Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

Қазақстанның тың  

және тыңайған жерлерін игерудің  

40 жылдығына арналған  

салтанатты жиналыста

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Ақмола қаласы, 

1994 жылғы 25 ақпан

Қымбатты отандастар! 

Құрметті тыңгерлер мен тың ардагерлері!

Әр  елдің  жылнамасында,  шын  мәнінде,  дәуірлік 

сипатқа ие оқиғалар бар. Олардың маңызын, ауқымы 

мен қоғамдық-саяси дамудың бүкіл барысына әсерін 

тек қазіргі заманмен тығыз бірліктегі тарихи талдау 

тұрғысынан ғана объективті түрде бағалауға болады. 

Бұрын  орасан  зор  елдің  құрамына  кірген  басқа  да 

тәуелсіз мемлекеттер секілді Қазақстан үшін мұндай 

оқиға тың дәуірнамасы болғаны сөзсіз. Бұл 40 жылдық 


429

өзіміздің қалыптасқан түсінігіміз бойынша мерейтой-

лар қатарына жатпағанымен, осы салтанатты өткізуге 

шешім қабылданды, өйткені тың дастаны республи-

каның келбетіне ғана емес, сонымен қатар, қазақстан-

дықтардың,  бұрынғы  Кеңес  Одағындағы  барлық 

халықтар өкілдерінің бірнеше ұрпағының тағдырына 

әсері тұрғысынан алғанда да шын мәнінде ерекше құбы- 

лыс.

Мұндай даталар айқын белгіленген идеологиялық 



міндетпен және дүрмекпен өткізілетін бұрынғы жыл-

дардағыдан айырмашылығымыз – бүгін мүлдем басқа 

шындықпен өмір сүріп отырған біз істің мәніне мүлдем 

басқаша тұрғыдан жаңаша қарай аламыз және солай 

етуге де тиістіміз. Ілгерішіл және шын мәніндегі ерлік 

өнегелерінің  бәрін  ешбір  кемітпестен,  біз  тыңның 

көпшілігі өзімізге мұра болып қалған және аса күрделі 

сипаты бар қазіргі проблемаларына сындарлы тұрғы-

дан қарауға міндеттіміз. Олар, өздеріңіз білетіндей, эко-

номикалық қана емес, сонымен қатар, саяси, әлеуметтік 

және, тіпті, психологиялық салаларда да жатыр. Осы 

залда отырған адамдар, тың ардагерлері, тыңгерлердің 

қазіргі ұрпағы мұны кім-кімнен де жақсы түсінеді. Әрі 

біз сіздермен бірге ұлы еңбекпен, асырып айтпағанның 

өзінде бүкілхалықтық ерлікпен қол жеткен табыстар-

дың зәредейінен де айрылмауға кім-кімнен де артық 

мүдделіміз.

Қазіргі өлшемдердің өзімен алғанда да, орасан зор 

бұл жоба басталған кезде, КСРО секілді супердержава 

өз мойнына түскен саяси зілбатпан салмақты көтере 

алмай, ыдырап кетеді деп ешкім ойламаған да бола-

тын. Ауыр экономикалық тәуелділікке түсіп қалмай, 

өз халқын тойындыру, индустрияның дамуына қолдау 


430

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


көрсету  үшін  елге  мол  астық,  көп  азық-түлік  қажет 

болды.  Әрі  орасан  зор  күш-жігеріміздің  арқасында 

сондай  астық  пен  азық-түлік  алынды.  Мұның  бәрі 

үшін басты қиындықты осы идея мен осы елдің қамын 

ойлап, оның жарқын болашағына әулиедей сене жүріп 

жан аямай еңбек еткен адамдар көтерді, өмірден алған 

азғантай үлесіне шын жүректен қуана жүріп, толып 

жатқан қиындықтарды жеңіп шықты. Қазір жас еліміз 

– Қазақстан Республикасы, оның халқы, тың өздерінің 

тағдырына айналған оны көтерушілердің бәрі пайда 

болып  отырған  мәселелерді  дербес  шешуге,  оған 

жаңаша дем беру үшін бәрін істеуге мәжбүр болып 

отыр. Алғашқы тың игерушілер деген ардақты атқа ие 

болған адамдар да оқиғалардың мұндай бетбұрысын 

болжай  алмаған  болатын  және  олар  тарих  алдында 

да, өз ар-ұяты алдында да кінәлі емес. Бүгін мен тың 

ардагерлерінің  бәрін  осы  оқиғамен  шын  жүректен 

құттықтап, шын мәніндегі ерлік еңбектері үшін оларға 

алғыс айтып, бәріне мықты денсаулық пен бақыт тіле-

гім келеді. Олардың тәжірибесі мен білімі біздің жас 

мемлекетімізге әлі керек болады.

Мен  ТМД-ның  басқа  республикаларынан  –  Ресей 

Федерациясынан, Украинадан, Беларусьтен, сондай-ақ 

көрші жатқан Қорған, Орынбор, Түмен облыстары мен 

Алтай  өлкесінен  келген  қымбатты  қонақтарымызды 

құттықтауға  риясыз  қуаныштымын.  Олар  жәй  ғана 

қонақтар  емес,  осы  салтанатқа  тікелей  қатысы  бар 

жандар екенін атап көрсеткім келеді, өйткені олардың 

арасында алғашқы тың көтерушілер де, сондай-ақ қазір 

ауыл шаруашылығымен байланысты адамдар да бар. 

Біз, қазақстандықтар, бұрын арамызда болған, қазір 

де орын алып отырған туысқандық пен достық көмек 



431

сезімін мәңгі сақтау үшін не керектің бәрін істеп жатыр- 

мыз деп сіздерді сендіргім келеді.

Күні кешегі дейтіндей кеңестік кезеңде бізде тыңның 

тарихын кезекті партия көсеміне лайықтап, өңін айнал-

дыру салты болатын. Оның «дем берушілері» де, «бас 

сардарлары» да, «маршалдары» мен шені сәл төмендеу- 

лері де болды, олар туралы белгілі кітаптар жазылып, 

көркем және деректі кинотаспалар да түсірілді. Оларда 

ұмыт қалған тек «болымсыз» нәрсе – осы жерді маңдай 

терлерімен суарған адамдар мен шындықтың өзі ғана 

болатын. Егер тарихқа ақиқат көзімен қарайтын болсақ, 

көрініс сәл басқашалау болмақшы. 

Тегінде тың дастаны Қазақстанда 1920-шы жылдар-

дың аяғында-ақ басталған болатын. 1928 жылғы сәуір 

және мамыр айларында БК (б) П Орталық Комитетінің 

Саяси Бюросы елдегі азық-түлік мәселесін шешу үшін 

Қазақстан мен Украина аумағында ірі астық және мал 

шаруашылықтарын  құру  туралы  екі  шешім  қабыл-

дап, жаңа кеңшарлар ұйымдастыруға қолдау көрсету 

жөніндегі комиссия құрылған-ды. Республика үкіметіне 

олардың  құрылымы  жөніндегі  арнаулы  уәкіл  таға- 

йындау ұсынылды. Ондай уәкіл болып Қазақстанның 

егіншілік  халық  комиссары  Ғ. К. Тоқтабаев  тағайын-

далды. Комиссия КСРО-дағы барлық жаңа астық шару-

ашылықтарының  50 %-ы  Қазақстанда  құрылады  деп 

белгіледі. Бұдан кейінгі екі жыл ішінде 1,5 млн гектарға 

жуық жер жыртылып, 19 жаңа кеңшар құрылды. Осы 

бағдарламаға сәйкес тиісті қаржы ресурстары бөлініп, 

техниканы көптеп әкелу ұйымдастырылды. Бірақ еңбек 

ресурстары негізінен жергілікті тұрғындардан, соның 

ішінде қазақтардан жасақталды. Тек 1929 жылы ғана 60 

мыңға жуық қазақ астық шаруашылықтарында жұмыс 


432

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


істеуге  барды.  Қазақ  жастары  үшін  жер-жерлердің 

бәрінде  тракторшылар  курстары  ұйымдастырылды. 

Жаңадан құрыла бастаған кеңшарлардан басқа жаңа 

жерлерді игерумен сол кезде жұмыс істеп тұрған ұжым-

шарлар  да  айналысты.  Материалдық  ынталандыру 

мақсатымен тың жерлердегі ұжымшарлардың барлық 

егіс алқаптары арнайы шешім бойынша мемлекетке 

міндетті өнім тапсырудан босатылды. Бірақ бұл шешім 

көп ретте орындалмады.

Тың және тыңайған жерлерді игерудің жаңа кезеңі 

1940 жылы, КСРО ХКК мен БК (б) П Орталық Коми-

тетінің  «КСРО-ның  шығыс  аудандарындағы:  Алтай 

және  Краснояр  өлкелеріндегі,  Новосібір,  Омбы, 

Челябі облыстарындағы, Ақмола, Павлодар, Солтүстік 

Қазақстан,  Қостанай,  Семей  және  Шығыс  Қазақстан 

облыстарындағы кеңшарлар мен ұжымшарларда астық 

шаруашылығын  одан  әрі  көтеру  туралы»  қаулысы 

шыққаннан кейін басталды. Онда Қазақстандағы егіс 

алқабы тағы 1 млн гектарға ұлғайтылуға тиіс екендігі 

белгіленіп,  мұнда  Ресей  мен  Украинаның  орталық 

аудандарынан 25 мың адамды көшіріп әкелу көзделді. 

Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін жаңа жерлердің 750 

мың гектарға жуығы игерілді. Бұл жұмыс соғыс кезінде 

де жалғастырылды. Елдің сол кезде жау басып алған 

Украинаның астықты алқабынан және Ресейдің бірқа-

тар облыстарынан уақытша айырылып қалғандығын 

еске алсақ, мұның маңызы айқын көрінеді. Сұрапыл 

соғыс  жылдарында  майданды  азық-түлікпен  қамта-

масыз етіп, алапат тылды аштық өлімнен құтқарған 

диқандардың еңбегі баға жеткізгісіз. Әрі бұл диқандар 

негізінен әйелдер, балалар мен қарттар болғанын да 

есте ұстау керек. Олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, 



433

азаматтық ерлігі ұрпақтардың есінде сақталуы керек. 

Оларға мың да бір тағзым.

Соғыстан  кейінгі  алғашқы  жылдарда,  басқа  да 

республикалар сияқты, Қазақстанның алдында халық 

шаруашылығын,  оның  ішінде  ауыл  шаруашылығын 

қалпына келтіру міндеті тұрды. Оның үстіне, Қазақстан 

қолда барының бәрін нағыз туысқандарша өзгелермен 

бөлісті. Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның және 

басқа да республикалардың бүлінген аудандарына азық-

түлік өнімдері, төрт түлігін қалпына келтіру үшін мал, 

көптеген басқа да заттар жөнелтілді. Өз кеңшарлары 

мен  ұжымшарларының  кадрлар  құрамы  елге  қай-

тып жатқан майдангерлермен нығайтылды, олардың 

машина парктері әралуан техникамен толықтырылды, 

селоны  электрлендіру  жұмысы  жүргізілді.  Тек  1953 

жылы ғана Қазақстан қалаларынан шаруашылықтарға, 

машина-трактор стансаларына 9 мыңнан астам маман 

жіберілді. Республика алдына азық-түлікпен тек өзін 

ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар, бүкіл 

елге көмектесу міндеті тағы да қойылды.

Әрине, ол жылдарда ірі қателіктер болмай қалған 

жоқ әрі ол әкімшіл науқаншылдықтың салдары бола-

тын.  Және  де  бұл  қателіктер,  өкінішке  қарай,  одан 

кейінгі  жылдарда  да  қайталанды.  Мысалы,  астық 

шаруашылығын көтерудің айқайшыл ұранын көтеріп, 

кезекті «жорық» жариялай отырып, өмірлік маңызы 

бар басқа салалар мүлде ұмыт қалдырылды. Сөйтіп, 

күштеп жиі-жиі мобилизация жасаудың, күш-жігерді 

тар өрісті міндеттерге шоғырландырудың салдарынан 

Қазақстанда мал шаруашылығына орасан зор нұқсан 

келтірілді.  1928  жылдан  1954  жылға  дейінгі  кезеңде 

ірі  қара  мен  жылқы  саны  жартыға  жуық  қысқарды. 


434

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


1930-шы жылдардың орта шеніндегі 20 млн қой мен 

ешкінің 2,5 млн-нан сәл астамы ғана қалды. Тек 1954 

жылға таман олардың санын 18 млн-ға жеткізудің сәті 

түсті.  Түйе  шаруашылығы  іс  жүзінде  толық  жойы- 

лып кетті, айтқандайын, ол күні бүгінге дейін тіпті аз 

мөлшерінде де қалпына келтірілмеді. Соғыс әлсірет-

кен ауыл шаруашылығы және, атап айтқанда, елдегі 

астықтың жағдайы 1950-ші жылдардың бас кезінде елеу- 

лі алаңдаушылық туғыза бастады. Шұғыл шараларсыз 

қиындықтан шығу мүмкін емес еді, оның үстіне күллі  

Одақ экономикасының дамуына қатер төнді, өнеркәсіп 

және  ауылшаруашылық  өндірісінің  даму  қарқыны 

арасында орасан зор сәйкессіздік пайда болды. Міне, 

сол  кезде  КОКП  Орталық  Комитетінің  1954  жылғы 

ақпан-наурыз пленумы тың және тыңайған жерлердің 

орасан  зор  алқабын  қысқа  мерзімде  игеру  міндетін 

бірінші орынға қойды. Негізгі үміт Қазақстан даласына 

артылды.


Дүниежүзілік  практикада  теңдесі  жоқ  осынау 

эксперименттің  ауқымы  мен  қарқыны  туралы  1954 

жылдың өзінде-ақ Қазақстанда 8,5 млн гектар, келесі 

жылы 9,4 млн гектар жер жыртылғанынан пайымдауға 

болады. 1956 жылы жалпы айналымға 20 млн гектар 

жер енгізілді, мұның өзі жоспарланғанынан 3 есе көп 

еді. 1960-шы жылдардың басына қарай айналымдағы 

жыртылған егіс алқабы 32 млн гектардан асты, оның 

ішінде  астықты  алқап  22  млн  гектарға  жетті.  Осы 

жылдар ішінде республикада 600-ге жуық кеңшарлар 

ұйымдастырылды, ауылшаруашылық техникасы мен 

автокөліктің саны талай есе өсті. Осы мақсаттарға орта-

лықтан да, республикалық бюджеттен де орасан мол 

мөлшерде күрделі қаржы жұмсалды. Жалпы алғанда, 



435

Қазақстанның қазіргі агроөнеркәсіп кешені – меншіктің 

түрлі нысанындағы 23 мың кәсіпорын.

Алға  қойылған  міндет  шешілген  сияқты  болды. 

Астық өндірісі республика бойынша жалпы алғанда 3,5 

есе, ал солтүстік аймақта 4,5 есе өсті. Бұл ретте астық 

сатып алу көлемі іс жүзінде 5 есе артты. 1956 жылы 

Қазақстан  тұңғыш  рет елімізге миллиард пұт астық 

берді, ал бұған дейін, тіпті жақсы жылдардың өзінде 

100–110 млн пұт астық беретін. Сонда оны өткізуден 

түскен табыс 1 млрд сомға жуықтады. Бұл елдің астық 

балансындағы сандық және сапалық қарқындау бола-

тын. Нақ сол жылдарда астықтың жалпы түсіміндегі 

бидайдың үлес салмағы күрт өсті. Қазақстан бидайдың 

күшті және қатты сорттарын өндіруде алдыңғы орынға 

шықты, бүгінгі таңда да ТМД елдерінің арасында сол 

орынды ұстап келеді.

Қолданыстағы тың – еліміз үшін тек мол астық қана 

емес. Оның индустриялық дамуына да қуатты серпін 

берілді.  Тек  1953  жылға  қарай  Одақтың  өнеркәсіп 

орындарында  трактор  шығару  17  есеге  жуық,  астық 

комбайнын  шығару  140  есе  өсті,  ал  басқа  ауылша-

руашылық техникасы мен жүк автокөлігін айтып та 

тұрғанымыз  жоқ.  Мыңдаған  зауыттар  мен  фабрика-

лар Қазақстанның астықты алқабы үшін тапсырыстар 

алды. Өз ресурстары мен табиғи байлықтарына негіз-

делген, бірақ, тың сияқты, біртұтас мемлекетке жұмыс 

істеген  Қазақстанның  өзінің  де  өнеркәсіптік  әлеуеті 

күрт ұлғайды. 18 ірі өндірістік бірлестік тек ауылша-

руашылық техникасын шығаруға мамандандырылды. 

Сервистік  қызмет  көрсету  жөніндегі  «Казагрорем-

маш-холдинг»  компаниясы қазіргі  қатаң  жағдайдың 

өзінде  ойдағыдай  жұмыс  істеп  тұр,  оған  машина-


436

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


лар  мен  жабдықтарды  жасап,  жөндейтін  52  кәсіп- 

орын  кіреді.  Жаңа  индустриялық  кәсіпорындар  бой 

көтеріп, өнеркәсіп орталықтары қалыптасып, теміржол 

магистральдары  мен  автомобиль  жолдары  төселіп, 

жаңа қалалар мен ауылдар пайда болып, ескілері осы 

заманғы келбетке ие болып жатты. Ауылда мәдениет, 

денсаулық сақтау, білім беру, сауда мен қызмет көрсету 

салалары дамыды.

Бұрын  ондаған  қауқарсыз  ғылыми-зерттеу  меке-

мелерінен  тұратын  ауылшаруашылық  ғылымы  да 

қолданыс тауып, дами түсті. Бүгінгі таңда біздің Ауыл 

шаруашылығы ғылым академиясы мамандандырылған 

32  ірі  институт  пен  7  ғылыми-өндірістік  бірлестікті 

біріктіреді. Олар іс жүзінде саланың барлық бағыттары 

бойынша зерттеу жүргізіп, солардың көбінде жетекші 

орында келеді. Мәселен, алғашқы тың игерушілердің 

бірі  –  академик  Бараев  атындағы  ғылыми-зерттеу 

институтының талдамалары дүние жүзінің көптеген 

елдеріне мәлім болып, танылып отыр. Республикада 

агроөнеркәсіп  кешенінің  жоғары  және  орта  буын 

мамандарын даярлау үшін жеткілікті дәрежеде берік 

материалдық-техникалық база құрылды.

Бұл көтерілген тыңның бізге бергендерінің қысқаша 

тізбесі ғана. Бірақ осындай әрбір істің астарында қара-

пайым адамдардың орасан зор еңбегі, көптеген қайта-

ланбас тұлғалардың – әртүрлі деңгейдегі ұйымдасты-

рушылар мен басшылардың жарқын таланты жатыр. 

Олардың  көпшілігі  қазір  де  біздің  арамызда  жұмыс 

істеп жүр, көпшілігін өзім біздің экономикамыз бен 

бүкіл Қазақстан қоғамын реформалау жөніндегі серік-

терім мен пікірлестерім деп санаймын. Кем дегенде 250 


437

мың тың игеруші мемлекеттік жоғары наградаларға ие 

болды, олардың 650-інің Еңбек Ері атағы бар. Өздері 

бұрынғы елдің наградаларын тағып жүрсе де, бұл олар-

дың еңбектегі ерлігін ешқандай да кеміте алмайды. Мен 

ондай жүздеген адамның, соның ішінде қазір осы залда 

отырғандардың да аттарын атап бере аламын. 

Олардың  барлығы  –  азаматтық  асқан  борыштың 

әмірімен,  өздерінің  жүрек  қалауымен  кіршіксіз  ізгі 

ниеттерін серік етіп, Кеңес Одағының әртүрлі түкпір-

лерінен  Қазақстан жеріне келген алғашқы жолашар 

жандардың тамаша шоғырын құрағандар. Ресейден, 

Украинадан,  Белоруссиядан,  Молдавиядан,  Балтық 

маңы мен Кавказ сырты республикаларынан, Орталық 

Азия өңірінен алғашқы екі жылдың ішінде 600 мыңнан 

астам адам келді. 

Қазақстан комсомолдарының үндеуіне тек Украи-

наның ғана 58 мың еріктілері үн қатты. Олардың тең 

жартысы Қостанай және Ақмола облыстарына келді. 

Сол  кезде  Қазақстанға  28  мыңнан  аса  отбасы  толық 

құрамымен  қоныс  аударды.  Ақмола  облысындағы 

«Мариновский» кеңшарындағы қыздардың еліміздегі 

құрбылары  мен  әйелдерді  тың  төсіндегі  аудандарға 

келуге шақырған хаты қаншалықты жаппай пікір туғыз- 

ғанын бәріміз де білеміз. Алғашқылардың арасында 

жастары мен мамандықтары әртүрлі адамдар – меха-

низаторлар, құрылысшылар, дайындаушылар, меди-

цина қызметкерлері, мұғалімдер, мәдениет пен сауда 

қызметкерлері болды. Армиядан босаған жауынгерлер 

эшелон-эшелон болып келіп жатты. Сол уақытқа дейін 

белгілі  бір  мамандығы  жоқ,  тек  осында,  тыңда  ғана 

мамандық  алып,  өмірлік  кәсіпке  ие  болған  адамдар 

да аз емес. Содан кейінгі жылдарда да тыңға адамдар 


438

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


толассыз  келіп  жатты.  Осы  уақыт  ішінде  барлығы  2 

млн-ға жуық адам келді. 

Оларды небір қиырлардан, сірә, жастық романтикасы  

мен таңсыққұмарлық қана емес, сондай-ақ, әлгіде өзім 

айтқандай, талай ұрпақ бойында тәрбиеленген отан-

шылдық  сезімі,  өз  еліне  көмектесуге  деген  шынайы 

құлшыныс алып келген болар. Сол жылдардағы газет 

материалдарынан алынған бір үзінді мынадай: «1954 

жылғы наурыздың боранды бір күнінде алғашқы қоныс- 

танушылар  мінген  трактор  пойызы  қарға  көмілген 

кішкентай разъезден 90 шақырым жердегі әлі картада 

белгіленбеген барар жерді бағытқа алып жолға шықты. 

Бұрыш-бұрышына сіреу боп мұз қатқан жасыл вагон-

дарда осынау беймәлім қиырға Мәскеу мен Ярославль- 

ден,  Сочи  мен  Краснодардан  шыққан  жігіттер  мен 

қыздар келе жатты. Олардың ең жасы он алтыда, ал ең 

үлкені жиырмадан жаңа ғана асқан».

Олардың кейбіреулері, негізінен қызық қуып кел-

гендері,  ауыр  сынға  төтеп  бере  алмай  кері  қайтты. 

Бірақ мұндайлар көп емес. Сондай-ақ басқа мақсатты, 

былайша  айтқанда,  партия  немесе  комсомол  коми-

теттерінің  «ерікті  мәжбүрлеу»  әдісін  басшылыққа 

алғандар,  яки  көп  ақша  табуды  аңсап  келгендер  де 

табандарын жалтыратты. Мұндай адамдарды тіпті де 

кінәлауға болмайды. Керек десеңіз, олардың көпшілігі 

адал  жұмыс  істеді,  бедел  мен  құрметке  бөленді,  ал 

уақыты  келгенде,  өздері  туған  ошақ  басына  қайтып 

оралды.  Ал  басым  көпшілігі  барлық  сынақтарға 

абыроймен  төтеп  берді  және  нақ  осы  адамдардан 

байырғы  тың  игерушілер  ұрпағы  жарқырап  өсіп-

жетілді,  сөйтіп,  олар  Қазақстан  жерінде  қалып,  осы 

жерден өз Отанын тапты. Бұл күндері қаһарман тың 



439

игерушілердің балалары мен немерелері диқан еңбе-

гінің  эстафетасын  қабылдап,  оны  лайықты  жалғас- 

тыруда.


Алғашқы тың игерушілер тек еріктілер ғана емес, 

өз республикалары мен халықтарының өкілетті өкіл-

дері болатын. Сондықтан бүгін біз, тұтастай алғанда, 

олардың тың және тыңайған жерлерді игеруге қосқан 

үлесін, әсіресе, алғашқы, ең қиын жылдарда барлық 

республикалардың  Қазақстанға  көрсеткен  риясыз 

туысқандық көмегін атап айтпай тұра алмаймыз. Олар-

дың  бұл көмегі кейін тың астығы мен басқа да өнім 

түрінде өздеріне еселеп қайтты. Бірақ мен бүгін осы мін-

берден Қазақстанның тыңын, тұтастай алғанда, біздің 

экономикамызды көтерісуге қатысқан бүгінгі тәуелсіз 

мемлекеттердің  баршасына  шын  жүректен  шыққан 

алғысымды айтқым келеді. Бұрынғы Кеңес Одағының 

барлық халықтарына рахмет айтып, тың мерекесімен 

құттықтаймын, неге десеңіздер, бұл оқиғаға олардың 

бәрінің де азды-көпті қатысы бар. Тең құқықты серіктес- 

тік қағидатында біздің дәстүрлі достық байланыстары-

мызды қалпына келтіріп, дамытуға шамамыз жететін 

болар деп есептеймін, ал ол, сөз жоқ, барлық мемле-

кеттердің мүддесіне қызмет етер еді. Мен мұны қашан 

да жақтап келдім және жақтай беремін, үкіметтер мен 

халықтарды ТМД шеңберінде бірлесуге үндеуден тан-

баймын. Адамдардың басым көпшілігі де осыны қалай-

тынына  және  мені  қолдайтынына  сенімдімін.  Олар 

әрқайсысының  жүрегін  кернеген  рухани  жақындық 

пен туыстықтың ерекше сезімін жоғалтқысы келмейді. 

Біздің халықтарымызды бір-бірінен шекара тосқауыл-

дарымен ажыратуға болмайтынына сенімдімін. Әйтпесе 

біз бәрінен ұтыламыз, ал ұтқандар мүлдем болмайды. 


440

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Мен осында адал еңбек етіп, өздерінің кір жуып, кін-

дік  кескен  жерлеріне  оралған  алғашқы  тыңгерлерге 

де сәлемімді арнап, құттықтауларымды жолдаймын. 

Енді олар өз отандарында тыңның өкілетті өкілдеріне 

айналған. 

Тыңды басқалармен бірге қазақстандықтар да игерді. 

Қоғамдық шақыру бойынша алғашқы жылдары ұжым-

шарлар мен кеңшарларға, МТС-терге республикадан 

тыс  жерлерден  қанша  адам  келсе,  соншама  дерлік 

жергілікті тұрғындар да келді. 1956 жылға дейін тек 

Қазақстан  қалаларынан  ғана  10  мыңға  жуық  маман 

жіберілді.  Сол  жылдары  қазақтар  мен  қазақстан-

дықтарға ерекше борыш жүктелді. Көшіп келушілердің 

мұндайлық  толқыны  өмірдің  қалыптасқан  салтына, 

халықтың  тағдырына  әсер  етпеуі  мүмкін  емес  еді. 

Түбірлі өзгерістер үдерісіне өздерінің де қосылуымен 

бірге, жаңа адамдарды лайықты қарсы алып, олардың 

орналасуына, дағдыдан тыс және қатал жағдайларға 

бауыр басып кетуіне көмектесудің маңызы зор болды. 

Осы борышын қазақ халқы ойдағыдай орындап шықты 

деп қанағат сезімімен айтуға тиіспін. Олардың қолға 

алынып жатқан осы шаруаның өз республикалары үшін 

маңызын түсінуі, осынау ортақ үйге қадам басып кірген 

әр адамға тілектестік білдіріп, ілтипатпен қарсы алатын 

дәстүрлі меймандостығы мен жан жылуы шешуші рөл 

атқарды.  Келушілерге  көмектесе  жүріп,  жергілікті 

тұрғындардың  өздері  де  көп  нәрсені  үйренді,  жаңа 

білімдер мен кәсіптерді меңгерді, қоныстанушылар-

мен бірге өзара қарым-қатынастың жаңа мәдениетін 

қалыптастырды.

Біз  қазір  құрып  жатқан  азаматтық  қоғамның 

алғашқы  үлгісі  тыңда  қалыптасты  десем,  шындыққа 



441

қиянат жасай қоймаспын. Қазақстандық тыңгерлердің 

мүдделер мен тағдырлар ортақтығымен, мақсат бірлі-

гімен, бірлескен еңбекпен, өмірлік тәжірибемен бекітіл-

ген ерекше туысқандығы нақ сол кезде дүниеге келді. 

Бұл туысқандықтағы қатынастарын адамдар белгілі бір 

ұлтқа  жататындығына  емес,  әркімнің  жеке  беделіне 

қарап құрды, мұнда кім-кімге де еңбегіне, кәсіпқойлық 

шеберлігіне, ар-ұяты мен айналасындағыларға деген 

көзқарасына қарай құрмет көрсетіледі.

Тыңның сабақтарын ой елегінен өткізе отырып, өз 

басым тағы бір қорытындыға келдім. Қазақтар, орыс- 

тар, украиндар, молдавандар – осы жерді өз терімен 

суарған адамдардың бәрі тыңгер атын қалай мақтан 

тұтқанын, қазір де мақтан ететінін еске түсіріңіздерші. 

Өзінің мәні жағынан ұлы деуге тұрарлық осынау сезім 

мен «қазақстандық патриотизм» ұғымы кейін емес, дәл 

сол кезде дүниеге келді.

Тыңның  25  жылдығы  қарсаңында  республиканың 

астанасында  тыңгерлерге  арнап  монумент  тұрғызу 

туралы шешім қабылданғанын, тіпті осыған орай тас 

белгі де орнатылғанын жақында білдім. Бізде жиі бола-

тынындай, кейін ол ұмыт қалыпты. Осы идеяға қайта 

оралып, тыңдағы туысқандықтың жалпы қазақстандық 

монументін алғашқы тыңгерлердің ерлігіне деген барлық 

ұрпақтар құрметінің белгісі ретінде тым болмаса тыңның 

50 жылдығына қарай орнату керек деп ойлаймын.

Қазір  біздің  едәуір  әлсіз  қоғамдық-саяси  тепе-

теңдікте өмір сүріп жатқанымызды жасыра алмаймын. 

Иә, республикада тұрақтылық пен ұлтаралық келісім 

сақталып  отырғандығы  рас.  Тағдырдың  талайымен 

бұрынғы кеңестік державада емес, мүлдем жаңа мем-

лекетте  тұрып  жатқан,  психологиялық  жағынан  әлі 


442

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


өзгере қоймаған және өз таңдауын енді-енді қолға алған 

адамдардың  табиғи  алаңдаушылығын  пайдаланып, 

тепе-теңдікті бұзуға түрліше әрекет ететін күштер де 

табылады. Иә, адамдар көшіп кетіп жатыр, соның ішінде 

тың аймақтарынан да ірге көтерген орыстар, немістер, 

украиндар, басқа да ұлттардың өкілдері бар. Олардың 

әрқайсысының өз себебі мен бұл мәселені ешқандай 

қысымсыз-ақ жеке өздерінің шешуіне ешкім қол сұға 

алмайтын құқығы бар. Бұл әбден табиғи құбылыс және 

оның  үдерісі,  кейбіреулердің  құтыртып  жүргенін-

дей,  жаппай  сипатқа  ие  болып  отырған  жоқ.  Бірақ, 

шынымды айтайын, осындай ірге көтерудің әрқайсысы 

маған ауыр тиеді. Неге десеңіз, Қазақстанның кең бай-

тағында әмбеге орын табылады, қайда тұрамын, қайда 

жұмыс істеймін дейтін емес. Бұл – біздің Отанымыз. 

Экономикамыздың болашағы үшін де адамдар керек, 

жұмыс қолдары керек. Мен адамдардың еркін жүріп-

тұруын, тұрғын орны мен жұмыс орнын таңдай алуын, 

төрешілдіктің сөзбұйдасынсыз азаматтыққа ие болуын 

қалаймын. Өздеріңіз білесіздер, мен өзімнің жарлығым-

мен  Қазақстандағы  осы  тәртіпті  оңтайлаттым  және 

осыған байланысты келісім жобаларының топтамасын 

басқа  мемлекеттердің  басшыларына  жібердім.  Бұл 

бірден-бір ақылға қонымды шешім болар деп есептей-

мін. Адам қай жерде өмір сүрсе де, оған өзінің ұлттық 

қажеттерін – өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрлері 

мен салттарын пайдалана алу мүмкіндігі қамтамасыз 

етілуге тиіс. Бұл қазақтарға да, соның ішінде өздерінің 

тарихи отанынан тыс жерлерде тұратын қазақтарға да 

тең дәрежеде қатысты деп есептеймін.

Адамдардың  табиғи  сезімдерін  саудаға  салып, 

әлдебір  «ұлттық  картаны»  ашпақ  болған  жекелеген 



443

саясатшысымақ қайраткерлер отпен ойнап жүр. Олар 

мемлекетті  әлсіретіп,  адамдардың  арасын  ушықты-

рып, қазір өзіміз бақылап отырған Таулы Қарабақ пен 

Югославиядағыға ұқсас қантөгіс туғызуы мүмкін. Сон-

дықтан мұндай содырлар міндетті түрде заң арқылы 

қудаланып, тиісті жазаларын тартулары керек. Мұндай 

заңдар бізде бар және мемлекет, біздің Конституция-

мызда көзделгендей, өз азаматтарының құқықтары мен 

бостандықтарына жаппай қол сұғу аласапыранынан 

қорғауға міндетті. Сіздер менімен келісесіздер ғой деп 

ойлаймын.

Мен  біздің  болашақ  азаматтық  қоғамымыздың 

түпкі  үлгісі  ретіндегі  тың  бауырластығы  жайында 

бекер айтып тұрған жоқпын. Оның мәні біздің бәріміз 

бірлесе  отырып  Қазақстан  азаматтарының  біртұтас 

экономикалық,  саяси  және  мемлекеттік  мүддемен 

байланысқан саяси ортақтығын нығайта беруге тиіспіз 

дегенге саяды. Мұндағы басты нәрсе – кімнің қай ұлтқа 

жататындығы  емес,  «Мен  –  Қазақстан  азаматымын, 

қазақстандықпын» деген азаматтық сезім. Әрі бұл біздің 

әрқайсымыз үшін өзіміздің кім екенімізді айқындаудың 

негізі болуға тиіс. Кейде біз өзіміздің ұлттық «менімізді» 

бадырайта  көрсету  арқылы  өз  Конституциямызға 

қайшы келетінімізді ұмытып кетеміз. Ол «Біз, Қазақстан 

халқы...» деген сөздермен басталатынын естеріңізге тағы 

бір сала кеткім келеді. Мұндағы басты қағидат – ұлттық 

және әлеуметтік тегіне, дініне, жынысына қарамастан, 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының 

теңдігі. Осы белгілері бойынша немесе белгілі бір тілді 

білмеуіне қарай қысым көрсетуге я болмаса кемсітуге 

үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұл қағидалар әрбір 

қазақстандықтың қаны мен тәніне етене кірігуі керек. 


444

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ол – біздің Негізгі заңымыз және сонда жазылған нәрсе 

ғана заңды болып табылады. Жұрттың бәрі соны орын-

даулары керек. Тек сонда ғана біз өз еліміздің өркендеуі 

үшін қоғамның топтасуы идеясын жүзеге асырамыз. 

Тек  осындай  саясат  арқылы  ғана  біз  экономикалық 

дағдарыстан  шығудың  жолын  тауып,  өз  болашағы-

мызды пәрменді де серпінді түрде құруға мүмкіндік 

аламыз.  Қазақстандықтарды  бұлай  топтастырудағы 

салмақты  сөзді  тыңгерлер,  аргоөнеркәсіп  кешенінің 

барша қызметкерлері айта алады және айтуға тиісті 

деп ойлаймын. 

Қазақстан тыңының өзіндік жұлдызды сәттері болды, 

бірақ  өкінішті  сәтсіздіктері  де  болмай  қалған  жоқ. 

Олар осынау аса маңызды науқанды жоспарлау мен 

жүзеге  асыру  барысында  жіберілген  қателіктер  мен 

жаңсақтықтардың салдарынан болды. Өзіміз әу баста 

келіскеніміздей, біз мұны да талқылауға тиіспіз. Ол ең 

әуелі дұрыс қорытындылар жасап, дағдарысты жағдай-

дан шығуымыз үшін керек.

Қазақстанның баға жеткізгісіз жер байлығын игеру 

қандай  да  бір  терең  ойластырылған  жоспарсыз  әрі, 

керек десеңіз, ғылыми негіздеусіз большевиктік әпер-

бақандықпен  басталғанын  бірден  ашып  айту  керек. 

Айтпақшы, қайта құру да осылай басталған болатын. 

Жан-жақтан жеткен маман-практиктер өздерінің егін-

шілік жүйелерін ала келді, Қазақстанның топырақ-кли-

мат жағдайына сәйкес келе бермейтін дағдылы аграр-

лық тәсілдерін пайдаланды. Бұған қоса, жүздеген мың 

жас жер өңдеумен алғаш рет бетпе-бет келгенін айту 

керек. Бастапқыда осы аса зор жобаның негізіне астық 

түсімін өндірістік ресурстарды экстенсивтік пайдалану 

есебінен арттырудың кесірлі идеясы алынды. Әрі ол 



445

Қазақстанның әртүрлі аудандарындағы жағдайлардың 

барлық ерекшеліктерін саралап, ескерместен берекесіз 

түрде жүзеге асырылды. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, 

Қарағанды  облыстарында  негізінен  жайылымдық 

ретінде  жарамды  құрғақ  далалы  және  шөлейт  жер-

лер бейберекет жыртылды. Нәтижесі белгілі – жалпы 

алғанда түсімнің өсімі болмашы ғана, жекелеген өңір-

лерде күні бүгінге дейін гектарынан 7 центнер мен 3 

центнердің арасында ауытқып отырады.

Мұндай көзқарас одан кейінгі кезеңге де тән болды. 

1961 жылдан 1986 жылға дейін тағы да 11,3 млн гектар 

өнімсіз деп аталатын жер жыртылды. Сөйтіп, респу-

бликада өңделген егістік алқабы 41 млн гектарға жетті. 

Бұл кезеңде, сірә, дұрыс пайым емес, сол кезде өзіндік 

бір сәнге, базбір мемлекет қайраткерлерінің өмірлік 

мәніне айналған даңғаза-дабыра мен баянаттар үстемдік 

алған болу керек. Осында отырған ардагер-басшылар 

мені кешіріп қойсын, бірақ солай болғаны рас. Мұның 

неге апарып соққанын өздеріңіз пайымдай беріңіздер: 

егер  1980-ші  жылдардың  ортасына  қарай  Ресейдегі 

егіс  алаңдары  барлық  жердің  1 %-ынан  кем  болса, 

Қазақстанда ол 15 %-ға жақындады. Соның бәрі бүгін 

түкке тұрғысыз болуы үшін соншама орасан зор мөл-

шердегі ресурстарды шығындаудың қажеті бар ма еді? 

Біздің кеңестік гигантоманияның да кесірі аз болған 

жоқ.  1960-шы  жылдардың  басында  тың  төсіндегі 

аудандарда  126  астық  кеңшары  құрылды.  Олардың 

әрқайсысының орта есеппен 50 мың гектардан астам 

пайдаланылатын жері, оның ішінде 40 мың гектарға 

дейін егістігі болды. Наурызым ауданындағы Козлов 

атындағы кеңшар шын мәнінде рекордшыға айналды, 

оның жер көлемі 388 мың гектарға, ал егістік жері 67 


446

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мың  гектарға  жетті.  Мұндай  алып  шаруашылықтар 

Қостанай, Ақмола, Көкшетау, Ақтөбе және басқа об- 

лыстарда әлі күнге дейін бар. Әлбетте, мұндай кеңшар-

лардың қормен және энергиямен жарақтандырылуы 

төмен болады. Бұл егістікті өңдеу сапасына да салқынын 

тигізеді. Қараңыздаршы: орта есеппен бір қызметкер 

Ресейде – 11, 6 гектар, Украинада – 5,6, Беларусьте – 4,7, 

Молдовада – 3,5, ал Қазақстанда 21,1 гектар, тың төсін-

дегі облыстарда – 50–60 гектар жер өңдейді. Мұны біз 

кезінде мақтаныш етіп айтатынбыз. Бірақ бұл арада 

шаруашылықтың тиімділігі туралы айтуға бола ма?

Бұрынғы саяси жүйе мен оның идеологиясы туғыз- 

ған әлеуметтік және, сонымен қатар, психологиялық 

сипаттағы келеңсіздік туралы да айтпай кете алмай-

мын. Бұл, өкінішке қарай, республиканың бүкіл аграр-

лық секторында күні бүгінге дейін сақталып отырған 

келеңсіздік. Ең алдымен бұл – орасан зор салғырттық, 

дертке  айналған  деуге  болатын  масылдық.  Ол  әуелі 

шаруашылықтардың,  аудандардың,  облыстардың, 

агроөнеркәсіп орындарының басшыларына қатысты. 

Біз астығымызды жоғарыдан түскен бөлу қағазы бо- 

йынша, кейін оны кім алатынын да білместен, елге су 

тегін беретін, бойымызға ондаған жылдар бойы сіңіріліп 

келген зиянды практика іске қосылатын. Өзіміз де тех-

никаны, тыңайтқыштарды, жанар-жағармай материал-

дарын, тағы басқаларды дәл солай су тегін алатынбыз. 

Ал осының бәрі шынында қанша тұрады және бәрі үшін 

түбінде бір есеп айырысуға тура келмей ме? – деп ешкім 

де ойланған емес. Тек білетініміз – тағы сұрасақ, тағы 

беретіні. Тыңға бермеуге бола ма екен? Қиындықтың 

негізі барлық қарыздар үшін есеп айырысатын кездің 

жеткенінде болып отыр. Әрі мұны қазір өзіміз істеуіміз 



447

керек.  Осы  қиындықтарды  туғызған  мемлекет  қазір 

жоқ.

Егер тың экономикасының артықшылықтары мен 



кемшіліктерін нарық тұрғысынан саралайтын болсақ, 

онша  қуанарлық  көрініс  шыға  қоймайды.  Оның  40 

жылдық тарихының 10 жылы мүлдем қуаңшылықты 

болғанын еске алсақ та жеткілікті. Қазақстанның өзі 

де көбінесе астық пен жемді басқа жақтан сатып алуға 

мәжбүр болды. Жекелеген жылдарда ондай сатып алу 

көлемі 2 млн тоннаға дейін жетіп жүрді. Осы 40 жылдың 

өн бойында мемлекет ауылдың қарызын өтеумен келді. 

Соңғы бесжылдықтарда 350-ге тарта шаруашылық, яғни 

әрбір  бесінші  шаруашылық  ұдайы  шығында  болып 

келді. Қайтсең де, қай сапада болса да, астық бер дейтін 

қағидат үстем болды. Тек 1992 жылы ғана барынша мол 

орташа түсім болып, әр гектарынан 14,8 центнерден 

айналды. Бұл көрсеткіш тек 13 жылда ғана 10 центнерге 

жетіп жүрді. Дүние жүзінде бірде-бір ел өзінің ауыл 

шаруашылығын осыншама шығынмен жүргізбейді. 

Ғалымдардың  есептеп  шығарғанындай,  қазір, 

нарықтық  қатынастарға  көшу  жағдайында,  астықты 

әлемдік баға бойынша сату гектарынан 10 центнерден 

кем түспейтін өнім алынғанда ғана тиімді болады екен 

әрі бұл астық елдің өз қажетін қойып, сатуға жұмсалуы 

тиіс екенін ескеріңіз. Яғни, алынған астықтың тоннасы 

80–100 АҚШ долларына түсуі керек. Ал бізде осындай 

түсім беретін танаптар тек 16 млн гектар, яғни жалпы 

егіс көлемнің 65 %-ы ғана.

Бәлкім,  мынадай  күнде  кемшіліктер  туралы  айту 

жөнсіз емес пе дейтіндер болар. Бірақ: «Қазір таңда 

жағдай неліктен соншалықты нашар әрі қиын болып 

кетті?» – дейтін сұрақты қалай аттап өтуге болады? Тегі, 


448

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қазір бұрынғы КСРО-ның бүкіл аумағындағы қай жерде 

тұрмыс жақсы екен? Еш жерде де жақсы емес! Мұның 

себебі,  біріншіден,  біртұтас  мемлекеттің  және  оның 

бірыңғай  экономикалық  организмінің  ыдырауында. 

Екіншіден, тың бүкіл елдің мұқтажы үшін көтерілді 

және тыңды бүкіл ел қамтамасыз етіп отырды. Жоға-

рыда айтылғандай, жер-жердің бәрінде тыңға арнап 

тракторлар, машиналар, жабдықтар, тыңайтқыштар 

шығаратын зауыттар салынды. Енді бұл зауыттардың 

көпшілігі банкрот болып, қаңқиып тұр. Оларда ақша 

жоқ.  Қажет  нәрсенің  бәрін  сатып  алуға  ауылдың  да 

ақшасы жоқ. Үшіншіден, қазір бәрін сатып алып, бәрін 

сатуға тура келеді әрі оны нарық белгілеген бағамен 

істейсің. Ал бергенінен алғаны артық болатын шығын-

дық астық өндірісі өз бетінше өмір сүре алмайды.

Біз  астық  өндірісінің  көлемін  сақтап  қалып,  оны 

бұрынғы  тұтынушыларға  сатқымыз  келер  еді.  Олар 

ТМД-ның барлық елдері дерлік, бірақ енді олар сол 

астыққа тапсырысты күні бұрын беріп, келісім-шарттар 

жасасуға және тұқым себу, егісті баптап күту жұмысын 

жүргізу үшін бізге аванс ретінде ақы төлеуге тиіс. Бірақ 

оларда  да  ақша  жоқ.  Ал  біз  оны  қайдан  алмақпыз? 

Өзінің мемлекеттік мұқтаждары үшін Қазақстанға жыл 

сайын тек 5–6 млн тонна астық қажет. Егер өнім көлемін 

толық сақтаймыз десек, біз тіпті алыс шетелден болса 

да алушы табуымыз керек. 

Бәлкім,  базбіреулер  өткен  күнге  қайтып  оралуды 

көксейтін  шығар.  Менің  де  көксегенім  бар,  бірақ  ол 

қайта  оралуды  емес,  біздің  ең  болмағанда  қалыпты 

достастықты,  ортақ  экономикалық  және  кедендік 

кеңістікті құрып, экономиканы жандандыруымызды, 

бір-бірімізге көмектесуімізді көксеу. Тіпті бұл да жүзеге 



449

аса қалғанның өзінде бәрібір енді тегіншілікке қайта 

оралу жоқ. Нарық тетіктері жұмыс істейтін болады. 

Бірдеңе сатып алу үшін өзің де бірдеңе сатуың керек 

және шамаңа қарап өмір сүруге тура келеді.

Егер біз бұрынғы психологияның сарқыншақтарын 

жеңе алмасақ, онда реформаларда малтығып, үңірейген 

тесіктерді тығындау да қолымыздан келмей, ешқандай 

нарықты да құра алмасымызға сіздерді сендіре аламын. 

Бүгін біздің әрқайсымыздан бастамашылық, жігерлілік, 

күш-қуатты барынша жұмылдыру, талмай іздену талап 

етіледі.  Қолда  бардың  бәріне  ұқыптылықпен  және 

құнттылықпен қарап, әрнеге ыждағатты болу керек. 

Мыңдаған  тракторларды,  комбайндар  мен  автома-

шиналарды  жарамсыз  деп  істен  шығарып,  астықты 

қайда сатарымызды білмей қоймада шірітіп, тыңайт- 

қыштарды қар мен жаңбырдың астында қалдыратыны-

мыздың қандай жөні бар?

Одақтың да, қолында барын аямайтын шүлеңгір мыр-

заның да енді жоқ екенін бәріміз де түпкілікті түсінетін 

уақыт жетті. Турасын айтайын – қазір біздің үкіметте 

де, банктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде 

де ондай шүлеңгір мырза жоқ. Иә, қазір агроөнеркәсіп 

кешеніміз  аса  қиын  жағдайларды  басынан  кешіріп 

жатқанын түсінеміз. Олар тың көтерудің стратегиясы 

мен тактикасындағы жаңсақтықтардың салдарынан да, 

экономикадағы қайта құрулар үдерісінің объективті 

дамуынан да болды. Әрине, біз дағдарысты жағдайдан 

шығудың жолдарын ұдайы іздеп, таба береміз, ауыл-

дағы өнім өндірушілерге үнемі көмек те көрсетеміз. 

Бірақ  ондай  көмек  тиімді  жұмыс  істеп,  мемлекет  

жұмсаған  қаржыны  қайтара  алатындарға  берілетін 

болады.


450

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Күн сайын көптеген аудандардан түрлі петициялар 

мен көз жасын көлдеткен жалынышты өтініштер алып 

жатамыз.  Бірақ  олардың  бәрі  бірдей  ілтипат  туғыза 

қоймайды. Бізде өз міндетін үкіметтен үнемі әлдебір 

нәрсені  «қағып  түсіру»  деп  түсінетін  басшылардың 

тұтас бір тобы айқындалды. 

Мысалы,  тек  бір  ғана  Агробанктің  несиелері  бо- 

йынша  шағын  талдау  оның  клиенттерінің  арасында 

негізгі және айналымдағы қаржысы, яғни өзінің бүкіл 

құны қарыздарын жаба алмайтын 350 шаруашылық 

бар екенін анықтады. Мұндай клиенттер санының ең 

жоғарғы көрсеткіші Көкшетау облысында, яғни олар-

дың саны 138. Сірә, бұл кездейсоқ болмаса керек. Онда 

тек шаруашылықтар ғана емес, сонымен қатар, тұтас 

аудандар несие қағумен, қағаз жазумен ғана айналы-

сады. Бізге осы облыстың Чистополье ауданынан келіп 

түскен, үш басшының қолымен куәландырылған хат-

тан бірер үзінді келтірейін. «Ауыл шаруашылығына 

қатысты ойластырылмаған саясат, – деп жазады автор-

лар, – ауыл еңбеккерлерінің үкіметке деген сеніміне 

селкеу  түсіріп,  ауыл  тұрғындарының  мемлекеттік 

құрылымдарға наразылығын туғызады». 

Сонда олар ойластырылған саясат деп нені есептейді 

екен?  Сөйтсек,  олары:  несиелік  қарыздарды  есептен 

шығару, жәрдемақыны көздеу, баға тепе-теңдігін бел-

гілеу, өндірілетін және сатып алынатын өнімдердің бар-

лық түрлерінің қосымша құнына салынатын салықты 

азайту,  төменгі  пайыздық  мөлшерлемемен  ұзақ 

мерзімді несиелер беру болып шықты. Әрі мұның бәрі 

не үшін керек екендігі, өндірістің қалай жүргізілетіндігі 

туралы бір ауыз сөз жоқ. Олар өз көрсеткіштерін де 

сыпайы ғана жылы жауып қойыпты. Әрі өздерінің жаңа 



451

жағдайда басшылық ете алмайтындары, аудан эконо-

микасын реформалауға дәрменсіз екендіктері туралы да 

ләм демейді. Тек бір кездегі лепірмелік салтымен: «Өз 

кезегімізде біз еңбек ұжымдарындағы қалыпты еңбек 

ырғағын, келісім мен төзімділікті қамтамасыз ететін-

дігімізге  сіздерді  сендіруге  әзірміз»,  –  деп  аяқтапты. 

1970-жылдары  біз  үкіметте  отырып,  осындай  хаттар 

алатынбыз, бәрін бір құжатқа тоғытып, Мәскеуге аттан-

дыратынбыз. Ал енді қайда аттандырамыз?

Мұндай хаттар бізге басқа да облыстардан, Шаруа-

лар одағынан, Ұжымшаршылар кеңесінен, Шаруалар 

қауымдастығынан келіп жатты. Шамасы, біреулер 1991 

жылы 4 млрд сомға жуық несие қарызы есептен шыға-

рылғанын ұмытып та кетсе керек. Содан бері екі жыл 

өтті, ал агроөнеркәсіп кешенінің несие қарызы тағы да 

4 млрд-қа жетті, бірақ бұл жолы теңгемен.

Мұндай  шарасыздықты,  әсіресе,  қиындықтан 

шығар  жол  тауып,  өнім  өндіруді  арттырып,  несие 

берушілерімен есеп айырысып, өз еңбеккерлеріне қол-

дау көрсетіп отырған шаруашылықтар аясында көру 

тіпті өкінішті. Ал мұндай шаруашылықтар республи-

када аз емес – 400-ге жуық. Мәселен, республика аста-

насына жақын маңдағы «Алматы» ұжымшары ұдайы 

жақсы көрсеткіштермен шығады. Ол – ірі шаруашылық: 

57 мың гектар жері бар, оның 18 мыңы – егістік жер, 

2 мыңға жуық сиыр, 30 мың қой, 550 жылқы өсіреді. 

Шаруашылықтың жыл бойынша табысы 4,4 млн теңгеге 

жетті, несиелік қарызы жоқ. Табыстың 60 %-дан астамы 

жинақ қорына жіберілді. Солтүстік Қазақстан облы-

сындағы В. И. Чапаев атындағы ұжымдық кәсіпорын 

мен Семей облысындағы кеңшар негізінде құрылған 

«Приречное» жеке кәсіпорны да жақсы аталуға лайық. 


452

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Екі шаруашылық та қиын жағдайда рентабельділікті 

елеулі түрде арттыру жолдарын тауып, өндірістік те, 

әлеуметтік те мәселелерді табысты түрде шешуде.

Қазіргі  кезде  «көптің  көзіне  түсу»  мақсатымен 

әртүрлі мінберлерден сөйлеу, жазу, талап ету, сынау 

сәнді үрдіске айналды. Тегі, бүгін кімдікі дұрыс? Кімдікі 

болсын – кінәлілерді іздеп, үкіметті, реформалардың 

барысы мен реформалардың өзін және т. б. сынайтын, 

бірақ  еш  жаңалық,  ешқандай  ой-пікір  айтпайтын 

адамдікі дұрыс. Мен өзім үшін өзіндік бір тұжырым 

жасадым  –  кімде-кім  кінәлілерді  мүлдем  іздемейтін 

болса, белгілі бір проблемаларды шешудің нұсқаларын 

ұсынып, тауып, нақты іспен айналысатын болса, түптің 

түбінде соныкі дұрыс. Тек сондайларға көмектесу керек.

Мен  алдыма  ауыл  шаруашылығындағы  істің  жағ- 

дайына егжей-тегжейлі талдау жасайын деген міндет 

қойған  жоқ  едім,  дегенмен  агроөнеркәсіп  кешенін 

реформалаудың кейбір қырларына сіздердің назарла-

рыңызды аударсам деймін.

Әуелі сіздерге салтанат қарсаңында екі жарлыққа 

қол қойғанымды айтайын. Біріншісі – ведомствоаралық 

есеп өткізу туралы. Екіншісі, бәлкім, ауылшаруашылық 

өнімдерін  өндірушілер  үшін  ең  көкейкесті  мәселеге 

қатысты – қаржы борыштарын төлеуді 2000 жылға дейін 

шегеру туралы. Бұл аграрлық секторға зор қолдау болар 

еді деп есептеймін. Біз менің жарлығым бойынша биыл 

кең ауқымды жекешелендіру жүргізу үшін жұрттың 

бәріне бірдей бастапқы жағдай жасау мақсатымен осын-

дай қадамға соңғы рет барып отырмыз. Әрбір жұмыскер 

жерге және қорларға ие болғаны жөнінде құжат алып, 

ұжымдық  шаруашылықта  қалатынын  немесе  өз  ісін 

бастайтынын өзі дербес шешуге тиіс деп есептеймін. 



453

Дұрыс  түсініңіздер,  мен  қуатты  шаруашылықтарды 

күйрету жағында емеспін. Керісінше, жауапкершіліктің 

әрбір адамға нақты жүктелгенін, өндірістік қызметтің 

нәтижелері  үшін,  еңбек  ұжымындағы  жағдай  үшін 

өзі жеке жауап беретін нақты қожайынның болғанын 

жақтаймын.  Мемлекеттік  шаруашылықтың  әрбір 

басшысы үкіметпен шартқа қол қоюы тиіс, ал ол екі 

тармақтан тұрады: біріншісі – банкроттыққа жол бер-

мейтіні жөніндегі кепілдігі және екіншісі – басқарудың 

сипатын өзгертіп, шаруашылықты нақты жекешелен-

діруге дайындауға міндеттенуі. Бұлай болмағанда, басқа 

басшы тағайындалуы тиіс.

Бірақ алға қарай жылжу үшін біздің бәріміз мей-

лінше  жаңа  тәсілдер  іздеуіміз  керек.  Егер  бұрынғы 

жолмен  жүре  берсек,  онда  жыл  соңында  бастапқы 

шебімізге қайта ораламыз, ал ол сөзсіз толық түрде 

банкроттыққа  соқтырады.  Меніңше,  басты  міндет  – 

таяудағы  2–3  жыл  ішінде  меншік  түрін  өзгерту  мен 

жаңа  технологияларды  енгізу  негізінде  экстенсивті 

ауылшаруашылық өндірісімізді жігерлі түрде рефор-

малау болуы тиіс. Дәнді және азықтық дақылдардың 

орасан зор алқаптарын, миллиондаған мал табында-

рын бұрынғы өнімділігі мен өсімділігі төмен күйінде 

сақтап қалуды Қазақстан көтере алмайды. Сондықтан 

экономикамыз үшін аса зиянды бұл жағдайды батыл 

өзгертіп, қалыпты тәртіп орнату қажет. Бұл жұмыстың 

негізіне екі қағидат – өндірісті қарқындату мен рынок-

тағы сұраныс алынуға тиіс.

Сондай-ақ қазір сабан мен сүрлем басым болып отыр- 

ған жемшөп өндірісін жетілдіру жөнінде де түбегейлі 

шаралар қажет. Жұғымдылығы жөнінен теңдестіріл-

ген,  малдың  өнімділігін  арттыру  есебінен  қайтарым 


454

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


беріп өзін өзі ақтайтын жемшөпті ғана өсірген дұрыс. 

Қазақстан жағдайында бұл тек пішен мен пішендеме 

бола  алады,  ал  олар  қазір  жемшөп  балансында  тек 

үштен бір үлеске ғана ие болып отыр. Жол біреу-ақ 

– мал санын қысқарта отырып, пішен мен пішендеме 

өндіруді еселей түсу керек. Ол үшін егіс алқаптарының 

бүкіл құрылымын өзгертуге батыл түрде бару қажет. 

Бұл ретте жемшөп базасы тек қоғамдық секторға 

ғана емес, сондай-ақ кооперативтік және жекеменшік 

шаруашылықтарға да жұмыс істеуге тиіс. Біз ауылдық 

елді мекендердің айналасына жайылым аймақтарын 

жасау  жөнінде  талайдан  бері  айтып  келеміз,  бірақ 

қимылымыз тым баяу. Соңғы бесжылдықта ғана жеке-

меншік сектордағы ірі қараның саны 1 млн-нан аса, ал 

қой мен ешкі 5 млн-ға жуық өсті. Олардың бәрі елді 

мекендердің айналасында ешқандай ұйымдастырусыз 

және таратусыз емін-еркін жайылып жүр. 

Ең  қысқа  мерзімде  тұтынушылар  кооперациясы, 

кеңшарлар мен ұжымшарлар арқылы әрбір орталық 

елді мекенде ет пен сүт ұқсататын, мал соятын пункт- 

тер  құру  керек.  Жекеменшік  аулаларда  өндірілетін 

сүт пен ет Қазақстанның бүкіл халқын тамақтандыру 

үшін  әбден  жетеді.  Проблеманы  шешудің  жолы  әрі 

қарапайым жолы, міне, осы. Сауда жүйесін де жолға 

қою керек. Ауыл адамдары сүт құйылған шелектері 

мен еттерін көтеріп, автомобиль жолдарының бойында 

қашанғы тұрмақ?

Әзірге бұл мәселелерді шешуден гөрі сөз көп. Ал 

шынтуайтында  бұл  жергілікті  билік  органдары  бас-

шыларының тікелей міндеті ғой. Ең болмағанда осыны 

істеңіздерші,  сонда  адамдар  сіздерге  алғыс  айтатын 

болады. 


455

Аграрлық секторды 2000 жылға дейін дамыту бағдар-

ламасына  дәнді  дақылдар  егістігінің  аумағын,  мал 

басын күрт қысқарту енгізілген. Әрі бұл дұрыс жол. 

Бізге көлем емес, өнім қажет. Бізге оппоненттеріміз: 

«Жұмыстан босағандарды қайда орналастырамыз?» – 

деседі. Егер осы қысқа фермалар кадрлармен толық 

қамтамасыз етілмеген күйі түскен болса, онда қандай 

жұмыссыздық туралы айтуға болады? Шопандардан 4 

мың адам жетіспеді, сондай-ақ 10 мың сауыншы, бұзау- 

шы және малшы орны бос тұр.

Өткен жылғы егін орағын алыңызшы. Бізге керегі 35 

мың механизатор еді, ал олар болмады. Кәсіптік-техни-

калық білім беру жүйесінің оқушыларын жұмылдыруға, 

қалалар мен аудан орталықтарындағы кәсіпорындардан 

адамдар тартуға, таяу шет елдерден әкелуге тура келді. 

Ал, айталық, астанадан Қостанай шаруашылықтарына 

дейін КамАЗ автомобилін әкелу, жүргізушінің тұрақты 

жұмыс орнындағы жалақысының 75 %-ы сақталатынын 

ескергенде, шаруашылық үшін 50 тонна бидай құнына 

түседі. Гектар түсімі 8 центнерден айналғанда оны 100 

гектар жерге өсіру қажет болады. Әрі бұл жерде сол 

жүргізушілерге  заттай  төленетін  ақы  мен  оны  егін 

орағына  жібергендерге  жеңілдік  бағасымен  сатыла-

тын бидай есепке алынған да жоқ. Айталық, Қостанай 

облысы бұрынғысынша егін орағына шеттен 6–8 мың 

автомобиль, ТМД-дан 2–3 мың механизатор тартатын 

болса, онда астықты алқаптың үштен бірінің өнімімен 

есептесуіне тура келеді. Бұл кімге керек?

Сондай-ақ өмір қоғамдық сектордағы картоп, көкөніс, 

жеміс-жидек дақылдарының алаңын қысқартуды талап 

етіп отыр, ал олардың есесін жекеменшік сектор толты-

руы тиіс. Бүгін таңда тек саяжай учаскелеріне 100 мың 


456

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


гектар берілген, бұған қоса ұжымдық бау-бақшалар 70 

мың гектар жерді алып жатыр. Сондықтан бұл арада 

сауда  мен  өңдеуді  ұйымдастыруға  сервистік  қызмет 

көрсету мәселелерін шешу керек.

Көріп отырсыздар, қазіргі жағдайдан біз бірлесе оты-

рып шығуымыз керек. Үкімет өз мәселелерін, әкімдіктер 

өз мәселелерін шешуге тиіс, ал жергілікті басшылар 

проблемалардың бүкіл кешенін бақылаулары керек. 

Ауылдағы  өзгерістерді  тежеп  отырған  еңбекшілер 

емес. Басшы мамандардың, есепшілердің, бригадир-

лердің, қойма меңгерушілерінің және басқа да кеңсе 

қызметкерлерінің  қисапсыз  армиясы  –  реформалар 

жолындағы басты кедергі, міне, осы. Менің ойымша, 

бәрін тәртіпке салып, мәселені бригада мен фермадан 

бастап Ауыл шаруашылығы министрлігіне дейінгі штат 

кестесін реформалайтын уақыт жеткен сияқты.

Және  ең  соңғысы.  Қайталап  айтайын:  біздің  про-

блемаларымызды біз үшін ешкім де шешіп бермейді. 

Біз тыңды көтере алдық, енді жаңа жағдайдағы қиын-

шылықтарды да еңсеретінімізге сенімдімін. Тек істің 

ыңғайын  табуда  көбірек  мақсаткерлік,  табандылық 

және сарабдалдық таныту қажет. Тың көтергендерге, 

сірә, бұдан да қиын соққан шығар. Бүгінгі диқандар 

олардан табандылық пен шаруаға тән тапқырлықты 

үйренсе, артық болмас еді. Сары уайымға салынудың 

керегі жоқ, аспаннан құймақ жауады деп күтіп отыру 

да жарамайды, тек қана жұмысқа білек сыбана кірісіп, 

тығырықтан шығар жолды ойластыру қажет. Бүгінгі 

таңда бәрі де адамдарға, артына қарап жалтақтамай, 

істі батыл да қажырлы жүргізе алатын шаруашылық 

басшыларына  байланысты.  Ауыл  адамдары  сондай 

жандарды өз орталарынан тауып, шығаруға және өз 



457

шаруашылықтары мен кәсіпорындарын реформалауды 

нақ соларға сеніп тапсыруға тиіс.

Сөзімнің соңында тың игерушілерді, агроөнеркәсіп 

кешенінің қызметкерлерін, барлық қазақстандықтарды 

тыңның  мерекесімен  тағы  да  шын  жүректен  құт-

тықтағым келеді. Баршаңызға игілік, табыс, тыныштық 

пен ашық аспан тілеймін.

Тыңның барлық тұрғындары бақыт пен байлыққа 

кенеле берсін!



458

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет