Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ:  ЖОБАЛАУ – ТӘРБИЕЛЕУШІ МЕН



Pdf көрінісі
бет20/32
Дата22.02.2017
өлшемі5,03 Mb.
#4699
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

 
ТӘРБИЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ:  ЖОБАЛАУ – ТӘРБИЕЛЕУШІ МЕН 
ТӘРБИЕЛЕНУШІНІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІНІҢ ПАРАДИГМАСЫ 
 
Заманауи тәрбие беру үрдісіндегі тәрбие технологияларының мазмұнын, 
оның тәрбие әдісінен ерекшеленуін сипаттайды.  Оқушылардың білім алуы мен 
тәрбиесіне  ықпал  етуде  жобамен  жұмыс  жүргізуге  және  оның  тәрбие 
технологияларының бірі екендігін көңіл аударады. 
 
Тәрбие  –  педагогика  ғылымының  негізгі  категориясы  ретінде
 
жан  – жақты зерттелгенімен, көп аспектілігі  мен көп қырлы мазмұндылығына 
орай,  тәрбие  сөзінің  бүгінгі  күні  нақ  түсініктемесін  баса  айту  біржақтылық 
болар еді.  
Ғылыми  әдебиеттерде  көрсетілген  көптеген  анықтамаларды  сараптай 
отырып тәрбиенің мынандай белгілерін атауға болады: 
Тәрбие  –  бұл    адамның  сандық  және  сапалық  өзгеру  шамасын 
анықтайтын динамикалық құбылыс. 
Тәрбие – бұл  тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің өзара әрекеттестігі, екі жақтың 
да белгілі бір субъективті позицияда болуы. 
Тәрбие – бұл тәрбиелеуші тәрбиеленушінің жеке басының дұрыс қалыптасуына 
және жетістікке жетуіне мақсаткерлікпен ықпал жасауы.  
Тәрбие – бұл жеке тұлғаның жалпы адамзаттық сапасының қалыптасуына және 
оның еркі мен құқын сыйлайтын гуманистік мағынаға ие болуы. 
Гуманистік  қалыптың  негізгі  сипаттамалары  ретінде:  адами  жеке  тұлғалық 
даму,  өзін  бағалау,  тәрбиелеуші  мен  тәрбиеленушінің  өзара  ынтымақтастығы, 
үлкендер  мен  балалардың  дұрыс  әрекеттестігі,  бала  өміріндегі  әркеттердің 
толыққанды  шынайы  мәселелерге  құрылуы,    альтернативтілік,  нұсқаларының 
молдығы, педагог әрекетінің бір қалыпты таптауырындылықтан шығуы,  оқу – 
тәрбие қызметіндегі шығармашылық дамуы деп түсінеміз. 
 
Біздің  түсінігімізде,  тәрбие  –  бұл  тәрбиелеуші  мен  тәрбиеленушінің 
әрекетіне  негізделетін,  жеке  тұлғаның  адами  сапасының  қалыптасуын 
қамтамасыз  ететін  мақсаткерлікті  үрдіс. 
Тәрбие  –  адамның  тәртібі  мен 
әрекетіне әрі мақсатты, әрі жүйелі әсер ететін үрдіс.  
 
Тәрбие  технологиялары  –  жаңа  бағыт  ретінде  ХХ  ғасырдың  60-70 
жылдары  айтыла  бастады.  Алдыға  қойылған  тәрбие  мақсатына  жету  үшін 
қолданылатын  әдістер  мен  тәсілдер,  әрекеттердің  өзін  ақтай  алуы.  Бұл  бала 
тәрбиесінің дұрысталуы үшін алынған әдістердің бірі.  
70  -  жылдары  тәрбие  технологиясы  жеке  тұлғаның  дамуындағы  басты  3 
бағытты ұстанды: оқу мен тәрбие әрекетінің ұйымдастырылуы, жоба жасаудың 
жолдарын  меңгеруі,  істеген  жұмысына  талдау  жасай  білуі.  Тәрбие 
технологиясы  деген  ұғым  бүгінгі  күні  педагогика  ғылымында,  тәрбие 

206 
 
саласында  жиі  қолдануда.  Бұл  тәрбие  әдісі  ұғымымен  тығыз  сабақтас,  яғни 
тәрбиенің  әдістері  мен  тәсілдері  –  тәрбие  теориясының  қолданбалы  бағыты. 
Онда  тәрбие  жұмысының  түрлері  мен  әдістері,  бағыттары  мен  ұстанымдары 
қарастырылады. 
Тәрбие  әдістері  мен  тәрбие  технологиясын  қалай  ажыратуға  болады?  
Әдіс  ұғымында    –  педагог  қызметі,  жұмыс  әдістері,  тәсілдері,  ереже,  тәрбие 
шарттары беріледі де оқытады, нұсқау жасайды.   
Ал тәрбие технологиясының өзіндік ерекшелігі: мақсатты қою, нәтижесін 
болжау,  жоспарлау,  мұғалім  мен  оқушылар  әрекетінің  жоспарлануы,  басқа  да 
аналогтарының  қарастырылуы,  жұмыстың  кезеңдерге  бөлінуі,  орындалуы, 
жинақталуы,  оқушының  осы  әрекеттегі  белсенділігі,  жұмыс  қорытындысы 
қарастырылады.  Теорияны  тәжірибемен ұштастыратын осы үдістің  көрінісі  –– 
тәрбие теориясы – тәрбие әдістемесі - технология – техника – мұғалімнің жеке 
тұлғасы. 
Қазіргі  уақытта  тәрбие  технологиясы  баланың  дамуындағы  әр  кезеңде 
оның  қоғамға  бейімделуіне  жоғары  ықпал  етеді  деп  түсіндіріледі.  Ол  -  нақты 
мүмкіндіктер,  қоғам  талабы,  уақыт  сұранысы,  әлеуметтік,  мәдени,  саяси, 
экономикалық,  білімдік  аспектілерде  баланың  қалыптасуына  толық  жағдай 
жасауды мақсат етеді.  
Тәрбие технологиясының классификациясы:  
Философиялық негізде: 
Материалистік;   
Прагматикалық;   
Гуманистік;   
Антропософтық.   
Ғылыми тұжырымда:  
Тәрбиелілік;  
Әрекеттік; 
Нейролингвистикалық  бағдарламалау. 
 Объектілік  категориялығы бойынша:  
Жекешелік;    
Топтық; 
Ұжымдық;   
Жалпылық; 
Заманауи тәрбие  технологиялары: 
Жобалау технологиясы;  
Жекелей - бағытталған технологиясы;  
Денсаулық сақтау технологиясы;  
Оқу - іскерлік ойын технологиясы;   
Сыни ойлау  технологиясы;  
Оқу - пікірлесу технологиясы;  
П. Ивановтың ұжымдық шығармашылық  технологиясы;  
Жағдаяттар туғызу технологиясы;  
Шоу - технологиясы;  

207 
 
Тьюторлық – педагогикалық қолдаушылық технологиясы.  
Тәрбие жұмысындағы жобалау жұмыстары технологиясына тоқталайық. 
Оқушы  өз  бетімен  әртүрлі  білім  көздерінен  өздігінен  білім  алады,    оны 
пайдалануды  үйренеді,  коммуникативтік,  қарым  –  қатынастық  әрекетке 
дағдыланыды, зерттеушілік  пен ойлау қызметін дамытады.  
Тарихи  аспект  бір  міндеттің  техникалық  шешімдерінің  әр  түрлі  тарихи 
болжамдарын,  сонымен  бірге  «болашақты  құру  іргетасы»  (А.М.Лобак) 
ретіндегі  қажеттілігін  көрсетуге  мүмкіндік  береді  [1].  Барлығы  да  жоба 
жасайды  және  бәрін  де  жобалайды.  Жобалау    өмірдің  стилі  болды.  Білім  мен 
тәрбие  берудегі  жобалауды  дұрыс  жолға  қою  АҚШ-та  белсенді  түрде  жүзеге 
асырылды.  
Джон  Дьюи  –  осы  әдістің  негізін  салушы.  Жобалау  әдісі  ХІХ  ғасырдың 
екінші жартысында АҚШ-тың ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болды, 
одан  соң  жалпы  білім  беретін  мектептерге  көшірілді.  Джон  Дьюи  (1859-1952) 
американдық  философ  -  идеалист,  прагматизмнің  алдыңғы  қатарлы  жетекші 
өкілдерінің  бірі,  өзінің  алдына  баланың  өмірін  мазмұнды,  шығармашылық 
еңбекке  және  маңызды  жетістіктерге  толы  ету  мақсатын  қойды.  Бұл  үшін 
«оқытуды оның мақсатына сай қызметі арқылы оның жеке мүддесіне және одан 
әрі қарайғы өмірінде  алған білімдерінің  практикалық  қажеттілігіне    бағдарлай 
отырып  құруды»  ұсынды.  Бала  білім  мен  тәжірибені  проблеманы  зерттеу 
барысында  оқытатын  ортада,  алуан  түрлі  макеттер,  сызбалар  дайындау, 
тәжірибелерден,  даулы  мәселелерге  жауап  табудан  және  тұтастай  алғанда 
жекеден  жалпыға  өту  арқылы  алуы  тиіс.  Джон  Дьюи  өзінің  тәсілін  ұсына 
отырып,  қазіргі  заманға  сай  мектептегі  оқытуды  мектептік  жүйені  қайта  құра 
отырып, «бөлу жолымен» оқытатын балалық табиғи танымға қоса бейнеленген 
білімді алу тәсілін іздеді [2].. 
Шет  елдердегі  Джон  Дьюидің  ізбасарлары.  Жобалардың  айқын  әдістері 
Джон  Дьюидің  шәкірті  және  ісін  жалғастырушы  Колумбия  университетінің 
жанындағы  мұғалімдер  колледжі  педагогикасының  профессоры  Уильям  Херд 
Килпатриктің  еңбектерінде  жасалды.  Ол  жобалау  әдістерін  пайдалану  кезінде 
ертеректе  әдіскерлер  құрастырған  оқу  бағдарламасына  орын  жоқ  екендігін, 
«жұмыс  үрдісінде  тек  мұғалім  оқушымен  бірге  оқу  әрекеттерінің 
бағдарламасын  құруы  тиіс»  екендігін  жазды.  У.Х.Килпатрик  сонымен  бірге 
сыныптық оқу сызбасынан да бас тартты. У.Х. Килпатрик: «Өзіне көйлек тігіп 
алған қызды көз алдымызға елестетейік. Егер ол өзінің жұмысын  жанын сала 
жасаса,  шын  ниетімен  жұмыс  істесе, көйлектің  фасонын өзі  ойлап  тапса  және 
өзі  пішсе,  онда  бұл  осы  сөздің  нағыз  педагогикалық    мағынасында    типтік  
жобаның  үлгісі  болып  табылады» [3].    
Жобалау  әдістерін  оқытудың  жарқын  мысалы  1910  жылы  Миссури 
штатындағы  ауыл  мектептерінің    бірінде  профессор  Коллингс  жүргізген  ұзақ 
мерзімді сараптама болып табылады.  Ол жобаларды төрт топқа бөлген. 

 
«Ойындардың  жобалары»  -  тікелей  мақсаты  топтық  қызметке  қатысу 
болып  табылатын    сабақтар:  әр  түрлі  ойындар,  халық  билері,  драмалық 
қойылымдар және т.б. 

208 
 

 
«Экскурсиялық  жобалар»  -  айналаны  қоршаған  табиғатпен  және 
қоғамдық  өмірмен  байланысты  проблемаларды  мақсатқа  сай  зерттеуді 
болжайды. 

 
«Әңгімелеу  жобалары»  -  оларды  балалар  өздері  жасайды,  «әңгімеден 
алуан түрлі нысанда рақат алу»: ауызша, жазбаша т.б. 

 
«Конструктивтік  жобалар»  -  нақтылы  пайдалы  өнімді  құруға 
бағытталған:  құстарға  арнап  ұя  жасау,  мектеп  театры  үшін  сахна 
дайындау, декарация жасау және т.б. 
Алғашқыда  әр  оқушы  өз  ойын,  өз  ұсынысын  жеке  жазады.  Келесіде  олар 
жұптасады, онда жеке ойлар біріктіріледі. Төрттікте жұмыс тағы да жалғасады, 
ой  қорытылады.  Ал  сегіздік  топта  пікірлер  ортаға  салынады,  қорғауға 
дайындалады.  Қорғау  әр  түрлі  формада  болады,  оны  жоба  жасаушылар өздері 
таңдайды. Жобалау әдісі қоғамның дамуына  жақсы үлес қоса алатын, әрекетті, 
белсенді азаматтарды қалыптастырады.  
Шет  ел  мектептерінде  жобалау  әдісі  бүгінгі  күнде  де  дамуда  және  сәтті 
қолданылуда.  АҚШ-та  бұл  мектептер  жүйесі  альтернативті  бағытта.  Нақты 
міндеттер  қойылған:  оқушылардың  бастамашылдығына  психологиялық, 
педагогикалық  қолдау  көрсетіледі.  Н.Ю.Пахомованың  анықтауында:  «Оқу 
жобасының  әдісі–бұл  жеке  бағдарланған  технологиялардың  бірі,  өзіне 
проблемалық  тәсілді  біріктірген,  оқу  жобасының  міндеттерін  шешуге 
бағытталған  оқушылардың  өзіндік  қызметін  ұйымдастыру  тәсілі,  топтық 
тәсілдер,  рефлексивтік,  тұсаукесерлік,  зерттеу,  іздеу  және  өзге  әдістемелері» 
[4].  
Жоба – нақтылы ойлау, болашақтағы тілек туралы жоспар. Қандай да бір 
өнім құру үшін құжаттардың (есеп айырысулардың, сызулардың, макеттердің) 
жиынтығы, рационалдық негіздеуден және жүзеге асырудың нақтылы тәсілінен 
тұрады.  Әлеуметтік-мәнді  мақсатты  қоюға  және  оған  практикалық  қол 
жеткізуге  негізделген  әдіс.  Соңғы  уақытта  «жоба»  сөзінің  тағы  бір  мағынасы 
пайда болды және кеңінен таралды. Әңгіме белгілі бір мақсаты бар қандай да 
бір  акция,  іс,  кәсіпорын  туралы  болып  отыр,  мысалы,  «Таза  су»,  «Қазақстан 
барысы»  және  т.б.  Мұнда  жоба  нәтиже  ретінде  ғана  емес,  қандай  да  бір 
мақсатқа  бағытталған  қызметті  құрудың,  ұйымдастырудың  нысаны  ретінде 
көрінеді. «Жобалау» сөзі «жоба» сөзінен шыққан және нақтылы нәтижеге алып 
келетін  қатаң  тәртіптелген  әрекеттердің  дәйектілігі,  және  проблемаға  бастама 
жасайтын  қызметті  білдіреді.  Сондықтан  негізгі  «жоба»  сөзі  үшін  оның  мәні 
болашақтың бейнесі болады.  
Жобалаудың маңызды белгісі, жобалау – болашақтағы істелінетін жұмыс 
болып табылатындығында.  

 
Ол: 

 
Оқу  мен  тәрбие  берудің  ажыратылмас  бөлігі  -  оқушылардың 
рефлексиясы,  оқытушымен  бірге  топта  және  жекелей  оның  әлеуметтік, 
практикалық және оқу тәжірибесін талқылау;  

 
Оқушының  қызығушылығына  негізделген  нақты  әрекеттері.  Онда 
мазмұны  мен  нысаны,  жеке  қызметінің  деңгейі  анықталады,  тақырыбын 

209 
 
таңдауға  мүмкіндік  береді.  Осыдан  уәждеменің  жоғары  деңгейі  ретінде 
көрінеді; 

 
Мұғалім  –оқытушы  ғана  емес,  мектеп  оқушысының  кеңесші-тәлімгері. 
Оның  міндеті  –  жаттықтыру,  қолданбалы  міндеттердің  шешіміне 
практикалық  дайындау,  қызметтің  тәсілдеріне  және  құралдарына 
үйрету[5]. 
Жоба  жасаудың  кезеңдері 
Бастама жасаушы. Нақтылы, оның ішінде проблеманың әлеуметтік мәнін 
анықтау:  зерттеу,  ақпараттық,  практикалық.  Кейбір  жағдайларда  проблема 
жобалық  топтың  алдында  сыртқы  тапсырыс  беруші  болады.  Тақырыпты 
анықтау,  мақсатты  нақтылау.  Жұмыс  тобын  іріктеу.  Оқушылар  дәлелдейді, 
мақсаттарын  түсіндіреді,  бақылайды.  Оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін 
қояды, дамыту, жобаның тақырыбының контексінде тәрбиелеу. 
Негіз болатындары. Проблеманы шешу бойынша әрекеттерді жоспарлау. 
Өнімдердің түрін және тұсаукесердің мерзімін анықтау. Проблеманы талдайды, 
міндеттерді  тұжырымдайды,  ақпарат  көздерін  анықтайды,  бағалардың 
нәтижелерінің критерийлерін (өлшемдерін) таңдайды, өзінің табыс өлшемдерін 
негіздейді,  командадағы  рөлдерді  бөледі,  нақтылы  әрекеттердің  жоспарын 
құрастырады.  Талдауда  және  жиынтықтауда  көмектеседі,  байқайды, 
бақылайды. Қажетті арнайы іскерлік пен дағдыларды тұжырымдайды. 
Прагматикалық.  Оқушылардың  зерттеуі  әрбір  жобаның  міндетті 
талаптары  ретінде.  Кейіннен  өңделетін,  мағынасын  жете  түсінетін  ақпаратты 
іздеу  және  жобалық  топқа  қатысушыларға  көрсету.  Зерттеуді  орындайды. 
Ақпаратты жинайды және нақтылайды, оңтайты нұсқасын таңдайды, қазметтің 
жоспарын  нақтылайды.  Байқайды,  кеңес  береді,  бақылайды.  Жобамен  жұмыс 
істеудің нәтижесінде алынған білім берудің жаңа мазмұнын жинақтайды. 
Жиынтық.  Тапсырыс  берушіге  және  (немесе)  көпшілікке  дайын  өнімді 
беру,  бұл  қойылған  проблеманы  шешудің  неғұрлым  тиімді  құралы,  яғни 
өнімнің  тұсаукесері.  Жобаны  қорғайды,  жобаның  нәтижелерін  ұжымдық 
бағалауға  қатынасады.  Ұжымдық  талдауға  және  нәтижелерді  бағалауға 
қатысады.  
Қорытындысында  жобамен  жұмыс  істеудің  нәтижесі  қойылған 
проблеманы  шешу  барысында  жобалық  топқа  қатысушылар  құратын  өнім 
болып  табылады.  Жобаны  рәсімдейді,  өнімді  дайындайды.  Жобаны  ұжымдық 
талдауға  қатысады,  өзінің  рөлін  бағалайды,  орындалған  жобаны  талдайды, 
табыстардың,  сәтсіздіктердің  себептерін  айқындайды.  Қойылған  мақсаттарға 
қол  жеткізуге  талдау  жүргізеді.  Байқайды,  кеңес  береді,  талдау  процесін 
бағыттайды. Жобаны қамтамасыз етуге  көмектеседі. 
Жоба–адамдардың біріккен қызметінің ұйымдастыру нысаны. «Жобалау» 
түсінігін  ұғып  алудың,  оны  басқа  маңызды  түсініктермен  салыстырудың  мәні 
бар.  Жобалаудың  маңызды  белгісі,  жобалау  –  болашақтағы  істелінетін  жұмыс 
болып  табылатындығында.  Осы  істі  атқаруда  ұстаз  бар  білімі  мен  іскерлігін 
салады. 

210 
 
Жобалау  -  идеялармен  жұмыс  ретінде.  Егер  жобалауды  ойлау, 
интеллектуалдық  қызмет  ретінде  қарастыратын  болсақ,  ондағы  басты  нәрсе 
идеяларды тудыру, идеяларды жетілдіру, жобалық идеяларды және шешімдерді 
қисындастыру болып табылады.  
Жобалау  нәтижесі  –  жаңа  объектінің  бейнесі  –  бұл  өзге  емес,  тиісті  түрде 
жасалған,  негізделген  және  құрастырылған  идеялардың  жиынтығы  ретінде 
көрінеді. 
 
Тәрбие  технологиясының  конструктивті  әрекет  жүйесінде  төмендегі 
құрауыштары болады. 
Жеке және ұжымдық қызметті толыққанды құра білу: 

 
Мақсат қоя алу; 

 
Нәтижесіне жетуді сезіну

 
Жоспарлау; 

 
Жобалау; 

 
Тәжірибеде жүзеге асыру; 

 
Нәтижесіне талдау жасау, рефлексия, өздік баға беру; 

 
Дайын өнім алу; 

 
Өзі үшін тәрбие және әрекет нормаларын жасай алу

 
Мемлекет,  қоғам  және  басқалар  жасаған  нормалармен  жүре  алу  және 
сыни қарай білу; 

 
Талдай алу; 

 
Өзін бағалай алу және рефлексия; 

 
Өз әрекетін жүзеге асыруда білімін жүзеге асыру; 

 
Өз  әрекетіне  деген  саналылық,  өзінің  күшті  және  босаңдық,  әлсіздік 
әрекетін сезіну;  

 
Өзін және  сезімін білдіру.  
 
Тәрбие  жұмысындағы  басты  мақсаттардың  бірі:  баланы  жеке  өмірінде 
және  қоғамда  лайықты  мүмкіндіктермен  қамтамасыз  ету,  сұраныстарын 
қанағаттандыру.    Тәрбиелеуші    мен  тәрбиеленушінің  өзара  әрекеттестігінің 
үлгілерін тәрбие технологиялары арқылы жүзеге асыру жолдарын қарастыруды 
көздеу. 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Лобок А.М. Планирование работы школы на учебный год: [принципы 
планирования,  алгоритм  составления  плана  работы  школы,  структура 
плана работы школы и т.д.] // Завуч. - 2003. - № 4. - С. 24.  
2. Дьюи  Дж.  «Школа  и  общество»  (1925)  –  цит.  по  «Педагогическая 
лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к 
журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 – с.  
3. Килпатрик  У.Х.  «Метод  проектов.  Применение  целевой  установки  в 
педагогическом  процессе»  (1928)  –  цит.  по  «Педагогическая  лоция. 
2003/04  учебный  год.  Метод  проектов  в  школе»  /Спец.  прилож.  к 
журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 – с. 6. 
4. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение-что это?/Методист, №1, 2004.– с. 
42. 

211 
 
5. «Жобалау:    теориясы,    түрлері,    әдістері,    үлгілері».  /Мұғалімдерге 
арналған көмекші құрал. - Алматы. 2014ж.  50 бет. 
   
 
Гульнар Нигметовна Зайсанбаева  
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы  
ШҚО бойынша ПҚ БАИ  
Казақстан, Өскемен  
 
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК 
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Мақалада  білім  беру  мекемелеріндегі  тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруда 
рухани-адамгершілік  білім  беру  маңыздылығы  зерделенеді.  Жалпыадамзаттық 
құндылықтарға  негізделген  білім  беру  болашақ  ұрпақтың  азаматтық,  адамдық 
қасиеттерін шыңдаудың бірден-бір жолы екендігі сараланады.  
 
Кілт сөздер: рухани-адамгершілік білім, жалпыадамзаттық құндылықтар, 
тәрбие, өзін-өзі тану. 
 
Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласында  жүргізіліп  жатқан 
реформалар  еліміздің  өркениетті  елдердің  алдынғы  қатарынан  көрінуі 
азаматтарымыздың  жоғары  саналы,  рухани-адамгершілігі  бай,  қоғамға  мінсіз 
қызмет  ете  білетін  тұлғалардың  дамуымен  байланысты.  Білім  беру 
ұйымдарында  тәрбие  үдерісі  оқу  үдерісінен  қалыс  жеке  жүрмейді.  Сондықтан 
да  интеллектуалдық  білім  мен  рухани-адамгершілік  білімнің  қатар  жолға 
қойылуы,  бүгінгі  таңның  басты  талабы.    Қоғамдағы  үдерістердің  қарқынды 
жүруі ел ертеңі жастардан кемел мінезділікті талап етуде. Кемел мінезді адам 
өз бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытып, оны дамыта алады.  
 «Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы»  Заңында 
көрсетілгендей    балалар  мүддесін  көздейтін  мемлекеттік  саясаттың  негізгі 
мақсаттарының  бірі:  «Балалардың  дене  бiтiмi,  интеллектуалдық,  рухани  және 
имандылық  тұрғысынан  дамуына,  олардың  бойында  елжандылық,  азаматтық 
және  бейбiтшiл  сезiмдердi  тәрбиелеуге,  сондай-ақ  баланың  жеке  адами 
тұлғасының  қоғам  мүддесi,  мемлекет  халықтарының  дәстүрлерi,  ұлттық  және 
әлемдiк  мәдениет  жетiстiктерiне  қол  жеткiзуi  үшiн  мүмкіндiктерiн  ашуға 
жәрдемдесу»-делінген [1]. Қоғамда қарқынды жүріп жатқан жатқан жаһандану 
үдерісі  көптеген  өзгерістерді  алға  тартып,  білім  беру  жүйесінде  де  жаңа 
бағыттардың, тың идеялардың жүзеге асуын талап етуде.  
Адамгершілік-рухани  білім  беру  бағдарламасы  білім  беру  жүйесінде 
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы да жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда «Өзін-өзі тану» 
рухани-адамгершілік  білім  беру  бағдарламасы  жаңаша  бағыттарды  негізге 
алып, білім беру үдерісінде жүйе түзуші бағдарлама ретінде енгізіп отыр. Сара 
Алпысқызы:  «Өзін-өзі  тану  пәні  адамның  өзін-өзі  тануына,  өзінің  ең  жақсы 

212 
 
қасиеттерін  анықтауға,  өз  ар-ұжданын  сақтап,  әрқашанда  АДАМ  деген  атқа 
лайық  болуына    ықпал    етеді.  Рухани  бастау  ол  адамгершілікпен,  риясыз 
мейірімділікпен,  махаббатпен,  өзара  түсінушілікпен,  төзімділікпен  жүзеге 
асырылады.  Рухани-адамгершілік  – адамдарға деген   ізгі  ниеттілік,  құрмет, 
жанашырлық 
пен сенім, 
кеңпейілділік, 
басқалардың  
мүддесі үшін 
жан аямаушылық  сияқты  жеке  қасиеттерді қамтиды»  -дейді  [2].  Яғни  бұл 
бағдарламаның  басты  мақсаты  -  мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтар 
негізінде  ойы,  сөзі  және  ісі  бірлігіндегі  адамның  кемел  мінезін  қалыптастыру 
болып табылады.  
Құндылықтарға  бағытталған  материалдарды  білім  берудің  базалық 
мазмұнына 
енгізуде 
рухани-адамгершілік 
және 
жалпыадамзаттық 
құндылықтарды  жаңғырту,  қазіргі  білім  мазмұнында  бар  материалды 
пайдалану,  білім  беруде  назардан  тыс  қалған  құндылық  әлеуетін  жарыққа 
шығару міндеттері туындап отыр.   Білім беретін мекемелерде  «Өзін-өзі тану» 
тек  пән  ретінде  ғана  емес,  сонымен  қатар  білім  беру  жүйесінің  барлық 
деңгейлерінде интеграцияланатын, сол арқылы жүйе түзуші әлеуетін толықтай 
пайдаланылатын ғылыми-әдістемелік негізделген  бағдарлама болып табылады. 
Бағдарлама  ұстанымдарын  барлық  пәндерге,  сыныптан  тыс  іс-шараларға,  ата-
аналармен  жұмыс  түрлеріне,  мектептен  тыс  іс-шараларға  енгізу  арқылы 
қоғамның барлық тармақтарын қамту көзделген.  
Бұл бағдарламаны жүзеге асыратын мұғалімнің басты қызметі оқушының 
ішкі  әлеуетін,  оның  рухани-адамгершілік  құндылықтары  негізіндегі  жоғары 
адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау болып табылады. «Өзін-өзі тану» пәнін 
оқыту  үдерісінде  мұғалім    тұлғаны  қоғамның  тапсырысы  бойынша 
қалыптастырмайды,  оқушы  тұлғасының  бойында  бар  рухани-адамгершілік 
әлеуетін ашып, жарыққа шығаруды көздейді.  
Адамгершілік-рухани-білім  –  ол  жүректің  терең  түпкірінде  өтетін  ішкі 
құбылыс. Сондықтан өзін-өзі тану мұғалімі білімді дайын күйінде ұсынбайды, 
оқытпайды,  ол  тек  оқушылардың  даму  бағдарын  өзінің  ішкі  жан-дүниесінің 
шексіз әсемдігін ашуға және сол арқылы сыртқы әлемді зерттеуге  бағыттайды. 
Ұстаздардың  Ұлы  ойшылдардың  ғасырлардан  келе  жатқан  даналық 
тағлымдарын  қазіргі  қоғамдағы  болып  жатқан  жағдайлармен  байланыстыра 
отырып,  оны  өмірлік  тәжірибеде  қолдануға  бағыттайтын  білімді  беруге 
талпынуы  және  өзінің  рухани-адамгершілігінің  жоғары  деңгейімен  жас 
жеткіншектерге  ойы,  сөзі  және  ісінің  бірлігімен  үлгі  боларлық  тұлға  болуы 
маңызды.  Бағдарламада  жалпыадамзаттық  құндылықтар  тұлғаға  рухани-
адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Пән арқылы Мәңгілік 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  жарыққа  шығару  ізгілікке  жол  ашады.    
Жалпыадамзаттық  құндылықтар  барлық  адами  қасиеттерді  дамытуға 
шабыттандырады.  Ақиқат,  Дұрыс  әрекет,  Тыныштық,  Сүйіспеншілік,  Қиянат 
жасамау  құндылықтарын  өз  бойында  дамыта  білген  мұғалім  өз  тұлғасымен 
шәкірттерін де рухани өрлеуге бастайды.   
Кемелдендіру 
педагогикасы 
идеясымен 
қаруланған 
ұстаздар 
шәкірттерімен өзара ынтымақтастықпен жұмыс істей отырып, рухани бастаулар 

213 
 
арқылы  дамудың  сара  жолына  түседі.  Сократ,  Платон,  Фараби,  Баласағұн, 
Абай,  Шәкәрім  т.б  ойшылдардың  өмірі  мен  тағлымдарын  терең  меңгере 
отырып, жас жеткіншектер жоғары адамгершілік қасиеттерін дамытады, оны өз 
өмірлерінде  күнделікті  пайдалануға  дағдыланады.  Бұл  ретте  мұғалімнің 
тұлғасы  да  мәңгілік  жалпыадамзаттық  құндылықтар  негізінде  биік  рухани-
адамгершілік қасиеттерге сай кемелденеді.  
Мұғалімнің басты мақсаты пән арқылы балалардың адамгершілік-рухани 
білімін  көтеру.  Өйткені  қазіргі  таңдағы  білім  беру  өзін  өмірде  толық  жүзеге 
асыратын функционалдық сауаттылығы жоғары тұланы дамыту болғандықтан, 
әр  маманның  өз  білімін  үнемі  жетілдіруі,  ең  бастысы,  бойында  адамгершілік-
рухани  білімі    ойынан,  ісінен  және  сөзінен  нақты  көрініс  тапқаны  маңызды. 
Мұғалім  өз  қызметінде  басты  сабақ-бұл  өмір  сабағы  екенін  негізе  алуы  және 
балаларды  өмір  сүрудің  негізгі  қағидаттары  мен  бұлжымас  заңдылықтарын 
терең  танып,  орындай  білуге  үйретуі    балаларымыздың  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етумен қатар, олардың азаматтық ұстанымдарының, отансүйгіштік 
сезімдерінің және кемел мінездерінінің қалыптасуының кепілі болмақ.  
Бала  тәрбиесімен  айналысатын  әрбір  қоғам  мүшесі  өз  мінез  кемелдігіне 
қол  жеткізе  отырып,  ойының,  сөзінің,  ісінің  бірлігін  терең  сезініп,  білімін 
жетілдіруге  ұмтылады.  Білім  берушілермен  жүргізілетін  әдіс-тәсілдердің 
барлығы оқушы бойындағы адамгершілік-рухани білімді дамытуға ықпал етеді. 
Қоғамдағы  өзара  сүйіспеншілік,  сыйластық,  жоғары  азаматтық  ұстанымды 
дамыта отырып, біз балаларымыздың қауіпсіздігін де қамтамасыз ете аламыз.  
 «Ар  ілімі  оқылса»  -  деп  халқымыздың  рухани  Ұстазы  Шәкәрім 
атамыздың  арманы  біілм  беру  жүйесінде  адамгершілік-рухани  білімнің  кең 
қанат жаюуымен жүзеге асады деген сенімдеміз. Шәкәрім қажы:  
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, 
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр. 
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен  
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр. 
Олай қылмай, билесе бәрін ақыл, 
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл, 
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса, 
 
Адамды  сонда  адам  деген  мақұл  –  деп  ұрпақ  тәрбиесінде  ақылдың  тән  
үшін  емес  жан  қамына  қызмет  етіп,  таза  еңбекпен  қоғамның  мүддесіне  өз 
өмірін  арнай  білудің  маңыздылығын  айқындайды.  Ұлы  ойшылдардың 
тағлымды ойларының өскелең ұрпақ тәрбиесіне берері мол.  
 
Библиографиялық сілтемелер 
1. Қазақстан 
Республикасындағы 
баланың 
құқықтары 
туралы 
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы  

214 
 
2. Назарбаева С.А. Этика жизни – Алматы, 2001 
3. Шәкәрім Қазақ айнасы, Алматы, 2003 
 
 
Анар Айтказыновна Илюбаева  
«Зырян қаласының №9 орта мектебі» КММ 
                                                                                    Зырян қаласы 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет