Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет47/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

291


-  проблеманы көре білу, оны шешу жолдарын тауып, пайдалана білу;

-  жобаны құрастыра алу;

-  балама шешімді ідестіре алу.

Бұл  талаптарға  жауап  беретін  түлектерді  дайындау  –  бүгінгі  күнгі  білім  мекемелерінің  алдына 

қойылып отырған негізгі мәселе. Әрине, бұл бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулер жоқ емес, бұл мәселенің 

көтеріліп  отырғаны  да  бүгін  емес,  оны  көптеп  бері  шешімі  іздестіріліп  келе  жатқан,  қашанда  күрделі 

мәселелердің бірі десе болады.

А.Ф.Зеер  мына  негізгі  құзыреттіліктер  мұғалімнің  тұлғасын  бейнелейтін  көрсеткіштер  деп  бөліп 

қараған:  әлеуметтік,  кәсіби  құзыреттілік;  когнитивтік  қабілеттердің  жетілуі;  жеке  тұлға  қабілеттері 

дамуы;  сенсомоторлық  (кәсіби,  сезім,  іс-әрекет)  қасиеттердің  жақсы  жетілуі.  Ғалым  педагогикалық 

оқу  орындарында  алатын  білім  мазмұнына  назар  аударып,  оның  негізінде  сол  мамандыққа  қажетті 

құзыреттіліктің  қалыптасатынын,  мұндай  дайындықтан  өткен  студент  кейінгі  еңбекте  де  өзінің  бұл 

құзыреттіліктерін іс-әрекетте де көрсетеді деген тұжырым жасайды. 

Біз  бұдан  педагогикалық  оқу  орындарында  оқитын  студенттердің  құзыреттілігіне  басты  назар 

аударылғандығын, оны жетілдіру үшін білім беруді ақпараттандыру керек екендігін айтамыз. 

Әдебиет:


1. Кульневич С.В. Личностная ориентация методологической культуры учителя // педагогика. – 1997. 

- № 5. – с 108 – 115.

2.  Коротяев  Б.И.  Методы  учебно  –  познавательной  деятельности  уча-щихся  (состав,  функции, 

закономерности, принципы, способы формирования): дисс.д-ра.пед.наук: 13.00.01. – 22 – Славянск, 1978. 

– 423 с.

3. Сластенин В.А., Тамарин В.Э. Методологическая культура учителя и педагогика. – 1990. - № 7. – с. 

82 – 88.

4.  Зеер  Э.Ф.  Ключевые  квалификации  и  компотенции  в  личностно-ориентированном 

профессиональном  образовании  //  Образование  и  наука:  Известия  Уральского  научно-образовательного 

центра РАО.-Екатеринбург: УГПУ, 2000. - № 3(5).- С. 90-102.



Өнерхан Г.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

(Қазақстан Республикасы)

ЗЕРЕНДІ КӨЛІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ИНДИКАТОР-САПРОБТЫ 

МИКРОБАЛДЫРЛАР КӨМЕГІМЕН БАҒА БЕРУ

Зеренді  көлі  Көкшетау  қыратының  тау  аралық  ойысында,  Ақмола  облысы  Зеренді  ауданының 

солтүстік  шығысында,  «Көкшетау»  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағы  аумағында  орналасқан.  Көл 

жағалауының ұзындығы 21,3 км. Көл беті негізінен ашық, жағаға жақын жерлерін қамыс басқан. Көл түбі 

тегіс,  лайлы,  жағалаулары  құмды,  қиыршық  тас  пен  қойтасты.  Көл  -  ағынсыз.  Көлге  оңтүстік  жағалау 

тұсынан ұзындықтары 0,3-1,5 км болатын мезгілдік сипаттағы суағарлар келіп құйылады. Бұл тек көктем 

айларында  бірнеше  күнде  немесе  қатты  сел,  жаңбыр  жауған  күндері  болады.  Көл  суы  тұрмыстық-

шаруашылық мақсаттарда қолданылады [1-3]. 



ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Жұмыста зерттеу объектісі ретінде Зеренді көлінен алынған су сынамалары пайдаланылды. Сынамалар 

жаз, күз және көктем айларында алынды. Микробалдырлардың түрлік құрамын анықтауда Сиренконың 

әдiстемелiк нұсқаулары пайдаланылып, материалдар полиэтилендi ыдыстарға жиналынды. Балдырларды 



292

Nazarbayev

Intellectual

Schools

зерттеуде перипитонды және планктонды организмдер алынып, МБИ 15-42У микроскопын пайдаландық. 

Балдырлардың түрлiк құрамын анықтауда: «Определитель сине-зеленых водорослей Средней Азии», том 

1-2;  «Определитель  пресноводных  водорослей  СССР»,  том  1-14,  1951;  «Определитель  протококковых 

водорослей Средней Азии», том 1-2, 1988; «Определитель протококковых водорослей Средней Азии», 1976; 

«Краткий определитель хлорококковых водорослей УкрССР». Киев, 1990 анықтауыштары қолданылды. 

Жұмыс барысында фиксаторлар ретiнде 2-4% -тi формалин ерiтiндiсi, түрлiк құрамын анықтауда 0,01% 

нейтралды қызыл және метилен көк, сафранин бояғыштары қолданылды. Талшықты микробалдырлардың 

қозғалысын тоқтату үшiн йод ерiтiндiсi қолданылды [4-9]. 

НӘТИЖЕЛЕР МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР

Балдырлар  қауымы  солтүстік  өңірлері  үшін  әлі  толығымен  шешімін  таппаған  гидробиологияның 

мәселесін  –  су  экожүйесінің  өнімділігін  анықтауда,  олардың  шаруашылықта  пайдалану  мүмкіндігін 

бағалауда  аса  маңыздылардың  бірі  болып  саналады.  Сондықтан  балдырлардың  осы  қасиеттері  Зеренді 

көлін биоиндикациялауда қолданылды.

Зеренді  көлінің  альгофлорасын  зерттеу  барысында  балдырлардың  99  түрі  анықталынды. 

Анықталынған микробалдырлар 5 бөлім, 11 класс, 16 қатар, 29 тұқымдас, 99 түрден тұрады (кесте 1). 

Кесте 1 - Зеренді көлінен анықталынған микробалдырлардың жіктелінуі

 

Бөлім


Класс

Қатар


Тұқымдас

Түр


Chlorophyta

5

6



11

40

Euglenophyta

1

1

1



4

Cyanophyta

2

3



5

28

Bacillariophyta

2

3

9



23

Xanthophyta

1

3



3

4

Барлығы



11

16

29



99

Анықталған балдырлардың iшiнде түрлік құрамы бойынша 1-орынды жасыл балдырлар 40,4 % (40 

түр), екінші орынды көк-жасыл балдырлар 28,28 % (28 түр), келесі орындарды диатомды 23,23 % (23 түр) 

және эвгленалы, сары жасыл балдырлар 4 % (4 - 4 түрден)-дан иеленеді. 

Көкжасыл  балдырлардан Anabaena  туысының Anabaena  constricta  (Szaf)  Geitl, Anabaena  flos-aquae 

Born  et.  Flah,  Anabaena  variabilis  Kutz  және  Oscillatoria  туысының  Oscillatoria  tenuis  Ag.,  Oscillatoria 

irrigua (Kutz), Oscillatoria amphibian West, Oscillatoria splendida var. West, Oscillatoria boryana, Phormidium 

foveolarum Gom, Phormidium viride Lemm., Spirulina major Kutz көптеп кездесті. 

Жасыл  балдырлардан  Ankistrodesmus  туысының  Ankistrodesmus  angustus  (Bernard)  Korsch, 

Ankistrodesmus longissimus var acicularis, Ankistrodesmus minutissimus Korsch, Chlamydomonas туысының 

Chlamydomonas reinhardtii var reinhardtii Dang, Chlamydomonas inepta Etti, Chlorella туысының Chlorella 

vulgaris  var  vulgaris  Beijerinck,  Chlorella  luteoviridis,  Chlorella  sp.,  Scenedesmus  туысының  Scenedesmus 

acuminatus  var.  Biseriatus,  Scenedesmus  quadricauda  var.quadricauda,  Scenedesmus  nanus  түрлері,  ал 

диатомды  балдырлардан  Navicula  туысының  Navicula  cruptocephala  var  veneta  Kutz,  Navicula  mutica  var 

stigma,  Navicula  radiosa  var  parva,  Navicula  subocculta  Hust,  Navicula  placentula  f  rostrata  сияқты  түрлері 

доминанттық көрсетті.

Эвгленалы балдырлардан бір ғана туыстың өкілдерінің көптеп таралуы көлде эвтрофикация процесін 

туғызады. 

Зеренді  көлінің  альгофлора  құрамын  зерттегеннен  кейін,  назарды  анықталған  түрлердің  ішіндегі 

индикатор-сапробты  түрлерге  аударып,  көл  экожүйесінің  сапасы  туралы  нақты  қорытынды  жасадық. 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

293


Сапробтылық  суқойманың  органикалық  заттар  мен  олардың  қалдықтарынан  ластанған  деңгейін 

көрсететіндіктен  маңызды  көрсеткіштердің  бірі.  Ол  суқойма  жағдайының  аса  маңызды  кешенді 

сипаттамасы болып есептеледі. 

Зерттеу  нәтижесінде  Зеренді  көлінен  анықталған  микробалдырлардың  31-і  индикатор-сапробты 

түрлерге жататындығы анықталды. 

Пантле-Букка  әдісі  бойынша  сапробтылық  индексінің  1,98-ге  тең  болуы  және  Зеренді  көлінен 

табылған  сапробты  түрлердің  түрлік  қатынасын  салыстырғанда  барлық  индикатор-сапробты  түрлердің 

жартысынан көбі, яғни 51,6 пайызы бета-мезосапробты зонаның микробалдырлары болуы Зеренді көлінің 

β –мезосапробты зонаға жататындығын дәлелдейді. 

Табылған  индикатор-сапробты  микробалдырлардың  1-ксено-олигосапробты  (x-о),  6-олиго-

бетасапробты (o-β), 2- олиго- альфасапробты (о-α), 16- бета-мезосапробты (β), 1-бета-альфа-мезосапробты, 

3-альфа- мезосапробты (α), 2-поли- альфасапробты (р-α) түрлер. 

 Индикатор-сапробты организмдердің ішінен таза суларға тән Navicula cruptocephala var veneta Kutz, 

Cyclotella comta, var comta Kutz, Pediastrum simplex Meyen, Merismopedia major (Smith) Geitl балдырларының 

кездесуінен Зеренді көлінің әлі де болса тазалау екендігін білдіреді.

  Көл  суынан  анықталған  түрлердің  ішінен  Euglena  acus,  Hantzschia  amphioxys  var  amphioxys 

(Ehr),  Anabaena  affinis  Lemm.,  Anabaena  flos-aquae  Born  et.  Flat,  Chlorella  vulgaris  var  vulgaris 

Beijerinck,Chlamydomonas reinhardtii var reinhardtii Dang-тың көптеп таралып, жетекші орынды алуы көлде 

эвтрофикация процесінің жүріп жатқанын байқатады. 

Сары-жасыл  балдырлар  тек  топырақ  пен  тұщы  суларда  ғана  кездесетіндіктен,  бұл  балдырлардың 

Зеренді көлінен кездесуі көл суының тұщы екенін көрсетеді. 

Сондықтан  Зеренді  көлінің  экологиялық  жағдайын  жан-жақты  зерттеп,  көл  суын  биологиялық 

тұрғыдан  тазарту  шараларын  қарастыру  керек  және  бүгінгі  таңда  көл  суына  әсер  етуші  сыртқы 

факторлардың көбеюінің алдын-алу қажет. 

Әдебиет:

1.  Казбеков  А.К.,  Сагадиев  К.Х.  Государственный  национальный  природный  парк  «Кокшетау».  – 

Кокшетау, 2002. – 188 с.

2.  Ақмола облысының су қоры: Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау туралы материалдар. – 

Көкшетау, 2008. – 105 б.

3.  Казбеков А.К. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану. – Кокшетау: Кокше-Полиграфия, 

2008. – 256 б.

4.  Сиренко Л.А., Сакевич А.И., Осипов Л.Ф., Лукина Л.Ф. и др. Методы физиолого-биохимического 

исследования водорослей в гидробиологической практике. - Киев: Наукова думка, 1975. - 247 с.

5.  Унифицированные методы исследования качества вод // Методы биологического анализа воды. 

Приложение І. Индикаторы сапробности. - М.: СЭВ, 1977. - С. 11-42. 

6.  Определитель пресноводных водорослей СССР / Отв. ред. М.М. Голлербах. - Л.: Наука, 1951. – 

Т.1-14.

7.  Музафаров А.М., Эргашев А.Э., Халилова С.Х. Определитель сине-зеленых водорослей Средней 



Азии. - Ташкент: Фан, 1987. – Т. 1. - С. 3-405.

8.  Музафаров А.М., Эргашев А.Э., Халилова С.Х. Определитель сине-зеленых водорослей Средней 

Азии. - Ташкент: Фан, 1988. – Т.2. - С. 406-815.

9.  Эргашев А.Э. Определитель протококковых водорослей Средней Азии. - Ташкент: Фан, 1979. - 

Ч.І. – 343 с.


294

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Орнекешова А. И.

средняя школа №12

Мангистауская область, город Актау (Республика Казахстан)

РОЛЬ ИКТ В ФОРМИРОВАНИИ ИНФОРМАЦИОННЫХ КОМПЕТЕНЦИЙ УЧИТЕЛЯ И 

УЧАЩИХСЯ В ПРЕПОДАВАНИИ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ

«Можно и нужно каждого учителя

 научить пользоваться педагогическим 

инструментарием, только тогда его работа

 будет высокорезультативной, а место учителя

 самым лучшим местом под солнцем».

Ян Коменский

Современные  темпы  технологических  перемен  обязывают  мировое  сообщество  как  можно  точнее 

планировать стратегию образования. Это ставит перед различными типами образовательных учреждений 

Казахстана задачу подготовки зрелого молодого поколения, квалифицированных специалистов, способных 

активно  включиться  в  качественно  новый  этап  развития  страны.  То  есть  переход  к  информационному 

обществу  выдвигает  социальный  заказ  педагогам  на  подготовку  личности  с  адекватной  ориентацией  в 

информационном пространстве, способностью принимать решения в нестандартных ситуациях в условиях 

избыточной и недостаточной информации.

Сегодня информационные технологии в обучении – это не дань моде, а средство достижения нового 

качества образования, что соответствует главной задаче российской образовательной политики.

Использование  информационно  -  коммуникационных  технологий  в  образовательном  процессе 

позволяет рационально спроектировать учебный процесс.

Открытость, доступность делает Интернет принципиально новым средством массовой информации.

Сегодняшним учащимся предстоит жить в новом информационном обществе, поэтому очень важно 

сформировать у них умение общаться с практически безграничными ресурсами компьютерной сети. 

Современный  педагог,  должен  уметь  работать  с  современными  средствами  обучения,  чтобы 

обеспечить одно из главнейших прав учащихся – право на качественное образование.

Так  как,  современный  ребенок  живет  в  мире  электронной  культуры.  Меняется  роль  учителя  в 

информационной культуре - он должен стать координатором информационного потока. 

Учащимся  свойственно  подражание,  стремление  быть  как  взрослые.  Взрослые  работают  с 

компьютером. Преподавание в начальной школе математике, русского языка, естествознания даже в наше 

информативно-насыщенное время проводится все теме же старыми методами. В наше время стремление 

педагогов  понятно  внедрить  в  практику  начальной  школы  новейшие  информационные  технологии  в 

частности компьютерные. [2, с.52]

Именно поэтому применение ИКТ в процессе обучения и воспитания младших школьников повышает 

общий уровень учебного процесса, усиливает познавательную активность учащихся. Но, чтобы так учить 

младших школьников, одного желания мало. Учителю необходимо овладеть рядом умений

Основными являются:

-  технические,  т.е.  умения,  необходимые  для  работы  на  компьютере  в  качестве  пользования 

стандартного программного обеспечения;

- методические, т.е. умения, необходимые для грамотного обучения младших школьников;

- технологические, т.е. умения, необходимые для грамотного использования информационных средств 

обучения на разных уроках, проводимых в начальной школе.


Nazarbayev

Intellectual

Schools

295


Использование презентаций уместно на любом этапе изучения темы и на любом этапе урока:

- в начале урока с помощью вопросов по изучаемой теме, создавая проблемную ситуацию;

- при повторении пройденного материала, для быстрой проверки знаний учащихся;

- на этапе объяснения нового используются изображения, видеофрагменты.

Главное, информационные компетенции обеспечивают навыки деятельности ученика по отношению 

к информации, содержащейся в учебных предметах и образовательных областях, а также в окружающем 

мире. 

При помощи реальных объектов (телевизор, магнитофон, компьютер) и информационных технологий 



(видеозапись, СМИ, Интернет), формируются умения самостоятельно искать, анализировать и отбирать 

необходимую информацию, организовывать, преобразовывать, сохранять и передавать ее. 

Учитель в современном мире - тот же ученик. Пока он осваивает новые прогрессивные методики, 

внедряет  инновации  и  изучает  информационные  технологии  -  он  учится  сам.  Именно  в  этом  ценность 

учения: не только отдавать знания ученикам, но и уметь учиться и стремиться к профессиональному росту 

самому. 


Применение компьютера на уроках развивает учащегося: повышает интерес к учебному процессу, 

ставит  перед  ребенком  познавательные  и  творческие  задачи,  воспитывает  самостоятельность,  учит 

работать с разными источниками информации

 Основными целями использования компьютерных технологий на уроках можно выделить:

- повышение мотивации к учебе,

- углубление знаний,

- развитие психофизических качеств учащихся в процессе их практической деятельности в игровой 

компьютерной игре.

Важно  отметить,  что  учителю  при  использовании  компьютера  на  уроке  отводится  очень  важная 

роль. Он составляет урок, подбирает дидактический материал и индивидуальные задания, разрабатывает 

методические и обучающие цели. Использование компьютера на уроке позволяет переложить часть работы 

учителя на компьютер, делая при этом процесс обучения более интересным, разнообразным и интенсивным. 

Учитель начальных классов может использовать в своей работе личные презентации. [5, с.144]

Компьютер является мощнейшим стимулом для творчества детей, в том числе и самых инфантильных 

или расторможенных. Экран притягивает внимание, которого мы порой не можем добиться при фронтальной 

работе с классом. 

Не  обладающие  красивым  почерком  и  достаточным  уровнем  грамотности,  дети  довольны,  что  их 

«компьютерное сочинение» выглядит великолепно и ошибки можно исправить, не испортив внешний вид 

текста.

Презентации,  созданные  учителями,  различаются  не  только  технически,  но  и  методически.  Одни 



презентации позволяют учителю добиться максимальной активизации обучения, сделать урок эмоционально 

насыщенным  и  интересным  для  учащихся  (где  проектор  минимизирует  необходимость  использование 

мела на доске и заметно ускоряет процесс подачи материалов). Другие презентации позволяют оценить 

глубину понимания слушателями изучаемого материала, умение подбирать и анализировать собранную 

информацию, выделить главное для исследовательской деятельности учащихся. 

Использование  компьютера  в  учебном  процессе  в  начальной  школе  является  моделирование 

содержания разнообразных учебных проблем с самими учащимися. При этом важное значение приобретает 

формирование  психологически  комфортной  учебной  среды,  где  ребенок  может  быстро  преодолеть 

неуверенность  в  своих  действиях,  где  создаются  доверительные  отношения  между  всеми  участниками 

процесса,  и  активизируется  творческая  учебно-познавательная  деятельность.  Спектр  использования 

возможности ИКТ в образовательном процессе достаточно широк. 

Информационные технологии незаменимы:

- на факультативных, индивидуальных занятиях;

- для организации проверочных уроков, тестирования;



296

Nazarbayev

Intellectual

Schools

- при проведении вводных лекций;

- в ходе выполнения домашнего задания, написания рефератов, докладов;

- представлении исследовательских работ учащихся;

- в оформлении портфолио учителя. 

ИКТ способствуют:

 1. Развитию навыков исследовательской деятельности учащихся. 

  2.  Формированию  у  школьников  умения  работать  с  информацией,  развитию  коммуникативных 

способностей.

 3. Формированию положительной мотивации учения.

 4. Активному вовлечению учащихся в учебный процесс.

 5. Качественному изменению контроля деятельности учащихся.

Школьники начальных классов с помощью ИКТ могут делать свои маленькие научные открытия. 

 Далеко не весь учебный материал нуждается в опоре на средства компьютерной техники. Не нужно 

превращать ИКТ в самоцель, неуёмное увлечение. Следовательно, компьютер на уроке необходим как одно 

из средств обучения, но при этом далеко не единственное. Он не подменяет ставшие уже привычными 

дидактические средства, а лишь дополняет их в процессе проведения урока.

Использование ИКТ – это требование времени, но главное место в учебном процессе принадлежит 

учителю.

Литература:

1.  Демин  И.С.  «Применение  информационных  технологий  в  учебно-исследовательской 

деятельности». Методический сборник. Москва. Народное образование, 2001, с.144

2.  Полат  Е.С.  «Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе  образования». 

Учебное пособие для студентов педагогических вузов. Москва. 1999г.

3.  Пахомова Н.Ю. Учебные проекты: его возможности. Учитель,№4, 2000,-с.52

4.  «Использование  ИКТ  (информационно-коммуникационных  технологий)  в  преподавании 

исторических и общественных дисциплин ». История Казахстана: преподавание в школах и Вузах. 2011, 

№2, с.14


5.  Сборник  материалов  международной  научно-практической  конференции  «Образование  для 

устойчивого  развития:  методологические  основы  внедрения  ИКТ  в  учебный  процесс  как  условие 

качественного образования» с.354


Nazarbayev

Intellectual

Schools

297


Өмірбаева К.О.

педагогика ғылымының кандидаты

Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты

(Қазақстан Республикасы)

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Қазақстан  халқы  2011  жылдың  желтоқсан  айында  мемлекетіміздің  тәуелсіздігінің  20  жылдық 



мерекесін тойлағалы отыр. Қазақстан Республикасы халықаралық деңгейде басқа елдермен терезесі тең 

түсетін тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздік – мемлекеттік тұрғыдан алғанда еліміздің еркіндігі, ел билігінің өз 

қолында болуы. Бұл халқымыздың ғасырлар бойғы арманы, күресінің басты идеясы болып келеді.

ХХІ ғасырда қазіргі білімді ұрпақ Қазақстанның өркениетті әлемінен орын алып, мемлекетіміздің 

дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етеді. Көпұлтты Қазақстан мемлекетінің алдында біртұтас білім 

кеңістігін қалыптастыру міндеті тұр.

Қазіргі  заманда  еліміздің  барынша  қабілетті  елу  елдің  қатарына  ену  бағыты  барысында  көптеген 

экономикалық, әлеуметтік, мәдени және тағы басқа өзгерістер білім беру жүйесінде де жаңашылдықты 

талап етеді. Егеменді еліміздің мақтанышы – қазіргі білімді жастар көк аспанда қалықтап ұшқан қыран құс 

іспеттес, көк байрақты айбарлана көтеретін жігерлі, дарынды, жан-жақты жас мамандар болып табылады

Ендеше,  оларды  ғылым  нәрімен  сусындану  барысында  ізденгіш  өз  ісіне  берілген  жоғары  оқу 

орындарының студенттері жаңалықты уақытында қабылдаса, өздеріне қажетті ақпаратты таңдап қолдана 

білсе, оқытудың жаңа технологияларын игерсе, білімі жоғары, бәсекеге қабілетті жас маман ретінде білім 

беру жүйесінде еселі еңбек етпек.

Қазіргі заман талабына сай жоғары оқу орындарында әрбір оқылатын курс бойынша студенттердің 

өмірді және оның құбылыстарын әртүрлі қырынан түсініп, терең қабылдауы ескеріледі.[1,9]

Студенттердің  педагогикалық  әрекет  негізінен  танымдық  іс-әрекет  жасауға  бағытталған  субъекті 

ретінде оларға өз бетімен қойылған мақсатқа жетуіне, өз бетімен білім алуына жағдай туғызылады және 

олар өз бетімен ойлауға, түсінуге, мәселенің дұрыс шешімін іздеп табуға дағдыландырылады.

Еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы барысында болып жатқан идеалогиялық, әлеуметтік, 

экономикалық және тағы басқа өзгерістер білім беру саласын реформалауды талап етті. 

Бұл  реформаның  негізгі  принциптерін  ойдағыдай  жүзеге  асыру  үшін  елімізде  білім  берудің  жаңа 

ұлттық моделі қалыптасуда.

Деңгейлік  оқытудың  өзектілігі:  Жоғары  білім  берудің  стандарттарының  барлығында  да  деңгейлік 

оқытудың жаңа технология ретінде оқу – тәрбие процесіне енгізілуі. 

Деңгейлік оқытудың мақсаты: 

 - қазiргi заманның қоғамдық-әлеуметтiк басты проблемаларының бiрi - тiлдiк қарым-қатынастың 

жүзеге  асуы  барысында  студенттердің  психологиялық,  физиологиялық  ерекшеліктерін,  сұранысын, 

қабілетін ескере отырып деңгейлеп оқыту. 

  -деңгейлік  оқытуды  iске  асыру  барысында  жалпы  бiлiм  беретiн  мектептерде  және  жоғарғы  білім 

орындарында қазіргі заманның жаңа технологияларын пайдалану жолдарын қамтамасыз ету.

«Деңгей» ұғымына түсінік. 

Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнде бұл ұғымдарға мынадай түсiнiктеме бередi:

Деңгей. зат. 

1)  тұспа-тұсы, нақ, шенi;

2)  белгiлi бiр шамада, көлемде;



298


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет