Қазақстан халықтары Ассамблеясының
I сессиясында «Ортақ үйімізде татулық пен
келісім болсын» тақырыбында
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1995 жылғы 24 наурыз
Құрметті делегаттар!
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы өз тәуелсіздігі
мен егемендігі үшін күресуіне тура келді. Өзінің
ең жақсы қасиеттерінің, қатер төнген сәтте бірігіп,
ұйымдаса білуінің және ең бастысы, өзге халықтармен
бейбітшілікте, келісім мен тату көршілікте тұруға деген
ынта-ықыласының арқасында ол тарихтың тұңғиығына
батып кетпей, ондаған жылдардан кейін өзінің мемле-
кеттігін қалпына келтіре алды. Тағдыр-талайына бұйыр-
ған қисынсыз қиындықтарға қарамастан, өз халқының
564
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
болашағын қамтамасыз етіп, тілін, мәдениетін, дәстүр-
лері мен бостандық сүйгіш қасиеттерін сақтай білген
ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтарына лайықты
құрмет көрсеткеніміз жөн. Осының бәрі, сайып кел-
генде, қазақ мемлекеттігінің қайта қалпына келуіне
қол жеткізді.
Уақыт сынынан өте білген қазақ халқының бай да
күрделі тарихы бар. Қазір ол Қазақстанда тұратын
барлық халықтарға біздің бірлігіміздің түп-тамырын
жақсырақ түсінуіне көмектесіп, кез келген тарихи
кінә артушылыққа жол бермеуі тиіс, өйткені өткенге
көз сала отырып, болашақты көре білген жөн. Біздің
ұрпаққа ата-баба игілігін сақтап, қайта қалпына
келген мемлекеттігімізді нығайту және өркениетті
әлемдік қоғамдастықтың талаптарына сай келетін
сапалық жаңа деңгейге көшу сияқты жауапкершілігі
мол міндеттер жүктеліп отыр. Біздің әрқайсымыз
және баршамыз туған еліміздің болашағына деген
жауапкершілік сезіміне бөленуіміз керек. Ал бұл
өткенді есте сақтай отырып, болашаққа ұмтылу, басқа
халықтармен тату-тәтті өмір сүру, олардың мәдение-
тін, дәстүрлерін, салттарын құрметтеу дегенді біл-
діреді. «Береке басы бірлікте» деп қазақ тегін айтпаса
керек.
120 ұлттың мүдделерін білдіру жүктелген Қазақстан
халықтары Ассамблеясының делегаттарына әрбір этнос-
тың және бүкіл Қазақстан халқының болашағы үшін
орасан зор тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр.
Ассамблеяны құру бастамасы біздің қоғамымыздың
қойнауынан туған. Соған сәйкес республикада қыруар
дайындық жұмыстары жүргізілді. Облыстарда кіші
565
ассамблеялар құрылды, оған ең лайықты адамдар сай-
ланды.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші
сессиясы өткен жолымызға және болып жатқан қоғам-
дық-саяси үдерістерге талдау жасау, ұлттық саясатты
жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын белгілеу мақса-
тымен шақырылды. Бұл үшін республиканың барлық
азаматтарының мүдделерін білдіретін сіздермен кең
сұхбат жасап, кеңесу қажет. Біз қоғамдық тұрақтылықты
қалай сақтап, нығайтуға, келесі парламент сайлауына
дейінгі кезеңде істі қалай жүргізуге болады, қоғамды
реформалауды қалай тездету керек дейтін сұрақтарға
жауап беруге тиіспіз. Адамдар бұл туралы күмәнді
көздерден емес, мемлекеттік саясатты талдап жасаумен
және іске асырумен тікелей айналысатын ең білікті көз-
дерден, бүгін таңда сіздермен бірге жұмыс істеп отырған
биліктен естіп, білулері керек.
Біз қазірдің өзінде жолдың ең қиын кезеңінен өтіп,
дағдарысты жағдайды өзгертудің алдында, өрлеудің
қарсаңында тұрмыз деп айта аламыз. Алайда, өткеннің,
бүгіннің және болашақтың бір-бірімен өзара байла-
нысты және өзара тәуелді екені сонша, өзіміздің тарихи
тәжірибемізді және басқа мемлекеттердің тәжірибесін
ой елегінен өткізбейінше, нақтылы оң өзгерістерге қол
жеткізу өте қиын.
Қазіргі дүниенің этностық проблемалары
Адамзат өркениеті – халықтар мен мемлекеттердің
тууының, өсіп-өркендеуінің және тарих аренасынан
кетуінің үздіксіз тізбесі. Көбінесе бұл үдерістің жаһан-
дық сипат алатыны бар. Тек XX ғасырдың өзінде ғана
566
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
мұндай маңызды оқиғалар кем дегенде үш рет болып
өтті. Ең алдымен бұл бірінші дүниежүзілік соғыстан
кейін, бірқатар империялардың күйреуі нәтижесінде
Австрия, Чехословакия, Югославия, Венгрия, Польша,
Финляндия және басқалар сияқты егемен мемлекет-
тердің құрылуымен байланысты болды. Жаңа мемле-
кеттер пайда болуының екінші толқыны ұлт-азаттық
қозғалысымен және отаршылдықтың күйреуімен
байланысты. Сол кезеңде, 1950–1960-шы жылдар ара-
лығында кейбір бұрынғы отарлар сол кездегі шекара-
ларды қайта қарауды талап етіп, күштеу амалдарын
қолдануға да әзір екендерін ашық мәлімдеді. Сөйтіп,
Сомали мен Эфиопияның, Гана мен Тогоның, Үндістан
мен Пәкстанның, Марокко мен Алжирдің және басқа-
лардың арасында аумақтық таластар пайда болды.
Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде
екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан 1990-шы жыл-
дарға дейінгі кезеңде 50-ден аса аумақтық жанжалдар
болып, 15 млн адам соның құрбанына айналды.
Алайда уақыт пен қасіретті тәжірибе көптеген
елдерге тән этностық алуантүрлілік жағдайында мемле-
кеттік шекараларды этностық шептерге сәйкес белгілеу
әрекеттері жас мемлекеттердің өмір сүруінің өзіне қауіп
төндіретінін түсінуге мәжбүр етті.
Қанша кемшілігі болса да, қалыптасқан аумақтық
жағдайды сақтау қанды қақтығыстардан жақсы дей-
тін парасатты ақыл-ойдан туған тәуелсіз мемлекеттер
шекараларының қол сұғылмаушылығы мен аумақтық
тұтастығы туралы тұжырымдама белең ала бастады.
Осы көзқарастың орнығуына байланысты мемлекеттер
өз дамуының көкейкесті проблемаларын шешуге кірісу
үшін мүмкіндік алып, алғашқы табыстарға қол жеткізе
567
бастады. Өздерінің қарама-қарсы дау-дамайын өткен
күннің еншісіне қалдыра алмаған басқа елдер күш-жі-
герлерін жанжалмен тауысып, ұлттық ресурстарын
кемітуде және, сонымен бірге, халықаралық ынтымақ-
тастықтағы өз мүмкіндіктерінің аясын тарылтуда. Міне,
егемендіктің сабақтастығы қағидатының, яғни шека-
раларды бар қалпында қабылдау мен оларды күштеп
қайта бөлуден бас тартудың ешқандай баламасы жоқ
болатыны осыдан.
Қазір дүние социалистік жүйенің күйреуімен бай-
ланысты үшінші кезеңді бастан кешіріп отыр. Кеңес
Одағының ыдырауы халықаралық тұрақтылықты сақтау
туралы мәселені алға қойды. Осыған байланысты дүние-
жүзілік геосаясатта тепе-теңсіздіктер пайда болып,
олар ТМД аумағында ғана емес, одан тыс жерлерде де
тұрақсыздықтың өсуіне апарып соқты.
Әр елдің өз болашағын таңдауға деген құқығы даусыз.
Алайда осы құқықты жүзеге асыру басқа этностардың
құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тиіс. Югославия-
дағы оқиғалар және кеңестен кейінгі кеңістіктің базбір
өңірлеріндегі қасіретті жанжалдар орасан зор күші
бар дүмпулерге апарып соғатын дезинтеграциялық,
күйретуші үрдістердің бар екенін айқын көрсетіп отыр.
Мұның ең төтенше көрінісі Әзірбайжан мен Армения-
дағы болсын, Босния мен Тәжікстандағы болсын, Грузия
мен Молдовадағы болсын этностық, аумақтық негіздегі
үлкенді-кішілі соғыстардан байқалып отыр.
Әртүрлі деңгейдегі қақтығыстардан көрінетін ұлт-
аралық шиеленістер адамзат дамуының барлық кезең-
дері үшін тән құбылыс. Сондықтан социалистіктен
кейінгі дүниеден қазіргі жанжалды жағдайлардың
тұтануы белгілі бір өлшемде сөзсіз еді. Ол көптеген
568
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
халықтардың бір-бірін бөтенсу кезеңінен өтуіне байла-
нысты. Мен осы қақтығыстардың бұл айналымы біраз-
дан кейін тұрақтылықтың жаңа сапасына ұласатынына
– бір-бірінен іргесін аулақ салған елдер мен халықтар
оқшауланудың пайдасыз екенін түсініп, бірігу жолына
қайта оралатынына сенемін.
Өкінішке қарай, халықаралық қоғамдастық бүгінде
жергілікті бөлектенуді жеңе алмай отыр. Ол бір
сәтте өршіп, арты соғыстарға ұласатын проблемалар
тасқынын тоқтата алар емес. Біразы қазір сөнген, енді
біразы лаулап жатқан «ыстық» нүктелердің бәрінде
солай болған. Таулы Қарабақтың, Тәжікстанның,
Днестр маңының, Осетияның, Абхазияның және, ақыр
соңында, Шешенстанның қасіреті – соларды мекендеген
халықтардың ғана емес, сонымен бірге, біздің де ортақ
қасіретіміз. Таулы Қарабақта босқындар мен жер ауған-
дардың саны бүкіл Әзірбайжан халқының кем дегенде
10 %-ына жетіп отыр. Соғысқа дейін 5,6 млн халқы
бар Тәжікстан соғыс қимылдары кезінде 300 мыңнан
астам адамынан айрылды. Мұнда да босқындар мен
жер ауғандардың жалпы саны, кейбір бағалауларға
қарағанда, 1,5 млн-нан астам болған, олардың жартысы
еріксіз елден кеткен. Абхазиядағы жанжалдардың сал-
дарынан бірнеше мың адам қаза тауып, 150 мыңға таяуы
босқындарға айналды. Тек биылғы қаңтардағы деректер
бойынша Шешенстаннан қашып шыққан адамдардың
саны 130 мыңнан асып отыр, ал құрбандардың санын
айқындау әзірге қиын болып тұр.
Сірә, бүлдіргіш үдерістер бұдан бұрын ешқашан
ұлтаралық жанжалдарға дәл осылай байланысты бол-
маған шығар. Апатты этносаралық соғыстар Африкада
болып өтті. Жүздеген мың адам қаза тапқан Руандадағы
569
қақтығыстарды айтсақ та жеткілікті. Демократиясы
тұрақтанған жоғары дамыған елдерге де белгілі бір
шиеленістер тән, онда да шетін жайлар жетіп жатыр.
Бұл – Бельгиядағы Фламанд мәселесі, Ұлыбритания-
дағы – Ольстер, Франциядағы – Корсика, Испаниядағы
– Баскілер елі, Канададағы – Квебек проблемалары
және т. б.
Осының бәрі ұлт мәселесін шешудің әмбебап амалы
болмайтынын көрсетеді. Соңғы жылдардағы жанжалдар
мен ұлтаралық соғыстардың ащы тәжірибесі халықа-
ралық қоғамдастықтың осы саладағы мүмкіндіктері
шектеулі екенін айқын көрсетіп отыр. Өкінішке қарай,
біз тым нәзік әрі тұрақсыз әлемде өмір сүріп отыр-
мыз. Осынау айқын шындықты ескеріп, біз өз елімізде
жанжалдардың пайда болуына ешқандай жағдайда
жол бермеуге тиістіміз. Әйтпесе сырттан көрсетілетін
ешқандай көмектің де пайдасы болмайды. Сондықтан
осындай қайшылықтарды жоюдың тетіктерін өзіміз
талдап жасауымыз қажет.
Кезінде Д. И. Менделеев ғарышта Жердегі зұлым-
дыққа жауап беретін «әлемдік эфирдің» бар екенін
айтқан болатын. Сірә, ұлы ғалымның айтқаны дұрыс
болса керек. Өйткені ең ауыр табиғат апаттары кінәсіз
адамдардың қаны төгіліп жатқан мемлекеттерде болып
жатады.
Қазақстан тарихының тағылымдары
Бұрынғы КСРО-да жүргізіліп келген ұлттық саясатты
зерттеу мен ой елегінен өткізудің түбегейлі маңызы
барға ұқсайды. Егер бүгін таңда кеңестік заман келмеске
кетті және біз оны жеткілікті дәрежеде жақсы білеміз
570
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
деп қиялға берілсек, қатты қателескен болар едік. Біздің
тарихи түсініктеріміз, әсіресе, бұқаралық сана деңге-
йінде, объективті емес, үзік-үзік екенін, көптеген тұр-
пайы социологиялық сүзгілерден өткізілгенін мойын-
дауымыз керек. «Ақтаңдақтарға» тек қана қара бояу
жағудан бастап, күні кеше өткенді дәріптей көрсетуге
дейінгі тұжырымдардың ұшқарылығы осыдан. Жаңа-
рып жатқан қоғам үшін мұның екеуі бірдей қауіпті,
өйткені адамдардың наразылығын туғызғаннан басқа
ештеңе де бермейді, олардың жауапты шешімдер
қабылдауына бөгет жасайды, неше түрлі саяси сауда-
герліктің негізіне айналады. Оның үстіне, демократи-
ялық институттарды енгізудің өзі-ақ жағдайды түзеп,
ұлтаралық қатынастардың проблемаларын шешеді деп
есептеу қате болар еді.
Бұрынғы жүйенің басты тарихи қателігі неде?
Меніңше, ол бүтіндей бір халықтарды зорлап әкеліп,
оның үстіне пролетарлық интернационализм туы
астында тоталитарлық мемлекеттің тар аясына тоғытуда
жатыр. Ал іс жүзінде бұл ұлттық сана-сезім серіппесінің
сығылуына апарып соқты. Тарихтың тағы бір көрсет-
кені: қоғам дамудың капиталистік немесе социалистік
жолын таңдасын мейлі, ұлттық ой-сананы қорғау мен
дамыту институттарын орнықтырмайынша, мемлекет-
тік құрылыс сөзсіз жеңіліс табады.
Бүкіл кеңес тарихы халықтардың құқықтары сан
рет бұзылуымен және тікелей зұлмат фактілерімен
қоса өрбіді. Бұл – миллиондаған азамат қаза тапқан
1920–1930-шы жылдардағы ашаршылық. Қазақтар-
дың саны жартысына дейін кеміді, орыс және басқа
халықтар миллиондаған адал еңбеккерлерінен, білімді
де кәсіпқой адамдарынан айрылды. Көптеген ұлт-
571
тардың генофондына нұқсан келтірілді. Бұл – ұлттық
мәдениеттің, ғылымның, әдебиет пен қоғамдық ойдың
ең таңдаулы өкілдерін жаппай қуғынға салу мен ату
болды. Бұл – халықтарды жаппай күштеп көшіру мен
ұлттық құрылымдарды жою болды.
Ойластырылмаған экономикалық саясаттың және
«ғасыр жобаларын» жүзеге асырудың салдарынан
шын мәнінде елеулі экологиялық апат орын алды, ол
және Қазақстанның да бүкіл аумағын қамтыды. Әскери
ведомстволардың қызметі зор зардаптарға соқтырды.
Біз үшін бұл Семей полигонының проблемасына, Арал
теңізінің, Возрождение аралындағы биополигонның,
Батыс және Орталық Қазақстандағы полигондардың
қасіретіне айналды. Мұндай саясат табиғи түрдегі қар-
сылықты туғызды, кей жағдайда ол қоғамдық игілікті,
ұлттық құндылықтарды қорғауға бағытталған ашық бас
көтерулерге ұласты. Олардың түпкі мақсаты шынайы
ұлттық теңдікке жету болатын.
1980-ші жылдардың соңында елеулі дәрежеде шие-
леніскен ұлттық қатынастардағы қарама-қайшылықтар
ұзақ жылдар бойы халықтардың ой-санасын қанаудың
қорытындысы болды. Нақ осы сала қоғамдағы толғағы
жеткен проблемалардың бүкіл тереңдігін бейнелеген
аса сезімтал барометр қызметін атқарып, бірқатар
республикалардың тоталитарлық жүйеге ашықтан-
ашық қарсы шығуына себепші болды. Осы кезеңде
халықтардың ұлттық-мемлекеттік теңсіздігі супердер-
жаваның саяси ыдырауының басты себебіне айналды.
Ол халықтардың нақты мемлекеттік егемендікке қол
жеткізуге деген табиғи талабына төтеп бере алмады.
Біз болған оқиғалардан тағылым алуға тиіспіз. Ұлт-
тық саясатты жүргізе отырып, біз Қазақстан халқының
572
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
этностық құрамын және оны қалыптастырудың оңайға
түсе қоймаған үдерісін ескеруіміз керек. Сарапшылар-
дың бағалауы бойынша, шаруалық отарлау барысында
революцияға дейінгі кезеңде Қазақстанға Ресейден,
Украинадан, Белоруссиядан 1 млн 150 мың адам келсе
керек. Ұжымдастыру кезінде КСРО-ның орталық аудан-
дарынан Қазақстанға 250 мың тәркіленген шаруалар
жер аударылды. Соғыс алдындағы жылдарда өнеркәсіп
құрылысы үшін елдің барлық түкпірлерінен, негізінен
еуропалық бөлігінен 1,2 млн адам көшірілді.
Әр жылдарда Қазақстанға 800 мыңға таяу немістер,
18,5 мың корейлердің отбасы, 102 мың поляк, Сол-
түстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілі зорлықпен
көшірілді. Қырым татарлары, түріктер, гректер, қал-
мақтар мен басқа да халықтардың өкілдері мұнда өз
еріктерімен келген жоқ болатын.
Халықтарды күштеп қоныстандырудан республика
халқы 1,5 млн адамға көбейді. Соғыс кезінде Қазақстанға
350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 млн адам келді,
ал жабық әскери объектілер тағы да 150 мың адамды
қабылдады. Әрі мұның бәрі басқа ведомстволардың
жұмыс күшін «ұйымдастырып жасақтауын» және біздің
республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептеме-
геннің өзінде осылай болды.
Қорытындысында ғасырдың басынан бері ғана
Қазақстанға 5,6 млн адам қоныс аударды, соның ішінде
жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде,
3,5 млн адам соңғы 40–50 жыл ішінде келді.
Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты
ұжымдастырудың қасіретті салдарынан 1,5 млн-ға таяу
қазақ қаза тапты. 1930–1932 жылдары 1,3 млн қазақ
КСРО-дан шеткеріге біржола көшіп кетті. Қазақстан
573
халықтары үшін қуғын-сүргін саясатының жойқын
сипатын көрсететін екі деректі келтірейін. 1930 жылы
республикада 5 млн 873 мың адам тұратын – бұл осында
көшірілген адамдар санына шамалас еді. Ал 1933 жылға
қарай халықтың саны 2 млн 493 мың адамға дейін кеміп
кетті.
XX ғасырдың қазақтарды өз Отанында азшылыққа
айналдырған қайғылы оқиғалар ғасыры болғаны үшін
қазақтардың еш кінәсі жоқ. Сондықтан бүгінде осы
халықтың мемлекеттілікке ие болу құқығына күмән
келтірушілер оның қайғы-қасіретінің қаншалықты
терең екенін білмейді немесе білгісі келмейді. Қазақ
ұлты басқа қай ұлтпен салыстырғанда да мемлекет-
тілікке лайық екеніне сенімдімін. Бұған ол өзінің бүкіл
тарихындағы азабымен жетіп отыр.
Біздің республикамызға өз еркінен тыс келгендер
де кінәлі емес. Сондықтан қазіргі көшіп-қонудың
себебі экономикалық проблемаларда ғана емес,
сонымен бірге, күштеп көшірілген орыстардың, укра-
индардың, белорустардың, немістердің және басқа
халықтардың ұрпақтары өздерінің тарихи отанына
оралып, ұлттық мемлекеттігінің құрылысына қатысуға
ынта білдіруінде.
Осындай бірегей сан ұлттығы бар (әрі оның негізінде
көптеген халықтардың қасіреті жатыр) Қазақстан ТМД
елдеріндегі бірін бірі қырып жатқан біздің жақын көр-
шілеріміздің қайғылы тағдырын қайталаған жоқ. Біз
мемлекетіміздегі татулық пен ұлтаралық тұрақтылықты
одан әрі де сақтай алатынымызға мен кәміл сенімдімін.
Бұл сенім неге негізделіп отыр?
Ұлттық мәселені шешудің үш жолы бар деп есеп-
теймін.
574
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
Біріншісі – кейбір елдер ұлты басқа халықты «мү-
йіздеу» саясатын жүргізеді, ал бұл қоныс аударып кел-
гендерді туысқандықпен қарсы алатын қазақ халқына
ешқашан тән болған емес. Бір халықтың екінші халыққа
кінә артуы еш мағынасыз және арты қауіпті екенін сіз-
дерге түсіндіріп жатудың қажеті болмас деймін, тайта-
лас жолы орасан зор сілкіністерге және сан мыңдаған
адам құрбандығына соқтырады.
Екіншісі – ұлттық мәселеге мүлдем мән бермеу,
сөйтіп, бұл проблемалар өзінен өзі шешіледі деп сену.
Бірақ бұл да жол емес.
Біз үшін өзіміз жүріп келе жатқан, көп еңбекті және
тынымсыз жұмысты талап ететін, бірақ ең сенімді
жол қалады. Бұл – түйісу нүктелерін іздеу, халықтар
арасындағы келісім мен сенім аймақтарын кеңейту.
Келісім саясаты мен парасатты ұлттық стратегиясыз біз
ешқандай міндеттерді шеше алмаймыз.
Біздің басты бағытымыз мәмілеге келу мен бірік-
тіруші бастауларды нығайту арқылы барлық ұлттық
топтардың дамуына негізделуі тиіс. Ал біздің қоғамды
біріктіретін тетіктердің бірі – Қазақстан халықтары
Ассамблеясы болуы керек.
Мен, еліміздің Президенті ретінде, қоғамдық
тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтама-
сыз етуді өзімнің негізгі міндетім деп санаймын. Ол
аспаннан өзі келіп түспейді, тек қарқынды жұмыс
арқылы ғана келеді. Мені де, сірә, сіздерді сияқты,
кейбір жауапсыз саясатшысымақтардың экономи-
калық қиындықтарды пайдаланып, қоғамды бөлуге
ашықтан-ашық шақыратыны қынжылтады. Кей-
біреуі тіпті тұрақтылық пен келісім Назарбаевтың
өзіне ғана керек деп көпіреді. Иә, мен біздің жеріміз-
575
дегі татулық пен тыныштық жағындамын. Және ең
алдымен мұның миллиондаған қазақстандық отба-
сыларына керек екенін білемін. Мен қайғыдан шашы
ағарған аналардың мырыш табыттағы балаларын
жоқтап аңырамағанын, ал балалардың мүгедек бол-
мағанын, қарт адамдардың күйреген үйлерінің алдында
отырып жыламағанын қалаймын. Талайды көрген
адам ретінде маған сеніңіздер, билікке ұмтылған саяси
сұрқиялардың жауапсыз мәлімдемелерінен қан төгіліп,
былық басталады. Ал оларды адамның көз жасы да, не
құрбандықтар да тоқтата алмайды. Жұртшылықтың
да оларға үзілді-кесілді баға беретін кезі жетті. Мен
Ассамблея мүшелеріне, республикамыздың барлық
парасатты азаматтарына, ақыр-соңында, қоғамды ұлт-
аралық жанжалдарға саналы түрде итеріп жүрген
адамдар туралы пікірлерін ашық айтуға шақырамын.
Қолына қару алып, туысқанның – туысқанға, көршінің
– көршіге қарсы шығып жүргені үшін халықтар емес,
нақ осындай «қайраткерлер» кінәлі.
Біз әрқашанда сақ болып, алуан түрлі саяси
жымысқы әрекеттер ұлтаралық қана емес, сонымен
қатар, ұлтішілік жанжалдарды туғызатын нақты
қауіптің бар екенін ешқашан ұмытпауымыз керек.
Өйткені қазіргі қасіреттердің көп жағдайда ұлттардың
өз ішіндегі бөлінуіне тікелей байланысты болатынын
көріп жүрміз.
Бұл халықтың бірұлттық құрамы барлық қырсықтың
емі бола алмайтынын көрсетеді. Түрлі кландардың,
өңірлік топтардың арасындағы күрес кейбір ұлттардың
өзін өзі жойып жатқан соғыстарға ұласып отыр. Бай-
қаушылардың көзқарасы бойынша, бұл қазір Ауған-
станда, Тәжікстанда және басқа кейбір елдерде болып
576
II ТОМ. 1991–––––
–
1995
жатыр. Біздің халқымызды әлдебір белгілері бойынша
бөлгісі келетіндерге айтарым: бүкіл халық сайлаған
Президент ретінде мұндай әрекеттерге батыл да сенімді
түрде тойтарыс беретін боламын.
Біз тұрмыстағы ұлтшылдықтың, шенеуніктік мейі-
рімсіздіктің, бұқаралық ақпарат құралдарындағы
ойланбай істелген жарияланымдардың көріністерін
назардан тыс қалдырмауға тиіспіз. Бұл да жеке-дара
құбылыстар болып көрінетін де шығар, бірақ ауыр
зардаптарға апарып соқтыруы мүмкін.
Өзіміздің күнделікті жұмысымызда сүйенуге тиісті
тарихтың оң тағылымдарының даусыз артықшылығын
атап көрсеткім келеді. Мен өткенді беталды қаралаудың
келешегі жоқ екенін бұдан бұрын да айтқан болатын-
мын. Тоталитарлық режімнің біздің халықтарымызға
орны толмас зиян шектіргеніне қарамастан, тіпті сол
жылдардың өзінде экономиканың дамуы, мәдениеттің,
ғылым мен білімнің бірін бірі байыту үдерісі жүріп
жатты. Халықтарымыздың Ұлы Отан соғысы жылда-
рында өздерінің бостандығы мен тәуелсіздігін бірлесіп
сақтап қалғанын, қираған шаруашылықты тез қалпына
келтіргенін, ғарышқа шыққанын біз әрқашан есте ұста-
уымыз керек. Қазақ ғылымы мен мәдениетінің көптеген
көрнекті өкілдері Ресейде, Украинада, Өзбекстанда, Бал-
тық маңында білім алды. Сондай-ақ адамдар сталиндік
жаппай жер аудару жылдарында қазақ халқы қуғынға
түскен орыстарға, украиндарға, немістерге, корейлерге,
шешендерге және басқа да көптеген халықтардың өкіл-
деріне қолдан келген көмегін аямағанын ұмытпайды
деп сенемін.
Біз биыл 50 жылдығын атап өткелі отырған фашизмді
талқандаған Жеңіс елін сақтап, өздерінің бостандық пен
577
адами ар-ождан құқығын қорғап қалған халықтардың
жанқиярлығы мен ерлігінің аса жарқын көрінісі болды.
ТМД Мемлекет басшыларының соңғы кеңесінде
осы даңқты датаны бірлесіп мерекелеу туралы, соның
ішінде соғыс ардагерлерін – Достастық азаматтарын
Г. К. Жуков орденімен және медалімен марапаттау
туралы шешім қабылданды.
Мен ардагерлердің шайқас өткен орындарға, қару-
ластарымен кездесуге тегін барып-қайтуын қамтамасыз
ету жөнінде үкіметтерге ұсыныс енгіздім.
Сондай-ақ ТМД-ға мүше елдердің ардагерлер
ұйымдары өкілдерінің бір тобын 1995 жылғы 9 мамырда
екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан
жауынгерлерімізге құрмет көрсету үшін Германия
Федеративтік Республикасына жіберу ұсынылды.
Достастық мемлекеттері басшыларының кеңесі бұл
ойларды қолдады. Ортақ жеңісті бөле-жармай, арда-
герлерге толайым құрмет көрсетуді дұрыс әрі әділетті
деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |