Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет53/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68

 

Библиографические ссылки 

1.  Лисичкин  Г.В.,  Леенсон  И.А.  Школьное  естественнонаучное 

образование: традиции и перспективы Современные тенденции развития 

естественнонаучного образования. М.: Изд-во МГУ, 2010.- 28 с. 

2.  Суровикина  С.А.,  Арзуманян  Н.Г.  Развитие  естественнонаучного 

мышления  студентов  медицинского  вуза  на  занятиях  по  физике  // 

Современные проблемы науки и образования.  

2011. № 6.- С 11-12.  

3.Научно-методический журнал «Профессионал Казахстана». 2011.-10 с. 

 

 

Г.Сауырбаева, Д.Нургалиева 



Өскемен қаласындағы №36 орта мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 



ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 

ЖОЛДАРЫ 

 

«Білімді беруде тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше,әлеуметтiк 

адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 

Н.Ә. Назарбаев 

 


511 

 

  



Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық  стандарт  талаптарына 

сай оқыту  үдерісінің орталық  тұлғасы білім  алушы  субъект,  ал  ол  субьектінің 

алған  білімінің  түпкі  нәтижесі  құзіреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 

жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың өзектілігін арттырып отыр.. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа 

пәндерді  оқытуға  негіз  болатын  тіл  пәндерінің  орны  ерекше.  Бұл  өзге  тілді 

мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне де тікелей қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл 

ретінде  оқытылатын  қазақ  тілі  бойынша  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл 

туралы»  Заңдары  мен  Тіл  саясаты  тұжырымдамасындағы  айқындалған 

мақсаттар  мен  міндеттердің  жүзеге  асуының  басты  шарты  болып  саналады. 

Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың 

құзіреттілік  бағытын  іске  асырудың,  мемлекеттік  тілдің  қолданылу  аясын 

кеңейтудің  және  білім  беруді  бүгінгі  таңдағы  қоғамның  әлеуметтік 

сұранымымен  үйлестірудің  аса  маңызды  тетігі  болып  табылатын 

функционалды  сауатты  дара  тұлғаны  қалыптастырумен  тығыз  сабақтасып 

жатыр. 

Елбасы  айтқандай, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны 



керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?  

Функционалдық  сауаттылық  дегеніміз-адамдардың  әлеуметтік  ,  мәдени,  саяси 

және  экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану 

дәуіріндегі  заман  ағымына,  жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,    үнемі  білімін 

жетілдіріп  отыруы.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 

дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі    болып 

табылады.Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:  

-белсенділік  

-шығармашылық тұрғыда ойлау  

-шешім қабылдай алу  

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу 

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.  

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.  

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  2011-2020 

жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. .  

Осыған  орай,  Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың  төрт  негізгі 

механизмін бөліп көрсетеді.  

Оның  бірінші  механизмі-оқыту  әдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі 

жаңарту / МЖБС -мемлекеттік стандарт/ . Ол үшін мұғалім оқушының бойына 

әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  алған  білімін  практиакалық  жағдайда  тиімді 

пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:  

-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/; 

-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп 

отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;  



512 

 

-коммуникативтік /қазақ ,орыс ,ағылшын тілінде ауызша ,жазбаша қарым-



қатынас жасау;  

-әлеуметтік /қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;  

-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, , қажетті білім, білік, 

дағдыларды  игеру,  болашақта  өзі  таңдаған  кәсібін  өзі  анықтау,  оның  қиын-

шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;  

-азаматтық  /қазақ  халқының  салт-дәстүрі,тарихы,  мәдениеті,  діні  мен 

тілін  терең  меңгеріп,  Қазақстанның  өсіп  өркендеуі  жолындағы  азаматтық 

парызын түсінуі/  

-технологиялық 

ақпараттық 



технологияларды, 

білім 


беру 

технологияларды сауатты пайдалану/;  

Оқушы  осы  аталған  негізгі  құзыреттіліктермен  қатар  пәндік 

құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.  

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  –  қазақ  тілі  сабақтарында 

оқушылардың  өмірлік  дағдыларын  дамытудың  басты  шарты.  Функционалдық 

сауаттылықты қалыптастыру – оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін 

дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. 

Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім 

мазмұны  аяларға  бөлініп,  қатысымдық,  дара  тұлғаға  бағдарлай  оқыту  және 

сұқбаттық  әдістер  негізінде  ұйымдастырылатын  жағдаяттық,  рөлдік  ойын, 

шығармашылық  тапсырмалар  біртұтас  әдістемелік  жүйе  түрінде  жүзеге 

асырылады.Оқушыныңфункционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  ең 

негізгі  деген  құзыретіліктерді  таңдап,зерттеулермен  танысу  арқылы  мына 

жолдар таңдалып алынды. 

 Коммуникативтік 

бағыт  әдіснамасын  (И.И.Бим,  Ф.Ш.Оразбаева, 

Е.И.Пассов,  В.Л.Ляховицкий);  құзіреттілік  бағыт  әдіснамасын  (В.А.  Болотов, 

И.А.  Зимняя,  А.К.  Маркова,  С.Г.  Молчанов,    А.В.  Хуторской,  С.Д.Мұқанова); 

әрекеттік  бағыт  әдіснамасын  (В.В.  Давыдов,  А.А.  Леонтьев,  Д.Б.  Эльконин); 

өзге  тілді  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесін  (Н.Сауранбаев, 

С.Кеңесбаев, 

С.Жиенбаев, 

Т.Ахметов, 

А.Айдаров, 

Ж.Д.Адамбаева,  

М.М.Артықова)оқу-танымдық  құзыреттілікті  дамыту  әдіснамасын(А.Волков) 

зерттеген  осы  саладағы  ғылыми-теориялық  қағидалар  мен  ой-тұжырымдар 

басшылыққа  алынды.Осы  бағытта  жұмысты  бірлесе  жүргізу  арқылы  бір 

нәтижеге  бағытталған  тапсырмалар  іріктеліп,жүйелі  түрде  жұмыстар  жүргізе 

бастадық. 

Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуде лексика мен грамматикалық 

минимумды  қатар  алып  жүру    сауаттылықты  дамытудың  басты  шарты  екені 

белгілі. 

Сабақта  берілген  жаңа  тақырып  бойынша  өтілетін  сөздерді  меңгертуде 

жүйелілікті  сақтау,өткен  сабақтағы  жаңа  сөздермен  байланыстыру,түрлі 

жағдаяттық  тапсырмаларды  орындата  отырып  грамматикамен  жүйелі 

байланыстыру  ғана  өз  нәтижесін  бермек.Оқыту  барысында  оқу  танымдық 

құзыреттілігін  дамытуға    бағыттайтын  тапсырмалар  беру  арқылы 

қызығушылығын 

оятып,ізденіске 

жетелеу 


негізінде 

функционалдық 



513 

 

сауаттылықты  қалыптастырудың  түрлері:  семинар,  диспут,    жобаны  қорғау, 



сөзжұмбақ,  білім  аукционы,  ой  шабуылы,  танымдық  ойындар,  білім  сайысы, 

рөлдік  ойын,  театрға  бару  секілді  түрлерін  қолдандық.    Оқыту  түрлеріне  

сабақтың  дәстүрден  тыс  басталуы  (кіріспе,  жұмбақ,музыканы  тыңдату), 

дидактикалық  ойындар,  АКТ  қолдану,  материалды  топтау  (сызба,  кесте, 

алгоритмдер),  пәнарлық  байланыс  сабақтары,  сабақтан  тыс  шаралар,  дәстүрлі 

емес  сабақтар  (саяхат,  сөз  мерген,білім  сайысы),  топтық  жұмыс 

(тізбек),шығармашылық    тапсырмалар  (сөзжұмбақтар,  ой  түю).  Бұл  жұмыс 

түрлері  ізденіске  жетелеп,ойлау  қабілеті  мен  танымын  кеңейтуге  ықпал 

етті.Осындай 

тапсырмалар 

арқылы 

сабақтан 



тыс 

уақытта 


тілімізді,мәдениетімізді,әдебиетімізді танып білуге талпыныстарын ояттық. 

Қалалық 


байқаулар 

мен 


оқушылардың 

ғылыми 


практикалық 

конференцияларында,білімсайыстарына  қатысып,өз  білімдері  мен  дағдыларын 

байқап  көруге  талпыныстары  артты.Балалардың  алған  білімін  тиянақтау 

мақсатында  құрастырылған  тесттік  және  диктанттар  жинағы  ұлттық 

ерекшелігімізді  аңғартатын  мәтіндерден  құрастырылды.Оқушылардың  жеткен 

жетістігі  мен  кемшіліктерін  ескере  отырып,сабақтан  тыс  уақытта  түрлі 

танымдық  кештер,аймақтық  компонент  бойынша  шағын  ғылыми  жобалар 

жаздырып,поэзиялық  кештер,өнердегі  танымал  адамдармен  кездесулер 

,байқаулар  өткізу  арқылы  қатысушыларды  жеткен  нәтижесінде  білім  басты 

қажеттілік  екені  ұғындырылды.Шешім  қабылдап,  ортағa  қалыптасуына,  тұлға 

ретінде  өзін  айқындауына  ықпал  етті.    Ақпаратты  қабылдап,  қажетті  деректі 

іріктеп алуға, өз бетімен ізденуге үйренді.Алайда оқушының қызығушылығын 

оятып,ізденіске  жетелеу  алға  қойған  міндеттің  бастапқы  сатысы  ғана.Оқушы 

тілінің  жаттығып,жүйелі,сауатты  сөйлеуіне,  күнделікті  өмірде  өз  ортасында 

қолдана білуіне бірден –бір ықпал ететін тапсырма бұл-мәтінмен жұмыс болып 

табылады. 

5-6-сынып 

оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығынқалыптастырудың тиімді әдістері ретінде оқытудың қатысымдық 

әдісін, рөлдік ойын әдісін, дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісін, сұрақ-жауап 

әдісін  атауға  болады.  Олар  жағдаяттық  тапсырмалар,  рөлдік  ойындар, 

сұқбаттық  тапсырмалар,  құзіреттіліктерді  қалыптастыратын  тапсырмаларды 

кешенді жүргізуде маңызды рөл атқарады.       Осы ретте ұтымды жұмыс түрі – 

мәтінді  әңгімелету.  Бұл  –  айтылымды  қалыптастырудың  өнімді  түрі.  Мәтінді 

әңгімелетудің мына түрлерін жүргізуге болады: 

•  мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелету; 

•  мәтіннің мазмұнын толық әңгімелету; 

•  мәтіннің мазмұнын жалғастыра әңгімелету.  

Мәтінді әңгімелетудің бұл түрлерінің әрқайсысында өз ерекшеліктері, өз 

мақсаты бар.  

• Мәтіннің  мазмұнын    қысқаша  әңгімелетуде  мынадай  мақсаттар 

көзделеді: мәтіндегі негізгі ойды білуге бағыттау,  

• мәтінді өзінше әңгімелеуге жаттықтыру,  

• мәтіннің негізгі ойын есте сақтауға жаттықтыру.  


514 

 

Бұл  әдістемелік  жұмыстар  мәтінді    ойланбай  қайталауға  жол  бермейді. 



Мәтінді  ойланбай қайталау есте сақталмайды. Мәтінді түсініп, ондағы негізгі 

ойды тауып әңгімелеу есте сақталады. Мәтіннің мазмұнын толық әңгімелетудің 

шарты – мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелету. Бұл – тіл үйренушіні  қазақша 

өз  бетімен  сөйлеуге  мүмкіндік  беретін  тәсіл.  Алғашқыда  оқытушы  үлгісін 

көрсетіп  жаттықтыруына  болады,  келесіде  мәтіндегі  сөйлеушінің  жағын 

өзгертіп әңгімелеуге жаттықтыру. Мәселен, мәтін бірінші жақта баяндалса, оны 

3-жақта  әңгімелеу.  Немесе,  мәтіндегі  мезгілді  өзгерту,  мәтіндегі  уақиғаның 

болған  орнын  өзгертіп  әңгімелеу  т.б.  Бұл  жұмыстың    түрлерін  орындатуда  

оқытушының көмегі керек. Бірақ әңгімелетудің бұл түрі тіл үйренушінің өзінше 

сөйлеуін, өзінше әңгімелеуін, өзінше сөйлеуін қалыптастырады. 

Мәтіннің мазмұнын жалғастыра әңгімелеу – шығармашылыққа  апаратын 

жолдың  бастамасы.  Мұндағы    негізгі  шарт  –  мәтінді  жалғастыру,  мәтін 

мазмұнымен байланысты болу. Оқытушы мәтін мазмұнын қалай жалғастыруға 

бағыт-бағдар  беруіне  де  болады  және  ол  жұмысты  орындауға  уақыт  беріледі.       

Мәтінді әр түрлі әңгімелету арқылы тіл үйренуші айтылымға әбден жаттығады. 

Қазақша  әңгімелеуге,  қазақша  сөйлеуге  үйренеді.  Бұл  жұмыс    түрі  –  қазақша 

сөйлеуді қалыптастырудың тиімді жолы. 

Тілдесім  –  адамдар  арасындағы  ең  жиі  қолданылатын  сөйлеу  әрекеті. 

Өйткені,  ол  –  отбасынан  бастап,  қоғамның  әр  түрлі  саласында  ең  жиі 

қолданылатын сөйлеу әрекеті. Сондықтан тіл үйренушілердің қазақша сөйлеуін 

қалыптастыруда тілдесімнің мәні үлкен.  

Тіл үйренушілер  қазақша пікірлесе алу үшін шағын тілдесімге арналған  

мәтіндерді қолданған тиімді, өйткені олар тіл үйренушілердің функционалдық  

сауаттылығын  қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаны сыни ойлауға 

үйрету,  жауапкершілікке  баулу,  қатысымдық  әрекетке  бейімдейді.  Тіл 

үйренушінің  аналитикалық, сыни ойлауын қалыптастыру  оқу мәдениетіне, оқу 

деректерін  ажырата,  талдай  білуге,  қорытынды  жасауға,  шығармашылық, 

іздену,  зерттеу  жұмысына  бейімдеу,  өз  бетімен  білім  алуға    үйрету  болып 

табылады.    Тіл үйренушіні  қазақша байланыстырып  сөйлеуге дағдыландыру 

бірден  іске  аспайды.  Өйткені  ол  бірте-бірте  қалыптасады.  Сондықтан  бұл 

жұмыстарды бірнеше кезеңге бөлуге болады:  

•  алғашқы кезең – байланыстырып сөйлеуге үйрену кезеңі,   

•  байланыстырып сөйлеуді меңгерген кезең.тб 

  Байланыстырып  сөйлеуге  үйрену  кезеңінде  тіл  үйренушілер  оқытушыға 

еліктеп  әңгімелеуден  бастап,  мәтінді  қысқаша  әңгімелеу,  толық  әңгімелеуді 

үйренеді.    

Бұл  кезеңде    тіл  үйренуші  әңгімелеудің  жолын,  ретін,  әңгіменің 

байланысты  болуын мәтіннен үйренеді. Бірақ ол мәтінді қайталау емес, мәтін 

мазмұнын  әңгімелеуді  қамту  керек  екенін  түсінеді,  әрі  байланысты  сөйлеуге 

жаттығады.  Егер  бұл  талаптар  толық  сақталып,  тіл  үйренушілер  өз  сөзімен, 

мәтін  мазмұнын  толық  байланыста  әңгімелесе,  ол  әңгімелеуді  қазақша 

байланыстырып    сөйлеуді  үйренді  деуге  болады.  Әр  оқушы  қазақ  тілінде 

сауатты  сөйлесе,мемлекеттік  тілдің  заман  талабына  сай  қолданыс  аясын 


515 

 

кеңейткеніміз болар еді. Сабағымыз оқылым,жазылым,айтылым мен тілдесімге 



негізделе  құрылып,грамматикалық  минимум  мен  лексикалық  минимум 

сәйкесінше  толық  қамтылып  отырса,  жүйелік  пен  бірізділік  сақталып,бірлесе 

жұмыс    нәтижесін  болжай  білсек,  оқушының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастырар едік.  

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Хуторская А.В. «Негізгі құзыреттіліктер» Халықтық білім, 2003 №5 

2. Воровщиков  .С.Г  «Оқушылардың  оқу  -танымдық  құзыреттілігін 

дамыту»М.2006.-232бет. 

3. Білім Образование №3.2206.22-26.бет 

4. Әлем және қазақ әдебиеті №2(20).2007ж 

5. Зизева.Л.К.Пак.Н.Г 

«Оқу 

танымдық 



құзыреттілікті 

дамыту»2002;45бет 

6. Рауандина  А.Қ  «Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

арттыру әдістемесі»А.2012ж 

7. Өстеміров  К.  Қазіргі  педагогикалық  технологиялар  мен  оқыту 

құралдары.- Алматы,2007 

8. Петровская  А.В  «Сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  танымдық 

құзыреттіліктерін жандандыру»Педагогикалық тәжрибе.2011ж№5 

9. Рауандина  АЖ  «5-6сыныптарда  функционалдық  сауаттылықты 

қалыптастыру жолдары»А.2012ж 28-29бет 

 

 

Бакытгул Сейтбековна Сейтказина  

«№19 орта мектеп-кешені» 

Қазақстан, Өскемен 

аlan-timon@mail.ru  

 

ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 

САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАРЫСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ  ӘДІС-

ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

Қазіргі таңда 

Қазақстандағы білім мазмұны жылдан жылға жаңаруда, сол 

себептен  көшпен  бірге  аяқ  басып,  білім  жүйесіндегі  тың  өзгерістермен 

жаңашылдықты  тез  қабылдаумен  қатар,  оның  бағыт-бағдарының    заман 

талабына сай жасалуын міндеттейді.



 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев    «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүріңдер  -

бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол 

деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. 

XXI  ғасыр  –  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  ізгілендіру,  дамыту  ғасыры. 

Олай  болса,  біздің  алдымызда  тұрған  бірден-бір  мақсат  оқушылар  алған 



516 

 

білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік 



жағдайда  қолдана  білетін,  өмірге  көзқарасы  бар  азамат  болып    жетілуіне 

көмектесу. 

Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелердің бірі-басқа ұлт 

өкілдерін мемлекеттік  тілде сөйлей білуі.  

Мемлекеттік  тілді  оқытудың  тиімді  де  ыңғайлы  жүйесі  мен  құрылымын 

қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. 

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты 

–  оқушылардың  сөйлеу  дағдысын  дамыту,  қарым  –  қатынас  біліктілігін 

қалыптастыру,  мемлекеттік  тілді  меңгеріп,  сөйлеуіне  жағдай  тудырумен  қатар 

өз  ісінің  шебері  болуын  да  талап  етеді.  Осы  орайда  оқытудың  тиімді  әдіс-

тәсілдерін саралап, оның ішінен ең тиімдісін таңдауды  қажет етеді. 

Мұғалімнің  шеберлігінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  –  әдістеме  саласындағы 

ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірбиені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің 

күнделікті  қызметіне  пайдалана  білу,  мұғалімнің  шығармашылық  еңбегі  ең 

алдымен сабақпен байланысты. 

Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-

қатынасына  ақпараттық  —  коммуникациялық  технологиялардың  кеңінен 

қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды 

қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамыздың 

мүшелері  —  жастар  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  қоғамның 

алдында тұрған ең басты міндет. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  дамытуда  заманауи  технологиялардың  әдіс-тәсілдерінің  бір 

түріақпараттық – коммуникативтік технологиялар болып табылады. 

Жоғарыда  айтылғандай,  Елбасымыздың  жолдауына  сай,  оқушыларды  жан-

жақты дамыған, сауатты, бәсекеге қабілетті, қазіргі заман талабына сай азамат 

болып қалыптасуына үлес қосу менің де парызым деп санаймын. 

Сондықтан  өзім  заманауи  технологиялардың  арасынан  ақпараттық- 

коммуникативтік технологияларды таңдап,  мына сұрақтарыма  жауап іздедім: 

Ақпараттық-коммуникативті  технология  сабақта  қолдану    барысында,  одан 

қандай  өзгерістер,  тың  нәтижелер  күтуге  болады?  Осы  сұрақтарыма  жауап 

ретінде дәйекті дәләл тапқандай болдым.   

Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты: 

Оқушыларды  ақпарат  көздерімен  еркін    жұмыс  істеуге  қалыптастыру, 

коммуникативтік қабілеттіліктерін арттыру; 

Оқушыны  - ақпараттық қоғамның жеке тұлғасы ретінде дайындау;  

Оқушының білім деңгейіне сай оқу материалдарын игеруге ықпал жасау; 

Ғылыми-ізденіс  қабілеттерін  дамыту,    тығырықтан  шығу  жолдарының  тиімді 

әдістерін игерту.  

Осы алдыма қойған тың бастамаларды жүзеге  асыру үшін, алдымен жеке 

басыма мынандай мақсаттар қойдым: 

АКТ  тақырыбы бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды оқу; 

АКТ  қолданып жүрген мұғалімдердің іс-тәжірибесімен үнемі танысып отыру; 


517 

 

Өз тәжірибемде АКТ әдіс-тәсілінің тиімді жолдарын қарастыру; 



Мерзімдік басылымдардан АКТ жайында қосымша ақпараттар алу. 

АКТ  әдісін  пайдалану    оқушының  қазақ  тілі  пәніне  деген  танымдық 

қызығушылығын    дамытудың  жаңа  мүмкіндіктерін  ашады.  Жаңа  ақпараттық 

технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Олар төмендегідей: 

• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру

• Берілген материалды іздеу барысында ғылыми — көпшілік журналының 

сайтына кіру; 

•  Оқушылардың  алған  білім  сапасын  тексеру  үшін,  интернет- 

олимпиадамен шығармашылық байқауларға қатысу; 

Жаңа ақпараттық технологияның ішінде ең тиімді технологияларға: оқытудың 

компьютерлік  технологиясы,  мультимедиялық  технологиялар,  презентациялық 

технологиялары кіреді.  

Оқытудың  компьютерлік  технологиясы  —  ақпаратты  бейнелеу, 

тасымалдау  және  жинақтау,  оқушының  танымдық  әрекетін  бақылау  және 

басқару  сияқты  мұғалімнің  кейбір  функцияларын  модельдейтін  компьютерлік 

техника,  телекоммуникациялық  байланыс  құралдары  және  интерактивті 

программалық  өнім  негізінде  жұмыстың  педагогикалық  шарттарын  жасау 

тәсілдері, әдістері, құралдары жиыны. 

Білім  беруде  компьютерлік  технологияларды  пайдалану  оқыту  процесін 

толық  өзгертуге,  оқытудың  жеке  тұлғаға  бағытталған  моделін  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік 

береді. 


Қазіргі 

оқыту 


құралдары 

(компьютерлер, 

телекоммуникациялық 

байланыс 

құралдары, 

қажетті 


интерактивті 

программалық  және  әдістемелік  жабдықтар)  әр  түрлі  оқыту  формаларын 

жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім 

алуын  ұйымдастырудағы  өзіндік  жұмыстарды  орындайтын  әдістемелік  құрал 

ретінде  атқаратын  жұмыстың  маңызы  өте  зор,  әрине,  қазіргі  компьютер  мен 

интерактивті  программалық  —  әдістемелік  құралдар  мұғалім  мен  оқушының 

әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып, 

көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының 

білімге  деген  ынтасын  арттырып,  сабақтың,  нәтижелік  бақылаудың  жаңа 

моделдерін  (баяндама,  реферат)  іздеуге  итереді,  оқытудың  жеке  адамға 

бағытталған  қызықты  түрлерін  енгізуді  керек  етеді.  Бірнешеуін  тізімдеп, 

бағытын айқындасақ: 

Мультимедиялық  технологиялар  —  бейнелік  және  аудиоэффектілік,  әр 

түрлі  мультипрограммалық  мүмкіндіктерді  интерактивті  программалық 

жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау 

тәсілдері. Осы мультимедия құралдарымен графиканы, гипермәтінді, дыбысты, 

анимацияны,  бейнелік  көріністерді  пайдалана  отырып,  қазақ  тілін  оқытуда 

тиімді  әдіс  ретінде  қарауға  болады.  Оған  мысал  ретінде  берілген  тарауларды 

өткен кезде әр түрлі ойын түрлері «Алтын қақпа», «Мұхтар шыңы» т.б. сияқты 

компьютердің  көмегімен  өткізілетін    қортынды  сабақтарды  алуға  болады.  

Келесі  компьютерлік  технологиялардың  бірі  -  презентациялық  технологиялар. 

Бұл  технология,  бір  жағынан  ,  оқушыларға  жаңа  материалдарды 



518 

 

(иллюстрациялар,  фотографиялар,  бейнелік,  дидактикалық  материялдар,  т.с.с.) 



көрнекі  түрде  көрсету  құралы  ретінде  пайдаланып,  қазақ  тілінің 

грамматикасының  ауыр  түрлерін,  сызба-  тірек  ретінде  көрсету  арқылы 

балаларға  есте  сақтау  қабілетін  дамыта  отырып,  сабақты  қызықты  өткізуге 

болады  және  үлгерімі  нашар  оқитын  оқушыларға  шығармашылық  тапсырма 

берген  кезде  материалдарды  дайындауды  және  оны  қолдану  процесін  де 

жеңілдетеді. 

Алдын 

ала 


жүргізілген 

тәжірибелер 

презентациялар 

технологиясын  пайдалану  балалардың  оқуға  деген  ынталылығын  арттырып, 

сабақ  барысында  АКТ  пайдалану  кезіндегі  сабақтың  мәні  дәстүрлі  сабаққа 

қарағанда  әлдеқайда  жоғары  деңгейде  өтуіне  себін  тигізеді.Оған    дайындалу 

мерзімін  (презентациялық  сүйемелдеу  жұмысын  алдын  ала  мұғалім  немесе 

оқушы    дайындағанда)  қысқартады,  ең  бастысы  —жаңа  ақпараттық 

технологияларды пайдалануға  оқушыларды дағдыландырады.  

Қазақ  тілін  оқытудың  дидактикалық  және  компьютерді  қолданудың 

кибернетикалық-дидактикалық  теориясы,  оның  әлеуметтік  мәні  синтезделіп, 

әдістемелік  жаңа  теория  қалыптасуына  негіз  болады.  Әдңстеме  теориясының 

табиғаты  зерттеу  нысанының  әлеуметтік  мәнін  ашу  арқылы  меңгертудің 

әлеуметтік мәнін мына қатысымдық модель арқылы көрсетуге болады. 



1-сурет - Дәстүрлі сабақ моделі 

                                      Берілетін білім мазмұны 

                                                           

                      

 

                          Мұғалім                              Оқушы 

 

2-сурет – Ақпаратты коммуникативтік технология моделі 

                                      Берілетін білім мазмұны 

                                                           

                      

 

                          Мұғалім                              Оқушы 



 

Компьютер  арқылы оқушыларға қазақ тілі мәтіндерін оқыта отырып, олардың 

қатысымдық  қабілеттерін  дамытуды  мақсат  етіп  отырғандықтан,  қатысымның 

жан-жақты  ерекшеліктерін  қарастыру  керек.  Егре  дәстүрлі  сабақ  берудегі 

қатысымдық  үрдістке  белгілі  бір  жағдайларға  байланысты  кіріге  алмайтын 

болса,  компьютер  арқылы  беріліетін  сабақта  оқушы  мұғаліммен  үнемі 

қатысымдық  әрекет  жасап,  екі  жақты  байланыс  жүзеге  асады.  Компьютерді 

қолдана отырып, қазақша мәтіндердің өзге ұлт мектебінде оқытуда оқушының 

алатын  білім  мазмұны  оның  санасында  әлем  картинасын  қалай  жасайтынына, 

ол  картинаның  адамгершілік  және  дамытушылық  қасиеттерге  толы  болуына 

тікелей әсер етеді. 

 Жаңа ақпараттық технологияны сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен 

ерекшеліктерін 

қорытындылай 

келе, 

Ақпараттық 



коммуникативтік 

519 

 

технологияны  пайдаланудың  әр  жақты  екендігіне  көз  жеткізуге  болады. 



Сонымен,  компьютерлік  технологияны  сабақтарда  пайдаланудың  үш  негізгі 

түрі бар: 

• Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану; 

•  Ақпараттық  технологияны  оқушылардың  сабақтан  тыс  өзіндік 

жұмыстарды орындау барысында пайдалану; 

•  Ақпараттық  технологияны  танымдық  қабілетін  дамытуға  пайдалану 

(дамытушылық  ойындар,  электрондық  энциклопедия  т.б.      Оқыту  барысында 

ақпараттық  технологияның  бір  ғана  бағытымен  жұмыс  істеу  барлық 

бағыттарды кешенді түрде пайдаланумен саластырғанда төменгі нәтиже береді. 

Жаңа  ақпараттық  технологияны  пайдалану  оқушының  қызығушылығын  ғана 

тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Қазақстан Республикасының  Президенті – Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан ХалқынаЖолдауы. «Қазақстан-2050»   

2. Ә.А Шипина «Компьютерлік оқытудың тиімді жолдары»Алматы 

1999. 


3. Ж.А Қараев Педагогическая технология обучения Караева. – Алматы 

– 1988. 


4. Г.К Нұрғалиева «Оқыту әдістері.»   Алматы, 1991. 

5. М.Н Махмудов «Мектепте проблемалық оқуды ұйымдастыру» – 

Алматы, 1981. 

6. Ж.А Қараев «Компьютерді оқыту процесіне пайдалану» Алматы 2000 

7. Н.Д Хмель «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс» 

Астана 1992. 

8. Қ.Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» Алматы : Мұрагер 2005. 

9. С.Рахметова «Қазақ тілін оқыту методикасы» Алматы : Ана тілі 1991. 

10. C.Т.Мұхамбетжанова «Компьютермен жұмыс жасау тәсілдері» 

Алматы 2010. 

11. М.Кенже «Компьтерді оқыту технологиясы» Бастауыш мектеп 2006. 

 

 



Амангүл Серікханқызы Серікхан 

«Би Боранбай орта мектебі» КММ 

Қазақстан, Өскемен қ. 

Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет