Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет79/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Гүлназ Маликовна Исаханова 

дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы 

мектеп-гимназия-интернатының 

қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Өскемен 

 

Қ.О. БІТІБАЕВАНЫҢ «ОЙЛАНТУ, ОЙ САЛУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

НЕГІЗІНДЕ ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҒЫЛЫМИ-

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ СУБЬЕКТІЛІКТІ ДАМЫТУ 

ЖОЛДАРЫ 

 

ХХІ ғасыр күллі адамзат баласына сапалы білімге жол нұсқап, түбегейлі 

өзгерістер  мен  жаһанданудың  салдарынан  туған  өзгерістер  мен  міндеттерді 

жүктеп  отыр.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  халқына  Жолдауында:  «Біз  бүкіл 

еліміз  бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін 

көрсетуге қол жеткізуіміз керек»-дейді [1]. 

Осы  орайда  өркениетті  елдер  қатарына  жетудің  басты  белгісі 

экономиканың  дамуы  ғана  емес,  білімді,  ғылыми  ізденістегі,  жан-жақты 

дамыған, сауатты адамдарына да тікелей байланысты. 

«Әрбір  баланың  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  ашу,  оның  мүмкіндігін, 

өмірдегі  мәнін  көрсету  арқылы  білімге  тереңірек  ұмтылуына,  сондай-ақ 

ізденісіне,  бейімділігіне  көмек  беру,  жағдай  туғызу  және  оған  өмір  сүру  үшін 

жаңа  рухани  күш  беру  –  білім  берудің  түпкілікті  мақсаты»  [2]  екендігі 

айқындалынып отыр. 




238 

 

Расында  да,  өмірдің  өзі  талап  етіп  отырғандай  бүгінгі  жаһанданған 



заманда  ұстаздар  қауымы  тек  сапалы  білім  беріп  қана  қоймай,  жан-жақты 

ғылыми  ізденістегі,  шығармашылықпен  айналысатын  дарынды  тұлға 

тәрбиелеуді 

ұстаным 


етуде. 

Сабақта 


оқушыларды 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына  баулудың  инновациялық  технологиясынан  ізденудің  қажеттілігі 

зор. 


Жеке  тұлғаның  өз  мүмкіншіліктерін  тану,  дамыту  жолдары,  сондай-ақ 

рухани жан дүниесі бай, өз-өзіне сенімді, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – 

білім  беру  жүйелеріне  қойылып  отырған  үлкен  міндет.  Осы  ұстанымдарға 

байланысты 

Қазақстан 

Республикасының 

«Орта 

білімді 


дамыту» 

тұжырымдамасында:  «Білім  саласын  реформалау  жолында  шығармашылық 

тұрғыда  ойлай  алатын,  танымдық  мәдениеті  биік  адамдардың  жаңа  легін, 

дүниеге  этикалық  тұрғыдан  жоғары  адамгершілікпен  қарай  білетін,  біліктілігі 

жоғары мамандарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс»-деп атап көрсетілді [3]. 

Яғни, бүгінгі қоғам үшін білімі мен білігі мол, адамгершіліктің биік тұғырынан 

көрінетін, шығармашылық, ғылыми ізденістегі дарынды тұлға қажет. 

Әдебиет сабағы – ғылым мен білімнің, рухани ізденістің қайнар бұлағы. 

Әдебиеттің  әр  сабағы  -  ұлылардың  асыл  мұрасына  тұнып  тұрған  ұлылықтың, 

даналықтың  сабағы.  Оқушыларды  әдебиет  сабағында  шығармашылықпен ғана 

емес, ғылыми ізденістерге де жұмылдыру мұғалімнің шеберлігін талап етеді. Өз 

іс-тәжірибемізде 

әдебиет 

сабағында 

оқушыларды 

ғылыми-зерттеу 

жұмыстарына  жетелейтін  жазба  жұмыстарының  төмендегідей  түрлерін 

пайдаланып келеміз: 

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында анықталған мұғалім

оқушы моделі: 

 



239 

 

 



Ғылыми-зерттеу жұмысына жетелейтін инновациялық технологияға 

негізделген ұстаз сабағының жоспарының моделі: 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Өз  іс-тәжірибемізде  оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 

жұмылдыруда төмендегідей мәселелерге назар аударамыз: 

- зерттеу тақырыбын таңдай білу; 

- зерттеу тақырыбы бойынша болжам жасай білу

- теория мен практикалық жұмыстарға назар аударту

- ғылыми еңбектермен жұмыс түрлерін ұйымдастыра білу; 

- Ақпараттық технологиядан іздену

- Қорытынды жұмыстарға назар аударту. 

Төменде  оқушылпарды  ғылыми  жоба  жазуға  жетелейтін  қадамдарды 

ұсынып отырмыз: 

Іздендіру, зерттеу 

бағытындағы 

тапсырмалар ұсыну 

Алдын-ала 

мақсат қою 

Шығармашылық 

бағыттағы 

тапсырмалар 

Анализ, 


салыстыру, 

талдау ж 

КЖТ, Жоба, 

Проект, модель 

т.б. 

Мақсатқа жету 



Бағалау 

Коррекция 

 

Өнімді 


сабақ 

 



240 

 

 



Библиографиялық сілтемелер 

1. Бітібаева  Қ.О.  Оқушыларды  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  баулу 

жолдары. 

2. Бітібаева  Қ.О.  Қазақстан  Республикасындағы  білім  және  ғылым: 

сьезден сьезге дейін.- Астана, 2004.-106бет. 

3. 5 Қазақстандағы мемлекеттік тілдің бүгінгі ахуалы мен даму болашағы. 

Халықаралық 

ғылыми-практикалық 

конференция 

материалдары.-

Өскемен, 2003.-231бет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет