Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Бұрынғы Семей ядролық полигонындағы



Pdf көрінісі
бет32/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38

Бұрынғы Семей ядролық полигонындағы  

соңғы ядролық зарядтың жойылуына байланысты 

Қазақстан азаматтарына

ҮНДЕУІ

Алматы қаласы, 

1995 жылғы 26 мамыр

Қымбатты отандастар!

Жақын күндері біздің жерімізде атом қаруын сынау- 

мен  және  орналастырумен  байланысты  Қазақстан 

тарихындағы ұзақ кезеңге түпкілікті нүкте қойылатын 

болады: бұрынғы Семей полигонының аумағында соңғы 

ядролық заряд жойылады.

Көп қасірет шеккен Қазақстан халқы ұзақ жылдар 

бойы халықаралық атом безгегінің бүкіл ауыртпалығын 

көтерумен келді. 45 жыл бойы дерлік Семей даласында 

459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс 



623

жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан 

астам қазақстандықтардың денсаулығы бұрынғы КСРО 

басшылығының ессіз ядролық жанталаса қарулануының 

құрбандығына шалынды. Біздің халқымызға келтіріл-

ген орасан зор материалдық және моральдық зиянды 

есептеп шығу мүмкін емес.

Әлбетте, істің мұндай жайы республиканың тұрғын-

дарына да, оның Президентіне де ұнай қоюы мүмкін 

емес еді. Зардап шеккендердің тән мен жан азабы, біздің 

басымызға  төнген  өткір  семсер  қаупі  менің  парасат 

пайымына, өз жүрегімнің үніне құлақ асуыма түрткі 

болды:  1991  жылғы  тамызда  мен  шешім  қабылдап,  

өз Жарлығыммен Семей ядролық полигонын жапқыз- 

дым.

Алайда  біздің  жерімізде  «қырғи  қабақ  соғыстың» 



аса  қатерлі  мұрасы  –  бұрынғы  әскери  ведомстволар 

полигон  жабылғанға дейін орнатқан соңғы  ядролық 

заряд сақталып келді. Осы қауіптің бар екенін Қазақстан 

мен Ресей мамандарының шағын ғана тобы білді, бірақ 

соған қарамастан, мен, мемлекет басшысы ретінде, оны 

жоюдың мүмкіндіктері жайында үнемі ойластырумен 

келдім. Тіпті ең соңғы болса да, ядролық жарылыс жасау 

туралы  әңгіме  болуы  да  мүмкін  емес  болғандықтан, 

менің тапсырмам бойынша зарядты адамдарға және 

қоршаған  ортаға  қауіпсіз  түрде  жоюдың  нұсқалары 

әзірленді.  Соның  нәтижесінде  мамандар  оңтайлы 

шешім қабылдады: зарядты кәдімгі қопарғыш құрылғы-

сының көмегімен жару ұйғарылды. Бұл орайда ядролық 

жарылыс дейтін болмайды, радиация мен рентген сәу-

лесінің таралу мүмкіндігі толық жойылады. Ядролық 

заряд мамырдың аяғы – маусымның алғашқы онкүндігі 

аралығында жойылмақшы.


624

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Зарядты қайта іске қосу жөніндегі жұмыстың бүкіл 

барысы менің қатаң қадағалауымда болды. Әрі бұл күн-

дері осынау бірегей операцияны аяқтау туралы ақпарат 

үнемі маған келіп түсіп жатты. Сөйтіп, Қазақстан әске-

рилер мен мамандардың іс-қимылына қатаң бақылауды 

қамтамасыз етуде.



Құрметті қазақстандықтар! 

Бірнеше күннен кейін ресейлік және қазақстандық жо- 

йымпаздардың күш-жігерімен біздің мемлекетіміздің 

ядролық өмірбаянына соңғы нүкте қойылады. 

Шынайы тәуелсіздік алғаннан бері біз осы мақсатқа 

табанды да дәйекті түрде жүріп келдік. 1991 жылғы 

желтоқсанда  қабылданған  Алматы  декларациясын 

еске  алайықшы.  Сонда  ядролық  қаруы  бар  респу-

бликалар оған бірлескен бақылау қоюдың тетіктерін 

бірден  айқындаған  болатын.  Содан  кейін  біз  Лисса-

бондағы бесжақты хаттамаға қол қойып, Стратегиялық  

шабуылдаушы қаруды қысқарту және шектеу туралы 

шартты  орындау  жөнінде  өзімізге  жауапкершілік 

алдық.  1993  жылы  тағы  да  бір  тарихи  оқиға  болды: 

Қазақстан Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа 

қосылды да, міне, шын мәнінде нақ сол кезден бастап 

ядролық қаруы жоқ мемлекетке айналды. Қарусыздану 

мәселелеріндегі  түбегейлі  ұстанымымызды  әлемдік 

қоғамдастықтың қолдап отырғанын ядролық держава-

лардан біз алған қауіпсіздік кепілдігі көрсетуде.

Қазақстан  өзінің  халықаралық  міндеттемелеріне 

әрдайым  адал.  Биыл  сәуірдің  аяғында  ажал  сеп-

кіш  соңғы  оқтұмсықтар  республика  аумағынан 

әкетілді. Ендігі жерде қазақстандықтардың еркіндікке 



625

шықпақшы  болып  үрей  туғызумен  келген  ядролық 

диюдан қорықпауына болады.

Ядролық қаруды жоюмен байланысты біздің еліміз 

бұрынғыдан күшейе түсетініне еш күмән жоқ. Өзіміздің 

бейбітшілік пен ынтымақтастық саясатына адалдығы-

мызды паш етіп, біз өз шаңырағымызға тыныштық пен 

тұрақтылықтың рухын орнатып қана қоймай, сонымен 

бірге,  барлық  елдермен  тең  құқықтық  және  жемісті 

үнқату үшін есігімізді айқара аштық, қоғамды реформа-

лаудың, демократиялық, өркендеген мемлекет құрудың 

жолына нық қадам бастық.

Соғыс өртінің түтіні шалмаған мөлдір, таза аспанды 

ең  жоғары  құндылық  санап,  қадір  тұтатын  барлық 

қазақстандықтар  мені  қолдайтынына  берік  сенемін. 

Өйткені ертеңгі күнге сенімді болудан, алаңсыз жұмыс 

істеп, балаларды өсіріп, үйдің шырағын сөндірмеуден 

асқан бақыт жоқ.



Қымбатты қазақстандықтар!

Біздің еліміз өзімізге берілген тарихи мүмкіндікті 

барынша  толық  пайдаланатынына  және  өркениетті 

даму-дың  даңғыл  жолына  шыға  алатынына  сенемін. 

Барлығыңызға  бейбітшілік,  игілік,  бақыт,  жақсылық 

пен тыныштық тілеймін.



626

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі 

конференциясында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Швейцария Конфедерациясы

Женева қаласы, 

1995 жылғы 8 маусым



Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстанның БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі кон-

ференциясына байқаушы ретінде қабылдануы мерзімі 

жағынан  бұрынғы  Семей  ядролық  полигонындағы 

соңғы  ядролық  зарядты  жоюмен  тұспа-тұс  келуінде 

терең нышандық мән бар.

Қазақстанның қарусыздану саласындағы қадамдары 

дүниежүзілік жетекші державалар мен халықаралық 

ұйымдардың жоғары бағасына ие болды және ол бар-

шаға белгілі. АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай және 



627

Франция тарапынан оның қауіпсіздігі мен аумақтық 

біртұтастығына кепілдік берілгені де кездейсоқ емес.

Ал бүгін мен жаңа талаптардың, қарусыздану мен 

дүниежүзілік қауіпсіздік үдерісінің мазмұнына өзімнің 

көзқарасымды  білдіріп,  бүгін  таңда  дүниежүзілік 

қарусыздану мен жаһандық қауіпсіздік үдерісі қандай 

деңгейде  және  ғасыр  соңына  қарай  біз  қандай  жаңа 

талаптарға  жауап  іздеуіміз  керек  дейтін  сұрақтарға 

жауап беріп көрсем деймін.

Қарусызданудың мақсаты қарусыздану үдерісінен 

сырт жатқаны айқын. Бақшашының тек қана гүлмен 

айналысқаны жеткіліксіз. Егер ол аспанға қарап отыр- 

маса, онда дауыл мен бұршақ оны қапы қалдырады.

Дәл  осылайша,  қарусыздану  үдерісі  тиімділігінің 

өлшемдерін қоғам мен адамзат осы үдерістен тысқары-

дан – жасампаздық саласы мен даму саласынан енгізеді. 

Қарусыздану үдерісінің табысты өтуі біздің оқтұм-

сықтар  мен  зымыран  ұшырғыштарды,  танктер  мен 

зеңбіректерді  қанша  пайызға  қысқартқанымызбен 

емес, сонымен бірге, қарапайым адамдарға арналған 

игіліктер өндірудің қаншалықты өскенімен де өлшенеді. 

Шынайы қауіпсіздік қару-жарақ саны азайған жерде 

емес, балалар көп туатын, аналар оларды көп тауып, 

өз  ұрпағының  болашағы  үшін  алаңдамайтын  жерде 

орнамақ. 

Қарусыздану үдерісінің табысты болуы ең алдымен 

халықаралық  қауіпсіздік  жүйелерімен  байланысты 

және ол солардың тиімділігімен айқындалады. Осыдан 

7 жыл бұрын, 1988 жылғы мамырда, БҰҰ-ның қарусыз- 

дану  жөніндегі  ІІІ  арнайы  сессиясында  қарусыздану 

бірнеше қуатты елдердің ерекше жеке жауапкершілігі 



628

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


емес, қайта барлық мемлекеттердің бірлескен ісі деп 

атап көрсетілген болатын.

Осы идеяны бұдан да кең мағынада таратып: халық- 

аралық қауіпсіздіктің пәрменді жаһандық жүйесін құру 

– барлық мемлекеттердің бірлескен ісі, ал қарусыздану 

осындай «дүниежүзілік бірлескен істің» түпкілікті нәти-

жесі деп айтса болар еді. Егер қарусыздануға осындай 

көзқараспен  қарайтын  болсақ,  онда  бүгіннің  өзінде 

бірнеше өте елеулі проблемалардың толғағы жеткенін 

аңғарамыз.

Бірінші  проблема:  халықаралық  қауіпсіздіктің 

қазіргі жүйесі мен қарусыздану үдерістері қаншалықты 

пәрменді?

Егер халықаралық қауіпсіздіктің сапасы туралы бей-

біт халықтың алаңсыздануының объективті көрсеткіші 

ретінде  босқындардың  санына  қарай  пайымдайтын 

болсақ, онда дүние жүзінде соңғы 10 жылда олардың 

саны  жүздеген  есе  артып  кетті.  Мәселен,  егер  1983 

жылы дүние жүзінде өз аумағынан 50 мың тұрғыны 

қашып шыққан 9 ел болса, арада 10 жыл өткенде, мұн-

дай мемлекеттер 31-ге жетті, ал босқындарының саны 

миллионға жақындап қалды. 

Сонымен, қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік 

үдерістерінің  тиімділігіне  баға  берген  кезде,  соңғы 

ондаған жылдардың ішінде дүниежүзілік жанжал әле- 

уеті едәуір өсіп, бұрынғыдан әлдеқайда шиеленісті бола 

түскенін мойындамасқа амал жоқ. Әрі бүгінгі таңда 

осы әлеует тек соңғы ширек ғасырда қысқартылуына 

ерекше көңіл бөлінген ядролық қарулар мен жаппай 

қырып-жою құралдарының дәстүрлі көрсеткіштеріне 

ғана келіп тіреліп отырмағаны айдан анық. 


629

Қазіргі  халықаралық  қауіпсіздік  жүйелері  шие-

леністің өсу үдерісін тоқтата алмайтын болса, оларды 

тиімді деп есептеу қиын екені де дәл сондай даусыз.

Қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздік жүйесін 

құру үдерістері соғыстан кейінгі 40 жыл ішінде өзінің 

айтарлықтай табысты болғанын көрсетіп отыр. Алайда 

1980-ші жылдардың ортасынан бастап біз мүлдем жаңа 

дүниежүзілік  үдерістерге  –  КСРО-ның  ыдырауына, 

Варшава шарты ұйымының таратылуына және халық- 

аралық қауіпсіздіктің қазіргі жүйелерін құру кезінде 

мүмкіндіктері еске алынбаған басқа да үрдістерге куә 

болдық.

Сөйтіп, қазіргі халықаралық қауіпсіздік жүйелері 



мен олардың шеңберінде жүргізіліп жатқан қарусыз- 

дану ісі қайта ой елегінен өткізіп, елеулі түрде жетіл-

діруді талап ететіні барған сайын айқын болып келеді.

Мұның  соңғы  дәлелі  –  Балқандағы  барған  сайын 

өрши түсіп отырған жанжал. Халықаралық қауіпсіздік 

ұйымдарының барлық күш-жігеріне қарамастан, бұл 

ошақ әлі жалындап жатыр. Ол біздің көз алдымызда 

баяғыда-ақ жергілікті шиеленістен аймақтық жанжалға 

айналды. Әрі таяудағы уақыттың ішінде ол құрлықтық 

ауқымдағы жанжалға айналып кететін қаупі бар.

Сірә, мұндай жанжал ошақтары бастапқы кезеңінде 

– аймақтық деңгейде басылуы керек болар. Әрі оны 

нақ  сол  аймақтық  қауіпсіздіктің  тиімді  жүйелерінің 

күшімен жасау керек. Сонда біз қазір бұрынғы Югосла-

виядан көріп отырғанымыздай, аймақтық шиеленістің 

құрлықтық  және  жаһандық  жанжалға  ұласып  кету 

ықтималдығы едәуір кеміген болар еді.

Бұдан халықаралық қауіпсіздік жүйелерін құру мен 

қарусыздану үдерістерінің 1980–1990-шы жылдардағы 


630

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


белгілі талаптарға жаңаша қарауды қажет ететіні көрі-

неді.


Екінші проблема: осы ғасырдың аяғына қарай дүние- 

жүзілік жанжал әлеуетін өзгертудің үрдістері қандай?

Егер  өңірлік,  құрлықтық  және  жаһандық  халық- 

аралық қауіпсіздік жүйелері мен олардың шеңберінде 

жүретін  қарусыздану  үдерісі  негізінен  алғанда  оған 

кіретін елдер мен мемлекеттер тобының экономикалық 

және стратегиялық мүдделерінен туындайтынын мо- 

йындасақ қана, бұған жауап табуға болады.

Тарих бізге халықаралық қауіпсіздік жүйесі әрқашан 

да оған қатысушы елдердің бірлескен мүдделерін және 

ең алдымен экономикалық, сондай-ақ геоэкономика-

лық, геоқаржылық және геостратегиялық мүдделерін 

түсінуге негізделіп құрылғанын көрсетеді. Сондықтан 

ғасырдың  аяғына  қарай  дүниежүзілік  шиеленіс  әле- 

уетінің өзгеру үрдістері 1990-шы жылдардың аяғындағы 

дүниежүзілік геоэкономикалық үрдістерімен айқында-

латын болады.

Соңғы онжылдық ішінде жаһандық геоэкономика-

лық үрдістер үш ірі жаңа әлемдік шаруашылық орта-

лықтарының – Солтүстік Америкадағы, Батыс Еуропа-

дағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы орталықтардың 

құрылуымен байланысты екені айқын болды. Келесі 

ғасырда, сірә, Африка құрлығы да «оянатын» шығар. 

Дүниежүзілік ықпал жасаудың осы үш орталығының 

негізгі сұлбаларын нақтылай түсу, бәлкім, осы ғасырдың 

аяғында – келесі ғасырдың басында аяқталатын болар.

Дүниежүзілік  шаруашылық-экономикалық 

күштердің жаңа тепе-теңдігін іздестіру дүниежүзілік 

жаңа  стратегиялық  тепе-теңдікті,  соның  ішінде 


631

қауіпсіздік жүйелері саласындағы және олардың шең-

берінде  жүретін  қарулану  мен  қарусыздану  үдеріс- 

теріндегі  тепе-теңдікті  іздестіруге  апарып  соғатыны 

әбден түсінікті. Егер осы үрдістер өсе түсетін болса, 

онда ғасырдың аяғына қарай дүниежүзілік шиеленіс те 

өсе түсіп, бізге жаңаша талаптар қоятын болады деуге 

барлық негіздер бар.

Бұдан  халықаралық  қауіпсіздік  пен  қарусыздану 

жүйелерін  құру  жөніндегі  «дүниежүзілік  бірлескен 

іс» 1990-шы жылдардың соңындағы жаңа талаптарға 

жаңаша қарауға төселу үшін қазірдің өзінде барлық 

күшін жұмылдыруы тиіс екендігі келіп шығады.

Үшінші проблема – үшінші дүние өкілдерінің қару-

сыздану жөніндегі келіссөздерге қатысуы.

Қарусыздану  жөніндегі  барлық  басты  келіссөз-

дер әзірге үшінші әлемнің өкілдерінің қатысуынсыз, 

Шығыс пен Батыстың аса ірі мемлекеттерінің арасында  

өткізіліп келгені баршаға аян. Ал мұндай көзқарас 1990-

шы  жылдардың  аяғында  қаншалықты  тиімді  болуы 

мүмкін?

Батыста  Еуропадағы  қауіпсіздік  және  ынты-



мақтастық  ұйымына  (ЕҚЫҰ)  да,  НАТО-ның  ресурс-

тары  мен  құрылымдарына  да  сүйенген  халық- 

аралық қауіпсіздіктің жаңа жүйелерін құру үдерісі өтіп 

жатқаны бізге Еуразия кіндігінен жақсы көрініп отыр.

Ал Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтас- 

тығы  (АТЭЫ)  форумына  қатысушылар  Азия  елдері 

шығыста  және  оңтүстік-шығыста,  бәлкім,  өздерінің 

дербес құрылымдары шеңберінде саяси және әскери 

өзара ықпалдастық жолдарын іздейтін болар.

Солтүстікте Ресейден бастап, Оңтүстікте Үндістанға 

дейін Еуразиядағы бірқатар елдердің жаппай сатылас 


632

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қатары, бұған бұрынғы КСРО-ның Орталық Азия респу-

бликаларын, Иран мен Пәкстанды қосқанда, әзірге не 

Шығысқа, не Батысқа қосылмайтынын аңғару қиын емес.

Еуразия орталығының сатылы меридиан бойынша 

орналасқан біртұтас геосаяси елдер белдеуі «белгісіздік 

белдеуі» немесе «күту белдеуі» болады.

Осы «белгісіздік белдеуіне» кіретін елдердің іштейгі 

алуан  тектілігіне  қарамастан,  олар  Азиядағы  немесе 

Еуразиядағы күштер тепе-теңдігіне ғана емес, сонымен 

қатар, дүниежүзілік геосаяси тепе-теңдікке ықпал ете 

алатын ықтимал ресурстар тұрғысынан алғанда, өзінше 

біртұтас топты құрайды.

Еуропадағы, әсіресе, Азиядағы қауіпсіздік пробле-

малары,  Батыс  Еуропа  мен  Оңтүстік-Шығыс  Азия-

дағы  дүниежүзілік  шаруашылық  орталықтарының 

арасындағы өзара ықпалдастық проблемалары елеулі 

түрде осы геосаяси «белгісіздік белдеуі» елдерінің өз 

ұстанымдары мен бағдарын қалай айқындауына бай-

ланысты болады.

Осы елдердің ішіндегі ең ірісі және ең қуаттысы Ресей 

екені сөзсіз. Сондықтан нақ оның таңдауы Еуразиядағы 

тұрақтылық пен өзгерістерді елеулі түрде айқындай-

тын  болады.  Жалпы  алғанда,  Ресей  таңдауының  үш 

нұсқасы бар. Біріншісі – Батыс Еуропа құрылымдарына 

қосылу, бірақ оны әзірге оған жібермей отыр. Екіншісі 

– шығысазиялық ұйымдарға қосылу, бірақ онда да оны 

тосып отырған ешкім жоқ. Және үшіншісі – «белгісіздік 

белдеуіндегі» барлық елдерді олардың теңдігі негізінде 

жинап алып, ерекше топты – Еуразия құрлығындағы 

қауіпсіздіктің үшінші жүйесін құру.

«Белгісіздік белдеуіндегі» басқа Азия елдерінің екі 

ғана  таңдауы  бар:  не  Шығыс  тобына  қосылу  немесе 



633

өзінің үшінші қауіпсіздік жүйесін құрып, соның шең-

берінде қарусыздану мәселелерін шешу.

Еуразиядағы қауіпсіздік және қарусыздану жүйесінің 

ауысу  проблемасы  КСРО  ыдырап,  Варшава  шарты 

ұйымы таратылғаннан кейін бұрын байқалмаған тағы 

бір  жаңа  қырынан  көрінеді.  Бұрынғы  социалистік 

лагерьдің жаңа тәуелсіз мемлекеттерінің көпшілігі бүгін 

таңда, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздіктің өзіндік жеке 

ресурстарын құру туралы ойластыруда.

Осы  жаңа  факторды  «жаңа  дербес  қауіпсіздік» 

ретінде анықтауға болады. Ол осы елдердегі қару-жа-

рақтың өсуімен бірге өспей тұра алмайды. Әлбетте, 

әуелі өзіңе және өзіңнің қарулы күштеріңе сеніп, содан 

кейін ғана әлдебір қауіпсіздік жүйесіне және қарусыз- 

дану  үдерісіне  қатысуыңа  иек  артуыңа  болады.  Бұл 

орайда қарусыздану үдерісін кейбір елдер өз қаруларын 

жаңғыртудың  амалы  ретінде  пайдалануы  да  мүмкін 

екенін естен шығармаған жөн.

«Жаңа  дербес  қауіпсіздіктің»  мұндай  жағдайы 

халықаралық қауіпсіздік жүйелерін құрудың мүлдем 

басқа  сызбасын  керек  етеді.  Бұл  жерде  енді  мұның  

жүйелерді  жоғарыдан  құру  жолы  жұмыс  істемейді. 

Сірә, бұл ретте әуелі дербес қарулы күштерді, содан 

кейін қауіпсіздіктің аймақтық жүйесін құрып, тек содан 

кейін халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі құрлықтық 

және жаһандық жүйелері мен қарусыздану жөніндегі 

тиісті үдерістерге қосылу оңтайлы болмақ.

Бұдан келіп жаңа геосаяси жағдайдың халықаралық 

қауіпсіздік жүйелерін құру мен қарусыздану үдерісінде 

дамушы елдерге немесе үшінші әлем елдеріне жаңа рөл 

атқаруды жүктейтіні туындайды.



634

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Уақыттың  өзі  Біріккен  Ұлттар  Ұйымынан  және 

қарусыздану мен халықаралық қауіпсіздіктің басқа да 

дүниежүзілік  құрылымдарынан  ең  алдымен  өңірлік 

қауіпсіздіктің тиімді жүйелерін құруға және қамқорлық 

жасауға, ал соның негізінде қазіргі бар құрылымдарды 

өзгертуге  немесе  халықаралық  қауіпсіздіктің  кон- 

тиненттік  жаңа  құрылымдарын  құруға  басты  назар 

аударуды талап етіп отыр.

Еуразия материгіндегі қауіпсіздік проблемаларына 

жасалған талдау үшінші әлем елдері немесе дамушы 

елдер қарусыздану жөніндегі барлық келіссөздер үдері-

стеріне  тең  дәрежеде  қосылуға  тиіс  екенін  көрсетіп 

отыр.  Мұның  өзі  үлкен  мемлекеттерге  тән  осындай 

үдерістерді тым артық идеологияландырудан арылуға 

мүмкіндік береді. Және де қауіпсіздік пен қарусызда-

нудың халықаралық жүйелеріне жаңа сын-қатерлерге 

жаңа болжалды көзқарас ұсына алады.

Халықаралық  қауіпсіздік  пен  қарусызданудың 

жоғарыда аталған үш проблемасына өзіндік көзқара-

сын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Еуразиядағы 

халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі 

қауіпсіздік пен қарусыздану жүйелерін құрудың үдеріс- 

теріне мақсатты түрде және белсене қатысып келеді.

Біріншіден,  бұл  –  үш  орталықазиялық  мемлекет-

тердің – Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның – 

Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау 

жөніндегі күш-жігерін біріктіру саясаты.

Екіншіден, бұл – Қазақстанның ТМД шеңберіндегі 

халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану саласындағы 

белсенді бірігу саясаты.

Үшіншіден, бұл – Қазақстанның АӨСШК шақыру 

жөніндегі бастамасы. Бұл қауіпсіздік пен ынтымақтас- 



635

тықтың қазіргі заманғы құрылымдарын құру жөніндегі 

ұзақ мерзімді жұмыс, ал кезі келгенде оның шеңберінде 

Азия құрлығында қарусыздану жөніндегі келіссөздер 

бастауға болады.

Төртіншіден,  бұл  –  Қазақстанның  ЕҚЫҰ  жұмы-

сына, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасына, 

ЯҚТШ-ға,  СШҚ-1  келісіміне,  сондай-ақ  қарусыздану 

жөніндегі комиссия шеңберіндегі жұмыстарға қатысуы.

Қазақстан өзінің халықаралық қауіпсіздік пен қару-

сыздану  мәселелері  жөніндегі  барлық  практикалық 

сыртқы  саяси  қадамдарында  жаңаша  көзқарастың 

жоғарыда аталған екі қағидаттарын басшылыққа алады.

Алғашқысы:  «жаңа  геоэкономикалық  үрдістерді 

түсінуден қазіргі халықаралық қауіпсіздік жүйелерін 

жетілдіру және жаңа жүйелерін құру арқылы қарусыз- 

данудың жаңаша көзқарастарын іздестіруге дейін».

Екіншісі:  «өңірлік  қауіпсіздік  жүйелерін  құрудан 

құрлықтық қауіпсіздік жүйелерін жақсарту мен жаһан-

дық қауіпсіздік жүйелерін жетілдірудің тиімді үдеріс- 

терін іздестіруге дейін».

Халықаралық  қауіпсіздік  пен  қарусызданудың 

жаңаша көзқарасын әзірлеуге деген осындай көзқарас 

1990-шы  жылдардың  соңындағы  –  келесі  ғасырдың 

басындағы жаңа талаптарға балама жауап табуға мүм-

кіндік береді.

Осынау ортақ мәселелерді шешіп алмайынша, біз 

әрқашан  қарусызданудың  жеке  практикалық  мәсе-

лелері  шеңберінде  кедергілерге,  күтпеген  жайларға  

және  шешілмейтін  түйіндерге  кездесе  беретін  

боламыз.

Қарусыздану  жөніндегі  конференция  өмірдің  өзі 

алға қойып отырған осы мәселелерді шешуден аттап 


636

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


өте алмайды және кезі келгенде оларға лайықты жауап 

таба алады.

Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік пен қарусыз- 

дану саласындағы практикалық іс-қимылы ең алдымен 

осы саладағы республика қол қойған және қатысып келе 

жатқан барлық халықаралық шарттар мен келісімдерді 

сөзсіз  және  толық  орындауға  бағытталған.  Оның  ісі 

нәтижесінен көрінуде. 

Қазақстан осыдан 5 жылдай бұрын ТМД елдерінің 

ішінде бірінші болып өз аумағынан барлық тактика-

лық ядролық қаруды алып шықты. Ол Лиссабон хат-

тамасына қатысушы елдердің арасында бірінші болып 

ЯҚТШ-ға  ядролық  қарусыз  мемлекет  мәртебесімен 

қосылды. Семей ядролық полигонын жапты.

Биылғы сәуір айында республика аумағынан 1200-

ден астам құрлықаралық баллистикалық зымырандар-

дың ядролық оқтұмсықтары шығарылды. Мамырдың 

31-інде  Семей  полигонындағы  жер  астында  қалған 

соңғы ядролық заряд жойылды.

Сөйтіп,  Қазақстан  жері  ядролық  қарудан  толық 

тазартылды. 

Менің елімнің нақ осы практикалық қадамдары мен  

біздің барлық қол қойылған халықаралық келісімдерге  

деген бекем адалдығымыз бізге халықаралық қауіпсіздік 

пен  қарусыздану  проблемаларына  жаңаша  көзқа-

растарды іздестіру қандай негізде және қалай жүзеге 

асырылмақ деген сұрақ қоюымызға мүмкіндік береді. 

Біздің  осындай  берік  ұстанымымыз  менің  өзіме  де, 

өзгелерге де осы айтылған сұрақты қоюыма негіз береді.

Әрине, осы үш проблеманы шешу белгілі бір ретте 

осы сессияға қатысушылардың және, жалпы алғанда, 

қарусыздану жөніндегі конференцияның құзыры шең-



637

берінен шығып жатуы да мүмкін. Нақ осыны айқын 

сезінуім менің сессияға қатысушыларға сөз арнауыма 

мүмкіндік  береді,  өйткені  қарусыздану  үдерісіндегі 

нақты табыстар, ең алдымен, осы залда отырғандар-

дың  бәрінің,  бейнелеп  айтқанда,  «қарусыздану  мен 

қауіпсіздік  жөніндегі  дүниежүзілік  бірлескен  іске 

тынымсыз  қызмет  ететіндердің»  барлығының  жеке 

күш-жігеріне, бай тәжірибесіне және дарынына бай-

ланысты екеніне мен кәміл сенімдімін. 

Осы үш проблеманың қойылысы кейбір реттерде 

қарусызданудың  қазіргі  заманғы  үдерістері  туралы 

дәстүрлі түсініктің шеңберінен шығып жатуы да мүм-

кін. Бірақ мен өз сөзімнің міндетін нақ осы қарусыздану 

проблемаларын жаңа қыр көрсетулерге сәйкес көре 

білуді  кеңейтуге,  қарусыздану  түсінігінің  дәстүрлі 

шеңберінен шыға білуге, жаңаша көзқарас негіздерін 

іздестіруге арнадым ғой.

1980–1990-шы  жылдардағы  терең  астарлы  дүние- 

жүзілік өзгерістермен байланысты жаңа жағдай қарусы-

здану жөніндегі конференцияның алдына жаңа талап-

тар қойып отыр. Осы жаңа сын-қатерлердің алдында 

қауқарсыз  болмас  үшін,  оны  дұрыс  түсіну  үшін  біз 

халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану проблема-

ларына деген жаңа көзқарасты табуға тиіспіз.

Осылайша, жаңа жағдайдағы қарусыздану – жаңа 

сын-қатерлерді жаңа болжалды көзқараспен қарулан-

дыру деген сөз. Бұған лайықты жауап біріккен күш-жі-

гер арқылы табылатынына сенімдімін.

Конференция аясында ядролық сынақтарға тыйым 

салу жөніндегі арнайы комитеттің қайта құрылуын құп-

тап, осы саладағы көпжақты келіссөздердің басталуын 

қанағаттанғандықпен атап өтемін.


638

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстанда мыңдаған километр қашықтықтағы жер 

асты құбылыстарын тіркеуге қабілетті қазіргі заманғы 

үш сейсмикалық станса орналасқан. Осы стансаларды 

бақылаудың тиімді құралына айналуы мүмкін монито-

рингтің жаһандық желісіне қосуды ұсынамын. 

Ядролық мемлекеттерді ядролық сынақтарға мора-

торийді тиісті шартқа қол қойылғанға дейін ұзартуға, ал 

сынақты жалғастырып отырғандарды осы мораторийге 

қосылуға шақырамын.


639



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет