Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет78/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру  керек».Елбасы  атап  өткендей,  АКТ,  

жаңа  ақпараттық-  коммуникациялық    технологияны  меңгеру  –  қазіргі  заман 

талабы  және  оны  пайдалану    тиімді  болып  отыр,  себебі,  біріншіден,  қажетті 

ақпаратты 

күшті 

әсерлілікпен 



жеткізеді; 

екіншіден, 

оқушының 

бақылаушылығы    мен  талдау  дағдыларын  жетілдіреді;  үшіншіден,  сабақта  

оқушыны  өз  пікірін,  ойын  тұжырымдап  айтуға  үйретеді,  оқушылардың  өздері 

ақпараттар  жинап,  жаңалық  ашуға  ұмтылып,  ізденіп,    жауабын  тауып,  өзінің 

қөзқарасын 

логикалық 

түрде 

дәлелдейді. 



Дана  халқымыздың  дара  ұлдарының  бірі  Ж.Аймауытов  «Сабақ    беру-

үйреншікті    жай    шеберлік    емес,  ол-үнемі    жаңадан    жаңаны    табатын  

өнер»- деп  айтқан.Үйренген   жаңалығымызды  қолдана  білу –ол  әр  ұстаздың 

өз  еншісінде.  

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  бұйрығымен 

бекітілген    Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-4  сыныптарына  арналған 

«Математика» оқу бағдарламасында  бұл пәнді: 

Оқыту  мақсаты  –ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтар  негізінде 

тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  етуге 

бағытталған  математиканың  базистік  негізін  сапалы  игеруді  қамтамасыз  ету; 

көрнекі-бейнелі,  логикалық  және  абстрактты  ойлауды  қалыптастыру,  негізгі 

орта  білім  деңгейінде  алгебра  мен  геометрияны  игеруге  практикалық  негіз 

жасау. 

Оқытудың міндеттеріне: 

1)  тұлғаның  зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, 

сонымен  қатар  математика  тілінде  сөйлеу,  психомоторика  тәрізді 

функционалдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын 

дамыту; 


2)  бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, 

жоспар  бойынша  әртүрлі  іс-әрекеттер  жасау,  оның  ішінде  ойлау  қызметін 

(талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі 

бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;  




234 

 

3)  оқытуды  білімнің  келесі  деңгейлерінде  жалғастыру  үшін  оқушыға 



қажетті  математикалық  білім  мен  білікті,  есептеу,  өлшеу  және  графиктік 

дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты 

дайындықты жүргізу; 

4)  оқуға  деген  ынтасын,  математикаға  деген  оң  көзқарасы  мен 

қызығушылығын,  танымдық  қызығушылығын,  өздігінен  жұмыс  атқару 

дағдысын қалыптастыру; 

5) стандартты  емес  және  қызықтылық  сипаттағы  тапсырмалар  негізінде 

жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу 

арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;  

6) 


баланың  тұлғалық  қасиеттерін,  яғни  жауапкершілік,  белсенділік, 

мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу; 

7) 

қарым-қатынас  мәдениетін,  үлкендерге  құрмет  көрсету  мен 



кішілерге  қамқор  болуды,  қоршаған  ортаны  қорғауда  өзінің  белсенділігін 

көрсетуді,  патриоттық  сезімді  тәрбиелеу,  қазақ  халқы  мен  елімізде  өмір  сүріп 

жатқан  этностардың  тарихына,  мәдениетіне,  әдет-ғұрпына  және  басқа 

байлықтарына  құрмет  көрсетуді,  математика  ғылымының  дамуы  барысында 

жинақталған  құндылықтарға  қатыстыру  кіреді  деп  нақты  көрсетілген.  Осыған 

байланысты  бастауыш  сынып  оқушыларының  математикалық  сауаттылығын 

қалыптастыруда  ең  алдымен  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру 

жолында  ақпараттандыру  әдістері  арқылы  заман  талабына  сай  сабақ  берудің 

тиімділігін арттырып, күнделікті сабаққа видео, аудио 

қондырғылар    мен  теледидарды,  компьютерді, 

интерактивтік 

тақта 


мен 

мультимедиалық 

проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне  

көзім  жетіп отыр. 

Бастауыш  сынып  сабақтарында  ақпараттық   –

коммуникациялық    әдіс-тәсілдерді    пайдаланудың    тиімді    жолдары:  оқушы 

дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың  көмегімен  мәтінді тыңдайды, 

бейнесюжеттерді  көре  алады;  оқушы  аз  уақытта  жедел  түрде  қажетті  көп 

ақпаратты  алып,  уақытты  үнемдейді;  қашықтықтан  білім  алу  мүмкіндігін 

пайдаланады; электрондық  оқулықтың тапсырмаларын  орындау  арқылы  есте 

сақтау  қабілеті,  пәнге    деген  қызығушылығы    артады;    CD  дискке  қажетті 

материалдарын көшіріп жазып алады. 

АКТ-мен  оқытудың  осындай  тамаша  мүмкіндіктері  мен  артықшылықтарына 

көзім жете келе мен оны математика  ссабақтарында үнемі қолданамын. Онда 

тақырып  туралы  түсініктерін  қалыптастыру  үшін  арнайы    таныстырылым 

дайындап  көрсетемін,  электрондық  оқулық  пен  интертақта  мүмкіндіктерін 

пайдаланамын. Кері байланыс кезінде интерактивті тақтада сәйкестендіріп қос 

деген  тапсырма  беріледі.  Сонда  оқушылар  тапсырмалар    мен  жауаптарын 

дұрыс  сәйкестендіреді.  Немесе        топқа  кестені  толтыру  тапсырмасы  беріледі. 

Топ мүшелері бір-бірімен ақылдасып, талқылап, интерактивті тақтадағы кестені 

толтырады.  Олар  тапсырманы  қызыға  орындайды,  бір-біріне      үйретіп 

түсіндіреді, оқушылар ізденеді. 




235 

 

Тест  шешу тапсырмаларын орындауда АКТ-ның пайдасы зор. Әр топқа  



әр  нұсқадағы  тестік  тапсырмалар беріледі.Тапсырманы  орындап  болғаннан  

кейін    жұптық    тексеру    жүргізіледі.  Топ  мүшелері    жіберілген  қателіктерді  

ортаға  салып,  талқылайды.  Аяқтағаннан  кейін  интерактивті  тақтаны 

пайдаланып,  кілті    бойынша    қорытындылап,  бағалайды.  Бұл  тапсырманы  да 

балалар  қызығушылықпен,  белсенділікпен  орындайды,  әрі  аз  уақытта  сынып  

жұмысын  түгел  тексеріп  бағалауға  мүмкіндік  туады,  мұғалім  жұмысы 

жеңілдейді. 

Электрондық  оқулықтың  тапсырмаларын  және  интерактивті  тақтаның 

мүмкіндіктерін  пайдаланып  тапсырмаларды  орындауға  оқушылар  аса  

белсенділік-  пен  қатысып,  жоғары  қызығушылықпен  орындайды.  «Ауызша 

қосу  және  азайту  тәсілдері»,  «Сандар  және  шамалар»    деген    тарауларды 

қайталау  кезінде  интерактивті  тақтаға  алдын  ала  тапсырмалар    жазып  

дайындап  қойған  флипчарттарды  пайдаламын.  Онда  қосу  және  азайту 

тәсілдеріне  берілген  көптеген  тапсырмаларды    (бояу,  сызу,  сызықпен 

байланыстыру,  т.с.с.)  орындау  оқушылардың    білім,    білік,  дағдыларын  

жетілдірумен  бірге    оқуға    ынтасын    арттырады(1-сурет).  Мысалы,  бірінші 

бағанға  азайту  мен  қосуға  бірнеше  мысалдар  жазылады  да,  екінші  бағанға  

олардың  жауаптары  жазылады,  бірақ  та  орындары  ауыстырылып  тұрады. 

Оқушылар  өзі  таңдаған  мысалды  шығарады  да,  жауабын  берілген  өрнекке 

қосып  сызады.  Немесе,  «Жоқ  санды  тап»,  «Бос  орынды  толтыр»  деген 

логикаға берілген тапсырмаларды да көп қиналмай орындайды. 

Сонымен    қатар,  мұндай    тапсырмаларды    орындау    кезінде    пәнаралық  

байланыс  та  жүзеге  асып  жатады.  Мысалы,  «Сандықты    боя»  деген  

тапсырмада  сандықтың суреті  беріліп, оның  әр  бөлігіне  есептеуге  мысалдар  

жазылады, оқушы  оны  есептеп,  шыққан  жауабына  сәйкес  көрсетілген  түсті  

таңдап,  сол  бөлікті  бояйды(2-сурет).  Бұл  жерде  баланың  есептеу  дағдысымен 

қоса бейнелеу өнері  пәнімен  байланыстырыла эстетикалық талғамы дамиды. 

Ұлттық    құндылығымыз  –  сандық    туралы  түсінігі    артады.  Осындай 

тапсырмаларды    орындату    кезінде  тағы    бір    байқағаным,  күнделікті  сабақта 

енжар    отыратын,    аса  белсенділік    таныта  қоймайтын,  үлгерімі  төмен 

оқушылардың  да  белсенділігі мен  ынтасы  артып, қызығушылығы  оянады.        

Бүгінгі  танда  сабақта    және  сыныптан    тыс  жұмыстарда  ғаламтор  қорын 

(интернетті)  пайдалануға  қолымыз  жетті  және  ол  өте    тиімді  екенін  көрсетіп 

отыр.    Интернет  желісін  пайдалану    арқылы  қосымша    материалдар      алуға 

болады.  

Сабақтарда  электрондық  оқулықты  пайдалану 

арқылы  өз  жұмысымызды  жеңілдетіп  отырмыз  десе 

болады. Ондағы тапсырмаларды 

орындау  күнделікті    кітап  пен 

қағазда 


жазылған 

тапсырмаларды  орындаудағы  бірсарындылық  пен  

жалықтырушылықтан    құтқарып,  балалардың    пәнге  

деген    ынтасын    арттырады(3-сурет).    Сонымен  қатар  




236 

 

сабақта  электрондық оқулықтарды  пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған 



білімдерін  кеңейтіп,  өз  бетімен  шығармашылық  тапсырмалар  орындайды. 

Әрбір  оқушы  таңдалған  тақырып  бойынша  тапсырмалар  мен  тарау  бойынша 

тест  жұмыстарын  орындап,  анимациялық  практика  тапсырмаларымен  жұмыс 

жасауға  дағдыланады.  Электрондық    оқулық  арқылы  түрлі  суреттер, 

видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Бұл, 

әрине   мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  әсерлі. 

Меңгерілуі  қиын  материалдарды    компьютердің  көмегімен  оқушыларға 

ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады.  Ол  бір  

жағынан пәндік білім алса, екіншіден компьютерлік сауаттылығы артады. 

Сонымен, 

оқу- 

тәрбие 


үрдісінде 

оқытудың 

ақпараттық 

– 

коммуникациялық  әдістерін  тиімді  пайдалану   және  қолдану  айтарлықтай  оң  



нәтиже  беріп  отыр.  Атап  айтқанда,  оқушылардың  өз  бетімен  ізденісі,  пәнге 

деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің 

мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруда өте маңызды. 

Күнделікті  сабаққа    дайындық    барысындағы  сабаққа  қажет  көрнекіліктерді 

дайындау,  тапсырмаларды   түрлендіру,  уақытты  ұтымды  әрі  тиімді пайдалану 

сияқты мәселелерді  шешуде  көп рөл атқарады. 

Бастауыш  сыныптағы  сабақтарда  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  

байланысты қойылатын гигиеналық талаптардың бірі  - сабақ  үстіндегі  сергіту  

сәттері. Ол біріншіден, кіші жастағы  балалардың  шаршауына  жол  бермейтін 

болса,  екіншіден  олардың  ынтасын  арттырып,  зейінін    шоғырландырады. 

Бұрын    сергіту  жаттығуларын  ауызша  жүргізетін  болсақ,  қазір  компьютердің 

көмегімен  жасалған жаттығуларға еріп орындау балалар үшін өте қызықты, әрі 

әсерлі(4-сурет). 

Мұғалім алдындағы оқушы  білімін  жан – жақты  қалыптастыру,   пәнге  

деген    қызығушылығын    арттыру  ,ақпараттық  мәдениетін    дамыту  ,  уақытты  

үнемдеу,оқушылардың орындаған  жұмыстарының  қателерін  бірден  көруіне  

қол жеткізу сияқты міндеттерді шешуде  АКТ таптырмас  құрал болып отыр. 

Бастауыш  сыныптан  оқушыларды  ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны 

қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік  технологияны  өз 

қызметтеріне  еркін,  тиімді  пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыру    арқылы  

ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсатын  жүзеге  асыруға 

болады  деп  есептеймін.  Ақпараттық  құзіреттілігі  қалыптасқан  бала   

сын  тұрғысынан  ұсынылған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім  қабылдай 

білетін,  өз  бетінше  мақсат  қойып,  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін 

танымдық қызметті  жоспарлауға  және жүзеге  асыруға  талпынатын,  ақпаратты 

өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  қарауға  сақтауға, 

түрлендіруге  және  тасмалдауға,  оның  ішінде  қазіргі 

заманғы 


ақпараттық- 

коммуникациялық 

технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйренген,  

логикалық 

операцияларды 

(талдау, 

жинақтау, 

құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, моделдеу, 




237 

 

ойша зерттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдей білетін 



тұлға болып қалыптасады.  

Осындай  пайдалы  жақтарын  қолдана  отырып,  таяқтың  екінші  ұшындай, 

АКТ-ның  бала  денсаулығына  тигізер  зиян  жағын  да  естен  шығармау  керек. 

Себебі, қазіргі кезде үнемі компьютердің алдында отыру баланың көзіне, дене 

бітімінің  өсіп  жетілуіне,  тіл  байлығына,  сөздік  қорының  жетілмей  қалуына 

әкеліп  соғуы  да  мүмкін  екендігі  айтылып  жүр.  Сондықтан,  баланы  кіші 

жасынан отбасында да, мектепте де  компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік 

ережелерін  сақтауға  үйрету,  ғаламторды  пайдалану  кезінде  жеке  ақпаратты 

сақтауды үйретудің маңызы зор. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық. 

2. Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-4  сыныптарына  арналған 

«Математика» оқу бағдарламасы 

3. Ғаламтор қорынан. 

«ИФМ»әдістемелік журналы. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет