Тіл  мәдениеті  бөлімі 
құрылғаннан  кейін  зерттеулер  жүйелене 
түсті.  Фольклор  тілі,  көркем  әдебиет  тілі 
1970  жылдардан  бастап  зерттелді.  Қ.  т.  б-
нде кейінгі кездері тіл статистикасы, әлеум. 
лингвистика,  психолингвистика‚  этнолинг-
вистика, т.б жаңа салалар дамып келеді. Қ. 
т.  б-нде  жалпы  тіл  білімі,  алтаистика, 
жалпы  түркі  тілдерінің  қарым-қатынасы 
мәселелеріне 
байланысты 
бірқатар 
зерттеулер жүргізілді. 1991 жылдан кейінгі 
Қ.  т.  б-нің  негізгі  бағыттары:  жалпы-
халықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің 
тарихын  жасау,  Қазақстан  аумағындағы 
түрлі  ұлт  тілдерінің  өзара  әсерін,  қостіл-
ділік,  көп  тілділік  барысын  зерттеу,  жеке 
жазушылардың  сөздігін  жасау,  қазақ  ті-
лінің  тарихи  грамматикасын  жазу,  диа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет