Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет29/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Себеп пен салдар. Детерминизм.

Дүниедегі сан қилы заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыста болып, бір-біріне өз әсерін тигізіп, өзара өзгереді. Алайда біз дүниеде ретке келтірілген өзгерістерді, я болмаса тәртібі жоқ тұңғиықты байқаймыз ба? Бүгінгі таңдағы деректерге сүйенсек, дүниеде, бір жағынан, өзіндік ұйымдасу, күрделену, тәртіпке келу үдерістері жүріп жатса, екінші жағынан, құлазу, ыдырау, термодинамикалық теңдікке жету өзгерістері де бар. Детерминизм (determіno – латын сөзі, анықтаймын) дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтары негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады. Дүниеде бірде-бір басқа заттармен байланысқа түспеген зат, я болмаса құбылыс жоқ. Ал байланыс дегеніміздің өзі өзара іс-әрекетке әкелетіні де сөзсіз. Олай болса, затты қоршаған басқа заттар мен құбылыстар оған өз әсерін тигізіп, оның өмір сүруінің шынайы факторларын құрайды. Қайсыбір даму үдерісі уақыттың шеңберінде өткеннен кейін, бір заттың орнына екінші зат келеді: әрбір өмірге келген нәрсенің өз себептері бар. Дүниеде себепсіз еш нәрсе жоқ, ең ақырғы күннің сәулесіне шалынған көзге әзер көрінетін шаңның да өзінің себебі бар. Әдебиетте бейсебептіліктің негізінде пайда болатын детерминация болуы мүмкін деген пікір бар (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Философия., Проспект, 1998, 403-б.). Алайда мұндай пікірдің бізді мистикалық (құпиялық), иррационалдық (ақылға сыймайтын) бағытқа сілтейтін салдарын да ұмытпағанымыз жөн. Заттардың өзара әрекеті белгілі бір заңдылықтардың негізінде ретретімен іске асады, бұл да – детерминация ерекшеліктерінің бірі. 421 Детерминизмге қарсы тұрған бағыт – индетерминизм (іn – қосымша, лат., теріс мағына береді), яғни болмыстың өз себептілігін мойындамайды. Екінші бағыт (Д.Юм, И.Кант) себептілік тек біздің дүниені қабылдауымыздың қасиеті ғана, ал шын өмірде ол жоқ деген пікір айтады. Үшінші бағыт (неокантиандық) табиғатта себептілік болуы мүмкін, бірақ адам ырқы оған көнбейді, өйткені ол – саналы пенде, оның еріктілігі мен жауапкершілігі бар. Жалпы алғанда, рухтың дамуын себептілік арқылы түсіну мүмкін емес деген ой айтады. Детерминизм санатын толыққанды зерттеу тек қана себептілікті талдаумен тең емес. Сонымен қатар «заң», «заңдылық», «мүмкіндік пен шындық», қажеттілік пен кездейсоқтық», «еріктік пен тәуелділік» т.с.с. ұғымдарды пайдаланып қана оны жете түсінуге болады. Енді соған кірісейік. «Себеп пен салдар» – детерминизм санаттарының негізгілеріне жатады. Себеп деп зат, я болмаса құбылыстардың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Мысалы, студент пен оқытушының қарым-қатынасының негізінде тек қана студент емес, оқытушы да өзгереді. Микроәлемдегі электрон мен позитронның өзара байланысы екеуінің де жоғалып, екі фотонға айналуына әкеледі. Себеп: зат, энергия, ақпараттық ықпал арқылы салдарды іске асырады. Екінші бір ескеретін нәрсе – себеп пен салдар уақыттың шеңберінде болғаннан кейін, олар бірбағыттылықтың негізінде жүреді, яғни салдар себептің алдына ешқашанда шығып кете алмайды, соңғы әрқашанда – алда. Сонымен қатар бір құбылыстың артынан екіншінің келуі себеп пен салдардың нәтижесінде болмауы да мүмкін. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, судың көтерілуі мен кері кетуі, т.с.с. табиғи құбылыстар бір-бірін себептік байланыс арқылы тудырмайды, олардың бір-біріне өтуі – жердің айналуы, Айдың тартуымен байланысты құбылыстар. Қоғам өмірінде саналы адамдар іс-әрекет етіп, шым-шытырық байланыстарға түскеннен кейін, шынайы себеп астыртын түрде іске асып, сылтау сияқты көрінуі мүмкін. Ол – әсіресе халықаралық дипломатияда кеңінен кездесетін нәрсе. Мысалы, АҚШ «халықаралық терроризмге» қарсы күресеміз деп, талай рет Ирак мемлекетін бомбалады, ол, әрине, сылтау. Шынайы себеп сол аймақтағы мұнай байлығында, соған ұмтылуда жатыр. Ал халықаралық терроризмге келер болсақ, оның терең себептері – кедей елдердегі халықтардың дамыған елдердің дене ләззатына бағытталған «материалдық-сезімдік» құндылықтарына 422 қарсылығы, соған қосылған жұмыссыздық, қайыршылық т.с.с. факторлар. Себеп пен салдар біртіндік және көптіндік даму жүйелерінде әртүрлі болуы мүмкін. Біртіндік жүйелер өте сирек, тек қана «жабық жүйелерде» кездеседі. Оны былайша көрсетуге болады: …А-Б-С-Д… яғни А себеп ретінде Б-ні, Б-С-ні т.с.с. тудырады. Сөйтіп, әрбір құбылыс, бір жағынан, белгілі бір себептің салдары болса, екінші жағынан, келесі салдардың себебіне айналады. Ал күрделі де ашық жүйелерге келсек, онда олардың көбі «кері байланыстың» негізінде өмір сүреді. Мысалы, қайсыбір машинаның моторы жұмыс істеген кезде, оның қызуына әкеледі, температура белгілі бір нүктеге жеткен кезде, желдеткіш іске қосылып, оның қызуын төмендетеді де, тоқтайды, мотор тағы да қызғанда, айтылған механизм тағы да іске қосылады... Мұндай жүйелер кері байланыстың үлкен рөлін көрсетеді. Философиялық әдебиетте, әсіресе діни философияда «бірінші себеп» (causa prіma), «соңғы себеп» (causa fіnalіs) деген санаттар кездеседі. Дүние іш және сырт жағынан да шексіз болғаннан кейін, «бірінші», я «соңғы» себеп болуы мүмкін емес. Оны мойындау қажетті түрде осы дүниені тудырған «Құдай идеясына» әкеледі. «Соңғы себеппен» байланысты телеологиялық (teleos – грек сөзі, – мақсат-мұрат, logos – ілім) детерминация болып табылады. Оны қолдайтын ойшылдар ерекше телеономдық себептер барын мойындайды. Ол «Не үшін туды?», «Қандай мақсат үшін жаратылды?» деген сұрақтарға жауап береді. Яғни алдын ала берілген мақсат (соңғы себеп) сол заттың дамуына себеп болады деген сөз. Мысалы, ХХ ғ. өмір сүрген ұлы діни философ Теяр де Шарден дүниенің жаратылуы мен дамуында мақсатқа лайықтылықтың негізінде дамып жатқан рухани күш бар дейді. Физикалық энергия ыдырау үстінде болса, рухани күш дүниені күрделендіріп, жетілдіріп алдын ала берілген «Омега нүктесіне» (Құдайға) жақындатуда. Әрине, әрбір тіршілік формасы өзінің іштей берілген «өмір бағдарламасының» негізінде дамиды. Ал тіршіліктің шындықты алдын ала бейнелеу қасиетінің қалайша табиғи түрде пайда болғанын біз алдыңғы тарауда сөз қылғанбыз. Ал қоғам өміріне келер болсақ, онда ғалымдар мен мамандар, саясаткерлер неше түрлі бағдарламалар жасап, соларды іске асыруға тырысады. Мақсат-мұрат дегеніміз – ой елегінен өткізіліп, болашаққа бағытталған мүлтіксіз нәтиже. Бірақ ешқандай бағдарламалар толығынан орындалмайды, себебі, оны іске асыру барысында неше түрлі ескерілмеген жағдайлар пайда болып, көбінесе оның іске асуына өзінің теріс әсерін тигізеді. Ал ол жағдайларды күнібұрын ешкім де біле алмайды. Дегенмен де алға қойған үлкен мақсат зор 423 күш-қуатты оятып, адамды үлкен белестерге көтеріп тастайды. Елдің президентінің тікелей қатысуымен жасалған үлкен бағдарлама «Қазақстан-2030» жаңа тәуелсіздігін алған халыққа зор рух беріп, оны үлкен белестерге көтеруде. «Генерал болам!» деп армандаған жасөспірім сол жолда қажымай-талмай еңбек етсе, полковник дәрежесіне көтерілуі мүмкін, тіпті одан да асып, маршал атағына ие болуы ғажап емес. Сондықтан, жас дос, өз алдыңа үлкен мақсаттар қойып, соны іске асыруға тырыссаң, өміріңнің мән-мағынасы сонда ғана ашылады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет