Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері мен түрлері



бет61/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

12.2 Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері мен түрлері
1. Оқушылардың жетістіктерін тексерудегі мұғалімнің іс- әрекеттері.
2.Оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін тексерудің ерекшеліктері.
3. Физика бойынша оқушылар білімін және ебдейліктерін бағалау.
Оқушылардың білімі мен шеберліктерін тексеру егер ол, яғнм тексеру барлық оқу процесімен байланысты болса және нақты бір жүйеде жүргізілсе ғана өз функцияларын толық орындайды. Сондықтан оқушылардың білімдері мен шеберліктерін тексеру жоспарлануы қажет және ол нақты бір жүйені құрайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құра отырып, мұғалім онда тексерудің орны мен әдісін қарастырады, қандай білімдер мен шеберліктердің тексерілуі керек екендігін анықтайды. Ол үшін тақырыпты құрылымдық және мазмұнды талдау жүргізіледі, және белгілі бір оқыту кезеңінде оқушылармен игерілуі керек білім элементтері және қалыптасуы тиіс шеберліктер ерекшеленеді.
Оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін тексеру мен бағалау оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде жүргізіледі. Дидактикада тексерулер алдын-ала, ағымдағы, мерзімдік және қортынды тексерулер болып бөлінеді.
Алдын-ала тексеру жаңа материалды түсіндіру алдында оқушылар білімдерінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі. Ағымдағы тексеру оқу материалын игерудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Мерзімдік тексеру тақырыпты, физика курсының тарауын өтіп болғаннан соң немесе оқу тоқсанының аяғында жүргізіледі. Қортынды тексеру курсты оқудың аяғында жүргізіледі. Білімдер мен шеберліктерді ағымдағы тексеру үшін ауызша сұрауларды, физикалық диктанттарды, қысқауақытты бақылау жұмыстарын, тестілерді, жеке және фронтальды зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді қолдану пайдалы.
Қортынды тексеруде жеке ауызша сұраулар, сағаттық бақылау жұмыстары, шығармалар мен рефераттар, фронтальды және жеке зертханалық жұмыстар, физикалық практикум пайдалану біршама тиімді. Білімдер мен шеберліктерді қортынды тексерудің ұйымдастырулық формаларына сонымен қатар сынақтар мен емтихандар да жатады.
Ауызша тексеруде ең маңызды әрі елеулі сұрақтар бөлініп көрсетіледі; Білімді тексерудің сәттілігі мен тиімділігі көбіне қойылған сұрақтардың сапасымен анықталады. Барлық сұрақтар қатаң түрде мақсатқа бағытталған және біржақты жауапты талап етуі керек. Сұрақтармен қатар оқушылардың алдына олардың ойлауын дамытатын сұрақтар қойылуы тиіс. Бұл арада ең тиімдісі – бұл белгілі бір құбылыстың мәні мен себептерін, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіруді талап ететін сұрақтарды қою болып табылады.
Оқушылардың анықтамаларды, физикалық шамалар мәнін, олардың бірлігін, графиканы оқи білулерін тексеру үшін физикалық диктанттар қолданылады. Олар келесідей жүргізіледі: мұғалім сөйлемнің басын оқиды да, ал оқушылар оны жазып алып, сөйлемді аяқтайды. Олар қысқа уақытты болуы мүмкін, 15 минутқа есептелген, сонымен бірге ұзақ уақытқа, яғни бүкіл сабақ бойына арналған диктант болуы мүмкін. Физика курсының нақты бір тақырыбын оқып болғаннан соң, бір сабақ бойына есептелген бақылау жұмысы жүргізіледі. Мұндай жұмыстың мақсаты – оқушылардың тақырыпты білулерін және тақырып бойынша тек жаттығулық тапсырмаларды ғана емес, сонымен қатар, аралас тапсырмаларды да шешуді білулерін тексеру болып табылады. Оқу жылының соңында әр сыныпта әдетте қорыту бақылау жұмыстары жүргізіледі, оның мақсаты – сол сыныпта өткен негізгі сұрақтар бойынша оқушылардың білімінің беріктілігін тексеру.
Физика бойынша оқушылар білімін және ебдейліктерін бағалау.
Оқушылардың білімі бес баллдық жүйе бойынша бағаланады. Білімді бағалауда мұғалімге жалпы білім беру бағдарламасында келтірілген физика бойынша білімдері мен ебдейліктерді бағалаудың үлгілі нормалары бағдар бола алады. Бағдарламада, әсіресе, бағалау кезінде ескерілетін білімдері мен ебдейліктері бөліп көрсетілген. Олардың қатарына:
Физикалық құбылыстар жөнінде:
 құбылыс анықталатын құбылыс белгілері;
 құбылыс жүретін жағдайлар;
 берілген құбылыстың басқалармен байланысы;
 құбылысты ғылыми теория негізінде түсіндіру;
 оны есепке алу мен қолдану мысалдары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет