Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет68/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250
Жанаргүл Жасуланқызы Жұмабаева 

КММ №36 орта мектеп, Өскемен қаласы 

қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

ҚОЛДАНА ОТЫРЫП,ҚАЗІРГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТА ТАЛАБЫНА 

САЙ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ 

 

Oқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыта  отырып,қазіргі 



орта  талабына  сай  білім  сапасын  арттыру,мемлекеттік  мәртебізді  көтеру 

мақсатында казақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану. 



 

XXI  ғасырдағы  мектеп  ұжымының  басты  міндеті  –  оқушыларға 

халықаралық  деңгейге  сай  сапалы  білім  бере  отырып,  әлеуметтік  ортаға 

бейімделген,  адамгершілік  қасиеті  мол  туған  жерге,  Отанға  деген 

сүйіспеншілігі ерекше дамыған жас жеткіншекті дайындау. 

Қазақ  тілі  –  мемлекеттік  мәртебемізді,  ұлттық  қабілетімізді  танытатын 

басты  бөлік.  Тіл  бағдыры  қазақ  ұлтының  да  тағдыры.  Сондықтан  біздің 

мақсатымыз  –  қазақ  тілін  жоғары  деңгейде  меңгерту,  үйрету.  Мамандығым 

қазақ тілі пәнінің оқытушысы болғандықтан педагогикалық тәжірибемде әрбір 

сабағымда,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  мақсатында  жаңа 

технологияларды пайдаланамын. 

Технология – бұл қандай да бір істе, өнерде қолданылатын амал жүйенің, 

тәсілдердің жиынтығы, дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі. Инновациялық 

оқыту  дегеніміз  –  қазіргі  кезеңде  әлеуметтік,  мәдени  ортадағы  білім  беру 

әрекетінің  нәтижесі.  Оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілімен,  қазіргі  заманауи 

инновациялық технологияны меңгеру – әр ұстаздың басты міндеті. 

Тәжірибеге  сүйенсек,  күнделікті  сабаққа  бейне,  аудио  қондырғылар  мен 

теледидарды,  компьютерді,  мультимедиялық  проекторлар  пайдалану  үлкен 

нәтижелер береді. 

Мен  М.Жанпейісованың  «Модульді  оқыту  технологиясын»  басшылыққа 

алып,  оқушыларға  тапсырма  бере  отырып,  модульді  оқыту  идеясын 

инновациялық  технологиялар  арқылы  жүзеге  асырамын.  Мысалы,  қазақ  тілі 

пәнінен  «Сөз  тіркестері»  тақырыбында  актуалдау  кезеңіңде  келесі  кестені 

қолданамын: 

Кесте 1 – Сөз тіркестері 

Сөз тіркесі 

Тұрақты тіркестер 

Күрделі сөздер 

Оған мұрнын шүйірді. 

Мұрнын 


шүйірді. 

(менсінбеді) 

Сары торы (күрделі сын есім) 

Он үш күн. 

Ит өлген жерде. 

Он үш күн (күрделі сан есім) 

Ол бара жатыр. 

Жүрек жұтқан. 

Бара жатыр.(Күрделі етістік) 

 

Мультимедиалық  слайдтар  арқылы  түсіндіруге  болады.  Оқушылардың 



білімін  көрсетудің  ең  басты  шарты  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.  Ол 


204 

 

үшін  мұғалім,  сабақты  қызықты,  тартымды  өткізуі  керек.  Сондықтан  мен 



мынадай міндеттерді алға қойдым: 

 



Оқушы белсенділігін арттыру. 

 



Проблемалық сұрақтарды шығармашылықпен шешу. 

 



Оқу еңбегін түрлендіріп өткізу керек. 

Жаңа технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. 

Осылардың  ішінде  тест  жүйесін  қолдану  өте  тиімді.  Оқушылардың 

білімін  бақылау  үшін  тест  жүйесін  қолданудың  үлкен  маңызы  бар.  Тест 

оқушылардың  білімін  анық  көрсетеді.  Қай  тақырып  бойынша  қателер 

болғанын,  қанша  оқушы  ол  сұрақтардан  қателескенін  білудің  мұғалім  үшін 

маңызы зор. 

Тест тапсырмаларын түрлерін алудағы мақсатым: 

1.  Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру. 

2.  Өз білімдерін тексеруге дағдыландыру. 

3.  Алған білімдерін, қайталай отырып, тексеру. 

4.  Оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туғызу. 

5.  Оқушыға өз кемшілігін байқату. 

Тест  жүргізу  арқылы  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  әрекеттері 

артады,  оқытудың  тиімділігіне  қол  жеткзіледі,  ойлауы  есте  сақтау  қабілеті 

артып, шығармашылық әрекеті қалыптасады. Өз тәжірибемде көп жылдар бойы 

жоғары  сыныптарға  сабақ  беремін.  Оқушылардың  білімін  бақылауда  жоғары 

сыныптарда тесттің бірнеше түрлерін пайдаланамын. 

Тірек сызбасы 1 – Тест түрлері 

 

 



 

 

 



 

 

Әр  оқушының  білім,  дайындық  деңгейін  мониторинг  арқылы  айқындап, 



бақылап отырамын. 

Бүгінгі  күні  білім  беру  мекемелерінде  теориялық  және  практикалық 

жұмыстарда  әртүрлі  педагогикалық  инновациялық  технологиялардың 

нұсқалары қолдануда. Ауқымды инновациялық технология нақтылы жүйе мен 

жіктелуді  керек  етеді.  Осы  мәселемен  Г.К.Семенко,  В.М.Максимов  ғалымдар 

айналысты. 

В.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктеулерді ұсынады: 

1.  Құрылымдық технология. 

2.  Интеграциялық технология. 

3.  Ойындар технологиясы. 

4.  Ақпараттық технология. 

5.  Диалогты технология. 

Дұрыс жауапты 

таңдау тесті 

 

Толықтыру тесті 



 

Баламалы тест 

 

Сәйкестендіру  



тесті

 

Пайдаланатын тест түрлері 




205 

 

Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияны қолдана отырып, білім 



сапасын арттыру үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: 

 



Жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұнын  зерттеп  білу,  пәндік  білім 

стандартымен  жете  танысу,  білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын  игеру 

арқылы  оқушыларға  білімді  мемлекеттік  стандарт  деңгейінде  игеруге  қол 

жеткізу; 

 

Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; 



 

Оқу үрдісін іргелендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа 



алу; 

Әрбір  ұстаз  осындай  шарттарды  игеріп,  ескеріп  жаңаша  оқытуға  бет 

бұрыс  жасауы  керек.  Себебі  бүгінгі  педагогика  ғылым  жаңа  технологияны 

тиімді  пайдаланумен  ерекшеленеді.  Сабақтың  қай  құрылмында  болмасын 

оқытушы  осындай  стратегияларды  қолданғанда  «Мен  не  ұтамын?»  және 

«Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. 

Инновация(латын  сөзі)  жаңа,жаңалық,жаңарту  деген  мағынаны  білдіреді 

екен. 


Инновация  дегеніміз  білім  беру,  тәрбиелеу  жұмысына  жаңалықты 

енгізу,яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа консепсияларды 

жасап, оларды қолдану деп анықталған. 

Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсіндіреді: 

1) жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі 

2) құрал әдіс-тәсіл 

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 

1) – балаға ізгілік тұрғысынан қарау 

2) – оқу мен тәрбиенің бірлігі 

3) – баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту 

4) – баланы өз бетімен әрекеттендіру әдістерін меңгерту 

1) – жоба технологиясы 

2) – ақпараттық компьютерлік технологиясы 

3) – деңгейлік саралап оқыту технологиясы 

4) – қарқынды оқыту технологиясы 

Оқытудың жаңа технологияларын таңдаған мұғалім оқушылардың жалпы 

білімін білуі керек. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялар  оқушының  шығармашылық 

қабілеттерін  арттыруға  өз  үлесін  қосады.  Жаңа  технологияны  қолдану 

төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: 

I.  кезең – оқып үйрену. 

II.  кезең – меңгеру. 

III.  кезең – өмірге ендіру. 

IV.  кезең – дамыту. 

Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: 

оқу 


үрдісін 

интенсивтендіруді 

жаппай 

қолға 


алу, 

оқушылардың 

сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. 

Мұғалімдердің оқушы білімін көтерудегі мақсаты: 




206 

 

1) 



– әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану; 

2) 


– әр оқушының психологиялық, физиологиялық жеке дара 

ерекшеліктерін ескеру; 

3) 

– міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік 



деңгейлерін ашу. 

Технологиялардың тиімділігі: 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы.  Бұл  технологияның  ерекшелігі, 

әлемдегі  ең  озық  технологиялардың  бірі  болып  табылады.  Сыни  тұрғыдан 

ойлау технологиясы  шығармашылық қабілеті жоғары жеке тұлға тәрбиелеуде 

маңызы  зор.  Осы  технологияны  төмендегідей  қағидаларға  сүйене  отырып 

жүргізу керек: 

 

Өмірлік тәжірибеге сүйену 



 

Ойлау жүйесіне қозғау салу 

 

Ынталандыру және белсендіру 



 

Бірлесіп жұмыс жасау 

Үш  кезеңді  құрылымды  қадағалау(қызығушылықты  ояту,  мағынаны 

ажырату, ой толғаныс). 

Сыни ойлау проблема тудырудан басталады

Міне,осындай  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясының  әдістерін 

сабақтарда  қолданудың    маңызы  зор.оқушыларға  тиімді  жақтары  жоғары 

екендігін көрсетіп отыр. 

Тиімділігі: 

1) 


Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді. 

2) 


Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады. 

3) 


Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. 

4) 


Мұғалім мен оқушы арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды. 

Ақпараттық компьтюлерлік технологияны қолдану – заман талабы. 

Заман  талабына  сай  оқу  үрдісін  ақпараттандырылған  технологиямен 

жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. 

Ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  негізгі  артықшылықтары 

мынадай: 

1) Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт 

аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 

2) Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруі олардың тарамдалуы  мен оқу 

материалының сапасын арттырады. 

Оқу  үрдісін  ақпараттандыру  арқылы  нәтижеге  жетемін  деген  мұғалім 

алдымен келесі міндеттерге мән беру керек: 

1) Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану 

2) Тиімді тәсілдерді анықтау 

3) Ақпараттық технологияларды зерделеу 

4) Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану 

5) Қолдану тәсілдердің нәтижесін бағалау. 



207 

 

Электрондық оқулық қазақ тілін оқытуда тек тиімді теориялық материал 



мен  тапсырмалардан  құрастырылған  оқу  құралы  ғана  болып  қалмай,бақылау 

және бағалау функциясын да атқарады. 

Қазақ тілі сабағында деңгейлік саралап оқыту технологиясы. 

Деңгейлік тапсырмалар орындату балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, 

керісінше  оқушының  біліміне,  мүмкіндігіне,  сұранысы  мен  қабілетіне  сәйкес 

дайындалған  сатылы  жұмыстар,  яғни,  оқушылардың  жеңілден  қиынға, 

қарапайымнан  күрделіге  қарай  сатылы  түрде  орындалатын,  ойлау,  сөйлеу 

қабілетін дамытатын, әлеуметтік  көзқарасын қалыптастыратын,  ізденушілікке 

баулитын жұмыстар жүйесі. 

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізгі мақсаты: 

Барлық оқушыларға стандарт деңгейінде білім беру 

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейінде оқыту 

Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру 

Тиімділігі мен ерекшелігі 

Оқушы білімі анық бағаланады 

Белсенділігі артып,қызығушылығы оянанады 

Ой еңбегі жетіледі 

Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді 

Өзіне деген сенімділігі артады 

Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады. 

Әдістері 

Материалды деңгейлеп беру. 

Жаттығу әдісі арқылы бірнеше деңгейде жұмыстану. 

Бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу. 

Маңыздылығы: 

Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі

Әркім өзінің білім деңгейін біліп,оны дамытуға тырысады, 

Қиындықтарды жене білуге дағдыланады; 

Ізденіс дағдысы қалыптасады. 

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы 

Мынадай 4 түрге бөлінген: 

I.  деңгей 

–  Репродуктивті  –  үйренуші(білімнің  төменгі  шегі. 

Грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау. Мәтінді түсініп оқу. 

Жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға жауап беру) 

II.  деңгей  –  Алгоритімдік  (мақсат  пен  шешілуге  тиіс  жағдаят  нақты, 

белгілі.  Оқушы  бұрынғы  алған  білімін  пайдалана  отырып,  өз  бетімен  жұмыс 

істейді.  Үйренушілік  деңгейдегі  білімін  толықтыру,  күрделі  материалды 

жүйелей  алуы,  алған  білімдерін  басқа  тапсырмаларды  орындағанда  пайдалана 

алуы ескеріледі). 

III.  деңгей  –  Эвристикалық  (мақсат  анық,  жағдаят  түсініксіз.  Оны  оқушы 

өзі толықтырады. Жаңа хабар білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей әр түрлі 

логикалық  тапсырмаларды  талдай,  жинақтай  алуды  және  салыстыра  білуді 

қажет етеді). 




208 

 

IV.  денгей –  Шығармашылық (мақсат анық  емес, жалпылама.  Оқушы  оны 



анықтайды, жаңа нәрсені табады. Өз бетінше жаңа дүниені әкеледі. 

Осылайша  білім  берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа 

технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы  да арта түспек деп 

ойлаймын. 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Маманов  Ы.  Орыс  мектептеріндегі  қазақ  тілін  оқыту.  Алматы,  1977. 

71.б. 

2. К. Өстеміров «Қазіргі білім беру технологиясы». Алматы 2004жыл, 54-



56.б. 

3. Педагогика мәселелері 2009 жыл, 125-125.б. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет