Эксперименттік есептермына, типтес болып та келеді:
1)"Пружинаны белгілі маштаппен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп (градуиовка), оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын көрсететінін формуланы өрнектеңіз".
2)"Берілген сұйықтың тығыздығын ареометрдің жәрдемімен анықтаңыз".
3) "Физика кабинетіндегі электр қоңыраудың істейтін моделі гальваникалық элемент, кілт, сымдар берілген, Электрқоңырау бір ақ рет шылдырауы үшін электр тізбекті қалай қосу керек? Оның сұлбасын сызып көрсетіңіз"
Қызықты физикалық есептеркөп кездеспейді. Оған мынадай есеп мысал бола алады:
"Болат стерженнің екі ұшын да бірдей магниттік полюске магниттеуге болады ма? Егер болса, калай? Егер болмаса, неге?"
Шығармашылық есептердіңерекшелігі зерттеуішлік ("Неге?" деген сұраққа жауап беретін) және конструкторлық ("Қалай істеу керек?" деген сұраққа жауап іздейтін) есептер болыл екі түрге бөлінеді.
Өндірістік-техникалық(политехникалық) мазмұнды есептер физика сабақтарында көп шығарылады. Бір мысал:
"Шахтаға массасы 280кг лифт бірқалыпты үдемелі қозғалыспен түсірілді. Ол 10 с ішінде 35м тереңдікке түседі. Лифт канатының керілуін табыңыз."
Бұл есептердің 2-3 түрі бір есепте бірігіп келсе, оны аралас (біріктірілген) кешенді есепдеп атайды, олар көп кездеседі.
Барлық физикалық есептер берілу шарты бойынша текстік, эксперименттік, графиктік, сурет-есеп сияқты салаларға бөлінеді. Дидактикалық, мақсатта олар қарапайым, жаттығу, күрделі (біріктірілген) есептер болып саналады. Карапайым(оңай) есептер2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті пайдалану арқылы шығарылады. Жаттығу есептерікөбінесе жаңа материалды бекітуде сұрақ ретінде шамасы 10Н күш әсер еткенде дене 0,2 м/с2 үдеу алады. Дененің массасын анықтаңыз."). Ал "қиын"(күрделі) есептердішығаруда бірнеше бөлімдердің заңдары мен формулалары, қорытындылары мен эксперименттік дағдылары пайдаланылады.
Есепті шығаруға қажетті мәліметтерді графикті талдаудан алатын болсақ, ондай есептерді графиктік есептердеп атаймыз. Мысалы: "Графиктеріне қарап қозғалыс түрлерін анықта" (2-сурет).
2-сурет