Nazarbayev
Intellectual
Schools
3) қатар, мөлшер;
4) дәреже (творчестволық мүмкiншiлiк).
Деңгейлiк. зат. сын.
1) өлшеуiш (құрал);
2) жұмыс түрiне қарай деңгейiн, масштабын көрсетедi.
«Деңгей» сөзi термин ретiнде алғаш математика ғылымында пайда болды. «Деңгей» - мөлшер, шама,
дәреже ұғымын береді. [2,35]
Деңгейлiк идеясы шет елдерде педагогика ғылымына 1920-шы жылдардың басында ендi. Мысалы,
шет елдiк бiлiм беру жүйесiнде Е.Паркхерстiң Дальтон-планы, К.Вамбурнның Виннетка-планы, ФРГ-да
Трамп-план тәжiрибеге енгiзiлген.
Жалпы Кеңестiк педагогикада деңгейлiк оқыту мәселесiн Лошнова О.Б. /деңгейлiк саралап
оқыту/, Фирсов В.В. /мiндеттi нәтижеге негiздеп деңгейлеп оқыту/, Беспалько В.П. /тапсырмалардың
«қиыншылығын есепке алу» әрекетiнiң төрт деңгейi/, Лернер И.Я., Пидкасистый П.И. /бiлiмдi меңгеру
деңгейi мәселелерiн/ қарастырған. Сондай-ақ бұл мәселе В.В.Фирсовтың, В.М.Монаховтың, Ж.А.Қараевтың
еңбектерiнде зерттелiп келдi. Деңгейлiк оқыту 1995 жылы академик В.Г.Беспальконың толық зерттеуiмен
жарық көрсе, ғалымның одан да бұрын 1988 жылы жарық көрген «Теория учебника: дидактический аспект»
деген Москва қаласында «Педагогика» баспасынан шыққан еңбегi бар. Педагог ғалым В.П.Беспалько осы
еңбектерiнде деңгейлiк саралап оқытуға кеңiрек тоқталып, оның ең озық, тиiмдi әдiстерiн, тың жолдарын,
озық үлгiлерiн жаңашылдықпен дәлелдеп бередi. [3,42]
В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудiң 4 деңгейiн ұсынады:
1. Оқушылық (ученический)
2. Алгоритмдiк (алгоритмический)
3. Эвристикалық (эвристический)
4. Шығармашылық (творческий).[4,63]
Шығармашылық – жаңа нәрсе жасап шығару және басқаларға
қарағанда істі жақсырақ орындау қабілеттілігі.
Деңгейлiк тапсырмалардың басты белгiлерi:
1. Өзектiлiгi. Тапсырмалар тақырыпқа қатысты мазмұнды, басты ой-тұжырымды қамтиды. Әр
деңгейлiк тапсырмалардың ортақ өзегi, кiлтi, басты сүйенетiн тақырыбы бар.
2. Жүйелiлiгi. Барлық тапсырмалар логикалық байланыста болып, олар бiрiн-бiрi толықтырып
отырады; тақырыптың қоршаған ортамен байланысы ескерiледi.
3. Түсiнiктiлiгi. Тапсырмалар пайдалануға түсiнiктi, қолдану мүмкiн-дiгi кең, ықшам, студенттің
бiлiм деңгейiне сай.
4. Тиiмдiлiгi. Студенттің өз бетiмен жұмыс жасауына, ізденуіне, жан-жақты дамуына игi әсер етедi.
5. Тәжiрибеге жарамдылығы. Тапсырмаларды студенттер де, оқытушылар да алдына қойған
мақсаттарына сәйкес тәжірибе деңгейінде орындайды.
Деңгейлік оқыту деген не?
Деңгейлік оқыту дегеніміз – жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге, белгіліден – белгісізге
сатылап жүргізілетін жұмыс түрі. Деңгейлік оқытуда талап ету педагогикасынан ізгілік қарым – қатынас
педагогикасына өту процесі жүреді.
Студентке шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше студенттің біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы
мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі арқылы білім беру.
Деңгейлік оқытуда деңгейлік тапсырмалар беріліп, студенттің дарындылығы, қабілеттілік жақтары,
физиологиялық ерекшілігі, сұранысы, икемділігі мен дағдысы, психологиялық даму дәрежесі ескеріліп
оқытылады. [5,26]
Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылар «басқарушылар мен орындаушылардан» тұрады. Ал
дамыта оқыту кезінде оқытушы кеңесші ретінде ғана қалады. Оқытушы мен студент арасындағы қарым –
қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, түсінік, бірігіп ізденушілік.
Nazarbayev
Intellectual
Schools
299
Деңгейлiк тапсырмалар дегенiмiз – студенттердің ойлау, сөйлеу қабiлетiн дамытатын, әлеуметтiк
көзқарасын қалыптастыратын, iзденушiлiкке баулитын, жеңiлден қиынға, қарапайымнан күрделiге қарай
сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесi.
Деңгейлік тапсырмаларға қойылатын
талап критерийлері.
Егер сіз гуманитарлық пәндерді оқытып, үйретсеңіз:
І деңгей
1. Оқыңыз 6. Түсіңдіріңіз
2. Жазыңыз 7. Әңгімелеңіз
3. Тыңдаңыз 8. Баяндаңыз
4. Айтыңыз 9. Құрылысы қандай?
5. Дәлелдеңіз 10. Талдаңыз
ІІ деңгей
1. Түсіңдіріңіз 6. Әдісі қандай
2. Тексеріңіз 7. Құрыңыз
3. Салыстырыңыз 8. Жүйелеңіз
4. Құрастырыңыз 9. Өзгертіңіз
5. Табыңыз 10. Шешіңіз
ІІІ деңгей
1. Ізденіңіз 6. Қорытынды жасаңыз
2. Зерттеңіз 7. Эврика! Жаңалық ойлап табыңыз
3. Талдаңыз 8. Құрастырыңыз, қалыптастырыңыз
4. Жинақтаңыз 9. Өмірге пайдаланыңыз
5. Ереже ойлап табыңыз 10. Тәжірибе таратыңыз
Деңгейлік тапсырмалардын негізгі белгілері.
(критерийлері)
Бұл оқытылатын курсқа(пәнге) сәйкестендіріледі.
І деңгей
1. Жаңа білімді меңгеруге және еске сақтауға лайықты;
2. Ережелерді, анықтамаларды бекітуге бағытталған;
3. Күнделікті өмірмен байланысты, қоғамға қажетті;
4. Студенттің білім, білік, дағдысын қалыптастыратын;
5. Өткен материалдарды толықтыратын;
6. Студенті дамытатын, танымдылығын арттыратын;
7. Ұлттық ерекшеліктері ескерілген тапсырмалар.
ІІ деңгей
1. Өткен материалдарды жүйелеп реттейтін;
2. Бұрынғы тапсырмаларды күрделендіретін, түрлендіретін;
3. Студенттердің логикалық ойлауын талап ететін;
4. Мәселені шешу үшін әртүрлі әдіс – тәсілдерді қажет ететін;
5. Студенттің өзіне - өзі әділ баға беруіне көмектесетін;
6. Түрлі диаграмма, ребус, кроссворд арқылы құрылған тапсырмалар.
ІІІ деңгей
1. Шешу қиын, проблемалық жағдай туғызатын;
2. Мәселенің шешімін табу үшін күрделі ойлауды талап ететін;
3. Қиялы мен ой еңбегінің нәтижесінде жаңалық ашатын ;
4. Талдайтын (анализ), жинақтайтын (синтез), салыстыратын, негізгісін анықтайтын, соңғы нәтижеге
жететін жұмыс түрлері;
300
Nazarbayev
Intellectual
Schools
5. Студенттің жеке басының даралық ерекшелігін көрсететін;
6. Аяқ астынан ақыл табатын, дәлелдейтін, зерттейтін;
7. Студенттің ерекше талабы мен дарындылығын, шығармашылығын анықтайтын, саралайтын
тапсырмалар.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі:
- егер сіз мемлекеттік тілді үйретсеңіз қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;
- студенттердің психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;
- студент өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;
- жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
- жүйелі оқыту принциптері арқылы студент өзін-өзі дамытып,өзін - өзі бағалап, білім деңгейін
өсіреді;
- студент өз қызметіне талдау жасап, қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады. [6,28]
Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға,
тұлғаның құқы мен еркіндігіне бет бұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қалыптастырып,
жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр. Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның
рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегіндегі оқу процесін ұйымдастыру, оқу –оқыту
формалары мен әдістерін таңдау және білім мазмұның іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне
себепші болды.
ЖОО-дарындағы жаңа технологиямен оқыту төмендегі жаңа қадамдарға байланысты:
1) ЖОО оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;
2) көптеген ЖОО құқықтық дәрежесінің өзгеруі;
3) ЖОО-ның студенттері оқу пәндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы, студенттерді
өздік жұмыстарының ауқымы кеңейуі;
4) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі және таңдамалы, жіктемелі оқуға өту.
Сонымен бірге, білім стандартарының алғы шепке тартылуына себеп –Қазақстан Республикасының
әлемдік білім мен мәдениет жүйесіне енуге болған талпынысы. Бұл білім сапасын қалыптастыруда
халықаралық білімдену тәжірибесінің жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан
Қазақстан азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шетелдерде мойындалатын болады.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, академик Ғ.Нұрышев мырза институт
ұжымының алдына әлемнің жетекші университеттерінің қатарына кіру туралы үлкен міндеттер жүктеп
отыр. Әлемнің жетекші оқу орындарының рейтингісіне ену жоспары іске асырылуда.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, академик Ғ. Нұрышевтың Болония
қаласына барып, дүниежүзілік университеттер Хартиясына қол қойып келгелі институтымызға Білім және
ғылым министрлігінен жаңа белеске көтерілуге және жаңа интелектуалдық серпінге енуге нұсқаған қызметтік
тапсырмалар мен ақпараттық материалдар келіп, осыған байланысты білім беру мен ғылымды дамыту
саласында үлкен міндеттер алға қойылып отыр. Жоғары оқу орындарында студенттердің коммуникативтік,
креативтік құндылықтарын дамыту барысында олардың кәсіби құзыреттілігі қалыптастырылады.
Қазіргі басты нысана – сапа, құзыреттілік, бәсекеге қабілеттілік.
Сапа – философиялық категория, нормативтік деңгей, білімнің талапқа сай келуі.
Құзыреттілік – студенттің өзін маман ретінде өз бетімен білімін, кәсіби шеберлігін, мәдениеттілігін
көрсетіп,заман талабына сай бейімделе білуі.
Бәсекеге қабілеттілік – ең озық, тиімді қорытындыға жету үшін күресе білуі.
Ғылым-елдің болашағы. Тәуелсіз ел тірегі – білікті, бәсекеге қабілетті маман. Болашақ педагог маман
құзыреттілігі – саналы ұрпақ тәрбиелеудің алғышарты. Болашақ ұрпақ – қоғам иесі. Сондықтан да ғылым
мен білімді дамыту мемлекеттік маңызы бар мәселе деп қаралады. [7,31]
Ал, Елбасы халқымыздан әрдайым кеңдік, парасаттылық, кемеңгерлік, сабырлылық пен іскерлік
көрсетуді сұрайды.
Басты мақсат – студенттердің құзыреттілігін білім беру талаптарына сай қалыптастыру және оқу-
Nazarbayev
Intellectual
Schools
301
тәрбие процесінде отансүйгіштікке, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу болып отыр. Ел тәуелсіздігінің
болашағы жарқын болсын! Жас ұрпақ ел тізгінін өздері ұстап, ел абыройын сақтай білсін деген игі тілек
білдіреміз.
Әдебиет:
1. Назарбаевтың Жолдауы // Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Егеменді Қазақстан, - 2006-2
наурыз - №52 (24305)
2. Қараев Ж.А. Оқытудың педагогикалық технологиялары.-А.: Республикалық баспа кабинеті, 1999.
-55с.
3. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру - А: 2002 - 32 б.
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии - Москва: Педагогика, 1989 – 190 с.
5. Өмірбаева К.О. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту - Алматы: Сөздік –словарь,2002 - 120 б.
6. Өмірбаева К. О. Мемлекеттік тілді деңгейлік саралап оқытудың теориясы мен технологиясы -
Ақтөбе, 2004 - 158 б.
7. Өмірбаева К.О. Деңгейлік тапсырмалар –Ақтөбе, 2000-55б.
8. Өмірбаева К.О. Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер –Ақтөбе: 2001 – 50 б.
Рабилова З.Ж.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
(Қазақстан Республикасы)
БОЛАШАҚ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ПРАКТИКАСЫ
БАРЫСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Қоғамдағы барлық қызмет саласында шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлғалар қажет.
Осыған орай білім берудің алғышарты болып шығармашыл, өздігінен шешім қабылдай алатын, дербес,
әлеуметтік, экономикалық тұрақтылық жағдайда да өмір сүре және қызмет ете алатын, кез-келген
шешілмеген мәселенің түйінін шешіп, кәсіптік құзырлығы мен азаматтық жауапкершілігін ұштастыра
білетін тұлғаны тәрбиелеу қазіргі таңдағы алға қойылған мәселелердің бірі болып отыр.
Қазіргі замандағы, аз уақыт ішінде болып жатқан үлкен өзгерістер жеке адамнан кез-келген қоғам
өзгерісіне мойымай керісінше оған шығармашылықпен қарауды талап етуде.
Жеке тұлға тек қана сыртқы өзгерістерге ғана емес, өзінің ішкі өзгерістеріне де бет бұра алатындықтан,
оның осы қасиеті тұлғаның шығармашылық белсенділігін оның ең бір негізгі қасиетінің бірі деп,
шығармашылыққа ұмтылуының алғышарты деп есептеуімізге жол береді.
Белсенділік көрсете отырып, жеке тұлға өз мүмкіндіктері мен оның дамуын жүзеге асырады,
оның шығармашылық белсенділігінің көрініс беруі өз бетінше дамығыштығы мен өз күшін іске қоса
алатындығының айғағы.
Қазіргі кезде «тұлғаның кәсіби-шығармашылық белсенділігі» түсінігі көкейкесті түсініктер санатына
кіріп, ғылымның ерекше көңіл бөлуін қажет етіп отыр. Тұлғаның шығармашылық белсенділігін, оны
қалыптастыру мен дамыту жағдайлары және механизмі мәнін қарастырған арнаулы негіздер қазіргі кездегі
ғылымда бар. Сондытан заман талабына сай барлық кәсіп түріне белсенділік танытудың қажеттілігіне
байланысты мәселелерді қарастыру туындап отыр.
«Шығармашылық белсенділік» түсінігі философияда да, психологияда да, педагогикада да
ең бір күрделі зерттеудің бірі болып табылады. Бұл мәселенің күрделілігі ондағы шығармашылық
табиғатының пайда болуын, тұлғаның белсенділігін анықтайтын әр жоспарлы факторлардың болуымен
түсіндіріледі. Осындай факторларға тұлғаның жеке қасиеттері, табиғи дарыны, шығармашылық
302
Nazarbayev
Intellectual
Schools
қасиеттері, шығармашылық ойлауы, есте сақтау қабілеті, елестету қабілеті, қызмет барысында тұлғаның
белсенділігінің пайда болуы жатады.
«Тұлғаның кәсіби-шығармашылық белсенділігі» дегенді оған тығыз байланысты «Тұлғаның
шығармашылық қабілетімен», «белсенділік», «қызмет», «шығармашылық», «тұлға», «кәсіп» деген
категориялардан ажырату мүмкін емес. Олай болса, біз осы түсініктерді бейнелеу өнері арқылы
қарастыратын болсақ, алдымен бейнелеу өнерін дәріптейтін оқу орындарының тікелей қатынасына
тоқталамыз.[1].
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындауда терең және жан-жақты жетістікке жету үшін оқу
барысын ұйымдастыруда әдістемелік ұсыныстарға сай кескіндеме мен сурет сауаттылығына лайықтылық
туралы ерекше көңіл бөлу керек. Оған оқытудың теориялық мазмұны, кескіндеме мен суреттің өзара
байланысы, күнделікті көптеген практикалық жаттығулар жүйесі және осыларға қатысты нақты
дидактикалық принциптер – материалдар мен көрнекі құралдар аса қажет. Ал теориялық білім алмай,
шеберліктегі практикалық біліктілік механикалық түрде және ұзақ уақытқа созылатын оқытуды қажет етеді.
Пленэрдегі пейзаж кескіндемесі болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындауда кескіндеме курсының
бағдарламасында маңызды рөлдердің бірін атқарады. Пленэрлік практикада студенттер жетекшінің
көмегімен бөлінген сағатқа байланысты табиғат көрінісін бейнелеуде әртүрлі тақырыпта практикалық
жұмыс орындайды.
Ең алдымен осындай тәжірибе орындау үшін сәнді бұйымдарды натюрмортқа пайдалану арқылы
суретші шығармашылығының ықпалының әсерінен табиғат бейнесі құралуы мүмкін. Мысалы, суретшіге
бір тақырыптың аумағында бірнеше ойлар тууы мүмкін, олай болса спорттың салалары өте көп. Ендеше
көп саланың ішінен бір саланы таңдап алу сол саладағы негізгі спортшының қолданатын бұйымдарынан
құралады. Міне, сонымен табиғат бейнесін құрастырудың немесе пайда болуының негізгі екі түрі бар екен:
обективті, яғни тікелей табиғи заттардың әсерінен; субективті теориялық ойлардың тууы нәтежесінде.
Алдымен табиғаттың өзі шығармашылық табиғат, оқу-үйрену табиғаты болып екі үлкен топқа
бөлінеді. Оған қойылатын талап екі түрлі. Алғашқысында суретшінің табиғат бейнесіне деген жалпы
көқарасы, ондағы берер ойы, тақырыптың кең көлемде ашу мақсатындағы оның бейнелеу шеберлігі,
табиғат нәрселерінің орналасу ерекшеліктері, бояулардың маңызды түрде шешімі, тағы басқа талаптар
қойылады. Екіншісінде академиялық тақырып бойынша белгілі бір тапсырманы өзгеріссіз көшіру арқылы
қайталап орындау.[2].
Студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері.
Шығармашылық жұмыс – адам қызметінің жемісі, ол материалдық және рухани игіліктердің саналы
жаңа көрінісі. Адам шығармашылық жұмыстармен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани
күштер іске қосылады, таным, түйсік, пайымдау, оқу мен практика, мұражайлардағы, ескі суретшілер
жұмыстарының альбомдарындағы көңіліне түйген ерекшеліктерді қабылдау кезінде жинақталған
біліктіктері, шабыт алған шеберліктері, әсіресе қиял арқылы ойлау процесі шығармашылық жұмыстардағы
іскерліктері өз нәтижесін береді. Осыған байланысты болашақ суретші-педагогтар да өздеріне жақын
немесе ыңғайлы кескіндеменің әртүрлі жанрына деген қызығушылығы оянып сол жанрды кеңінен ашуға
шығармашылық жұмыстар орындауға ынталанып белсенділігі артады. Қазіргі кезде бұл шығармашылық
жұмыстар тиімді әрі жаңашыл технологиялық нысандарды жасау, сол арқылы студенттердің тіпті
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, оқу мен тәрбиелеудің белгілі бір мақсатты көздеген
құралы болып табылады. Студенттердің пейзаж кескіндемесіндегі шығармашлығының нәтижелері –
жеке тұлғаның саналы жұмыстарының кешенді сипаты болып саналады, оны дамытудың негігі жолдары
мыналар;
- студенттің ойлау белсенділігі;
- патриоттық тәрбиенің сауаттылығы;
- шығармашылық жұмыстарды орындауда білім мен іскерлікті, ынта мен белсенділікті шыңдауға
апаратын жол;
- пленэр кезінде этюдтер орындауда пейзаж кескіндемесінде табиғат көрінісін бейнелеудегі
Nazarbayev
Intellectual
Schools
303
міндеттерді өздігімен шеше алуы;
- еңбексүйгіштік қабілетін дамыту;
- өнертапқыштық қасиетін дамыту және қалыптастыру;
Шығармашылық белсенділігін арттыруға оқыту түрлері;
- студенттердің өз бетінше өнертапқыштық жұмыстарын ұйымдастыру;
- шығармашылық үйірме сабақтар өткізу;
- нақтылы шығармашылық тапсырмалар беру жүйесін жүзеге асыру;
- студенттердің шығармашылық тапсырмаларды бітіру алдындағы салыстырмалы анализдеу;
- қала галереялары мен мұражайларда немесе жеке көрмелерде суретші жұмыстарына анализ
сабағын ұйымдастыру.
Пленэрлік практика барысында студенттердің көркем-шығармашылық белсенділігін қалыптастыру
іс-әрекеттері мынадай бағыттарда жүргізілуі тиіс:
Студенттердің табиғат аясында пейзаж кескіндемесін орындаудағы шығармашылық жұмысқа
алғашқы кіріскен күннен бастап қызығушылығын арттыру.
1.Студенттердің шығармашылық жұмыстарды жасауға деген бойындағы біліктілікті, өз ісіне деген
берік сенімділікті қалыптастыру.
2. Студенттердің жаңа ақпараттарды жинауға, олардың көздерін табуға, ғылым негіздерін өз бетінше
жүйелі жинауға үйрету.
3. Студенттердің жеке тұлғалық шығармашылық белсенділігінің көздерін ашу, одан нәр алуға баулу.
4. Студент жаңа технологиялық тәсілдерді игерген сайын олардың қабілетін лайықты жаңа шеберлік
көкжиегіне қарай бағыттау, ізденіске жетелеу.
5. Жұмыс орындаудағы қиындықтарын отбасымен бірлесіп шешуіне көмектесу (материалдар, құрал-
саймандар, әлеуметтік жағдайлар, қаржы көздері, уақыт және т.б.).
6. Жұмысқа керекті материалдар мен орындаушылық әдіс-тәсілдерін жете білу, аңғару, оны өзінше ой
елегінен өткізуге сілтеу жасау.
7. Көркемсурет факультетіндегі бейнелеу өнері үйірмесінің қызметінде ой бөлісу, пікір алысу,
жобасын сараптау, дәлелдеу жолдарына жағдай туғызу.
8. Студенттерді сын айтуды ойлауға үйрету, кез-келген картинаны немесе шығарманы жетілдіру
мүмкіндігі бар екенін ұғындыру, өз кәсіби білімінің аумағын кәсіби шеберлік деңгейіне жеткізіп,
өнертапқыштық жолында өз ізденісін түпкі нәтижеге дейін апару қасиетін қалыптастыру.
Студентердің жеке шығармашылық жұмыстарында табиғат көрінісінің кеңбайтақтығына байланысты
саналық қасиеттері, оның белгілі кәсіп саласы аймағындағы қызметінде айқындалып, белгілі жүйеде
ашыла түседі. Осыған байланысты әрбір студенттің жеке тұлға ретінде өзіндік жазу шеберлігі мен әдісін
қалыптастырудағы кәсіби қасиеттері болады, олар:
- тұрақтылығы;
- есте сақтай алуы;
- бақылау ерекшелігі;
- түсті көрегендігі;
- суретшілігі;
- кеңістікті сезінуі;
- қашықтықты сезінуі;
- дәл анықтай білуі;
- білім тереңдігінен хабардарлығы;
- жинақылығы;
Пейзаж кескіндемесіндегі шығармашылық жұмыс композициясын құрудағы қасиеттері:
- іздемпаздығы;
- ойластыру қабілеті;
- нәрселерді орнынан өзгерте білуі;
304
Nazarbayev
Intellectual
Schools
- шеберлігі;
- негізгі керек ортаны бере білуі;
- бағындыра алуы; колориттік қатынасын шеше алуы;
- табиғат құбылысын ажырата алуы;
- мезгілді көрсете білуі; образды аша алуы.
Сонымен қатар студент мына қағидаларды терең білгені жөн:
- мазмұнын анализдеу, ойлай білу, көркем шығармаларының көркемдік түрі, соның ішінде ең көркем
форма - композиция, сондай-ақ барлық бейнелеу-мәнерлі шараларын;
- өмірдің шындықтарын ала отырып, оларды шығармашылықта көрсету;
- жұмысты натурамен, ойша, елеспен, композициямен, суреттемемен, түрлі көркем материалдармен
орындалған әдістердегі этюдпен орындай алуы керек.
Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде студенттерді, болашақ суретші-оқытушыларды композиция
аймағында өз бетінше шығармашылықтағы көркемдік мүмкінділіктерін дамытады, өздерін шығармашылық
жұмыспен айналысуға және педагогикалық жұмысқа дайындайды. Сондай-ақ шығармашылық жолында
кәсіби шеберлігін қалыптастыруға көмектеседі.
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби-шығамашылық белсенділігін дамыту мен
қалыптастыру мақсатында ұсынылған мастер-класс сабағының жоспары:
Пленэрлік практика: мастер-класс сабағы
(Белгілі суретші, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы,
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Кикимов Хамза Қалиұлымен кездесу сабақ)
Топ: 1курс 050107 «Бейнелеу өнері және сызу»
Практика жетекшісі: Рабилова З.Ж.
Шығармашылық ашық сабақ жоспары:
Сабақтың тақырыбы: «Шебер класс (белгілі суретшіні шақыру)»
Сабақтың мақсаты:
1) Кескіндеме жанрында пленэрлік жұмыстың алатын орны жайлы білімдерін тереңдету.
Инновациялық технологияларды пайдалануды үйрету.
2) Студенттердің ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Өнерді сүюге, бағалауға дағдыландыру.
Шеберлік ынтасын арттыру. Шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.
3) Студенттерді елжандылыққа, Қазақстандық патриотизмге баулу. Туған табиғаттың ерекшелігін
түсіну мен сүюге, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Қажетті жаңа материалдар, электоронды репродукциялар, иллюстрациялық суреттер.
1. Реферат
2. Көрнекіліктермен жұмыс
3. Сұрақтар қою
Тақырып мазмұны:
«Қазақстан кескіндеме өнері». Қазақстан кескіндеме өнерінде пейзаж жанрының алатын орны.
Пейзаж жанрының пленэрлік практикамен байланысы. Қысқамерзімді этюд орындаудың болашақ
пейзаж композициясына қажеттілігі. Электрондық оқу құралдары мен иллюстрациялық суреттердің
айырмашылығы және қолданылуы. Мастер-класс көрсету мен ауызша дәріс берудің айырмашылығы мен
ерекшелігі. Белгілі әлем және Қазақстан суретшілерінің өзіндік аймақтық ерекшелігін анықтау.
Практика жетекшісі – көрнекі құралдармен студенттерді таныстырады, сабақтың мазмұны бойынша
дәріс оқылып, пайдаланған көрнекі құралдарға талдау жасайды, студенттерді жаңа эксперименттік (мастер-
класс) сабақ жоспарын хабарлайды, мастер-класс өткізетін белгілі суретшімен таныстырады.
Шебер – майлы бояумен таңдап алынған табиғи көріністен этюдті текше бойынша ретімен орындайды.
Топ студенттері – алдын ала тапсырылған тапсырма бойынша әртүрлі (қағаз, картон, кенеп, қылқалам,)
материалдарын дайындайды.
|