Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

Қазақстан Республикасы  

Президентінің өкілеттігін 2000 жылға дейін 

ұзарту жөніндегі республикалық референдумның 

қорытындысы бойынша отандастарға

ҮНДЕУІ

Алматы қаласы, 

1995 жылғы 30 сәуір

Құрметті отандастар!

Республика референдумы Орталық комиссиясының 

алдын ала деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың басым 

көпшілігі дауыс беруге қатысып, біздің Қазақстан жерінде 

өз азаматтарымыздың түбегейлі мүдделерін басшылыққа 

алатын күшті, өсіп-өркендеген, тәуелсіз, демократиялы 

және еркін мемлекет құруды өзінің стратегиялық мақсаты 

етіп алған саясатымызға қолдау білдірді.

Әрбір  саясаткер  үшін  оның  өмірінің  «шырқау 

сәті» болады. Мен үшін 29 сәуір сондай күн болды. 



594

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Өздерінің  сарабдал  таңдауы  және  қажетсіз  дүрбе-

лең мен ауыр күйзелістерге тойтарыс беруі арқылы 

біздің ортақ Отанымызға таяудағы бес жыл ішінде 

тұрақтылық  пен  жасампаздықтың  мүмкіндігін 

туғызған миллиондаған қазақстандықтарға өзімнің 

шынайы  алғысымды  білдіргім  келеді.  Сіздердің 

сенімдеріңіз – мен үшін үлкен марапат және де мем-

лекет басшысы үшін одан жоғары ештеңе де болуы 

мүмкін  емес.  Әсіресе,  белгілі  себептер  бойынша 

Қазақстанды  ғана  емес,  сонымен  бірге,  ТМД-ның 

басқа да елдерін қамтыған дағдарыстың біз өткізіп 

отырған қиын кезеңінде мені қолдағандарыңыз өте 

маңызды.  Халық  өзінің  даналығына  сай  өткінші, 

уақытша олқылықтардан туындайтын себептерден 

биік бола білді.

Референдум алдында сіздерге сөзімді арнай келіп, 

мен қиындықтарды жасырмайтынымды және алдағы 

уақытта да жасыратын ниетім жоқ екенін айтқанмын. 

Біздің  алдымызда  әлі  де  саяси,  экономикалық  және 

әлеуметтік реформаларды жүзеге асырумен, реттілік 

пен тәртіпті орнатумен байланысты орасан зор жұмыс 

тұр.  Міне,  нақ  сондықтан  да  осынау  шешуші  қадам 

–  бүкілхалықтық  референдум  жүргізілді.  Ол  біздің 

мемлекетіміздің заңдарына толық сәйкес өткізілді және 

біздің ортақ жеңісіміз болды.

Біздің екпін алып жатуға уақытымыз жоқ. Мерзімді 

ұзарту жөніндегі референдум дегеніміз – артта қалуды 

жою мақсатындағы үдемелі қарқыннан басқа ештеңе 

емес. Бұл – әдеттен тыс, бірақ өзгерістерге жаңа серпін 

беретін,  әбден  қолдануға  тұратын  шара.  Сондықтан 

одан кейбіреулердің секем алғаны да рас. Бірақ соның 


595

өзі осындай шараның қажеттілігін тағы да айқындап 

берді.

Диктатура туралы көпірме сөздер мүлдем негізсіз 



және жауапкершіліксіз. Оның кеспірімен бізді қорқы-

тудың  қажеті  жоқ.  Біз  азаматтардың  экономикалық 

бостандығын жүзеге асыру үшін мейлінше қолайлы 

жағдай туғызатын толық ырықтандыру бағытымен нық 

ілгерілеп келеміз. Осы жылдың өзінде-ақ парламент 

сайлауы өтеді. Демократиялық өзгерістер жолынан біз 

таймақ емеспіз. Бұл – біздің саналы таңдауымыз. Оның 

үстіне демократия әлі біздің есігімізден сығалап қана 

тұрғанын ұмытпағанымыз жөн.

Саясаткерлердің  сайлаушылар  еркін  білдіргенге 

дейінгі және одан кейінгі іс-қимылы мен мәлімдемелері 

көбіне-көп алшақ түсіп жатады. Мен олай істемеймін 

–  сіздер  мені  білесіздер.  Референдумға  дейін  айтқа-

нымдай, мен үшін ең негізгі құндылықтар – ұлтаралық 

татулық, интеграция, республиканың тәуелсіздігі мен 

реформалар екенін растаймын. Ешкімнің де Қазақстан-

дағы  ұлтаралық  келісімнің  іргесін  шайқауына  жол 

бермеймін.

Өзіміздің жаңа тарихымызда біз шын мәнінде тек 

алғашқы қадамдар жасап жатырмыз. Біздің үйімізде 

соғыс оты тұтанбауы үшін, Қазақстанның тәуелсіздігін 

сақтап,  нығайту  үшін  мен  өзіме  байланысты  бола-

тынның бәрін жасауға уәде беремін. ТМД елдерімен, 

әсіресе, Ресеймен және Орталық Азия мемлекеттерімен 

ғасырлар бойғы байланыстарымыз нығая беруі үшін 

бәрін де істеймін. Осы бағыттағы менің күш-жігерімді 

сіздер белсене қолдайды деп үміттенемін. Бұл біздің 

барлық азаматтарымыздың мүдделеріне сай келетініне 

сенімдімін.


596

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Мен үшін, Қазақстан Республикасының тұңғыш және 

бүкіл халық болып сайлаған Президенті үшін, мемле-

кеттің тәуелсіздігі – абстрактілі нышан емес, қайта нақты 

әрі аса ұлы тарихи жетістік. Еліміздің егемендігі мен 

аумақтық тұтас-тығына кез келген қол сұғушылыққа 

батыл түрде тойтарыс берілетін болады.

Менің мақсаттарым барынша айқын да ашық және, 

референдум  көрсеткеніндей,  оны  халық  қолдайды. 

Ғажайыптар арманшыл адамдардың қиялында және 

саяси  көпірмелердің  тілінде  ғана  өмір  сүреді,  ал 

қалыпты  өмірде  олай  болмайды.  Бүгінгі  таңда  елді 

өзіміз бастан өткізіп жатқан экономикалық дағдарыстан 

шығарудан асқан биік міндет жоқ.

Мен  кереметтерге  уәде  беріп,  халықты  алдаған 

емеспін. Сондықтан мен кез келген үкіметті экономи-

кадағы  және  әлеуметтік  саладағы  нақты  нәтижелер 

бойынша қолдап, бағалайтын боламын. Маңдай терін 

төгіп еңбек етуге әзір адамдар таяудағы жылдар ішінде 

жақсы тұрмысқа жетеді, ал жалқаулар үшін жеңіл өмір 

болмақ  емес.  Өйткені  еңбекпен  жасалғаннан  артық 

тұтына  алмайсың.  Сонымен  бірге,  зейнеткерлерге, 

мүгедектерге және көпбалалы отбасыларына мемлекет 

бұрынғыдан да нақты көмектесіп, ықтимал ресурстар-

дың бәрін соған бағыттайтын болады.

Сіздердің  сенімдеріңіз  реформаларды  тереңдету, 

өндірісті жандандыру мен өрге бастыру жөніндегі шара-

ларға нақты көңіл бөлуімізге мүмкіндік беретінін тағы 

да қайталап айтамын. Ал бұл, сайып келгенде, тұрмыс 

деңгейін арттыруға, бәріміз үшін соншама ауыр болған 

кезеңнің зардаптарын тезірек жоюға бастайды.

Мемлекет тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, қылмыс- 

керлік пен жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізу 



597

жөніндегі күш-жігерін әлсіретпейтінін мәлімдеймін, 

ал  бұл  –  демократиялық  үдерістердің  орнығуы  мен 

тереңдеуі үшін қажетті шарт.

Референдум қорытындылары біздің көпұлтты халқы-

мыздың тығыз топтасқандығын көрсетеді. Сондықтан 

мен өзіміздің ұйымшыл халқымыздың өкілі екенімді 

мақтан етемін.

Маған  қолдау  білдірген  Өзбекстанның,  Ресейдің, 

Украинаның, Қырғызстанның және басқа да елдердің 

мемлекет  басшыларына,  сондай-ақ  Қазақстанмен 

шекаралас Ресей облыстарының басшыларына риза-

шылығымды білдіремін.

Маған қарсы дауыс берген отандастарымның қала-

уына да құрметпен қараймын. Сонысы арқылы олар 

өздерінің  конституциялық  құқықтарын  жүзеге  асы-

рып, референдумның демократиялық сипатын жеке 

өнегелерімен растады. Таяудағы болашақта олардың өз 

пікірлерін өзгертулеріне толық негіз болуы үшін мен 

қолдан келгеннің бәрін істеуге ұмтыламын.

Білдірген сенімдері үшін барлық қазақстандықтарға 

тағы да алғыс айтамын. 



598

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына 

арналған салтанатты жиналыста

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1995 жылғы 9 мамыр

Құрметті отандастар! 

Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері!

Бүгін  Қазақстанның,  Достастық  мемлекеттерінің, 

бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың жеріне аяқ басқан 

орасан зор әрі нұрлы мереке күні. Біз Ұлы Отан соғы-

сындағы Жеңістің 50 жылдығын ерекше көтеріңкі және 

салтанатты жағдайда атап өтіп жатырмыз.

Ұзаққа созылған төрт жыл бойы ғаламат күш-қайрат 

көрсеткен және сұрапыл шығындарға ұшыраған біздің 

еліміз фашистік Германияның қуатты әскери маши-

насына төтеп берді. Төрт жыл бойы қорғасын нөсері 



599

Отан қорғаушылардың қатарын селдіреткені, ал мұның 

өзі қалалар мен ауыл-селоларға «қаралы қағаз» болып 

жетіп,  жесірлердің  көз  жасын  көлдеткені  де  кешегі 

ақиқат. Төрт жыл бойы өз басының қамын ойламаған 

тылдағы еңбеккерлер майданға әскери өнімдерді эше-

лондап жіберіп жатты. «Біз фашизмнің омыртқасын 

опырамыз!» – деп ант берді жауынгерлер 1941 жылы. 

«Фашистік  жыртқышты  өз  інінде  құртамыз!»  –  деді 

олар 1945 жылы. Сөйтіп, олар өз сертінен шықты да, 

дәл осындай мамырдың жаймашуақ күнінде мерекелі 

отшашу  адамзат тарихындағы ең сұрапыл  соғыстың 

жеңіспен аяқталғаны туралы әлемге паш етті.

Жеңімпаз  жауынгерлер,  тыл  еңбеккерлері,  біздің 

әрқайсымыздың  жадымызда,  барлық  отандастары- 

мыздың жан дүниесінде терең із қалдырған осы ұлы 

күнге байланысты жүректен шыққан ең шынайы құт-

тықтауымды қабыл алыңыздар!

Біз осы залда майдангерлердің дидарын, жауынгер-

лік және еңбек наградаларының жарқылы мен шұғы-

ласын толқу үстінде көріп, сіздермен бірге орасан зор 

бақыт пен тебіреніс сезімінде отырмыз. Сіздер ұрыс- 

тарда көптеген майдангер достарыңыздан айырылып, 

соғыстың  тар  жол,  тайғақ  кешуінен  ақырына  дейін 

жүріп өттіңіздер. Сіздердің жарақаттарыңыз әлі күнге 

дейін сырқырап, жандарыңызға батады, «соғыс» деген 

сөзден жүректеріңіз сыздап қоя береді. Сіздердің мәңгі 

жасайтын ерліктеріңіздің алдында басымызды иеміз! 

Бүгін біз ұрыс майдандарында шейіт болған қаһарман-

дарды, соғысқа қатысқан, бірақ осы даңқты мерейтойға 

жете алмаған ардагерлерді есімізге аламыз. Біз олардың 

ерік-жігерінің, қаһармандығы мен ерліктерінің атынан 



600

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


олар өз өмірлерін бағыштаған мұраттарды әрқашан 

да қорғаймыз деп ант етеміз. Нақтыланған деректер 

бойынша, өткен соғыста 26 млн 600 мың кеңес адамы 

қаза болған. Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам майданға 

аттанса, олардың жартысынан астамы қайтып оралған 

жоқ. Олар ең қастерлісін – өз өмірлерін – болашақ үшін, 

Отан үшін қиды. Сол боздақтардың асыл бейнелерін бір 

минут үнсіздікпен еске түсіруді ұсынамын.

Тірі қалғандар да Отан алдындағы өз борыштарын 

адал және толық атқарып келді. Қараңыздаршы, бүгінгі 

салтанатқа майдангерлердің қандай шоқжұлдызы қаты-

сып отырғанын! Мұнда Кеңес Одағының Батырлары, 

«Даңқ»  орденінің  толық  иелері,  Социалистік  Еңбек 

Ерлері,  Қызыл  алаңдағы  Жеңіс  шеруіне  қатысушы-

лар бар. Осы залдағы әрбір майдангердің кеудесінде  

орта есеппен оннан астам жауынгерлік награда жарқы-

райды.

Сіздердің самайларыңызды күміс қырау шалғалы 



қашан.  Бірақ  жастарыңызға  және  ескі  жарақатта-

рыңызға қарамастан, сіздердің барлықтарыңыз үлкен 

қоғамдық жұмыстарды атқара жүріп, бізге жастарды 

тәрбиелеуде  баға  жетпес  көмек  көрсетіп  отырғанда-

рыңыз қандай ғанибет. Табысты еңбек жолын әлі де 

жалғастырып жатқан қарияларға алғысымыз ерекше.

Қымбатты майдангерлер мен тыл еңбеккерлері, сіз-

дердің барлықтарыңызға денсаулық пен бақыт тілейміз!



Қазақстан шайқас майдандарында

Қазақстанға  Ұлы  Отан  соғысы  майданының  отты 

шарпуы тиген жоқ, соған қарамастан, соғыстың барлық 

кезеңдерінде болған оқиғалар республикамен мейлінше 

тығыз  қабысып  жатты.  Қас  дұшпанды  талқандауға 


601

біздің миллиондаған отандасымыз өздерінің жауын-

герлік және еңбек үлесін қосты.

Қазақстандықтар соғыстың алғашқы сағаттарында 

– 1941 жылғы 22 маусымның елең-алаңында-ақ ерлік-

тің өнегесін көрсетті. Гитлершілер әскерлерінің Кеңес 

Одағына алғашқы сұрапыл соққысы Брест қамалына 

шүйілгені, ал оны қорғаушылар арасында біздің жер-

лестеріміз де болғаны белгілі.

Шүйіле соқтыққан ұшақтардың зәрені ұшыратын 

ащы үні, фугас бомбалары мен миналардың үздіксіз 

жарылуы, пулеметтің толассыз оқ нөсері, фашистердің 

жаяу әскерлері мен техникасының бітпейтін шабуылы, 

ұйқысыз әрі нәр татпастан өткізген ұзақ сағаттар мен 

күндер – осының бірде-біреуі Брест батырларын мойыта 

алған жоқ. Қазақстандық ерлер К. Семинченко, Р. Хаби-

буллин, И. Ледовских, А. Байжігітов, Ғ. Жұматов, В. Фур-

совтың көрсеткен ерлігі мен теңдесі жоқ табандылығы 

олардың әскери достарының мәңгі есінде, олар туралы 

талай әдеби шығармалар дүниеге келгені де белгілі.

Сол күндерде біздің Отанымызда жерлестеріміздің 

ерлігі аңызға айналып жататын. Олардың есімдері ауыз- 

дан түспейтін. Жүздеген мың қазақстандықтар өздерін 

майданға жіберуді талап етіп, әскери комиссариаттар-

дың алдын босатпайтын.

Сол кезде республика бүкіл елдің әскерге шақыру 

орталығына айналды десек, артық айтқандық болмас. 

Қазақстанда ондаған дивизиялар мен бригадалар, жеке-

леген жасақтар құрылғаны белгілі. Олар барлық май-

дандарда шайқасып, жеңілістің ащы дәмін де, жеңістің 

қуанышын да татты.

Әскери  даңққа  бөленген  8-ші,  27-ші,  73-ші  гвар-

диялық, 151-ші, 387-ші атқыштар дивизиялары, 100-


602

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ші  атқыштар  бригадасы  деген  атаулар  астарында  

ардагерлер  үшін  қаншама  сырлар  жатқанын  да 

білемін...

Әрине, 28 гвардиялық-панфиловшылардың аңызға 

айналған ерлігінің жөні мүлдем бөлек. Олардың ерлігі 

туралы көп айтылды да, жазылды да, сондықтан мен 

бұған өзгеше жаңалық қоса қоймаспын. Дегенмен мына 

бір сәтті атап өткім келеді.

Бүкіл дүниеге тарап кеткен «Ресей кең байтақ, бірақ 

шегінетін  жер  жоқ:  артымызда  Мәскеу!»  деген  сөзді 

айтқан біздің жерлесіміз Василий Клочков болатын. 

Бірақ жұрттың бәрі, әсіресе, жастар, саяси жетекшінің 

әскери адам болмағанын біле бере ме екен? Соғысқа 

дейін ол Алматыдағы қоғамдық тамақтандыру орнында 

жұмыс істеген. Бұдан мен сіздердің майдангер ұрпақтың 

феноменін көремін. Ұжымшаршылар, жұмысшылар, 

есепшілер, журналистер – сан алуан бейбіт мамандық 

иелері – ержүрек те табанды жауынгерге айналып, адам 

рухы ұлылығының, әскери талант пен жауынгерлік ерлік-

тің жарқын үлгісін көрсетті. Мұны түсіндіру әрі оңай, әрі 

қиын: олар жеңілместей көрінген жауға қарсы Отанға  

деген сүйіспеншіліктерін, ол үшін өмір сүруге және 

қасық  қаны  қалғанша  шайқасуға  әзір  екендіктерін 

көрсете білді.

Ал біздің әйелдер майданда қандай қиындықтарға 

төтеп берді десеңізші! Олар сол кезде кез келген батыр-

дың белін қайыстыратын ауыртпалықтарды көтергеніне 

қазір  сенудің  өзі  қиын.  Әйелдер  өздеріне  ешқандай 

жеңілдікті талап етпестен, жауынгерлермен бір сапта 

тұрды. Керек десеңіз, дәл солардың бірге болуы жауын-

герлерді  рухтандырып,  оларға  сарқылмас  күш-қуат 

беріп отырды. Сол ержүрек әйелдердің көпшілігі қазір 



603

біздің  арамызда.  Мен  оларға  өзімнің  ерекше  ыстық 

сәлемім мен ең ізгі тілектерімді арнаймын.

Біз  тек  майданда  ғана  емес,  сонымен  қатар,  жау 

тылында да ерлікпен соғысқандарды ризашылықпен 

еске аламыз. Біздің 3 мыңнан астам жерлесіміз Ресейде, 

Украинада,  Белоруссияда,  Югославияда,  басқа  да 

елдерде  партизан  жасақтарында  болып,  Қарсыласу 

қозғалысының сапында ерлікпен шайқасты.

Біздің жастарымыз Отанға адалдық пен оны қорғау- 

ға әзір болу өнегесін бабалары мен аталарынан алса 

игі.  Мен,  қымбатты  ардагерлер,  біздің  жас  Қарулы 

Күштеріміздің  жауынгерлері  сіздердің  лайықты 

ізбасарларыңыз  болуын,  неміс  басқыншыларымен 

шайқаста өздерін өшпес даңққа бөлеген батырлары-

мыздың есімдерін біліп өскенін қалар едім. Олар үшін 

аты аңызға айналған адамдар – екі мәрте Кеңес Одағы-

ның Батырлары Т. Бигелдинов, Л. Беда, С. Луганский, 

И. Павлов және Кеңес Одағының Батырлары Н. Әбдіров, 

М. Мәметова, Ә. Молдағұлова, И. Я. Съянов, А. Сухам-

баев, Б. Момышұлы және басқа да көптеген ерлер тек 

тарихи бейне ғана емес, ерліктің жанды үлгісі болсын. 

Олар антқа адалдықты жуырда республиканың жоғары 

айырым белгілері – «Халық Қаһарманы» атағына ие 

болған және «Алтын Жұлдыз» белгісін алған қазір көзі 

тірі әрі осы залда отырған жауынгерлер Қ. Қайсеновтен, 

А. Кулаковтан, М. Тайыповтан және басқа да соғысқа 

қатысқан қазақстандықтардан үйренсін.

Бізде басылып шыққан Қазақстанның Зерде кітабы –  

майдангерлерге, соғысқа қатысушыларға деген өз құр-

метімізді сақтайтындығымыздың жарқын дәлелі. Онда 

жинақталған құжаттарды оқып отырғанда өзіңе біздің 

жерлестеріміздің сүйектері қай қалалар мен елді мекен-


604

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дерде,  көбінесе  сайын  далаларда  қалмады  десеңізші 

дейтін ой келеді. Сталинград пен Псков, Харьков пен 

Мәскеу  маңы,  Балтық  маңы  мен  Польша,  Словакия 

мен  Югославия,  Германия  мен  Франция...  Иә,  соғыс 

гитлершіл танктері шынжыр табандарымен Қазақстан 

жерімен өткен жоқ, бірақ мұнда да бұл соғыс қайғылы 

іздерін қалдырмаған қаланы, қыстақты немесе ауылды 

таба алмайсыз.



Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!

Сол сұрапыл жылдарда тылда болған жағдайды біз 

ұмытпауымыз  керек.  Қазақстаннан  талай  мыңдаған 

жұмысшылар мен шаруалар майданға кетті. Олардың 

орнына нағыз қиын-қыстау, ұйқысыз-күлкісіз, ас-сусыз 

еңбек вахтасына әйелдер мен балалар, мүгедектер мен 

зейнеткерлер тұрды. Кейіннен оларға елдің жау басып 

алған жерлерінен қоныс аударғандар келіп қосылды. 

Көшірілген кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Бірақ 

олардың өздеріңде де кадр тапшылығы өткір тұрды. 

Оның үстіне ауылда мүлдем қиын жағдай қалыптас- 

ты:  әр  үйдің  атқамінері  майданда  болатын.  Техника 

да, сенімді серік – жылқы да болған жоқ. Алайда сол 

жылдардың шежіресімен танысып, оларды өз естелік-

теріңмен  салыстырып  көрсең,  небір  талай  ғажайып 

жайларға көз жеткізесің!

Ол кезде адамдар 12–14 сағаттан жұмыс істейтін. «Бір 

минут ішінде соғысқа дейінгі бір сағаттық жұмысыңды 

істеуге тиістісің!» деген ұран болды және ол бұлжытпай 

орындалатын.  Әрине,  тәртіп  те  қатал  болды,  еріксіз 

жұмыс  істету  де  болатын.  Бірақ  адамдар  ешқандай 

қысымсыз-ақ ұйымшылдықтың асқан үлгісін көрсетті.



605

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның түсті металлур-

гия саласында ондаған рудниктер, шахталар мен байыту 

фабрикалары, Өскемен және Текелі қорғасын-мырыш 

комбинаттарының бірінші кезектері ашылды. Содан 

кейін  Ақтөбе  ферроқорытпа  зауыты,  Теміртаудағы 

металлургия зауыты, Гурьев мұнай өңдеу зауыты іске 

қосылды.  Кенді  Алтайдың  өнімдері,  Шымкент  пен 

Лениногор  қорғасыны,  Балқаш  мысы,  Ақтөбе  фер-

роқорытпалары  мен  хромиттері,  Қарағанды  көмірі, 

Ембі мұнайы – бәрі-бәрі майдан қажеті үшін тоқтау- 

сыз жөнелтіліп жатты.

Енді ауылшаруашылық өндірісінен мысал келтірейін. 

Қазақстанда жұмыс қолының жетіспеушілігі аса қиын 

болып тұрған қаһарлы 1941 жылы соғыс алдындағы 1940 

жылғыдан 1 млн гектардан астам артық егіс алаңынан 

астық  жиналды.  Бұған  республика  соғыс  жылдары 

мемлекетке 5 млн тоннаға жуық тауарлы астық, 200 мың 

тоннадан астам картоп, 2 млн тоннаға жуық қант қызыл-

шасын, басқа да көптеген аса маңызды өнімдер бергенін 

қоса кетейін. Егер тағы да соғыс кезіндегі және бүгінгі 

әлеуетті салыстырсақ, сондай-ақ адамдардың іс жүзінде 

тыңды игергенін ескерсек, тіпті бұл қалай мүмкін болды 

деп таңданғаннан басқа амалың қалмайды. Бірақ осы-

ның бәрі нақты деректер ғой!

Қазақстандықтар сол жылдары бастан кешкен оқиға-

лардың аса зор адамгершілік астары да бар. Республика 

баспаналары өртеніп немесе қиратылып, туған ошағы-

ның күлінен аулақ жерден баспана іздеуге мәжбүр болып 

Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, басқа да респу-

бликалардан келген миллиондаған адамдардың туған 

үйіне айналды. Сұрапыл соғыс жылдарындағы өздерін 

қазақ халқы қалай қарсы алып, шын жүректен қонақжай-


606

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


лылық көрсеткенін, онымен де қоймай, босқындармен өз 

баспанасын да, қолындағы нанын да бөліскенін олардың 

ұмытпағанына мен талай рет көз жеткіздім.

Әсіресе,  көшірілген  балаларға  деген  қамқорлық 

ерекше жан тебірентерлік еді. Тек соғыстың алғашқы 

жылында ғана көптеген қазақ отбасылары 1,5 мыңнан 

астам  жетімді  бауырына  басты.  Олардың  көпшілігі 

қазір – біздің отандастарымыз, бізбен бірге еңбек етіп, 

өздерінің Отанына айналған Қазақстанның ертеңін де 

бізбен бірге құрып жатыр.

Тарих  шындығы  Қазақстанға  күштеп  жер  ауда-

рылған  халықтардың  өкілдері  туралы  да,  айдалып 

келгендер  мен  еңбек  армиясында  болғандар  туралы 

да айтуды талап етеді. Аса ауыр қиындықтарға қара-

мастан, Қазақстан тұрғындарының мейірбандығы мен 

меймандостығы арқасында олар осында тамыр жайып, 

өздерінің ерен еңбегі арқылы жеңіске көп үлес қосты.

Ұлы Отан соғысы жылдары одақтас республикалар-

дың ғылым мен мәдениет саласындағы айрықша жемісті 

байланыстарымен  ерекшеленеді.  Ол  кезде  еліміздің 

зиялы қауымы жеңіс үшін қазақстандықтармен бірге 

жемісті де өнімді түрде қоян-қолтық еңбек еткен аса 

ірі қайраткерлермен толыққан болатын.

Ең  алдымен,  сол  кезде  біздің  отандық  ғылым  да 

бар қуатымен танылғанын атап өткім келеді. Қаныш 

Сәтбаев, бәлкім, сіздердің де көпшілігіңіздің өміріңізді 

сақтап қалған нағыз ғалымның ерлігін жасады. Ол Орта-

лық  Қазақстанда  марганец  рудалары  кенішін  ашуға 

және оны өндірістік тұрғыдан игеруге қатысты. Мұның 

майдан үшін баға жеткісіз маңызы болды, өйткені ол 

кезде  бірден-бір  жұмыс  істеп  тұрған  Украинадағы  

марганец кен орнын жау басып алған болатын.



607

Жалпы  айтқанда,  армия  жауды  бестен  төртін 

Қазақстан  қорғасыны,  бестен  екісін  –  мысы,  үштен 

екісін – молибдені құраған техникамен және оқ-дәрімен 

қиратып жатты.

Соғыс жылдарында Қазақстан ғылымы өкілдерінің 

қатарына  академиктер  Н. Цицин,  А. Григорьев,  

М. Заводовский сияқты ресейлік ірі ғалымдар қосылды. 

Сол  кездері  өз  қызметін  әскери  проблемаларға 

арнаған аса көрнекті ғалым, КСРО Ғылым академия-

сының президенті В. Комаров та Алматыда еңбек етті. 

Айтпақшы,  бір  кездері  ол  республика  ресурстарын 

қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөнінде қазақстандық 

ғалымдармен бірге жүргізілген жұмыс таяудағы уақыт 

ішінде-ақ жақсы нәтижелер беретінін және тек жауды 

талқандауға ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның 

халық шаруашылығы мен мәдениетінің бұрынғыдан 

да дами түсуіне жағдай жасайтынын айтқан еді. Бұл 

сөздер көрегендік болып шықты.

Жеңіске мәдениет пен біздің барлық республика-

ларға  ортақ  рухани  құндылықтарымыз  да  зор  үлес 

қосты. Әрі бұл өзара байытушы үдеріске айналды. Жам-

был атамыздың үні мен оның аңызға айналған «Ленин-

градтық өрендерім» атты толғауы бүкіл елге тарады, 

Алматыда Орталық біріккен киностудияның күшімен 

«Екі  жауынгер»,  «Майдан»,  «Ол  Отанын  қорғайды», 

«Күт мені», «Әуе арбакеші», тағы басқа тамаша фильм-

дер түсіріліп, олар миллиондаған адамдардың азамат-

тық қалыптасуына және, керек десеңіз, жеңіске жетуге 

үлкен ықпалын тигізді.

Біздің  астанамызда  С. Эйзенштейн,  В. Пудовкин, 

А. Толстой,  С. Маршак,  К. Паустовский,  Л. Орлова, 

С. Прокофьев, В. Луговской, тағы басқа да әдебиет пен 


608

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


өнер қайраткерлері жұмыс істеп, шығармашылықпен 

айналысты. Олар ұлттық кадрларды даярлауға көп еңбек 

сіңірді,  біздің  мәдениетімізді  жоғары  бағалап,  қазақ 

халқының дәстүрлері мен тіліне зор құрметпен қарады.

Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуының көп 

қырлылығы,  ал  қазақстандықтардың  жеңіске  қосқан 

үлесінің молдығы соншалық, бұл тақырыптың барлық 

қыр-сырын бір баяндамада қамтып айту тіпті мүмкін 

емес екенін атап көрсеткім келеді.

Жаудың әскери жоспарларын біздің барлық халықта-

рымыздың достығы тас-талқан етті деп толық сеніммен 

айтуға болады. Гитлердің жеңіске деген дәмесі соғыс 

басталысымен біздің елімізде ұлтаралық жанжалдар 

басталады деген сеніміне байланысты еді. Фашистердің 

нақ  осы  мақсатпен  Қазақстанның  батысына  десант 

тастап, оның масқаралықпен аяқталғанын екінің бірі 

біле бермейді. Ал сол жердің тұрғыны Байтуған Бек-

тұралиев Иван Сусаниннің ерлігін қайталады. Өздерінің 

тобын алдап, басқа жаққа бұрып әкеткенін білген дивер-

санттар оны өлтірді.

Халықтар достығы, олардың өзара көмегі – қиын-

дықты жеңудің ең сенімді құралы. Бұл – мәңгілік ақиқат!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет