Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


Физика пәнінің мұғалімдерінің сабақты өзіндік тұрғыдан талдау



бет59/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
11.2 Физика пәнінің мұғалімдерінің сабақты өзіндік тұрғыдан талдау
Талдау сабақ жүргізген мұғалімнің өткен сабақты өзіндік талдаудан басталады. Сол себепті төмендегідей өзіндік талдау сызбасын ұсынамыз:1.Сабақта: а) білімділік, б) дамытушылық,в) тәрбиелік мақсатын қалай жүзеге асырдыңыз? Сабақтың үш мақсатын өзара қалай байланыстырдыңыз?
2. Сабағыңыздың түрі, типі және қолданылған әдіс-тәсіліңіз қандай?
3. Сабақты жоспарлаған кезде сыныптың, сынып оқушыларының қандай ерекшелігін ескердіңіз?
4. Сабақты жоспарлау кезінде бұл әдіс-тәсілді таңдауыңыздың басты себебі?
5. Жаңа материалды ашуда оқытудың қандай формасы таңдап алынды? Неге?
6.Сабақта қандай техникалық құралдар, қандай көрнекіліктер қолданылды?
7.Сабақта пән кбинетін қаншалықты пайдаландыңыз, сабақпен кабинет арасында байланысты қалай орнаттыңыз?
8. Сабақтың психологиялық атмосферасы қандай болды?
9. Сабақта оқушылардың топтық немесе жеке жұмыстануын қалай ұйымдастырдыңыз? Мұндай әдітердің тиімділігі неде деп есептейсіз?
10.Сабақта үй тапсырмасын тексеруді қалай жүзеге асырдыңыз? және бүгінгі сабаққа байланысты үй тапсырмасын беруде оқушылардың білім сапасы, ерекшілігі ескерілдіме?
11.Сабақта оқулықта жоқ қосымша ақпарат берілді ме?
12. Сабаққа қойған мақсатыңызға жеттіңіз бе? Егер жеткен жоқ деп есептесеңіз, себебі неде деп ойлайсыз және оны шешудің жолдары қандай?
11.3 Инновациялық сабақты талдау


Физика сабақтарын талдау дәстүрін тыс сабақтар бойынша жаңа бөліктер енгізуді қажет етеді. Физика сабағын талдаудың мынадай нұсқасын ұсынамыз:
І. Сабақтың мақсатын талдау.
1. Сабақта білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерінің анықтылығы, толымдылығы мен дұрыстығы.
2.Оқу материалын оқушыға жеткізу үшін пайданылған оқыту әдістерін талдау.
3. Қойылған мақсатқа жету деңгейі.
ІІ. Сабақты ұйымдастыру. Талау құрылымы.
1.Сабақтың мақсаты мен типі оның құрылымына сәйкес келуі.
2.Кабинеттегі құралдарды пайдалануы.
3.Сабақтың өту ырғағы.
4. Жоспардың орындау деңгейі.
ІІІ. Сабақтың мазмұнын талдау.
1.Оқу материалдары мазмұнының физикадан білім стандартымен сәйкес келуі.
2. Сабақтың өмірмен байланысы.
ІV. Сабақтың өту әдісін талдау.
1.Сабақты өткізудегі әдіс-тәсілдердің дұрыс таңдалуы.
Сабақтың тақырыбы; сабақ мақсаты; сынып мүмкінділігі мұғалімнің өзіндік мүмкіндігінің ескерілуі. Интерактивті әдістерді қолдану жағдайы мен оның басқа әдістермен үйлесімділігі.
2. Оқушыларда жаңа түсінікті қалыптастыру жолдары.
V. Сабақтағы оқушылардың жұмысын талдау.
1. Сабақтың әрбір деңгейіндегі оқушылардың жұмыс жасау белсенділігін арттыру.
2.Сабаққа және тақырыпқа қызығушылығы.
3. Оқушылардың икемділігі мен дағдыларының сапасы.
VІ. Үй тапсырмасын талдау.

  1. Үй тапсырмасын тексеру әдіс-тәсілдері.

  2. Үй тапсырмасының берілу көлемі.(немен анықталынады).

  3. Барлық оқушылар үшін үй тапсырмасының қиындылығы.

VІІ.Сабақтың санитарлық-гигиеналық талаптарына талдау.
1.Сынып тақтасы
2.Оқушылардың жасына жиһаздың сәйкес келуі.
3.Оқу орнының жарықтылық деңгейі мен тазалығы.
4. Сабақта техника қауіпсіздігінің сақталуы.
VІІІ Сабақтағы психологиялық ортаға талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет