ШКОЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА
Вестник
КАСУ
179
балайды.
Кəсіби өзін–өзі тəрбиелеу негізінде,
мұғалімнің іс-əрекетінің негізіндегідей,
мотив пен мақсат арасындағы қарама–
қайшылық жатыр. Мотивті мақсатқа бағыт-
тауды қамтамасыз ету – яғни, өзін–өзі тəр-
биелеуге қажеттілікті тудыру. Осылайша
педагогтың өзін–өзі тəрбиелеуге қажет-
тілігінің болуы кейін тұлғалық белсенділік
көздерінен (сенім, парыздық сезім, жауапр-
кершілік, кəсіби ар–ождан т.с.с.) қолдау
табады. Осының барлығы өзін–өзі жетіл-
діру бойынша əрекет жүйесін тудырады.
Ол кəсіби идеал мазмұнынмен айқын-
далады. Басқаша айтқанда, педагог педа-
гогикалық əрекетті тұлғалық, терең саналы
құндылық ретінде түсіне бастағанда ғана,
өзін–өзі жетілдіру қажеттілігі туындайды
да, өзін–өзі тəрбиелеу үрдісі басталады.
Ғылым өзін–өзі бағалауды қалыптас-
тырудың екі тəсілін белгілейді: біріншісі,
өзінің талабының деңгейін жеткен нəти-
желермен сəйкестендіру, екіншісі, əлеу-
меттік салыстырумен, яғни қоршаған орта-
ның өзі туралы пікірлерімен сəйкестендіру.
Дегенмен, бұл тəсілдерді қолдануда əрқа-
шан дұрыс өзін–өзі бағалау бола бермейді.
Талабы жоғары емес педагогты мұндай
тəсілдер тым жоғары өзін–өзі бағалауға
алып келуі мүмкін, жұмыста өзінің алдына
үлкен міндеттер қоя білетін педагогтар
ғана қиналады. Шығармашылықпен жұмыс
істейтін педагогты өзін жəне өзінің
нəтижелерін басқа қызметтес адамдардың
нəтижелерімен салыстыру қанағаттандыр-
майды.
Сондықтан педагогтың өзін–өзі баға-
лауын қалыптастырудың басты тəсілі – ол,
өзінің нəтижелерін тұлға жəне педагог
əрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу.
Мұндай жұмысты ерте, əу бастан бастаған
дұрыс. Кəсіби идеалды қалыптастырудың
ең жеңіл, əрі тиімді тəсілі – өзін–өзі білім-
дендіретін арнайы əдебиеттерді оқу, өзінің
идеал–педагогын табу мақсатында ұлы
педагогтардың өмірімен жəне шығарма-
шылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–
өзі тəрбиелеудің тиімділігінің басты шар-
ты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал обра-
зын тапқан дұрыс. Мысалы, педагогикалық
жоғары оқу орнында Л.Н. Толстой өмірі
үлгі боларлықтай. Оның өзін–өзі тəрбиелеу
жұмысына қатысты жазып қалдырған күн-
деліктеріндегі үлгілер таптырмас асыл
қазына. Ол мынандай ережелерді орындау
өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді,
ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орын-
дау. Орындаған екенсің, оны жақсы дең-
гейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың
орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір,
сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі мүмкіндігінше
жаттықтырып отыр». Ал өз–өзіне есеп беру
мен өз–өзін талдауда күнделік толтыру
жақсы əдет, себебі, сол арқылы өзін–өзі
тəрбиелеу субъектісі өзінің қабілеттерінің
дамуын қадағалай алады.
Ал өзін–өзі тəрбиелеу үрдісінің сырт-
қы факторына педагогикалық ұжымды жат-
қызуға болады. Егер педагог қызметтестері
шығармашылық ізденіске жоғары назар
аударып, оның тапқырлығына, жаңалық-
тарына шынайы қуанатын, педагогтың кə-
сіби жоғарылауын қалайтын педагогикалық
ортаға түссе, кəсіби идеалдың талаптарына
сəйкестенуге тырысады. Ал керісінше,
педагогтар арасында ұжымшылдық жоқ
болса, шығармашылық ізденіске нем-
құрайлы қараса, өзін–өзі жетілдіруге деген
қажеттілік жоғалады.
Осындай құбылыс оқу орнының же-
текшілеріне де байланысты. Педагогтың
өзін–өзі білімденуі мен өзін–өзі жетілді-
руіне деген қажеттіліктің болуы тікелей
басшылыққа қатысты. Егер басшылар педа-
гогтың жеткен жетістіктеріне шынайы қуа-
нып, оны қолдап, ынталандырса, педагог-
тағы өзін–өзі тəрбиелеу қажеттілігі арта
түседі. Осыған мысал ретінде, өзіміздің
жоғары оқу орнындағы сыртқы фактордың
алатын орнының жоғары екенін айта кету
керек. Бұл құбылыс жүйеленген деп айтуға
болады. Педагогтарды кез–келген жетіс-
тіктері үшін əкімшілік үнемі марапаттап
отырады. Оқытушылардың өзін–өзі білім-
дендіру үрдісін оңтайландыру мақсатында
үнемі семинарлар, конференциялар ұйым-
дастырылады. Басқа оқу орындарымен
тəжірибе алмасу да шешімін тапқан. Яғни,
педагогтың өзін–өзі жетілдіруіне біздің оқу
орнының басшылары тиісті жағдайлар
жасап отырады.
Келесі бір маңызды фактор – ол, уа-
қыт. Ол педагогқа көркем əдебиетті, ара-
лық басылымдарды оқу, мұражайларға,
театр мен көрмелерге бару, танымдық
фильмдер мен телебағдарламаларды көру
ШКОЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА
Вестник
КАСУ
180
жəне арнайы, психологиялық–педагоги-
калық əдебиеттерді оқу үшін қажет. Ол
фактордың тиімді жүзеге асуы тікелей
педагогтың өзіне байланысты. Егер педагог
күн тəртібін ұтымды жоспарлай білсе,
уақытты үнемді пайдаланса, өзін–өзі білім-
дендіру үрдісін дамыта алады.
Кəсіби өзін–өзі тəрбиелеу үрдісінде
өзара байланысты үш кезеңді бөлуге бо-
лады: өзін–өзі тану, өзін–өзі бағдарла-
малау, өзін–өзі əрекеттендіру.
Педагогтың өзін–өзі тануына пси-
хология курсы көмектеседі. Себебі, өзін–
өзі бағалауда ғылыми дəлелденген, дəс-
түрлі əдістеме қолданылуы керек.
Тұлғаның дамуының өзін–өзі бағдар-
ламалау үрдісі өзінің болжамын материали-
зациялау деген сөз. Оған «өмірлік ере-
желер» жатады. Мысалы, ешқашан еш-
қайда кешікпеу, «иə» немесе «жоқ» деп
салқын жауап берудің орнына басқа фор-
мадағы жауаптар іздеу, ешқашан біреуге
қол ұшын беруден бас тартпау т.с.с.
К.Д. Ушинский өзін–өзі тəрбиелеуде
мына «ережелер» көмектесті дейді:
1) Салмақты болу;
2) Сөзде де, істе те тура болу;
3) Ойланып əрекет ету;
4) Тəуекелдік;
5) Өзі туралы қажет болмаса айтпау;
6) Санасыз бос уақыт өткізбеу;
7) Тек қажетті жəне жағымды істі
жасау;
8) Əр кеш өз іс-əрекетің туралы есеп
беру;
9) Ешқашан өткен іспен, болғанға,
болар іспен мақтанбау.
Өзін–өзі білімдендіру мен өзін–өзі
тəрбиелеудің тағы бір жолы – жұмысты
жоспарлау. Ұзақ уақыт бойына жəне қысқа
уақытқа іс-əрекетті бөліп жоспарлау керек.
Педагогтың кəсіби жоспарына мына-
лар кіреді:
- мəселелер мен қарама–қайшы-
лықтарды айқындау;
- мақсаттар мен міндеттерді белгілеп,
оны жүзеге асырудың жолдары мен құрал-
дарын анықтау;
- əдістемелік жəне диагностикалық
инструментарияны өңдеуді жоспарлау;
- күтілетін нəтижені болжау.
Педагог өзін–өзі тəрбиелеуде алдына
мақсат қою үшін өзінің əлсіз жəне күшті
жақтарын білуі керек. Ол үшін, жоғарыда
айтып өткендей, өзін–өзі танудың маңызды
əдісі – өз тəжірибесінің жағымды жəне
жағымсыз жақтарын талдау қажет. Енді бір
жолы – басқалармен салыстыру.
Шеберлігін жетілдіру жəне құзырет-
тілігін дамытуда педагогтың алдында көп-
теген тұлғалық, сол сияқты кəсіби даму
міндеттері тұр. Педагогтың тұлғалық, мо-
ралдық жəне ақыл–ой даму деңгейлері кə-
сіби–педагогикалық əрекет жетістігін қам-
тамасыз етеді.
Өзін–өзі білімдендіруді реттеу мақса-
тында қазіргі таңда педагогтар арасында
портфолио дайындау кең таралып жүр.
Портфолионың негізгі мақсаты – педа-
гогтың өзін–өзі білімдендіруі бойынша
жұмысын, оның іс-əрекет сипатын бағалау,
педагогтың шығармашылық жəне кəсіби
өсуін қадағалау, рефлексия дағдысының
қалыптасуына жағдай жасау болып та-
былады. Портфолионың жобасын құру əр
педагогтың жекелік ерекшеліктеріне байла-
нысты. Маңыздысы, педагог өз жұмысын,
өзінің нəтижелерін талдай отырып, педаго-
гикалық жетістіктерін жалпылай жəне
жүйелей алуы қажет, өзінің мүмкіндіктерін
дұрыс бағалап жəне қиыншылықтарды
жеңу тəсілдерін көре білуі керек, сонымен
қатар одан да жоғары нəтижелерге қол
жеткізуге тырысқаны дұрыс.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Синенко В.Я. Профессионализм учителя
// Педагогика. – 1999. - № 5. - С. 45-51.
2. Маркова А.К. Психологический анализ
профессиональной компетентности учи-
теля // Советская педагогика. - 1990. - №
8.
3. Лотова И.П. Психологические условия
эффективности профессиональной дея-
тельности
работников
социальных
служб. – М.: Издательство МГСУ
«Союз», 1999.- 127 с.
4. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза
педагогической деятельности. - М., 1998.
5. Коджаспирова Г.М. Культура профес-
сионального самообразования педагога. -
М., 1994.
ШКОЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА
Вестник
КАСУ
181
УДК 378.124:159.9
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУМЕН
ТҰЛҒАНЫҢ КРЕАТИВТІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дюсембинова Г.К.
Білім беру жүйесінде түбегейлі өзге-
рістер үрдісіндегі дəстүрлі технологияның
бағыт-бағдары негізгі қоғамдағы танымдық
жүйенің, сана сезіммен жетілу, əлеуметтік-
экономикалық елдегі өзгерістерге байла-
нысты жетіледі. Мектептерде жай оқу емес,
терең білім беру жəне жахандану (жаңа
білімдену), жеке тұлға болып қалыптасу, ең
бірінші мақсат болып табылады.
Білімді болуды баланың тұлға болып
жетілуінен жеке дара қарауға болмайды,
оның интеллектуалды, эмоциялық күш жі-
гері, ар-ожданы тұлға болып қалыптасу қа-
сиеттері, қоғамға қажеттілігі, жауапкер-
шілігі, креативтігі, оның өз ойымен
өмірдегі орнын табуда көп əсерін тигізеді.
Жаңа педагогикалық ортада кеңінен
талқыланып отырған мəселелердің бірі,
адамның дені сау, адамгершілік болмысы,
оның тұлға болып қалыптасуы, креативтік
тұлға болу А.А. Бодалев айтқандай, «тек
туа біткен қасиеттерге байланысты емес,
сонымен қатар өмірінің əрбір кезеңіне
байланысты» делінген. Мазмұны мен жүйе
бойынша
пəндік-тəжірибелік
іс-əрекет
қарым-қатынас арқылы қоршаған жəне
өзін-өзі тану болып табылады. Бұл сұрақ-
тың шешімінде ең алдымен ізгілік, жеке
бағдар парадигмасы белгіленеді, бұл жүйе
оқытушы мен оқушының теңдігі болып
табылады. Оның түп негізі «Адамның мə-
дениеті қатысымдық қарым- қатынас
арқылы ойлау жүйесінің алмасуы, жеке
жəне топтасу арқылы жаңа туындылрды
дүниеге əкелу» болып табылады [6].
Сонымен бұл мəселенің шешімі бо-
лып, белгіленген ізгілік тұлға бағыты пара-
дигмасы, яғни оқушы мен оқытушының
білім беруде тең құқықты, серіктес болуы:
оның бастапқы жолында «мəдениетті»
қатысымдық жолмен ұғыну жəне жасау,
мəн-мағынамен алмасу, жеке жəне ұжым-
дық туындыларды жасау болып табылады
[5].
Бастапқы педагогикалық жүйеде кре-
ативті жетілуде мына қағидаларға сүйенеді:
табиғи таным, баланың табиғи жетілуі,
психологиялық жəне физиологиялық дене-
нің саулығы, шығармашылық жақындығы,
баланың əр саладағы қабілеті, тұлға ретінде
өзін–өзі жетілідіруі төменгі сынып оқу-
шыларының қалыптасуы. Жауапты істерді
жүзеге асыруда ұжымдық жəне тұлға
ретінде балаларға жауапкершілік міндет-
теу. Заманның экономикалық жəне əлеу-
меттік өзгерістеріне байланысты өз өмір-
лерін ұйымдастыру технологиясын үйрету,
бірлесіп жұмыс жасауда келісімдік болуы,
өзара түсіністік сыйластық, өзара көмекке
келу, жалпылай болашаққа талпыныс түрт-
кілері жетілуінің бастапқы сатысы болып,
табылады. Тұлғаның креативті сипатта-
масы əлеуметтік факторлар өзара жетілу
жоспарында мағынасы зор зерттеулер
болып табылады. Тұқым қуалау жəне қан-
мен берілген қасиеттер сипаттамасын зерт-
теген Ф. Гальтон, А. Бине сияқты ғалым-
дардың еңбектеріне кері өз ғылыми зерт-
теулерін алға тартқан (И.В. Гетцельс, П.В.
Джексон, Дж. Гилфорд, К. Роджерс, Е.П.
Торренс, Е. Синнот) өз тəжірибелерінде
креативті дамудың, баланың өмір сүрген
ортасына, тіпті елінің, жанұясының əлеу-
меттік орны, өзінің шығармашылық қана-
ғаттануының өте үлкен əсерімен маңыз-
дылығын көрсеткен. Қоршаған орта адам
баласының талабын жасамай, тек оның
жетілуіне əсерін тигізеді деп, 95%, ал
тұқым қуалауға 5 % көрсеткен [4].
Креативті жарқын тұлғалардың дара
ширақтығымен, өз бетінше еңбек ету,
көбіне қоғаммен, қоршаған ортамен келіс-
пей жатуы, креативтік тұлға сипаттамасы
болып табылады. Мұндай тұлғалар өмір
заңдылықтарынан ауытқып, жетекшілікті
өз қолына алуы бір істі аяғына дейін
жеткізуді, басқаларынан тапқырлығы, шы-
ншылдығы, тура сөйлеуді, өзгелердің ал-
дында бас имеуі, іштей жетілуі, əрбір
шешілмей жатқан істе өзін сенімді ұстап,
кез-келген жағдайды ұтымды пайдалана
білуі, сөйлеу мəнерімен жəне өзіне жоғары
баға беруі осының бəрі креативті сипт-
тамаға жатады[2].
ШКОЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА
Вестник
КАСУ
182
Соңғы кезде ерекше қызығушылық
танытып отырған мəселе бастауыш мек-
тепте педагогикалық қолдау. Дəл осы мик-
роорта баланың креативті дамуы үшін өте
маңызды. Көптеген ғалымдардың, соның
ішінде (И.С Аверина, Л.Б. Ермолаева – То-
мина, Е.И. Щебланова, З.В. Денисова т.б.)
басты назарға алған мəселелері, балалар-
дың қоршаған ортасымен креативтік сипат-
тарының жүзеге асуы мен əлеуеті жəне да-
муының шығармашылық ойлауы. Ермолаев
– Томинның ойынша баланың психофи-
зиологиялық
жетілуі,
оның
шығар-
машылық жетілуі, өзін қоршаған орта-
сында еркін ұстауына əсерін тигізеді деген
[3]. Бұл екі сипаттаманың бірдей қалып-
тасуы жаңа бір жүйеге келу болып
табылады. Екі сипаттаманың бірдей қалып-
тасуы кешендер мен қасиеттердің жоғары
дəрежеде дамып жаңа бір функцианалдық
сатыға өтуі болып табылады. Ермолаева –
Томинның ойынша бірлесу жарасымдылық
болмаса, ол ішкі жағдайларды жəне ұстаз-
дардың ерекше бағыт-бағдар беруі, ата-
аналардың шығармашылық бағыт беруі
баланың нақты бір салаға қызығушылығын
арттырулары керек. Шығармашылық даму
ішкі жүйе арқылы жетілдірілмесе, оның із-
деніс арқылы жаңаруы, бұл нақты жеті-
лудің алғашқы сатысы болады. Бұл жоғар-
ғы дəрежедегі психологиялық модель.Бұл
модель адамның жеке тұлға ретінде қа-
лыптасуында мінез-құлық ерекшеліктерін
басты назарда болуы [2].
Ал, балалар психологиясында жоғар-
ғы көрсеткіштер креативті сипаттың, олар-
дың болашақта шығармашылық жолда
үлкен межелерге жетуіне себепкер бола
алмайды. Ол тек олардың шығарма-шы-
лығында мотивацияларының жоғарлауына
жəне шығармашылық тəжірибе жи-науға
ғана əсерін тигізеді. Қоршаған орта-ның
жасанды болуы, адамның эмоциялық
жағдайы ішкі механизмдерге, оның ішінде
креативті сипаттың қалыптасуы жетіледі.
Креативтік сипат əрдайым əр жағдайда
көптеген мəселерді шешуге бағытталған.
Барлық болып жатқан жағдайда қор-
шаған ортаға наразылық көрсету, өмірдің
мағынасын іздеу, əрдайым болып жатқан
жағдайларға іштей келісу. Мұндай ұстаным
адамның жан
дүниесінің бұзылуына
əкеледі.
Педагогикалық жүйеде креативтік
сипаттың өзгеруіне:
- оқытушы мен оқушының бірлесуі
(басқару жүйесінен бірлесіп еңбек ету
жүйесі);
- оқытушының оқыту кезеңінде оқу
жүйесінің қанағаттанарлық ғана емес үр-
дістік жағын да қарастырады;
- оқушының ұстанымы бұрынғыдай
жай оқушы емес, белсенді өзінің интел-
лектуалды қателіктерін түзей отырып, көп-
теген мəселелерді шешу арқылы жетеді;
- бұл сипаттау сабақ жүргізу жүйе-
сінде, сабақ барысында оқушылардың бел-
сенді түрде сабаққа қатысуы арқылы қа-
лыптасады.
Педагогикалық ортада əр оқушының
дара ретіндегі қабілеттері сабақ барысында
оның өз таңдауын жасау арқылы белгі-
ленеді.
Оқушыға өз таңдауын жасауға еркін-
дік берген кезде, біз оның қалыптасуы мен
қайталанбас жеке тұлға екенін көрсетеміз
В.И. Генециескийдің ойы бойынша жеке
тұлғаның дара қасиетті оның қайталанбас
жеке тұлға ретінде өмір жолында таңдау
жасауы табиғи жəне əлеуметтік мəдени
жағдайына байланысты. Таңдау жағдаятын
түсіну үшін анықтама əдебиеттерімен ғы-
лыми еңбектерге жүгіну керек. Кей ма-
ғынада «таңдау дегеніміз бұл нақты бір
нұсқаны таңдау. Оқу-тəрбиелеу жүйесінде
таңдау жасату, бұл оқушының немесе бір
топтың өздерінің қабілеттерін кеңінен
көрсетуге мүмкіндік береді. Сөз жалға-
сында талдау сжағдаяты көбіне адам-
дардың ішкі ара қатынастары мен ішкі
жағдайға бейімделуін көрсету. Осыған
орай бұл жүйеден шығатын түсінік Т.В.
Машарова көрсеткендей қоршаған ортамен
адамның жан дүниесі өзекті ізденіс пен
жабық не көрнекті болуы керек.
Біздің көз қарасымыз бойынша тұлға-
лық бағдар бойынша дəріс беруде, таңдау
жүйесі бұл оқытушының сабақ барысында
жоспарлау элементі болып табылады, бүл
жүйеде оқушы өзінің таңдауы бойынша
сабақтағы алдарына қойған мақсаттарымен,
өздерінің қабілеттерін көрсете алады.
Таңдау жүйесінің басты мақсаты;
- уақытты үнемдеу, сабақ барысында
көп уақыт алады;
- бірнеше нұсқаулар бойынша жұмыс
ШКОЛЬНАЯ ПЕДАГОГИКА
Вестник
КАСУ
183
жасау;
- оқушылар мен топтарға таңдау
еркіндігін беру;
- əрбір оқушының таңдап алған нұсқа
бойынша жұмыс істеуі тез əрі тиянақты
болуы.
Оқу тəрбие үрдсінде педагогикалық
бастаманы алып жүруге қосалқы түрде
ізгілік педагогика мен психология жүреді:
- өзін өзі тану қағидасы. Ұстаз əр
баланың қабілетіне сеніп, оның оқуға деген
ынтасын көріп ынталандыру шамаларын
жасау жəне өзін өзі тану мен жетілу
үрдістерінің қалыпты түрде өтуі;
- даралық қағидасы. Жеке тұлға бұл,
академик Е.В. Бондаревскийдің ойынша
жүйе құрамының өзара тұлға болып
дамуының ең бағалы кезеңі. Сабақ оқыту
кезеңінде əр оқушының жеке қабілеттерін
бағыттай отырып оның жетілуіне басты
назар аудару керектігін баса айтады;
- субьектілік қағидасы. Ұстаз сабақты
оқыту
кезінде
оқушымен
субьектілі
қатынас орнатуға тырысады. Ол оқушы-
ларға субьектілі рөлмен, субьектілі көзқа-
растарын орнатуға көмек етеді. Ұстаз
сабағын ұйымдастыру кезінде оқушыларға
өзекті жəне субьектілі тəжірибе арқылы
түсіндіреді;
- таңдау
қағидасы. Француздың
белгілі философы Жан Поль-Сартр «Мен
жəне менің таңдауым» демекші. Таңдау
болмаса жеке даму мен субьективті адам-
ның өсуі болмайды. Бала өз таңдауы бой-
ынша нақты өзінің қабілеттері арқылы бі-
лім беру жүйесінде оқу жылдамдығымен,
сабақ барысындағы шешімдерді дұрыс
қабылдауы белгіленеді.
- шығармашылық пен жетістік қағи-
дасы. Нақты баланың жеке тұлға болып қа-
лыптасуындағы оның творчествалық іс -
əрекетіне байланысты. Сондықтан сабақ
оқыту барысында тек репродуктивті емес
жəне де шығармашылыққа баса назар бөлу
керек. Оқушылардың қателіктері мен сəт-
сіздікке ұшыраған кездері емес, олардың
жетістіктерін саралаудағы өлшемдер басты
баға беру болып табылады.
- сенім мен қолдау қағидалары.
Сенімсіздік күдікшілдікті тудырады. Оқы-
тушылардың оқушыларға шамадан тыс та-
лап қою, оқушының шамасы мен қабілетіне
cенімсіздігі, оқушылардың сабақ бары-
сында ынталануын төмендетеді. Ұстаз-
дармен ашық болып өздерінің жеке дара
қасиеттерін көрсетуге креативті болуына
кедергі келтіреді. Ал сенім мен қолдау
оқушылардың ұстаздарымен ашық қарым-
қатынасқа түсіп өздерінің білімдерімен
қабілеттерін, мінез-құлықтарының жағым-
ды жəне жағымсыз жақтарын көрсете білу-
лері, сабақ барысында жоғарғы дəрежеде
жетістіктерге жетудің айқын көрнісі. Бұл
қағидалардың орындалуы айқын ойдың
жедел дамуына əсерін тигізеді, сыныптағы
оқушылар, көп ойланатын, еңбекқор,
ұжымдық бірлесіп еңбек етуге бейімделер
болып табылады [1].
Оқу серіктестігі - оқу жүйесіндегі
бірлесе еңбек ету-бұл бала мен ересек адам
арасындағы қарым-қатынас. Теориялық
ұғымдарды толық түрде қабылдауы болып
саналады. Бастауыш мектеп қабырғасында
жетілдірілген оқу жүйесімен, жеке, дара
оқу, үйрену, қабілеттері бірлесіп келеді.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сəби
ұжымдық еңбек ету қағидасын білмейді,
кейіннен оқыту барысында үйренеді.
Бастауыш сынып оқушылары да ұжымдық
еңбек жасауды үйренеді. Негізінде пəндік
орындауда бірлесіп еңбек ету, бұрыңғы
қалыптасқан көрнекті құралға сүйенгеннен
гөрі жемісті болады.
Сабақ жүргізуде ойын арқылы ойлау
қабілеттерін жетілдіру, ойдан шығару, құ-
рау шығармашылық қабілеттерін жетілді-
реді.
Ал сөйлеу жəне коммуникабельдік
ойындар балалардың дұрыс сөйлеуін құрау
қабілеттерін жетілдіреді. Баланың ұстазға
деген сенімі мен эмоциясының ара қаты-
насына ешнəрсе тең келмейді
Оқушылардың бір -бірімен бірлесіп
жұмыс жасауы басты мақсаты:
1) Əр оқушыға эмоциялық қолдау
көрсету;
2) Əр баланың өз ортасына өзін-өзі
көрсетуін жəне микотоптарда өз қабілетін
көрсетуіне көмек беру;
3) Əр балаға ұстазының тəжірибесін
беру жəне үйрету. Бірінші сыныпта бұл
жұйе бағалау жəне қадағалау. 2-3 сынып-
тарда алға мақсат қою жəне алға қойған
мақсатқа жету жолындағы жоспар [1].
Көбіне ұстаздардың жеке басының
қабілеттері мен психологиялық кəсіби қабі-
|