Nazarbayev
Intellectual
Schools
Ыбраш А.С.
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ
(Қазақстан Республикасы)
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ
МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Бүгінгі Қазақстанның білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізілуде. Сондай өзгерістер мен
ақпараттың қарқынды ағыны заманында іргелі пәндік білімнің де мазмұны басқа қырдан танылып, білім
беру мақсаты білімнің сандық көрсеткішінен сапаға бет бұрыс жасауда. Яғни білім алушылар бойында
қоғамдық өмірге белсенді араласу және өзін-өзі іске асыра білу мақсатында өз бетінше білім алу, ақпаратты
талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану білігін қалыптастыру бағдары айқын танылып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], ҚР білім беру жүйесінің даму
Тұжырымдамасында [2] еліміздегі сапалы білім беруді дамытудың бір тармағы білімді ақпараттандыру
болып табылады.
Ақпараттық технология – ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісіндегі еңбек шығынын азайту
және ақпараттың сенімділігін, жылдамдығын арттыру үшін технологиялық үдерістермен біріктірілген,
ақпараттарды жинауды, сақтауды, өңдеуді, шығаруды, таратуды қамтамасыз етуші әдістердің, өндірістік
үдерістер мен бағдарламалық техникалық құралдардың жиынтығы [3, 35 б.].
Ақпараттық технологияға ақпараттанудың негізгі термині ретінде ресейлік ғалым В.М.Глушков:
«ақпараттық технология – ақпаратты өңдеумен байланысты үдеріс іске асатын құралдар және әдістер
жиынтығы» деп анықтама берген [4].
Ақпараттық технологияға бүгінде әрбір өмір саласына қатысты көптеген анықтамалар берілген.
Осыларды талдай келе, біз білім беру және оқыту саласына байланысты ақпараттық технология деп
компьютерлік техника мен өзге де ақпараттық-коммуникациялық құралдар арқылы адамның білім
алу және оқу қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық қызмет көрсету түрі деп анықтадық. Кез келген
оқытушы үшін жалпы ақпараттық технология жүйесінен ақпаратты іздестіру құралы мен оны өңдеу
әдісі ажыратылуы қажет. Осыған қатысты ақпараттық құралдар техникалық және бағдарламалық деп
екіге бөлінеді. Оның техникалық құралдарына аудио-, бейнеқұралдар, компьютерлік техника, офистік
техника, байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілер және т.б. жатса, бағдарламалық құралдарға
техникалық құралдарды қамтамасыз етуші бағдарламалар, әмбебап бағдарламалық өнімдер, электронды
оқу құралдары, модельдеу бағдарламалары жатқызылады [5].
Педагогикалық технология ұғымы бүгінгі күні оқыту аясына тұрақты еніп болды. «Педагогикалық
технология» деген ұғымның эволюциясы туралы мынаны айтуға болады. Алғашқы кезең – ХХ ғасырдың
40-50 жылдарын қамтиды. Мұнда «Білім беру технологиясы» термині, негізінен, оқыту барысында
қолданылатын көру-есту құралдарын білдірді. Екінші кезең - ХХ ғасырдың 50-60 жылдары. Бұл
кезеңдегі «білім беру технологиясы» дегеніміз программалап оқытуды танытатын еді. Үшінші кезең -ХХ
ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Мұнда бұл термин алдын ала айқын белгіленген мақсаттарға жету үшін
ұйымдастырылған жобалық оқу процесін білдіретін болды. Төртінші кезең - ХХ ғасырдың 80 жылдарынан
бастап, осы кездегі «білім беру технологиясы» дегеніміз оқыту үдерісінде компьютер мен ақпараттық
құралдарды пайдалану барысын танытады (6).
Білім философиясы білім беру мен оқытуға, дайындауға үлкен мән береді. Білім философиялық
тұрғыдан ақиқатты өзгерту болса, оқыту үдерісі мен дайындау үдерісі нақты бір адамның қажет нормалар
мен талаптарды орындауға үйретілуі мен бейімделуі болып табылады. Сондықтан да білім оқыту мен
Nazarbayev
Intellectual
Schools
453
үйретуден биік тұрып, адамның ішкі және біртұтас түбегейлі өзгеруін қамтамасыз етуші негізгі құрал
болатынын айтуға болады.
Қазіргі кездегі адамзат «бесінші ақпараттық революцияны басынан өткерумен қатар, түрлі
ақпараттық-коммуникациялық желілердің қалыптасуы мен дамуына байланысты ол жүйенің әрбір үйге
еніп, әрбір адамға, жалпы халықтарға әсер етіп отырғанынан хабардар. Сонымен қатар «бағдарламалық-
техникалық құралдардың, байланыс және телекоммуникация құралдарының, ақпараттық қорлар немесе
білім қорының бірдей ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымы ретінде бір ақпараттық
кеңістікте интеграциялануы» [3, 6-17 б.] қазіргі білім беру жүйесінде жаңа философиялық қатынастың
қажет етіп отырғанын заман талабы деп санаймыз.
Технология осы күнге дейін тек қана өндіріс пен өнеркәсіп саласына қатысты қолданылып, нақты
бір өнім түрін шығарудың түрлі амал, тәсілдерінің өзара байланысқан жүйесін құрады. Ал ақпараттық
үдерістерге қатысты ақпараттық технология қазіргі компьютерлік және басқа да техникалық құралдардың
негізінде ақпаратты жинақтау, тарату, жинау, өңдеу, сақтау, беру мен қолданудың әдістері мен тәсілдерінің
жүйесі болып табылады. Әртүрлі ақпараттық үдерістердің болуына байланысты оны жинау, тарату,
жинақтау, өңдеу, көрсету мен қолдану технологиялары да түрлі болып келеді. Нақты бір ақпараттық
технологияны іске асыру үшін мына жағдайлар қамтылуы тиіс:
• қажетті техникалық құралдардың кешені;
• кешенді техникалық құралдардың жұмысын қамтамасыз ететін сәйкес бағдарламалар кешені
(бағдарламалық қамтамасыз ету);
• белгілі бір басқару функциясының аясындағы нақты ақпараттық кешендердің пайдаланылу
нысанына сәйкес барлық техникалық құралдар мен қызметкерлердің жұмыстарын біріктіретін
ұйымдастырушылық әдістемелік қамтамасыз етілу.
Тілдік пәндерді оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық құралдардың мүмкіншіліктері былай
анықталып белгіленді:
– білімді визуализациялау мүмкіндігінің болуы;
– оқытудың саралануы мен жекелендірілуі;
– тапсырмалардың, мәтіндер мен жаттығулардың орындалуын қадағалап, бақылап отыру және
орындау тәртібін тілді үйренушінің өзінің таңдап алу мүмкіндігінің болуы;
– түрлі объектілерді, үдерістер мен құбылыстарды модельдеу. Мысалы, берілген тақырып бойынша
тақырыптық слайдтар жасап, таныстыру, оған мәтін дайындау т.с.с.;
– мәліметтердің ақпараттық базасын құру. Қажет тілдік бақылау-өлшеу материалдарының базасын
құру;
– мультимедиа құралдарын пайдалана отырып, қызықты формадағы үлкен көлемдегі ақпараттардың
қолжетімділігін қамтамасыз ету;
– қазақ тілі бойынша құрылған компьютерлік каталогтар және анықтамалықтармен жұмыс істеуде
қажет ақпаратты өңдеу біліктерін қалыптастыру;
– өзін-өзі бақылаудың іске асуы;
– жаттықтыру мен өз бетінше дайындалудың іске асуы;
– оқуға деген құлшыныс пен уәждемеліктердің болуы;
– күрделі жағдайларда оңтайлы шешімдер қабылдауды нығайту;
– ойлаудың белгілі бір түрінің қалыптасуы;
– оқу қызметі мәдениетінің қалыптасуы;
– ақпараттық мәдениет қалыптастыру;
– сабаққа бөлінген уақыттың үнемделіп, бос уақыттың көп болуы;
– алынған білімнің жадыда көп мерзімге сақталуы және оны қайтадан жаңғырту мен оны пайдалануға
ыңғайлы болуы.
Қорытындылай келе, мынадай тұжырымдар жасаймыз, тілді оқытудағы ақпараттық технологияларға
коммуникацияның техникалық құралдары мен осы салада қолданылатын цифрлық технология арқылы
454
Nazarbayev
Intellectual
Schools
жеткізілетін барлық хабарларды жатқызуға болады. Коммуникативтік технологиялар білім алушыға ғана
емес, сонымен қатар білім берушіге де әсер етеді. Сондықтан да ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқу үдерісінде қолдануды сол технологияны жан-жақты тану арқылы ғана тиімді іске асыруға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісінде қолданудың
маңызы зор. Оқыту құралы ретінде оқу үдерісінің әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болады: мотивациялық
кезеңде теледидар және бейнематериалдар түрлі дискуссия ұймыдастыруда, оқушының эмоционалдық
күйін көтеруде т.б. қолдануға болады. Ал ақпараттық кезеңде оқытушының ақпаратына қосымша реңк
беруде қолданылса, бақылау мен бағалауда студенттердің өз бетінше орындайтын тапсырмалардың көзі
ретінде пайдаланылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, ақпаратты
өңдеу және сақтаумен айналысатын адамдардың еңбегін тиімді ұйымдастырудың әдістерін зерттеуші өзара
байланысқан ғылыми технологиялық пәндердің кешені [3, 47 б.] ретінде, тілді оқыту әдістемесін құраушы
маңызды компоненті бола алады.
Тілді мультимедиалық оқытуда қолданылатын құралдар біз жоғарыда атап өткен ақпараттық
технологиялар жүйесімен оқыту қағидаларына сәйкес айқындалады. Соның ішінде:
1. Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ғылымилық қағидасы негізінде мультимедиалық
құралдардағы материалдардың мазмұны терең, ғылыми негізделген, қазақ тілі саласындағы соңғы ғылыми
жаңалықтарға негізделген мазмұнда болуы тиіс. Оқу материалының игерілу үдерісі қазіргі ғылыми таным
әдістеріне сәйкес болуы керек. Олар: эксперимент, салыстыру, бақылау, абстракциялау, қорытындылау,
нақтылау, сәйксетендір, ұқсату, индукция және дедукция, анализ және синтез, модельдеу әдісі, сонымен
бірге жүйелік талдау әдісі.
2. Тілді ақпаратты технологиялар жүйесімен оқытудың түсініктілігі мен қолжетімділігі. Бұл жерде
ақпараттық техноллогиялар құралдарында берілетін материалдардың теориялық күрделіліктерін айқындап,
оны білім алушының дайындық және жас ерекшеліктеріне қарай таңдалуы, яғни оқу материалының жоғары
деңгейдегі күрделігінің болмауы.
3. Қазақ тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудағы қолданылатын мультимедиалық
материалдардың проблемалылығын қамтамасыз ету қағидасына сәйкес берілетін оқу материалдары
студенттің оқу проблемалық жағдайға түсуі кезеңінде оны шешу барысында ойлау белсенділігін арттыру
жағдайының болуы керек.
4. Тілді ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың көрнекілік қағидасына сәйкес оқылатын
материалдың, объектінің олардың модельдерінің сезімдік қабылдауының ескерілуі және білім алушының
жеке бақылаулары қамтамасыз етілуі тиіс. Көрнекілікпен қамтамасыз ету талабының қойылуы
мультимедиалық оқу құралдарында толығымен жаңа, жоғары деңгейде іске асуына әсер етеді. Өйткені
виртуальды шындық жүйесінің кең тарауы тек қана көрнекілік туралы емес, сонымен бірге жақынарада
оқытудың полисенсорлылығы туралы айтуға болатынын көрсетіп отыр.
5. Оқытудың саналылығын, өз бетінше жұмыс істеу және қызметтің белсенділігін арттыру үшін
мультимедиалық оқу құралдарының мазмұнын білім алушының өз бетінше жұмыс істеуін және оқу
қызметтерінің мақсатын, міндетін, соңғы нәтижесін нақты түсініп, қажет ақпаратты алу, оны мақсатқа
сай өңдеу, орындау, пайдалану әрекеттеріне бағытталған материалдармен қамтамасыз ету керек. Тілді
үйренуші үшін оның оқу қызметі бағытталған материал ғана игеріледі. Сондықтан да мультимедиалық
оқытуда мультимедиалық қүралдарды пайдаланудағы білім алушы қызметі нақты модельденуі тиіс. Ал
оның қызмет уәждемесі оқу материалына сәйкес болуы керек. Мультимедиалық оқу құралдарының сабақ
барысында белсендірілуі түрлі оқу жағдайларын генерациялауды, түрлі сұрақтар мен тапсырмаларды
құрастыруды талап етіп, білім алушыны оқытудың белгілі бір траекториясын таңдауға және сабақ барысын
басқаруға мүмкіндік беретіндей болғаны дұрыс.
6. Оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі қағидасына сәйкес мультимедиалық оқыту құралдары тіл
саласындағы берілетін білім жүйесінің білім алушылар тарапынан игерілуінде бірізділіктің болуын талап
етеді.
Nazarbayev
Intellectual
Schools
455
7. Меңгерілген білімнің беріктілігін қамтамасыз ету талабы орындалуы керек. Ол талаптың
орындалуы тек қана оқу материалының толығымен білім алушының өз бойынан өткізген қызметінде іске
асады және де оқу материалы оның есінде белгілі бір орын алады.
8. Оқытудың білім беру, дамыту, тәрбиелеу функцияларының бірлігі талабы орындалуы тиіс.
Тілді ақпараттық технологиялар жүйесімен оқыту үдерісіне енгізілген мультимедиалық,
теледидарлық, компьютерлік оқу құралдары арқылы оқу материалының білім алушылар тарапынан
игерілуі екі-үш есе артатыны айқындалды. Оған әсер ететін басты фактор синкретикалық оқытудың іске
асуы екендігі анықталды. Яғни білім алушы үшін бір мезгілде материалды көру, есту, арқылы қабылданып,
ол материалдың кез келген мезетте қайталануына мүмкіндіктің болуы және интерактивті режимдегі білім
алушының оқу қызметінің ұйымдастырылуының жүзеге асуы.
Тілді ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың тиімділігі оның оқу үдерісін ұйымдастыруы
деп танылды. Ал оқыту үдерісінің жүйе құрушы ұғымдары оқытудың мақсаты, оқытушының (оқыту),
білім алушының (оқу) қызметтері және нәтиже деп анықталып, белгіленді.
Әдебиет:
1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы. “Егемен
Қазақстан” 2007 ж. 15 тамыз. №254-256.
2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйеісінің даму Тұжырымдамасы. – Астана, 2003. – 45 б.
3. Федотова Е.Л. Информационные технологии в профессиональной деятельности. – Москва, 2008.
– 368с.
4. Шилкина Л.В. Методические основы использования СМИ для обучения аудированию в неязыковом
вузе: автореф. канд. ...п.н.. – Москва, 1973. – 24 с.
5. Морев И.А. Образовательные информационные технологии. – Владивосток, 2004. –521 с.
6. Құрман Н.Ж. Қазақ тілін оқыту технологиялары. – Астана, 2008
Ысқақов Ә., Көшеров Ә.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлау институты
(Қазақстан Республикасы)
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ –
ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫ
Ұлы ғұлама Әл-Фараби ұстаз туралы: «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,
көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін
ұмытпайтын... алғырда аңғарымпаз ақылша..., мейлінше шешен, өнер білімге құштар қанағатшыл, жаны
асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне...
жақсылық пен ізеттілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
деген еді.
Ал, енді, кәзіргі экономикалық жағдайларда педагогикалық қызмет оқушылардың жеке тұлғасын
дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын,
инновациялық үдерістерді ғана емес, шығармашылық үдерістерді де басқара алатын мұғалімді талап етеді.
Бұл дегеніміз кәзіргі ұстаздың кәсіби шеберлігіне қойылатын талаптар бұрынғыданда арта түседі
деген сөз.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол басқа мамандарда
шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық.
456
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында,
іс-тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді. Демек, кәзіргі мұғалімнің кәсіби
дамуының бір жолы оның біліктілігін үздіксіз арттыру.
Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра
білу дағдысы» деп, атап өткен еді.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.
Кез-келген маман иесі, соның ішінде мұғалім де біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыру қажет.
Мұғалімнің кәсіби даярлығы орта арнаулы және жоғары кәсіптік мектеп қабырғасында аяқталмайды,
ол кәсіптік қызметінің бүкіл өң бойында жалғаса береді. Міне сондықтан кәсіби білім алудың үздіксіздігі
мұғалімнің шығармашылық қабілеті мен кәсіби дамуының қажетті алғышарты болып табылады.
Кәзіргі заман талабына сай мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету дәстүрлі және жаңа халықаралық
практикаға сәйкес жүргізуді қажет етеді.
Мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдіруде біз дәстүрлі деп, педагог мамандарын даярлайтын жоғары оқу
орындарында және біліктілікті арттыру жүйесінде «Педагогикалық әдеп пен мұғалім этикасы» пәндерін
жаңа талаптарға сай міндетті пән ретінде еңгізуді қажет деп есептейміз. Өйткені, бұл ілім мұғалімге кәсіптік
морал туралы білім беруді көздейді. Мұғалімге қойылатын талап Әл-Фараби айтқан деңгейде болуы үшін,
оның моралдық дайындығы мен мәдениетінің дәрежесін және оның мазмұны мен ерекшелігінің қажетті
деңгейі анықталған болуы керек. Оны анықтай алатын тек осы аталған пән бола алады.
Мұнда мұғалім үшін аса қажет міндетті талаптар деңгейі, педагогикалық такті, сөйлеу мәдениеті,
мұғалімнің қалпын меңгеруі, мінезі мен ұстанымы, кәсіби шеберлігін анықтайтын қабілеттіліктер
жиынын әрбір мұғалім білуі тиіс және оны мүлтіксіз орындауға міндетті шарттар болуы керек. Біз,
біліктілігін арттыруға келген кейбір мұғалімдердің қажетті этикалық шарттарын біле бермейтін және
орындамайтындығын байқап жүрміз.
Атақты В.А.Сухомлинский мұғалімнің сөйлеу ерекшелігі және сөйлеу мәнері туралы «Мектептегі
қайшылықтардың түп негізі мұғалімнің оқушымен сөйлесе алмауынан туындайды» десе, А.Макаренко
«Оқушылар, Сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, Сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне
алатындай болуы керек» деген еді.
Осыған орай «Педагогикалық әдеп, мұғалім этикасының» заман талабына сай бағдарламасы жасалып,
оқулықтар мен көмекші құралдар шығаруды қолға алу уақыт күттірмейтін мәселенің бірі деп есептейміз.
Мұғалімнің кәсіби дамуын жетілдірудің жаңа салалары ретінде кәзіргі білім беру үдерісіндегі жаңа
талаптар: «оқушыны үйрену дағдысына үйрету» және «бүкіл өмірге жететін білім алудан, өмір бойы білім
алуға үйрету» парадигмасы тұрғысынан қарастыру керек. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалім оқу үдерісін
ұйымдастырушы. Мұғалім бұл міндетті атқару үшін нағыз шығармашыл іс-әрекеттің адамы болуы керек.
Ал шығармашылық, жоғары құзіреттілікті меңгерген мұғалімнің ғана қолынан келеді.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында
былай делінген: «12 жылдық мектептің педагогы жоғары деңгейде қалыптастырудың бірнеше құзіреттілігін
игеруге міндетті. Олар, арнайы, әлеуметтік және білім беру құзіреттілігі...», «кәсіби дайындықты дамытудың
мақсатты бағдарына сәйкес басшының, мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру болып
табылады».
Педагогикада «кәсіби құзіреттілік» түсінігі әртүрлі қарастырылады. Ол «жан-жақты хабардар, білгір
деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алады
дегенді білдіреді».
Кәсіби құзыреттілік туралы С.Г.Молчанов «педагогикалық жоғары оқу орындарымен біліктілікті
арттыру институттарын біріктіруге болмайды. Педагогикалық жоғары оқу орындары тарихи қалыптасқан
кәсіби құзіреттілікті игеруге жауапты болса, біліктілікті арттыру институттары өзекті және инновациалық
кәсіби құзіреттілікті игерту біндетін атқарады» деп атап көрсеткен.
Осы тұрғыдан алғанда біліктілікті арттыру курстарында мұғалім және оқушы құзіреттілігін дамыту
мақсатында жүйелі де жоспарлы жұмыстар атқарылуы керек. Біздің Оңтүстік Қазақстан облыстық
Nazarbayev
Intellectual
Schools
457
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында бұл жұмыстар кейінгі үш
жылда жоспарлы жүргізілуде. Атап айтқанда институттың оқу жоспарының вариативтік бөлігінде 10
сағаттық арнайы курстар өткізіліп, оған байланысты түрлі іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, 2009
оқу жылында «Мұғалім құзіреттілігі және оны жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздері»
тақырыбында арнайы курс ұйымдастырылды. Ал оқу жылының соңында «Мұғалім құзіреттілігін
қалыптастыру негізінде шығармашыл тұлға тәрбиелеу жолдары» (21-22 қазан) Республикалық ғылыми-
әдістемелік конференция өткізілді. Оның материалдары арнайы жинақ болып шығарылды. Ал, 2010 оқу
жылында «Оқушы құзіреттілігін дамыту негізінде білім сапасын арттыру мәселелері» атты арнайы курс
өткізіліп соның нәтижесінде, осы тақырыпта Республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылды (23-
24 қараша). Конференция материалдары жинақталып баспадан шығарылды. Ол облыс мұғалімдерінің,
осы мәселе жөнінде әдістемелік көмекші құралына айналды. Бұл жұмысты келешекте де жалғастыру
жоспарымызда бар.
Жалпы мұғалімнің кәсіби дамуын тежейтін түрлі факторлар бар. Ол факторларға белгілі ғалым
А.К.Маркова өз еңбектерінде тоқталған. Біз оларға талдау жасамай-ақ біліктілікті арттыру курстарында
осы факторларды туғызатын себептермен күресуді жоспарға енгізудеміз. Бұл толық талдауды қажет ететін
мәселелер тобына жатады.
Қорыта айтқанда институт қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарында мұғалімнің кәсіби дамуын
жетілдірудің жаңа жолдарын іздестіруде және оның ең тиімді тәсілдерін өздерінің іс-тәжірибелерінде
жүйелі пайдалануда.
Әдебиет:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. Астана, 2010.
2. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2006.
3. Аганина Қ.Ж. Құзіреттілік тұрғылар негізінде білім мазмұнын жетілдіру. //12 жылдық білім. –
2006, №5.
4. Кларин М.В. Инновации в мировой педагогике. – Рига, «Экспримент», 1998, -180с.
458
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Достарыңызбен бөлісу: |