Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет77/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   250
Джанна Кайсановна Исаканова 

Рыков атындағы орта мектебі  

Катонқарағай ауылы 

Катонқарағай ауданы  

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АКТ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ 

 

Қазіргі  таңда  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі  –  

шығармашылық  қабілетті    жеке  тұлға  қалыптастыру.  Ғылымдар  негізі-

математиканы  меңгерту жолында  оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді 

ұйымдастыру  және  басқарудағы    АКТ  технологияларының  мүмкіндіктері, 

артықшылығы  туралы  айтылады.  Автор  бастауыш  сынып  балаларының 

ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамытудағы    математикалық  сауаттылық  пен 

АКТ  технологияларын  қолданудағы  өз  іс  тәжірибесінен  мысалдар  келтіре 

отырып баяндайды. 

 

Басты сөздер: математика, бастауыш сынып, электрондық оқулық. 



 

Бастауыш  мектеп–оқушыны  тұлға  ретінде  қалыптастырудың  алғашқы 

баспалдағы. Болашақ  ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығы- әлемдік 

өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының  гүлденуіне кепілдік 

болар бірден- бір жол. Бала-біздің болашағымыз. 

Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де 

батыл,  өзіне-  өзі  сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  биік,  дүниетанымы  дұрыс 

қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу- біздің міндетіміз. Мектеп өмірі балаға жаңа 

әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жеке 

тұлғаның алғашқы қалыптасуы,  дамуы, білімге деген сенімінің нығаюы, оқуға 

деген  қызығушылығының  оянып,  ынтасының  артуы    бастауыш  мектепте 

қаланады.  Ал  баланың  тұлға  болып    қалыптасып.  дамуында      мектептегі 

математика    пәнінің  алатын  орны  ерекше.  Бала  жаны  жаңалыққа  құмар, 

білмегенін  білгісі  келіп,    белгісіз  нәрсені  ашуға  тырысып  тұратын    баланың 

талпынысын  дамыту  менің  міндетім  деп  есептеймін.  Сондықтан  да  мен  осы 

күнге дейінгі  тәжірибемде осы міндет үдесінен шыға білуге еңбек етіп келемін.  

Жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын  меңгеру– қазіргі заман 

талабы.  АКТ-ны  қолдану  ол  ақпаратты  алу,  сақтау,  өндіру,  ұсыну,  алмасу 

сияқты  жұмыстарға қатысуға кеңінен көмек береді. Сабақтарымда АКТ  жиірек 

қолдануға  тырысамын.  Оқушыларға  компьютерге  теріп  жазу,  тапсырмаларды 




233 

 

орындау, интерактивтік тақтаны қолдану  өте ұнайды. Оқытудың компьютерлік 



технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады.  

«Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани 

азаматтық  және  басқа    да  көптеген  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 

тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  -тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 

көмектеседі » С.В. Селевко.  

АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың 

қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімге  сабақ  беруде 

көмектесетін маңызды құрал. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 61 бет) 

Жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  жасайтын  Жолдауында    Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев  былай  деп  атап  өткен:  «Компьютерлік  техниканы,  интернет, 

телекоммуникациялық  желі,  электрондық  және  телекоммуникациялық 

құралдарды,  мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет