Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Қазақстан халықтары Ассамблеясының



Pdf көрінісі
бет33/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38

Қазақстан халықтары Ассамблеясының  

II сессиясында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1995 жылғы 30 маусым

Құрметті Қазақстан халықтары 

Ассамблеясының сессиясына қатысушылар!

Сіздердің бастамаларыңыз бойынша биылғы сәуір 

айында  республика  тарихындағы  тұңғыш  рет  рефе-

рендум өткізілді. Мен Қазақстанның барлық көпұлтты 

халқына және Ассамблея мүшелеріне біздің түбегейлі 

түрде реформаланып жатқан қоғамымыздың аса маңыз- 

ды проблемаларын терең түсінгендері үшін шынайы 

алғысымды білдіремін.

Өз табиғатымнан реалист бола отырып, Президент-

тің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуды 



640

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қолдаған адамдардың біз Қазақстанда қантөгісті жан-

жалдарға жол бермей сақтап келе жатқан тұрақтылық

ұлтаралық және азаматтық келісім үшін дауыс бергенін 

мен жақсы түсінемін. Олар біздің бәрімізге аса қажетті 

қоғамдық татулықты сақтауға кепілдік беретін саяси 

бағытты  жалғастыруға,  демек,  саяси-экономикалық 

және әлеуметтік салалардағы біз жүргізіп жатқан стра-

тегияға дауыс берді.

Қайта  құру  ұранымен  басталған  өзгерістер  бүкіл 

бір ұрпақтың мұраттары мен тағдырларын күйретіп, 

олардың өмір ырғағын елеулі түрде бүлдірді, эконо-

миканы  құлдыратты  және,  соның  салдары  ретінде, 

жүздеген  мың  адамның  әл-ауқаты  төмендеп  кетті. 

Қысқасы, шығын аз болған жоқ және соған қарамастан, 

референдумға  қатысушылардың  басым  көпшілігі 

бюллетеньде қойылған сұраққа «Иә» деп жауап берді. 

Таңғаларлық жай ма? Тіпті де олай емес. Референдум 

нәтижелерін айқындаған қазақстандықтар біздің егемен 

республикамыздың болашағына деген сенімін танытты 

деп ойлаймын.

Сондықтан  мен  референдум  өткізуге  бастамашы 

болған  Ассамблеяға  ризамын.  Айтпақшы,  ол  іс 

жүзінде консультациялық-кеңесші органнан адамдар-

дың  шынайы  мақсат-мұратын  білдіретін,  көпұлтты 

Қазақстан  халқын  бірлікке  жұмылдыратын  белсенді 

қоғамдық институтқа айналып, Ассамблеяның жоғары 

беделін көрсетті. Сондықтан ол туралы жаңа Конститу-

цияда айта кеткен жөн болар ма еді?

Азаматтардың  референдумға  жаппай  қатысуы, 

олардың көзқарастары мен пікірлерінің үйлесуі жаңа 

ғасыр басталғанға дейін елдегі саяси тұрақтылық үшін 

негіз жасап, мемлекет басшысының алдынан тактика-



641

лық қана емес, сонымен бірге, белгілі дәрежеде стра-

тегиялық кеңістік ашты, жүріп өткен жолымызды ой 

елегінен өткізуге және бұдан былайғы ілгерілеуіміздің 

бағдарларын айқындауға мүмкіндік берді.

1992 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде 

қалыптасуы мен дамуының стратегиясында», сондай-ақ 

1993 жылғы «Қоғамның идеялық топтасуы – Қазақстан 

дамуының басты шарты» деген еңбегімде жариялаған 

басты мақсаттарым өзгеріссіз қала бермек. Тек басым 

бағыттарды еске түсіре кетейін. Олар:

– реформаларды ойдағыдай жүзеге асырудың сөз-

сіз саяси шарты ретінде тұрақтылық пен ұлтаралық 

келісімді қамтамасыз ету;

–  меншіктің  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес 

нысандарын үйлестіретін әлеуметтік нарықтық эконо-

миканы қалыптастыру;

– адамның экономикалық еркіндігі қағидатын жүзеге 

асыруға қажетті құқықтық шарттар мен практикалық 

база жасау;

– өзінің барлық азаматтарының жеткілікті әл-ауқат 

дәрежесін қамтамасыз ететін қоғам құру;

–  Қазақстанның  этностық  даралығын  дамыту  мен 

ұлттық-мәдени саналуандығын сақтау;

– демократиялық өзгерістерді тереңдету, саясатта 

пікір алуандығын қамтамасыз ету;

– адамның бостандықтары мен құқықтарын сақтау 

негізінде Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы ла- 

йықты  беделін  қалыптастыру,  әлемдік  экономикада 

бекем шептерге ие болу;

– Қазақстанның мемлекеттік құрылымын президент-

тік сипаттағы демократиялық республикаға айналдыру.



642

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Біз осы бағытта жоспарлы түрде ілгерілеп келеміз. Мен 

осы жиында жағдайды өзімнің қалай көріп отырғанымды 

баяндап, қоғамдық өмірдің басты салаларында референ- 

думның  қорытындыларынан  туындайтын  саясатты 

негіздеп, ең жақын арада республикада демократиялық 

құқықтық мемлекеттің берік іргетасын қалап шығу үшін 

жүзеге асырылуға тиісті жоспарлармен таныстырып 

өтпекпін. Әңгіме, бірінші кезекте, нарықтық даму мен 

мемлекеттік құрылыстың стратегиясы туралы болып 

отыр.


Мемлекеттілік: қалыптасу проблемалары

Қазақстан қазір ТМД-ның барлық елдеріне тән күр-

делі, өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Бұл халықтар-

дың  біртұтас  мемлекетте  бірлесіп  өмір  сүруінің 

дәстүрлеріне,  діл  мен  саяси  мәдениет  ортақтығына, 

әлеуметтік-экономикалық міндеттерді біртұтас халық-

шаруашылық  кешені  шеңберінде  шешу  дағдысына, 

еңбек бөлісу мен өндірістік мамандандырудың жаңа 

деңгейінің жоқтығына байланысты.

1991–1992 жылдары, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде, 

Қазақстанда, Достастықтың басқа да елдеріндегі сияқты, 

жаңа қалыпқа оп-оңай әрі қиналыссыз өте қою жөнін-

дегі утопиялық түсініктер басым болды. Алда тұрған 

жұмыстың бүкіл күрделілігін және оның нәтижелері 

үшін жауапкершілік деңгейін жете бағаламау орын алды. 

Баспасөз бостандығы, халықтың демократиялық жолмен 

еркін білдіруі, ар-ождан мен жиналыстар бостандығы, 

сондай-ақ демократиялық қоғамның басқа да белгілері 

тәрізді ерекше құбылыстармен іс жүзінде алғаш кездес- 

кен адамдардың көпшілігі абдырап қалды. Ал сол кездегі 

кейбір саяси көсемдер, ашығын айтсам, жағдайды өз 

мүддесіне әдейі пайдаланып қалуға тырысты. 



643

Сол кезде Қазақстанды реформалаудың миды ашы-

тарлық және негізінен популистік сипаттағы теориялық 

ізденістерге толы қаншама идеялары, бағдарламалары 

мен үлгілері ұсынылмады десеңізші! Осының бәрі сол 

кездегі іс басындағы билікті көбіне әдепсіз сынаумен 

және  тез  арада  игілікке  жеткізетіні  жөніндегі  оңды-

солды берілген уәделермен бірге адамдарға ақтарылып 

жатты. Әрине, мұның бәрі осы көсемдер мемлекеттегі 

түйінді  қызметтерге  орналасқанда  ғана  орындалмақ 

болатын. Бұл жерде Лев Троцкийдің Алматыда айдауда 

жүріп, Коминтерннің VІ конгресінде социалистердің 

кейбір  сөйлеген  сөздеріне  орай  жазылған  хатының 

бірнеше жолдарын еске түсірген де орынды. Ол доста-

рына: «Көкжиектегі бұлтты түйеге немесе тіпті балыққа, 

ал ханзадаға (яғни, кезекші көсемге) қажет болса, оны 

жеке алынған бір елдегі социализмге және кез келген 

өзіндік бір құймаққа ұқсатып, теориялық дәлелдемелер 

ұсынуға болады», деп жазған еді. Бізде де шамамен нақ 

осылай болды, бірақ ол басқа бір тарихи жағдайда өтті.

Оппозициялықты  жұрттың  көбі  сол  кезде  елдің 

басшылығы  мен  саяси  партиялар  арасындағы  қатаң 

егестің көрінісі ретінде, сөз бостандығын нені болса соны 

айтуға және жазуға болатын мүмкіндік ретінде түсінді, 

тіпті бұл ұлтаралық және әлеуметтік қайшылықтардың 

отын өршіту қаупін төндірсе де солай етті. Оппонент-

терінің ар-намысы мен қадір-қасиетін аяққа басудан 

да  тайынған  жоқ.  Сайламалылықты  шағын  топтық 

мүдделер үшін «өз» кандидатураларын өткізуге деген 

құқық ретінде бағалады. 

Демократиялық  қағидаттардың  бұлайша  бұр-

малануы  қоғамның  оларды  қабылдауға  дайын  бол-

мағандығынан, сондай-ақ демократияның тек маңдай 


644

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тұсын ғана асығыс тұрғызудан туындады да, халықтың 

демократиялық  бостандықтар  туралы  түсініктерінің 

олардың келеңсіз жүзеге асырылуымен алшақтығына 

әкеліп  соқтырды.  Бұл  адамдардың  терең  түңілісін 

туғызды. Олар дәстүрлі мемлекеттік қамқоршылықтан  

айрылудан, құқықтар мен міндеттердің қатаң ұшта-

суынан, өз тағдырын өзі анықтау қажеттігінен қорқа 

бастады.


Бұл кезеңде жұрттың бәрі ескі қоғамды күйретуге 

тырысқан  якобиншілерге  айналды.  Кең  құлашты 

қоғамдық бірлік, қордаланып қалған проблемаларды 

бір  дегеннен  шеше  салатын  демократиялық  басшы-

лар туралы қиял басым болатын. Көптеген көңілдерді 

толыққанды нарықты қиындықсыз-ақ қалыптастыру, 

халықтың тұрмыстық дәрежесін тез арада көтеру, өте 

қысқа  мерзім  ішінде  саяси  бостандықтары  дамыған 

құқықтық қоғам құру жөніндегі желікпе үміт жайлады. 

Қаласаң болғаны, бәрі де оңынан шешіле қалатындай 

көрінді.

Алайда бұрынғы режім күйретіле салысымен көп ұза- 

май батыстағы демократиялар тәрізді азаматтық қоғам 

мен демократиялық мемлекет орнайды деген барлық 

ТМД елдерінің үміті утопия болып шықты.

Бүгінде бұған тоталитарлық қоғамнан шығатын төте 

әрі қысқа жолдың жоқ екені белгілі болды. «Револю-

циялық» құлшыныста тарихтың объективтік заңдары 

ұмыт  болды.  Батыс  өркениетінің  ғасырлар  бойы 

құрылғаны да естен шықты. Онда ұлттық нарық талай 

ондаған жылдар ішінде қалыптасқаны, демократиялық 

құқықтар жолында кескілескен күрестер жүргізілгені, 

парламенттік жүйенің де бір дегеннен оп-оңай қалып-

таса қоймағаны белгілі.



645

Нарыққа тез арада көшу дәмесі де елес болып шықты. 

Нарық көбінесе қарабайыр жайма базарға айналды. 

Меншікті жекешелендіру, оның иесі болмағандықтан, 

пәрменді қызмет атқара алмады. Мемлекеттік бюджет 

несиелік  алаяқтықтың  көзіне  айналды.  Халық  билігі 

ретіндегі демократия көбінесе әртүрлі ықпалды топ-

тардың  билік  жолындағы  күресімен,  жершілдіктің 

күшеюімен алмасты.

Бостандықтың жемісін көп ретте қатардағы азамат-

тар емес, неше түрлі қылмысты және бүлікшіл элемент-

тер пайдаланып кетті. Мойындаудың өзі қиын, бірақ 

қысылтаяң кезеңдегі арсыздықпен баюдың мүмкіндігі 

мемлекеттік аппараттың, құқық қорғау органдарының, 

қаржы-банк,  коммерциялық  құрылымдардың  жыл-

пос өкілдері мен қылмыскер алпауыттарды біріктіріп 

жіберді. Қазір нақ солармен ең қатал күрес жүргізіліп 

жатқаны сіздерге белгілі.

Бастан  кешіп  отырған  әлеуметтік  дағдарыстың 

себептері әзірше әлсіз саяси күштердің тайталасынан 

гөрі, бір жағынан, прогресшіл демократиялық үдеріс 

пен,  екінші  жағынан,  ескі  сананың  көрінісі  ретіндегі 

кертартпа күштер арасындағы қайшылықтардан туды.

Ахуалдың шиеленісуінің мәні адамдардың рефор-

малар мен еркіндікке деген бастапқы ынтасының нақты 

экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  тірек  тауып, 

табандай алмауында. Біз әлі ескі мемлекеттік социализм 

жүйесінің  қуатты  топтамалары  мен  демократиялық 

өмір құрылымының шашыраңқы элементтері мидай 

араласып кеткен көмескі қоғамда өмір сүріп жатырмыз.

Бұл проблемалар неден туындап отыр? Ең алдымен, 

оған қайта құрудың якобиндік кезеңі халықтың рефор-

маларға,  тіпті  демократиялық  ұғымға  деген  сенімін 


646

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


біржола үзуі себепші болды. Біздің бұрынғы жүйеміздің 

шетелдік білгірлерінің бірі сол кездегі ахуалды былайша 

дәл сипаттайды: «Бәрін де істеуге болады, бірақ жаса-

лып  жатқан  ештеңе  жоқ.  Бәріне  де  рұқсат  берілген, 

бірақ еш нәрсені де жүзеге асыруға болмайды».

Гәп мынада: ол кезде Одақ басшыларында түбегейлі 

әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзгерістердің 

ешқандай бағдарламасы болған емес. Кеңестік жүйенің 

іргелі негіздерінің бірде-біріне – КОКП-ның жетекші 

рөліне, мемлекеттік меншік монополиясына, идеоло-

гиялық өктемдікке – күдік келтірілген жоқ. 

Ал  қайта  құрудың  басты  объектілері  нақ  осылар 

болуға тиіс еді. Нәтижесінде жүйені реформалау емес, 

қайта оның заңды күйреуі жүзеге асты.

1991  жылғы  тамыз  айындағы  белгілі  оқиғалардан 

кейін тәуелсіз жаңа мемлекеттердің қалыптасуы мен 

қазіргі және болашақтағы проблемалардың әмбебап 

дауасы  ретінде  егемендік  идеясына  жаппай  еліктеу 

кезеңі басталды. Ашық айтылмағанымен, тәуелсіздік 

туралы жариялап, демократия мен нарық бағытын бел-

гілесе болғаны, барлық қиыншылықтар артта қалады 

деген түсінік болды. Бұл Қазақстанда да орын алды.

Шындық әлдеқайда қатал болып шықты. Ол жари-

яланған  тәуелсіздік  пен  нақты  егемендікке  жетудің 

арасында ұзақ жол жатқанын көрсетіп берді. Демокра-

тия мен нарықты жариялаудан оларды нақты қалып-

тастыруға дейін дамудың күрделі кезеңінен өту керек 

екен. Бұл, әсіресе, 1993–1994 жылдары ерекше түсінікті 

болды. Бұл кезге дейін әлеуметтік топтардың арасы күрт 

ажырап кетті. Қоғам біртұтас емес, өз мүдделері мен 

қоғамның болашақ құрылымы туралы өзіндік түсінік-

тері мүлдем бөлек топтар бар екен.



647

Осы  кезең  ішінде  өздерін  партия  және  қозғалыс 

деп дабырайта атап жүрген, шектен тыс өзімшіл және 

қоғамдық мүдделерден мүлдем аулақ көсемсымақтар 

бастаған  толып  жатқан  ұсақ  топтар  пайда  болды.  

Мемлекеттіліктің  қалыптасуындағы  осындай  дерт 

ақыры  белгілі  болған  екі  бірдей  парламенттік  

дағдарыстан және үкіметтің екі рет отставкаға кетуінен 

көрінді.

Иә, бұл адамдардың реформалардан көңілі қалған, 

терең қоғамдық саяси күйзелістің кезі болды. Бірақ бұл 

сауығу және реформаторлық жолдың барлық қиын-

дықтарын біртіндеп сезіну кезеңі де болды.

Мұның бәрін мен тек атап өту үшін ғана емес, өзімнің 

де қателіктерімді сезініп айтып тұрмын. Бұл жерде тек 

байқап  көру  мен  қателіктерден  тағылым  алу  тәсілін 

пайдалана  отырып,  бұрын-соңды  білмеген  жолмен 

жүргеніміз  арқылы  ғана  ақталуға  болады.  Осының 

бәрін түсіне білгенін биылғы 29 сәуірдегі референдумда 

көрсеткен халыққа рахмет.

Сонымен қатар, 1991–1994 жылдары өмірдің барлық 

салаларында,  елеусіз  болғанмен,  іргелі  сипат  алған 

маңызды ілгерілеулер де болып жатты.

Экономиканы  алайық.  Біздің  өмірімізге  әлі 

толыққанды  болмағанымен,  өз  ережелерін  әкелген, 

республика  ішіндегі  және  мемлекетаралық  шару-

ашылық  қатынастарына  өзінің  түзетулерін  енгізіп 

жатқан нарық келіп кірді. Мысалы, біз ТМД-ның эконо-

микалық кеңістігіндегі үзіліп қалуы өндіріс дағдарысы-

ның тереңдей түсуінің елеулі факторы болған бұрынғы 

шаруашылық байланыстарын қалпына келтіру туралы 

жиі  айтамыз.  Бұрын  бұл  байланыстарды  мемлекет 

жоғарыдан реттеп отыратын, ал қазір олар нарықтық 


648

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жүйе арқылы төменнен реттеле бастады. Немесе тағы 

бір  жайт:  бәсекелестік  пен  оның  салдары  ретіндегі 

тауарлардың сапалылығы мен олардың нақты бағасы 

тәрізді нарықтық атрибуттар пайда болды және мұның 

игі  іс  болғанын  атап  өтпекпін.  Сонымен  қатарласа 

нарықтық инфрақұрылымның жекелеген элементтері 

қалыптаса  бастады,  отандық  кәсіпкерлер  жігі  пайда 

болды. Меншік режімі белсенді түрде алмаса бастады, 

сыртқы  сауда  ырықтандырылып,  ұлттық  валютаның 

жайғасымы нығая түсті.

1993 жылғы қараша айында теңге енгізілген сәттен 

бастап біз елдегі қаржы-экономикалық үдерістері мен 

реформалардың  барысын  нақты  басқара  бастағаны- 

мызды  естен  шығармау  қажет.  Мемлекеттілігіміздің 

нақты қалыптасуы да сол кезде басталды. Қазақстан 

дүние  жүзіне  танылды,  оның  бейбітшіл  мемлекет 

ретіндегі беделі арта түсті. Шетелдік инвесторлар үшін 

біздегі саяси тұрақтылық басты кепіл болды: олардың 

сенім білдіріп, бізге келе бастауы осыдан.

Одан кейінгі бүкіл кезеңде қоғамдық қақтығыстар-

дың  бәрінен  Конституция  мен  заңдардың  негізінде 

өттік. Таяуда өткенмен салыстырғанда мұның маңызы 

аз емес: өзгеше ойлау мен жеке адамды тұншықтыру-

дың бұрынғы практикасының орнын проблемаларды 

шешудің саяси тәсілдеріне және өзгерістердің бейбіт, 

эволюциялық үлгісіне бейілділік басты. 

Мен мұны жаңа мемлекеттілікті қалыптастырудың 

қазақстандық нұсқасының айрықша белгісі деп бағалар 

едім. Біз саяси тайталастың қантөгісті қақтығыстарға 

ұласуына  жол  берген  жоқпыз,  біздегі  парламенттік 

дағдарыстар  қала  көшелеріне  танктерді  шығарудан 

аулақ болды, біз азамат соғыстарына киліккен жоқпыз, 



649

жікшілдік  пиғылдармен  байланысты  шиеленістің 

ушығуына жол бермедік.

Біздің үлесімізге тиген қиындықтар аз емес, бірақ 

басқа  елдердің  басынан  кешкенімен  салыстырғанда, 

өтпелі  кезеңнің  көптеген  сұмдығынан  біз  аман  қал-

дық  және  сол  үшін  мақтана  аламыз.  Сондықтан  да 

мемлекетіміздегі татулық пен тұрақтылықты бағалап, 

көзіміздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. 

Бүгін таңда бұрынғы режімге қайтып оралудың мүм-

кін еместігі баршаға аян деп ойлаймын – экономикалық 

жүйеде, адамдардың санасында және қоғамның әлеу-

меттік құрылымында өте көп нәрселер өзгеріп кетті. 

Міне, сондықтан, 3–4 жылда жүріп өткен жолымызға 

көз жүгірте отырып: халық пен мемлекет үшін тарихи 

мәнділігі жағынан ол ондаған жылдарға барабар болды 

деп анық айтуға болады.

Шынайы демократия, тұрақтылық,  

рухани жаңғыру жолында

Біздің қоғамымыз жаңа, шынайы демократиялық өзге- 

рістердің  табалдырығында  тұр.  Дегенмен,  егер  біз 

құқықтық мемлекет болуды шынымен қаласақ, онда 

Конституцияны  мүлтіксіз  сақтауға  тиіспіз,  өйткені 

ешқандай  жағдай  заңнан  жоғары  болуға  тиіс  емес. 

Өкінішке  қарай,  біздің  идеологиямыз  мемлекеттің 

қоғам мен жеке адамға қатысты құқықтық жүгенсіздігін 

солардың мүдделерін қорғаудың қажеттігі дейтінмен 

өте ұзақ уақыт бойы әрі жиі бүркемелеп келді. Ал сонау 

Қайта  өрлеу  дәуірінің  заңгері  Гуго  Гроций:  «Қажет-

тілік  –  адам  әлсіздігінің  ұлы  бас  сауғалайтын  жері. 

Ол кез келген заңды бүлдіреді», – деп сақтандырған  

болатын.


650

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазір ұзақ мерзімге арналған іргелі құжатты қабыл-

дау алдында тұрғанда, біз жағдайдан, күнделікті қиын-

дықтардан және неше түрлі «өтпелі кезеңнің қажеттілік-

терінен» жоғары тұруға тиіспіз.

Біздің басты мақсатымыз – күшті мемлекет құру, 

бірақ ол өзіндік мәні бар күш емес, барша жұрт мойын-

даған демократиялық бостандықтар мен мұраттардың 

негізінде азаматтарды қорғайтын құрал болуға тиіс. Бұл 

орайда жол біреу ғана – мемлекеттің меншікке деген 

монополиясын  мүмкін  деңгейге  дейін  шектеу,  оның 

басқа түрлерін дамыту және әрбір азаматқа кәсіпкерлік 

еркіндігін беру.

Осыған байланысты әлі күнге дейін «кеңестік шекпен-

нен» шыға алмай, мемлекеттік сектордың мүдделерін 

қорғайтын адвокаттар сияқты болып отырған үкіметті, 

министрліктер  мен  ведомстволарды  жазғыруға  тура 

келеді. Олар меншіктің басқа түрлерімен тығыз айна-

лысып, жеке бизнеске көмектесуі қажет. Заңдар бұған 

мүмкіндік беріп қана қоймай, соған ынталандырып та 

отыр.


Экономикада  пайда  болған  жақсару  жемістерін 

халықтың  әлеуметтік  қорғалмаған  жіктерінің,  ең 

алдымен – табысы аз, еңбекке жарамсыз азаматтардың, 

зейнеткерлер мен оқушылардың көкейкесті мұқтажда-

рын қанағаттандыруға жұмсаған жөн. Ал басқаларына 

келетін болсақ, мемлекет олардың еңбекте және шығар-

машылықта өзін өзі көрсетуі үшін экономикалық дер-

бестігін қамтамасыз етуге міндетті.

Осының бәрін жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюд-

жетті жүйелі және сенімді түрде толықтырып отыру 

керек.  Бұл  жерде  барынша  реттелген  салық  жүйесі 

шешуші рөл атқаруы тиіс. Біз салық қыспағының сал-



651

мағы халықтың экономикалық белсенділігін тұншықты-

рып, қазынаның кірісін қысқартатындай шектен асып 

кетпеуге тиіспіз. Салық төлеуші – ауланатын құс емес, 

мемлекеттің серіктесі дейтін алтынға бергісіз ақиқат 

бар.


Экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету және соның 

негізінде  халықтың  қолын  жақсы  тұрмысқа  жеткізу 

үшін, мен үкіметке биылғы жылдың қарашасына дейін 

1996–2000 жылдарға арналған экономикалық және әлеу- 

меттік дамудың индикативтік жоспарының жобасын 

жасауды тапсырдым. Көптеген егжей-тегжейді қозғап 

жатпай-ақ, ең бастысын айтайын: бұл құжат 1998 жылға 

қарай Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін кемінде екі 

есе арттыру, инфляцияның жыл сайынғы өсу қарқынын 

10 %-ға дейін азайту, 1996 жылға дейін өндірістің өрлеуін 

қалпына келтіру үшін қажетті шараларды айқындауға 

тиіс.


Жасалып  жатқан  осы  бағдарламада  шағын  және 

орта  бизнестің  тиімділікпен  жұмыс  істеуі,  жекемен-

шік кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар мен 

инфрақұрылымды қалыптастыру белгіленді. Сондай-ақ 

халықты әлеуметтік қорғау жүйесін оңтайландыруға, 

оған неғұрлым нақтылық сипат беруге, соның ішінде 

мемлекеттік басқару органдары арасында міндеттеме-

лерді айқын бөлуге және жергілікті органдарға бұрын 

кәсіпорындар  мен  шаруашылықтардың  құзырына 

жатқызылып келген халыққа қызмет көрсету міндет-

терін беруге баса назар аударылатын болады. 

Кеңірек айтсақ, еркін экономика болмайынша, жари-

яланған демократиямыз диктатура туындайтын негізге 

айналады. Жеке тұлғаның, адамдар тобының немесе 

партияның диктатурасы болса да – бәрі бір. Қоғамның 


652

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


құрылымы  қалыптаспаған  және  тұрақтылығы  жет-

кілікті  болмаған  жағдайда  кез  келген  кездейсоқтық, 

оқиғалардың кез келген бұрылысы орын алуы мүмкін.

Жақында  біз  Жеңістің  50  жылдығын  мерекеледік. 

Әлем қазіргі жағдайы үшін кеңес халқының өшпес ерлі-

гіне борыштар. Ал дүниежүзілік қырғынды өршіткен 

Гитлер де өкімет басына демократиялық сайлау арқылы 

келген жоқ па? Және де қазір алуан түрлі экстремистік 

элементтер адамдардың мүдделерін бүркеніп, әр жерде 

билікке ұмтылып жүрген жоқ па? Біз өткеннен және 

осы бүгінімізден тағылым алуға тиістіміз.

Қазақстанда  демократияның  қажетті  саяси  кепіл-

діктері бар. Мен өзіміздің дұрыс даму бағытын таңдап 

алғанымызға  сенімдімін.  Біздегі  көппартиялылыққа 

кепілдік  жасалып,  баспасөз  бостандығы  қамтамасыз 

етілгенінің өзі осыны дәлелдейді. Мемлекеттік билік-

тің  саяси  бағыты  азаматтық  татулық  пен  ұлтаралық 

келісімге бағдарланған.

Өкінішке қарай, біздің адамдардың бәрі бірдей болып 

жатқан өзгерістердің қайта айналмайтынын сезіне бер-

мейді. Республикада қоғамда жеткілікті дәрежеде жап-

пай қолдауға ие болып отырған партиялар әлі қалып-

таса қойған жоқ, ал бұл мемлекеттік билікті қоғамдық 

көңіл-күйді объективті түрде біліп отыру мүмкіндігінен 

айыруда. Бірақ белгілі бір уақыт өтіп, өркениетті саяси 

құрылым  қалыптасқаннан  кейін,  қоғамға  ықпал  ете 

алатын, бағдарламалары мазмұнды және елеулі кадр-

лар әлеуеті бар партиялар құрылады да, олардың билік 

басына  келуі  қалыпты  жағдайға  айналады  және,  ең 

бастысы, бұл қоғам үшін пайдалы болмақ.

Демократиялық қоғамның қалыптасуындағы бұқа-

ралық ақпарат құралдарының рөлі туралы бірер сөз. 



653

Бұдан бұрын да айтқанымдай, Қазақстанда еркін де 

тәуелсіз баспасөздің болуы – біздің баға жеткізгісіз демо-

кратиялық игілігіміз. Көп адамға бұл оғаш көрінеді әрі 

жайсыз да. Көбінесе мен де осыған байланысты түрлі 

тараптардан қысым көріп жүрмін. Соған қарамастан, 

бекем  айтарым:  біз  алдағы  уақытта  да  Қазақстанда 

ұдайы еркін журналистика болуы үшін жағдай жасай 

бермекпіз.

Ендеше, мына жағдаймен де келісу керек: мемлекет 

баспасөз үшін қалыпты жұмыс жағдайын туғызатын 

болса, онда ол да заң мен журналистік әдеп шеңберінен 

шықпауға тиіс. Өйткені абайсыз айтылған бір ауыз сөз 

болжап білуге болмайтын оқиғаларға соқтыруы мүмкін. 

Сірә, өз таралымын ұлғайту үшін кейбір басылымдар 

ұлттық немесе діни құмарлықтың ойынын ашық, яки 

астыртын түрде пайдалануға әрекет жасайды. Өмірдің 

ауыртпашылықтарын құлшына жазып, оның тек көлең-

келі жақтарын көрсету әдетке айналып барады, ал бұл 

қоғамда  тұйықтан  шығар  жол  жоқ  деген  сезім  мен 

әлеуметтік күйзеліс туғызатынын және адамның жаңа 

жағдайда өз орнын тауып, оған бейімделуіне кесірін 

тигізетінін журналистердің түсінбеуі мүмкін емес. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет