Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ - ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІ



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68

МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ - ІЗДЕНІС НӘТИЖЕСІ 

 

Заман ағысына орай,болып жатқан өзгерістерге үнемі ілесіп отыру-ұстаздың 



басты  парызы.  Оқыту  үрдісіндегі  жаңалықты  игеріп,  болашақ  ұрпақты  білім 

нәрімен  қаруландырып,  білімді  ұрпақ  тәрбиелеуіміз  керек.  Оқушылардың  жан-

жақты  білімін,  сабаққа  қызығушылығын,  шығармашылық  ізденімпаздығын 

қамтамасыз ету үшін жаңа технология әдістерін қолдану өте тиімді. Интербелсенді 

сабақтың  оқушы  үшін  пайдасы  өте  зор.  Бұл  тәжірибелер  оқушылардың  сабаққа 

ынтасын оятып, ойлау, сөйлеу қабілетін дамытуға, "енжар", "үндемейтін" оқушыны 

"  сөйлетуге  болатындығын  өз  іс-тәжірибемнен  байқадым.  "Ғылым  қалғып  кетсе, 

қараңғылық  бас  көтереді"  дегендей,  заман  талабына  сай  жаңа  технологиялармен 

жұмыс  жүргізу  алдымыздағы  балаға  зор  ықпалын  тигізеді.  Ал,  егер  өтер 

сабағымның  бір  тұсында  шалынып  құласам,  бала  обалына  қалатыным  сөзсіз. 

Сондықтан  алдыңғы  қатарлы  тәжірибелерді  жетілдіре  отырып,  оқу  үрдісіне  жаңа 

әдіс-тәсілдері,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізіп,  оқушылардың  жалпы 

дамуын  қамтамасыз  етуіміз  керек.  Жаңа  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушының  сабаққа 

белсенділігін және қызығушылығын  арттыру  нәтижесінде білім  сапасын  көтеруге 

болады.  Білім  сапасы-мұғалімдер  қызметінің  сапасы.  Оқушыларға  нені  үйрету 

керек екендігін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, қалай оқу 

керектігін  мұғалімнің  кәсіби  даярлығынан,  баланың  әрекетін  ұйымдастыра  білу 

шеберлігінен  іздеу  керек.  Баланың  өздігінен  тақырыпты  меңгеруін,  ойын  ашық 

жеткізуін,  сабақта қалыс  қалатын баланың болмауына  көңіл  бөлу  қажет.  Ол  жеке 

тұлғаның дамуы үшін тиімді болып табылады. Жеке тұлғаны дамыту үшін, нақты 



291 

 

тапсырмаларды  құру  қажет.  Сабақта  жеке,  жұптық,топтық  жұмыстарды 



ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге ынтасын арттыруға болады. Жаңа әдіс-

тәсілдің өзі тек баланың дамуына арналған екені белгілі. Осылайша өткен сабаққа 

баланың да қызығушылығы біртіндеп арта бастайды. 

Интербелсенді сабақта ұстаным жоғары болады. Себебі, адамның өз қолымен 

жасаған  әрекеттері  жақсы  есте  қалатындықтан,  оны  өмірде  қолдана  алады. 

Интербелсенді  сабақ  кезінде  оқушылардың  тақырып  бойынша  қандай  сұрақтар 

қызықтырады,  нені  білгісі  келетінін  анықтауға  мүмкіндік  береді. 

Сол  білімнің 

нәтижесінде  сабақта  жеке,топтық  және  жұптық  жұмыстардың  әдіс-тәсілдерін 

қолдану  тиімді.Топтық  жұмыс  кезінде  әр  бала  жеке  тұлға  ретінде  ашыла  түседі. 

Оқушылар  арасында  достық  қарым-қатынас  орнайды.  Оқушылардың  топпен 

жұмысқа  қызығушылық  танытуы,өз  ойларын  еркін  жеткізе  білуі,  тіл 

байлықтарының  дамуы,  топтық  жұмыста  өз  пікірін  көпшілік  талқысына  салмаған 

оқушы  болмайтындығын,  өз  ойларын  шамасы  келгенше  түсіндіріп,  жеткізіп 

жатқандарын  байқауға  болады.  Топтық  жұмыс  арқылы  оқушылардың  танымдық 

қасиеттерін, ақыл-ойын дамыту, сөздік қорын молайту, өздерінің ой пікірін, оқыған 

тапсырманы мазмұндату арқылы тілін дамытуға көп көмегін тигізеді.Топта жұмыс 

істеу  ой  еркіндігін,  жауапкершілігін,  ізденуге  және  ойларын  ортаға  салуға 

мүмкіндік  береді.  Қазіргі  заман  талабына  сай,  білімді  тек  сөз  арқылы  үйрену 

мүмкін  емес  екендігіне,  білімді  әрекет  арқылы  ғана  игеруге  болатындығы 

дәледенді.  Конструктивтік  білім  ой-толғаныс  арқылы  өзінің  тұлғасын  өзгертуге 

ынталанады. Сабақта оқушы білімі нақты бағаланады. Бағалау кезінде қандай білім 

бағаланады,  қандай  тәсілдер  арқылы,  не  үшін  бағаланғанын  білуіміз  керек.  Топ 

ішінде барлық бала бағалауға қатыса алды. Әрбір  баланың пікірі саналып, бағалау-

шындыққа  ұласады.  Бағалау  арқылы  таңдау  жасап,шешім қабылдай алады,өзіндік 

пікір,идея  қалыптасады.  Белгілі  уақыт  аралығында  баланың  өсуі  мен  дамуын 

анықтауға  мүмкіндік  туады.  Сонымен  бірге,  сабақта  формативті  бағалаудың  да 

маңызы 


зор. 

Формативтік 

бағалау 

оқушылардың 

қызығушылығын, 

жауапкершілігін  арттырады.  Оқушының    өзін-өзі    бағалауы,топпен-топтың 

бағалауы,  топбасшысының  топ  мүшелерін  бағалауы  қызығушылықпен  іске  асып, 

бір-біріне  сыни  пікірлер  айтып  үйренеді.  Оқушылар  бір-бірінің  пікірін  тыңдап, 

ынтымақты  қарым-қатынастың  негізін  қалайды.  Сабақ  барысында  оқушы  пікірін 

бірінші орынға қоюды,олармен жылы қарым-қатынас жасап, ашық пікірлесуді, өз 

беттерінше  білім  алуға  бағыттауды,  тақырыпты  меңгертуде  жаңа  әдіс-тәсілдердің 

түрлерін  қолдана  білу-  мұғалімнің  тікелей  шеберлігіне  байланысты.  Сабақтың 

сапасы  оқушы  пікірімен  санасудың  негізгі  құндылықтарына  байланысты  болады. 

Өйткені,  оқушы  пікірімен  санасу  арқылы  ғана  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуге 

болады. Қазіргі заман талабына сай оқушы еркін сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, 

білімді  өзі  алуға,  үйренуге  талпыныс  жасап  оқуы  керек.  Білім  алуға  бағыттай 

отырып,  тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін  бақылауға  болады.  Оқушылардың 

жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  сабақ  барысында  тақырыптың  мазмұнына, 

оқушылардың  икемділіктеріне  қарай  әдіс-тәсілдерді  қолдану  сабақтың  сапасын 

арттыра түседі.

 

Конструктивті  білім  баланың  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  көмегін 



292 

 

тигізеді.  Өзіндік  "Мені"  бар  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болып  табылады.  Сол 



себепті де конструктивті білімнің барлық жүйелері әр бала үшін маңызды болады. 

Өйткені,  оқушы  өздігінен  үйренуі  керек,  сонда  ғана  білімі  толысады,  ол  білімді 

өмірде  қолдана  алады.  Интербелсенді  сабақта  оқу  мен  оқытуда  іздену  процесі 

маңызды болғандықтан, оқытушы сол процесті ұйымдастыра білу керек. Жаңа оқу 

жүйесінде  оқушылардың  бойынан  өте  көптеген  қасиеттерді  көруге  болады. 

Болашақта  әрбір  оқушыда  жеке  интеллектуалды  қасиеттердің  дамуын,  сөйлеу 

мәдениетін, өз бетімен жұмыс істеу жауапкершілігін тани білу, бағалау дағдысын 

қалыптастыру,  қызығушылығын  дамыту,  дарындылықты  тани  білу-әр  ұстаздың 

шеберлігіне байланысты. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. С.  Мирсеитова.  Оқыту  ізденіс  негізінде  және  ізденіс  оқыту  ретінде.  -

Қарағанды, 2011. 

2. А.  Әлімов.  Интербелсенді  әдістемені  ЖОО-да  қолдану  мәселелері.  - 

Алматы,2013 

3. Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық.  "Назарбаев  Зияткерлік  мектебі".  -

ДББҰ, 2012. 

4. Химия мектепте әдістемелік журналы -№3 ,2012. 

 

 



Рысханым Сағынбайқызы Қуанаева 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы   

АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы 

 бойынша ПҚ  БАИ Қазақстан, Орал 

 

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ: МӘТІНМЕН ЖҰМЫС 

 

Мақалада РІSА халықаралық зерттеуі аясындағы оқу сауаттылығы бойынша 



мәтінмен  жұмыс  жасаудағы  басшылыққа  алынатын,  атап  айтсақ:  мәтін,  жағдай, 

аспект  сынды  негізгі  компоненттерге  түсінік  берілген.  Функционалдық 

сауаттылықты зерделеуге бағытталған халықаралық зерттеулердегі тапсырмаларды 

орындауда,  соның  ішінде  оқу  сауаттылығының  мәтіндерімен  жұмыс  жасаудағы 

ескерілетін  мәселелер  қарастырылған.  Сонымен  қатар  оқу  сауаттылығы 

тапсырмаларына мысалдар беріліп, сұрақтарға талдау жасалынған.      

 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  оқу,  аспект,  мәтін,  жағдай, 

интерпретация. 

 

ҚР  Үкіметінің  2012  жылғы  25  маусымдағы  №832  қаулысымен  бекітілген 



«Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016 

жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары»  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  2012 

жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 

дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы  мен  Қазақстан 



293 

 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 



мемлекеттік бағдарламасы негізінде қабылданды. 

Елбасының ұлттық жоспарды қабылдауға қойған міндеті: 

- Қазақстанның елу елдің қатарына кіруі; 

- Тұлғаның ең басты функциялық сапаларының қалыптасуы

- Белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлауы; 

- Шешім қабылдай алуы; 

- Кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік

- Өмір бойы білім алуға дайын тұруы. 



Ұлттық жоспардың мақсаты: 

          Қазақстан  Республикасындағы  мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылықтарын дамытуға жағдай жасау. 

Ұлттық жоспардың міндеттері: 

Мектеп  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  отандық 

және халықаралық практикасын зерделеу; Функционалдық сауаттылықты  дамыту 

бойынша  шаралар  жүйесін  іске  асырудың  тетіктерін  анықтау;  Білім  мазмұнын 

жаңғыртуды  қамтамасыз  ету:  стандарттар,  оқу  жоспарлары  мен  оқу 

бағдарламалары;  Білім  беру  процесін  оқу-әдістемелік  қамтамасыз  етуді  әзірлеу; 

Мектеп  оқушыларының  білім  сапасын  бағалау  және  мониторинг  жүргізу  жүйесін 

дамыту; Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-

техникалық базасын нығайту

[1]


.  

Мектептік  білім  беру  жүйесін  жаңа  уақыт  талабына  орай  жетілдіру  білім 

беру 

жүйесін 


өзіміздің 

ұлттық 


болмысымызға, 

негізге 


алынған 

ұстанымдарымызға  сай  құруды  қажет  етеді.  Осыған  орай  мектептегі  берілетін 

білімді шынайы өмірмен ұштастырып, мектепті бітіруші түлектерді үлкен өмірге 

дайындау қажеттігі туындайды. 

Сонымен,  функционалдық  сауаттылық  –  жеке  тұлғаның    әлеуметтік, 

мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы 

білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  факторы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі 

заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана 

алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі 

анықтаманы  беруге  болады:  адамның  мамандығына,  жасына  қарамастан 

меңгерген  білімді  сауатты  қолдана  алуы  мен  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыру 

процесі.  Мұндағы  басшылыққа  алынатын  функционалдық  сапалар:  белсенділік, 

шығармашылық  тұрғыда  ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай 

алуға  қабілеттілік,  т.б.,  яғни,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 

Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын 

қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  болып  табылады.  Осыған  орай, 

Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың  төмендегідей негізгі тетіктерін 

бөліп көрсетеді.  

- білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, бағдарламалар); 

- оқыту нысандары мен әдістері; 

- білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау 



294 

 

жүйесі; 



- мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары; 

- мектепті басқару моделі; 

- барлық  мүдделі  әріптестікке  негізделген  тараптармен  достық  қалыптағы 

білім беру ортасының болуы. 

Ұлттық  жоспардың  жоғарыда  аталған  мақсат,  міндеттерін  жүзеге  асыруда 

төмендегідей  тетіктері  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.  

Оның  алғашқысы  –  оқыту    әдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі 



жаңарту,яғни  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  

жалпы  білім  беретін  орта  мектептің    Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандартын  (МЖБС)  жаңартудан  бастау  алуға  тиіс.  Ол  үшін  мұғалім  білім 

алушының  бойына  алған  білімін  практикалық  жағдайда  тиімді  және  әлеуметтік 

бейімделу  үдерісінде  пайдалана  алатындай  негізгі  құзыреттіліктерді    сіңіруі 

керек. Олар:   

- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);  

- ақпараттық  (өз  бетінше  ақпарат  көздері  арқылы  үнемі  білімін  көтеріп 

отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);  

- коммуникативтік  (үш  тілде:  қазақ,  орыс,  ағылшын  (шет)  ауызша,  жазбаша 

қарым-қатынас жасау);  

- әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);  

- тұлғалық  (өзін  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  қажетті  білім,  білік, 

дағдыларды  игеру,  болашақ  өзі  таңдаған  кәсібін  өзі  анықтау,  оның 

қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);  

- азаматтық  (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең 

меңгеріп,  Қазақстанның    өсіп-өркендеуі  жолындағы  азаматтық  парызын 

түсінуі);  

технологиялық 

(әр 


азамат 

өз 


мамандығына 

қарай 


ақпараттық 

технологияларды,  сандық  технологияны,  білім  беру  технологияларын  сауатты 

пайдалануы) 

[2]


 

Білім  алушы  осы  аталған  негізгі  құзыреттіліктермен  қатар  пәндік 

құзыреттіліктерді  (әр  пәннің  мазмұны  арқылы)  меңгеруі  тиіс.  Функционалдық 

сауаттылық тұжырымдамасына негізделген танымал халықаралық зерттемелерінің 

бірі  Экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)    қолдауымен 

өткізілетін  15  жастағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық 

бағдарламасы  (Programme  for  International  Student  Assessment)-  (Международная 

программа  по  оценке  образовательных  достижений  учащихся)  PISA  болып 

табылады. PISA-15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі 

мен  дағдыларын  адами  іс-әрекеттердің  әртүрлі  салаларында,  сондай-ақ 

тұлғааралық  қарым-қатынас  пен  әлеуметтік  қатынастарда  өмірлік  міндеттерді 

шешу  үшін  пайдалана  алу  қабілеттерін  бағалайды,  бұл  жаста  көптеген  елдерде 

оқушылар мектеп бітіреді. ЭЫДҰ PISA бойынша жұмыс істеуді 1990 жылдардың 

ортасынан  бастады.  PISA  өзінің    ресми  қызметін  1997  жылы  бастады.  РІSА 

шеңберіндегі  тестілеу  барысында     функционалдық    сауаттылықтың   үш  саласы 


295 

 

бағаланады:  оқудағы  сауаттылық,  математикалық  және  ғылыми  жаратылыстану 



сауаттылық.  Зерттеудің  әрбір  кезеңінде  үш  зерттеу  бағыттарының  біріне  ерекше 

көңіл  (тест  тапсырмасының  үштен  екі  бөлігі  бөлінеді).  2000  жылы  зерттеудің 

негізгі  бағыты  «оқу  сауаттылығы»,  2003  жылы  –  «математикалық  сауаттылық», 

2006 жылы- «жаратылыстану сауаттылығы», 2009 жылы– «оқу сауаттылығы» және 

2012  жылы  -  білім  жетістіктерін  бағалаудың  негізгі  аймағы  «математикалық 

сауаттылығы»  болды.    РІSА    зерттеуінің  кезекті  2015  жылы  «жаратылыстану 

сауаттылығы» бағытына басым көңіл бөлінеді. 

Оқу сауаттылығы. PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына 

оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол 

жеткізу  үшін  қолдануы,  білімдері  мен  дағдыларын  қоғамның  белсенді  өміріне 

араласуы  үшін  дамытуы.  Оқу  сауаттылығын  тексеру  оқу  техникасы  немесе 

мәтіннің  мазмұнын  нақты  түсінуін  бағалау  емес,  оқу  барысында  меңгерген 

білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға 

бағытталған. 

 Мысалы:  1.  Түстен  кейін  Болат  пен  Қайрат  Стамбулдан  Сакарияға  дейінгі 

пойыздар жөнінде білмекші болды. Оларға қай нөмір бойынша телефон соғу керек 

еді? 2. Болат сөмкеден заттарын шығарып болған соң Қайратпен тамақтануға бару 

үшін оған телефон соқты. Қайрат 328-ші нөмірде орналасты. Болат қандай нөмірді 

теру керек?

 [3]


 

Қазіргі  мектептерде  оқушылардың  бойындағы  функционалдық  сауаттылық  пен 

өмірге  қажетті  құзырлылықтар  жиынтығын  дамытуға  басты  назар  аударыла 

бастады.  Сондықтан  әрбір  ұстаз  жаңа  кезең  талаптарына  сай  болу  үшін 

педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай 

отырып,  оқушының  рухани  өсуіне  жағдай  туғыза  алатын,  жаңалықтарды 

қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны 

да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.  

"Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға 

қатысу  үшін  жазбаша  мәтінді  түсіну,  пайдалану,  көрсету  және  жұмыс  жасау". 

(PISA,  2009).  Оқу  сауаттылығының  3  құрамдауышы  бар,олар:  жағдай,  мәтін, 

аспект. 


1-құрамдауыш, Жағдай:   

Жағдайдың  санаттары:  жеке  пайдаланым  үшін  оқу,  көпшілік  пайдалану  үшін  оқу 

(қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу.  

2-құрамдауыш, Мәтін: 

Мәтін  формасы:  тұтас  және  жадағай.  Мәтін  типі:  сипаттама,  мазмұндау, 

мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім.      

3-құрамдауыш, Аспект:   

Аспектілер  –  бұл  оқырман  мәтінде,  мәтін  айналасында  және  мәтін  арасында 

аталған  тәсілдерді  келісу  үшін  пайдаланатын  психологиялық  стратегиялар, 

тәсілдер  және  тапсырмалар.  Оқу  сауаттылығы  тапсырмаларын  әзірлеумен 

айналысатын бес аспект:   

• ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу;  

• кеңінен түсінуді қалыптастыру;   


296 

 

интерпретациялауды дамыту



• мәтін мазмұнын көрсету және бағалау;   

• мәтін нысанын көрсету және бағалау. 

[4-5]

 

2012  жылы  РІSА  халықаралық  зерттеуіне  Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  8 



білім беру ұйымы қатысқан, оның ішінде 3 қалалық мектеп, 4 ауылдық мектеп, 1 

колледж.  Барлық  қатысушылар  саны  218,  оның  128-і  оқыту  тілі    қазақша,  90-ы 

орыс тілінде білім беретін мектептер.  

Осы    2012  жылғы  PISA  тапсырмасы  бойынша  мынадай  1  мысал  келтіре  кетейін. 

Мәтін «Печенье» деп аталады. 

Бір  қыз  бала  орталық  вокзалда  пойыздың  келуін  күтіп  отырды.  Уақытты 

қысқарту үшін ол кітап сатып алуды ұйғарды. Содан соң ол күту залынан тыныш 

қана отырып, кітап оқитын орын тауып алды.  

Қораптағы  печенье  газет  оқып  отырған  ер  адам  мен  екеуінің  ортасында 

тұрды.  Ол  бір  печенье  алған  кезде  ер  адам  да  біреуін  алды.  Ер  адамның  бұл 

әрекетіне  ол  қатты  таңырқады,  бірақ  ештеңе  айтпастан  кітап  оқуын  жалғастыра 

берді.  Өзі  іштей:  «Сене  алар  емеспін! Мен батылдау  адам  болсам,  міндетті  түрде 

қарсы бірдеңе айтқан болар едім» деп ойлады. 

Ол әлсін-әлсін қораптан бір печенье алған сайын ер адам да соны қайталады. 

Осы іс-әрекет бір ғана печенье қалғанша жалғасты. Қыз бала ер адам қандай әрекет 

жасар екен деп қарап отырды. Ер адам болса соңғы печеньені алды да, ортасынан 

тең бөліп, бір жартысын қызға берді.  

Қатты  ашуланған  қыз  кітабын  сөмкесіне  тоғытты  да,  бұл  жерден  кеткенше 

асықты.  Ашуын  басу  үшін  ол  залдың  басқа  бір  жеріне  барып  отырды.  Ашуы 

тарқағаннан кейін ол кітап алу мақсатымен сөмкесіне қолын салды. Сонда ғана ол 

сөмкесінде қорабы ашылмаған өз печеньесін көрді.     

Сұрақ 1. 

Әңгіменің басында қыз бала не істеді? 

А) Ол вокзалда пойыз күтіп отырды 

В) Ол вокзалды тастап шығып кеткісі келді 

С) Ол вокзалда ер адаммен сөйлесті 

Д) Вокзалдан газет сатып алды 

Сұрақ 2. 

Әңгіменің  ортасында  қыз:  «Сене  алар  емеспін!»  деп  ойлады.  Қыз  бала  неге  сене 

алмайды?  

Сұрақ 3. 

Көз  алдыңызға  елестетіңізші,  әңгімеде  сөз  болған  қыз  бен  ер  адам  әңгіме 

аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін кездескен болса, қыз бала ер адамға не 

айтар еді? 

Бұл  мәтінде  1-сұрақ  жабық  сұраққа  жатады,  себебі  оқушы  дайын  жауаптан 

белгілейді.  2-3-сұрақтар  ашық  сұраққа  жатады,  себебі  мәтіннен  алатын  дайын 

жауап  жоқ,  оқушы  өзінше  ой  қорытып,  тапсырманы  өз  бетінше  орындайды,  яғни  

интерпретациялауды дамыту бойынша жұмыстанады. Интерпретация дегеніміз – 

қызығушылық  тудыратын  ерекше  дағдылар,  көзқарастар  немесе  кейде  логикалық 

қорытынды деп те аталады.

 [6]


 

297 

 

 3-сұрақта  оқушы  мәтінді  өзі  аяқтайды,  өмірлік  жағдайлармен  байланыстыра 



отырып,  зерделейді.    Осы  тапсырманың  талдауына  келсек,    оқу  сауаттылығының 

аспект  құрамдауышы  бойынша  1-жабық  сұраққа  қатысушылардың  90%-ы  дұрыс 

жауап  берген,  ал  2-сұраққа,  яғни  аспект  құрамдауышының  «ақпарат  іздеу,  қол 



жеткізу және алу» тапсырмасы бойынша оқушылардың 54%-ы дұрыс орындаған. 

3-сұрақ  аспект  құрамдауышының  «мәтін  мазмұнын  көрсету  және  бағалау» 

бойынша 70%-ы дұрыс орындаған.  

 

Оқушылардың тапсырманы орындау пайызы 

                               

  

 



 

Әр  оқушы  оқу  сауаттылығының  3  құрамдауышы:  Мәтін,  Жағдай,  Аспект 

түсініктерін  күнделікті  сабақта  оқып,  түсініп,  тапсырмаларын  мұқият  орындауы 

шарт,  ал  мұндай  тапсырмаларды  орындау  дағдыларын  қалыптастыру 

жауапкершілігі мұғалімге жүктелетіні сөзсіз. 

 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Мектеп 

оқушыларының   функционалдық    сауаттылығын   дамыту 

жөніндегі  2012  –  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары.- 

Астана:2012. –1-2 б. 

2. Бастауыш 

мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыру әдістемесі, әдістемелік құрал, Астана: 2013. – 7-8 б.  

3. РІSА халықаралық  зерттеуі, әдістемелік құрал. Астана: ҰББСБО, 2013.  – 

8-9 б,79 б. 

4. Оқу  сауаттылығы.  Тренерге  арналған  нұсқаулық.  PEARSON  2013.  –  138 

б. 

5. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері. PEARSON 2013. – 47-48 б. 



6. Основные  результаты  международного  исследования  РІSА  2012. 

Национальный отчет. Астана: 2013. –105-106 с., –147 с. 

7. Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІІ деңгей: 2012. –58 б.  

 

 



Айгуль Нурдыбековна Куашпаева, 

учитель химии, КГУ «Средняя школа №14» 

298 

 

Казахстан, ВКО, г. Риддер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет