Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ХИМИЯ САБАҒЫНДА Қ.БІТІБАЕВАНЫҢ «ОЙ САЛУ, ОЙЛАНТУ»



Pdf көрінісі
бет21/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68

ХИМИЯ САБАҒЫНДА Қ.БІТІБАЕВАНЫҢ «ОЙ САЛУ, ОЙЛАНТУ» 

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 

 

Мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын 

арттыру 


мәселесі 

қарастырылады. 

Функционалдық 

сауаттылықты  табысты  етудің  тиімді  әдісі  ретінде  химия  сабағында 

Қ.Бітібаеваның  «Ой  салу,  ойланту»  технологиясын  пайдалану  жолдары  сөз 

болады. 


 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  құзіреттілік,  инновациялық 

технология, әдебиетті оқыту, поэзия, әдіс-тәсілдер. 



 

ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепте, ұстаздарға үлкен талаптар 

қойылуда.  Ұстаз  ұғымы  –  мағынасы  кең,  мәні  терең,  тарихи  ұғым.  Адамзат 

баласының  дамуында  білімнің  қажеттілігі  сол  білімді  таратушы,  жеткізуші 

ұстаздың  қажеттілігімен  бірдей  маңызға  ие  болған.  Ұстаздың  білімділік, 

абырой-беделінің  айнасы-шәкірт.  Ұстаздың  өз  мамандығына  деген  үлкен 

сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы 

еңбегі  –  бала  жүрегіне  жол  табар  –  қыл  көпір.  «Бүгінгі  жастарымыз-еліміздің 

болашағы оларды қазірден бастап жан-жақты толысқан адам ретінде тәрбиелеу 

міндеті  тұр»-деп,  мұғалімдердің  республикалық  III  съезінде  Елбасымыз 

Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  атап  көрсеткен  болатын.  Сондықтан, 

ұстаздардың  алдында  болашақ  заманның  жан-жақты  дамыған,  тәрбиелі  

ұлтжанды білімді азаматын даярлау міндеті тұр [1]. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің 

көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп 

отыруды  қажет  етеді.  Өйткені,  білім  мазмұны,  оқыту  үдерісі  өзгерісті  талап 

етуде. Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық. 

Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, 

нәтижелі  жұмыс  істеу  үшін  мұғалім  сабағына  жан–жақты  дайындалуы  керек. 

Ол  үшін  мұғалімге  еркіндік,  шығармашылық  ізденіс,  көп  еңбектену  қажет. 

Болашақ  қоғам  мүшелерiн  бiлiмдi,  парасатты  етiп  қалыптастыруда  химия 

пәнiнен  бiлiм  берудiң  алатын  орны  ұшан-теңiз.  Себебi,  химия  ғылымы  адам 

баласын  күнделiктi  өмiрде  қоршап  қана  қоймай,  күнбе-күн  олардың  керегiне, 

мұқтажына,  қажетiне,  өмiр  тiршiлiгiне  жарайтын  заттар  мен  құбылыстар 


200 

 

туралы  бiлiм  беруге  бағытталған.  Химия  пәнінен  орта  білім  берудің  негізгі 



міндеттерінің  бірі  –  оқушының  пәнге  қызығушылығын  арттырып  өмірде 

химияның  маңыздылығын  түсіндру.  Мектептегі  химиялық  білімнің  негізін 

бейорганикалық  және  органикалық  заттар,  олардың  құрамы,  құрылысы  мен 

қасиеттері,  химиялық  реакциялар,  олардың  мәні  мен  өту  заңдылықтары, 

заттарды  қолдану  мен  химиялық  айналулар,  экологиялық  проблемалар  мен 

оларды  шешу  жолдары  туралы  білімдер  жүйесін  құрайды.  «Химия»  пәні 

стандарт  талаптарында  көрсеткеніндей  жалпы,  бейорганикалық  және 

органикалық  химия  білім  аймағында  іргелі  білім  бере  отырып,  оқушылардың 

танымдық  және  шығармашылық    әлеуметтік  құндылықтарын  қалыптастыру 

міндеттерін 

орындайды. 

Химиялық 

білім 

мазмұны 


оқушылардың 

қызығушылығы  мен  қабілетін  арттырады.  Оқушы  химияны  оқу  арқылы 

химияның  процестердің  зандылықтарының  негізгі  қағидалары  жайлы, 

бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі  класстары  жайлы,  бейорганикалық 

реакциялардың заңдылықтары мен механизмі жайлы түсініктер алып өз білімін 

тереңдетеді. Еліміздің кейбір мектептерінде әлі күнге дейін әсіресе жасы келген 

ұстаздар  сабақ  барысында  жаңа  технологияны  қолданбай,  біріңғай  дәстүрлі 

жүйемен  сабақ  өткізеді.  Дәстүрлі  оқыту  жүйесі  бізге  әрине  керек,  бірақ  жаңа 

технологияны пайдаланып оқытқан мектеп пен дәстүрлі оқыту мен оқытылатын 

мектептің  арасында  жер  мен  көктей  айырмашылық  бар.  Жаңа  технологиямен 

оқытылған  бала  жан-жақты  ізденімпаз,  тез  аңғарғыш  келеді.  Қазір  дүние 

жүзіндегі  білім  сапасы  жағынан  алдыңғы  қатарда  тұратын  Жапония,  Қытай 

сияқты 

мемлекеттердің 



барлығы 

оқытудың 

жаңа 

технологияларын 



пайдалануда.  Мемлекетіміздің  білім  дәрежесін  көтеру  үшін  ұстаздар  қауымы 

үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Елімізде соңғы жылдары көптеген гимназия, 

химияны  тереңдетіп  оқытылатын  мектептер,  Назарваев  зияткерлік  мектептері 

сияқты  білім  ошақтары  ашылуда,  бұл  әрине  қуантарлық  жағдай.  Біздің  жаңа 

дамып  келе  жатқан  жас  мемлекетімізге  білімді,  білікті,  өз  мамандығының  қас 

шебері заман талабына сай химик мамандар ауадай қажет. Химия пәніне деген 

оқушының қызығушылығын арттыру үшін мұғалім әр уақытта қазіргі қоғамда 

химиясыз  өмірді  елестетудың  мүмкін  емес  екендігін  оқушы  санасына  сіңіріп, 

барлық  оқушыға  тең  көзқараста  болып,  барлығының  білім  дәрежесін  жоғары 

деңгейге  көтеру  керек.  Яғни  біз  мектептен  бастап  болашақтың  ірге  тасын 

қалауымыз  шарт.  Ұстаз  міндеті  –оқушыға  кез  –келген  білім  саласын 

меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылықпен жұмыс істей 

білуге  баулу.  Педагог  ғалым  А.  Сухомлинский:  «Сабақ-мұғалімнің 

педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын [2,19]. Уақыт өткен сайын 

сабақ  үдерісін  жетілдірудің  жолдары  мен  әдістері  үнемі  өзгеріп,  жаңаруда. 

«Шайнап  берген  ас  болмайды»  дегендей,  жаңа  оқу  материалын  өз  бетінше 

меңгеруге  арналған  әдіс-тәсілдерді  сабақтарда  пайдаланудың  маңызы  зор. 

Қазақ  педагогикасының  жарық  жұлдызы,  жаңашыл  педагог  Қ.Бітібаеваның 

конструкциялау  технологиясы  әдебиетті  оқыту  негізінде  туындаған.  Алайда 

шығармашылыққа  бет бұрған ұстаз үшін  бұл  технологияны оқып  үйреніп,  кез 

келген  пән  үшін  сабақта  пайдалану  қызығарлық  іс.  Жобалау  және 


201 

 

конструкциялау  технологиясында  белгілі  бір  тақырып  бойынша  оқушының 



дербес  ізденісі,  жаңа  білімді  өз  белсенділіктерімен  алу  іс-әрекетіне  ерекше 

көңіл  бөлінеді.  Жобалау  және  конструкциялау  технологиясы  төрт  сатыдан 

тұрады: 

1.Алдын –ала тапсырмалар беру. 

2.Мақсатқа жету үшін оқушыға бағыт – бағдар ұсыну. 

3.Оқушының жаңа сабақ бойынша жұмыстарын тыңдау. 

4.Жаңа  білімді  меңгерту  кезінде  коррекциялық  жұмыстарды  жүзеге 

асыру. 


Бұл  технологияның  ең  тиімді  жері  әрі  тірек-сызба,  әрі  көрнекілік,  әрі 

көмек-нұсқау қызметін атқарады. 

Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева: 

«

Мақсатым  –  сабақты  қызу  еңбекке  құру:  сабаққа  оқушыларды 



тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді 

өз  еңбегіне  қарай  алушы)  дәрежесінде  қатыстыру.  Олар  –  пікір  айтушылар, 

қызу  айтысқа  қатысушылар,    өз  көзқарасы,  эстетикалық  талғамы  қалыптасып

 

келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды 



мақсат етемін» деген [3].

 

Химия сабағында Қ.Бітібаеваның технологиясы өте тиімді. Оқушылар өз 



бетімен  ізденеді, 

білімді  өз  еңбектерімен  алуға  талпынады, 

топтық 

жұмыстарымен  айналысады.  Мысалы:  «Кальцийдің  табиғатта  кездесуі» 



тақырыбында  оны  алу  жолдарын,  физикалық,  химиялық  қасиеттерін 

сипаттайтын    реакция  теңдеулерін  жаза  білуге  баулиды.    Төменде  кальцидің 

табиғатта қолданылуын  ұғындыру, танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында 

өткізген  сабақ  жоспарын  ұсынып  отырмыз.  Сабақта  Д.И  Менделлевтің 

периодтық  жүйесі,  электронды  оқулық,  слайд,  бағалау  парағы,  зерттеу, 

дәлелдеу  тапсырмалары,  таратпа  кестелер,  тірек  -  сызбалар  көрнекіліктерін 

пайдаландық.  Сабақты  география,  тарих,  биология,  математика  пәндерімен 

байланыстыра  өткіздік.  Оқушыларға  сабақтың  өту  барысы  туралы  толық 

түсінік  берілді.  Алдын  ала  тапсырма  алған  әр  топ  жекелеген  жоба  бағыты 

бойынша өз дәйектемесін ұсынды. Б - бағыт бағдар дегенді білдіреді: 

Б

1

  –  Кальцийдің  периодтық  жүйедегі  орны  бойынша  сипаттама,  атом 



құрылысы,  қосылыстарының  қасиеттері  туралы  түсінік  береді.  Кальций  IV 

период, II топтың негізгі топшасының элементі, реттік нөмірі 20, ядросында 20 

протонмен  20  нейтроны  бар.  Ar  =406  электрондарының  жалпы  саны  да  20. 

Кальцийдің 

электрондық 

формуласы 

1s

2

2s



2

2p



3s

2

3p



6

4s

2, 



валенттілік 

электрондары  4s

болғандықтан  кальций  қосылыстарында  II  валентті. 



Кальцийдің  соңғы  энергетикалық  қабатында  2  электрон  бар.  Кальций 

атомындағы  электрондардың  орналасуы:  +20Р)2e–)8e–)8e-)2е–.  Электрондық 

формуласы:  1s2  2s2  2  p6  3s2  3p64s2.  Кальций  тұрақты  +2  тотығу  дәрежесін 

көрсетеді және тек негіздік қасиет көрсететін қосылыстар түзеді. 

Б

2

  –табиғатта  кездесуі,  физикалық  қасиеттері.  Бұл  бағытта  сөйлегенде 



кальцийдің  табиғаттағы  қосылыстарына  тоқталады.  Табиғи  қосылыстары: 

сульфаттар  CaSO

4*

2H

2



O  ғаныш,  каронаттар-CaCO

3

,  доломит  CaCO



3*

2MgCO


3



202 

 

фосфаттар-Ca



3

(PO


4

)

2



,  апатит  Ca

3

(PO



4

)

3



OH.!  Жер  қыртысында  5  орында,  3,4  %, 

адам ағзасында–1кг. 

Б

3

 – Химиялық қасиеттері  (жай және күрделі заттармен); 



2Са

о



2

о

=2Са



+2

О

-2



Са

о

+S



o

=Ca


+2

S

-2



Ca

o

+Cl



2

o

=Ca



+2

Cl

2



-1

3Ca


o+

N

2



o

=Ca


3

+2

N



2

-3  


Ә) Күрделі заттармен: H

2

O, HCl, HNO



3

, H


2

SO

4.



 

Б

4



  –  Бұл  бағытта  сөйлеген  оқушы  кальцийдің  алынуы,  қолданылуына 

тоқталып өтеді.(электролиз арқылы); – кальцийдің маңызды қосылыстары CaO, 

Ca(OH)

2,

 CaCO



3

Б



– табиғаттағы кальций қосылыстарының маңызы; CaSO

4*

2H

2



O ғаныш-

медицинада, құрылыста, мүсіндер жасауда; CaCO

3-

әктас, мәрмәр, бор-құрылыс 



материалдары;  CaO-сөндірілмеген  ізбес;  Ғаныштан  су  бөлінгенде  күйдірілген 

ғаныш (алебастер) CaSO

4*

0,5H


2

O алынады. Сa(NO

3

)

2, 



CaCl

2

-  суда жақсы ериді, 



олгаздар мен сұйықтарды құрғату үшін қолданылады. Б

7

– Қорытынды кезінде 



оқушылардың 

шығармашылық 

ізденістері, 

тыңдалды. 

Оқушылардың 

жинақтаған  қосымша  мәліметтері  туралы  айтылды.  Сабақ  қорытындыланып, 

жұмыс нәтижесі бағаланды, талданды. Бұл технологиядан күтілетін нәтижелер: 

-мұғалім  тек  бағыт  беруші,  нұсқаушы  ролін  атқарды,  көп  түсіндіре 

бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатындығын және қалай оқып 

үйренетінін айтып, жүзеге асыртады; 

 -оқушылар  ұдайы  белсенді,  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындайды, 

талқылайды, дағды мен ұжымдық жұмыс қалыптасады; 

Сабақтың  құндылығы:  барлық  оқушылар  тақырып  төңірегінде  ғылыми 

әдебиеттерден іздене отырып, көптеген мағлұматтар келтірді. Сабақ толығымен 

оқушының танымдық қабілеттерін , белсенділігін арттыруға бағытталды. 

Елбасының  Қазақстан  халқына  «Қазақстан  2030»  жолдауында:  «Біздің 

жас  мемлекетіміз  өсіп  жетіліп  кемелденді,  балаларымыз  бен  немерелеріміз 

онымен  бірге  ер  жетеді.  Олар  өз  ұрпағының  жауапты  да  жігерлі,  білім  өрісі 

биік,  денсаулығы  мықты  өкілдері  болады»  -  деген  сенімі  жай  айтылған  жоқ. 

Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, жаңару үстінде. 

Еліміздің  болашағы  көркейіп,  өркениетті  елге  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ 

бейнесінен  көрінеді.  Осыдан  барып  қазіргі  кезде  жас  ұрпаққа  ғылыми  негізде 

білім беру қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұнын жаңарту 

–  қазіргі  заман  талабы  екенін  дәлелдейді.  Ал  қазіргі  заман  талабына  сай 

технология - ол Қ.Бітібаеваның технологиясы. 

 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Н.Назарбаев. Мұғалімдердің республикалық III съезді. 8 б. 

2. Сухомлинский. Химия мектепте. Ғылыми-педагогикалық журнал. 2006 

жыл, №6, 19 б. 

3. Бітібаева  Қ.  Қазақ  әдебиетін  тереңдетіп  оқытудың  инновациялық 

әдістемесі. - «Дәуір-Кітап» баспасы Алматы 2012жыл,59 б. 

4. Усманова М.Б, Сақариянова Қ.Н. Химия оқулығы- «Атамұра» 2005ж. 

 

 


203 

 

Жанаргүл Жасуланқызы Жұмабаева 



КММ №36 орта мектеп, Өскемен қаласы 

қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ 

ҚОЛДАНА ОТЫРЫП,ҚАЗІРГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТА ТАЛАБЫНА 

САЙ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ 

 

Oқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыта  отырып,қазіргі 



орта  талабына  сай  білім  сапасын  арттыру,мемлекеттік  мәртебізді  көтеру 

мақсатында казақ тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану. 



 

XXI  ғасырдағы  мектеп  ұжымының  басты  міндеті  –  оқушыларға 

халықаралық  деңгейге  сай  сапалы  білім  бере  отырып,  әлеуметтік  ортаға 

бейімделген,  адамгершілік  қасиеті  мол  туған  жерге,  Отанға  деген 

сүйіспеншілігі ерекше дамыған жас жеткіншекті дайындау. 

Қазақ  тілі  –  мемлекеттік  мәртебемізді,  ұлттық  қабілетімізді  танытатын 

басты  бөлік.  Тіл  бағдыры  қазақ  ұлтының  да  тағдыры.  Сондықтан  біздің 

мақсатымыз  –  қазақ  тілін  жоғары  деңгейде  меңгерту,  үйрету.  Мамандығым 

қазақ тілі пәнінің оқытушысы болғандықтан педагогикалық тәжірибемде әрбір 

сабағымда,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыру  мақсатында  жаңа 

технологияларды пайдаланамын. 

Технология – бұл қандай да бір істе, өнерде қолданылатын амал жүйенің, 

тәсілдердің жиынтығы, дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі. Инновациялық 

оқыту  дегеніміз  –  қазіргі  кезеңде  әлеуметтік,  мәдени  ортадағы  білім  беру 

әрекетінің  нәтижесі.  Оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілімен,  қазіргі  заманауи 

инновациялық технологияны меңгеру – әр ұстаздың басты міндеті. 

Тәжірибеге  сүйенсек,  күнделікті  сабаққа  бейне,  аудио  қондырғылар  мен 

теледидарды,  компьютерді,  мультимедиялық  проекторлар  пайдалану  үлкен 

нәтижелер береді. 

Мен  М.Жанпейісованың  «Модульді  оқыту  технологиясын»  басшылыққа 

алып,  оқушыларға  тапсырма  бере  отырып,  модульді  оқыту  идеясын 

инновациялық  технологиялар  арқылы  жүзеге  асырамын.  Мысалы,  қазақ  тілі 

пәнінен  «Сөз  тіркестері»  тақырыбында  актуалдау  кезеңіңде  келесі  кестені 

қолданамын: 

Кесте 1 – Сөз тіркестері 

Сөз тіркесі 

Тұрақты тіркестер 

Күрделі сөздер 

Оған мұрнын шүйірді. 

Мұрнын 


шүйірді. 

(менсінбеді) 

Сары торы (күрделі сын есім) 

Он үш күн. 

Ит өлген жерде. 

Он үш күн (күрделі сан есім) 

Ол бара жатыр. 

Жүрек жұтқан. 

Бара жатыр.(Күрделі етістік) 

 

Мультимедиалық  слайдтар  арқылы  түсіндіруге  болады.  Оқушылардың 



білімін  көрсетудің  ең  басты  шарты  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.  Ол 

204 

 

үшін  мұғалім,  сабақты  қызықты,  тартымды  өткізуі  керек.  Сондықтан  мен 



мынадай міндеттерді алға қойдым: 

 



Оқушы белсенділігін арттыру. 

 



Проблемалық сұрақтарды шығармашылықпен шешу. 

 



Оқу еңбегін түрлендіріп өткізу керек. 

Жаңа технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. 

Осылардың  ішінде  тест  жүйесін  қолдану  өте  тиімді.  Оқушылардың 

білімін  бақылау  үшін  тест  жүйесін  қолданудың  үлкен  маңызы  бар.  Тест 

оқушылардың  білімін  анық  көрсетеді.  Қай  тақырып  бойынша  қателер 

болғанын,  қанша  оқушы  ол  сұрақтардан  қателескенін  білудің  мұғалім  үшін 

маңызы зор. 

Тест тапсырмаларын түрлерін алудағы мақсатым: 

1.

 

Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру. 



2.

 

Өз білімдерін тексеруге дағдыландыру. 



3.

 

Алған білімдерін, қайталай отырып, тексеру. 



4.

 

Оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туғызу. 



5.

 

Оқушыға өз кемшілігін байқату. 



Тест  жүргізу  арқылы  оқушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  әрекеттері 

артады,  оқытудың  тиімділігіне  қол  жеткзіледі,  ойлауы  есте  сақтау  қабілеті 

артып, шығармашылық әрекеті қалыптасады. Өз тәжірибемде көп жылдар бойы 

жоғары  сыныптарға  сабақ  беремін.  Оқушылардың  білімін  бақылауда  жоғары 

сыныптарда тесттің бірнеше түрлерін пайдаланамын. 

Тірек сызбасы 1 – Тест түрлері 

 

 

 



 

 

 



 

Әр  оқушының  білім,  дайындық  деңгейін  мониторинг  арқылы  айқындап, 

бақылап отырамын. 

Бүгінгі  күні  білім  беру  мекемелерінде  теориялық  және  практикалық 

жұмыстарда  әртүрлі  педагогикалық  инновациялық  технологиялардың 

нұсқалары қолдануда. Ауқымды инновациялық технология нақтылы жүйе мен 

жіктелуді  керек  етеді.  Осы  мәселемен  Г.К.Семенко,  В.М.Максимов  ғалымдар 

айналысты. 

В.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктеулерді ұсынады: 

1.

 



Құрылымдық технология. 

2.

 



Интеграциялық технология. 

3.

 



Ойындар технологиясы. 

4.

 



Ақпараттық технология. 

5.

 



Диалогты технология. 

Дұрыс жауапты 

таңдау тесті 

 

Толықтыру тесті 



 

Баламалы тест 

 

Сәйкестендіру  



тесті

 

Пайдаланатын тест түрлері 



205 

 

Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияны қолдана отырып, білім 



сапасын арттыру үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: 

 



Жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұнын  зерттеп  білу,  пәндік  білім 

стандартымен  жете  танысу,  білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын  игеру 

арқылы  оқушыларға  білімді  мемлекеттік  стандарт  деңгейінде  игеруге  қол 

жеткізу; 

 

Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; 



 

Оқу үрдісін іргелендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа 



алу; 

Әрбір  ұстаз  осындай  шарттарды  игеріп,  ескеріп  жаңаша  оқытуға  бет 

бұрыс  жасауы  керек.  Себебі  бүгінгі  педагогика  ғылым  жаңа  технологияны 

тиімді  пайдаланумен  ерекшеленеді.  Сабақтың  қай  құрылмында  болмасын 

оқытушы  осындай  стратегияларды  қолданғанда  «Мен  не  ұтамын?»  және 

«Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. 

Инновация(латын  сөзі)  жаңа,жаңалық,жаңарту  деген  мағынаны  білдіреді 

екен. 


Инновация  дегеніміз  білім  беру,  тәрбиелеу  жұмысына  жаңалықты 

енгізу,яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа консепсияларды 

жасап, оларды қолдану деп анықталған. 

Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсіндіреді: 

1)

 

жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі 



2)

 

құрал әдіс-тәсіл 



Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: 

1)

 



– балаға ізгілік тұрғысынан қарау 

2)

 



– оқу мен тәрбиенің бірлігі 

3)

 



– баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту 

4)

 



– баланы өз бетімен әрекеттендіру әдістерін меңгерту 

1)

 



– жоба технологиясы 

2)

 



– ақпараттық компьютерлік технологиясы 

3)

 



– деңгейлік саралап оқыту технологиясы 

4)

 



– қарқынды оқыту технологиясы 

Оқытудың жаңа технологияларын таңдаған мұғалім оқушылардың жалпы 

білімін білуі керек. 

Жаңа  педагогикалық  технологиялар  оқушының  шығармашылық 

қабілеттерін  арттыруға  өз  үлесін  қосады.  Жаңа  технологияны  қолдану 

төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады: 

I.

 

кезең – оқып үйрену. 



II.

 

кезең – меңгеру. 



III.

 

кезең – өмірге ендіру. 



IV.

 

кезең – дамыту. 



Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: 

оқу 


үрдісін 

интенсивтендіруді 

жаппай 

қолға 


алу, 

оқушылардың 

сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. 

Мұғалімдердің оқушы білімін көтерудегі мақсаты: 



206 

 

1)



 

– әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану; 

2)

 

– әр оқушының психологиялық, физиологиялық жеке дара 



ерекшеліктерін ескеру; 

3)

 



– міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік 

деңгейлерін ашу. 

Технологиялардың тиімділігі: 

Сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы.  Бұл  технологияның  ерекшелігі, 

әлемдегі  ең  озық  технологиялардың  бірі  болып  табылады.  Сыни  тұрғыдан 

ойлау технологиясы  шығармашылық қабілеті жоғары жеке тұлға тәрбиелеуде 

маңызы  зор.  Осы  технологияны  төмендегідей  қағидаларға  сүйене  отырып 

жүргізу керек: 

 

Өмірлік тәжірибеге сүйену 



 

Ойлау жүйесіне қозғау салу 



 

Ынталандыру және белсендіру 



 

Бірлесіп жұмыс жасау 



Үш  кезеңді  құрылымды  қадағалау(қызығушылықты  ояту,  мағынаны 

ажырату, ой толғаныс). 

Сыни ойлау проблема тудырудан басталады. 

Міне,осындай  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясының  әдістерін 

сабақтарда  қолданудың    маңызы  зор.оқушыларға  тиімді  жақтары  жоғары 

екендігін көрсетіп отыр. 

Тиімділігі: 

1)

 



Бір-бірін тыңдай білуге үйренеді. 

2)

 



Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады. 

3)

 



Өз бетімен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. 

4)

 



Мұғалім мен оқушы арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды. 

Ақпараттық компьтюлерлік технологияны қолдану – заман талабы. 

Заман  талабына  сай  оқу  үрдісін  ақпараттандырылған  технологиямен 

жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. 

Ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  негізгі  артықшылықтары 

мынадай: 

1)

 

Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт 



аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 

2)

 



Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруі олардың тарамдалуы  мен оқу 

материалының сапасын арттырады. 

Оқу  үрдісін  ақпараттандыру  арқылы  нәтижеге  жетемін  деген  мұғалім 

алдымен келесі міндеттерге мән беру керек: 

1)

 

Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану 



2)

 

Тиімді тәсілдерді анықтау 



3)

 

Ақпараттық технологияларды зерделеу 



4)

 

Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану 



5)

 

Қолдану тәсілдердің нәтижесін бағалау. 



207 

 

Электрондық оқулық қазақ тілін оқытуда тек тиімді теориялық материал 



мен  тапсырмалардан  құрастырылған  оқу  құралы  ғана  болып  қалмай,бақылау 

және бағалау функциясын да атқарады. 

Қазақ тілі сабағында деңгейлік саралап оқыту технологиясы. 

Деңгейлік тапсырмалар орындату балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, 

керісінше  оқушының  біліміне,  мүмкіндігіне,  сұранысы  мен  қабілетіне  сәйкес 

дайындалған  сатылы  жұмыстар,  яғни,  оқушылардың  жеңілден  қиынға, 

қарапайымнан  күрделіге  қарай  сатылы  түрде  орындалатын,  ойлау,  сөйлеу 

қабілетін дамытатын, әлеуметтік  көзқарасын қалыптастыратын,  ізденушілікке 

баулитын жұмыстар жүйесі. 

Деңгейлік саралап оқыту технологиясының негізгі мақсаты: 

Барлық оқушыларға стандарт деңгейінде білім беру 

Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейінде оқыту 

Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру 

Тиімділігі мен ерекшелігі 

Оқушы білімі анық бағаланады 

Белсенділігі артып,қызығушылығы оянанады 

Ой еңбегі жетіледі 

Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді 

Өзіне деген сенімділігі артады 

Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады. 

Әдістері 

Материалды деңгейлеп беру. 

Жаттығу әдісі арқылы бірнеше деңгейде жұмыстану. 

Бірін-бірі тексеру арқылы жұмыстың дұрыстығына көз жеткізу. 

Маңыздылығы: 

Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі

Әркім өзінің білім деңгейін біліп,оны дамытуға тырысады, 

Қиындықтарды жене білуге дағдыланады; 

Ізденіс дағдысы қалыптасады. 

Деңгейлік саралап оқыту технологиясы 

Мынадай 4 түрге бөлінген: 

I.

 



деңгей  –  Репродуктивті  –  үйренуші(білімнің  төменгі  шегі. 

Грамматикалық тапсырмалар, жазба жұмыстарын орындау. Мәтінді түсініп оқу. 

Жаңа сөздерді сөздікке жазып алу, сұрақтарға жауап беру) 

II.


 

деңгей  –  Алгоритімдік  (мақсат  пен  шешілуге  тиіс  жағдаят  нақты, 

белгілі.  Оқушы  бұрынғы  алған  білімін  пайдалана  отырып,  өз  бетімен  жұмыс 

істейді.  Үйренушілік  деңгейдегі  білімін  толықтыру,  күрделі  материалды 

жүйелей  алуы,  алған  білімдерін  басқа  тапсырмаларды  орындағанда  пайдалана 

алуы ескеріледі). 

III.

 

деңгей  –  Эвристикалық  (мақсат  анық,  жағдаят  түсініксіз.  Оны  оқушы 



өзі толықтырады. Жаңа хабар білімді өз ізденісімен алады. Бұл деңгей әр түрлі 

логикалық  тапсырмаларды  талдай,  жинақтай  алуды  және  салыстыра  білуді 

қажет етеді). 


208 

 

IV.



 

денгей – Шығармашылық (мақсат анық емес, жалпылама. Оқушы оны 

анықтайды, жаңа нәрсені табады. Өз бетінше жаңа дүниені әкеледі. 

Осылайша  білім  берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа 

технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы  да арта түспек деп 

ойлаймын. 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Маманов  Ы.  Орыс  мектептеріндегі  қазақ  тілін  оқыту.  Алматы,  1977. 

71.б. 

2. К. Өстеміров «Қазіргі білім беру технологиясы». Алматы 2004жыл, 54-



56.б. 

3. Педагогика мәселелері 2009 жыл, 125-125.б. 

 

 

Гульмира Нуршайыққызы Зейнолдина 



Өскемен қаласы әкімдігінің 

«№29 орта мектебі» КММ 

Қазақстан, Өскемен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет