Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


«Еуразиялық кеңістік: интеграциялық әлеует



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

«Еуразиялық кеңістік: интеграциялық әлеует 

және оны жүзеге асыру» атты конференцияда

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1994 жылғы 20 қыркүйек

Құрметті конференция қатысушылары мен 

меймандары!

Бұл конференция өз алдына, сірә, қандай да бол-

сын, бұрын айтылатындай, «тағдыршешті» шешімдер 

дайындау міндетін қоймауы керек шығар. Бірақ мұнда 

болатын пікір алмасулар, одан әрқайсымыз жасайтын 

қорытындылар, сөз жоқ, бәріміздің қазіргі күрделі де 

серпінді уақыттың бар шындығын пайымдауда, уақыт-

тар мен халықтардың үзілген байланыстарын қалпына 

келтіру жолдарын іздеуде тағы бір қадам жасауымызға 

көмектесетін болар деймін. Неге десеңіздер, халықтар 



546

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мен  мемлекеттердің  тағдырын  өзгертетін  ғаламат 

тарихи  және  геосаяси  оқиғалардың  замандасы  әрі 

қатысушылары болу нақ біздің үлесімізге тиіп отыр ғой. 

Сондықтан адамзат өркениетінің алға басуының негізгі 

бағытымен  үйлесетін  және  социалистіктен  кейінгі 

кеңістікте пайда болған тұтас бір мемлекеттер тобының 

өрісті дамуына кепілдік беретін дамудың дұрыс бағда-

рын анықтау аса зор маңызға ие болуда.

Менің ойымша, Еуразиялық Одақ (ЕАО) құру иде-

ясының нақ солар үшін бірінші кезектегі мәні болса 

керек, өйткені әңгіме өтпелі кезеңде болмай қоймайтын 

экономикалық дағдарысты неғұрлым тез еңсеру мен 

саяси реформаларды жүзеге асыру, пайда болған және 

туындап  келе  жатқан  қиыншылықтарды  жеңілдету 

жайында  болып  отыр.  Экономикалық  ынтымақтас- 

тықты сақтау мен дамыту ісіндегі әртүрлі кедергілерді 

жойып, бір-бірімізге бітіп болмайтын экономикалық 

және  саяси  кінә  тағудан,  өнеркәсіп  және  ауылшару-

ашылық кәсіпорындарының жұмысындағы былықтар-

дан арылу үшін тіпті ТМД шеңберінде де не керектінің 

бәрі  істелген  жоқ.  Дерек  тілімен  айтсақ,  бұл  былай 

болып шығады: Достастық өмір сүре бастағалы бері 400-

дей құжат қабылданды, бірақ әлі күнге дейін ешқандай 

елеулі нәтиже болған жоқ, өйткені базбір мемлекеттер 

уағдаластықтардың мазмұнын өз пайдаларына бұрып, 

кейбір ережелерді ішінара теріске шығарып отырады.

Маған  ЕАО  жобасының  өзіміз  біршама  уақыт 

бойы  көз  жазып  қалған  ізгілікке,  жалпыадамзаттық 

құндылықтарға бағытталуы маңызды, тіпті бір есеп-

тен  басымырақ  та  болып  көрінеді.  Біздің  бәріміздің 

сан  ғасырлық  ортақ  тарихымыз,  бірлесе  өмір  сүру 


547

дәстүріміз, мәдени мұрамыз, ортақ тағдырымыз бар. 

Сан мыңдаған адамдар – Украинаны азат етуші ардагер 

де, Смоленскіден Қазақстанға келген алғашқы тың иге-

руші де, жүрек қалауымен Өзбекстандағы бесжылдық 

құрылысына Белоруссиядан барған инженер де, Мәскеу- 

ден  өзінің  кітаптарын  шығарған  Грузияның  ақыны 

да – бәрі-бәрі ендігі жерде біздің арамызда шекаралар 

мен кедендер тұрады, өз елдеріміздің тарихы бұрын-

соңды білмеген бөгесіндермен және тосқауылдармен 

бөлініп қаламыз деген оймен ешбір келіскісі келмейді. 

Және де біз халықтарымыз Ұлы Отан соғысы жылда-

рында бірлескен күш-жігерімен өздерінің бостандығы 

мен тәуелсіздігін қорғап қалғанын, қазақ ғылымы мен 

мәдениетінің көптеген белгілі қайраткерлері Ресейде, 

Украинада, Балтық маңында оқып, білім алғанын, қазақ 

халқы сталиндік зұлмат жылдарында қуғын-сүргінге 

түскен  орыстарды,  украиндарды,  немістерді,  корей-

лерді, шешендер мен басқа да көптеген халықтардың 

өкілдерін  бауырына  басып,  қолынан  келген  көмегін 

көрсеткенін неге ұмытуымыз керек?

Соңғы жылдары ғылым, мәдениет, білім беру салала-

рынан мамандардың сыртқа кетуі күшейе түсіп, респу-

бликаның зияткерлік әлеуетін төмендетіп бара жатқаны 

бізді  алаңдатпай  тұра  алмайды.  Тұтастай  алғанда, 

бұл үдерістер бір кездегі біртұтас жүйені ажыратып 

қана  қоймай,  әлемдік  өркениеттің  ғылыми-мәдени 

жетістіктерінен оқшаулауға апарып соғады. Біз жаңа 

білімдерді алу мен іс жүзінде пайдалану үдерістерін 

интернационалдандыруды  сақтап,  нығайта  беруіміз 

керек. Ғылыми-техникалық саладағы зерттеулер мен 

талдамадардың  кірігуі  жалпы  өнеркәсіп  қызметін 

жаһандандырудың ажырамас бөлігіне айналды.


548

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ақыр соңында адамдардың тұрмыстағы қарапайым 

қажеттерін де – емін-еркін жүріп-тұруын, туыстарымен 

және жақындарымен аралас-құралас болуын да ойлау 

керек. Бұлар тіпті де екінші кезектегі проблемалар емес

Олар саяси жағдайдан немесе билік басындағылардың 

күресінен, я болмаса билік үшін күрестен әлдеқайда 

маңызды.  Неге  десеңіздер,  бұл  бүгінде  әрбір  дұрыс 

пікірлі саясаткердің ең көкейкесті мақсаттарының бірі 

– өз елдері мен өңірлеріндегі тұрақтылықты, біздің аза-

маттарымыздың шаңырақтары астындағы береке-бірлік 

пен тыныштықты сақтау.

Бірден-ақ ашып айтайын: менің де, біздің мемле-

кеттеріміздің  шынайы  интеграциялануын  қалайтын 

кез  келген  адамның  да  ойына  бұрынғы  империяны, 

өзіміз көрген Одақты қайта жандандыру ниеті кіріп те 

шықпайды. Біздің республикаларымыздың тәуелсіздігі 

нақты  әрі  айқын  ақиқатқа  айналды,  шынайы  саяси 

мәнмен  және  мазмұнмен  толықты,  мемлекеттеріміз 

бен халықтарымыздың қаны мен тәніне сіңісіп кетті. 

Ал уақытты кері шегеру – ешкімнің қолынан келмейтін 

ақиқат.

Бұл  ретте  біз  белгілі  бір  күштердің,  зорлық-зом-



былық  арқылы  болса  да,  КСРО-ны  қайта  қалпына 

келтіруге дейтін тырысушылығынан көрінетін қауіпті 

жете бағаламаудан аулақ болуымыз керек. Біз ондай 

интеграцияға  қарсымыз  және  оқиғаның  солай  бет 

алуына жол бермейміз. Кімде-кім солай ойласа, ол бізді 

тарихи тығырыққа тіреуге тағы да әрекеттеніп жүргені. 

Зорлық-зомбылықтың одан әрі өрістеуі, тұрақсыздық 

пен жанжал айғақтарының кеңеюі, даму қарқынының 

баяулауы және тіпті реформалардың тоқырауы – бұл 

жолда бізді тек осы күтуі мүмкін.



549

Әрине, ЕАО жобасының қарсыластары да бар және 

ол табиғи нәрсе. Тіпті біздің республикамызда да оны 

бәрекелді  деп  қарсы  ала  қоймағандар  да  бар  екенін 

жасыра алмаймын. Егер пікірлер алуандығын тұжы-

рымдап  айтар  болсақ,  оларды  нобайлап  үш  топта 

елестетуге  болады.  Бірі  –  ЕАО  түріндегі  интеграция 

жағында,  екіншісі  де  соны  жақтайды,  бірақ  кейбір 

шектеулерімен қабыл алады. Дегенмен, менің ойымша, 

консервативті көзқарастағылар да бар, оны қазір инте-

грациялық үдерістер қажет емес деп санайтын саяси 

күштердің азғантай ғана өкілдері ұстанады.

Пікір  таластыратын  ойдан  аулақпын,  тек  айта 

кетейін: мен бұл пікірлердің қай-қайсысына да құрмет-

пен қараймын, кез келген ұсынысты талқылауға әзірмін. 

Әрі солар біздің елдеріміз бен халықтарымызды ынты-

мақтастыққа, тең құқықты серіктестікке ең болмағанда 

бір  сүйем  жақындататын  болса,  мен  тек  қуанышты 

болар едім. Ең басты сенетінім: бұл идея міндетті түрде 

жүзеге асады, оның баламасы жоқ, болашақ – соныкі. 

Оның күшті болатыны – ол халықтың қайнаған орта-

сынан шыққан, ғасырлар бойы еуразиялық кеңістікті 

мекендеген адамдардың көңіл күйі мен мақсат-мүддесі-

нен туған. Сондықтан бұл идеяның авторы мен емес, 

халықтың өзі. Мен тек соны қорытындылап, жалпыға 

жария ету бастамашылығын өз міндетіме алдым.

Осы арада менің кейбір оппоненттерім царизмнің 

отаршылдық саясатынан бастап социализмге дейінгі 

тарихтан мысалдар келтіріп, оған батыстың фашистік 

ыңғайдағы  нұсқаларын  қоса  отырып,  мені  еурази-

яшылдық идеясының жаңалық еместігімен кінәламақ 

болғанда тарихтың қайткен күнде де адамзатты әйте-

уір бір нәрсеге үйрететінін ескермейді. Әрі оны осы 


550

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


заманға, тек геосаяси ахуалдағы ғана емес, адамдардың 

дүниетанымындағы, көңіл күйіндегі құбылыстар мен 

өзгерістердің  серпініне  талдау  жасамастан,  әшейін 

дәлел үшін қатып-семіп қалған көріністер күйінде алуға 

болмайды.

Кәне, осы жайында өзіндік бір халықаралық рефе-

рендумда  адамдардың  өздерінен  сұрап,  парламент-

терде талқылап көрелікші. Біз олардың басым көпшілі-

гінен түсіністік пен қолдау табатынымызға сенімдімін. 

Оның үстіне, қай жерде тұратынына қарамастан, біздің 

халықтарымыздың соңғы жылдары сансыз азап шегіп, 

қан-қасап  қақтығыстар  мен  адамның  қасірет-қайғы-

сын көргені сонша, тіпті олар соғыстан кейінгі барлық 

ұрпақтардың  тағдыр-талайына  жазылмаған  шығар. 

Сірә,  біздің  мемлекеттік  қайраткерлеріміздің,  сая-

саткерлеріміздің  ақыр  соңында:  осы  біз  нарық  пен 

ынтымақтастық үшін ерікті, ашық мемлекет орнатып 

жатырмыз ба немесе өзіміздің ұлттық шеңберлерімізде 

«темір құрсаулар» құрып жатырмыз ба? – деген мәсе-

лені өздері байыбына бара анықтап алып, өзгелерге де 

түсіндіретін кезі келген болар деймін. 

Мұның ешқандай нұсқалары жоқ екеніне сенімдімін: 

тек қана жаһандық және бірінші кезекте, еуразиялық 

кеңістіктегі интеграция. Бұл біздің барлық халықтары-

мыз бен елдеріміздің мүдделеріне сай келеді. Бұл – түп-

кілікті күйреуден қорғайтын жалғыз жол және ықтимал 

геосаяси апаттар мен әлеуметтік-саяси зілзалалардан 

аман қалудың бірден-бір кепілдігі.

Бүгінде бүкіл дүние интеграциялануға, күш-жігер-

лерін біріктіруге, қарым-қатынастарды парасатты түрде 

реттеуге ұмтылуда. Біздің алдымызда Еуропа қоғам- 

дастығының, Араб мемлекеттері лигасының, Оңтүстік 



551

Америка елдері мен Азия-Тынық мұхит өңірі елдері- 

нің, көптеген басқа да қоғамдастықтардың тәжірибесі 

тұр. Олардың бәрі өз қатынастарын дамытып, тереңдете 

түсуде, үнемі өзара тиімді шешімдерді іздеп табуда 

және  сол  арқылы  әлемдік  қоғамдастықта,  әлемдік 

рынокта тек ұтысқа шығумен келеді.

Біз солардың тарихы мен практикасынан сабақ алып, 

бүгінде қандай да бір елдің болсын әлемдік қоғамдас- 

тыққа жалғыз-жарым кіруі мүмкін емес екенін ақыр 

соңында түсінуіміз керек. Мұны тек жұмыла қимылдап, 

бірлескен күш-жігер арқылы ғана, оның үстіне, ондаған 

жылдар бойы қалыптасқан қуатты біріктіруші әлеуетке 

ие бола отырып орындауға болады. Және, баса айтайын, 

ұжымдық күш-жігермен ғана. Бүгінгі экономикалық 

шындықтарды  ескермеуге  болмайды.  Ал  неғұрлым 

болашағы  зор  көрінген,  «алыстағы»  серіктестерге 

қарап, бағытын өзгертіп, өз беттерімен «бақытын» тап-

пақ болғандар, өкінішке қарай, көбіне-көп сәтсіздікке 

ұшырайды.

Бүгін біз ақиқаттан аттамай-ақ, Еуразиялық Одақты 

құрудың жобасы жарияланғалы бергі қысқа мерзімнің 

өзінде-ақ интеграциялық үдерістер елеулі түрде жан-

данып, Достастық институттарының пәрменділігі арта 

түскенін айта аламыз. Қандай да бір деңгейде ол ката-

лизатор ретінде әсер етті деп айтудан да жасқанбаймын. 

Қазақстан ТМД құрылған алғашқы күндерден бастап 

дерлік ұсынып жүрген Мемлекетаралық экономика-

лық комитет құру туралы келісімді атасам да болады. 

Ал бұл, бірінші кезекте, Достастық кеңістігіндегі эко-

номикалық проблемаларды, соның ішінде қол жеткен 

келісімдер мен шарттарды іске асыруға көмектесетін 

ұлтүстілік органдар құру арқылы шешуге бағытталған 


552

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ЕАО-ның тірек ережелерінің бірі ғой. Мұны экономи-

калық реформалардың экономикалық саясатын келісу 

мен міндетті түрде орындалуға тиісті бірлескен бағдар-

ламаларды қабылдау қажеттігі талап етіп отыр.

Әр мемлекеттің егемендігі мызғымастай. Оны бүгін 

ешкім  өз  қолынан  бермейді.  Еуропа  біріккен  кезде: 

«Одақ тетіктерінде мүмкін болғанынша алысқа шырқай 

беріңдер. Бірақ ешуақытта мемлекет егемендігінің негіз-

деріне қол сұғушы болмаңдар», – дейтін талап қойылған 

болатын. Біз де сол қағидатты басшылыққа алсақ несі 

бар? Келіңіздер, осы норманы Еуразиялық Одақтың 

негізіне алып, бір-бірімізді халықаралық қатынастың 

тең құқықты субъектілері ретінде танитын болайық.

ЕАО жобасын іс жүзіне асырудың бір кезеңі ретінде 

Орталықазиялық  Одақты  ресімдеуді  де  қарастыруға 

болар еді. Мәселен, өзге елдің аумағында азаматтық, 

жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу мәселе-

лерін кідіріссіз шешуді қамтамасыз ететін келісімдер 

қабылданып, ол адамдардың көші-қон кезіндегі проб-

лемалары мен психологиялық жайсыздық мәселесін 

шешуге мүмкіндік берді. Әлеуметтік-экономикалық, 

ғылыми-техникалық  және  мәдени  ынтымақтастық 

мәселелері  шешілуде.  Өзбекстан,  Қырғызстан  және 

Қазақстан  арасында  қол  қойылған  құжаттар  ТМД 

шеңберінде қабылданғанын және оның қағидаттарына 

ешбір қайшы келмейтінін ерекше атап көрсетемін. Сон-

дықтан басқа мемлекеттер үшін де есік ашық. Қысқасы, 

өңірлік интеграция ТМД-ны нығайтудың тағы бір фак-

торы мен одан да биік деңгейдегі интеграцияға қарай 

жасалған қадамға айналып отыр.

Керек  десеңіз,  ЕАО  жобасы  ТМД-ның  елеулі 

артықшылықтарын: экономикалардың, әлеуметтік-эко-



553

номикалық құрылымдар мен халық ділінің, тарихи-мә-

дени ортақ дәстүрлердің интеграциялануын жоғары 

дәрежеде дамытуға бағытталған. Тіпті осының бәрін 

ескергенде де, бұл жоба – ақиқаттың ақтық шегі мен 

қасаң қағида емес деп есептеймін. Талқылауға, жаңа 

ұсыныстар, ескертпелер мен толықтырулар айтуға оның 

есігі ашық. Уақыттың өзі де түзетулерін енгізіп жатады. 

Қазірдің өзінде ЕАО-ның экономикалық мәселелерді 

шешуге бағытталған бірінші қабаты жүзеге асырылып 

жатыр.

Адам  құқықтарын  қорғаумен,  мәдени,  ғылыми 



алмасумен, біліми саясатты үйлестірумен байланысты 

екінші қабаты да қабылданған және әзірленіп жатқан 

шешімдерде іске аса бастады. Бұл арада мен жалпы 

біліми  ғана  емес,  әдіснамалық  та  және  тіпті  кейбір 

ұйымдастырушылық та міндеттерді шеше алатын Еура-

зия университеті идеясын ұсынсам деймін.

Мәселенің үшінші, неғұрлым күрделісі – саяси жағы. 

Дегенмен ТМД-ны дамытудың объективті қисыны мен 

саяси  қадамдарды  үйлестіруді  күшейту  қажеттілігі 

қолда бар әлеуетті мүмкіндіктерді іске қосуды талап 

етеді. Ең алдымен, менің айтпағым – «ыстық» жанжал-

дар аймағының қыспағында тұрған ТМД кеңістігіндегі 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазіргі кезде ТМД елдері 

жасап  жатқан  қадамдар  кеңестен  кейінгі  кеңістікте 

тұрақтылық  пен  бейбітшілікті  нығайтудағы  таңдап 

алынған ынтымақтастық бағытының дұрыстығын көр-

сетіп отыр. 

Біз  бүгін  аумақтық  және  ұлттық  ерекшелігіміз 

бойынша өз елдеріміздің тұрғындары ғана емес, түп 

тамырымыз, тарихымыз, ынты-шынтымыз бойынша 

еуразиялықтармыз  да.  Сондықтан  көрші  мемле-


554

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


кеттерде  не  болып  жатқаны  біздің  әрқайсымызды 

алаңдатпай  тұра  алмайды.  Оларда  туыстарымыз, 

достарымыз,  таныстарымыз  тұратындықтан  ғана 

емес,  сонымен  бірге,  әрқайсымыздың  бойымызда 

сақталған рухани жақындық сезіміне байланысты да 

солай. Бұл бір кезде біртұтас кеңістікте өмір сүрген 

адамдардың  тағдырына  деген  ортақ  қамығушылық 

пен  алаңдаушылықты  туғызбауы  мүмкін  емес.  Сон-

дықтан  біз  өз  саясатымызды  ізгілік  мазмұнымен 

байыта түсу үшін бәрін жасауымыз керек. Істің шын 

мәнінде біздің, кеңестен кейінгі кездегі саясаткерлердің,  

өткен және болашақ ұрпақтар алдында әрі өз алдымыз- 

да ерекше борыш – күні кешегі тоталитарлық қоғамды 

өркениетті демократиялық қоғамға ұластыру борышы 

тұр. Егер біз оны қазір шешпесек, ол келешек ұрпақтар 

үшін бұдан да зор ауыртпалыққа айналады. Біз оларға 

осындай мұра қалдыра аламыз ба? Біздің әрқайсымыз 

менің осы алаңдаушылығымды түсініп, қабыл алады 

және  интеграция  идеяларын  жүзеге  асыруға  өзінің 

тиісті үлесін қосады деп сенемін.



555

Т. Рысқұлов, С. Қожанов, С. Сейфуллин, 

І. Жансүгіров, Б. Майлинді  

тарихи еске алу кешінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1994 жылғы 14 желтоқсан

Құрметті достар!

Бүгін  сталиндік  жазалаудың  қан  қасабында  қаза 

болған ардагерлер – Тұрар Рысқұловтың, Сұлтанбек 

Қожановтың, Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіров- 

тің,  Бейімбет  Майлиннің  ғана  емес,  сол  жылдары 

нақақтан  жапа  шеккен  басқа  да  көптеген  арыстар-

дың әруағын еске алып отырмыз. Олардың арасында 

Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан 

Тынышпаев, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов,  

Санжар  Асфендияров,  Ораз  Жандосов  сияқты 

Қазақстан ның тамаша перзенттері бар. 


556

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Сол жылдары біздің республикамызда мың-сан жер 

аударылған «халық жаулары» – орыстар мен украиндар, 

қалмақтар  мен  шешендер,  белорустар  мен  немістер 

секілді әртүрлі ұлттардың өкілдері қаза болды.

Бәрінің әруақтары мәңгі жасасын!

Бүгін біз Отанның ардақты ұлдары Т. Рысқұловқа, 

С. Қожановқа, С. Сейфуллинге, І. Жансүгіровке, Б. Май-

линге  деген  халықтың  қалтқысыз  құрметі  мен  риза-

шылығын білдіріп, тарихи еске алу кешін өткізіп отыр- 

мыз. Олардың әрқайсысы өз халқының мүдделерімен 

өмір сүрген мемлекет қайраткері, өздерінің еркін ойы, 

терең даралық қасиеті үшін сталиндік жендеттердің 

қолынан тым ерте өлім тапқан дарынды жазушы және 

ақын болатын. 

Т. Рысқұлов  қызметін  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

көтерілісіне  қатысудан  бастады,  Қазан  төңкерісінен 

соң Қазақ жастарының революциялық одағын құрды, 

денсаулық  сақтау  халкомы  болды,  аштықпен  күрес 

жөніндегі комиссияны басқарды, Түркістан үкіметінің 

басшысы,  РКФСР  ұлт  істері  жөніндегі  халкомының 

орынбасары  болып  істеді.  Бірақ  бұқара  арасындағы 

абырой-беделі өскен сайын ол режімге де қолайсыз, 

жағымсыз бола берді, өмірлік жолы да қысқара берді. 

Оның миллиондаған қазақтарды қырғынға ұшыратқан 

жаппай ұжымдастыруға қарсы батыл сөйлеген сөздері 

белгілі. Сол пікірін ол тікелей Сталиннің өзіне де жазған 

болатын.

С. Қожанов  аса  білімді  адам  болған,  Түркістан-

ның ішкі істер, оқу-ағарту, егіншілік халкоматтарын 

басқарды, «Ақ жол» газетінің тұңғыш бас редакторы 

болды,  қазақ  халқы  сана-сезімінің  өсуіне  көп  еңбек 


557

сіңірді, мәдениетке жан-тәнімен берілді, ғалымдарға, 

ғылым  мен  мәдениет  қайраткерлеріне  қамқорлық 

жасады.


С. Сейфуллиннің жарқын өмірін халық жақсы біледі 

әрі  қадір  тұтады.  Сәкен  артына  аса  бай  әдеби  мұра 

–  өзекті  арнасын  әрдайым  адам,  адамның  тағдыры 

құраған өлеңдерін, повестерін, пьесаларын қалдырды. 

Ол оқу-ағарту халкомы, Халық комиссарлары кеңесінің 

төрағасы болды. Рысқұлов сияқты, ұлтшыл социализм- 

нің ойдан шығарылған айыбынан құтыла алған жоқ.

І. Жансүгіров пен Б. Майлиннің де тағдырлары халық 

тағдырымен етене байланысты. Осы күні қазақ әдеби-

етінің негізін салушылардың даңқты шоғырында болған 

олар оқу-ағарту саласында, баспасөзде жұмыс істеді. 

Рысқұлов,  Қожанов,  Сейфуллин  сияқты  аса  көр-

некті  шығармашыл  тұлғалардың  қоныстандыру 

секілді қарабайыр іспен айналысып, оған көп уақыт-

тарын жұмсағаны оғаш көрінуі де мүмкін. Ал шын-

туайтында  ол  кезде  әңгіме  аса  ғаламат  проблема  – 

Қазақстанның  ұлттық-аумақтық  қалыптасуы  туралы 

болған-ды.  Сондықтан  көрнекті  қайраткерлер  мұн-

дай  міндетті  шешуден  тысқары  қала  алмайтын  еді. 

Олардың  қызметі  ұлттық  мәдениеттің  дамуына 

жаңаша  серпін  берді.  Сондай-ақ  олар  қазақ  кітап 

баспасы  мен  журналистикасының  да  бастауында 

тұрды.  Осының  бәрі  нақ  сол  жылдары  тамырлана 

бастаған Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға септес- 

кені сөзсіз. Әрине, ол кезде біздің мемлекетіміз іргета-

сының алғашқы кірпіштері ғана қалана бастаған бола-

тын. Әйтсе де, сол бір қиын-қыстау кездердің өзінде-ақ 

елі мен халқының мүдделерін қорғаудың қаншалықты 



558

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


маңызды  екенін  түсінген  нақ  сол  қайраткерлеріміз 

болғанын біз ұмытпауымыз керек.

Адамдар оларды және солар сияқты  басқа  да  аса 

көрнекті отандастарын ұсақ-түйек әбігерден, күнделікті 

күйбеңнен еңселеніп тұратын, өзгелерді биік параса-

тымен, көкке бой созған асқақтығымен тәнті ететін асқар 

тауларға теңейтіні тегін емес.

Бұл  тамаша  жандар  біздің  әрқайсымызға  өзінше 

жақын және көп жағынан түсінікті. Мұндай құбылыс- 

тың өзіндік себебі де бар. Оны алуан ұлттарды қамти- 

тын  мың-мыңдаған  қазақстандықтардың  өмірінен, 

интеллигенцияның,  бүкіл  елдің  тағдырынан  көруге 

болады.

«Уақытты таңдамас болар, адам өмірін сонда өткі-



зеді, өлімін де сонда қарсы алады». Осы сөздердің ащы 

шындығын қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарына, 

әсіресе, 1930–1940-шы жылдардағы біздің аға буынға, 

қысқа да болса нұсқа дерліктей, өмір тағдыры бұйыр- 

ғанынан көруге болады. 

Өмір мен өлімнің арасында тірлік кешу халықтың 

санасына  да  қайғылы-мұңды  таңбасын  қалдырмай 

кеткен  жоқ.  Иә,  қорқақтық  та,  селсоқтық  та,  икемге 

көнгіштік те болды, әрі бұл жұрттың бәрінен – тектік 

қорқазынасы ұжымдастырудан оңбай зардап шеккен 

қазақтардан да, нақ сол жалмауыздың аузына түскен 

орыстардан немесе қуғын-сүргінге ұшырап, өз тамыр-

ларынан қол үзіп қалған халықтардан да көрінді. Өзіміз 

кезінде жер бетіндегі ең ізгі деп әспеттеген қоғамның сол 

«туабітті» сарқыншақтары адамдардың жан-дүниесінен 

әлі де арылып біткен жоқ.

Бірақ қай кезде де адам рухының асқақ биіктері де 

болды ғой. Осы адамдар тағдырының орасан зор рухани 



559

тартымдылығы сондайлық ауыр, қасіретті, кейде тіпті 

қан-қасап  заманда  өмір  сүріп,  еңбек  ете  жүріп,  сол 

қатыгез заманның өзіне биік адамгершіл тазалықтың 

тағылымын бере білуінде. Олар өз-өзінен және өздерінің 

мұраттарынан, туған халқынан бас тартып, баз кешпес- 

тен өмір сүрді және сол үшін өлім құшты, тек сөзімен 

және ісімен ғана емес, өлімінің өзімен де адамдардың 

ұлы құрметіне ие болды.

Дегенмен  осы  қадір-құрметтің  өзінде  секем  алар-

лық тұстар бар. Бүгін біз сөз етіп отырған адамдарды 

және басқа да көптеген жандарды әуелде саннан да, 

санаттан да шығарып тастап, содан соң, әлдебір әмір 

бойынша,  оларды  мақтап-мадақтап,  тым  аспанда-

тып әкеткеніміз жараспайтын-ақ қылық емес пе. Әрі 

бүгінде солардың аттары аталса, базбір ғалымдар мен 

әдебиетшілердің  қайтадан  сыбырға  көшетіні  тіпті 

түсініксіз. Ақыр соңында, құдай бізді еліміздің бұрынғы 

қайраткерлерін,  демек,  өз  тарихымызды  да  қара- 

лаудан құтқарар күнге жеткізсіз дейік.

Иә,  біз  көптеген  құндылықтар  қайта  бағаланып 

жатқан дәуірде өмір сүріп отырмыз. Әрине, идеяны 

қайта қарауға, көзқарастардан бас тартуға болар, деген-

мен, қандай дәуірде өмір сүрсе де, адамды, оның өмірі 

мен тағдырын бір-ақ сызып тастауға, әсіресе, әртүрлі 

көзқарастағы адамдарды бір-біріне қарсы қоюға бол-

майды.  Ғылыми  тұрғыдан  ондай  әрекеттер  тарихқа 

қарсылық болып шығады. Революциядан соң барри-

каданың екі жағына шығып кеткен жас қазақ интелли-

генциясының көзқарасындағы айырмашылықтардың 

себебін жеке бастарының сапасынан, дарын дәрежесінен 

емес,  өлкенің  ғасыр  басындағы  әлеуметтік-экономи-

калық ахуалынан және революциядан соңғы кезеңде 


560

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


болған күрделі саяси үдерістерден іздеу керек. Олардың 

бәрі де өз уақытының перзенттері болды, бірақ одан 

асып түсіп, ғасырдың перзенттеріне айналды.

Өткенді сөз еткенде, тарихи шындық ұстанымында 

нық тұрып, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі 

әртүрлі  даму  кезеңдерінің  күрделі  құбылыстарын 

бағалауда субъективизмге және, әсіресе, бүгінгі күннің 

деңгейімен өлшеуге жол бермеуімізді бізден кешегі күн 

де, бүгінгі күн де қатты талап етеді.

Біз дүниежүзілік тәжірибеге сүйеніп, тек бір-ақ нәр-

сеге – қатаң ақиқатты айқындап, еліміздің тарихында 

белгілі  тұлғалардың  атқарған  рөлін,  олардың  саяси 

көзқарастарына  қарамастан,  шынайы  қалпында 

анықтауға көңіл бөлуіміз керек. Ақыр соңында, халыққа 

қызмет ету, ағарту саласындағы қызмет, жоғары гума-

низм секілді ең асқақ адамгершілік талаптар бар ғой. 

Олардың сауаттылықты тарату, халықтың қалың бұқа-

расын мәдениетпен сусындату жолындағы орасан зор 

еңбегін мойындамауға болмайды. Сол Т. Рысқұловтың 

өзі  қазақ  ауылын  зорлықпен  ұжымдастыруға  қарсы 

болып, тұңғыш дауыс көтерді. Ал С. Қожанов қуғынға 

ұшыраған  М. Жұмабаевтың  өлеңдерін  шығаруға  тә- 

уекел етті. Осы жай бүгінде тарих тілін қолдан бұрып, 

өмірді қарабайыр жолға салғысы келетіндердің есінде 

болғаны жөн.

Бүгінгідей  шараларды  ұйымдастырып,  жергілікті  

жерлерде  мерейтой  салтанатын  өткізіп,  өзіміздің 

ізашар  арыстарымызға  лайықты  сый-құрметімізді 

көрсете  отырып,  біздің  ғылыми  және  қоғамдық 

ақыл-ойымыз одан әрі дами беруі тиіс. Бірақ, өкінішке 

қарай,  сол  жандардың  өміріндегі  көптеген  жайлар 

әлі  де  назардан  тыс  қалып  келеді.  Тарих  саласын-



561

дағы  дәйекті  ғылыми  зерттеулерді  одан  әрі  жалғас- 

тырып,  республика  өміріндегі,  әсіресе,  бастапқы 

кеңестік кезеңдегі құбылыстар мен үдерістерді жаңаша, 

объективті тұрғыдан пайымдайтын қоғамтану жөнін-

дегі  байыпты  еңбектерді  басып  шығару  қажет.  Ал 

қазір жарияланып жүрген еңбектердің көпшілігінде 

конъюнктуралық  қорытындылар,  схематизм  қылаң 

береді. Біздің шеткергі қоғамтанудың «келте шалба-

рынан» шығып, оны егемен мемлекетке лайық байыпты 

ғылымға айналдыратын кезіміз жетті.

Тұтастай алғанда, біз ХХ ғасырдың басындағы қазақ 

интеллигенциясының қызметінен тәлім алуымыз керек. 

Неге десеңіздер, бағыт-бағдары әртүрлі, дүниетаным-

дық  жағынан әртекті болса да, қай жағынан болсын 

аса бағалы саяси ақыл-ойды жасаған рухани дегдарлар 

нақ  сол  кезде  қалыптасты  ғой.  Сол  кездің  өзінде-ақ 

зиялыларымызды Қазақстанның болашақ мемлекет-

тік құрылымы, мәдениетін, тілін дамыту, дәстүрлерін 

сақтау жөніндегі толғақты ойлар мазалайтын.

Бүгінде біз солардың шығармашылық және саяси 

мұрасын іліп әкетіп, осы заманғы шындық пен тәуелсіз 

Қазақстанның міндеттері ауқымында қайта байыпта-

уымыз  керек.  Тек  бір  ғана  нәрседен  –  асығыс  тұжы-

рымдардан,  басы  артық  қызбалықтан,  популизмнен 

сақтандырғым келеді.

Кей-кейде  мұндай  әрекеттерде  халықтың  қазіргі 

мүдделері мен мұң-мұқтажын, мемлекеттік проблема-

ларды түсіну кемшін соғып жатады. Ал егер біздің із- 

ашарларымыздың, ғасыр басындағы зиялыларымыздың 

еңбектеріне тағы бір айналып соғатын болсақ, олардың 

ойлары толқын атқан жерлерде лепірмеліктің, әсіре 

ұраншылдықтың, ұрыс-керістің, керек десеңіз, ұлттық 


562

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


кердеңдік  пен  кертартпалықтың  иісі  де  жоқ  екенін 

байқау қиын емес. Бұл да ұлы адамдардың біз сияқты 

ұқыпсыз шәкірттеріне сабақ боларлық жайт.

Саяси  зияткерлік  ойды  жандандыру  мен  дамыту 

–  жалпыұлттық  міндет.  Көпұлтты  мемлекеттің  еге-

мендігін  нығайту,  әлеуметтік-экономикалық  және 

қоғамдық-саяси тұрғыдан дамыту, ұлтаралық келісімі 

мен азаматтық татулығын сақтау проблемаларын жан-

жақты байыптау тек ұлт зиялыларының күшімен іске 

асырылмақ болса, одан ешқашан да нәтиже шықпақ 

емес.

Мен тап қазір республиканың көпұлтты интелли-



генциясын қоғамдық өмірдің үдерістеріне неғұрлым 

белсенді  түрде  араласуға  шақырудан  аулақ  болсам 

деймін. Мәселе, сірә, шақыруда емес, өзіңнің азамат-

тық  борышыңды  түйсінуде,  республиканы  одан  әрі 

дамыту мүмкіндігі туралы көзқарастарыңды адамдарға 

жеткізуге деген қажеттілікте болса керек. Бізде қазір де 

орасан зор мәні бар әлеуметтік тақырыптарды көтеріп 

жүрген орыс, неміс, корей және басқа да ұлттардың 

зиялылары  аз  емес.  Қазақстанды  ортақ  Отаны  деп 

түсіну – міне, біздің көпұлтты интеллигенциямызды 

топтастырып, оның саяси ақыл-ойын ұштап, асқақтата 

түсетін нәрсе осы екеніне сенімдімін.

Ардақты арыстарымызды тарихи еске алу кешіндегі 

әңгімеміз  мерейтой  салтанатында  болатын  дәстүрлі 

шегінен біршама қиыс кеткенге ұқсайды. Әрі бұл заңды 

да. Т. Рысқұловтың, С. Қожановтың, С. Сейфуллиннің,  

І. Жансүгіровтің,  Б. Майлиннің,  басқа  да  көптеген 

тамаша  отандастарымыздың  өнегесі  бізді  әрдайым 

қоғамдық өмірдің тамыры қалай соғатынын тап басып, 

танып отыруға міндеттейді. 



563


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет