Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет31/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38

Өткенді естен шығармай,  

болашақтың қамын ойлайық

Тарихтың тағылымы бізге өткен жолымызды бағалау 

үшін ғана емес, сонымен бірге, болашаққа қарай ілгері 

басатын  сенімді  бағыт-бағдарды  таңдап  алу  үшін  де 

қажет.

Ұлы Отан соғысындағы жеңіс адамдардың орасан 



зор рухани өрлеуін туғызып, республика халық шару-

609

ашылығының,  ғылымының,  мәдениетінің  сипатын 

өзгертті.  Осы  жарты  ғасырда  Қазақстанның  әлеу-

меттік-экономикалық,  қоғамдық-саяси  дамуына  кең 

ауқымда  қарайтын  болсақ,  онда  біз  орасан  зор  қай-

ғы-қасірет әкелген соғыстың, сонымен бірге, одақтас 

республикалар үшін мүлде жаңа үдерістер туғызып, 

тұтас бір халықтардың тағдырын күрт өзгерткенін де 

көреміз.

Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстан бүкіл елмен 

бірге ортақ тіршілік кешті: күйзелісті жойып, тұрғын 

үйлер, мектептер мен ауруханалар салды, тың көтерді. 

Сөйтіп, өмір енді қалпына келіп, көп күткен жаппай 

өркендеу дәуірі басталатын сияқты көрінген-ді. Бірақ 

өздерінің саяси және экономикалық дүниетанымында 

ешкімге бетбақтырмайтын көшбасшыларымыз мем-

лекетті  тарихи  тұйыққа  әкеліп  тірейді  деп  ол  кезде 

кім  ойлапты.  Олар  бүкіл  әлем  ғылыми-техникалық 

прогрестің жаңа деңгейіне көшіп жатқанын дер кезінде 

аңғармады, өзгеріп жатқан дүниеге де ермеді, сөйтіп, 

елді темір перденің тасасында ұстады. Мұнда біздің 

дарынды халқымыздың ешқандай кінәсі жоқ.

Соның салдарынан біз өзімізге лайықты сыбағаға ие 

болып қалдық: жеке басқа табынушылық жүгенсіздіктің 

дәуірімен алмасты да, бірте-бірте тұралау мен тоқырау- 

ға ұласты. Өз кезегінде, олардың орнына қайта құру 

келіп, ол енді билік басындағылардың әкімшіл-әміршіл 

жүйе ғимаратының шытынаған маңдайшасын ақтап- 

сырлағансыған дәрменсіз әрекетімен адамдардың есін- 

де қалды. 1985 жылғы сәуірдің самалы әкелген өзгері-

стер 1990-шы жылдардың басында бой бермес дауылға 

айналды да, тозығы жеткен саяси және экономикалық 

жүйені ысырып тастап, бір кездегі ұлы державаның 


610

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


быт-шытын шығарып, миллиондаған адамдардың тағ-

дырын тас-талқан етті.

Бір кездері жабық болып келген құжаттардан мысал 

келтірейін. Жайма-шуақ статистика жайсыз фактілерді 

жасырып келген: бұрынғы КСР Одағында 1950-ші жыл-

дардан бастап-ақ жалпыұлттық өнімнің өсу қарқыны 

үздіксіз  төмендей  бастаған.  Халқының  бестен  бірі 

ауыл шаруашылығымен айналысатын ел өзін өзі азық-

түлікпен қамтамасыз ете алмайтын халге жеткен.

Сонда шиыршық бойымен айнала қозғалған біз іс 

жүзінде  жоғары  емес,  төмен  қарай  жылжи  берген-

біз.  Ал  біздің  көсемдеріміздің  «адамдардың  қазіргі 

ұрпағы  коммунизмде  өмір  сүреді»  деген  жалынды 

уәделері өзін өзі алдарқатудан, тәтті ертегіге тамсану-

дан басқа ештеңе емес болатын. Бәлкім, көсемдеріміз 

құлдырау  басталып,  тоқырауға  бет  алғанымыз- 

ды дер кезінде байқағанда, біздің бүгінгі ортақ тағды-

рымыз басқаша болар ма еді. Бірақ олай болған жоқ 

– билігі жүріп тұрған, бірақ тарихи тұрғыдан саудасы 

біткен жүйе де, сол кездегі басшылардың менмендігі де 

бұған мүмкіндік берген жоқ. Бұл туралы есту сіздерге 

жайлы  тимейтінін  білемін.  Шынымды  айтсам,  бұл 

маған да оңай емес. Бірақ реформалардың қажеттігіне, 

ауыр  да  болса,  еліміз  үшін  керекті  осынау  жолдың 

қажеттігіне адамдарды сендіру үшін шындықты айтуға 

міндеттімін. Бұл жолдың баршаға бірдей түсінікті емес 

екенін де білемін. Қазақстанды дағдарыстан алып шыға-

тынымызға мен сенемін.

Мен мұны тарихтан тағылым алып, тиісті қорытын-

дылар жасау үшін айтып тұрмын. Әйтпесе біз қоғам-

дық-саяси және әлеуметтік-экономикалық берекесіздік-

тің шырмауына мәңгі маталып қала бермекпіз.



611

Қазір  бізде  айқын  бағыт  қалыптасты,  қазақстан-

дықтар  оған  адалдығын  осыдан  10  күн  бұрын  өткен 

референдумның  барысында  білдірді.  Өз  атыма 

мыңдаған жеделхаттар қабылдаған мен бұл бағытты 

аға ұрпақтардың да қолдайтынын түсіндім. Осы ұлы 

сенімдеріңіз үшін сіздерге рахмет!

Референдум  адамдарды  жақындата  түсті.  Әңгіме 

басты қазыналар: келісім, достық, татулық пен өркендеу 

туралы болған кезде олардың бірауыздылығын көрсетті. 

Бүкілхалықтық қолдау маған барлық қазақстандықтар-

дың тағдыры үшін жауапкершіліктің зіл батпан ауыр 

жүгін тапсырды. Қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның 

барлық халқына рахмет, ардагерлер, сіздерге рахмет. 

Қадірлі  отандастар,  сіздердің  сенімдеріңізден  шығу 

үшін қолымнан келгеннің бәрін істеймін.



Экономикалық реформа жолында

Бізге  бірінші  кезекте  экономиканы  реформалау 

жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Соңғы жылдары 

сіздердің иықтарыңызға қандай ауыр салмақ түскенін 

жақсы білемін. Экономикалық дағдарыстың тегеуріні 

қазақстандық отбасыларына ауыр тиіп, оларды бюд-

жеттері мен көп жылдан бері еңбекпен жиғандарынан 

айырды.


Дағдарыстың сіздерге – майдангерлер мен тыл еңбек-

керлеріне тигізер келеңсіз әсерін бәсеңдетуге тырысқа-

нымызды  айтуға  тиістімін.  Ардагерлерге  Қазақстан-

дағыдай берілген жеңілдіктер бұрынғы Одақтың бір-

де-бір республикасында жоқ екенін жауапкершілікпен 

мәлімдеймін.

Сондай-ақ елдегі экономикалық ахуал тұрақтаған 

сайын біз бұдан былай да ең алдымен соғыс ардагер-



612

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


лерінің жағдайын түзету үшін бәрін істейтін боламыз. 

Халықтың барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған 

жіктеріне  атаулы  қолдауды  күшейтеміз,  нарықтық 

үдерістердің барысына белсене қосыла алмайтындарға 

көмек береміз.

Экономика  проблемаларына  қайта  орала  келіп, 

бірқалыпты  қатаң  қаржы  саясатын  жүргізу  нәтиже-

сінде  жаппай  жайлаған  инфляциялық  үдерістерді 

ауыздықтауға,  ұлттық  валютаның  біршама  тұрақты 

бағамына қол жеткенін атап өтпекпін. Іс жүзінде өтімді 

валютаға айналған теңге отандық және шетелдік тауар 

өндірушілер  арасындағы  ескі  шаруашылық  байла-

ныстарды нығайтуға көмектесті. Үстіміздегі жылдың 

басы индустрияда өндіріс құлдырауының баяулауымен 

сипатталды,  республикада  құрылып  жатқан  шаруа, 

фермер  қожалықтарына  немесе  ұжымдық  шару-

ашылықтарға жер бөлу барған сайын артып келеді.

Сіздерді,  соғысқа  қатысқандар  мен  тыл  еңбеккер-

лерін, бүкіл қазақстандықтар сияқты, ең алдымен таяу 

болашақта  –  бүгін,  ертең  және  осы  жылдың  өзінде 

бәрімізді қандай өзгерістер күтіп тұрғаны толғанды-

ратынын білемін.

Үкіметтің  алдына  осы  жылдың  соңына  қарай 

өндірістің құлдырауын тоқтатып, экономикалық өсуге 

жағдай жасау міндеті қойылды. Бұл макроэкономи-

калық тұрақтылықты дәйекті етудің, төмен қабілетті 

сұранысты арттырудың, инвестициялық қызметті жан-

дандырудың есебінен мүмкін болмақ.

Үкімет  қаржы-бюджет  және  ақша-несие  жөнінде 

бірқалыпты  қатаң  саясат  жүргізуді  жалғастырып, 

сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру, меншік 

қатынастары мен түрлерін реформалау және нарықтық 



613

инфрақұрылымды қалыптастыру, қаржы және валюта 

бақылауын күшейту бағытын жүзеге асыратын болады.

Үстіміздегі жылы инвестициялық саясаттың басты 

мақсаты тіршілікті қамтамасыз етудің – электр энерге-

тикасының, көлік пен байланыстың, ауылшаруашылық 

өнімдерін ұқсатудың объектілерін, сондай-ақ құрылыс- 

тық дайындығы 80–85 %-дан кем түспейтін басымдық 

берілген  объектілерді  аяқтау  болатынын  атап  өткім 

келеді.


Белгіленіп  отырған  кәсіпорындар  реформасы 

тиімділігі  аз  және  шығынмен  жұмыс  істейтін  әрі, 

өздеріңіз  де  түсінесіздер,  бюджеттен  орасан  мол 

қаржыны  аударып  жатқан  өндірістерді  сауықтыру 

мен олардың банкроттығы жөніндегі сөзсіз шараларға 

байланысты. 



Қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық 

келісімді нығайтайық

Армия дегеніміз – қоғамның көшірмесі дейтін тұспал 

сөзді еске ала тұрып, бүгінде біздің қоғамымыз бұдан  

50  жыл  бұрын  Еуропаны  фашизмнен  азат  еткен 

көпұлтты армияның көшірме бейнесі деуге болады.

Шынында, Қазақстанда қазақтардан басқа бұрынғы 

Одақтың қоңыр обаны тоқтатқан барлық халықтарының 

дерлік өкілдері өмір сүріп, еңбек етуде. Біздің жина-

лыстың өзін алайықшы: осы залдағы самайын қырау 

шалған ардагерлердің арасында қазақтар мен орыстар, 

украиндар  мен  татарлар,  ұйғырлар  мен  поляктар, 

белорустар мен немістер, басқа да көптеген ұлттардың 

адамдары отыр.

Осының бәрін біз көпұлтты елде тұратынымызды 

тағы да еске салу үшін айтып тұрмын. Ал әлемдік даму 


614

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тәжірибесі халқының құрамы осындай мемлекеттердің 

шешуге тиісті негізгі проблемасы азаматтық татулық 

пен ұлтаралық келісімді сақтау болатынын көрсетеді.

Өткен соғыстың қорытындылары туралы айтқанда, 

біз оның себебі фашизм болғанын есте ұстауымыз керек. 

Германияда саяси авантюристер шоғыры өкімет басына 

келіп, жер бетінде дереу жұмақ орнатамыз деп халыққа 

уәде берді. Билік басына келгеннен соң олар өз халқын 

соғыстың  от-жалынына  тастап,  басқа  халықтарды 

қисапсыз азапқа ұшыратты. Бұл авантюра күйреумен 

тынды. Адамға қас саясат қашанда осылай аяқталады.

Фашизм шовинизмнен, ұлтшылдықтан басталады. 

«Өз  халқымды  сүйемін,  басқа  халықтар  ұнамайды» 

деген  жалған  патриотизмнен  басталады.  Бүгінде  біз 

осындай саясат жүргізіп келе жатқандарға қатаң баға 

бере алып отырмыз ба? Жеткілікті емес қой деп ойлай-

мын. 

Ұлтаралық  араздықты  тұтандыру  қандай  түрде 



көрінсе де, біз оған «жоқ» деуге тиіспіз.

Әйтсе де ұлтаралық тұрақтылықтың айқындаушы 

шарты – әртүрлі ұлыстардың төзімділік танытуға, бірін 

бірі тыңдауға, осындай ұлы мақсат үшін өзара ымыра-

ластыққа деген ниеті және соған әзір болуы. Кез келген, 

тіпті ең керемет деген идеялардың, егер оларды жүзеге 

асыру үшін адам қанын, көз жасы мен тақсіретін талап 

етсе, көк тиындық құны болмайтынына сеніңіздер.

Біз адамдардың өз ұлттық мәдени қайнарларынан 

сусындауына, балалары мен немерелерін өз халықта-

рының сан ғасырлық дәстүрлері рухында тәрбиелеуіне 

деген ынтасын барынша қолдаймыз. Бірақ біз кез келген 

жікшілдік пен ұлтшыл шовинизм қандай бүркеншікке 

оранса да, олардың кез келген көріністеріне тойтарыс 



615

беріп келдік және тойтарыс береміз де. Қазақстан ешқа-

шан да ұлтаралық араздықтың майданына айналмауға 

тиіс. Біз бұған жол бермейміз.

Құрметті ардагерлер – майдангерлер мен тыл еңбек-

керлері!  Бізде  жүзеге  асырылып  жатқан  саяси  және 

әлеуметтік-экономикалық реформаларды, татулық пен 

ұлтаралық келісімді сақтау бағытын қолдап отырған-

дарыңызды мен қалтқысыз ризалықпен қабылдаймын. 

Майдангерлер өсиет еткен және Қазақстанның Зерде 

кітабында айтылған мына сөздер маған сенімді тірек 

болады: «Біздің халықтарымыздың достығы дегеніміз – 

тарихи тағдыр. Бұл туралы біз жиі ойланып, байыбына 

барып, сонымен өмір сүрсек ше, ал қандай да бір қисын-

сыз сылтау бойынша жанып тұрған отқа шыдамсыздық 

пен дұшпандықтың тамыздығын тастаудан аулақ болу 

керек. Біз, бұрынғы майдангерлер, бұдан жарты ғасыр 

бұрын рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын тігіп, Отанды 

фашистік құлдықтан құтқарғанда, ондай өмірді қалаған 

жоқ болатынбыз».

Дұрыс сөз, мен осы үшін сіздерге зор алғыс айтамын.

Соғыссыз және зорлықсыз дүние үшін

Жуырда менің бұдан жарты ғасыр бұрын дәл осын-

дай мамыр күндерінде түсірілген кинохроника кадрла-

рын – Мәскеудегі Қызыл алаңды, Вашингтондағы Ақ үй 

жанындағы көшелер мен Нью-Йорктегі Таймс-скверді, 

Париждегі Салтанат қақпасы мен саябақтарды, Лондон-

дағы Уайтхолл алдындағы алаң мен Букингем сарайын 

қайтадан қарап шығуыма тура келді. Киномұрағаттар 

Еуропаның,  біздің  одақтас  республикаларымыздың 

басқа астаналары мен қалаларында, оның ішінде Алма-



616

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тыда түсірілген кадрларды да бізге дейін жеткізді. Тіпті 

ақ-қара кинотаспаның өзі де қуаныштың, баршаға ортақ 

шаттықтың  көрінісін  байқатады.  Еріксізден:  осынау 

алуан түрлі адамдар біріне бірі қалай ұқсайды дейтін 

ойға келдім. Шынында да солай ғой: олар біріне бірі 

өте ұқсайды, себебі оларды бастарынан бірге кешкен 

қасіреттер мен қуаныштар біріктіріп, жеңістен соң зор-

лықсыз және дұшпандықсыз жаңа дүние құру мұраты 

жүздерін жайнатып тұр. Бірақ, жеңімпаздардың арман-

дары мен көңіл-күйлеріне қарамастан, олай болмады.

Кешегі  одақтастар  енді  келіп  жаңа  сипаттағы  – 

«қырғи  қабақ»  соғыстағы  дұшпандарға  айналды. 

Жүгенсіз кеткен жанталаса қарулану, бірін бірі қара-

лап, жала жабу науқаны басталды, «социалистік және 

капиталистік  лагерьлер»  дейтіндердің  арасындағы 

ықпал ету аумақтарын бөлісу жолындағы зорлық-зом-

былық  толқындары  тұтас  құрлықтарды  шарпыды. 

Жинақталған ядролық қару-жарақ арқылы адамзатты 

жойып жіберудің сұмдық қатері туды.

Тарихтың өкімі бойынша біз қазір ғана, жарты ғасыр 

өткеннен  кейін,  бастан  кешкен  тақсіреттен  тағылым 

алып, 1945 жылы алға қойылған «Дүние қандай болуға 

тиіс?» деген сұраққа жауап беруге бір мезгілде мүмкін-

дік алдық. Сөйтіп, біз жеңімпаздардың арманын енді 

ғана нақты жүзеге асырып, жаңа, қауіпсіз және демокра-

тиялық әлемдік тәртіп орната алатын болып отырмыз.

Біз бүгінгі шындықпен де байланыстымыз. Ащы шын-

дықты айтсақ, «қырғи қабақ соғыстан» кейін де бұрынғы  

кеңес  империясының  аумағында,  Шығыс  Еуропада, 

планетаның басқа да түкпірлерінде жанжалдар жалғаса 

түсуде. Жергілікті соғыстардың алыста немесе жақында 

болғанына  қарамастан,  қазіргі  ешқандай  мемлекет 



617

одан  тысқары  қала  алмайды.  Соғыс  атаулының  бәрі 

қаза  тапқандар  үшін,  күйзелістер  үшін,  аналардың 

қайғысы үшін біздің жүрегімізді қатты ауыртады. Осы-

дан дәл бірнеше апта бұрын біз еліміздің тәжік-ауған 

шекарасында ерлікпен қаза тапқан ұлдарын жерледік.  

XX ғасырдың аяғында мұндай болуға тиіс емес.

Сондықтан өзара қатынастардың баршаны қамти-

тын  жаңа  құрылымын  орнатудың  ортақ  міндеті  аса 

көкейкесті, ал халықаралық қауіпсіздік пен прогрестің 

ғимараты соның іргетасында тұруы тиіс.

Қазақстан өзінің ізгі ниетін қазірдің өзінде-ақ біл-

діріп  отырғанының  терең  нышандық  мәні  бар:  1991 

жылы Президенттің алғашқы жарлықтарының бірімен 

біржақты  тұрғыда  жабылған  Семей  ядролық  поли-

гонының үні өшкен. Бұрынғы ядролық қаруды жою 

жөніндегі жұмыстар барынша қарқынды жүргізілуде. 

Мен ядролық сынақтар жасаумен өткен алғашқы жарты 

ғасырды әлем тарихындағы соңғысы етуге әбден болады 

деп есептеймін.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде біздің 

бастамамыз  бойынша  қабылданған  барлық  шешім-

дер  бейбітшілік  пен  келісімге  жетуге  бағытталған.  

Атап  айтқанда,  мемлекет  басшыларының  соңғы  – 

Алматы кездесуінде біз ұсынған ТМД-дағы бейбітшілік 

пен  тұрақтылық  туралы  меморандум  қабылданған 

болатын.

Еуропадағы  соғыс  бұдан  50  жыл  бұрын  күркіреп 

өтті. Бірақ, қаттырақ айтсақ, ол тіпті Шығыс Еуропадан 

соңғы кеңес солдаты әкетіліп, «социалистік лагерьдің» 

елдері мен Балтық маңы мемлекеттері нағыз тәуелсіздік 

алғаннан кейін де аяқталған жоқ. Өйткені «қырғи қабақ» 

соғыс өртін жаққаны үшін бірдей жауапты ол жақтан 


618

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


да, бұл жақтан да істеген істеріне өкінген бір ауыз сөз 

естілген жоқ.

Біз  қуғын-сүргінге  ұшыраған  және  қоныс  ауда-

рылған  кеңес  халықтарының,  ЛАГББ-ның  (ГУЛАГ) 

жүз мыңдаған тұтқындарының алдында да қарыздар-

мыз. Иә, Кеңес Одағы ыдырады, сондықтан ешкімнен 

жа  уапкершілік  талап  етуге  болмайтын  сияқтанады. 

Алайда кеңестен кейінгі мемлекеттер қалды ғой. Дүние 

солардан күнәдан арылу сөздерін күтуде.

Осы мінберден мен, бәлкім, әлемдік дамуды тежеген 

тақсіретке, көптеген адамдардың тағдырын тәлкек еткен 

озбырлыққа Қазақстанның қатты өкінетінін, сондықтан  

ашық  та  адал  үнқатуға  әзір  мемлекеттердің  бәріне 

достық қолын ұсынатынын ресми түрде мәлімдеймін. 

Біздің еліміз өткендегі тоталитарлық кезеңге оралудың 

болмашы мүмкіндіктерінің өзіне жол бермеуге, бұдан 

былай планета «қырғи қабақ» немесе «ыстық» соғыс 

дегенді білмеуі үшін, өзіне байланыстының бәрін істеуге 

ұмтылатынына уәде етемін.

Мен жақында ғана Жеңіс мерекесін тойлауға шақы-

рылған Ұлыбритания, Франция және Ресей сапарынан 

оралдым. Лондондағы, Париждегі, Мәскеудегі мере-

келік шараларға шамамен 80 мемлекеттің басшылары 

және әлемдегі көптеген елдердің ардагерлер делега-

циялары  қатысты.  Ұлыбритания  Премьер-министрі  

Дж. Мейджормен, Франция Президенті Ф. Миттеран-

мен, АҚШ вице-президенті А. Гормен, ГФР Канцлері 

Г. Кольмен, Ресей Президенті Б. Ельцинмен және басқа-

лармен арадағы кездесулерім мен әңгімелерім осы бас-

шылардың Қазақстанға деген ізгілікті көзқарастары мен 

сенімдерін тағы да қуаттап берді. Қазақстандағы билік-

тің тұрақтылығы біздің елімізге батыл түрде капитал 



619

қосу ниетін тудыруда. Құрметті майдангерлер, сіздерге, 

Қазақстанның  барлық  азаматтарына  біздің  халықта-

рымыздың  өркендеп,  дамуы  жолындағы  жемісті  де 

тату-тәтті ынтымақтастыққа деген құттықтаулар мен 

шын жүректен жолдаған тілектерді мен зор қанағатпен 

жеткізіп тұрмын.

Сөзімді  аяқтай  келе,  қазақстандықтардың  жас 

ұрпағына  тілек  білдіргім  келеді.  Сайып  келгенде, 

жігіттер мен қыздар, дәл сіздердің бақыттарыңыз үшін, 

осынау жер бетінде өмір сүрудің мүмкіндігі үшін әке-

леріңіз бен аталарыңыз өлім мен өмірдің белдесуінде 

жауды талқандады. Ұрыс-ұрыстың арасындағы дамыл-

дау сәттерінде олардың көз алдарына елестегеннің бәрі, 

олар  армандағанның  күллісі  соғыстан  соңғы  өмірде 

қаз-қалпында  орындала  қалған  жоқ.  Бірақ  қазір  бір 

кезде ардагерлер бастаған істі жалғастыру, бейнелеп 

айтқанда, қуаныш пен бақыт мұнарасын тұрғызу мүм-

кіндігі бізде бар, әрі мен оның Вавилон мұнарасы сияқты 

бір күндік емес, кез келген дауылға қарсы тұруын, сан 

ғасырлар бойы сыр бермеуін өте-мөте қалаймын. Ал 

бұл көп ретте сендерге, жастарға, сендердің қоғамымы-

зды қайта жаңғырту ісіне деген ниеттерің мен қабілет-

теріңе байланысты. Сендер маған одақтас болады деп, 

сендердің күш-қайраттарың, бастамаларың мен опти-

мизмдеріңе сүйене аламын деп сенемін.



Қымбатты біздің ардагерлер, әкелеріміз бен 

аталарымыз! 

Уақыт шіркінге тоқтау жоқ, ал сіздердің қатарла-

рыңыз сиреп барады. Тарих алдында өлшеусіз еңбегі 

бар, өз мұраттарына деген қастерлі сенімін өмір бойы 

сақтап өткен, бір жағынан бақытты, бір жағынан тағ-


620

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дыры тақсіретті адамдар кетіп жатыр. Бақытты дейтінім 

– олар рухани кіршіксіз, мақсаткер,  қажыр-қайраты 

мен жігерін, өмірге деген сенімін мұқалтпаған адамдар 

болды. Сіздердің ұрпақтарыңыз – фашизм мен адам 

айтқысыз  шаруашылық  күйзелісін  жеңіп  шыққан 

қайсарлар ұрпағы. Бірақ ол қасіретті де ұрпақ, өйткені 

олар өздерінің бұрынғы мұраттары мен өмірлік нышан-

дарының күйреуін бастарынан өткізді.

Дегенмен, бәлкім, күдіктерді ысырып тастап, алға 

қараған жөн болар? Иә, сіздердің өмірлеріңіз бұрынғы 

жүйеге сарп етілді. Алайда ол қару-жарақ пен ғарыш 

ісінде  аса  жоғары  техникалық  жетістіктерді  паш 

еткенімен және адам баласына белгілі барлық табиғат 

байлықтары  мен  жерасты  қазыналары  жинақталған 

құрлық жердің алтыдан бір бөлігін алып жатқанымен, 

адамдардың ең қарапайым және күнделікті мұқтажда-

рын қанағаттандыруға қабілетсіз болып шықты. 

Біз өз халқының жұмыскер қолынан басқа не жер- 

асты қазбалары, не үлкен аумағы жоқ елдерден де кейін 

қала бердік. Рас, тұрмыс кедей болғанымен, тұрақты әрі 

болжамды еді және ол талайларды қанағаттандыратын 

да. Бірақ әлемдегі ықтималды ең бай мемлекет үшін 

мұның өзі масқаралық болатын, сондықтан ол ұзаққа 

созылуы мүмкін емес еді.

Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіс  миллиондаған 

адамдардың  өмірімен  және  қанымен  келді.  Бірақ 

соның ізінше социалистік жүйе экономикалық жарыс- 

та біржола және даусыз жеңіліске ұшырады, сөйтіп, 

кешегі  жеңімпаздарды  қалған  әлемнің  –  жеңілген-

дердің және өз қаруластарының көз алдында қорлыққа 

душар етті. Тоталитарлық режім өз азаматтарын ла- 

йықты өмірмен қамтамасыз ете алмады, сондықтан да 



621

жай ғана алғашқы сылтаудан оп-оңай күйреп қалды. 

Сайып келгенде, шартты түрде айтсақ, үшінші дүние- 

жүзілік  соғыс  зеңбіректер  мен  танктерсіз-ақ  жеңіп 

шықты.

Мұнда сіздердің ешқандай кінәларыңыз жоқ. Бұл ескі 



жүйенің тарихи дәрменсіздігінен болды. Бұл уақыттың, 

келмеске кетіп бара жатқан дәуірдің қателіктері еді. 

Социализм қоғамдық формация ретінде әлем алдына 

шыға  алмады.  Қазір  біз  жаңа  мемлекет  және  жаңа 

демократиялы қоғам құрып жатырмыз. Оның эконо-

микалық негізі XX ғасырда әлемнің көптеген елдерінде 

өзінің  тиімділігін  дәлелдеген  әлеуметтік  нарықтық 

шаруашылық болмақшы.

Уақыттың  байланысын  үзбестен,  сіздердің  қалау-

ларыңыз бен бастан кешкендеріңізге деген ықыласта-

рыңызды құрметтей отырып, баршамызға ортақ өткен 

күндерден  пайдалы  атаулының  бәрін  болашақтың 

қажетіне  жарату  арқылы  біздің  ұрпақ  таяу  уақытта 

өзінің тарихи дұрыстығын дәлелдейді деп сенеміз және 

мұны кәміл дәлелдейміз.

«Жеңіс күні – көзге жас алдырған мереке» дейтін өлең 

жолы қанатты сөзге айналды. Бірақ мен өз баяндамамды 

көтеріңкі сарында аяқтағым келеді.

Құрметті ардагерлер, мен сіздердің өсіп-өркенде-

ген  егемен  Қазақстанды  өз  көздеріңізбен  көріп,  ұлы 

соғыстағы өздеріңіздің Ұлы Жеңістеріңіздің 60 жылдық 

мерейтойын атап өтулеріңізді қалаймын!

Сіздердің баршаңызға мықты денсаулық, жақында-

рыңызға бақыт пен игілік тілеймін!



622

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет