Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


ХІІ ТАРАУ . ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ МЕН ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет60/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

ХІІ ТАРАУ . ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ МЕН ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


12.1 Оқушылардың білімдерін, іскерліктерімен мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы

1. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің маңызы мен мақсаты


2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің түрлері
Оқыту процесінде мұғалім жағынан оқушылардың танымдық іс-әрекетін мақсатты басқару жүзеге асырылады. Осы процестің маңызды звеноларының бірі оқушылардың жетістіктерін тексеру болып табылады. Ол оқушыларда қалыптасқан білімдер мен шеберліктердің деңгейін, олардың Мемлекеттік білім стандарттар талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу материалын оқушылардың меңгеру сапасын тексергеннен кейін объективті бейнесін алғаннан соң, мұғалім одан арғы оқытуды жоспарлағанда, оқушылардың білімдеріндегі кемістікті уақытылы түзетуге тиісті.
Білімдер мен іскерліктерді тексеру оқушыларда танымдық қабілеттердің: қабылдаудың, назардың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, білімдер мен іскерліктерді тексеру белгілі бір тәрбиелік функцияны да орындайды. Ол оқушыларды тәртіпті сақтауға, оларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді, өз жұмысы үшін жауапкершілік сезімін дамытады. Білімді тексеру жеке адамның қиындақтарды жеңудегі табандылықты, ерік пен жігерліктің қалыптасуына ықпал етеді.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің атқаратын функцияларын 3-кестеден көруге болады:


Кесте 15

Дидактикалық функциялар

Әдістік функциялар

Тексеру

Оқушыда бар білімнің деңгейін анықтау


Білімді практикада қолдану іскерлігін анықтау
Оқу және іскерлік дағдыларының бар екендігін және оның қалыптасу деңгейін анықтау



Оқыту

Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту
Ақыл-ойды дамыту
Білімнің тереңдігін, саналы түрде меңгерілуін, беріктігін тексеру
Білімді практикада қолдану, қолдана білудің деңгейін анықтау
Оқушылардың жіберген қателіктерін анықтап, талдап оны түзету
Білімді бекіту

Бағдар беру

Тексеру функциясында анықталынған оқытудың мақсаттарына жету
Оқыту мен тексеру функцияларында көрсетілген мақсаттарға әр оқушының және бүкіл сынып оқушыларының жетуі

Тәрбие беру

Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, алдына қойған мақсаттарға жету, адамгершілікке, шыншылдыққа т.б. тәрбиелеу
Әр оқу пәнінің ерекшелігіне сәйкес еңбек мәдениетіне тәрбиелеу
Ұйымдарда және жалпы қоғамда өздерін мәдениетті ұстауға үйрету
Еңбекке баулу
Кәсіби бағдар беру.

Сабақ мақсатына орай тексеруді жүргізудің әртүрлі формалары мен құралдары қолданылуы мүмкін.
Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексерудің түрлері:


Сұлба 25
 

 
Қазіргі уақытта тексерудің дәстүрлі әдістерінен басқа тестілік тапсырмалар бойынша тексерулер кең таралуда.


Тестілер оқушылардың білім деңгейлерін сапалы өлшеуге мүмкіндік береді, өйткені мұндай жағдайда тексерудің қажетті дәлдігі мен объективтілігі қамтамасыз етіледі. Құрылымы жағынан тесттерді еркін жауап беру мен жауап беруді таңдауы бойынша айырып біледі. Бірінші типтегі тест тапсырмалары оқушылардан өзбетімен сұраққа қысқа жауап тұжырымдауды талап етеді. Екінші типтегі тест жауап жиынтығы бар сұрақтардан тұрады, жауаптардың ішінен оқушылар дұрыс әрі толық жауапты таңдайды. Қазіргі уақытта арнайы бақылау бағдарламалар жасалған, ол компьютердің көмегімен тест түріндегі тапсырмаларды қолдану арқылы оқушылардың білімін біршама жылдам тексеріп, сол арада оқушылар мен мұғалімге тестілеу нәтижесі туралы ақпарат береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет