Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Құрметті Ассамблеяға қатысушылар!



Pdf көрінісі
бет34/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Құрметті Ассамблеяға қатысушылар!

Мен түрлі аудиторияларда және сан түрлі адамдар-

мен  әңгімелесу  үстінде  жүргізіліп  жатқан  реформа-

лар рухани азғындауға соқтырады, қаласақ та, қала-

масақ  та,  нарық  психологиясы  қара  күшті,  баюды, 

өзімшілдікті әспеттеу сезімін туғызады деген пікірді 

жиі  естимін.  Сіздер  де  жастарымыз  адамгершілік 

бағдардан айрылып қалды, өз халқының мәдениеті мен 

салт-дәстүрінің бастауын тәрк етті, үлкенді сыйлаудан 


654

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қалды дейтін күңкілді талай естіген боларсыздар. Кілең 

бір мәңгүрттер, жоғалған ұрпақ, басқа ештеңе де емес  

секілді!

Мұндай  үзілді-кесілді  тұжырым  –  ежелден  келе 

жатқан «әкелер мен балалар» таласында ең жақсы дәлел 

болмаса керек. Бұл проблемаға бұра тартпай қарай-

ықшы: қазір жастардың басым көпшілігі шет тілдерін 

үйреніп,  басқа  елдердің  мәдениетіне,  салттары  мен 

дәстүрлеріне ықылас қойып жүр, өз халқының рухани 

тамырларын зерттеп, маркетинг пен менеджменттің 

негіздерін, басқа да ілім-білімді үйренуде. Әрі байқай-

сыз ба, мұның бәрін әбден саналы түрде, жаңа білім 

алдағы уақытта өздеріне міндетті түрде керек болаты-

нын толық түсінгендіктен істеп жүр. Мұның өзі шынайы 

руханилыққа, дүниежүзілік, демек, ұлттық мәдениеттің 

де бастауларына жеткізер жол осы емес пе? 

Екінші  жағынан,  меніңше,  жас  ұрпақтың  рухани 

және  адамгершілік  мұралардан  қол  үзіп  қалуының 

қаупін  толық  жоққа  шығару  да  елеулі  қате  болар 

еді.  Иә,  ақпарат  ағынына  жол  ашқаннан  кейін  біз 

шынайы  парасаттылықты  жылтыр  қағазға  оралған 

арзан  әрі  жасанды  құндылықтармен  алмастыратын 

тобырлық мәдениет дейтін қоқыспен бетпе-бет келіп 

отырмыз.  Әрине,  жылдар  өте  келе  жастар  шынайы 

құндылықтарды жасандыдан ажырата білуді үйренетін 

болады. Ал олардың күрделі әлемде бағдарын тауып, 

рухани бағытын айқындауына біз, аға ұрпақ өкілдері, 

көмектесуге тиіспіз.

Біздің  көпұлтты  қоғамымыздың  адамгершілік 

негіздерін  тәрбиелеу  мемлекеттік  саясат  дәрежесіне 

көтерілуі  тиіс  деп  ойлаймын.  Анығырақ  айтқанда, 

бұл бағытта мемлекеттік саясат қажет, таяу және алыс 



655

болашақтағы  іс-қимылдардың  мұқият  әзірленген 

бағдарламасы керек. Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп 

отырғанындай, өміріміздің қайтарымы ең көп салалары 

–  білімнің,  мәдениеттің,  өнердің  басым  дамуы  үшін 

Қазақстанда қажетті жағдайлар жасалуға тиіс екеніне 

барша жұрт келіседі деп ойлаймын. Адамға, оның білімі 

мен мәдениетіне жұмсалған қаржы – мемлекеттің бола-

шағына жұмсалғаны. Сондықтан жаңа Конституцияның 

жобасы  адамға  барынша  бағытталған,  оның  рухани 

және  адамгершілік  мұқтаждарын  қанағаттандыруға 

кепілдік береді.



Негіз қалаушы қағидаттар

Қазіргі уақыт өткенді өзгерте алмайды, бірақ одан 

тағылым  ала  алады.  1993  жылғы  Конституциядағы 

ағаттықтар мен шалағайлықтар, еріксіз жол берілген 

мәмілелер бірқатар жағдайларда елді құқықтық және 

саяси тұйыққа апарып тіреді.

Қысқа мерзім ішінде парламенттің екі рет тарағанын 

еске алайықшы – мұның әрқайсысында ол белгілі бір 

дағдарысты жағдайда өтті, ал ондай жағдай Консти-

туцияда көзделмеген болатын. Оның үстіне, биліктің 

тежемелік пен теңгермелік жүйесін сөз жүзінде жария-

лағанымен, іс жүзінде Конституцияда олар жоқ болып 

шықты.  Социалистік  өткен  мен  нарықтық  болашақ 

арасындағы жарты жолда қалған ол алуан түрлі әрі 

өзара үйлеспейтін ережелердің берекесіз жиынтығына 

айналды да, дәйектілік пен біртұтастықтан айрылды.

Әуелде  қолданыстағы  Конституцияға  мейлі  көп 

болса да, тек түзетулер енгізумен шектелу керек деген 

нұсқаның ұсынылғанын көпшілік біледі. Бірақ одан соң 


656

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Негізгі заңның бүкіл құрылымын ауыстыру, көптеген 

басқа баптардың түзетілуін қажет ететін, ал бәрін бір-

дей біртұтас және өзара байланысты құжатқа жинақтау 

мүмкін емес аса принципті ережелерге өзгерістер енгізу 

қажеттігі айқын болды.

Соның нәтижесінде сапасы өзгеше Конституцияның 

жобасы  сіздердің  қолдарыңызда,  мен  онымен  соңғы 

жарты жыл бойы шұқшия жұмыс істедім. Маған отан-

дық заң ғылымының үздік өкілдері көмектесті. Жоба 

отандық және шетелдік әйгілі сарапшылардың тәуелсіз 

талдауынан өтті.

Жекелеген  ережелер  қоғамдық  пікірді  зерттеу 

жолымен  тексерілді.  Менің  ойымша,  барлық  бұлта-

рыстар мүмкіндігінше ескерілді. Ұсынылып отырған 

тұжырымдамалардағы  ең  ширыққан  мәселелердің 

құқықтық реттелуі – аса қиын толғаныстардың нәти-

жесі және оның мақсаты – баршаны біріктіру әрі біздің 

қоғамымызда қай тараптың да тайталасын тудырмау. 

Жаңа  Конституция  халықтың  билікпен  біртұтас, 

анық әрі нақты «шарт жасауы» ретінде ойластырылып, 

ұсынылуы арқылы сапалық ерекшелікке ие болып отыр, 

ол адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің, қоғамды 

ұйымдастырудың, мемлекеттік жүйе құрылымы мен 

оның  жұмыс  істеуінің  әркімге  түсінікті  іргелі,  жүйе 

түзуші,  басым  элементтерін  белгілейді.  Бұдан  басқа 

ештеңе де емес. Неғұрлым жеке сипаттағы өзге жайттар 

кәдімгі немесе конституциялық заңдарда реттелуі тиіс.

Бұл Конституцияны халық қолдайды деп сенемін. 

Онда тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастыққа 

толық құқығы бар мүше болып енген Қазақстанның 

өмір сүруі мен дамуының негізгі бес қағидаты тұжы-

рымдалған деп есептеймін.



657

Сонымен, біздің конституциялық басым бағыттары-

мыз мыналар:

1.  Мемлекетте  оның  барлық  азаматтарының 

құқық теңдігі негізіндегі ұлтаралық келісім мен саяси 

тұрақтылық.

2. Республиканың бүкіл халқының игілігі үшін эко-

номикалық даму.

3. Елдің тұтастығы мен оның көпұлтты халқының 

бірлігі.


4.  Мемлекеттің  бірінші  кезекте  Қазақстан  азамат-

тары  туралы  жан-жақты  қамқорлығына  негізделген 

қазақстандық патриотизм.

5. Мемлекеттік маңызды мәселелердің бәрін рефе-

рендумда  немесе  парламентте  дауыс  беру  жолымен 

бейбіт әрі демократиялық жолмен шешу.

Бұл қағидаттар жобада жоқ. Бірақ, меніңше, олар 

Конституцияның 1-бабында жазылуға тиіс деп есеп-

теймін.

Сіздер  жаңа  Конституция  жобасымен  танысқан 



болар деген оймен оның тек өзекті қағидаларына ғана 

тоқталмақпын.

Қазақстан  мемлекеттігінің  табиғаты,  оның  мәні 

туралы  мәселеден  бастайын.  Бұл  орайда  Қазақстан 

халқының бірлігі мен тұтастығы идеясы басым сана-

лады және ол елдің жаңа Конституциясында көрініс 

табуға тиіс.

Өзінің  қай  ұлтқа  жататынына  қарамастан,  әрбір 

қазақстандық азамат Қазақстан – өзінің жан-тәнімен 

біте қайнасқан туған мемлекеті екенін, Жер шарының 

қай  түкпірінде  жүрсе  де,  ол  әрқашан  өзіне  көмекке 

келуге, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын 



658

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


екенін сезінуге тиіс. Тек осы жағдайда ғана қазақстан-

дық патриотизм сезімін өркендету мен тәрбиелеу үшін 

түбірлі негіз пайда болады. Тек осы жағдайда ғана біздің 

азаматтарымыз  қазір  бүкіл  әлем  Қазақстан  ретінде 

білетін мемлекеттің азаматы болғаны үшін мақтаныш 

сезіміне бөленбекші.

Дәл осыған байланысты жобада бұл мәселені шешу-

дің  қосбірлікті  жолы  көзделген.  Бір  жағынан,  біздің 

елімізді Қазақ Республикасы деп атау ұсынылып отыр, 

ал ол ондаған жылдар бойы Қазақ КСР-і деп аталып 

келді және бұл ешкімді шамдандыра қоймаған болатын. 

Бұл орайда екінші бапта «Қазақ Республикасы» және 

«Қазақстан» деген түсініктердің тең мағыналы екендігі 

көзделген.

Сонымен  бірге,  қазір  қолданыстағы  Конституци-

ядағы  Қазақстан  өзін  өзі  билейтін  қазақ  ұлтының 

мемлекеттігі екендігі туралы жазба біздің кейбір отан-

дастарымыздың алаңдаушылығын туғызды. Менің өзім 

үшін Қазақстан – бір ғана қазақтардың емес, елімізді 

мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің мемлекеттік 

өзін өзі билеуінің нәтижесі.

Жобада президенттік басқару нысанындағы респу-

блика  ұсынылады.  Мұндай  мемлекеттік  құрылым 

бүгінгі мемлекет басшысының әлдебір мүдделері мен 

асқақ ниетінен емес, объективтік факторлардан туын-

дап отыр. Әрі бұл біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ 

болашаққа қажет.

Парламенттік республика жағдайында үкіметтің бас-

шысы мен құрамын әдетте парламент белгілейді және 

олар парламенттің алдында саяси жауапты болады. Әрі 

үкімет парламентте көпшілік орынға ие болған парти-

яның жетекшілерінен құрылады. Парламент сайлаған 



659

президенттің мемлекеттік билікті жүргізуге ықпалы аз 

болады және оның шешімдері тек парламент пен үкімет 

мақұлдағаннан кейін ғана күшіне енеді.

Бұл  жолмен жүру үшін елде парламентаризмнің 

жетілген дәстүрлері мен мәдениеті, көппартиялықтың 

дамыған  жүйесі  және,  ең  бастысы,  осының  бәрін  ой 

елегінен өткізе алатын халықтың қалың бұқарасының 

түсінігі болуға тиіс. Қазір бізде бұл жоқ.

Президенттік  республика  түріндегі  мемлекеттік 

құрылыс барынша икемді нысан. Ол президент, парла-

мент және үкімет өкілеттіктерінің нақты арақатынасын 

көздейді, іс жүзінде билікті заң шығарушы, атқарушы 

және сот тармақтарына бөлетін классикалық қағидатты 

жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  орайда  бүкіл 

халық сайлаған Президент Конституцияны сақтаудың 

кепілі, сондай-ақ биліктің барлық тармақтарының және 

халық алдындағы олардың жауапкершілігінің ұйым- 

дастырушысы әрі төрешісі болады. 

Ол мемлекет саясатының негізгі бағыттарын айқын-

дайды, өзіне мемлекет басшысының рөлін және Кон-

ституцияны,  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен 

бостандықтарын  сақтаудың  кепілі  рөлін  атқаруына, 

биліктің барлық тармақтарының және бүкіл мемлекет-

тік организмнің үйлесімді және жемісті қызмет атқа-

руын қамтамасыз етуге көмектесетін органдар құрады. 

Демократиялық елде «бәрін бірдей шешетін» адам да, 

орган да болмауға тиіс.

Әрине, президенттік республиканың нысаны өкімет 

билігін дербестендіруге бейім келеді, бірақ демокра-

тиялық тежеулер бар болған кезде мұның өзі белгілі 

жағдайда  тіпті  қажет  те.  Мұндай  басқару  жағдай 

тұрақты бола қоймаған реформалар мен басқа қоғам-


660

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дық жүйеге көшу кезінде, сондай-ақ аумағы кең-байтақ 

елдер  мен  көпұлтты  мемлекеттерде  ерекше  тиімді. 

Қазақстанда және бұрынғы Одақтың басқа да респу-

бликаларында  болып  жатқан  саясаттағы  түбегейлі 

бетбұрыс  мемлекет  басшысының  басқаруы  арқылы 

мемлекеттің бақылауымен жүргізілуге тиіс, өйтпесе, 

бәрін  түгелдей  сыбайласқан  топтар  мен  қылмысты 

бірлестіктер билеп алады. Бұрынғы Одақ кеңістігінде 

бұл үрдістің сорақы мысалдары бастан асады. Демек, 

бүкіл реформалар үдерісінің түпкілікті табысы үшін 

мұндай бақылаудың маңызы айрықша.

Президенттік республикадағы президент қандай бол-

мақшы? Оны бүкіл халық сайлайды, ал ол премьер-ми-

нистрді және оның ұсынысымен үкіметтің мүшелерін 

тағайындайды.  Оларды  президенттің  өзі  отставкаға 

жібере алады немесе оны үкіметке парламенттік сенім-

сіздік  білдіру  арқылы  істейді.  Белгілі  жағдайларда 

парламент президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын 

тоқтата алады, бірақ президент те, Конституцияда көр-

сетілген жағдайларда, парламентті таратуға құқылы. 

Президенттің қол қойған заңдары немесе жарлықтары 

Конституцияға қайшы келетін болса, Конституциялық 

сот оларды заң күшінен айыра алады.

Көріп отырсыздар, президенттік биліктің автори-

тарлық билікке айналуына жол бермейтін тежемелік 

және  теңгермелік  жүйесі  бар.  Мен  жеке-дара  билік 

жағында емеспін. Бірақ, сонымен бірге, мен Қазақстанда 

билік  пен  мемлекеттік  институттардың  барлық  тар-

мақтарынан азаматтары демократияны ел заңдарына 

қатаң бағыну жағдайындағы бостандық деп ұғатын жас 

мемлекетті  дағдарыстан  алып  шығуға,  оны  аяғынан 

нық тұрғызуға, шынайы демократиялық қоғам құруға 



661

қабілетті, күшті өкімет құруды жақтаймын. Және ең 

бастысы – барлық азаматтардың құқықтарының теңдігі 

негізінде  саяси  және  этносаралық  тұрақтылықты 

сақтау. Күшті президенттік билік әрбір жеке азамат пен 

тұтастай алғанда бүкіл қоғамды қорғау мүддесі тұрғы-

сында барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың 

өктемдігін шектеп, жолын кесіп отыруға тиіс екенін де 

айту керек.

Оркестрде бір ғана дирижер болуға тиіс, сонымен 

бірге, ол әрбір сазгердің абыройы мен міндетін төмен-

детпеуі керек. Өткен жылдардың тәжірибесін талдай 

келіп, басқаша жолды көре алмай тұрмын. Өзіміздің 

жаңа  тарихымызда  біз  алғашқы  қадамдарды  жасап 

жатырмыз және олар былықтың күшеюіне немесе жаңа 

қоғамдық тығырыққа соқтырмауы өте-мөте маңызды. 

Дүниежүзілік ахуал бүкіл әлем тек демократия тілімен 

сөйлейтін болуына қарай ілгерілеп барады деп сенетін 

ел  басшыларына  қосыламын.  Біздің  де  осы  бағытта 

жүруге тиіс екеніміз даусыз.

Мен  демократияға  терең  берілгенмін,  сондықтан 

осынау биік мінберден өзімнің жүрекжарды сөзімді: 

«Демократия өзіне байыпты қарайтын адамға алын-

байтын асулар қояды, ал өзін жек көретіндерге шексіз 

мүмкіндіктер  береді»,  дейтін  белгілі  тұжырыммен 

аяқтағым келеді.

Әлем  әралуан,  оның  тартымдылығының  өзі  де 

осында: мәні бірдей бола тұрғанымен, демократияның 

бірдей нысандары жоқ, әр ел міндетті түрде өз реңкін 

қосады.


Бұрын  айтылғанындай,  біз  үшін  демократияны 

құрудың басты шарты бейбітшілік пен тұрақтылықты 

сақтау, реформаларды тереңдете түсу, жемқорлық пен 


662

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ұйымдасқан қылмысты жою болмақшы. Әлсіз өкімет 

елде ең қарапайым тәртіптің өзін орната алмайды, тіпті 

соншалықты қымбатқа түсіп басталған реформаларды 

орға жығады. Бұл – менің ойымнан шығарғаным емес, 

объективті шындық. Шешуші сөзді Қазақстан халқы 

айтады.


Жұртшылықты толғандырған жерге жеке меншік 

пен азаматтық проблемалары, менің көзқарасымша, 

Конституция жобасында біршама оңтайлы шешімін 

тапқан. Жердің мемлекет меншігінде де, жеке меншікте 

де бола алатыны конституциялық жолмен тұңғыш рет 

айқындалып отыр.

Нарықтық  экономика  жағдайында  жер  сатып 

алу-сату объектісі болуға тиіс. Бірақ біздегі жағдайға 

қарайықшы. Қазір ауылшаруашылық мақсатындағы 

жерлерде  жұмыс  істеп  жүрген  азаматтарымыздың 

қолында қаражаты болмай тұрып оны сату мен қайта-

дан сатудың жаппай үдерісін іске қосу бұл адамдарды 

тонаумен, оларды еріксіз малайға айналдырумен тең 

болар еді. Біздің қоғамымыз жерге жаппай жеке меншік 

енгізуге әлі дайын емес. 

Жер – кез келген мемлекетте барлық бастаулардың 

бастауы.  Конституцияны  әзірлеу  жұмысының  бары-

сында  көптеген  елдердің  жер  қатынастары  саласын-

дағы тәжірибесі зерттелді. Қай жерде де бұл мәселе 

өз елдерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, көптеген 

түсінік-ескертпелерді алға тарту арқылы аса мұқият әрі 

сақтықпен шешілген. Иә, оларда жер сатылады және 

қайта сатылады, бірақ бұл үдерістер өмірлік маңызды 

ұлттық мүдделерге қысым жасауға мүмкіндік бермей-

тіндей шеңберде және тиісті рәсімдер  арқылы  жүр-

гізіледі. Біздің қоғамымыз, оның басқарушы органдары 



663

мен шаруашылық субъектілері бұл проблеманы білу 

мен түсінудің ондай деңгейіне әлі шыға қойған жоқ, 

сондықтан біз тек өзіміздің ғана емес, ел азаматтарының 

келесі ұрпақтарының да меншігі саналатын басты бай-

лығымыздан бір-ақ сәтте айрылып қалуымыз мүмкін. 

Нақ осы себепті біздің Конституциямыз «жай жүріп 

жалпақ бас» қағидаты бойынша «жүріп келеді» және 

бұл  мәселелердің  болашақта  шешілуін  көздейді,  ал 

қазір  жердің  жеке  меншікте  тек  заңда  белгіленген 

негізде,  шартта  және  шекте  болуы  қарастырылған. 

Осы ережеге сүйене отырып, бау-бақшалық және үйір-

гелік телімге, сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық 

қызметіне қажетті жерге ғана жеке меншік енгізілетін 

болады. Мұның соңғысы отандық және шетелдік инве-

стордың біздің елімізде өз кәсіпорнын батыл ашуына 

мүмкіндік  береді.  Өндірістік  аумаққа  жеке  меншік 

құқығының болуы оны жергілікті билік орындары мен 

неше түрлі бопсалаушылардың өктемдігінен қорғайды. 

Жерге жеке меншік мәселесіне тым саяси мән беріліп 

жүргенін ескерте кетейін. Қазіргідей жерді 99 жылға 

мұрагерлікпен  пайдалануға  болатындай  етіп  ұзақ 

мерзімге жалға берудің «толық» жеке меншікке беру-

ден айырмашылығы шамалы. Тек бұл құқықты жалға 

берушінің жалға беру мерзімін өз бетімен қысқарта 

алмайтындай және әлдебір ойдан шығарылған талаптар 

қоя алмайтындай етіп нысандау керек.

Азаматтыққа келер болсақ, Конституция ешқандай 

да ауытқусыз, тек Қазақстан азаматтығын ғана бекітеді. 

Бізде Ресеймен азаматтық берудің өзара жеңілдетіл-

ген түрі туралы келісімге қол қойылғанын білесіздер. 

Таяуда мен бұл тәртіпті бүкіл ТМД кеңістігіне тарату 

туралы мәселе қойдым. Қазір біз азаматтық берудің 


664

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жеңілдетілген түрі жөніндегі келісім-шарттың жобасын 

дайындап жатырмыз және оны ТМД басшыларының 

келесі кездесуіне қарауға ұсынбақпыз.

Реформалау  үдерісін  бастан  кешіп  жатқан  және 

ішінара өзара секемшілдікке ұшыраған қоғам жағда- 

йында тек бірыңғай азаматтық қана айқындық енгізіп, 

адамдардың  санасындағы  екіұдайлықты  жояды.  Екі 

кеменің құйрығын ұстау ешқашан да жемісті болып, 

абырой әперген емес. Негізгі қағидаттарда айтылғанын-

дай, біз тек Қазақстан азаматының жағдайы басқаның 

бәрінен басым болуын қамтамасыз етуге тиіспіз.

Тіл жөнінде айқындалу бәрінен қиын болды. Түрлі 

ықтимал  нұсқалар  қаралды.  Талай  рет  жүргізілген 

әлеуметтік  сауалдамалар  мен  ұзақ  айтыстардан  соң 

қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалдырылсын деген 

бір  тұжырымға  келдік,  оған  мемлекеттік  және  жер-

гілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тіл-

мен қатар орыс тілі ресми түрде қолданылады деген 

мазмұндағы  маңызды  ереже  қосылды.  Бүгінгі  таңда 

бұл проблеманың ең оңтайлы шешімі деп ойлаймын. 

Бұған қоса, белгілі бір тілді білмегендігі үшін азаматтар-

дың құқығын кемсітуге тыйым салатын арнайы ереже 

енгізілді. Тиісті баптың орындалуына қатаң мемлекеттік 

бақылау жасалады.

Бірден айтайын, қос мемлекеттік тіл енгізу туралы 

ұсыныстар болды, олар барынша мұқият және жан-

жақты талқыланды.

Халықтың әртүрлі топтарында қоғамдық пікірді зерт-

теу жүргізілді. Ақырында көптеген себептер бойынша 

мұның тиімсіздігі туралы пікір басым түсті. Мұндай 

жағдайда азаматтардың барлығы үшін екі мемлекеттік 

тілді білу міндетке айналатыны маңызды дәлелдердің 



665

бірі бола алады. Қазір мұның қисынға келмейтіні және 

мүмкін емес екендігі өз алдына, сонымен қатар, осының 

салдарынан  шиеленістер  мен  қақтығыстардың  туып 

кетуі ықтимал екені де өздеріңізге түсінікті.

Ал  қазақ  тілінің  мемлекеттілігі  ең  алдымен  оны 

қазақтардың өздері меңгеруі үшін қажет. Бұрын оның 

әдейі  аз  қажет  етілуі  салдарынан  көптеген  қазақтар 

қазір өз ана тілін нашар біледі немесе бірталайы мүл-

дем білмейді де. Бұған олар кінәлі емес. Ал оның үстіне 

екінші мемлекеттік тілді енгізу тек заң ғана – ол қазақ 

тілін тұйықтап, іс жүзінде теңсіз жағдайын тереңдете 

түсер еді, ал бұл қазақтарға жасалған тарихи қылмыс 

болар еді және бұрынғы империялық саясаттың сал-

дарын жоюдағы біздің дәрменсіздігімізді көрсетер еді.

Тағы бір маңызды нәрсені ескермеуімізге болмайды. 

Кейбіреулердің ұсынғанындай, мемлекеттік қазақ тілін 

сақтамау қазақтарды Орталық Азиядағы мемлекеттік 

тілі бар көршілерінің ғана емес, сонымен бірге, ТМД-

ның басқа да елдерінің алдында кемшін жағдайға қояр 

еді. Бұл ұдайы тұрақсыздандыру факторына айналып, 

ұлтшылдықты қолдаушы топтардың оны пайдаланып 

кетуіне мүмкіндік туғызар еді.

Тіпті  Кеңес  өкіметінің  кезінде  де  бізде  қазақ  тілі 

мемлекеттік тіл болды. Қазақстан егемен ел болмаған-

ның  өзінде  де  қазақ  тілін  қайта  өркендету  мәселесі 

көтерілетінін түсінген абзал. Өзіне тән мәдениеті бар, 

әлемдегі 1113 халық пен ұлттың арасында саны жағынан 

80-ші орын алатын, аман-сау өмір сүріп отырған милли-

ондаған халық тапа-тал түсте өзінің тарихи жерінде ана 

тілінен айрылып, басқа бір ұлысқа сіңіп кетуіне бұдан 

былай ешкім де төзбес еді. Ал бұрынғы Кеңес Одағының 

бүкіл аумағында осындай, шын мәніндегі арсыз үдеріс 


666

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


барлық халықтарға қатысты белсенді түрде жүргізіліп 

келгені жалған емес.

Егер  орыс  тілі  туралы  айтар  болсақ,  оның  қазіргі 

бекем  жағдайы  сол  қалпында  сақталады,  себебі  ол 

қоғамда мемлекеттік тілмен қатар ресми түрде қолда-

нылады деп көзделген. Басқаша айтқанда, Қазақстанда 

орыс тілінде алынған оқу мен білімнің өтімділігі, атте-

статтар мен дипломдардың басқалармен тең жағдайы 

сақталады. Бұл біздің ұлты орыс азаматтарымыздың 

өз келешегі үшін және балалары мен немерелерінің 

тағдыры үшін алаңдаушылығын тыюға тиіс.

Орыс  тіліне  нақты  мәртебе  беруге  қарсы  шығып 

жүргендерге ашығын айтайын. Оның ресми тіл ретін-

дегі мәртебесі елдің орысша сөйлейтін азаматтарының 

тең құқығын қамтамасыз етеді. Және тек бұл ғана емес. 

Мұның өзі – біздің білімге, дамуға қажетті ақпараттар 

алып жүрген тілге деген құрметіміз. Бұл – қазақтарға 

жан дүниесі жақын орыс халқына және бұдан былай 

да сенімді бауырластық қатынастарды сақтап, дамыта 

бергіміз  келетін  Ресейге  деген  сөз  жүзіндегі  емес,  іс 

жүзіндегі құрметіміздің көрінісі.

Орыс  тілі  –  бұрынғысынша  білім  берудегі  басты 

тіл және алуан түрлі ақпараттар алудың негізгі көзі. 

Көптеген қазақтар осы тілде жоғары білім алуда. Ұлы 

Абайдың өсиетін еске түсіріп көрейікші: «Орыс тілін 

білсең, көкірек көзің ашылады... орыстың ғылымы, өнері 

– дүниенің кілті...». Республиканың барлық тұрғындары 

дерлік  орыс  тілінде  сөйлейді.  Сондықтан  орыс  тілі 

кемсітіліп отыр деуге еш негіз жоқ. Мәселе, бұрынғы 

абсолютті этностық жайлы жағдай мен орыс тілінің 

бәрін  қамтитын  монополиясында  кейбір  өзгерістер 

пайда болғанында.



667

Қазақ тілінің мемлекеттілігі – орыс тілінің қолда-

нылу  аясын  тарылту  мақсатымен  оған  ор  қазу  емес, 

қайта қазақтардың тілі жоғалып кетуін болдырмауға 

және оны Қазақстандағы орыс тілінің деңгейіне дейін 

көтеруге деген ұмтылыс екенін баршаның түсінуі және 

қабылдауы қажет. Тіл төңірегіндегі айтыстар кезінде 

орыс  тілінің  шектес  жатқан  Ресей  секілді  қуатты  да 

мәңгілік бесігі тұрғаны тәрізді маңызды жайт назардан 

тыс қала береді.

Осылардың бәрін қоса алғанда: таяу болашақта осы 

ұлы тілге төніп тұрған қауіп бар ма деген сұрақ туады.

Ал,  сонымен  қатар,  лингвист-ғалымдардың  па- 

йымдауы бойынша, қазақ тіліне төнген қауіп қазірдің 

өзінде аса зор болып отыр. Қазақ тіліне мемлекеттік 

мәртебе берілгеніне бес жыл өтсе де, оның қоғамдағы 

жағдайының өзгере қоймағанына өкінемін. Сондықтан 

басқа тілдердің кемсітілуіне жол берместен, қазақ тілін 

сауықтыру жөніндегі арнаулы заң мен әбден ойласты-

рылған, салмақты шаралар қабылдау талап етіледі. Бұл 

Конституцияның өтпелі ережелерінде жазылған.

Жобада құқықтар мен бостандықтар туралы нор-

малар  жаңаша  ұсынылған.  Олар  өкіметтің  қоғамға 

«барқыт  қолғап  киген  темір  қолын»  көтеру  мүмкін-

дігінің жолын кеседі. Бұл бөлімге тек азаматтың ғана 

емес, сонымен қатар, адамның да құқықтарына қатысты 

нормалар алғаш рет енгізіліп отыр. Онда адам мен аза-

маттың құқықтары мен бостандықтарын өктемдікпен 

шектеудің  кез  келген  түріне  қатаң  конституциялық 

кедергілер қойылған.

 Әсем сөзбен өрнектелген әрі сан алуан, социалистік 

мазмұны  бойынша  шексіз  құқықтар  мен  бостан-

дықтардың  орнына  Конституцияның  жаңартылған 


668

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бөлімінде  күнделікті  өмірде  нақты  қажет  болатын 

және  іс  жүзіне  асырылатын  жайлар  ғана  көзделген. 

Әңгіме әр адамның қажетті қорғанысты қоса алғанда, 

заңға  қайшы  келмейтін  барлық  әдістер  арқылы  өз 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  және  сот 

арқылы  қорғану,  заң  мен  сот  алдындағы  баршаның  

теңдігі, кез келген белгілері бойынша цензураға және 

құқықтарды кемсітуге жол бермеу, басқа да нормалар 

туралы болып отыр.

Жобаға адам мен азаматтың жеке бостандығының 

классикалық элементтерін құрайтын қосымша конститу-

циялық құқықтары: жеке басының бостандығы мен оған 

қол сұғылмайтындығы; жеке басының және отбасының 

құпиясы, өзінің абыройы мен жақсы атын қорғауы; жеке 

салымдары мен жинақтарының, жазысқан хаттарының, 

телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф 

арқылы және басқа да жолдармен жолдаған хабарлары-

ның құпиялығы; өзінің қай ұлтқа жататынын өзі айқын-

дауы, оны көрсету немесе көрсетпеу құқығы; өз ана тілі 

мен мәдениетін пайдаланып, қарым-қатынас, тәрбие, 

оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауы енгізілген.

Жобада адамның және азаматтың құқықтары мен 

бостандықтарын жүзеге асырудың кең өрісі ашылып 

қана қоймай, сонымен қатар, белгілі бір конституци-

ялық шектеулер де қойылғанын айта кетуге тиіспін. 

Бірақ бұл конституциялық құрылысты қорғау, қоғам-

дық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілік 

мұраттарын  сақтау  мақсатында  қаншалықты  қажет 

болса, соншалықты деңгейде ғана болмақ. Біздің еліміз-

дегі ұлтаралық келісімді бұзатындай кез келген әрекет 

конституциялық емес деп танылатыны айрықша атап 

көрсетілген.



669

Азаматтардың бірлестіктеріне келетін болсақ, мұнда 

мақсаттары мен іс-әрекеттері конституциялық құрылыс- 

ты  өзгертуге,  мемлекетіміздің  тұтастығы  мен  оның 

қауіпсіздігіне  қатер  төндіруге,  әлеуметтік,  нәсілдік, 

ұлттық, сословиелік және рулық араздықты қоздыруға 

бағытталған, сондай-ақ заңда көрсетілмеген әскерилен-

дірілген құрамалар құруға және олардың қызметіне 

тыйым салынады. 

Демократияның үлгісі ретінде саналатын көптеген 

елдерде мұндай шектеулердің бар екенін баса көрсеткім 

келеді. Біз енгізіп отырған құқықтар мен бостандыққа 

қатысты конституциялық нормаларда, сондай-ақ шек-

теулерде  Франция,  Германия  сияқты  елдердің  және 

басқалардың конституцияларының тәжірибесі толық 

ескерілген.

Азаматтардың конституциялық міндеттерін қайта 

қарау барысында біз бұл міндеттерді қабаттастыра беру 

олардың орындалуына кепілдік бермейтінін ескердік. 

Қайта,  керісінше,  жүзеге  аспайтын  қағидалардың 

көптігі кереғар пікір туғызады. Сондықтан азаматтық 

міндеттердің тізімі ішінара ғана жаңартылды, ол тарих 

пен мәдениетті сақтау, табиғатқа, табиғи байлық пен 

қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау туралы қамқор-

лықты қамтиды. Бұл дұрыс істелді деп ойлаймын.

Парламент  туралы  конституциялық  ұйғарымдар 

неғұрлым  түпкілікті  өзгерістерге  ұшырады.  Біздің 

әлемдік тәжірибеге сүйеніп, оны реформалау жөнін- 

дегі  бұрынғы  әрекетіміз  жартыкеш  шаралар  болып 

шықты.


Президенттік республика жағдайындағы парламент 

– құзыры айқын белгіленген, халықтың шынайы қам-қа-

рекетімен өмір сүретін және оның мүдделерін қорғау- 


670

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


шы  демократияшыл  әрі  баршаға  түсінікті  заңдарды 

қабылдайтын таза заң шығарушы орган.

Сондықтан біз көптеген елдерде тексерілген екі пала-

талы парламент құру жолына түстік. Бұрын бұл идеяны 

депутаттар қабылдамаған болатын. 

Қазір елде заң шығарумен байыпты да жемісті түрде 

айналысатын, саны жағынан ықшам, екі палаталы заң 

шығарушы орган құру көзделіп отыр. Биліктің басқа 

тармақтарына  парламенттің  бұрынғыдай,  көбінесе 

негізсіз қысым жасауына жол бермеу үшін оның заң 

шығару қызметінің ауқымы Конституцияда егжей-тег-

жейлі белгілеп берілген. Әр биліктің өзгелер таласпай-

тындай өз тауашасы болады.

Біріншіден, бұл орган баршаға түсінікті «Парламент» 

деген  сөзбен  аталады.  Жоғарғы  палата  «Сенат»  деп 

аталады да, барлық облыстық мәслихаттар депутатта-

рының жиналысында әрбір облыстан және астанадан 

екі адамнан жанама түрде сайланады. Төменгі палата 

тікелей сайлау жолымен 55 депутаттан құралады. Ол 

«Мәжіліс» деп аталады.

Сірә, Президенттің Сенатқа 7 депутатты тағайындауы 

белгілі  бір  күдік  туғызуы  мүмкін.  Мұндай  практика 

Азия мен Латын Америкасы елдері үшін әбден үйрен-

шікті. Ал оның мәні заң шығарушы органда әлдебір 

«президенттік қосын» құру ниетінде емес. Бұл – депу-

таттардың кәсіпкерлік, бәлкім, тіпті ұлттық құрамын 

нығайту жолдарының бірі. Қиялға берілмей-ақ қояйық 

– депутаттар корпусының пәрменді жұмысын қалыптас- 

тыру ісі ұзаққа созылады, сондықтан оны мемлекеттік 

тұрғыдан  ойлайтын  жігерлі,  лайықты  адамдармен 

ұдайы толықтырып отыру әбден орынды. Әрі 7 адам 

сенаттың шешімдерін қабылдауда басым ықпал жасай 

алмайды. 


671

Сіздердің назарларыңызды тағы бір елеулі екі нәрсеге 

аударғым келеді.

Біріншіден,  екі  палаталы  парламенттің  конститу-

циялық  жұмыс  істеу  тетігі  палаталардың  бірлескен 

мәжілістері  мейлінше  сирек  құбылыс  болатындай 

етіп  жобаланған,  ал  негізгі  еңбекті  көп  керек  ететін 

заң шығарушылық жұмыс тікелей палаталарда жүр-

гізілетін болады.

Екіншіден,  жинақталған  теріс  тәжірибені  ескере 

отырып, депутаттың конституциялық мәртебесі айтар-

лықтай өзгертілді. Ол өзін өзі айрықша тұлға ретінде 

сезінбейтін халықтың шын мәніндегі қызметшісі дәре-

жесіне қойылады. Ол өзінің жұмысы үшін нақты жауап 

беруге тиіс және салақсып өз міндеттеріне немқұрайды 

қараған  жағдайда  парламент  палаталарының  өзінде 

жазалау шараларына тартылуы мүмкін. «Депутаттық 

мерзімін өтегендер» үшін бұрынғыдай қамқоршылық 

болмайды: олардың бұрынғы лауазымына ешкім ке- 

пілдік бермейді. Айтпақшы, барлық өркениетті елдерде 

осылай қабылданған. Өйткені бұл кәсіптік парламент 

қой. Сондықтан оған парламенттің мүшесі рөліндегі 

қызметті өзінің өмірлік жолына айналдыруды көздеген 

адамдар баруға тиіс.

Оның  үстіне,  мемлекет  басшысының  өкілеттігін 

мерзімінен бұрын тоқтату тетігіне қарама-қарсы шара 

ретінде  парламенттің  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын 

тоқтатудың негіздері мен тәртібі тұжырымдалған. Бұл 

әдепті түрде, елді сайлаудың әуре-сарсаңына салмай-

тындай  және  парламенттің  тұрақтылығына  нұқсан 

келтірмейтіндей етіп жасалды.

Үкіметтің мәртебесі де жаңартылады. Министрлер 

Кабинеті  туралы  конституциялық  заңның  жоқтығы 

оның практикалық жұмысында, Президентпен, парла-



672

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ментпен, жергілікті органдармен өзара іс-қимылында 

көптеген проблемалар туғызып отыр. Сондықтан осы-

ның бәрін айқын конституциялық негізге қою қажет 

екені түсінікті.

Жаңа Конституция жоғары мемлекеттік органдар-

дың жүйесінде үкіметтің тиісті орнын нақты айқын-

дайды, сөйтіп, Министрлер Кабинетінің мүшелері бірде 

Президентке, бірде парламентке жалтақтап, іс жүзінде 

екі әміршінің қызметшісі болып келген екіұдайлықты 

жояды.


Қазіргі  Конституциядан  айырмашылығы  –  мұнда 

үкіметтің негізгі функциялары нақты тұжырымдалған, 

ел  Президентінің  жаңа  мәртебесіне  сай  үкімет  қыз-

метінің  негізгі  бағыттарын  айқындайтын  және  оның 

нәтижелері үшін жеке жауап беретін Премьер-мини-

стрдің өкілеттігі кеңейтілген.

Парламент пен үкіметтің өзара қарым-қатынасында 

тежемелік пен теңгермеліктің аса елеулі тетігі енгізіледі.

Біріншіден,  Президент  Премьер-министрді  пар-

ламенттің келісімімен тағайындайды. Бұл болашақта 

парламент  сайлауында  жеңіп  шыққан  партияның 

пікірін  ескеруге  мүмкіндік  береді  әрі  Президенттің 

үкімет мүшелерін тағайындауы кезінде де ескерілетін 

болады. Екіншіден, Министрлер Кабинеті өзінің заң 

жобаларының парламентте өтуіне белсенді түрде ықпал 

етуге және, айталық, елдің қалтасы көтермейтін заңдар-

дың қабылдануына кедергі жасауға мүмкіндік алады. 

Парламент үкіметтің қызметіне бақылау жасау мүмкін-

дігіне ие және үкіметтің бүкіл құрамына немесе оның 

кез келген мүшесіне сенімсіздік білдіру құқығы бар, ал 

сенімге лайық болмағандар осыдан кейін қызметінен 

кететіні туралы Президентке арыз беруі тиіс.



673

Ақыр аяғында, үкімет мүшесінің конституциялық 

мәртебесі,  оның  жауапкершілік  негіздері  мен  рәсімі 

алғаш рет белгіленіп отыр.

Конституцияны  жасау  барысында  өкімет  билігін 

оның тармақтары арасында бөлу ғана емес, сонымен 

бірге, оның ақылға сыйымды тепе-теңдігін қамтамасыз 

ету міндеті де тұрды. Атап айтқанда, Конституцияның 

үкіметшіл болып шығуына жол бермеу керек болды. 

Билік те сынаптай сусымалы болып келеді. Оның бір 

тармағының әлсіреуі екіншісінің күшеюіне соқтырады 

және  бұл  міндетті  түрде  елеулі  проблемалар  туғы-

зады. Үкіметтің бір жақты күшеюі парламентті ғана 

әлсіретіп қоймай, белгілі бір жағдайда Президентті де 

бейнелі тұлғаға айналдырып жіберуі мүмкін, ал бұл 

сырт қарағанда бәрі де орны-орнында сияқты көрінетін 

болады. Мұндай жағдай да ескерілді.

Енді сот билігі туралы. 

Конституцияның оны реформалау туралы ережелері 

асқан қиындықпен және пікірлердің тым кереғарлығы 

жағдайында өтті.

Басқа  тараулардың  бірде-бірінде  жаңаға  қарсы 

тұрушылық адам табиғатында әу бастан-ақ бар екендігі 

дәл осындай анық көрінген емес. Бірақ сот құрылысы 

мен іс қарау қағидаттарын бұрынғыдан жақсы ұйымдас- 

тыруға деген түбегейлі бетбұрыстың мүмкіндігі бұдан 

кейін  болмайтынын  және  сол  мүмкіндікті  жіберіп 

алмау  керектігін  жұрттың  бәрі  де  түсінді.  Жобада 

соттардың қызметіне заңда ескертілген іс жүргізу фор-

маларында қадағалауды жүзеге асыратын азаматтық, 

қылмыстық,  әкімшілік  және  соттарға  қарасты  басқа 

да істер жөніндегі елдің ең жоғары сот органы ретінде 

Жоғарғы сотты құру көзделген. Оған сот практикасының 


674

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мәселелері бойынша міндетті түрде түсінік беру құқығы 

беріледі. Бізді бұған шет елдердегі сот билігін ұйымда-

стыру тәжірибесін зерттеу мен соттарды біріктіру едәуір 

нақты іс екендігі және бұдан олардың жұмысындағы 

тұрақтылықтың бұзылмайтындығы туралы жасалған 

байыпты қорытынды итермеледі.

Конституция  сот  жүйесін  қалыптастыру  тәртібін 

түбірінен өзгертеді.

Әңгіме, ең алдымен, сот жүйесінің жоғары буынын 

Президенттің  ұсынысы  бойынша  парламенттің  сай-

лайтыны қағидаттары туралы да, одан төменгі барлық 

судьяларды мемлекет басшысының тағайындайтыны 

туралы да болып отыр. Бұл жағдайда судья өз қызметі 

үшін  ешкімнің  алдында  жауап  бермейтін  бұрынғы 

практика тоқтатылып, мемлекет атынан сот жүргізу 

үшін судья мантиясын кимек болғандардың даярлық 

деңгейін тексеру мүмкіндігі пайда болады. Әрбір судья 

әділет алқасындағы тәуелсіз біліктілік аттестациясынан 

өтуге тиіс болады.

Судьяларды  тағайындау  екі  бірдей  мүлдем  жаңа 

органның – парламент палаталары өз өкілдерін таға- 

йындайтын  Жоғары  сот  кеңесі  мен  Әділет  біліктілік 

алқасының барынша белсенді рөлі аясында жүргізілетін 

болады.  Мұның  өзі  судья  өкілеттігін  беруді  әлдебір 

құпия әрекетке емес, неше түрлі айла-шарғыларға жол 

берілмейтін айқын әрі демократиялық үдеріске айнал-

дырады.  Бұл  орайда  неше  түрлі  айла-шарғылардың 

жүзеге асуы мүмкін емес. Сонымен бірге, Конституци-

яда судьялардың тұрақты түрде жұмыс істейтіні атап 

көрсетіледі, олардың тәуелсіздігі заң арқылы қорғалады.

Жобада Конституцияны дербес сот қорғауы инсти-

туты сақталады, ол Конституциялық сот түрінде көрі-



675

неді. Сонымен бірге, бұрын ол өзінің заңдық қызметіне 

нұқсан келтіре отырып, белгілі бір саяси функцияларға 

ие  болуға  ұмтылғанын  да  ескеру  қажет.  Бұл,  тұтас- 

тай  алғанда,  осы  органның  құқықтық  мәртебесінің 

пысықталмағанын  білдіреді.  Бұған  қоса,  тіпті  оның 

үстінде кассациялық орган да жоқ. Бір топ адам бәрін 

өздері шешіп, оларға ешкім қарсылық білдіре алмай-

тынына жол берілмегені жөн. Бұл жерде ойланарлық 

жайлар бар.

Прокуратура туралы нормаларға жеке тоқталғым 

келеді. Әділ соттың бұл органына қатысты бастапқы 

сәт мынадай болатын: қоғамды реформалаудың қазір 

жүріп жатқан үдерістері табысқа жетуі үшін, біртұтас 

құқық  қолдану  практикасы  мен  заң  бұзушылықтың 

жолын шұғыл кесуді қамтамасыз ету және нығайта түсу 

талап етіледі. Сондықтан Конституция прокуратураның 

жұмыс  функцияларын  нақтылап,  қадағалау  қызметі 

саласында  оларды  кеңейте  түседі,  прокуратураның 

өз  өкілеттігін  жүзеге  асыруының  басқа  мемлекеттік 

органдарға,  лауазымды  адамдарға  тәуелді  еместігін 

қуаттайды және оның Конституцияны, адамның және 

азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың 

кепілі ретіндегі Президент алдында ғана есеп беруін 

енгізеді.

Жобада  прокуратураға  қылмыстық  қудалау  қыз-

метін беру көзделмеген. Мұндай шешімнің пайдасына 

дәлелдер бар. Өйткені қазір прокуратура қылмыстық 

істерді өзі қозғап, оларды өзі тергейді және осы істер 

бойынша айыптауды сотта өзі ұстайды, ал бұл, әрине, 

дұрыс емес. Бірақ, сонымен бірге, белгілі бір күдіктер 

де бар. Осы мәселе бойынша сіздердің пікірлеріңізді 

білген жөн болар еді.


676

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Енді жергілікті билікті ұйымдастыру проблемалары 

туралы. Біріншіден, жергілікті басқару туралы ереже-

лерге айрықша өзгерістер енгізілген жоқ. Олар мем-

лекеттік құрылыстың осы саласын реттейтін заңдарда 

толық дамытылатын болады. Екіншіден, бұл орайда 

шын мәнінде толып жатқан нұсқалар бар, сондықтан 

тәжірибені жете талдамай және біздің жағдайымызға 

сай  келетін  жаңа  көзқарастарды  ғылыми  тұрғыдан 

негіздеп алмай тұрып, олардың біреуін даусыз таңдауға 

болмайды. Өзінің ел мен реформалар тағдыры үшін 

маңызы жағынан бұл заң жобасы Конституциядан кейін 

екінші орын алуға лайық.

Осы  тарауда  жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы 

нормалар алғаш рет пайда болғанын атап өтпекпін. 

Біздің ұланғайыр әрі өңірлерінің даму деңгейі жөні-

нен алуан түрлі елімізде мұндай маңызды саяси және 

қоғамдық институтсыз болу мүмкін емес. Бәрі-бәрін тек 

астанадан немесе жергілікті орталықтан реттеп, шешіп 

отыруға болады деп ойлау шындыққа сай келмейді. 

Адамдардың өз аумағындағы ақылға қонымды дербес 

бастамашылығы өте жемісті болады және бүкіл дүние 

жүзінде жоғары бағаланады.

Енді жаңа Конституцияны қалай қабылдау керек-

тігі туралы. Қазір күшіндегі Негізгі заң парламенттік 

жолмен, яғни республиканың Жоғарғы Кеңесі арқылы 

қабылданғаны  баршаға  белгілі.  Бұдан  бұрын  да 

айтқанымдай, осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын 

тыныштық пен қоғамдық келісімді сақтау үшін депу-

таттар корпусымен белгілі бір мәмілеге келуге мәжбүр 

болдық. Алайда, уақыт көрсеткеніндей, бұл мәміле бізге 

тым қымбатқа түсті, соның салдарынан біз қазір бәрін 

қамтитын конституциялық реформа алдында тұрмыз.



677

Осы жылдың нәтижесіне баға беру қиынға түсетін ең 

маңызды саяси оқиғасы туралы әңгіме болып отырғанын 

сезінгендіктен, мен жаңа Конституцияны қабылдау мәсе-

лесінде біздің тек бір ғана таңдауымыз – халыққа, оның  

еркін білдіруіне жүгінуіміз керек деген даусыз қорытын- 

дыға келдім.

Конституция жобасын референдумға шығару мей-

лінше табиғи және заңды шешім болады, себебі мемле-

кеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің 

иесі  –  халық.  Сондықтан  енді  Қазақстанның  қандай 

Конституциясын қалайтынын референдумда азаматтар-

дың өздері шешсін. Тек сонда ғана ол нағыз халықтық 

болады, тек сонда ғана біздің Конституциямыз билік 

үшін қоғамның өзі белгілеген тәртіп ережелері деп айта 

алатын боламыз.

Референдум арқылы жаңа Конституцияны қабыл-

дау  барлық  қазақстандықтарды  аса  маңызды  саяси 

шешімнің  қатысушысы  етеді  де,  олар  одан  әрі  сырт 

бақылаушы  емес,  елдің  Негізгі  заңының  ережелерін 

сақтауға және оны мүлтіксіз орындауға жауапты әрі 

мүдделі адамдарға айналады.

Нақ сол бүкілхалықтық дауыс беру оқшауланудың, 

топшылдық пен жершілдік мүдделердің ықпал етуінің, 

өзгенің сойылын соғудың небір қитұрқыларының орын 

алуына ешқандай мүмкіндік қалдырмайды, ал егер біз 

конституциялық реформаны жүзеге асырудың парла-

менттік немесе басқа жолымен жүрген болсақ, мұндай 

келеңсіз құбылыстар сөзсіз ұшырасқан болар еді. Оның 

үстіне, жұрттың бәрі сілтеме жасауды ұнататын әлемдік 

тәжірибе де конституцияларды референдум арқылы 

қабылдау неғұрлым демократиялық және мейлінше 

кең тараған жол екенін көрсетеді.


678

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Сонымен,  Қазақстанның  жаңа  Конституциясын 

референдумда  қабылдау  –  бірден-бір  сенімді  және 

ықтимал жалғыз жол екендігіне ешқандай күмәнім жоқ.

Біздің еліміз бүкіл адамзат келе жатқан жолға түп-

кілікті  және  біржолата  бет  бұрды.  Сондықтан  жаңа 

Конституция қоғамдық келісімнің өрісін кеңейте түсуге 

жағдай жасап, Қазақстан халқының жалпы адамзат өрке-

ниетінің дамуына өзіндік үлесін қосуға деген шешімін 

нығайта түседі. Еліміздің Конституциясы мен заңдарын 

қатаң ұстана отырып, қазіргі және келер ұрпақ үшін 

талмастан еңбек ету арқылы біз өзіміз өсіп-өркендеген 

Қазақстанды мұра етіп қалдыратын болашақ ұрпақтың 

алғысына бөленетінімізге сенімдімін.

Жаңа Конституцияның негізгі сипаттары осындай. 

Ол біздің көпұлтты мемлекетіміздің стратегиялық мүд-

делеріне сәйкес келетін біртұтас әрі толыққанды құжат 

ретінде жасалды.

Конституцияның осы жобасының көптеген ереже-

лері қазіргі күрделі де қиын уақытта қоғамға дұрыс 

бағдар беруге арналған. Сонымен бірге, оның негізіне 

демократиялық құқықтық мемлекеттің мәңгі жасайтын 

іргелі қазыналары мен өлшемдері алынды. Бірақ бұл 

болашақта өмірге жаңа көзқараспен қарайтын адамдар 

келетінін, жаңа сипаттағы жағдайлар туатынын және 

соған  сәйкес  жаңа  заңдар  пайда  болатынын  теріске 

шығармайды.

Сөзімнің соңында өзім аса маңызды деп санайтын 

бірнеше тұжырымды бөліп атағым келеді.

Бірінші. Қоғамды реформалаумен айналысып жатқан 

мемлекет азаматтық татулық пен саяси тұрақтылық жағда- 

йында өтпелі кезеңнен өтуге тиіс. Осы ереже сақтал-

маған жерде қоғамның өтпелі жағдайы ондаған азапты 



679

жылдарға  созылып,  адамдардың  ойын  реформалар 

емес, күнкөрістің көкейкесті мәселелері жаулап алады.

Екінші. Этностық төзімділікті сақтаудың қоғамдық 

келісім үшін орасан зор маңызы бар екенін айтқанда, 

адамдардың әлеуметтік өкпе мен өшпенділік сезімінің 

құлына айналуына жол беруге болмайтынын ескерген 

жөн.  Мұның  одан  да  зор  бүлдіруші  салдары  болуы 

мүмкін. Міне, осы арада оның қоғамдық қақтығыстарға 

айналуына жол бермеуге тиісті партиялар мен қозға-

лыстардың рөлі аса маңызды болмақ.

Үшінші. Орта жіктің қалыптасуы тек адал еңбекке, 

қабілетке, адамгершілік пен өнегелілікке ғана негізде-

луі тиіс. Тек осындай жағдайда ғана ол жүргізілетін 

реформалардың әлеуметтік ұйытқысына айналатындай 

құқыққа ие болады.

Төртінші.  Біздің  табысқа  жетуіміздің  негізгі  көзі 

табиғи ресурстар мен геосаяси жағдай және шетелдік 

несиелер мен реформалардың бөтен үлгілері ғана емес, 

сонымен  бірге,  прагматизм  мен  өз  күшімізге  деген 

сеніміміз екенін бәріміз түйсінуге тиіспіз.

Бесінші. Қазақстанда дербестендірілген демократи-

яны емес, тұрақты саяси жүйеге, шынайы көппарти-

ялылыққа, бұқаралық ақпарат құралдарының еркін-

дігіне,  адам  мен  азамат  құқықтарының  сақталуына 

негізделген демократияны құру керек.

Сіздердің  көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  алғыс 

айтамын және баяндама мен Конституцияның жобасын 

сындарлы түрде талқылауға шақырамын.

Ассамблея мүшелерінен Конституцияның жобасын 

Ассамблеяда және бүкілхалықтық талқылаудан кейін 

оны республикалық референдумға шығару жөніндегі 

менің ұсынысымды қолдауды өтінемін.


680

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет